Дәлелдеме ұғымы туралы


Жоспары
Кіріспе.
Дәлелдеме ұғымы
Негізгі бөлім.
а. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны.
б. Таным теориясы - дәлелдеме теориясының негізі.
в. Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
- тектік сипаттағы философиялық ұғым;
- түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз - шындықты анықтаудың процесі, пайымдаудың шынайлығын негіздеу. Кең мағынасындағы « дәлелдеме» қандайда бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кезкелген рәсім, болып кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жүзеге асады. Тар мағынасында - бұл шынайы алғы шарттардан дәлелденетін тезитерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларынның тізбегі, сонымен философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
- дәлелдеме - шыңдықты анықтаудың процесі не әдісі;
- дәлелдеме, тану мен бағалаудың статистикалық обьектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінщі мағынасына тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі « дәлелдеу » терминімен белгіленеді. Оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады. «Дәлелдеме» ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан ажырата отырып, А. Й. Трусов былай деп жазды: «сот дәлелдеуде жалал ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен »жұмыс істейді.
- соттық дәлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
- жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
- соттық дәлелдемелер арқылы заңда кһөзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Р. С. Белкиннің пікірі бойынша «жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яяяғни шындықты анықтаудың қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді».
Дәлелдеме - шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара бай ланысқа түскен кезде - қылмыстық іс жүргізудің маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты . Сот ісінің жүргізуді жүзеге асыратын адамдармен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға жәе осы арқылы істі шешуге әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте делелдеме ұғымы заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК -нің 115-бабында былай деп жазылған: «Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кіәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үші маңызы бар өзге де мән - жайлар ды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады ».
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болп табылады:
- дәлелдеменің ҚІЖК -не сәйкес жолмен алынуы;
- дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
- дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
- мұндай анқтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
- жасады деп айып тағылып отрған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары, сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар, іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады. Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.
Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны.
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т. т. қамтиды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды:
Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар.
Сонымен заң ғылымының саласы ретінде қылмстық іс жүргізу құқығы құрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми- теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
- таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
- осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
- қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің ерекшелігі мен мазмұны туралы;
- қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
- соттық зертеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқғын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін жәе құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай - ақ осындай бағалаудан туындайтын құққ қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілері тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:
- Дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
- Аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдерінің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
- Дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді.
- Қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы жене Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым - қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындай болып келеді;
- Дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;
- Дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігімен өмірге әкелді. Әуел баста бөлек - бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айалды. Біз осы тараудың құрылымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз, онда дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясына бұрын беріледі.
Таным теориясы - дәлелдеме теориясының негізі
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.
Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық- материалистік көзқарас жатыр. Бірден -бір ғылыми әрі дұрыс маркстік- лениндік таным теориясын айқыдаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытынды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымыың алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
Гносеология - жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін ғылыми - танымдық қызметтің кез келген саласында қолданылатын әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осыдай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылым диалектикалық әдісті қолданылады. А. Давлетов былай деп жазды: « Қылмыстық іс жүргізу танымында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиялық жәе әсіресе қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарды дұрыс үйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары философиялық категорияларды қылмыстық процессуалдық ұғымдарға айалдыратын призма сипатында көрінеді. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялық алғышарттары алынады, сосын осы мәселеге қатысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі».
Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған «терезені» толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теория - қылмыстық іс жүргізу құқығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас бөлігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Норматтивтік реттеу саласынан тыс қалатынның бәрі де «құқықтық терезе» немесе «құқықтық кеңістік» деп аталатындарды құрайды. Олардың құқықта болуы заңды және сөзсіз. Оларды толықтыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына қатысты кілт ретінде біз гносеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методологияның осы аспектісін сипаттай келіп, А. П. Шептулин былай деп атап өтті: «танымның диалектикалық әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарында дербес түрде пайдалану мүмкін.
Соымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығын сөзбе сөз түсінбеу керек. Методологияның негізгі ережелерін қолдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіндіруді көздейді. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізудің ерекшелігі мынадан көрінеді: «бұл жерде таным объектісінің тақырыбы бізді қоршаған әлем емес және тіпті жекелеген құбылыстармен оқиғаларда емес. Ғылым тақырыбынан бір ерекшелігі сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық оқиғаны құрайтын және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі . . . Фактілердің зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардың ерекшелігі де осыдан . . . Алайда дәлелдеудің ерекшелігі каншама елеулі болса да ол басқа ештеңе емес, таным қызметтінің бір түрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқындау».
Таным теориясы дәлелдеу теориясын зандармен және ойлау нысандармен толыктырады . Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандарымен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы формальды логика «ұғым», «пайымдау», «ой қортындысы», «анықтама», ұғымының қалыпртасуының «ережесі не принциптері» және т. т. туралы түсінік. Сонымен, формальді логика танымның диалектикалық теориясының элементін де қамтиды.
Таным теорисының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу қыметтің ерекшелігін «соқырға таяқ ұстатқандай» етіп көрсетеді.
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау процесінде қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту қажет мәселе мынада, «формальды логика алынған қортындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жоқ. Формальды логиканың осы шектеулілігі:
- Тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының институттары мен категориялары есебінен;
- іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.
Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындқты анықтау болып табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз - танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады. Шындыққа қол жеткізбеу салдарынан көрнекі құралы ретінде «гомельісі» мысал бола алады, осы іс бойынша 1981 жэылы тергеушімен инспекторды саналы түрде «өлтіргені үшін» 5кінәсіз адам сотталды екі жылдан кейін тап сол жерде тағы да кісі өлімі болды. Бұл қарақшылықтың бәрі К. Атты ағайынды үшеу және олардың екі баласы жасаған болатын. Бұл адамдар жоғары да аталған кісі өлімдерінің арасында тағы да 11қылмыс жасаған.
Сот қателіктері - әдетте шындыққа көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа қол жеткізу мақсатын ескемеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын қандай да бір мағнадан айырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz