Қылмыс ұғымы және оның белгіері. қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы туралы ақпарат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері. қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы.

«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.

Қылмыс - бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 - бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет - қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс әрқашан іс - қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет - бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс - бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық - бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсыздажасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстың жіктелуі.

Қылмыстарды жіктеу - бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген:онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай - ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет - онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай - ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет - орташа ауыр қылмыс деп танылады.

Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет - ауыр қылмыс деп танылады.

Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет - аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.

Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.

Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеутәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.

Қылмыстық жауапкершілік - бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық - құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.

Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

· жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;

· соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;

· кінәлі адамға қылмыстық - құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;

· жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.

Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.

Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері.

Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.

Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл - объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.

§ Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.

§ Қылмыс объектісі - бұл қылмыстық іс - қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар - ұят, абырой.

§ Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

§ Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның өз іс - қимылына психикалық көзқарасы. Олқасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыстың субъективті жағы - бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.

Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс - қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік(ерік элементі) .

Қылмыстың ниеті - қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т. б. болуы мүмкін.

Қылмыстың мақсаты - тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т. б.

Қылмыс субъектісі.

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.

Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:

а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;

ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән - жайлар;

б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ - дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән - жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т. б.

Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.

Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Көптеген ғасырлар бойы ақы - есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл - есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак - Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер - министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак - нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.

ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ҚЫЛМЫС ЖАСАУ САТЫЛАРЫ.

Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.

Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.

Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.

Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.

Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.

Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.

Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:

1. Қылмысқа дайындалу;

2. Қылмысқа оқталу;

3. Аяқталмаған қылмыс.

Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қылмыс» ұғымы және оның белгіері қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Экстремиз және терроризм
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Қылмыстық құқық принциптері
Қылмыстық жауаптылықтың философиялық жане заңды негіздері
Қылмыс түсінігі
Лауазымдық қылмыс субъектілері
Қылмыстық құқықты қолдану
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz