Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері (оқу құралы)


ИСАБЕК БАУЫРЖАН ТҮРКІСТАНИ
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері
(оқу құралы)
Түркістан 2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. ЯСАУИ атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы “Әлеуметтік ғылым және бизнес” мамандықтарының тобы бойынша құрылған Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің 2009 ж. 20 қаңтарында №3 президиумында қаралып, баспаға ұсынылған.
Редакция алқасы: Тәшімов Л., Накип М., Ергөбек Қ., Тұртабаев С.,
Текшен А., Райымбердиев Т., Айменов Ж.
Рецензенттер:
Әймен Ә. Т. М. Х. Дулати ат. Тараз Мемлекеттік Университетінің экономика факультетінің деканы, э. ғ. д., профессор,
Мырзалиев Б. С. А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика факультетінің деканы, э. ғ. д., профессор,
Сатмұрзаев А. А. Т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетінің проректоры, э. ғ. к., профессор.
Исабек Бауыржан Түркістани. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері. Оқу құралы. Түркістан. А. Ясауи ат. Халыќаралыќ ќазаќ-түрік университетінің “Тұран” баспасы. 2009. 300 б.
ІSBN
Оқу құралында Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласының дағдарыс жағдайында индустриалды-инновациялық қызметтің негізінде кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерінің шешуші шарттары қарастырылады.
Ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлеріне, жоғары экономикалық және техникалық оқу орындарының оқытушыларына, аспиранттары мен студенттеріне, сонымен қатар өндіріс орындарының қызметкерлеріне арналады.
ІSBN
МАЗМҰНЫ
Қысқартулар, шартты белгілер, символдар және
терминдер тізімі . . . … . . .
2. 3. Қазақстандағы оффшорлық бизнес:реттеу жүйесі
мен олардың даму перспективасы . . .
2. 4. Оффшорлық компанияларда қолданылатын
базистік хемалар . . .
ІІІ ТАРАУ. Лизингтік бизнесті қалыптастыру
және дамыту жолдары . . . . .
3. 4. Лизингілік операцияларды ұйымдастыру және
оларды жүргізу техникасы . . .
4. 3. Фирма және сіздің стратегияңыздың
қысқаша көрінісі . . .
4. 5. Болашақ кезеңдердегі болжамдалып отырған
кірістер мен шығындар . . .
V ТАРАУ. Үйлестіруші қатынастарды жетілдіру
және кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау . . .
VI ТАРАУ. Қаржы нарығын қолдау және
дамуын жүзеге асыру жолдары . . .
6. 1. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының
мәні мен мазмұны . . .
6. 2. Қаржы нарығындағы қор биржасы және
оның шетелдік тәжірибесі . . .
6. 4. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын
жетілдіру жолы . . .
VII ТАРАУ. Концессиялық бизнесті қалыптастыру
жүйесі және оның даму перспективалары . . .
7. 2. Қазақстан Республикасында концессиялық
қатынастардың дамуы . . .
VIII ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы
венчурлік бизнестің дамуы . . .
8. 2. Қазақстан Республикасындағы венчурлік бизнес
дамуының алғышарттары . . .
8. 3. Қазақстан Республикасындағы венчурлік
қорларды құру механизмі . . .
ҚЫСҚАРТУЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР,
СИМВОЛДАР МЕН ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
Ж¦Ө - жалпы ұлттық өнім
ЭЄД¦ - экономикалыќ єріптестік жєне даму ±йымы
¦ИЖ - ±лттыќ инновациялыќ ж‰йе
ШИК - шаѓын инновациялыќ кєсіпорындар
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ХВҚ - Халықаралық валюталық қор
ССНҰ - санақтар мен сертификаттаудың Еуропалық ұйымы
АҚШ - Америка Қ±рама Штаттары
АҚ - акционерлік қоғам
ААҚ - ашыќ акционерлік қоғам
ҚҚН - кұнды қағаздар нарығы
СК - салық кодексі
АТКБК - Атасу тау-кен байыту комбинаты
ПӘК - пайдалы әсер коэффициенті
КСТ - кәсіпорын стандарты
ҚР - Қазақстан Республикасы
ШБО - шағын бизнес орталықтары
ШБҰО - шағын бизнестің ұлттыќ орталықтары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
СК - секретарлық компаниялар
Осы ењбегімді ќадірлі єкем
Нарзулла мен аяулы анам
Рыскүлге арнаймын.
КІРІСПЕ
Қытай иероглифінен шыққан «дағдарыс» термині «қауіп-қатер» мен «мүмкіншілік» деген сөз тіркестерінен тұрады. Осы сөз тіркестерін еске ала отырып, ел экономикасына инновациялық шараларды енгізу негізінде, ынталандыруды қалыптастыра, тұрақты жұмысты жолға қою болып табылады. Осының негізінде батыстың қаржылық жүйесінің құлауын сабақ етіп ала отырып, «қауіп-қатерді» «мүмкіншілікке» трансформациялауға тырысуға болады.
Соңғы жылдардағы жетістіктерге біздің ең алдымен қолайлы сыртқы экономикалық конъюктураның арқасында қол жеткізгенімізді дағдарыс көрсетті. Сондықтан міндетті түрде ішкі факторларға, яғни Қазақстанның тұрақты дамуын құрылымдық жылжу-индустриялық инновациялық даму негізінде ерекшеліктерінің бірі ретінде экономика салаларына инновациялық жаңалықтарды барынша кеңінен енгізу болып табылады.
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр [1-7] .
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу,
жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік
үрдісті, өнімді немесе қызметті игеру, әйтпесе жаңалықты
инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал, бұл термин латын
тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын
болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсінікті ұғындырады.
Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми-техникалық прогресті инновациялық қызметтің интеллектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін емес екендігіне байланысты, бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі қалыптасуда. Бұған орай кейбір ғалымдар: «Инновация - жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа да жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары» деген анықтама береді [8-9], яғни, осы сипаттамаларды қорыта келе, инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми іздестірудің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындыруда аса тиімді таптырмас құралға айналуда.
Инновацияны технологиялық сипаттарына байланысты өнімдік және үрдістік деп екіге бөледі, өнімдік инновациялар жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алуға негізделсе, үрдістік инновациялар өндірісті жаңа технологиялар арқылы ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету аясына қарай инновацияларды әлемдік салалар үшін, елшілік салалары үшін және белгілі бір кәсіпорын үшін деп жіктелінеді. Бір есте болатын жай, саланың басты сипаты ғылыми-техникалық ізденістердің нәтижесі болып табылатындықтан да, өнім түсінің, түрінің өзгеруі сияқты жаңашылдықтар инновацияға жатпайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге ұшырағанымен, ол өндірісте бұрын болмаған жаңалық емес. Жалпы ииновациялық жаңалықтар 1992 жылы Осло қаласында қабылданған шешім бойынша оның технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық стандарттарына сәйкес келуі керек.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолы мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестері алдында басымдылыққа ие болады. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді екен.
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімді өмірге әкелу үрдісін жеті қадамменен жіктейді екен. Ол инновациялық пікірдің тууынан бастап, оны өткізу нарығын анықтау, өнімді шығару, сату болып жалғаса береді. Соның ішінде әуелі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда үрдісін ұйымдастыру арқылы оның өміршеңдігін немесе өмір сүру жасын анықтау болып табылады. Бұл орайда инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, сұранысын молайтуда тауар бағасын төмендету, тұтынушыға қосымша сыйлықтар, түсім сияқты қосымша тәсілдерді қолданудың қажеттілігі туады. Сонымен бірге белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновация мүлдем ескіріп кетпеу үшін, оны келесі аймаққа немесе басқа нарыққа көшіру қажеттігімен анықталады.
Нарықтық экономикада инновациялық пікірлерді жүзеге асыру үрдісінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоюымен пара-пар. Өйткені, «ақша-инновация» ережесінен негізделген жүйеде тезірек табыс алу үшін, басқа кәсіпорында біраз уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұқсас нұсқаларды ойлап табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары да кездеседі. Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015-жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
Қазақстанның мұндай маңызды қадам жасауына әлемдегі экономикалық даму қарқыны да негіз болып отыр. Қазіргі уақытта елдер арасында жан-жақты тұрақты байланыстар қалыптасып келеді. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі, Қазақстан сияқты дамушы елдерге тезірек инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда. Өйткені әлемдік шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал аталмыш институттардың құрылуына негіз қалаған орталықтағы іргелі мемлекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болып қалу қаупін туғызады. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, индустрияның жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да, тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемалармен кездесуі мүмкін. Бастапқыда шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасы, Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Онтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясаттарды қолдану, яғни сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін қабылдау Қазақстан үшін тиімді болатынын нақты жағдай байқатып отыр [10-15] .
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасын жасау қажет. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін концептуалды түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп, жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, инновациялық кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Бизнес-жоспар - бұл біздің экономикалық лексикамызда біршама жаңа категория. Кез келген жаңа элемент сияқты, оны пайдаланудан бұрын, оның дұрыс түсінілуі керек. Бизнесте жетістікке жетуді қалайтын іс-қимыл және мақсатқа жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады.
Жақсы бизнес-жоспар логикалық түрде жоспарланған іс-әрекеттердің сызбасы болып табылады. Ол келешекте бизнеске мағына беруді жорамалдайды. Қойылған мақсаттарға қатаң белгіленген мерзімде қол жеткізетін барлық кезеңдер мен ресурстарды қамтиды.
Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі тәсіл - франчайзинг. Көптеген елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін өте тиімді.
Франчайзинг француздың “franchіze” деген сөзінен шыққан, аударғанда - жеңілдік, арнайы құқықтық, льгота мағынасын білдіреді.
Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті білдіреді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік береді.
Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.
Нарықтық экономикаға көшу және дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің интеграциялануы оффшорлық бизнесті құру мен дамыту қажеттілігімен қамтамасыз етіледі. Іс-әрекеттің белгілі бір түрі ретінде оффшорлық бизнес батыс елдерінде ең көп, ал ТМД елдерінде аз таралған. Оффшорлық бизнестің сипаты мен маңызы ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының салық төлеушілеріне аз мөлшерде белгілі. Бірақ бұл бизнес және оның пайдалану үлгілерінің артықшылығы туралы керекті ақпаратты алған кезде, заңды және жеке тұлғалардың оған деген ынтасын арттырып отыр.
Оффшорлық фирманы құру орынды және тиісті болған жағдайда кәсіпкерлік қызметте көптеген мүмкіншіліктер пайда болады. Шағын және орта бизнесті қоса, түрлі масштабтағы корпорациялармен басқару іс жүзінде оффшорлық схемаларда қарастырылады. Оффшорлық бизнес туралы түсінік әрбір кәсіпкерде болуы қажет, себебі оффшорлық құрылымдарды пайдалану қазіргі таңдағы менеджменттің ажыратылмайтын элементі болып табылады.
Оффшорлық бизнесте іскерлік мүмкіншіліктерінің үлкен шеңбері бар. Халықаралық қаржы-шаруашылық операция-ларының субъектісі ретінде оффшорлық аймақта тіркелген компания немесе шетелдік секретарлық бақылаудағы фирмасы болса, салықтық шығындарын төмендету мүмкіндігі беріледі. Шетелдік компания атынан бірінші қолы қойылған иеленуші және оффшорлық құрылымдарды құру күнделікті істегі бизнес үшін ыңғайлы құрал болып табылады.
Қазақстандағы салық төлеушілердің оффшорлық бизнестің мүмкіншіліктерін білмегендіктен, оны қолдану деңгейі төмен болады. Сондықтан осы жұмыстың мақсаты кәсіпкерлік құрылымдарға оффшорлық бизнестің көп қырлы мүмкінші-ліктерінің механизмі мен тәсілдерін көрсету арқылы пайдалану болып табылады. Осы жұмыс оффшорлық бизнестің формалар мен схемаларын қолдану арқылы қосымша мүмкіншіліктеріне қол жеткізуге және оффшорлық бизнесті қолдану кезінде пайда болған мәселелерге жауап береді деп сендіруге болады.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарылату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Осы лизинг несиенің бір түрі сияқты кәсіпорындарға қажетті тауарларды және қызметтерді азғантай шығынмен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.
Лизингтің көмегімен қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді қомақты қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны, көлік құралдарын және т. б. өз игілігіне пайдалануға мүмкіншілік алады. Бұл шаруашылық етуші субъектілерге өндіріс шығындарын қысқартуға және олардың кәсіпорындарының тұрақты дамуына қажет едәуір ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан лизинг өзінің беретін мүмкіндіктері мен әкелетін пайдасы болғандықтан, кәсіпкерлер үшін бұл қызмет саласында кәсіпкерлік қызмет пен бизнестің маңызды түрі болып табылады. Белсенді қолданудан лизинг ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қайта құрылуының, сыртқы экономикалық қызметінің дамуы-ның және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорындардың өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін дамытудың маңызды факторы бола алады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде лизинг шарттарына, өндірістік құралдардың барлық түрлері, әсіресе, машиналар мен қондырғылар, олардың саны мен құны шектеулі, сатып алынады. Сонымен бірге лизингілік қызметтер бұл елдерде кең тарауда және басқа елдердің территориясында лизингілік қызметтің дамуына және қалыптасуына әсер жасай отырып, ұлттық шекарадан шығуда.
Лизинг біздің елде 1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР Госснаб кезінде жасалынған “Прокат және лизинг 95” жүйесінде прокатты және лизингті дамытудың мақсаты - 5 жылдық бағдарламаны іске асыратын алғашқы лизингілік құрылымдар пайда болды. Бұлар лизингілік операцияларды іске асыратын коммерциялық банкілік мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын лизингілік фирмалар болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz