Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының 2009-2012 жж. арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық жоспарды орындау үдерісіне сараптамалық шолу



Кіріспе
1. Қарастырылып отырған мәселе бойынша жағдайдың сипаттамасы
2. 2009.2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ҚР Ұлттық жоспарының орындалуын бағалау.
3. Кеңестер
Осы шолу 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-әрекет жоспарының «Мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (еркін және әділ сайлау)» бөлімінің орындалуын зерттеуге арналған.
Осы шолуды дайындау кезінде келесідей негізгі мәселелер қарастырылды:
- Ұлттық жоспар өзінің сәйкес бөлімінде Қазақстандағы демократиялық және әділ сайлауды қамтамасыз ету мәселелерін қарастыра ма;
- заңнаманы жетілдіру және сайлау туралы заңнамалардың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі нақты іс-әрекет жоспары мен жауапты мемлекеттік органдардың тізімі бар ма;
- сайлаудан өзге, өз елдерінің істерін басқаруға азаматтардың қатысуын қарастыратын тағы қандай институттар ұлттық іс-әрекет жоспарында көзделген;
- Қазақстанда сайлау жүргізудің қандай қиыншылықтары бар.

Жүргізілген талдау нәтижесінде осы шолуды дайындау барысында келесідей негізгі қорытынды жасалды:

2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-әрекет жоспарының «Мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (еркін және әділ сайлау)» бөлімі Қазақстан Республикасында әділ және демократиялық сайлау жүргізу мәселелерін толық қамтымайды. Алайда, осы бөлімде берілген кеңестердің өздері, олар іске асырылған жағдайда, сайлау үдерісін деомкратиялық стандарттар бағытында айтарлықтай ілгерілетулері әбден мүмкін. Демократиялық сайлау жүргізу барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңнаманың болуына ғана емес, сондай-ақ осы заңнаманың қолданылу тәжірибесіне де тәуелді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Еуропалық Одақтың Адам құқықтары мен Құқықтық саясаттыMediaNet халықаралық
Қазақстан заңдылықты сақтау зерттеу орталығы журналистика орталығы
Республикасындағы жөніндегі Қазақстан
Өкілдігі Халықаралық бюросы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ
2009-2012 ЖЖ. АРНАЛҒАН
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУ ҮДЕРІСІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУ

БӨЛІМ: 2009-2012 ЖЖ. КЕЗЕҢ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ ІСТЕРІН БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУ
ҚҰҚЫҒЫ (ЕРКІН ЖӘНЕ ӘДІЛ САЙЛАУ)

Кіріспе

Осы шолу 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық
іс-әрекет жоспарының Мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы
(еркін және әділ сайлау) бөлімінің орындалуын зерттеуге арналған.
Осы шолуды дайындау кезінде келесідей негізгі мәселелер қарастырылды:
- Ұлттық жоспар өзінің сәйкес бөлімінде Қазақстандағы демократиялық
және әділ сайлауды қамтамасыз ету мәселелерін қарастыра ма;
- заңнаманы жетілдіру және сайлау туралы заңнамалардың халықаралық
стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі нақты іс-әрекет жоспары мен
жауапты мемлекеттік органдардың тізімі бар ма;
- сайлаудан өзге, өз елдерінің істерін басқаруға азаматтардың қатысуын
қарастыратын тағы қандай институттар ұлттық іс-әрекет жоспарында
көзделген;
- Қазақстанда сайлау жүргізудің қандай қиыншылықтары бар.

Жүргізілген талдау нәтижесінде осы шолуды дайындау барысында келесідей
негізгі қорытынды жасалды:

2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-
әрекет жоспарының Мемлекеттің істерін басқаруға қатысу құқығы (еркін
және әділ сайлау) бөлімі Қазақстан Республикасында әділ және
демократиялық сайлау жүргізу мәселелерін толық қамтымайды. Алайда, осы
бөлімде берілген кеңестердің өздері, олар іске асырылған жағдайда,
сайлау үдерісін деомкратиялық стандарттар бағытында айтарлықтай
ілгерілетулері әбден мүмкін. Демократиялық сайлау жүргізу барлық
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңнаманың болуына ғана емес,
сондай-ақ осы заңнаманың қолданылу тәжірибесіне де тәуелді.

1. Қарастырылып отырған мәселе бойынша жағдайдың сипаттамасы 
Жалпы алғанда, Қазақстанның сайлау заңнамасы демократиялық және еркін
сайлау жүргізуге мүмкіндік бермейтін бірқатар күрделі мәселелерден
тұрады. Мысалы, Қазақстандағы сайлау көп жағдайда саналы
мерзімділіктің бұзылуымен жүргізіліп жатады. Мысалы, 1995 жылдан кейін
ешбір президент сайлауы Қазақстан Конституциясымен анықталған мерзімде
өткізілген жоқ. Сонымен қатар, мұның заңнамалық негізі де бар. Атап
айтқанда, президент сайлауы кез келген сәтте тағайындала алады.
Осылайша, ҚР Конституциясының 41 бабы келесідей мазмұндағы 3-1
тармақпен толықтырылды: 3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы
Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық
заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. Осылайша,
Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау жүргізудің
қағаз жүзіндегі нормативтік-құқықтық негізі құрылды. Айта кететін
жайт, Конституцияға енгізілген жаңа түзетулер президенттің кезектен
тыс сайлаудың жүргізілуін жариялауы үшін қажетті заңды негіздердің
тізбесін қарастырмайды. Сайлау өткізудің қажеттілігі туралы мәселені
ағымдағы Президенттің өзі шешеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған
дейін ҚР Конституциясының 48 бабы Президентті науқастануына
байланысты өз міндеттерін тұрақты іске асыру қабілетсіздігіне
байланысты лауазымынан босату жағдайында кезектен тыс сайлау өткізу
мүмкіндігін қарастырды. Алайда, 1998 жылы бұл бапқа кезектен тыс
сайлау өткізу мүмкіндігіне балта шапқан өзгертулер енгізілді.
Халықаралық стандарттар кезектен тыс сайлау өткізілуі тиіс немесе
өткізіле алатын нақты жағдаяттарды тікелей қарастырмайды. Сонымен
қатар, осындай жағдайларда арқа сүйеу қажет екі критерий ұсынылады.
Біріншіден, бұл заңмен анықталған сайлау өткізудің саналы
мерзімділігін барынша сақтау қажеттілігі. Осылайша, 1990 жылғы ЕЫҚҰ
Копенгаген құжатының 7.1 тармағында былай делінген: Халықтың еркі
үкімет билігінің негізі ретінде әрекет етуі үшін, қатысушы-мемлекеттер
заңмен орнатылған саналы мерзімділікпен еркін сайлау өткізеді.
Екіншіден, осындай мерзімділікті анықтайтын заңдағы өзгертулер ерекше
жағдайлармен бастамаланулары тиіс. ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттерінде
демократиялық сайлау жүргізудің ең үздік тәжірибесіне сәйкес: ...
заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге сайлау өткізуден
тікелей бұрын болған кезеңде, әсіресе, сайлаушылар, саяси партиялар
немесе үміткерлердің өз рөлдерін орындау қабілеттері бұзылуы мүмкін
жағдайда жол берілмейді. Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық
комиссияның қағидалары, сондай-ақ мыналарды орнатады: Сайлау туралы
заңның негізгі элементтері ... сайлау жүргізуден кем дегенде бір жыл
бұрын өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жатпаулары тиіс. ...
заңнамада немесе оны қолдану тәсілінде кемшіліктер анықталып, оларды
жою қажеттілігіне қатысты тиімді саяси және қоғамдық келісім
туындайтын... ерекше жағдайлардың болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен сайлау заңнамасына ілесе
енгізілген, Президентке кезектен тыс сайлау тағайындауға мүмкіндік
беретін өзгертулер, сөзсіз, демократиялық мемлекет қағидалары мен ЕЫҚҰ
кеңестеріне сәйкес келмейді. Біріншіден, еліміздің ата заңы –
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер
күрделі қоғамдық талқылаусыз өтті. Екіншіден, кезектен тыс сайлау
тағайындалуы мүмкін жағдаяттар сайлау заңнамасында тікелей айқындалуы
тиіс. ҚР Конституциясындағы кезектен тыс сайлау ағымдағы Президентпен
кез келген уақытта оның ғана бастамасының негізінде тағайындала алатын
жаңа ереже құқықтық норманың айқындылық қағидасына қайшы келеді және
тұрақты негізде сайлау өткізу қағидасының сақталуына қатысты әлеуетті
және тұрақты қауіп төндіреді. Үшіншіден, қысқа мерзім ішінде кезектен
тыс сайлау тағайындау әлеуетті үміткерлерді сайлауға қатысуға
толыққанды дайындық жүргізу мүмкіндігінен айырды.
Сондай-ақ, сайлау комиссияларының мүшелерін қалыптастыру тәсілі де
айтарлықтай қиыншылық болып отыр. Сайлау туралы заң бойынша, ОСК
төраға мен алты комиссия мүшелерінен тұрады. ҚР Конституциясының 44
бабының 7 тармағына сәйкес, Президент ОСК Төрағасын және екі мүшесін
тағайындайды, ОСК қалған мүшелерін ҚР Парламентінің екі палатасының
әрбіреуі (әрбір палатадан ОСК екі мүшесінен) тағайындайды. Ағымдағы
Президенттің мүшелері ҚР Парламентінің басым көпшілігін құрайтын Нұр
Отан партиясының Төрағасы болуы сайлау үдерісін реттейтін шешуші
орган бір ғана саяси партиямен қалыптастырылатын жағдайға алып келеді.
ҚР заңнамасында осындай жағдайдың туындауын болдырмайтын тежеуіштер
мен қарсы салмақтар жүйесі жоқ.
2011 жылы Қазақстанда өткен президенттік сайлау кезінде дауыс беру
күнінен бұрын үгіт-насихат кезеңінде ЕЫҚҰ Демократиялық институттар
мен адам құқықтары жөніндегі бюроның (бұдан әрі ЕЫҚҰ ДИАҚБ) Сайлауды
бақылау миссиясы тіркеуден өткен Президенттіктен үміткерлердің бәрі
үшін тең мүмкіндіктердің берілмегендігі туралы бірнеше мәрте ескерту
жасаған болатын. Атап айтқанда, миссияның байқаулары бойынша,
сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде ағымдағы
Президенттің институционалдық және үгіт-насихаттық қызметінің арасында
айқын жіктеме жасалмаған. Халықаралық стандарттар болса, үміткерлердің
теңдігіне қатысты нақты талаптарды орнатады. Осылайша, Азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 25 бабында былай делінген:
әрбір азамат негізсіз шектеулерсіз заңды мерзімді сайлау кезінде
сайлану құқығы мен мүмкіндігіне ие болуы тиіс және өз елінде жалпы
теңдік қағидасының негізінде мемлекеттік қызметке жіберілуі тиіс.
ЕЫҚҰ стандарттары қатысушы-мемлекеттердің ересек азаматтарға жалпыға
ортақ және тең сайлау құқығын кепілдендіріп, заң мен мемлекеттік
саясаттың саяси кампанияларды еркіндік пен әділдік негізінде
жүргізілуін қамтамасыз ететіндіктерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасы барлық үміткерлер үшін
сайлауға қатысудың тең құқықтары мен шарттарын жария еткенімен,
Президенттіктен үміткерлерді үміткер ретінде сайлауға қатысатын
ағымдағы Президентпен тең емес жағдайға қояды. Ағымдағы Президенттің
басым жағдайы, ең алдымен, оның айрықша конституциялық мәртебесімен
айқындалған. ҚР Конституциясының 42 бабының 5 тармағына сәйкес, бір
тұлға Республика Президенті болып екі реттен астам сайлана алмайды,
алайда бұл шектеу Қазақстан Республикасының Бірінші Президентіне
таралмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ол Қазақстанның өзге азаматтарымен
салыстырғанда, өз-өзін үміткер ретінде шектеусіз рет ұсына алады.
Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 41 бабының 3-1 тармағына сәйкес
ағымдағы Президент кезектен тыс сайлау тағайындау жөніндегі
өкілеттіліктерге ие. Сайлау заңнамасында кезектен тыс сайлау
тағайындау үшін қажетті негіздемелердің тізімі қарастырылмаған. Өзін-
өзі үміткер ретінде шектеусіз рет ұсыну құқығы мен кез келген уақытта
кезектен тыс сайлау тағайындау өкілеттіліктерін қатар ұстау Қазақстан
Республикасының Бірінші Президентіне Президенттіктен өзге
үміткерлердің алдында басым жағдайға қояды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президеттігінен үміткерлердің тең
құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге Орталық сайлау
комиссиясының тиісті деңгейдегі тәуелсіздігінің жоқтығы, ағымдағы
Президенттің институционалдық міндеттемелері мен оның Президенттіктен
үміткер ретіндегі сайлауалды кампаниясының шеңберіндегі қызметінің
арасындағы нақты жіктеменің жоқтығы, сондай-ақ Президенттіктен
үміткерлердің сайлау қорытындыларына қарсы шығудың тиімді
мүмкіндігінің жоқтығы жағымсыз әсер етеді.

Сайлау туралы заңда үміткердің сайлауалды кампаниясының пайдасына
қаржыландыру мен қайырымдылық жасау ұғымдарының астарында нендей
түсініктің жатқандығы қарастырылмаған. Дей тұрсақ та, бұл
үміткерлердің сайлауалды кампанияларын қаржыландырудың қандай
түрлерінің заңды, ал қайсыларының заңсыз болатындықтарын анықтаудың
шешуші аспекті болып табылады. Іс жүзінде, заңнамада сайлауалды
кампанияларын қаржыландырудың нақты ұғымының жоқтығы сайлауалды
кампанияларына тарту, мысал үшін, бюджеттік ұйымдардың, соның ішінде
білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ірі компаниялардың адамдық
ресурстарын, меншіктің кез келген нысандарын тарту кезіндегі
жауапкершілік туралы сұрақтың реттелмеген ашық күйде қалып
отырғандығын білдіреді.
Осыған орай, ҚР заңнамасына ҚР Президенті лауазымынан үміткерге жеке
тұлғалар мен ұйымдардың тарапынан қаржылай немесе өзге көмек көрсету
кезіндегі түсініксіздіктерді жоятын сайлауалды кампанияны
қаржыландыру ұғымын енгізу қажет.

Сайлауалды кампаниясының мөлдір қаржы есептілігі әділ сайлау
жүргізудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады және сайлау
кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың жоқтығының тамаша дәлелі болады.
Президенттіктен әрбір үміткер сайлаушыларға өзінің сайлауалды қорының
қалыптасу көздері мен шығындары туралы толыққанды ақпар беру
мақсатында өзінің қаржы есептілігін жариялап отыруы тиіс. Тұрақты
демократиялық тәжірибе мен транспарентті сайлаудың саяси дәстүрлері
жоқ елде сайлауалды қорларының қалыптасуы мен олардың шығындары
бойынша әлдеқайда ашық мөлдірліктің орнатылуы үшін заңнамалық
механизмдер қажет. Сонымен қатар, Венециандық комиссия мұндай
транспаренттік қандай да бір елдің саяси немесе экономикалық даму
деңгейінен тәуелсіз айрықша маңызды деп ерекше атап өткен болатын.
Сайлау туралы заңның 34 бабының 9 тармағына сәйкес, сайлау
қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей кандидат
саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының
қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруге мiндеттi.... Бұдан әрі, 34
баптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік органдардың тиімділігі
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы
Бақылау комитетінің басшылығы, қызметін ұйымдастыру, миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Экономикалық жүйелер сапасы
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
ЕҚЫҰ және Қазақстан: бүгіні мен болашағы
Пәндер