Құқықтық мемлекеттің экономикасы


Жоспары:
- Құқықтық мемлекеттің экономикасы
- Мемлекет және экономика
- Экономиканы Мемлекеттік Реттеу
- Қазақстан Республикасы Үшін Экономиканы Реттеудің Басым Бағыттары
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мені мен оның обьектілері.
Құқықтық мемлекеттің эканомикасы
“Эканомика” сөзі грек тілінен пайда болған және үй шаруашылығын жүргізу искустовасы деген мағына береді. Бұл жағдайда эканомиканы белгілі әлуметтік ая ретінде түсіну қажет, яғни, әлуметтік қатнастар мен әлуметтік қызметтердің диалектикалық үилесімі және олар өндіріспен, айналыммен және материалдық игілікті бөлумен байланысты болады.
Эканомика аясында белгілеуші рольді меншіктік қатынастар алады.
Маркстік теорияда құқық пен эканомиканың қарым-қатынасы базистің(негіздің) қоғамдағы, эканомикалық құрылымының жалпы заңдылықтарына байланысты анықталады (эканомикалық құрылым), ол адамның еркі мен санасынан тәуелсіз құрылады. Эканомика базис тәртібінің құбылысы ретінде құқыққа қарағанда надстроиканың белгілеуші маңызы бар. Қоғамның базисы, біріншіден, тұтасымен құқықтық реттеудің қажет екендігін қамтамасыз етеді, яғни сол күиіндегі құқықтың өмір сүруін бекітеді, екіншіден, әртүрлі кеиіптегі құқықтың түрлерін белгілеиді, үшіншіден, осы тарихи кезеңдегі елдердің құқығының ерекшелігін белгілейді. Маркстың айтуы бойынша “Құқық әр уақытта өзінің қамтамасыз ететін қоғамдағы мәдени даму да эканомикалық құрылыстан жоғары болуы мүмкін емес”.
Құқық пен эканомиканың байланысын анықтауда эканомикалық процесстерді мемлекттік құқықтық реттеу қажеттігін және адамның құқығы мен бостандығын эканомикалық аяда сақтау қажеттігін есепке алу керек. Құқық пен эканомиканың теориялық қарым қатынас үлгісі, оптимальды қарым қатынасты эканомикалық бостандық пен адамдардың эканомикалық теңдігін іздеген кезде қалыптасты.
Қазіргі кезде, мемлекет пен құқықтың эканомикаға араласпауы туралы концепцияны либеральды мектептің жақтаушылары негіздеуде. Қазіргі дүниеде әлуметтік мемлекет идеясы арқылы эканомика мен құқықтың қарым қатынасында баланс бар, эканомиканы мелекеттік -құқықтың реттеуде (әсіресе бөлу қатынасының аясында) . Эканомиканы құқықтық реттеудің өтпелі кезең үшін үлкен маңызы бар.
Мемлекеттің құқықтың және эканомиканың әрекеттестігіндегі негізгі мәселе- мемлекеттік әрекеттің эканомикаға ықпал етуінің механизімі мен деңгеиі туралы.
Мемлекеттің істегі реттеу эканомикасындағы құқықтың әлуметтік арналуын жекелеген құқық салаларын және заңдарын, бұлпроцеске қатынасуға белсенді қосылғандарын көруге болады. Эканомикалық қатынастарда маңызды рөлді құқыққорғау заңдары оинайды.
Мемлекет және экономика
Мемлекет - тарихи құбылыс. Ол адамзат баласымен бірге тумаған. Алғашқы қауымдық құрылыс мемлекет дегенді білмеген. Ол жеке меншіктің пайда болуымен бірге ғана өмірге келген. Мемлекеттің шығуын Дидро, Гоббс, Руссо сияқты философтар қоғамдық келісімнің жемісі, яғни адамдар жеке меншікті қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін өзара келісімге келу жолымен дүниеге келген деп түсіндіреді. Адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін өз еркімен мемлекет билігінің үлесіне берген деп ұғындырады. Ал Фурье болса, бұған қарсы. Қоғамдағы азаматтардың бәрі бірдей жеке меншікке ие емес, көбінде еш байлық жоқ. Сондықтан да олар өз еркімен қоғамдық келісімге мойынсұна қоймайды. Әрқайсысының мүдделері әртүрлі. Марксистер болса, мемлекет қоғамдық келісімнің нәтижесі емес, социумдағы үстем таптың өз мүддесін қорғаудың, екіншісі, таптың қарсылығын жоюдың құралы деп түсіндіреді.
Қоғамдағы еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетіні сөзсіз. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын отағасы әйелі мен балаларына билік жүргізеді. Оларды өз әміріне тәуелді етеді. Әйел мен бала отбасының иесіне бағынышты болады, өйткені, ол үй ішін асыраушы, тамақтандырып, киіндіретін де соның өзі.
Ал қоғам жеке отбасылардан құралады. Олардың табыстары да әртүрлі, қоғамдағы орындары да әртүрлі. Әлеуметтік статусы олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельстің: «Мемлекет дегеніміз, бір топтың екінші топты басып-жаншудың машинасынан басқа ештеңе емес», - дегені белгілі, яғни ол ешқандай да қоғамдық келісімнің жемісі емес, олай болуы мүмкін де емес. Өйткені, ешбір тап өзін басып-жаншитын құралдың дүниеге келуіне мүдделілік танытпайды. Тек қоғамда үстемдікке ие болғандар ғана қолындағы байлығы мен билігін сақтау үшін мемлекеттің дүниеге келуіне мүдделі болады. Мемлекет қоғамға қызмет етуге, елдің тыныштығын сақтауға, оны сыртқы шабуылдан және ішкі қарсылықтардан қорғауға қажет болғанда заңды түрде күш қолдануға құқығы бар феномен болып табылады. Мемлекеттік билік бүкіл ішкі және сыртқы саясатты, қоғамдағы тыныштықты сақтауды, меншік иелерінің мүддесін қорғауды, соларға қолайлы жағдай туғызуды жүзеге асырады. Сонымен бірге жалғыз ірі меншік иелерінің ғана емес, оларға жалданып жұмыс істеушілердің де мүддесін қорғаған кейіп білдіреді. Оларға ішінара жағдай жасап, әлеуметтік шараларды іске асырады, оқтын-оқтын жалақыларын көтеріп, салықтарын азайтады.
Біздің еліміз, Ата Заңымызда жазылғанындай, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы болып табылады. Мемлекет өзіне тиесілі құзыретіне сай осы мақсатты орындау жолында қызмет етіп келеді. Мемлекеттің тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы халықаралық форумдар, спорт жарыстарын, кинофестивальдар, мәдениет күндерін өткізумен ғана өлшенбейді. Бұлар, әрине, елді таныту үшін қажет, бірақ бұл басты өлшем емес. Басты өлшем - мемлекеттің заңдылықты сақтауы, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызуы, адам құқығы мен бостандығын қорғауы, тынығуға, білім алуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасауы болып табылады.
Мемлекеттің өз азаматтарының мүддесін іште де, сыртта да қорғай білуі, әр азаматтың өзін еркін сезінуі арқасында үлкен Отанының тұрғанын әрдайым түйсіне білуі мемлекеттің беделіне қызмет етеді. Осындай мемлекет қана өз азаматтарының сүйіспеншілігіне бөленеді, құрметіне ие болады. Оны сыртқы жаулардан қорғауға әркез дайын тұрады. Елде еркіндіктің салтанат құруы мемлекеттің халықаралық беделінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады.
Батыс Еуропа елдеріндегі әлеуметтік толқулар, бірқатар елдер экономикасының дефолтқа ұшырауы, жаппай дағдарыстың етек алуы қарапайым жандарды ғана емес, саясаткерлерді, мемлекет басшыларын да ойланта түсті. Германия, Франция және басқа елдер лидерлері де мемлекеттік басқарудың қазіргі жүйесіне сын көзбен қарап, оны жетілдіру қажеттігін ашық айта бастады. Тіпті дүние жүзіндегі алпауыт ел - АҚШ-тың билік саясатының кінәратсыздығы да күмән туғызып отыр. Американизм мен батыстық либералдық жүйенің артықшылығына бұл күнде күдік көбейді.
Мемлекеттік билік өзінің қоғамды басқару құралы болу міндетінен біртіндеп қол үзіп, бұл саясатынан қазір де танған жоқ. Ішінара әлеуметтік саясатына өзгерістер енгізгенімен мемлекеттің бір топтың екінші топты басып-жаншу құралына айналғаны белгілі. Мемлекет бұл ішкі мәнін ешқашан жоғалтқан емес, керісінше, оны жетілдіріп, амал-тәсілдерінің өңін айналдырып, адами сипат берген болып келеді. Сөйтіп, АҚШ екі ғасыр ішінде әлемдегі ең бай, ең күшті, ең өркениетті, ең демократияшыл ел болып саналды. Шындығында, бұл табыстарға АҚШ өзінің қаржылық саясаты арқылы басқа елдерді тонау жолымен қол жеткізді. Американың сырты жылтыраған көзбояушылық саясатының бұл күнде бет-пердесі ашылып, өзінің ішкі мәнін жасыра алмайтын деңгейге жетті. Аңызға айналған америкалық асыл мұраттың арты ашыла бастады. Мұхиттың арғы жағындағы «жаңа құрлық» пен бергі жағындағы «ескі құрлық» мемлекеттің экономикадан тысқары тұруына мүдделі болуында не мән жатыр? Ат төбеліндей алпауыттар мемлекет билігін өз қолында ұстағылары келеді. Сондықтан да олар биліктің құзыретін шектеп, экономикадан алшақтатып, өндірістік күш-қуаттың бәрін өз иелігінде ұстауды қалайды. Мемлекет экономикаға ықпал ете алмайтын болса, оның айбары, құдіреті шамалы болатыны белгілі.
Елдің қуаты, қорғаныс қабілеті, қауіпсіздігі, техникалық, ғылыми, азық-түліктік тәуелсіздігі экономикаға тікелей байланысты екені сөзсіз. Егер мемлекет бұл саладан тысқары тұрса, ол қалай елді басқара, оған ықпал ете алады? Мемлекет қолында қуатты экономика, озық техника, дамыған ғылым, инновациялық тетік, стратегиялық өндіріс салалары - космос, авиация, темір жол, заманауи байланыс құралдары болуға тиіс. Әйтпесе, мемлекет өзіне жүктелген міндетті - елдің өркениетті жолмен дамуын қамтамасыз ете алмайды. Аталған салаларды алпауыттардың иелігіне беру өзін ақтай ма? Қорғаныс, соғыс құралдарын жетілдіру, ғарышты игеру, ғылымның іргелі салаларын дамытуға олигархтар мүдделі ме? Оған бұл маңызды ма, әлде өз қалталарын байыта түсу, жылдам табыс әкелетін қызмет көрсету салаларына қаржы салу пайдалы ма? Ірі кәсіпкерлердің мүддесі Отан, ел мүддесімен әрдайым ұштасып жата ма? Шын мәнінде халықты, жерді, елді қорғау алпауыттардың міндеті ме? Бұлар - тәуелсіз, еркін жандар, қаласа қорғайды, қаламаса - қол ұшын бермейді. Қайда көп пайда тапса, сонда мекен ауыстыра береді. Оның қайда бизнесі, банкі табыс әкелсе, сонда оның Отаны. Елде әлеуметтік дағдарыс белең алды, аштық, жұт болды, табиғи апат, жер сілкінісі, топан су қаптады немесе құрғақшылықтың кесірінен егін, шөп шықпады делік. Сонда алпауыттар өз байлығын елге бөліп бере ме? Олар тиісті салығын төлейді. Басқасын өзі бөледі, мемлекет оған әмір ете алмайды, сұраушы, өтініш білдіруші ғана рөл атқарады. Бюджеті тапшы, кедей мемлекет өзі ештеңе шеше алмайды, сондықтан да, мемлекет қолында жеткілікті материалдық байлық, игілік болуы керек. Бұл үшін мемлекет жалаңаш қалып, алпауыттарға қол жайып, телміріп отырып қалмауы керек. Билік өз иелігіндегі ырысын, ырзығын емін-еркін тиімді пайдаланатын болуы керек. Либералдар болса, нарық жағдайында мемлекет экономикаға араласпауы керек дейді. Өндірісті сұраныстың өзі, яғни рыноктың өзі реттейді, өндіріс, экономика өз кезегімен, өз заңымен дами береді, мемлекеттің араласуы экономикаға қолбайлау болады, тұсау салады деп қақсайды. Сондағысы не? Әлде мұның басқа сыры бар ма?
Ресейде де Орталық банк мемлекеттік емес коммерциялық құрылым болып есептеледі. Ол мемлекеттік Дума алдында есеп береді. Соған тәуелді деп саналады. Іс жүзінде АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесінің бір бөлімшесі секілді. Ресейдің орталық банкі бюджеттің тапшылығын өтеу үшін үкіметке қаржы бөле алмайды. Үкімет халықаралық валюта қорынан кредит сұрауға мәжбүр болады. Ресейдің орталық банкі өз еркімен алтын-валюта резерві есебінен қаржы бөле алмайды. Бұл тәуелсіз коммерциялық құрылымға Ресей Орталық банкіне - ешкім де, президент те, премьер де ықпал ете алмайды. Бүкіл экономиканы, әсіресе, стратегиялық нысандарды жеке капиталдың құзырына берудің тиімсіздігін экономистер де, саясаткерлер де жиі ескертіп келеді. Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері, ғалым Олег Попцов: «Мемлекетті экономиканы басқарудан аластату капиталистік жүйені күйретумен парапар», деп жазды. Мақалада жазылғандай, ТМД елдерінде капиталистік жүйе қалыптасып үлгерген жоқ, біздің істес болып отырған саяси жүйеміз - жабайы капитализм. Сондықтан да, нарықтық жүйеге барлық жауапкершілікті аудара салу негізсіз.
Әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін Еуропада да капиталистік жүйенің мінсіздігіне күмән көбейе түсті. Капиталистік жүйенің уақыт сынына төтеп бере алмай отырғанын, оның әлсіз жақтарын жалаңаштап, нақтылап берді. Капитализмді сынау ел басшыларының өздерінің аузынан естілетін болды. Мәселен, Франция президенті Н. Саркози, Германия канцлері А. Меркель тарапынан капитализм мінсіз қоғамдық жүйе деп қабылданбай отыр. Керісінше, көптеген теоретиктер мен практиктер қазіргі дағдарыстың себебін қоғамдық жүйенің кінәратынан деп қабылдай бастады. Сондықтан да, социалистік жүйенің ұнамды жақтарын жоққа шығаруға болмайтынын мойындап, оларды пайдалана білуге үндеуде. АҚШ федералдық резервтік жүйесінің бұрынғы басшысы А. Гриспен өзінің соңғы жазбаларында либералдық нарықтық экономиканың тағдырына түбегейлі сенімсіздікпен қарайтынын ашық айтты. Ол әлемдік қаржы және экономикалық жүйенің жаңа үлгісін ұсынуға әрекет етіп бағуда. Б. Этцель атындағы қордың өкілдері жүргізген сауалнамада респонденттердің онының тоғызы қазіргі экономикалық жүйені жақсартуды қолдайтынын білдірген.
Ресей ғылым академиясы социология институтының жүргізген сауалнамасына қарағанда, мемлекеттің бақылауынан тыс капитализмнің либералдық үлгісін халықтың 9 пайызы ғана қолдайды екен.
Экономиканың дамуы қоғамдағы коррупцияны жоюға тікелей байланысты. Сондықтан онымен күресу - мемлекеттің тікелей міндеті. Бұл күнде қоғамды аса қатерлі індет коррупция мен жемқорлық жайлап отыр. Әрине, мұның тарихи да, әлеуметтік-рухани да себептері, тамырлары бар. Тарихи тамыры дегеніміз, парақорлық бір жылдың, бір ғасырдың ғана жемісі емес, ол ғасырлар бойы тамырын тереңге жайып кеткен қатерлі кесапат. Бір жерде оның ұйымдасқан ұясын әшкерелеп-жойып жатсаң, екінші жерден тағы да бұрқ ете түседі.
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.
Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі мәселесі екеу.
Кейнстік мектеп - шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы
Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына
А. Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;
2. Құқықтық қызметтер;
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді:
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді корсетті
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға әсерін тигізеді.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әртүрлі жақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
Адаптациялық үлгі - мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
Құқықтық реттеу - мемлекеттің тарапынан;
Әкімшілік реттеу - лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады.
Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық экономиканың шеңберінде болады.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең
Ұлттық қорғаныс;
Фундаменталды ғылым;
Космостық зерттеулер;
Денсаулық сақтау;
Қала құрылысы, заводтар салу;
Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің
Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
Экономикалық өсім;
Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
Бағаның тұрақтылығы;
Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстандағы экономикасы. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу болып табылады. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдік. Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсіну, Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш түрі бар
- Фискалдық;
- Рететушiлiк;
- Бақылаушылық.
Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:
мемлекет шығыстарының көбеюі;
салықтардың төмендеуі;
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
мемлекет шығыстарының азаюы;
салықтардың көбеюі;
бұл бағыттардың өзара үйлесуі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық мені мен оның обьектілері.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен оның қажеттілігі.
2. Нарықтақ экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі.
3. Мемлекеттік реттеудің обьектісі мен субьектілері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - белгілі мақсатты қойып, оны жүзеге асыруға ұмтылады. Сондықтан экономиканың дамуындағы маңызды мақсатты анықтап алу қажет. Кез-келген елде ол мақсат-барлық қоғам мүшелерінің әл-ауқатын максималдлы деңгейге көтеру.
Нарықтық экономика өте күрделі жүйе. Оның одан әрі дамуы мен жетілдірілуі көптеген экономикалық және басқада жағдайларға тәуелді. Сондықтан әлеуметтік жағдай мен экономиканың, нарық пен мемлекеттің өзара байланысын реттейтін механизм қажет. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні қоғам мүшелеріне-тиімді нарықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік -экономикалық процесстерге әсер етудің әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы еліміздің экономикалық өміріне мемлекеттің араласуын зерттейтін ғылыми экономикалық пән болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сүйенеді. Нарық жағдайында бұл сұраныс пен ұсыныс, құн заңы. Еркін сұраныс арқылы пайда болатын нарық адамдардың ақшалай түрдегі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Сондықтан мемлекеттің экономикаға араласуының бірнеше себептеріне сүйенуге болады, олар:
1. ақша айналымын дұрыс реттеу қажеттілігі.
2. мемлекеттің халықты қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігі.
3. мемлекеттің сыртқы әсерлерге араласу қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен ролін төмендегідей жіктеуге болады:
♦ жалпы экономикалық, құрылымдық өзгертулердегі мемлекеттің ролі;
♦ нарықтық қатнастарды дамытудағы мемлекеттің ролі;
♦ табиғи ресурстарды пайдаланудағы мемлекеттің ролі;
♦ сыртқы экономикалық байланстарды реттеудегі мемлекеттің ролі;
♦ экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы мемлекеттің ролі т. б.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты - бұл экономикалық қатынастарды реттеуде үкімет органдары алдында тұрған мақсатты ұсталымдар жиынтығы. Оның құрамына келесі ұсталымдар кіреді:
· экономикалық өсу және экономикалық даму;
· толық және тиімді жұмыспен қамтылу;
· экономикалық тиімділікке жету;
· бағалардың тұрақты деңгейі;
· экономикалық еркіндік;
· табыстарды әділ бөлу;
Мемлекет қазіргі уақытта келесі экономикалық қызметтерді атқарады:
1. Әлеуметтік қызмет,
2. Экологиялық қызмет.
3. Салық салу және салық жинау.
4. Азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау.
5. Мемлекеттің стратегиялық, инновациялық, әлеуметтік, т. б. жоспарлар мен бағдарламаларды жасау.
Мемлекеттік реттеудің обьектісі мен субьектілері экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі субъектісі ретінде мемлекет қаралды. Жалпы алғанда экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері бірнешеу. Оларға ең алдымен мемлекет (оның құрамына, аймақтық, жергілікті институционалдық құрылымдар кіреді), сондай-ақ мемлекеттік емес одақтармен бірлестіктер жатады. Мемлекетке экономикалық және саяси билік берілген. Ал одақтармен бірлестіктерге заң шығарушылық құқық берілмеген, олар тек өздерінің экономикалық жағдайына сүйенеді. Бірінші кезекте мемлекеттік ретте жүргізуші субъектілер мен оладың міндеттерін тиянақты белгілеуіміз керек:ф
1. Заң шығарушы орган (парламент) . Экономикалық және әлеуметтік процестерді құқықтық рәсімдеуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің экономикаға араласу деңгейін белгілейді. Оның негізгі құралы - мемлекеттік бюджетті қарастыру және қабылдау.
2. Атқарушы билік (үкімет) . Халық шаруашылығының оперативті реттелуін қамтамасыз етеді, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді жоспарларын жасайды.
3. Нарықтық экономиканың салыстырмалы тәуелсіз субъектісі - Орталық банк. Оның қызметтері: ақша эмиссиясы және ақша нарығына бақылау жүргізу.
4. Соттық жүйе экономикалық құқықтарды қорғайды және шаруашылық дауларды шешеді.
Сондықтан үкімет органдары үшін экономиканы мемлекеттік реттеуді қажет ететін мәселелер сенімді ақпарат жүйелері арқылы толық уақытында жетуі маңызды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі объектісі ретінде аса кең тараған экономикалық маңызды үрдістерді жатқызуға болады. Мемлекет экономиканың құрылымдық дамуын нарық қатынастардың басты мақсатына сәйкес, яғни халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту принципіне сәйкес реттеу қажет. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістемесі жөніндегі ұғым және оның оның элементтері.
1. Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланстылығы.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптері.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz