Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым, оның белгілері және ол туралы ғалымдардың пікірлері


МАЗМҰНЫ

І Кіріспе бөлім . . .

ІІ Негізгі бөлім . . .

І-тарау Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым,

оның белгілері және ол туралы ғалымдардың пікірлері . . .

1. 1 Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым

мен оның белгілері . . .

1. 2 Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері

туралы пікірлері . . .

  1. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан

айырмашылығы . . .

ІІ-тарау Қылмыстың түрі мен құрамы . . .

ІІІ-тарау Қылмыс санаттары . . .

ІУ Қорытынды . . .

У Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . .

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысы қылмыстық құқық бойынша „Қылмыстың түсінігі” деген тақырыпқа арналған. Жұмыс кіріспеден, қорытындыдан және үш тараудан тұрады. Олар:

  1. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері;
  2. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың құрамы мен түрі;
  3. Қылмысты топтастыру.

Қорытынды, пайланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспеде пайдаланылған әдебиеттерге шолу жасалған.

Бірінші тарауда қылмыстық құқық бойынша қылмыстың (топтастыру) түсінігі мен белгілеріне анықтама берілген.

Екінші тарауда қылмыс құқық бойынша қылмысты топтастыру туралы айтылады. Қылмысты жіктеуде оның қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне және ҚК. 9-бап бойынша кінәсінің түріне қарай қарастырылады. Қылмыс қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай түрі 4 топқа бөлінген: 1) онша ауыр емес; 2) ауырлығы орташа; 3) ауыр; 4) ерекше ауыр қылмыс. Мұнда қылмыстың басқа тәртіп бұзушылыққа қарағанда қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты айтылған.

Қорытынды бөлімде қылмыстың алдын-алу мәселелері сөз болады.

Бітіру жұмысы қылмыстық құқық саласындағы ғылыми дәрежелерге, соңғы жылдардағы мемлекеттік құжаттарға негіздейді басты мақсат еткен.

Зерттеу еңбектері:

1. Прохорова В. С. Монография. Қылмыс және жауапкершілік. Ленинград университеті баспасы. 1984. 135 б. Бұл еңбек қылмыстық-құқықтық категориясы - қылмыс пен жауапкершіліктің іргелілігін зерттеуге арналған.

Бұл еңбекте қылмыс қүрделі әрі жан-жақты әлеуметтік құбылыс ретінде қаралып, оның бір жағынан, әлеуметтік құқықтық мәне мен мазмұны, екінші жағынан, құқықтық түрі талданған. Бұл үшін қылмыстың зияндылығы мен оның себебінің механизмін зерттеп, әрбір қылмыстың қоғаммен адамдардың тиісті байланысына қатысты нақты заман әкелгенін дәлелдеуге ұмтылады.

2. Кривоченко Л. Н. Қылмысты жіктеу. Харьков. Жоғарғы мектеп. 1983. 130 б.

Бұл монографияда қылмысты жіктеу мәселесі оның қоғамдық қауіптілігінің мәні мен дәрежесі қылмыстық-құқықтық жалпы бөлігіндегі олардың орны зерттеледі. Мұндай жіктеудің материалды және формальды белгісін, нақты қылмыс категориясының жалпы және өзіндік ерекшелігін, оның заңды қылмыстық-құқықтық зардабын зерттейді. Қылмысты жіктеуді жетілдірудің қылмыс заңдарының сот, тергеу практикасында қолданылуына қолайлы жағдайлар жасалуына арналған тиісті ұсыныстар енгізілді.

3. Сахаров А. Б. КСРО қылмыскерлердің жеке ерекшелігі мен қылмыстық себептері. М. Заң әдебиеті, 1961. 277 б.

Сахаров еңбегінде қылмыскердің жеке ерекшелігімен оның қоғамға қарсы қылықтарының себебі туралы мәселе әлеуметтік жағынан зерттеледі.

Автор соттау кезіндегі сот тәжірибесін пайдалана отырып, қылмыскердің мінезінің негізіне жататын оның жеке көзқарасы мен қылмысқа түрткі болушы жағдайдың себебін тандайды. Қылмыскердің іс-әрекет жасауының субъективті және объективті жағдайы, жеке тұлғаның адамгершелегінің қалыптасу жайы қандай болатыны да сөз етіледі.

4. Дурманов Н. Д. Қылмыс туралы түсінік. М. Л. КСРО Ғ. А. баспасы, 1948. 311 б.

Профессор Дурмановтың монографиясы бұл күнде де өзінің ғылыми және практикалық құндылығын жойған жоқ.

Бұл жұмыстағы басты ой - қылмыс заңдылық ұғым бола отырып, қоғамдық өмірдегі белгілі бір байланыста болатынын, содан негіз алатындығын айту.

Мұнда алғашқыда қылмыс нақтылы жасалған объективті өмірдегі адамның іс-әрекеті ретінде анықталады. (1 бөлім) .

Келесі бөлімде қылмыстық материалдық белгілерінің ерекшелігі анықталады. (ІІІ, ІV, V бөлімдер) .

Мұнда одан кейінгі екі бөлім қылмыстық заңға қарсы әрекет-әрекетсіздік екендігін заң жүзінде анықтауға арналған (VI, VII бөлімдер) .

VIII бөлімде қылмыстық әрекеттің моральға қатынасын айтады.

ІХ бөлімде жоғарғы бөлімдерде айтылғандарға тандау жасайды, қылмысқа жалпы анықтама береді.

Соңғы Х бөлім қылмыс пен тәртіпті бұзушылықтың өзгешелігін бір-бірінен шектеу туралы айтылған.

5. Саркисов Г. С. Қылмысты ескертудің әлеуметтік жүйесі. Ереван. „Аэстан” баспасы, 1975. 157 б.

Монография қылмысты ескертудің проблемаларына арналған. Мұнда қылмысты жоюдың міндеттері мен шаралары қаралады, әлеуметтік жүйесіне талдау беріледі. Яғни оның ұғымы, мазмұны, субъектісі, жіктелуі бұл жүйе құрылысының кейбір ерекшеліктері, оның тиімды болуына жасалатын жағдай айтылған.

6. РСФСР-ға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымының докторы, профессор М. И. Ковалевтің монографиясында („Қылмыс ұғымы мен белгілері және оның жіктеудегі мәні”. Свердловск, 1977 ж. )

Монографиясында кеңестік қылмыстық-құқықтық ғылымдағы негізгі проблемалардың бір ретінде қылмыс туралы түсінік зерттеледі.

Автор бұл тақырыпта қылмыстық жауапкершіліктің заңды негізінде қылмыстық белгілері мен құралын анықтауға байланысты көптеген сұрақтар төңірегінде сөз еткен. Сондықтан қылмыс туралы Қазақстан Республикасы криминалист ғалымдардың, оның ішінде профессор Г. Ф. Поленовтың, профессор Жекебаевтың, Нұртаевтың, Баймурзиннің ғылыми еңбектерінде де айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің жаңа жобасында қылмыс туралы жаңа анықтама берілген. Мұнда қылмыстың да жазамен қорқытып тыйым салған адамнан жеке басының, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын кінәлі іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/ қылмыс болып табылады деп көрсетілген. Бұл жерде қылмыстың негізгі белгісі қоғамға қауіптілік деген сөз жоқ. Оның орнында зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпі деген сөз бар. Яғни болашақта зиян қылмыстың ұғымының негізгі белгісі қарастырылады. Ал, бітіру жұмысында қарастырылатын мәселе қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша қылмыстың түсінігіне тоқталу болып табылады.

БІРІНШІ ТАРАУ

  1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс туралы ұғым мен белгілері

Қылмыстың алғашқы нормативті анықтамасы „РСФСР қылмыстық құқығын басқарудың бастамасында” /1919ж. / берілді, 5-бап „Қылмыс қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынас тәртібін бұзу”. 6-бап „Қылмыс сол жүйенің қоғамдық қатынасына қауіпті әрекет не әрекетсіздік” ретінде анықталған. 8-бап қылмыстың сол жүйесін қоғамдық қарым-қатынасын қауіпті деп танылуының негізі айтылған. Мұнда бұл жүйенің қоғамдық қатынасы „пролетариат диктатурасы кезеңінде капитализмнен коммунизмге өтудегі ұйымдастырушы топтық, көпшілік еңбекшілердің мүддесіне” сәйкестігі көрсетілген.

1922 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында қылмыс „коммунистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңес құрылысына қауіп төнетін әрекет пен әрекетсіздік” деп мойындаған.

1928 жылғы РСФСР ҚК 6-бабында „социалистік құрылысқа өтудің өтпелі кезеңінде жұмысшы мен шаруалар өкіметі белгіленген кеңестік құрылысқа қарсы бағытталған не болмаса тәртіп бұзушы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік деп белгіленген.

Қылмыстық материалдық белгілерін одан әрі дамыта отырып қоғамға қауіптілігін 6-бап ескертпесінде былай белгілеген: „Осы кодекстің негізгі бөлімінің баптарында маңызы шамалы және зияндылығының зардабы қоғамдық қауіптілік мәнінен айырылған жаттанды және теріс ықпалға түскен белгілері бар әрекет қылмысқа есептелмейді.

Осыған ұқсас қылмыс туралы ұғым мен маңызы шамалы істер одақсыз республикалардың ҚК 1926-1935 жылдарға дейін болды. /1/

Қылмыс туралы ұғымның кейбір заңды жинағында өзара айырмашылықтар болғанымен, қылмыстың басты белгісі ретінде оның әлеуметтік табиғатын білдіретін қоғамға қауіптілігі негізге алынды.

Қазақстан Республикасында қылмыстық анықтама берілген. Ол ҚК 9-бабы бойынша айтылған: Қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысына оның саяси және экономикалық жүйелеріне, меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарын қиянат жасау қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп танылады. Бұл анықтамаларда қылмыстың қауіптілігі тікелей айтылған. Бұл туралы басқа да баптарда айтылған, мысалы, 2-бап: Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандай қылмыс болып табылатындығын анықтайды және қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазаны белгілейді. /2/

3-бап бойынша „қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қалмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекеті қасақана немесе абайсызда істегенде айыпты адам тартылады. Қазақстан ҚК 9-бап қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің белгілерін саралап, оның жалпы түрлерін көрсеткен: қоғамдық құрылыс, шаруашылық жүйесі, сонымен қатар мемлекет тәртібін қылмыс пен бұзушылықтаң барлық түрі. Бұдан шығатын қорытынды қылмыстың басты белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамдық қауіптілік адам іс-әрекетінің формасын емес, оның материясы мен мазмұнын беретін материалдық белгісі ретінде қаралады. /2/

Қылмыстық қоғамдық қауіптілігі объект және субъекті белгілерінің жиынтығына байланысты.

Қоғамдық қауіптіліктің мазмұны қылмыстық объектіге әкелген зияндылыгының көлеміне де байланысты.

Қоғамдық қауіптілік көбінесе зияндылықтың зардабының мәні мен өлшемін, кінәсінің формасы мен түрінен, ниетінен, қылмыстың мақсатынан, оның жасалуынан, т. б. көрінеді. /3/

Қоғамдық қауіптіліктің мәні қылмыстың заңдылығының өзгешелігінің сапасын анықтайды. Ол қылмыстық қол сұғудың объектісінің мазмұнына нақты қоғамдық қатынас, әкелген зиянның мөлшері, көлемі, маңызы, мазмұны /материалдық, моральдық, идеологиялық, рухани, әлеуметтік психологиялық, ұйымдастыру-басқару/ қылмысты қол сұғудың жасалу ерекшелігіне /зорлау, зорлықсыз, қарапайым немесе машықтанған/, кінәсінің түріне /әдейі не байқаусызда/, қылмыстық ниет пен мақсатының мазмұнынан /арам пиғылы, жеке опасыз ниеттері/ байланысты.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі - ол қауіпті істің бір немесе сол мәнімен салыстырғнада топтық көрінісі. Ол шығынның көптігінен /ірі материалдық шығын, жеңіл тән жарақаты/, кінәнің дәрежесі мен /алдын ала ойластырылған, кенеттен ойланған өрескел байқаусыздық/, қылмыстық мотиві мен мақсатының опасыздық дәрежесімен, қылмыстық қауіптілігінің орнының ерекшелігіне, уақытша байланысты „қылмыстың жасалу жағдайы мен /соғыз кезінде, қоғамдық апат жағдайында/ және басқа қылмыстың жасалу жағдайлармен анықталады.

Қоғамдық қауіптілік әрекеті, егер жасалғанда ол заңда көрсетілген болса, яғни заңға немесе құқыққа қарсы болмаса қылмысқа есептелмейді.

Қылмыстық құқыққа қарсылық қылмысты әрекеттің басқа міндеті белгісіне жатады. Құқыққа қарсы қылмыс заңда қаралған нақты қоғамдық қауіпті әрекетпен сипатталады.

Заңға қарсы әрекет қылмыстық заңда көрсетілген норманы бұзып, тиым салған іс жасап, заңмен қорғалған белгілі объектіге зиян жасау. Мысалы, Қазақстан ҚК 175-бапта „Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 2 жыл мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады” делінген. Бұдан байқағанымыз біреудің мүлкін ұрлау заңға қарсы әрекет, себебі заңмен қорғалған біреудің меншігіне шығын жасау болып табылады.

Қылмысты сипаттай келе оның адамгершілікке жатпайтын қылық басқалардың моральдық қарсылығы тудыратын жат қылық екенін аңғарамыз.

Біздің қоғамға құқық пен адамгершілік бір-біріне қарсы шықпайды, қайта толық бірлікте болады. Бұл біздің қоғамға құқық пен адамгершілікті бір қағидамен қатар қоятындығын байқатады. Бірақ адамгершілікке жат қылықтың барлығы бірдей қоғамдық қауіптілік дәрежесіне жете бермеуі мүмкін. Ол әкімшілік, азаматтық немесе т. б. ретте адамгершілік жағының талқыға салынуы мүмкін.

Сонымен қорыта келгенде, біздің қылмыстық теорияда заңмен қорғалған объектіге қастық жасау, зиян келтіру немесе зиян келтіру қауіпін төндіру, заңға қарсы іс-әрекет қылмыс деп есептеледі. /4/

  1. Заңгер ғалымдардың қылмыс және оның белгілері туралы пікірлері

Қылмыс онымен тікелей байланысты жаза қоғам тарихының барлық дәуірлерінде өзгеріссіз болып келген ұғымдар емес. Қылмыста құбылмалы, өзгеріп тұратын ұғымдардың бірі. 1926 жылы Ресей Қылмыстық Кодексі, 1959 ж. қабылданған Қазақстан Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін 75 бап алынған.

Қылмыс дегеніміз - біріншіден, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекет. Бұл қылмыстың тарихи анықтамасы; екіншіден, бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет. Бұл жерде бірінші формальды анықтама, ал екінші материалды анықтама. Яғни қылмыс қауіпті ғана әрекет немесе әрекетсіздік емес, тек қылмыстық заңда атап көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздік.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңда көзделген қоғамдық құрылысқа, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, мемлекеттік меншікке, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа құқықтарымен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет /әрекет немесе әрекетсіздік/. Сондай-ақ құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет.

Қылмыс кез келген заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік емес, ол тек қылмыстық заңда көрсетілген нормаға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік дегеніміз қылмыстық заңдарға кіретін нормаларға көрсетілген құрамдағы белгілерге дәл келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық заңға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктердің басқа да заңдарға қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздіктерден өзгешелігі бар. Ол мынада: қылмыс деп саналатын әрекет немесе әрекетсіздік тек қылмыстық заңда қаралатын нормаларға қайшы болуға тиісті. Қылмысты әрекет қылмыстық заң оны істеуге тыйым салған әрекет. Қылмыстық әрекетсіздік - қылмыстық заң істе деп міндеттеген әрекетті істемеушілік.

Болгарияның Қылмыстық Кодексінің 2-бабында қылмыс дегеніміз - кінәлі түрде істелген заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті ісі делінеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдарының міндеті Қылмыстық Кодекстің 2 бабында былай делінген: „Қоғамдық және мемлекеттік құрылыста, меншікті, азаматтардың өз басы мен құқықтарын және бүкіл құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылардан қорғау”.

Қазіргі уақытта қылмыстық негізінің 4 белгісі бар.

а) қоғамға қауіптілігі

б) қылмыстың кінәлі сілтеуі

в) қылмыстық заңда көрсетілуі

г) жаза.

Қоғамдық қауіптілік бұл қылмыстың негізгі белгісі, ол қылмыс мағынасын ашады және де іс-қимылды мемлекет қылмыс деп танитынын көрсетеді.

Л. Шуберт „Іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп тануды анықтау тек заң шығарушыларға байланысты деп санайды”, сондықтан онымен келісуге болмайды. Заң шығарушыға тек қандай қоғамдық қауіпті іс-қимылды қылмыс деп тануды ғана анықтау қатысты немесе байланысты.

Ал, осы Л. Шуберттің кітабында М. Д. Шаргородский мынадай пікір жазды: „Қоғамдық қауіптілік - бұл адамның нақты іс-қимылының объективті-әлеуметтік қасиеті, ол белгілі бір сатыда қоғамдық қауіптілік құқыққа қарсылық, ал кейде қылмыстық жазалау болады”.

Қылмыстың қоғамға қауіптілігі туралы мәселені шешу қылмыстың қандай маңызы бар объектіге қол сұғуына немесе қол сұғуға бағытталуына, яғни объективті келтірілген, немесе келтірілетін зиянның мөлшеріне байланысты.

Қоғамдық қауіптілік қоғамға зиян іс-қимылды білдіреді. Ал басқаша айтқанда қоғамдық қауіптілік іс-қимылы қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиянды қауіпін жасайды, келтіреді. Ал қылмыс зиян келтіретін қоғамдық қатынастардың тізімі ҚР К-дегі 2, 9 - баптарда көрсетілген.

Бұл қоғамдық қауіптілік көптеген елдер әдебиетінде талқыланған, солардың ішінде жалпы қылмыс түсінігінің қоғамдық қауіптілік белгісі, оның мәні мен мағынасы поляк әдебиетінде де талқыланады. Польша КІЖК-нің 49-бабына маңызы аз іс-қимыл түсінігін енгізгеннен кейін, қоғамдық-қауіптілік қателік пен барлық қылмыстық құқықтағы қиыншылық панацеясын айналдырылған деген көзқарастар айтылады.

Өсек, жала, қорлау, сабау, зорлау сияқты ерекше процессуалдық ретпен қозғалатын қылмыстық істердің қылмыс категорияларында қоғамдық қауіпті іс-қимыл оның объективті мәнін өзгертпейді.

Н. Ф. Кузнецов өз кітабында: „Барлық қауіптілік зияннан басталуын көрсетеді, сондақтан қылмыстың аяқталуын қоғамдық қауіпті дұрысырақ, қоғамдық зиян деп айтсақ болады, ” - деп жазды. /Н. Ф. Кузнецов. „Преступление и преступность”. 618 с. /.

Н. Кузнецов ҚК-не қылмыстық сипаттамасын көрсету үшін „қоғамдық зиянның іс-қимылын қолдану қажет”, - деді.

Барлық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі болады. Олар қоғамдық қауіптілік сипаттамасымен, дәрежесімен ерекшеленеді, яғни осыған байланысты әр түрлі зардап дәрежесі болады. Ол көбінесе қылмыс түрлеріне бөлген кезде заң шығарушымен есепке алынады.

Қоғамдық қауіптіліктің сипаты - қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты оның сапасын, ал дәрежесі қоғамға қауіпті қылмыстың санын жинақтайды.

Барлық құрам элементтері - объект және субъект, олардың өздерінің мазмұны - қоғамдық қауіптілік сипаты. Олардың барлығы бірігіп тиісті қылмыстардың мазмұны мен сипатын құрайды. Қылмыс объектілерінің мазмұнын қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар мазмұнын құрайды. Объектілердің мазмұны қоғамдық қауіпті қылмыстың сипатын анықтауда маңызды роль атқарады. Объектіде байланысты олар шамалы емес, ауыр, өте ауыр болып бөлінеді.

Қылмыс қауіптілігінің сипатын анықтау үшін, объектіге қарау қажет. Міне осы жерден бандитизм өзінің қоғамдық қауіптілік сипатымен, әскерге қызмет етуде бас тартудан, бұзақылық заңсыз емделушілікпен шұғыл түрде бөлінеді.

Қауіптілік зиянның сипатына байланысты материалдық, моральдық зиян келтіретін қылмысты бөлуге болады. Және де олардың біркелкі сипаты анықталады.

Қоғамдық қауіптілік қоғамдық қылмыстың сипатына - күштеу тәсілі, ауырлату белгісі, құралы бұлардың барлығы әсер етеді.

Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатының басты маңызды белгісі болып, кінә формасы қасақана немесе абайсызда және қылмысты іс-әрекеттің мазмұнының себебі және мақсаты болып табылады.

Бір объектіге жасалынған қылмыс өзінің сипатымен бөліне алады, яғни кінә формасының бөлінуіне байланысты, мысалы, қасақана өлтіру, абайсызда жасалынған қылмыстан басқа сипатқа ие болады. Сондықтан да заң шығарушы оларға жауаптылықты әр апта әр түрлі қарайды.

Себеп және мақсат мазмұны қылмыстың қоғамдық қауіпті қылмыс сипатына әсер етеді. Ол қылмыстарды спецификалық туыстық сипаты бойынша бөлуге мүмкіндік туғызады.

Практикада бандитизмдік пен шабуыл жасап тонау қылмыстары қылмыстық қауіптілік сипаты бойынша бір текті болып есептеледі. Қоғамдық қауіптілік қылмыс сипатына аз да болса, субъект мазмұны әсер етеді /ол жалпы немесе арнаулы, жай қылмыскер болмаса, ерекше қауіпті рецидивист/.

Қоғамдық қауіптілік сипаты - қылмыс топтары үшін және ерекше қауіпті рецидивистерді анықтау үшін үлкен мағынасы бар.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бұл қылмыстың материалдық белгісінің сандық жағы. Барлық қылмыстың іс-әрекетін сапалық белгілерімен қатар сандық жағы бар.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі негізінен залал дәрежесінің қауіптілігіне, оның көлеміне байланысты жасалынған қылмыс тәсілі, орны, уақыты, сипаты бойынша болғанымен, қоғамдық қауіпті қылмыстың дәрежесі бойынша әр түрлі болып келеді. Күштеу тәсілі әр түрлі күштеу дәрежесінде болады.

Кінә және оның формаларының дәрежесі болады. Қоғамдық қауіпті қылмыс дәрежесі бойынша заң шығарушымен, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға бөлінеді. Бұл типтік қоғамдық қауіптілік дәрежесі. Оны заң шығарушының өзі топтап, түрлі жеңілдіктерді, қылмыс белгілерін көрсетіп оны анықтайды.

Қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі сотта нақты жаза және жазаны қоғамдық ықпал, әсер етуі мен ауыстыру сұрағын шешуде маңызды роль атқарады. Қылмыстық қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесін анықтауда, жазаны дараландыру үшін және кінәліні жұртшылыққа қайта тәрбиелеуге беруді шешу үшін екі топтағы жағдай есепке алынуы қажет: барлық қылмыстық іс-әрекеттің субъективті және объективті белгілерінің қоғамдық қауіптілігінің нақты дәрежесі бір жағынан және жеңілдететін ауырлататын Қылмыстық Кодексте көрсетілген 53-54 баптағы жағдайлар екінші жағынан.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 52-бабына сәйкес істелген сипатын және қоғамға қауіптілік сипатын, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететінін және ауырлататынын мән-жайларды есепке алады.

„Жаза дегеніміз - істелген қылмыстың сазайын тарттыру ғана емес, оның мақсаты сотталған адамдарды түзеу, әлеуметтік-әділеттік ниет орнату болып табылады және еңбекке адалдықпен қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау, сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстырады істеуден сақтандыру болып табылады”, - делінген ҚРҚК-нің 38-бабында.

Қылмыстың екінші қасиеті - ол қылмыстың кінәлі істелуі болып табылады. Қылмыстың тағы бір белгісі - ол қылмыстың заңда көрсетілуі, әрекеттің заңға қайшы екенін, яғни қылмыстық заңмен қылмыс ретінде қаралуын білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың түсінігі туралы ұғым
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстың объект
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Кінә нысандары
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Қылмысты жасауға дайындалу және оқталу үшін қылмыстық жауаптылық және жазаланушылықтың негіздері
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz