Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет!
ЖОК 343. 97 (574) Қолжазба күқығында
Қуаналиева Гүлдана Амангелдіқызы ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҐҚЫҚТАҒЫ СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС
12. 00. 08 - Қылмыстық қүқық және криминология; кылмыстық-атқарушылық күқық
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
Диссертация
Ғылыми жетекші
заң ғылымдарының докторы,
профессор А. Н. Ағыбаев
Қазақстан Республикасы
Алматы
2002
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІЖӘНЕ НЕГІЗІ
- Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі 8
- Қылмыс құрамының белгілері 13
- Қылмыстық құқықтағы себепті . . . 18
- Қоғамға қауіпті іс-әрекет, қылмыс зардабы және себепті байланыстыңөзара ара-қатынасы 30
1. 5Себепті байланыс жөне кінә 54
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҐҚЫҒЫ
БОЙЫНША СЕБЕПТІБАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ӘР ТҮРЛІ
ТЕОРИЯЛАР МЕН КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ЭСЕР ЕТУІ
- Эквиваленттік теориясы 62
- Адекватты себептілік теориясы 69
- Шарттар теңсіздігі теориясы 72
- "Таяу себеп" теориясы 77
- "Қажетгі зиян тигізу" теориясы 81
- Себепті байланысты анықтаудағы басқа да көзқарастар 85
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҚ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ СЕБЕПТІ
БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
- Себепті байланыс және әрекетсіздік 95
- Себепті байланыс және қылмыстардың көптігі 99
- Себепті байланыс және аяқталмаған қылмыс 108
3. 4Себепті байланыс және қылмысқа қатысу 120
ҚОРЫТЫНДЫ 129
ПАЙДАЛАНРАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 137
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он жылдан асты. Осы жылдардың ішінде еліміз әлем сахынасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бүл жетістіктердің бірі адам қүқығы мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға алуға қатысты. Оған дәлел, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыздың Ібабында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, қүқықтары мен бостандықтары" делінген /1, 4/.
Бірақ "бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, үрпақтарға қалдыру қажет"/2, 35/. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту ең алдымен мемлекеттің ішкі демінен, оның тыныс алуынан басталады. Ал қазіргі ахуал, оның ішінде қылмыстылықтың өрістеу деңгейі, адам қүқығы мен бостандығының көп жағдайда тиісті түрде қорғала бермейтіні қатты алаңдатады. "Барлық жерде қылмыстық дәстүрлер мен дағдылар жаңғырып, қылмыстық әлемнің кәсіпқойлануы мен мамандануы жүріп жатыр. Көптеген азаматтардың негізгі табыс көзі кылмыстық бизнес болып отыр" -деп, Елбасы бекерге айтпаған /3, 1/.
Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші күрделі жағдайда қалып отыр. Республика бойынша соңғы он жыл ішінде (1991 -200 Іжылдар) жалпы қылмыс саны төмендегідей:
1991-173858, 1992-200873, 1993-206006, 1994-201796, 1995-183913, 1996-183977, 1997-165401, 1998-142100, 1999-139431, 2000-150790, 2001-152168 /4/.
Оның ішінде қылмыс дәрежесінің аса коп өсуі 1992-1994 жылдар аралығына келсе, 1995-1999 жылдарда қылмыстың бәсеңсуі, ал соңғы 2000-2001 жылдары қылмыстың күрт өзгеріп өсуі байқалып отыр. Бүл көрсеткіштер қылмыспен күрес жүргізу шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дүрыс ашу және кінәліні әшкерлеп, әдІлеттілікті қалпына келтіру қылмысқа қарсы күрес жүргізудің тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ал қылмысты заңға сәйкес дүрыс ашу, істелген қоғамға кауіпті іс-әрекет пен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтауды талап етеді. Өйткені себепті байланыс дүрыс анықталмаса нақты қылмыс қүрамы орын алмайды. Кінәліге қылмыстық жауаптылықты белгілеуге, я болмаса оған жаза тағайындауға болмайды. Себепті байланысты қүқық қолдану тәжірибесінде анықтамау немесе оны анықтау кезінде қателіктер жіберу соттардың қате үкімдер шығаруына және қүқық қорғау қызметіндегі олқылықтардың пайда болуына негіз болады. Сондықтан да себепті байланысты дүрыс анықтаудың өте маңызды теориялық, тәжірибелік мәні бар.
Осыған қарамастан, қылмыстық күқық теориясында себепті байланысты анықтауға қатысты белгілер жеткілікті деңгейде өз шешімін таппаған. Себепті байланыс туралы әр түрлі даулы ғылыми теориялар мен көзқарастар,
4
анықтамалар бір арнаға келтірілмеген. Міне осы теориялар бір-бірінен ажыратылып, олардың дүрыс-бүрысы жан-жақты зерттеліп аталған мәселені шешу негізінде ғылыми ұсыныстар жасау қажеттілігі туындайды. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс мәселесін сот тергеу тәжірибесінің негізінде зерттеп, ғылыми-ой елегінен өткізу қажетттілігі ешбір күмән тудырмайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Біздің елімізде осы бағытта арнаулы зерттеулер осы кезге дейін мүлдем жүргізілмеген десек, ол шындыққа сыймас. Бүл саладағы аз да болса мақалалар мен ғылыми еңбектерден қүр алақан емеспіз.
Өткенге шолу жасайтын болсақ, қылмыстық қүқықтағы себепті байланыс мәселесі туралы Кеңес Одағы түсында П. Т. Васьков, Н. Д. Дурманов, М. И. Ковалев, В. Н. Кудрявцев, Т. Л. Сергеева, Н. Д. Сергеевский, М. Д. Шаргородский тағы басқа (т. б. ) ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Диссертацияны зерттеу кезінде философия, психология, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару құқығы және криминология ғылымдары бойынша жазған Қазақстан Республикасьшың белгілі ғалымдарының еңбектеріне сүйендік. Атап айтканда - А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, З. О. Ашитовтың, Н. М. Әбдіровтың, М. Т. Баймахановтың, Ғ. Ы. Баймурзиннің, Қ. Ә. Бегалиевтың, Б. С. Бейсеновтың, Р. Ғ. Досболовтың, Н. Дулатбековтың, Қ. Б. Жарықбаевтың, Е. Е. Жәкішевтің, Ү. С. Жекебаевтың, Б. Ж. Жүнісовтің, С. З. Зимановтың, А. А. Исаевтың, Е. І. Қайыржановтың, М. Ч. Қогамовтың, Д. Кішібековтың, Г. С. Мауленовтың, А. Ж. Машабаевтың, Ә. Х. Миндағүловтың, С. С. Молдабаевтың, Г. М. Мүқашевтың, Р. Ш. Мырзабековтың, М. С. Нәрікбаевтың, Б. М. Нүрғалиевтың, Р. Т. Нүртаевтың, С. М. Рахметовтың, И. И. Роговтың, Г. Р. Рүстемованың, С. Н. Сәбікеновтың, Б. С. Салаевтың, Б. Х. Төлеубекованың, Д. С. Чукмаитовтың және т. б.
Қылмыстық қүқықтагы себепті байланыс туралы жазылған жүмыстар әлі де аз, Қазақстан Республикасында себепті байланыс туралы аздаған ғылыми мақалалардан басқа, арнайы жүргізілген зерттеу жүмысы жоқ. Оның үстіне 16 шілде 1997 жылы жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (ҚРҚК) енгізілген қылмыстыр көптігінің түрлері сияқты жаңа институтты ескеріп және соған қатысты себепті байланысты анықтау туралы деректер жоқтың қасы десек қателеспейміз. Өйткені қылмыстық қүқықтағы себепті байланыс мәселесіне арналған тек қана Т. В. Церетелидің түңғыш рет 1957 жылы жарық көрген "Причинная связь в уголовном праве" деген ғылыми еңбегі бар. Осыған орай бүл проблеманың қүқыктық, философиялық, әлеуметтік қырларын кешенді түрде зерттеуді мақсат түтатын ғылыми ізденіске мүқтаждыгына дау жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты - қылмыстық қүқықтағы себепті байланысты анықтаудың негізгі ерекшеліктерін белгілей отырып, оған катысты жаңа үсыныстарды талдап және оларды қүқық кррғау органдарының тәжірибесінде пайдалану болып табылады.
Осы мақсатка сәйкес зерттеудің міндеттері мыналар:
- қылмыстық жауаптылық үғымының теориялық негізін зерттеп білу;
- қылмыс құрамының белгілеріне талдау жасау;
5
- философиялық ғылым саласы тұрғысынан себепті байланысты анықтау;
- іс-әрекет, қылмыс зардабы және себепті байланыс үғымдарын анықтап, олардың өзара байланысын, қатынасын көрсету;
- себепті байланыс туралы орын алған әр түрлі ғылыми теориялар менкөзқарастарды зерттеу;
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқындағы және оныңинституттарындағы себепті байланысты қазіргі заң тұрғысынан анықтаубелгілерін ұсыну;
- себепті байланыс орын алған сот-тергеу тәжірибесін зерттеу және құқыққорғау қызметіндегі себепті байланысты аныктауга қатысты туындағанолкылықтарды жою үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды жетілдіру. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін- қоғамдық ғылымдарға ортақ,
жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстык қүқық, криминология, философия, социология, логика, психология ғылымдарының негізгі қағидалары қүрады. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы күқықтану, жүйелі-құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды. Жүмыста статистикалық және нақты әлеуметтік /сүқбат, қылмыстық істердің қүжаттарымен танысу/ әдістерге жүгіну орын алды.
Диссертациялық зерттеудің /шпирикалык/ деректік негіздері. Қазақстан Республикасы және бүрынгы КСРО Жоғаргы Сотының жарияланган тәжірибесін зерттеу қорытындылары; Алматы қаласы және Алматы облысы соттарының 200-ден астам қылмыстық істерінің қүжаттарын талдау, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындагы қүқықтық статистика және ақпарат орталығы агенттігінің соңғы он жыл ішіндегі (1991-2001ж. ж. ) қылмыс статистикасының мәліметі болып табылады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасында түңгыш рет арнайы және мемлекеттік тілде қылмыстық қүқықтағы себепті байланысты анықтау мәселесінің зерттелуінде. Зерттеу жүмысында себепті байланысты дүрыс анықтау үшін үсынылган жаңа белгілер негізделіп, қылмыстық қүқықтың әр түрлі институттарындагы атап айтқанда: әрекетсіздік, қылмыстардың көптігі, кінә, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысуда орын алатын себепті байланыстың талданып, оған жан-жақты баға берілуінде, сондай-ақ осы мәселеге байланысты қылмыстық заңға, қылмыстық қүқық теориясына қосатын жаңа үсыныстар мен қүқық қолдану тәжірибесіндегі кемшіліктерді жою жолдарының гылыми түрғыдан анықталып дәлелденуінде.
Зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, қорғауға мынандай нақтылы қорытынды-тұжырымдар ұсынылады.
1 . Қылмыстық жауаптылықтың негізі қылмыс қүрамы болатынын басшылыққа ала отырып, қылмыстық жауаптылық және қылмыс қүрамы се-бепті байланыстың орын алуына бастапқы алгы шарт болып табылатынын негіздеу.
2. Себепті байланыс үғымы туралы көптеген көзқарастарга талдау жасау арқылы, себепті байланыс ең алдымен философиялық, одан кейін қылмыстық
6
құқықтағы заң санатынына айналатынын негіздеу. Себепті байланысты анықтау тиісті белгілерге сәйкес жүргізілу қажеттілігін дәлелдеу.
З. Себепті байланыс бізге үйреншікті тек материалдық құрамдағы қылмыстарда болатынын сынға ала отырып, қылмыстық құқықтағы себепті байланыс табиғатта адам қимылымен туындайтын бастапқы және одан пайда болған соңғы кезеңдердің арасын объективтік түрде жалғастыратын байланыс екенін негізеу. Бастапқы кезең - қоғамға қауіпті іс-әрекет; одан туындайтын соңғы кезең - нақты қылмыс зардабы немесе сол зардаптың пайда болу мүмкіндігі.
4. Қылмыстың аяқталу кезеңіне байланысты себепті байланыс екіге бөлінеді:
а) міндетті сипаты бар себепті байланыс;
б) міндетті сипаты жоқ себепті байланыс.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындаған нақтылы зардаптың арасындағы себепті байланыстың міндетті сипаты болады, ал нақтылы зардап орын алмаса да, оның нақты орын алу мүмкіндігі болған жерде себепті байланыстың міндетті сипаты болмайды.
З. Себепті байланысты дәлелдеуге тырысқан бүрынғы әр түрлі теориялар мен көзқарастардың кемшіліктерін дәлелдей отырып, оларды қазіргі уақыттағы себепті байланысты анықтағанда ескеру қажеттілігін негіздеу.
Себепті байланыс туралы әр түрлі теориялар мен көзқарастарды зерттеу, олардың Қазақстан Республикасының қылмыстық қүқындағы себепті байланысты дүрыс таба білуге септігін анықтау.
б. Себепті байланыс қылмыстық қүқықтағы: әрекетсіздік, қылмыстардың көптігі, кінә, қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу, қылмысқа қатысу және қатысушылардың түрлері мен нысандары сияқты үғымдардың қалыптасуына негіз болып табылады.
Т. Қылмыстық қүқықтағы жеке қылмыстар мен кылмыстардың көптігін ажыратқанда себепті байланыстың өз ерекшелігі бар. Жеке қылмыстарда - бір себепті байланыс, ал қылмыстардың көптігінде - екі я одан да коп себепті байланыс орын алатын үсыныстарды негіздеу.
Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы. Зерттеу қорытындылары жалпы қылмыстық күқық теориясын, оның ішінде қылмыстық қүқық институттарындағы себепті байланыстың орын алуына қатысты көзқарастарды жаңартады. Себепті байланысты анықтау арқылы қылмыстық жауаптылықты анықтаудың әлеуметтік және қүқықтық негізіне әділеттік түрғыдан қарауға ықпалын тигізеді.
Жүмыс қорытындысының тәжірибелік мәні:
- қүқық қорғау және қүқық қолдану органдарының қылмысқа қарсы күресжүргізуді қолдану тәжірибесінде;
- соттардың жаза тағайындаудағы тиімділігін арттыруда;
- қылмыстық қүқық, криминология пәндерінің оқу процессінде;
- әдістемелік қүралдарды дайындау және магистрлық, бітіру жүмыстарынжазу барысында қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Ғылыми зерттеудің негізгі мазмүны -ғылыми мақалалар ретінде Заң газеті, Заң, Фемида, ҚазҐУ Хабаршысы, заң се-
7
риясы сияқты басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналып өткізілген әртүрлі халықаралық конференцияларда талданып, олардың жинақтарында басылып шыққан. Зерттеудің басты ғылыми нәтижелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет! заң факультетінің теориялық семинарында, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі - диссертацияның қүрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен (15 бөлімшеден), қорытындыдан және пайдаланган әдебиеттер тізімінен түрады.
8 1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІП ЖӘНЕ НЕГІЗІ
І. ІҚылмыстық жауаптылықтың түсінігі
Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады. Заң әдебиеттерінде «қылмыстық жауаптылық» жиі кездесетін термин. Мәселен, қылмыстық қүқықта қылмыстық жауаптылықтың негізі, қылмыстық жауаптылыққа тарту, қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық жауаптылықтың көлемі сияқты басқа да үғымдар қолданылады. Бірақ, ғылыми әдебиеттерде қылмыстық жауаптылық үғымы туралы біртектес анықтама қалылтаспаған, яғни қылмыстық жауаптылық әр ғалыммен әр қалай түсіндіріледі. Ал аталған мәселеде, әртүрлі көзқарастарды бір арнаға келтіру өте маңызды болып табылады. Өйткені қылмыстық қүқықтағы кез келген сүрақ қылмыстық жауаптылық мәселесінің қатысуымен шешіледі.
Кінәлінің қылмыс жасауы нәтижесінде пайда болатын қылмыстық-қүқықтық қатынастар, оның ішінде жеке алғанда қылмыстық жауаптылық туралы сүрақ теориялық қана емес, сонымен қатар өте маңызды тәжірибелік мәселе. Қылмыстық-қүқықтық қатынасты және қылмыстық жауаптылықты дүрыс түсіну болашақта қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының одан әрі жетілуіне басты негіз болып табылады. Сондықтан да, қылмыстық-қүқықтық қатынас мәселесі бойынша туындаған даулар заң шығару тәжірибесінде, яғни қылмыстық-қүқыктық саясатты жүргізгенде орын алмауы мүмкін емес.
Әдебиеттерде, аталған қылмыстық-қүқықтық қатынас қандай субъектілердің арасында пайда болады деген сүрақ көптеген ғалымдардың арасында дау туғызады. Қылмыстық-қүқықтық қатынастағы субъектінің біреуі, қылмыс жасаған кінәлі адам болатынын барлық ғалымдар мойындайды. Ал екінші субъект жөнінде бір жакты пікір қалыптаспаған. Мысалы, Н. Н. Полянский: "Қылмыстық-қүкықтық қатынас қылмыскер мен мемлекеттің жазалаушы органдары арасында пайда болады" деп көрсетеді /5, 253-256/. А. Л. Ривлин, В. Г. Смирнов сияқты ғалымдар мемлекетгің қылмыскермен ешқандай қылмыстық-қүкықтық қатынасқа түспейтінін айтып, "қылмыстық-қүқықтық қатынастың субъектілері бір жағынан тергеу, прокуратура және сот органдары болса, екінші жағынан тек қана сотталған адам емес, айыпталушы да болады" деп көрсетеді /6, 107/; /7, 162-163/. Біздің ойымызша, нақтылы қүқықтық-қатынасқа түсу қүқығына иеленген - мемлекетті және тиісті шараларды тағайындау, қолдану қүқығы бар яғни, қүқық қорғау органдарын ажырата білу қажет. Көп жағдайда жекеленген авторлар материалдық қылмыстық-қүқыктық және процессуалдық қүқықтық-қатынастарды ажыратпайды.
Қылмыстық-қүқықтық қатынасқа қатысатын мемлекет болып табылады. Мемлекет қана кінәлі адамдарға кешірім жасау арқылы өзінің қылмыстық қудалау қүқығынан бас тарта алады. Соттың ондай қүқығы жоқ. Сот мемлекеттің күқығын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің атынан үкім шығарады.
Қылмыстық жауаптылыққа қатысты қылмыстық қүқық теориясында орын алған көптеген көзқарастарды үш негізгі бағытқа белуге болады.
9
- Қылмыстық жауаптылық деп, қылмыс жасаған адамның өзі істеген қоғамғақауіпті іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), қылмыстық заңға сәйкес жауап беруміндетін айтамыз. Кінәлі адамның жауап беру міндеті жеке немесе мүліктіксипатта болуы мүмкін. Бүл көзқарас көптеген оқулықтар мен ғылымижүмыстарда көрсетілген.
- Қылмыстық жауаптылық дегеніміз, қылмыс жасаган адамға сот қылмыстық заңда көрсетілген мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыстық қүқық нормасындағы санкцияньщ жүзеге асуын көрсетеді, яғникінәліні соттау, оған жаза тағайындау.
- Қылмыстық жауаптылық деп, қылмыс жасаған адам мен мемлекет атынанқызмет ететін қүқық корғау органдары арасындағы бүтіндей алғандакылмыстық заңмен реттелетін барлық қылмыстық-қүқықтық қатынастардыңжиынтығы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір бағыт өз алдына маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау біздің ойымызша қате. Өйткені әрбір бағыт, қылмыстық жауаптылық сияқты күрделі үғымның мазмүнының ерекшелігін көрсетеді. Бүл жердегі маңызды нәрсе үш бағыттың мақсаты және қолдану ая-сын дүрыс анықтау болып табылады.
"Қылмыстық жауаптылық ең бастысы қүқықтық үғым. Оның мазмүны әрекет етіп түрған қылмыстық заңмен анықталады. Ал қылмыстық заң өз алды-на қылмыстық жауаптылықты дүрыс анықтаудың негізі болып табылады" деп көрсетеді профессор Е. І. Қайыржанов /8, 32/. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық заң нормаларымен бекітіледі. Бүл нормалар қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қылмыс қатарына жататынын көрсетіп, ҚРҚК-ң Ерекше бөлімде олардың тізімін беріп, сол іс-әрекеттер үшін жаза белгілейді. Қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеуге қылмыстық жауаптылық қатерімен тыйым салады. Бірақ қылмыстық заңмен ғана көзделген жауаптылық абстрактылы си-патта болады деп айтуға болады. Өйткені қылмыстық заң нормасы алғашқы ке-зекте барлық азаматтарға ескерту қызметін атқарады, яғни қылмыстық заң нор-масында көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) істеуге тыйым салып, керісінше болган жағдайда қүқық бұзушыға мемлекеттік мәжбүрлеп күштеу шаралары қолданылатынын алдын ала ескертеді. Осы орайда профессор А. Н. Ағыбаев былай деп көрсетеді: "Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамга қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін гана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың қүрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, үрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бүзақылық т. б. Мүның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақтылы қылмыс қүрамын түзейтін қылмыстық қүқық норма-ларды кінәлі түрде ғана бүзғанда жүзеге асырылады" /9, 32/.
Қылмыс жасалған кезде, нақтылы қылмыстық-қүқықтық қатынас пайда бо-лады. Кінәлі адамға заңмен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеп күштеу шарасын жүктеу міндеттілігі туындайды. Бүл міндетті кінәлі адамның өзі жасайды десек қателеспейміз. Ал мемлекет күқық қоргау органдары арқылы күштеу шарала-
10
рын қолдану қүқығына ие болады. Кінәлінің мемлекеттік мәжбүрлеп күштеу шарасына өзі жасаған міндеттілігі, түтастай алғанда қылмыстық жауаптылықты білдірмейді. Өйткені адамға жүктелетін міндет жүзеге аспай қалуы мүмкін. Мысалы, кінәлінің қылмыстық жауаптылықтан жалтаруы немесе ҚРҚК-нің 68 бабының 1 және 2 бөліктеріне сәйкес: «Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасалған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан боса-туы мүмкін».
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-қүлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Көрсетілген жағдайларда адамға мемлекеттік мәжбүрлеп күштеу шаралары қолданылса да ( мысалы, алдын ала тергеу кезінде қамауға алу), ол қылмыстық жауаптылыққа тартылды деп са-налмайды. Бүл арада А. В. Кладковтың пікірімен келісуге болады. " Қылмыс жа-саған кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеу үшін, заңды қүжат керек. Ол қүжат- жаңадан заңды күшіне енген сотттың айыптау үкімі" /10, 68/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz