«Қылмыс» романы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1«ҚЫЛМЫС» РОМАНЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 7
1. 1 «Қылмыс» романының туу мен жазылу
тарихы . . . 7
1. 2 Романның негізгі идеясы және өмір шындығы . . . 17
1. 3 Романның сюжеті мен компазициясы . . . 39
2 «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ . . . 49
2. 1 Романның әдеби-көркемдік ерекшелігі . . . 49
2. 2 Қазіргі қазақ әдебиетінде «Қылмыс романының» алатын
орны . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 81
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиетiнiң қалыптасуы, оның даму тарихының барлық кезеңдерiндегi туындыларда халықтың басынан өткен өмiр шындығын таныту да мазмұн мен пiшiн жүйесiмен қамтып бейнелеу жүзеге асырылып келедi. Қазақ халқының жеке мемлекет болып қалыптасуы жолында болып өткен қоғамдық-әлеуметтiк оқиғалардың және олардағы көрнектi тұлғалардың өмiрлiк шындық деректерiн көркем шындықпен бүгiнгi оқырман ұрпақтың жан әлемiне танытуда тарихи-ғұмырнамалық тақырыптағы эпикалық шығармалардың маңызы зор екені анық. Әсiресе, Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгi жарияланып, дербес егемен мемлекет болып өмiр сүре бастаған жылдардағы белестерi халқымыздың ұлттық-отаншылдық санасын сiлкiндiрдi, ұлтымыздың өзiн-өзi тануы жаңа көзқарастармен байи түстi. Қазақ әдебиетi тарихындағы классикалық үрдiстердi қалыптастырған сөз өнерiнің алыптары мерей тойларының Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ЮНЕСКО шешiмi бойынша әлем өркениетi кеңiстiгiнде бағаланып, аталып өтiлетiнi де әдеби дамудағы көрнектi, кесек туындылардың жаңаша жазылуына себепкер болды.
Дегенмен, қазіргі қазақ әдебиетінде жабулы қазанның күйін кешіп зерттелмей жатқан тың мұралар мен шығармалар баршылық. Солардың бірі деп, алып Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін салаушылардың бірі жазушы, ақын, драматург Қ. Шабданұлының «Қылмыс» романы. Артында «Пана», «Қылмыс» секілді романдар қалдырған қаламгердің әдеби мұралары сөз жоқ ұлттық құндылықтар екендігі анық. Бүгінде Қажығұмар Шабданұлының мұралары мен өмірі әр қырынан қарастырылып, зертелу үстінде. Бұл орайда Жади Шәкенұлы, Қабдеш Жұмаділов, Руда Зайкенова т. б. жазушы-зерттеушілердің еңбектері ерекше елеулі.
Қажығұмар Шабданұлы қытай-қазақ әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға. Әсіресе отанын тастап кетуге мәжбүр болған қазақ ұлтының жат жерге барғандағы психологиясын шебер суреттеп, психологиялық тұрғыдан баға берген адам. Сондықтан да Қажығұмар Шабданұлының шығармашылық өмірбаяны бүгінде зерттеу еңбектерінің нысанына айналып, жаңа кезеңнің дәстұрлі үрдісі ретінде көрініс беріп отыр. Сантүрлісебептерге байланысты тағдырдың тәлкегіне ұшырап туған елінен, жерінен айырылған қандастарымыздың басынан кешкен қиын-қыстау кездерін шебер суреттеген қаламгердің бұл туындысы қашанда ерекше мұра болмақ. Романда автор өз басынан өткен оқиғалармен қоса жатбауыр ел Қытайда болған жайттарды Биғабіл кейіпкері арқылы керемет әсерлі де мәнді етіп әңгімелеп, келешек ұрпаққа аманат еткен.
«Қылмыс» романы қазақ әдебиетінде орны ерекше туынды, себебі темір тордың арғы жағында тұсауы кесілген роман осы күнге дейін қазақ әдебиетінің тарихында болған емес. Қазақ даласында жарыққа шықаннына көп уақыт бола қоймағанымен, бұл роман қазақ әдебиеті тарихының алтын қорына кіріп ұлгерген туындыға айналды. Романның шығу тарихы мен негізгі идеясын танып-білу уақыт өткен сайын тереңдеп келеді. Әсіресе романның тақырыптық - идеялық сипатын айқындап, ғылыми бір ізге түсіру уақыт талабынан туындап отырған өзекті мәселе. Сондықтан да, Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романының тақырыптық-идеялық сипаты зерттеу жұмысымыздың басты нысаны болмақ.
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттану ғылымының зерттеулеріне тақырып нысаны болып келе жатқан роман жанрындағы шығармаларды арнайы қарастыру сөз өнері үдерісіндегі өзектілігімен ерекшеленеді. Эпостық әдеби тек болмысында сюжеттік-композициялық құрылысының кең күрделі желілі ауқымдылығымен, қоғамдық-әлеуметтік тұрмыс шындығын ұлттық және жалпыадамзаттық ортақ сипаттар арнасында танытатын эстетикалық құндылығымен бағаланады. Роман жанрындағы күрделі шығармалардың халық тағдырын, тарихи кезеңдер шындығын бейнелеуінен уақыт тынысы, жеке адамдардың, отбасылардың, әлеуметтік ортаның даралықтары мен өзара байланыстары да айқындалады. Қазіргі қазақ романдары - қазақ сөз өнері мұраларының бұрынғы және кейінгі көркемдік дәстұрінің жалғасы, сонымен бірге әлем өркениетіндегі әдеби үдерісінің бір арнасы. Көркем шығармалардың әдеби үдерісті құрайтын шығармашылық ықпалын, ұлттық тарихтың ақтаңдақ беттерін қамтыған туындыларды эстетикалық таныммен бағалау, күрделі тағдырлы тарихи тұлғалар мен оқиғаларды әдеби үдерісті талдаудың жаңашыл методологиялық әдіс-тәсілдермен қарастыру - үнемі дамудағы ұлттық сөз өнері мұраларын терең тануға, бағалауға жетелейді. Нәтижесінде роман мен қатар оны өмірге алып келген автордыңда қажырлы еңбегі сараланатындығы анық. Осындай ұлкен еңбектің авторы тау тұлға жазушымыздың бірі де бірегейі Қ. Шабданұлы.
Қажығұмар Шабданұлы қазіргі қазақ әдебиетінің шоқтығы биік жанартауына айналып ұлгерген тұлға. Оның ерекше иждиһаттылықпен жазған «Қылмыс» романы соңғы жылдары әр қырынан талданып, зерделенуде. Дегенмен, Қ. Шабданұлының «Қылмыс» романынының әдеби-танымдық көзқарастарын қажетті деңгейде зерделеп, оның тақырыптық-идеясын ашу, бұған дейін айтылған ойларды сын елегінен өткізіп, ғылыми баға беру кезек күттірмейтін өзекті мәселесі. Сондықтан диссертациялық зерттеуде Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романының тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін айқындап, оның жалпы сипатын анықтауды негіз етіп алдық.
Қажығұмар Шабданұлы «Қылмыс» романын жазуда өзіндік ерекшелік танытады. Мәселен, қазақ әдебиеті тарихында тұсауы түрмеде кесілген алты томдық роман жазып, шығыстық үлгіде, бұрын соңды болмаған жаңа жанрдың негізін қалаған. Оның кітабын оқып отырған кезде 20-шы ғасырдағы қазақтың алқакөл сұламасын анық көреміз. Жанры жағынан мемуарлық шығармаға жататын бұл романда жазушы өз көзi шалып, көңiлi тартқан тақырыптың бәрiн сыпыра жазып, сипай қамшылай бермейдi. Шығармадағы барлық құбылыс бас кейiпкер Биғабілдың көкiрек көзiнен, ой елегiнен өтiп отырады. Сол арқылы жат елдегі бүкіл қазақ ұлтының басынан өткерген тағдыры мен тұрмыстары тайға таңба басқандай етіп баяндалған.
Диссертациялық жұмыста Қ. Шабданұлының «Қылмыс» романының тақырыптық-идеялық сипатын ашып, одан бөлек құрылымына, жазылу тарихына ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жоғарыда айтылған мәселелер таңдаған тақырыбымыздың өзектілігін айрықша танытады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қ. Шабданұлының «Қылмыс» романының тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне, сюжеті мен композициясына, туындының туу тарихы мен романда көтерілген мәселелерге талдау жүргізу жұмысымыздың басты мақсаты болып саналады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың өмір шындығынан туындағанына баса назар аудара отырып, оның негізгі идеясын айқындаудың да орны ерекше болмақ.
Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романындағы сюжеттердің көркемдік ерекшелігі мен шығармалардағы көркемдегіш құралдардың (терминдер) қолданылуы ерекшелігін саралау. Сол көркемдегіш құралдар арқылы қытай-қазақтарының әдебиет өрнектерінің түрленуінде романда берілген кейіпкерлердің Шығыс Түркістанда өмір сүріп жатқан қандастарымыздың ортасы мен қоғамының сипатын әсерлі бейнелеу арқылы білуге көз жеткізу. Қажығұмар Шабданұлының жазушылық қабілетін, даналығы мен даралығын белгілейтін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау қабілетінің жоғары екендігін, қиын кезде тапқырлықпен әрекет етуін дәлеледейтін осынау күрделі құбылыстың шығармасында керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыштар туғызуына негіз болғандығын байқадық. Сондықтан, зерттеу барысында алдымызға мынандай міндеттер қойылды:
- «Қылмыс» романының тууы мен жазылу тарихын анықтап оларды ғылыми бір ізге түсіру;
- романның негізгі идеясын айқындап, оның ерекшеліктеріне талдау жасау;
- «Қылмыс» романның тақырыптық-идеялық ерекшеліктерін ашып, ғылыми тұрғыдан негіздеу;
- романда көтерілген тақырыптар мен оқиғаларға талдау жасау арқылы жалпы сипатын айқындау;
- романдағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-бірімен өзектес құбылыс екендігін анықтау;
Жоғарыда баяндалған мақсат міндеттерді өз деңгейінде ғылыми тұрғыда жіті саралап бір ізге түсірген кезде ғана зерттеу нысанымызға айналып отырған тақырыптың барынша ашылып, одан әрі зерттеу еңбектеріне даңғыл жол ашылатындағы анық. Сондықтан да, «Қылмыс» романының жалпы тақырыптық сипатын анықтаудың орны қашанда ерекше бола бермек.
Аумалы-төкпелі заманда аласапыран күй кешіп, аштықтан, жазықсыз жазалаудан жансауғалап, әр қиырға көшкен қазақ тағдыры мен өмірінің жартысын жаны мен тәні қиналып, тас қапас түрмеде өткізген адам тағдыры барынша шынайы, көркем суреттелген әрі оқыған адамды бей-жай қалдырмайтын «Қылмыс» романының орны қашанда ерекше. Онда баяндалған оқиғалардың барлығыда шынайы өмір шындығынан туындағандығы шығармаға ерекше серпін беріп, адамзат санасын жаңа белестерге жетелейді. Сондықтан теориялық тұрғыдан романның негізгі тақырыптық ерекшеліктері мен сипатын айқындау зерттеу жұмысымыздың негізі болды.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысанына Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы (2009), Жади Шәкен «Оспан батыр»(2010) тағы басқа «Қылмыс» романы туралы жазылған ғылыми мақалалар алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасынан алынған материалдар мен газет-журнал беттерінде жарық көрген мақалалар дерек көздер ретінде пайдаланылды. Жоғарыда аталған дерек көздердің ішінен «Қылмыс» романының тақырыптық идеялық сипатына байланысты жарияланған материалдарды пайдаланып, оларды ғылыми бір ізге түсіру жұмысымыздың негізгі нысанына айналды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. «Қылмыс» романының сөз қолдану шеберлігі, композициялық ерекшелігі, автор қиыншылыққа толы сүреңсіз өмірлерін қасқыр қоғамның құрбандығына балаған ащы шындығы, тарихи факторларды молынан баяндауы. Сонымен қатар, қазақ әдебиетіндегі көлемді алты томдық «Қылмыс» романының тақырыптық-идеялық ерекшелігін ғылыми тұрғыда айқындап, онда , көтерілген тақырыптардың ауқымының кеңдігіне қарамай қайта ой елегінен өткізіп бүгінгі күн талабына сай зерделенуі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 «ҚЫЛМЫС» РОМАНЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Қылмыс» романының туу мен жазылу тарихы
Жалпы қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануында өз деңгейінде тыңғылықты зерттелмей қажет дүниелер баршылық. Солардың бірі де бірегейі жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы. «Қылмыс» романы қазақ әдебиетінде орны ерекше туынды, себебі темір тордың арғы жағында тұсауы кесілген роман осы күнге дейін қазақ әдебиетінің тарихында болған емес. Қазақ даласында жарыққа шықаннына көп уақыт бола қоймағанымен, бұл роман қазақ әдебиеті тарихының алтын қорына кіріп ұлгерген туындыға айналды. Романның шығу тарихы мен негізгі идеясын танып-білу уақыт өткен сайын тереңдеп келеді. Әсіресе романның тақырыптық - идеялық ерекшеліктерін айқындап, ғылыми бір ізге түсіру уақыт талабынан туындап отырған өзекті мәселенің бірі.
Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс» романы - жанры жағынан ғұмырнамалық роман. Шығармадағы оқиғалар басты кейiпкер Биғабіл арқылы өрбидi. Биғабіл - Қажығұмардың өзi. Шығарма жеке адамның тағдырын бүкiл ұлттың тағдырымен астастыра отырып, қилы заман қырсықтарын қылыш жүзiндей жарқыратып көрсетедi. Шығармадағы кейiпкерлердiң басым көпшiлiгi - өмiрде болған адамдар. Тек аттары өзгертiлiп алынған. Кейбiр белгiлi тарихи тұлғалардың аттары ғана өзгерiссiз, өз қалпында берiлген. Жазушының романында суреттелетiн әке-шешесi, аға-бауыр, қарындастарының барлығы да - өмiрде болған адамдар. Шабдан әулетi шығармада «Жаппар әулетi» деп аталынады. Жазушы өз романында көзi шалып, көңiлi тартқан тақырыптың бәрiн сыпыра жазып, сипай қамшылай бермейдi. Шығармадағы барлық құбылыс бас кейiпкер Биғабілдың көкiрек көзiнен, ой елегiнен өтiп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz