«Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары»



Кіріспе.
І Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары.

1.1 Туризм әлемдік табыс көзі ретінде.
1.2 Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы.
1.3 Туризмге сұранып тұрған аймақтар және туризмді дамытуға деген қажеттілік.
1.4 Жазғы еңбек демалысы немесе қазақ жұртының туризмге көзқарасы.

ІІ Туризмді дамытудың негізгі бағыттары.
2.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
2.2 Туризм инфрақұрылымын дамыту.
2.3 Ұтқыр жарнама стратегиясын әзірлеу.
2.4 Қазақстанның туристік бет.бейнесін қалыптастыру.
2.5 Болашақ жоспарлар мен ұтымды жобалар.
Қорытынды.

Ғылыми жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер.
Ғылыми зерттеу жұмыс «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасын жүзге асыру барысында еліміздің экономикасы мен халықтың әл – ауқатын көтеру, еліміздің қоржынын қазынаға толтыру мақсатында жазылды. Аталған мақсатты жүзеге асыруда туризм саласынын таптырмас құрал екені белгілі.Туризм саласының көптеген мүмкіншілік беретінін, экономиканы жақсартуда маңызының зор екенін және туризмнің құпия-сырларын ашу мақсатында жазылды.
Бұл тұрғыда менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Қазақстанның туризімінің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары» жайында болды.
Туризм саласы әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. ДТҰ деректері бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен.
Ал біздің елімізде туризм саласы қаншалықты деңгейде ? Қаншама қайталанбас әсем дүниелеріміз бен сұлу табиғатымыздың барына қарамастан, туризм саласы әлі күнге қанатын кеңге жая алмай келеді.
Менің ғылыми зерттеу жұмысым негізгі І-ІІ-ІІІ-ІV бөлімнен тұрады.
Аталған ғылыми жұмысымнан қазіргі таңдағы туризм саласының жай-күйі, туризмнің экономика саласына керемет әсері жайында, туризмнің ғаламдық экономикалық құбылыс екені, еліміздегі туризмге сұранып тұрған аймақтар жайында және бүгінгідей еліміз басынан кешіп отырған әлемдік қаржы дағдарысы кезінде туризмді дамыту қажеттілігінің туып отырғаны және туризмді дамытудың негізгі бағыттары жайында өте қызықты, ауқымды мәліметтер оқи аласыздар.
1. «Дала мен Қала». «Егемен Қазақстан» газеттері.
2. «Халықаралық туризм тарихы мен теориясы» В. Н. Вуколов.
3. «Халықаралық туризм кеше, бүгін, ертең» Москва «Халықаралық қатынастар» 1998 ж.
4. Абуков А. Х. «Туризм бүгін және ертең» Москва. 1995 ж.
5. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің әлеуметтік экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері. ҚР статистикалық агенттігі. Алматы.
6. Храбченко В.В. Экологический туризм М. Изд-во «Финансы и статистическая основа». 2003г.
7. «Туристік қызмет туралы» Заң актілерінің жиынтығы. «Юрист» баспасы. Алматы – 2002ж.
8. Егемен Қазақстан газеті 14.07.2007ж.
9. 2007-2011 жылдарына арналған туризмді дамыту бағдарламасынан;
10. Интернет сайттары: www.Google. ru
www.Ak Orda.kz
www. yandex.ru.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Экономика факультті
Туризм кафдрасы

Ғылыми жоба

Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары

Жұмыстың бағыты: Туризм секциясы.
Жұмыстың жетекшісі: оқытушы-магистр Абишова Айжан
Жұмысты орындаған: ЭСТ-615 тобының студенті Сыбанова С.

Түркістан 2009
Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту
проблемалары.

Кіріспе.
І Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары.

1.1 Туризм әлемдік табыс көзі ретінде.
1.2 Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы.
1.3 Туризмге сұранып тұрған аймақтар және туризмді дамытуға деген
қажеттілік.
1.4 Жазғы еңбек демалысы немесе қазақ жұртының туризмге көзқарасы.

ІІ Туризмді дамытудың негізгі бағыттары.
2.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
2.2 Туризм инфрақұрылымын дамыту.
2.3 Ұтқыр жарнама стратегиясын әзірлеу.
2.4 Қазақстанның туристік бет-бейнесін қалыптастыру.
2.5 Болашақ жоспарлар мен ұтымды жобалар.
Қорытынды.

Ғылыми жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Ғылыми зерттеу жұмыс Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасын жүзге
асыру барысында еліміздің экономикасы мен халықтың әл – ауқатын көтеру,
еліміздің қоржынын қазынаға толтыру мақсатында жазылды. Аталған мақсатты
жүзеге асыруда туризм саласынын таптырмас құрал екені белгілі.Туризм
саласының көптеген мүмкіншілік беретінін, экономиканы жақсартуда маңызының
зор екенін және туризмнің құпия-сырларын ашу мақсатында жазылды.
Бұл тұрғыда менің ғылыми жұмысымның тақырыбы Қазақстанның туризімінің
жай-күйі және оны дамытудың проблемалары жайында болды.
Туризм саласы әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. ДТҰ
деректері бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін,
халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-
шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен.
Ал біздің елімізде туризм саласы қаншалықты деңгейде ? Қаншама
қайталанбас әсем дүниелеріміз бен сұлу табиғатымыздың барына қарамастан,
туризм саласы әлі күнге қанатын кеңге жая алмай келеді.
Менің ғылыми зерттеу жұмысым негізгі І-ІІ-ІІІ-ІV бөлімнен тұрады.
Аталған ғылыми жұмысымнан қазіргі таңдағы туризм саласының жай-күйі,
туризмнің экономика саласына керемет әсері жайында, туризмнің ғаламдық
экономикалық құбылыс екені, еліміздегі туризмге сұранып тұрған аймақтар
жайында және бүгінгідей еліміз басынан кешіп отырған әлемдік қаржы
дағдарысы кезінде туризмді дамыту қажеттілігінің туып отырғаны және
туризмді дамытудың негізгі бағыттары жайында өте қызықты, ауқымды
мәліметтер оқи аласыздар.
Мен өз жұмысымды түрлі схемалар, венн диаграммалары, кестелер және
көрнекілік ретінде көптеген суреттер арқылы толықтырдым.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
Жалпы елімізд туризм саласы енді дамып келе жатқан экономиканың
бірден бір саласы. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына әсер
етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің құрылуы және
жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, комуналдық-тұрмыстық, мәдени,
медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп туризм
индустриясы басқа секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?
Себебі туризм саласы экономиканың басқа саласымен салыстырғанда әлде
қайда көп табыс келтіретін сала және басқа секторларға ұқсамайды, тез
қарқынмен дамиды.
Сонымен қатар мені еліміздегі туризмнің қазіргі жағдайы және
болашақта туризм саласын қарқынды дамыту сияқты мәселелер қызықтырады.
Аталған тақырыпты таңдауымның тағы бір себебі қазыналы Қаратаудың
рекреациялық қорларын сақтау және экотуризмді дамыту мәселелерімен сонау
Норвегия елінен WWF табиғатты қорғау ұйымының атынан Жаннет Андерсон бастап
келген қонақтарымызбен кездесуімде елімізде әсіресе оңтүстік аймақта
туризмді дамытуға деген қызығушылығымды арттырды.
Сондықтан да еліміздегі туризм саласын зерттеп, оның көптеген
ерекшеліктерін анықтау менің жұмысымның басты тақырыбына айналды. Бүгінгі
таңда туризм саласының экономиканы дамытуда мол мүмкіндік беретінін екінің
бірі біле бермейді. Осы ғылыми жұмысымды жазу барысында еліміздегі
туризмнің жай-күйі, дамыту жолдары жайында көптеген мәліметтер жинақтадым.
Елімізде түрлі рекреациялық ресурстардың мол екендігіне
қарамастан, туризм саласының қарқынды дамымағандығына назар аудардым.
Ғылыми зерттеу жұмысымды жазу барысында өзімнің білім алып жатқан
оқу ордам Қазақ-Түрік университеті туризм кафедрасының оқытушыларымен,
кафедра меңгерушісімен, қазыналы Қаратаудың қойнауында орналасқан Жылаған
ата, Үкаша ата және Қ. А. Ясауи кесенесі бірлестігімен, Түркістан
қаласы туризмді дамыту бөлімімен тығыз байланыс жасадым. Аталған орындар
менің осы жұмысымның жазылуы үшін көптеген мәліметтер жинақтауыма көмек
көрсетті.
Аталған ұйымдарға көптен-көп алғысымды білдіремін.

1.2. Ғылыми жұмыстың мақсаты.
Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары
атты ғылыми жұмысымның мақсаты:
• еліміздегі туризм таралу аймақтарын анықтау:
• туризм саласының экономика сферасына тигізетін оң әсерін анықтау:
• туризмге сұранып тұған аймақтарды анықтау:
• еліміздің дамуы үшін туризмді дамытудың қажеттілігін талдау:
• болашақта елімізде туризмді қарқынды дамыту мәселелерінің шешімін
анықтау:
• елімізде туризм саласын міндетті түрде дамыту керектігін айқындау:
сияқты күрделі мәселелер тақырыптың мақсаты етіп алынды.

І. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту
проблемалары.
1.1 Туризм әлемдік табыс көзі ретінде.
Дүние жүзінде туризм саласы тез қарқынмен дамуда және қызмет көрсету
саласында 1-ші орынға шығады. Туризмге салынған капиталдар барлығынан бұрын
жылдам қайтады. Ең бастысы табысы таусылмайтын ресурстар береді. Дүние
жүзінде көптеген мемлекеттерде туризм әлемдік ірі сауда аймағы мұнайды қуып
жететіі белгілі.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып
келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі
болып табылатыны дәлелденген.
Туризм - әлемдік экономиканың ең құлдырауды білмейтін саласы.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. ДТҰ деректері
бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз
етеді еке.
ДТҰ, туризм жөніндегі маманданған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына қарасақ, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдни
өмірінен бөлек, экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет екенін
білеміз. Негізінен туризм ел экономикасының дамуына мүмкіндік беретін
бірден-бір құрал десек қателеспйміз.
Сонымен қатар туризм – көптеген дамушы елдердің экономикалық
өсуінің катализаторы. Өйткені туристер басқа елге демалысқа барғанда басқа
өндірісте өндірістік өнімнің бір бөлігін апарып қана қоймайды, сонымен
қатар онда жаңа жұмыс орнын қалыптастырады.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің
қалтасын қағу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды экспорттауымық қажет екен. Бұл
ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады.
Туризмнен түсетін табыс жөнінен Франция, АҚШ, Испания, Италия,
Ұлыбритания, Канада, Туркия, Австрия, Венгрия алдына шығатын ешқандай елдер
болмайда. Алғашқы бес мемлекет әлемнің туризмге турист экспортының 50% -
дан астам түсімін береді екен. Бұл басқа сауда айналымына қарағанда
капиталдың өте жоғары көрсеткіші. Бұл елдердің шығындары жәй, бірақ
үздіксіз төмендеп жатқанын айтуға болады. Оның себебі дамыған
мемлекеттердің экономикалық бірлестігінде өмір сүру деңгейіне жөндеу
нәтижесінде келіп жатыр. Туристерді қабылдаудан мемлекеттер кірістерінің
жартысынан астамын алушы яғни 1-ші орында АҚШ болып отыр. Туризм арқылы
экономикаларының 31 бөлігін құрап отырған елдер қатары күннен-күнге
артуда. Бұл туризмнің әлемдік табыс көзі екенін дәлелдейді.
Туризм өндірісінің ең жоғарғы даму темпі Түркияда, орташа 20%, бұл
елде экономикалық көрсеткіш өте үлкен. Туризмнен түсетін жылдық табыстың
жоғары көрсеткішінің есебінен ел экономикасы өте жоғры қарқында дамып жтыр.
БТҰ-ның статистикалық көрсетілімі бойынша туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі
(%) :
ДТҰ эксперттерінің айтуынша, 2010 жылы халықаралық туристердің
саны 937 млн адамға жетеді екен. Сонымен бірг жылдық орта өсу қарқыны
аймақтарға қарай өзгереді:

2. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы.
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы – шарттары б.д.д үшінші мың
жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып
табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары
сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның
негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның
тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет,
археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи
мәніне іс-жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады.
Қазақстанда туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі
экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады.
Туризмді аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды
кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм
табысының үлкен бір бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан,
жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп
танымауы саланы дамытуды тежеуші фактор болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен
халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту Туризм туралы
ҚР-ның 1992 жылғы 3 шілдедегі № 1508-ХІІ Заңымен ҚР Президентінің Түркі
тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы,
Ұлы Жібек жолының ҚР-дағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО
жән ДТҰ-ның жобасы туралы 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және Жібек
жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес ммлекеттердің
мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау
ҚР-ның мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998 жылғы 27 ақпандағы № 3859
жарлықтарымен қамтамасыз етіледі. Осы құжаттардың қабылдануы туризмнің
Қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етті.
Қазақстанда туризмнің даму жағдайы кереметтей болмай тұр. Кейбір
агенттік тарапынан ұйымдастырылған бірлі жарым семинарлар мен іске асуы
күмәнді жобаларды ескермесек, әрине. Жарнамалық газет-журналдардың тең
жартысын алып тұрған турфирмалар мен туристік агенттіктерге көз салсаңыз,
туризм қарыштап дамып жатқандай әсер қалдырады. Қазіргі таңда ашық нарықтық
қоғам туризмнің дамуына қолайлы жағдай жасап тұр. Тек қажетті жағдай жасап,
құқықтың жағын реттеп, тәртібін қадағалап, қабылданған бағдарламалардың
жүзеге асуын қадағалап тұрса жетіп жатыр. Қазіргі кезде туризмнің жеткен
жетістіктерін (біршама дамығаны рас қой) агенттікпен байланыстыруымыз қате
болар еді. Аталған агенттіктер барынша қызмет атқаруда, олардың ішінде
мемлекеттік пайдадан гөрі жеке пайдасын көздейтіндері қаншама. Дегенмен
еліміздің ірі аймақтарында туристік қызмет көрсететін фирмалар мен қонақ
үйлер келесідей:

ДТҰ эксперттерінің айтуынша, 2010 жылы халықаралық туристердің
саны 937 млн адамға жетеді екен. Ал 2020 жылы туристерді ең көп қабылдайтын
ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің ең қысқа жолының екеуі де біздің
еліміз арқылы өтпейді ме? Сонымен қатар Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас
жолының әсіресе біздің оңтүстік өлкеден өтуі болашақта елімізде туризмнің
қарқынды дамуының бір кепілі емес пе?
Қазақстандағы туризм қараусыз өскен жеміс ағашы секілді жабайыланып
бара жатқаны жасырын емес. Көршіміз Қырғызстанның жылдық бюджетінің
жартысын Ыстықкөлге демалу үшін келген туристердің әмияны құрайды екен.
Туризмнің басқа елдердегідей емес, елімізде экономикалық маңызы төмен. Біз
көп ретте сұлу табиғатымыз бен тарихи мәні зор ескерткіштерімізді айтып
мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Ал, іске келгенде дүрмектің соңында
қалып жатамыз. Әлде, біздің табиғаты сұлу аймақтарымыз бен тарихи
ескерткіштеріміз біз айтқандай емес пе? Олай демек тұрмақ, ойлаудың өзі
қиянат болар еді.
Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмінің көлемі артуда. Егер
2000 жылы туристік фирмалар шетелге 67360 туристі жіберсе, ал 2005 жылдың
қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
210692 туристі құрады. Алыс шетел мемлекеттерінің ішінде Түркия – 63,1 мың
адам (30%) , Қытай – 48, 6 мың адам (23,1%), Біріккен Араб Әмірліктері –
23,8 мың адам (11,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып
табылады.
Қазіргі таңда сыртқа шығатын туристік сапарлардың мөлшері – 50 пайызға
жуық, ал елімізге келетін туристік сапарлар – 16 пайызды ғана құрайды.
Туристер ағынын қайткенде көбейтуге болады? Осы орайда Туркия мен
Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатқаны,
тіпті кейбір елдер үшін визасыз кіруге мүмкіндік бергені нәтижелі болған.
Ал біздің елімізде қызмет көрсету сапасы төмен бола тұрса да, туристік
жолдамалардың құны аспандағы айға тең. Солай бола тұрса да елімізге
келушілер күрт көбеюде. Оның себебі біздің еліміздің сұлу табиғаты, салт-
дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың сақталғандығы және ең бастысы біздің
елімізде тыныштықтың, бейбітшіліктің болуы, еліміздің қауіпсіз аймақ
ретінде танылуы. .
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда
2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003
жылға қарағанда 17,8 процентке артық.
Жоғарыда көрсетілгендермен қатар, ұлттық туристік нарықта шетелдер
қатысатын 37 туристік ұйым қызметін жүзеге асырады.
Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының
кірісі 2005 жылы 5902,6 млн. теңгені құрады.
Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристік индустрия
кәсіпорындарының кірісі 16,8 процентке көбейіп, 30553,4 млн. теңгені
құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен
салыстырғанда 37,6 процентке артық (2-қосымша). Көрсетілген қызметтердің
жалпы көлемі де 43,3 процентті құрады. Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің деректеріне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында
379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.

1.3 Туризмге сұранып тұрған аймақтар және туризмді дамытуға деген
қажеттілік.
Туризмнің табиғаты көркем, тарихы да тартымды, мәдениеті
қызғылықты жерлерде дамуына мүмкіндік мол. Ал біздің елімізде қайталанбас
әсем құбылыстарға толы аймақтар аз емес. Қайта біз керемет табиғатымыз
арқылы кейбір елдерді шаң қаптырып кетуіміз ғажап емес. Осы тұрғыдан
алғанда Қарқаралы аймағы туризмге сұранып – ақ тұрған аймақтардың бірі.
Оның ғажайып жаратылысы, тереңнен сыр шертер шежіресі, берік ұсталынған
ұлттық салт-дәстүрі өз саяхатшыларымызды былай қойғанда, анау-мынауға
оншалықты елпілдеп, сұқтана қоймас өзгелердің өзін тамсандырары талассыз
дер едік. Бұл жақа жолы түскен турист айналаға сүйсіне көз салудан
жалықпайды. Бұратылған Нұраны бойлап, қос өркешіне еріксіз мойын бұратын
Ботақарадан асып, сай-саласынан мың бояулы гүл-шөптердің хош иісі
бұрқыраған Ащысуға бұрылғанда бір-бірімен іркес-тіркес ұсақ бұйраттар
басталады. Жалпақ даладан соң ол көп ұзамай ұшырасатын , әлдбір әдемілікті
аңдататын төңкрілгн жақпар-жақпар тастарға, жиілеген төбелерге ұласады.
Тағы бір кезең Матақтан төмен құлап, Көктас жотасына көтерілгнде,
көкжиектен көкке көлбей созылған кербез тау сонадайдан сағымдана
көрінгенде тамсанып-сүйсінуг шек болмайды, Табиғаттың осындай ғажап
көрінісі, отанамаздаң әдмі болмыс-бітімі көңіліңді мақтаныш сезімімен
кернеп, бойыңды баурап, жаныңды жадыратып, көкірек түбінде бұлқынған әдемі
әсерді әлдилеп, бабалардың Атыңнан айалайын Қарқаралы,, деп жырлағаны
есімізге түседі.
Дегенмен осындай әсем табиғаты бола тұра өңірде туризмнің дамымай
қалуының себебін түсіну қиын емес. Қарқаралыны шын мәнінде туристік
орталыққа айналдыру үшін бар болғаны инфрақұрылым мәселесімен, қаражаттың
жеткіліксіздігі болып отыр.
Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өлкесінде орналасқан туризмге
сұранып тұрған аймақтарға тоқталар болсақ:
• Қарт Қаратау қойнауындағы тылсым дүниелер (Жылаған ата, Үкаша ата,
таңбалы тастар);
• Теріскей төрі әулие әмбиелер жайғасқан мекендер (Ысқақ баб, Қарабура,
Балықшы, Ақбикеш, Баба Түкті Шашты Әзіз)
• Ақсу-Жабағылы қорығы;
• Шымкент шаһарын көк мәуеге көмкеріп тұрған Қошқарата өзені;
• Өгем тауы, Сусіңген жайлауы;
• Өгем тауындағы Қырық қыз тас мүсіндері және Күйеу тас мәрмәр тас
мүсіні,
• Ежелгі Отырар қаласының орны,
• Күллі түркі әлеміне танымал Қ. А. Ясауи кесенесі,
• Сауран қамал қабырғалары.
Көрсетілген тарихи, табиғи ескрткіштер мен табиғи әсем жерлер оңтүстік
өңірінің нағыз туристік нысандары болуға әбден лайықты және біздің
мақтанышымыз.Аталған жерлерде туризмнің болашақта қарқынды түрде дамуы
уақыт талабы дер едік.
Сонымен қатар еліміздегі дала және сулы – батпақты орнитологиялық
аумақтың қайнар көзі болып табылатын екі маңызды- Қорғалжын және Наурызым
мемлекеттік табиғи қорықтары Орталық Азияда бірінші болып ЮНЕСКО-ның
БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАБИҒИ МҰРАСЫНЫҢ беделді нысаны мәртебесіне ие болғаны
белгілі. Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының әлемнің інжу-маржаны
саналатын табиғи нысандарымен бір қатарда болуы- наурызымдықтардың ғана
емес, бүкіл Қазақстандықтардың мақтанышы екені даусыз. Аталған қорықтарда
экотуризмді дамыту мүмкіншілігі өте зор.
Еліміздің ірі қаласы Алматыда туризмнің барлық түрін дамыту
қолайлы. Әсіресе тау шаңғы туризімінің болашағы зор. Алматы облысында 5 –
(Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс Қазақстанда – 2 (Изумруд, Алтай,
Алтай Альпілері); Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік
стандартқа сай келетін Ақбұлақ тау шаңғы базасы салынған.
Ал Сарыарқаның төсінде орналасқан сәулет өнерінің озық үлгісімен
салынған Астанамызда іскерлік туризімі күн өткен сайын қарқынды дамуда.
Астанамыздың сұлулығына тамсанбаған, сұқтанбаған әлемде жан жоқ шығар сірә.
Арқа төсінен ойып тұрып орын алған Астанамызда қазақ елінің бет-бейнесін
танытатын нысандар күннен-күнге көбеюде. Мәселен: Қазақ елі монументі,
Бәйтерек, Бейбітшілік келісім сарайы, Цирк үйі, Пирамида, сияқты
көркіне көз тұнатын әсем ғимараттардың менмұндалап тұруы заңды құбылыс.
Осындай әсем қалаларымыз бен көрікті жерлеріміз, тарихи ескерткіштеріміз
бар еліміз туризмнің нағыз тұтқасы болуға лайықты.

1.4 Жазғы еңбек демалысы немесе қазақ жұртының туризмге көзқарасы.
Демалыстың адам өміріндегі рөлі өте зор. Кім қайда демалғысы кледі,
енді ол әр ұлттың қаңға сіңген қасиеттері мен өмірге деген көзқарасына
байланысты.
Еуропалықтардың көпшілігі жаз күндерінде жылы аймақтарда, теңіздің
жағасында тынығуға құмбыл. Сондықтан олар бұл мерзімде Оңтүстік Еуропаның
теңіз курорттарына ағылады. Немістер мен француздар бірінші кезекте
Испанияны бағытқа алса, ағылшындар Португалияға асығады. Ал,
скандинавиялықтар Грекияны ұнатады.
Ең бастысы, туристерді табиғи ерекшеліктері сақталған елдер
қызықтырады.
Немістер дамыған, табысы мол аймаққа құмартса, француздардың жанына
бұрынғы иеліктеріндегі отар елдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Қазақстандағы туроператорлық фирмалардың қызметі жайлы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Экологиялық туризм ұғымы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
Туризмнің даму тарихы
Пәндер