Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері


Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультеті: Заң
Кафедрасы: Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика
СӨЖ
Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері.
Қабылдаған: Тойқараева А.
Орындаған: Тухтабаев А.
Түркістан 2013
Жоспар:
1. Дәлелдемелер ұғымы
2. . Қылмыстық іc жүргізуді дәлелдеу ұғымы
3. Дәлелдемелерді жинау және іc жүргізуге бекіту
4. Дәлелдемелерді зерттеу және дәлелдемелерді бағалаудағы ішкі сенімнің мәні
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
1. Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) . Тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) . Түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы;
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз - шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы «дәлелдеме» қандайда бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдаулардың, сондай - ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынасында - бұл шынайы алғы шарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а) Дәлелдеме - шындықты анықтаудың процесі не әдісі;
ә) Дәлелдеме - тану мен бағалаудың статистикалық объектісі;
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретіндегі шындықты анықтау процесінің өзі «дәлелдеу» терминімен белгіленеді, оның мақсты туралы дербес тарауда айтылады.
Дәлелдеме - шындыққа көз жеткізудің құралы. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесінің өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме - қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен оргондардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған.
Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Дәлелдемелер ұғымы және дәлелдеу
ҚР. ҚІЖК - нің 115-баының негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен ҚР. ҚК-інде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай - ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулерімен, сарапшының қорытындысымен, заттай айғақтармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Дәлелдеу - істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зеріттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады. Айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен кінәсінің бар екендігінің негізін дәлелдеу міндеті айыпталушыда болады. Қылмыстық іс әдетте бұрын болған оқиғалар бойынша қозғалады. Сондықтан іске маңызы бар деп есептелетін барлық мәліметтерді анықтау дәлелдемелер арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерде іс үшін маңызы бар нақты мәліметтер, мән жайлар туралы мағлуматтар сақталады. Нақты мәліметтер - бұл дәлелдемелердің мазмұны, қылмыстың тергелуі, қаралуы және шешіліуі жөніндегі мәліметтер. Куәнің жауабы, жәбірленушінің жауабы, күдіктінің жауабы, айыпталушының жауабы, сарапшының қорытындысы ревизия және құжаттық тексерулердің актісі заттай айғақтар, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары және басқа құжаттар - бұл дәлелдеме нысаны. Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер мен мән жайлар тізімі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 116 бабында анықталған. Олар дәлелдеме ретінде мүмкін бола алмайды, яғни заңды күші жоқ, олар айыптау негізіне жатпайды, сондай - ақ іс бойынша дәлелдеуге пайдалануға болмайды.
Дәлелдемелер ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер. Іс жүзіндегі деректер, егер олар осы кодекстің талаптарына бұза отырып процеске қатысушыларды заңмен кепілдік берілген құқытарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен, оның ішінде:
Қину, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бірге өзге де заңсыз іс әрекеттер арқылы;
Оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтарымен мінднттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
Іс жүргізу іс - әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргізіне байыланысты;
Іс жүргізу іс - әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның қатысуына байланысты;
Белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
Дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынып, олар істі тергеу немесе сотта қарау кезінде алынған іс жүзіндегі деректердің дұрыстығы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүкін болса, дәлел ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде іс жүзіндегі дерекетерді дәлелдеме ретінде пайдалануға жол бермеушілікті, сондай - ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе тараптардың өтініші бойынша процесті жүргізуші орган белгілейді.
Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылады және айыптаудың негізіне жатқызыла алмайды, сондай - ақ осы кодекстің 117 бабында аталған кез - келген мән жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
Дәлелдеменің қасиеті - бұл мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің ерекшелігін құрайтын белгілер. Олардың мазмұны мен нысаны іс жүргізу заңымен анықталады. Дәлелдеменің қасиетіне жататындар: қатыстылық, мүмкіндік және шынайылық. Дәлелдемелердің қатыстылығы - бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық құқықтық мән жайлары мен дәлелдемелер арасындағы себептік байланысты объективтік түрде көрсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы.
Дәлелдеменің мүмкіндігі деп - бұл дәлелдемелердің шығу көздерінің, әдістерімен тәсілдерінің олардың алынуына көмектескеннің заң тұрғысынан алғанда толықтылығы. Заң бойынша дәлелдеудің міндеті айыптаушығы, анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға және сотқа жүктелген.
Дәлелдеменің шынайылығы - бұл олардың сипаттамасы сондай тексеру нәтижесінде анықталғандай, ондағы мәліметтер шынайы ақиқатқа өмір шындығына сай келеді.
Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы «дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерінің, заңдық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т. т. қамтиды». Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орны белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: «дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зеріттеуге арналған».
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
Таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
Осы процесте танымның негізгі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
Қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақыраптың) ерекшелігімен мазмұны туралы;
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы олардың түрлерімен жіктелуі туралы;
Дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың пинціптерімен ережелері туралы;
Соттық зеріттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы;
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексеруін және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай - ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
2. Дәлелдеу процесі мәнісін философиялық түсіну "кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме ұғымымен" жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында қылмыстық іс жүргізудің "дәлелдеме" ұғымының (процеске, актіге, іс-қимылға қатысы жоқ) мәнісі философиялық көзқарас тұрғысынан "тар мағынадағы дәлелдеме" ұғымына сай келеді. Дәлелдеме (объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің "дәлелдеу" ұғымына барабар ретінде "кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің" философиялық ұғымын қолданамыз.
Сонымен, дәлелдеудің жалпы әдістемелік мазмұны (кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеме) процесте (әдістемеде) шындықты анықтаудан көрінеді. Кең ауқымды мағынасыңдағы дәлелдеме-қандай да бір пайымдаудың шынайылығын анықтаудың кез келген процедурасы (осы дәлелдеменің тезисі немесе қорытындысы деп аталады), бұл кейбір логикалық пайымдаулардың көмегімен, соңдай-ақ кейбір табиғи заттар мен құбылыстарды сезіммен қабылдау арқылы жузеге асырылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін құқықтық түсіндіру қаралып отырған қызмет саласының ерекшелігімен елеулі түрде кемелденуі және процессуалдық дәлелдеудің мәнісі туралы мынадай айқын ғылыми пайымдаулармен толықты.
3. Дәлелдемелерді жинау және іc жүргізуге бекіту
Дәлелдемелерді жинау мен іс жүргізуге бекіту - бұл дәлелдеу процесінің бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық көзқарас тұрғысынан дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға бағытталған іс-қимыл жиынтығынан көрінеді. ҚІЖК-нің 125-бабына сәйкес дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыр және жауап алу, сондай-ақ сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, соңдай-ақ қызмет адамдары мен азаматтардан заттарды, құжаттарды және мәліметтерді талап ету. Бұған қоса дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін.
Сонымен, дәлелдемелерді жинау:
1) сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде;
2) сот талқылауы процесінде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді жинау тәсілі - ҚІЖК-де қаралған тергеу және сот іс-қимылдарын жүргізу. Дәлелдемелерді жинау кезеңдері мыналар болып табылады:
а) табу;
ә) бекіту;
б) алу.
4. Дәлелдемелерді зерттеу
Дәлелдеу процесінің келесі кезеңі дәлелдемелерді зерттеу болып табылады. Дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі қызметтің процессуалдық-құқықтық негізі болады: ҚІЖК-нің 24-бабы (істің мән-жайын жан-жакты, толық және объективті зерттеу туралы) ; ҚІЖК-нің 345-ЗбЗ-баптары (соттық тергеуде дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі туралы), сондай-ақ өзге де нормалар. Дәлелдемелерді зерттеудің субъектілері анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот болып табылады. Сонымен бірге теория мен практикадағы дәлелдемелерді зерттеудің мәнісі бір мәнді емес тұрғыдан түсіндіріледі.
ҚІЖК-нің 125-бабының мағынасынан көрініп отырғанындай құрамдас элемент ретінде дәлелдемелерді жинау оларды тексеруді де өзіне қосуға тиіс.
Сонымен бірге біз бұрын айқындағанымыздай, жинау мен тексеру- дәлелдеу процесінің әр түрлі деңгейлері болып та¬былады: жинау дегеніміз - бірінші кезең, ал тексеру -дәлелдеудің екінші кезеңінің элементі.
Дәлелдемелерді зерттеу мәнісінің ғылыми түсінігі мынадай көзқарастардан тұрады:
1) дәлелдемелерді зерттеуді оларды тексеру деп түсінуге болады, ал мұндай тексерудің нәтижесі дәлелдемелерді бағалау (М. С. Строгович, А. И. Трусов) ;
1. дәлелдемелерді зерттеуді-дәлелдемелерді зерделеу және оларды тексеру жөніндегі тергеуші мен соттың қызметі деп түсінуге болады (П. Ф. Пашкевич) ;
2. дәлелдемелерді зерттеу-оларды бағалаудың элементі (Н. А. Якубович, А. Н. Васильев) ;
3. дәлелдемелерді зерттеу дегеніміз-олардың мазмұнын тергеушінің немесе соттың тануы дәлелдемелердің мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі деректердің сенімділігін тексеру, осы дәлелдеменің іс бойынша барлық қалған деректермен сәйкес келетіндігін анықтау (Р. С. Белкин) .
Дәлелдемелерді бағалау
Дәлелдемелерді бағалау-бұл іс бойынша шындықты анықтауда жиналған дәлелдемелердің рөлін айқындауға бағытталған логикалық ой процесі. Дәлелдеу процесінің осы кезеңдегі (элементі) құқықтық негізі ретінде ҚІЖК-нің 128-бабы бой көрсетеді, онда былай деп жазылған: судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы заңды және құқықтық танымды басшылыққа ала отырып істің барлық жағдайларын олардың жиынтығында жан-жақты толық және объективті түрде қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша дәлелдемелерді бағалайды және қандай да болсын дәлелдеменің судья, прокурор, тергеуші және анықтаушы үшін күні бұрын белгіленген күші болмайды.
Сонымен, дәлелдемелерді бағалау - өзінің шектері мен шектеулері бар белгілі бір процессуалдық маңызды шарттарға негізделген қызмет.
Бұған қоса ол жиынтық күйінде дәлелдемелерді бағалау-әрбір дәлелдеме жеке бағаланғаннан кейін жүргізіледі және әдетте, жеке бағалау қылмыстық процестің әрбір кезеңіндегі дәлелдеу қорытындысын құрайды деп атап өтеді.
4. "Дәлелдемелер теориясының" (1973 ж. ) авторлары Г. М. Миньковскийдің атынан былай деп анықтама береді: "дәлелдемелерді бағалау-бұл тергеушінің, прокурордың және судьялардың ой қызметі, ол мынадан тұрады, аталған қызмет адамдары заңды және социалист құқықтық танымды басшылыққа ала отырып, әрбір дәлелдемені жеке алғанда және
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz