Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ..3
1.тарау ... ... ... ... ... ... 4
1.1.Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау ... .4
1.2.ҚР.ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.3.Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы ... 23
2.тарау ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1.Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық.құқықтық мәртебесі ... ... ... ... 24
2.2.Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.3.Қазақстан Республикасындағы Президентінің актілері ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ...33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... .34

Президент [1](латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін;
2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б., ұйымдардың басшысы.
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

1. "Қазақ КСР Президентінің қызметін құру және Қазақ КСР
Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР
1990 ж. 24 сәуірдегі Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1990,
№18, 190-бап).
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті
жарғы, 2008.
3. "Қазақ КСР-ында мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру
және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақ КСР 1990 ж. 20 қарашасындағы Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1990, № 47, 431-бап).
4. "Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақ КСР 1991 ж. 25 тамыздағы Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Жаршысы, 1991, № 33-35, 428-бап).
5. Қазақ КСР Президентін сайлау туралы Қазақ КСР 1991 ж. 16 қазандағы
Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991, № 39-41, 475-бап).
6. "Қазақ КСР Президентін сайлауды тағайындау туралы" Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің 1991 жылы 16 қазандағы № 893 а қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің Жаршысы, 1991, № 39-41, 474-бап).
7. "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы"
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 ж. 10 желтоқсандағы қаулысы (Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991, №48-50, 585-бап).
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" ҚР
Жоғарғы Кеңесінің 1991 ж. 10 желтоқсандағы қаулысы (Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991, №48-50, 586-бап).
9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР 1991 ж.
16 желтоқсандағы Конституциялық заңы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,
1991, №51, 622-бап).
10.1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 1993, № 3, 54-бап).
11. "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге
уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" ҚР 1993 ж. 10 желтоқсандағы
қабылданған Заңы (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993, № 23-24, 513-
бап).
12. ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 ж. 7 наурызда сайланды (Құрастырушылардың
ескертпесі).
13. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы" ҚР Президентінің 1993 ж. 10 желтоқсандағы
Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993,
№ 23 — 24, 514-бап).
14. 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 1996, № 4, 217-бап).
15. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң
күші бар ҚР Президентінің 1995 ж. 26 желтоқсандағы Жарлығы (ҚР
Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995, №24, 172-бап).
16. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесін құру туралы" ҚР
Президентінің 1996 ж. 11 наурыздағы Жарлығы (1996, №12, 85-бап).
17. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР 2001 ж.
28 мамырдағы Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2001, №10, 144-бап).
18. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.
19. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы" ҚР 1998 жылы 7 қазандағы Заңы
(ҚР Парламентінің Жаршысы, 1998, № 20, 245-бап).
20. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 ж. 19 тамыздағы № 5 қаулысы
(Егемен Қазақстан, 2005 ж. 25 тамыз).
21. ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005 ж. 6 желтоқсандағы қаулысы
(Егемен Қазақстан, 2005 ж. 8 желтоқсан).
22. «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы».С.К.Амандықова.
Астана, 2001 жыл.
23. «Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.
24. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл.
25. «Салыстырмалы құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.
26. «Құқық негіздері ».С.Д.Баққұлов Алматы, 2004 ж.

Мазмұны
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-
тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1.Қазақ КСР Президенті қызметін
тағайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2.ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 20
1.3.Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы ... 23
2-
тарау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1.Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..24
2.2.Қазақстан Республикасындағы Президентінің
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3.Қазақстан Республикасындағы Президентінің
актілері ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .34
Кіріспе
Президент [1](латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда
отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент
конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік
тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге
(3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі
реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола
алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек
қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар
(АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда)
сайлайды. Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде
бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін
тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни
президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент
өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады.
Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген.
Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға
болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы
мүмкін;
2) қоғамдық, ғылыми, коммерциялық, т.б., ұйымдардың басшысы.
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет
билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық
қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды
тұлға.[2]
1-тарау
1.1. Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының,
Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің
Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
1990 жылы 01 сәуірде
"Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР
Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды.
Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебес і мен
өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен
толықтырылды.
Қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып
табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан
аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, қазақ және орыс
тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам
қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең
және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл
мерзімге сайлады.[3]
Қазақ КСР Президенті бір мезгілде Қазақ КСР немесе Халық
депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.
Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: республика
аумағында тұратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР
Конституциясы мен зандарының сақталуына кепіл болады; республиканың
суверенитетін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті
шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде
және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының өкілі болып табылады;
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы
Кеңесіндегі өкілі болып табылады;
Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-
қимылын қамтамасыз етеді;
республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ж ыл сайын баяндама
жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің
неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады;
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы,
Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы
Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне
кандидатураларды ұсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы
Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсыныс енгізеді; Қазақ КСР Министрлер Кеңесін орнынан
түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің алдына мәселе қояды;
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР
Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды,
кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынады;
Қазақ КСР зандарына қол қояды; [4] қайта талқылау және дауыс беру үшін
өзінің қарсы пікірлерін жазып, занды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға құқылы;
Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы
мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестігі туралы КСРО
Конституциялық қадағалау комитетіне ұсыныс енгізеді;
КСРО Министрлер Кеңесінің Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін
қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата түру
туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды;
КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің
мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық
білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады;
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ
КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ
КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың
қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің
халықаралық шарттарына қол қояды;
өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім
грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды;
Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық ұйымдар жанындағы
дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады;
Қазақ КСР-інің құрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің
мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды;
Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді;
Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады;
Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше
жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне
дереу табыс етеді.
Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс
істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің
негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Президент Кеңесінің мүшелерін
Қазақ КСР Президент Қазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің
құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді.
Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы
қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар.
Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере
отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі
даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан
түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды.
Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР
Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды
және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға
мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР
Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара
алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның
өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса
— Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бұл орайда Қазақ КСР-інің
жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің
бірінші Президенті мен оның Орынбасарын [[Қазақ КСР]] Жоғарғы Кеңесі алты
жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.
1990 жылы 20 қарашада
1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен
басқару құрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ
КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ
КСР Президентінің ұсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ
КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ
КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ
КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен
орынбасарлары лауазымдары таратылды.[5] Заң Қазақ КСР Премьер-министрі мен
Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың
негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды.
Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-
министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары
құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті
құрамына Қазақ КСР мемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да
органдары мен ұйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ
КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР
Президентінің ұсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ
КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР
Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі
таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган —
Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице
-президенті, Қазақ КСР Премьер -министрі, облыстар мен Алматы қалалық
Халық депутаттары кеңесінің, сондай -ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған
өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР -да халықтық бақылау
органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының
құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес
өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына)
енгізілді.[6]
Қазақ КСР, оның жоғары атқарушы және өкімдік билігінің басшысы Қазақ
КСР Президенті болып табылды. Республика Президентінің өкілеттігі
төмендегіше толықтырылды: Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер
Кабинетінің қызметіне басшылық етеді; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің
Премьер-министрін тағайындайды және оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге
ұсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне КСРО Бас прокурорымен келісілген Қазақ
КСР\Бас прокурорының кандидатурасы мен Қазақ КСР Бас прокуроры
орынбасарларының кандидатураларын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсынады; Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне
кандидатуралар ұсынады, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ
КСР Жоғарғы Сотының Төрағасынан басқа аталған лауазымдарды міндетінен
босату туралы ұсыныс енгізеді; облыстық және Алматы қалалық Халық
депутаттары кеңестерінің төрағаларын олар өздерінің қызметтік міндеттерін
тиісті орындамаған немесе әдепсіз қылықтар жасаған жағдайларда мерзімінен
бұрын қызметтерінен босатады; Жоғарғы Кеңес алдына Қазақ КСР Министрлер
Кабинетін отставкаға жіберу немесе отставкасын қабылдау туралы мәселе
қояды, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің мүшелерін қызметінен босатады және
тағайындайды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге ұсынады; Қазақ
КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік
басқару органдарын құрады және таратады.
Басшылары Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін Қазақ КСР
мемлекеттік басқару органдарын құру мен тарату туралы шешімдер Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынылады; Қазақ КСР Министрлер Кабинеті
қаулылары, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті Премьер-министрінің өкімдері,
министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар актілері Қазақ
КСР Конституциясы мен Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген жағдайда олардың
күшін жояды немесе тоқтатады; құқықтық саясатты айқындайды және құқық
қорғау қызметіне басшылық етеді. Қазақ КСР Президенті жанында
консультативті-кеңестік орган — Республика Кеңесі қызмет етті, міндеті
Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын іске
асыру бойынша кепілдемелер дайындау болып табылды. Республика Кеңесінің
құрамына Қазақ КСР Вице -президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар
мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай -ақ Қазақ КСР
Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кірді. Қазақ
КСР Вице -президенті Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның
жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе
Президенттің міндеттерін жүзеге асырута мүмкіндігі болмаған ретте оның
қызметін атқарады.[7] Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен
өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР -інің жаңа
Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Вице-президентіне,
ал егер бұл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына
ауысатын болды.
1991 жылы 25 тамызда
1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына)
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы
қабылданды. Президентінің құзіретін е қосымша өкілеттіктер
жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумағында
орналасқан одақтық байланыстағы ұйымдарды, кәсіпорындарды бірінші
басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР
Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін
тағайындайды; егер одақгық органдардың шешімдері Қазақ КСР зандарына және
жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын
тоқтата тұрады;[8] Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге
басшылықты жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі
конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда,
сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған
реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін
жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен
белгіленеді.
Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР
Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13- тармақтарында
көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары
кеңесі төрағаларын қызметтерінен мезгілінен бұрын босату; Қазақ

басқару органдарын құру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою
процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице-
президентіне, ал егер бұл мүмкін болмаса — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Төрағасына беріледі.
1991 жылы 16 қазанда
"Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР
Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР
азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын
дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып
Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР
аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, казақ және орыс тілдерін меңгерген
азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР
Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР
Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын
шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н.
Ә. Назарбаев болды.[9]
1991 жылы 10 желтоқсанда
"Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту
туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта
аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке
кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 ж. 10
желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.
1991 жылы 16 желтоқсанда
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР
Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының
барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да
мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып
бөлінулері қағидасынан келіп құрылды. Республика халқының атынан сөйлеу
құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару
билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік
органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жоғарғы Соты
мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары
органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.[10]
1993 жылы 28 қаңтарда
Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды, онда алғаш рет "Президент" жеке тарауы берілді.
Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып
табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін
басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен
бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды.
Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді — 5 жыл, сондай-ақ бір адам
қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды.
Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды:
Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау,
қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР
заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін,
Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі
істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің
басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы
басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Министрлер
Кабинетінің құрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен
ведомстволарды құрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де
кеңесші-ақылдастық алқалар құрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді;
Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім
қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер
жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан
шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де
өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік
Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі
Төрағасының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен
босату туралы ұсыныс жасайды; мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту
жөнінде шаралар қолданады және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы
болып табылады; ҚР мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, ҚР жоғары
дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы
атақтарын береді; заңға сәйкес ҚР азаматтығы, саяси баспана беру
мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; заңға сәйкес
тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық
құрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді; ҚР
Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
ҚР Вице-президенті Республика Президен тімен бірге сайланады. ҚР

мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. ҚР Президентінің
мәртебесіне айтарлықтай өзгертулер енгізген
1993 жылы 10 желтоқсанда
1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының
Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру
туралы" ҚР Заңы қабылданды. ҚР През идентіне Конституцияның негізінде және
соған сәйкес жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңесі бірінші сессиясының
жұмысы басталғанға дейінгі мерзімге заң күші бар құжаттар шығару құқығы
берілді. Сонымен қатар, Президентке сол мерзімге қажет болған жағдайда
Жоғарғы Кеңестің ҚР Конституциясы 64-бабының 12—15, 18 және 20-
тармақтарында көзделген өкілеттігін жүзеге асыру құқығы берілді, кейін оны
жаңадан сайланатын ҚР Жоғарғы Кеңестің бекітетін болды. Онан басқа, ҚР
Конституциясының 78 - бабының 3, 7 және 16 тармақтарында көзделген
өкілеттікті дербес жүзеге асыруға құқық берілді.[11]
1993 жылы 10 желтоқсанда
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын
тоқтату туралы" ҚР Заңы қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда
1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде
қабылданған жаңа Конституция Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.
Конституцияда Қазақстан Республикас ының президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылатындығы айқындалды. Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады. Халық пен мемлекет
атынан билік жүргізуге Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің
конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар. Республика
Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктер
шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 40-бабының 3 "Президент"
бөлімі ҚР Президентінің мәртебесі белгіленді, ол бойынша ҚР Президенті
мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда
Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республика
Президенті — халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі
кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс
істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
етеді.
41 - бабында Президент өкілеттігінің мерзімі анықталды — 5 жыл, сондай
-ақ Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып
табылатын, отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, мемлекеттік
тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын
Республика азаматы сайлана алатындығы көрсетілді. Жаңа Конституцияда
республика Президенті болып бір адамның қатарынан екі реттен артық сайлана
алмайтындығы сақталды. ҚР Президентінің жаңа мәртебесіне сәйкес:
Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы
саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан
халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс
бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қояды,
халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан
талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламенттің келісімімен республика
Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-
Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның
мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет
құрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады,
таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, ерекше
маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң
жобаларын Парламент мәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің және облыстар,
республикалық астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе
ішінара тоқтата тұрады; Парламент келісімімен ҚР Ұлттық банк төрағасын
қызметке тағайындайды, оны қызметтен алады; Парламент Сенатының келісімімен
республика Бас Прокуроры мен ҮҚК төрағасын қызметке тағайындайды, оларды
қызметтен алады; республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын
тағайындайды және кері шақырып алады; Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын бес жыл мерзімге қызметке
тағайындайды; республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
республика Премьер - Министрінің ұсынуымен Республика мемлекеттік бюджеті
есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру
мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; республикалық референдум
өткізу жөнінде шешім қабылдайды; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық
шарттарына қол қояды, бекіту грамоталарына қол қояды; Республика жасасқан

өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын
қабылдайды; [12] ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып
табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады; Республиканың мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды,
құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді,
дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; ҚР азаматтығы,
саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге
асырады; Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен
аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне
елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттік конституциялық органдарының
қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда Премьер-Министрімен және Республика
Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан
кейін бұл туралы Республика парламентіне дереу хабарлай отырып,
Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізуді, Республиканың Қарулы Күпггерін қолдануды қоса алғанда, аталған
жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; Республикаға қарсы агрессия
жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген жағдайда
Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери
жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы
Республика Парламентіне дереу хабарлайды; өзіне бағынысты
Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Ұланды
жасақтайды; ҚР Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді; Республика
Президентінің Әкімшілігін құрады; Қауіпсіздік Кеңесін, Жоғары Сот Кеңесін
және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды құрады; Республиканың
Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге
асырады.[13]
1995 жылы 26 желтоқсанда
1995 ж. 26 желтоқсанда ҚР жаңа Конституциясының ережелерін жүзеге
асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы"
Конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды.
Жарлық республика Президентінің мәртебесін , Президенттің қызметке
кірісу жағдайын, өкілетгік мерзімін, сондай-ақ Президенттің Парламентке,
Үкіметке, Конституциялық Кеңеске, соттарға және судьяларға, прокуратура
органдарына, Орталық сайлау комиссиясына, Ұлттық банкке, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне, әкімдерге қатысты
өкілеттіктері және өзге өкілеттіктері айқындалды. Онан басқа, Президент
актілерінің нысандары, оларды дайындау және Президенттің қарауына енгізу
тәртібі; Президент актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ
олардың күшін жою тәртібі белгіленді. Заңда сонымен қатар ҚР Президентін
қызметінен бұрын босату, кетіру жағдайы жазылды. Президент қызметін
қамтамасыз етуге жеке тарау арналды. Бұрынғы президенттердің мәртебесі мен
оларды қамтамасыз етілуі айқындалды.
1996 жылы 11 наурызда
1996 ж. 11 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Конституциясында
көзделген ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР
Заңы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін, құрылу тәртібін және жұмысының
ұйымдастырылуын анықтады. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі ҚР Президенті жанындағы
консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Заң Кеңестің өкілеттігін
анықтады. Кеңес: судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу
кепілдіктерін қамтамасыз етеді; конкурстық негізде облыстық соттың судьясы
бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады және оны қызметке тағайындау
үшін ҚР Президентіне ұсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша
облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды
және оларды ҚР Президентіне ұсынады; Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша
Жоғарғы Соттың алқа төрағасы мен судьясы бос орнына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Соттың Төрағасының қызметіне кандидатураны қарайды; Жоғарғы Сот
Төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына
кандидатты ҚР Парламентіне ұсыну үшін ҚР Президентіне ұсынады; Жоғарғы Сот
Төрағасын, облыстық және соған теңестірілген соттар мен алқалары
төрағаларын қызметтерінен босату мәселелерін қарайды; ҚР Президентіне сот
жүйесі мен заңдарды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар жасайды; ҚР
Жоғарғы Сот Кеңесінің регламентін бекітеді; өзге өкілеттіктерді жүзеге
асырады.[14]
Кеңес Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасынан, Конституциялық Кеңесті ң
Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әділет
министрінен, Парламент Сенатының екі депутатынан, алты судьядан (Жоғарғы
Соттың екі судьясынан, облыстық немесе соған теңестірілген соттың екі
судьясынан, аудандық немесе соған теңестірілген соттың екі судьясынан),
Кеңес Хатшысынан және ҚР Президенті тағайындайтын басқа да адамдардан
тұрады. Конституциялық Кеңестің Төрағасына, Жоғарғы Соттың Төрағасына, Бас
Прокурор мен Әділет министрі Кеңес құрамына лауазымы бойынша кіреді.
Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі жүзеге
асырады.
1998 жылы 7 қазанда
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы" ҚР Заңы ҚР Конституциясына өзгертулер енгізді, ол ҚР
Президентіне де қатысты болды. Мысалы, Президенттің жаңа өкілеттік мерзімі
— 7 жылға белгіленді. Жас мөлшері шектеулері өзгертілді; төменгі шек
—қырықтан, жоғарғы шек — белгіленбеді. Бұрынғы өкілеттіктермен қатар ҚР
Президентіне Республикалық бюджетті ң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау құқығы
берілді. 48 бабтың 1 тармағы мынадай редакцияда жазылды:
"ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген,
сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі
қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының
өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент
Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжілісінің Төрағасының өзіне Президент
өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-
Министріне көшеді; өзіне Президент өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше
Сенат Төрағасының, Мәжілісінің Төрағасының және Премьер -Министрдің
өкілеттігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды
иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады".
1999 жылы 10 қаңтарда
ҚР Президентін сайлауы өтті. ҚР Президенті болып тағы Н.Ә.Назарбаев
сайланды. ҚР Парламентінің депутатт ар тобының ҚР Президентін кезекті
сайлауының мерзімін белгілеу мақсатымен ҚР Конституциялық
Кеңеске ҚР Конституциясының 94 баптағы 1 тармағы мен 41 бабының 1 тармағына
ресми түсіндірме беруін сүрауына байланысты ҚР Конституциялық
Кеңесінің 2005 ж. 19 тамыздағы қаулысымен ҚР Президентін сайлауының мерзімі
— 2005 ж. желтоқсанның алғашқы жексенбісі болып беліленді.
2005 жылы 4 желтоқсанда
ҚР Президентін сайлауы өтті. Кезекті мерзімге Президент болып Н. Ә.
Назарбаев сайланды. Оған 6 млн. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz