Тіл және сөз өнері туралы


Жоспар
1. Қазақ мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері
2. Тіл және сөз өнері туралы
3. Нақыл сөздер
Пайдаланылған әдебиет
1. Қазақ мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері
Мақал-мәтеддер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтеддер -өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
"Сөздің көркі - мақал" деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтеддерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Мақал - халықтың өмірден алған тожірибесіпің, ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқым ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, корксм бсйнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен, олар бір-біріне туыс болғанмен, екеуінің өзара айырмашлықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндсу жағьшан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: "Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер" деген мақалды алсақ, бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазықтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы үғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу тәсілі басым - еледі. Мысалы: "Біреу тойып секіреді, біреуі тоңып секіреді", Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені, "Еменнің иілгені -сынғаны" деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікірірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға арағанда ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам етінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сез тіркесі түрінде келетін фразеологиялық бірлік.
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. "Әлін білмеген әлек", "Көппен көрген ұлы той" деген мәтелде тұспал ғана бар, мағына ашық емес, қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сез айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.
Мақсатымыз - мақал-мәтелдін ұксастығы мен айырмашылығын ажырату. Әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындау аркылы білімімізді, сөз өнерімізді шындау.
Қазақ фольклорынын түрлі жанрларынын ішінде мақал-мәтелдер аса кызғылықты зерттеу нысаны болып табылады. Бұларда халықтың өміртуралы сан алуан пайым-байкауларынын, ойға түйгендерінін нақты да дәл сипаттамаларынын мәйегі сүзілген.
Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің кызметін алмастырады. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнін сұрыпталған жиынтығы, халықтың озінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздык, тәлімгерлік рөлі де бар. Мұндағы ақыл-кенестер кыска да нұска, тұжырымды.
Ал енді қазақ тілі пәнінен білімімізді тексеріп, Венн диаграммасын толтырайык. Мақал деген не? Мәтелдегенне Мұғалім: Ал енді сайысымызды бастамас бұрын топқа бөлінеміз. Ол үшін "Тобынды тап" ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: жеке карточкалар үлестіріледі, онда мақалдың сездері буынға бөлініп жазылған, сол сөздерден мақал құрасақ, тобымызды табамыз.
2. Тіл және сөз өнері туралы
- Мысқылдың түбі - мүмкін
- Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
- Жастық - мастық
- Ер - бас,
Қатын - мойын
- Үйіңде екі қатының болса айран болар,
Екі сиырың болса айран болар
- Баланы- жастан
Қатынды - бастан
- Көшермен болса жұрт жаман,
Тастарман болса қатын жаман
- Есік көргенді алма, бесік көргенді ал
- Жаман шоқпар жинар
10. Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үйбұзар
11. Жақсы қатын үй деулеті,
Жақсы шапан той дәулеті
12. Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр
13. Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы
14. Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде
15. Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігіттіжаным десе болмас па.
3. Нақыл сөздер
(Афоризмдер) - күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, енегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тутас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге қүрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең келемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да есиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен көзеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, соларқылы күрескетұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық керінбей қалған жоқ. Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз керкем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz