Қорқытып алушылық қылмысының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қолжазба құқығында

Абайбекова Қаламқас

«Қорқытып алушылық қылмысының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері»

Мамандығы 6N0301

Құқықтану магистрі академиялық дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: з. ғ. к., доцент Ә. Бахаутдинов.

қолы

Түркістан 2010 ж.

МАЗМҰНЫ

Анықтамалар . . . 2

Кіріспе . . . 3

I тарау. Қылмыстық құқықтағы қорқытудың қылмыстық - құқықтық және криминологиялық сипаттамасы

1. 1 Қорқытудың объектісі . . . 11

1. 2 Қорқытудың объективтік жағы…… . . . 18

1. 3. Қорқытудың субъектісі және бұзақылық жасаған тұлғаның жеке басының сипаттамасы . . . 30

1. 4 Қорқытудың субъективтік жағы . . . 34

II тарау. Қорқыту үшін жазаны тағайындау және саралаудағы мәселер

2. 1 Қорқытуды саралаудағы даулы мәселелер . . . 40

ІІІ тарау. Қорқыту қылмысының криминалистикалық сипаттамасы

3. 1Қорқыту арқылы кісі өлтіру қылмысын тергеудегі арнайы білімдерді пайдаланудың нысандары . . . 44

3. 2 Қорқыту арқылы кісі өлтіру қылмысын сoт сараптамасы арнайы білімдерді пайдаланудың негізгі нысаны ретінде… . . . 52

3. 3 Қорқыту арқылы кісі өлтіру қылмысының сот-психиатриялық сараптама түсінігі . . . 58

3. 4 Қорқыту арқылы кісі өлтіру қылмыстарын тергеуде сот сараптамасын

тағайындау және жүргізу . . . 60

3. 5 Қорқыту арқылы кісі өлтіру қылмысында арнайы білімі бар тұлғалардың білімдерін басқа нысандарда пайдалануға байланысты заңнаманы жетілдірудің проблемалары . . . 65

Қорытынды . . . 72

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Қосымша . . . 79

Анықтамалар

Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың маңызды көрінісі әрі қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретіндегі қоғам үшін қауіпті іс - әрекеттерді жасауға салынған тыйымдар мен оларды бұзғаны үшін жауаптылықты белгілейтін нормалардың жүйесі.

Қылмыс - жазалау қатерімен тыйым салынған, қылмыстық заңда көзделген айыпты қоғамға қауіпті іс - әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) .

Қылмыстылық - бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір мемлекетте жасалған қылмыстардың жүйесін білдіретін тарихи өзгермелі әлеуметтік және қылмыстық - құқықтық құбылыс.

Қылмыстық жауаптылық - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс - әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптаушылығы.

Қылмыс құрамы - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығы.

Қылмысты саралау - қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс - әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдегі тиісті баптарға дәлме - дәл жатқызып, құқықтық баға беру.

Қылмыс объектісі - қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы.

Қылмыстың объективтік жағы - қылмысты істеген адамның мінез - құлқының сыртқы көрінісі.

Қылмыс субъектісі - қоғамға қауіпті іс - әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам.

Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі жағын, яғни кінәлінің өз іс - әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты психикалық қатынасын, сондай - ақ қылмысқа итермелеген ішкі сезімін білдіретін қылмыс құрамының бір элементі.

Қылмыс санаттары - қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы - қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бөлігінде екі немесе одан көп әрекетті жасау және олар үшін қылмыстық жауаптылықты өтемеген болуы.

Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.

Қасақана жасалған қылмыс - тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет.

Тікелей ниетпен жасалған қылмыс - егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе.

Жанама ниетпен жасалған қылмыс - егер адам іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардартардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса.

Абайсызда жасалған қылмыс - менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет.

Менмендікмен жасалған әрекет - егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе.

Немқұрайдылықпен жасалған қылмыс - егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе.

Қылмыстық ниет - белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат - адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі нәтижеге жеуі.

Қате - адамның істелетін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне байланысты факт немесе заң туралы мән - жайлары жөніндегі теріс түсінігі.

Заң туралы қате - адамның іс - әрекетінің қылмыс қатарына жататыны немесе жатпайтыны, оның саралануы, осы іс - әрекеті үшін тағайындалатын жазаның түрі, мөлшері жөніндегі теріс ұғым.

Фактілі қате - адамның қылмыс құрамының объектісі және объективті жағының белгілері, яғни нақты жағдайлар жөніндегі теріс ұғыну.

Жазықсыз зиян келтіру - егер іс - әрекет жасаған адамның іс -әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал Қылмыстық заңда абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейтін әрекет.

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі болып - қорқыту адам өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардың ең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі денсаулыққа қарсы қылмыстардың ең қауіптісі болып саналады. Еліміз дүние жүзінде дамыған 50 мемлекеттің қатарына өту үрдісінде. Осыған орай, қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға шамалы қауіпті емес іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру және қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану мәселелерін зерттеу-көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Қылмыстық заңда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Демек, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа тартылады.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінде әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады[1] . Ол үшін, қылмыстық заң, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын және оларды жасаған кінәлі тұлғаларға жазаның түрін белгілейді. Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың арқасында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар, ұйымдасқан топ пен қылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстары әшкерелініп, ауыздықталуда. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Ұзақ жылдар бойы орын алған кеңестік әміршілдік-әкімшілдік тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде қылмыстылық өршігенін негізгі себеп дей тұрсақта, өрескел мінез-құлықтарды насихаттайтын әдебиеттердің, шет ел фильмдерінің ықпалынан туындайтын қорқыту, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, кей кезде басқа, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті қылмыс екенін және оның жылдар бойы қоғамнан қалмай келе жатқан дерт екенін мойындау керек.

Сондықтан, қорқыту арқылы қылмыс жасаған адамдарға істеген іс-әрекеттерін дұрыс саралап, қылмыстық жауаптылықты заңға сәйкес белгілеу, осы қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.

ҚР ҚК-тің 112-бабына сәйкес қорқыту деп, өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқытуды айтамыз [3, 4] .

Бұл қылмыстың түрінде, адамгершіліктің жалпы қабылдаған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару, азаматтарға қатысты құрметтемеушілік, анархизм, эгоизм, қатыгездік т. б. с. с. адамның денсаулығына қарсы әрекеттер анық көрініс табады. Сот тәжірибесі көрсеткендей, қорқыту үшін сотталғандардың 80 % әрекеттерінде азаматтарға күш қолданумен, бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе жою сияқты әрекеттер көрініс табады. Сонымен қатар, қорқыту, көбінесе өзге ауыр қылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады. Ол негізінен, әрбір бесінші жасалған қасақана адам өлтіру қылмысының себебі болады.

Статистикаға сәйкес, Қазақстан Республика бойынша: 2004 жылы 10088, 2005 жылы 10611, 2006 жылы 9088, 2007 жылы 7494, 2008 жылдың соңғы тоғыз айында1012 қорқыту қылмыстары жасалған болатын. Соның ішінде, 2007 жылы ҚР ҚК-тің 112-бабы бойынша 347 адам сотталған[5] .

Сондықтан да, қылмыстың бұл түрімен күресу, құқық қорғау органдарының басты міндеті болып келеді. Осыдан, адамның өміріне және денсаулығына қылмыстық-құқықтық қорғауға арналған теориялық мәселелерді дайындаудың өзектілігі және маңыздылығын көреміз. Бұл қылмыстың мәнін дұрыс түсіну, қорқыту әрекеттерді саралауда, басқа қылмыс түрлерінен шектеуде және онымен күресуде маңызы өте зор. Негізінен қылмыстың бұл түрі құрамдас болып келгендіктен, ғалымдар арасында бұл қылмыстың белгілері және заңи конструкциясы жөнінде көптеген дискуссиялар болып жатыр.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, осы қылмыстарды саралауда, қорқытуды басқа қылмыстардан дұрыс шектеуде, елеулі қиындықтарға байланысты қателіктер аз жіберілмейді. Соның кесірінен, азаматтардың Конституцияда көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады. Қорқыту қылмысының құрамына талдау жасағанда, әсіресе, қылмыстың объектісі мен объективтік жағы қиындыққа әкеліп соғады. Сонымен қатар, қылмыстың субъективтік жағын анықтаудың да маңызы өте зор. Қылмыстық теорияда, қорқыту жанама ниетпен жасалуы мүмкіндігі туралы пікірлер аз емес.

Құқық қорғау органдарының тәжіриебесінде, қорқытумен күресуде көптеген қиындықтар аз емес, сондықтан да, осы қылмысты талдау түрде, диссертация деңгейінде, қарастыру керектігі туындайды. Кейбiр судьялар қорқытуды ұсақ жөнiндегi iстердi қарай отырып, жасалған әрекетке құқылық тұрғыдан баға беруде қателiктер жiбередi, осының салдарынан қылмысы тұрғысынан жазаланатын қорқытуды немесе басқа қылмыстарды жасаған адамдар, әкiмшілік жауапкершілiкке тартылады. Көпшілік жағдайында қорқытудың нақты түрлерінің жасалатынына қарамастан, соттар бұл жағдайды айыпкердiң жауапкершiлігін ауырлататын жәйт деп есептеу мәселелерiн әр кезде талқылай бермейдi. Соттардың осы санаттағы iстердi қарау кезiнде қылмыстың жасалуына жағдай тудырған себептер мен жағдайларды және тиiстi шаралар қабылдауды талап ету жөнiндегi өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындамайды[6] .

Диссертациялық жұмыстың зерттелу мақсаты мен міндеті - Ұсынылатын жұмыстың мақсаты, қорқыту үшін жауаптылықтың ерекшеліктерін көрсетіп, ондағы болатын теориялық және тәжірибиелік мәселелерді шешу және соның негізінде, Қылмыстық заңды тиімді қолдануы үшін белгілі бір ұсыныстар беру болып табылады, сонымен қатар, қорқытуды саралау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау.

Ал міндеті болып, жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін, қорқытудың пайда болу тарихын зерттеу, қорқытудың құрамын анықтау, ҚР ҚК-тің 112-бабында көрсетілген қорқыту құрамынының белгілеріне, әр бөлігіне талдау жасау, заңда көрсетілген қорқытудың заңи мәніне талдау жасау, соттардың қорқыту үшін жауаптылықты тағайындау кезінде, басшылыққа алынатын мән-жайларды анықтау, қорқыту саралауда пайда болатын мәселелерді зерттеу, қорқыту үшін жаза тағайындауда соттар тәжірибиесінің ерекшеліктерін зерттеу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды [2] . Сонымен қатар Президент өзінің мазмұнды баяндамасында «еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады», -деді. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында қоғамды ғана емес, сонымен бірге қолданылып келген заңдарды да заман талабына сәйкестендіру және үлгілі құқық жүйесін дүниеге келтіру үшін құқықтық реформаларды 1990 жылдардың аяқ кездерінен бастап кетті және бұл қызмет әлі күнге дейін жалғасуда. Құқықтық реформаның нәтижелері қылмыстық құқыққа да қатысты болып, реформаны белгілі бір қағидаларға сай жүргізу үшін мемлекеттік құқықтық саясат анықталды. Осыған байланысты елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, қылмысты дұрыс саралау үшін құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің жарлықтары мен қаулылары шықты. Атап айтар болсақ: Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» 2007 жылы 11 мамырда №1 нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Қажетті қорғану жөніндегі заңдарды қолдану туралы» 2007 жылы 11 мамырда № 2 нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Зорлау және өзге де нәсіпқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2007 жылы 11 мамырда №4 нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» 2006 жылы 26 желтоқсандағы №11 нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылы 23 маусымдағы №6 нормативтік қаулысы, «Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы» 1994 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, «Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, «Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» арнайы заңдық күші бар бірнеше заңдар қабылданылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы - Қорқыту қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамасы тұңғыш рет магистрлік деңгейде және ана тілімізде зерттелуінде. Қазақ ССР- інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде қорқытудың заңдылық анықтамасы берілмеген еді[2] . Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қорқытудың заңдылық түсінігі берілген. Яғни, өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту - Қылмыстық кодекстің 112-бабында көрсетілген[3] .

  1. Қорқыту құрамының қылмыстық құқықтың сипаттамасын анықтау;
  2. Қорқыту қылмысын аса қауiптi әлеуметтiк құбылыс ретiнде басқа ғылым салаларының әдiстемесiн қолдана отырып, алдын алу шараларын жетiлдiруге қатысты ой-пiкiрлер бiлдiру;
  3. Жалпы өмірге қарсы қылмыстарға күрестегi әлемдiк тәжiрибеге көңiл аудару және т. б.
  4. Қорқыту қылмыстарының негізгі себептері мен жағдайларын анықтау;
  5. Қорқыту қылмыстарын жасаушы тұлғалардың әлеуметтік және биологиялық белгілерін анықтау;
  6. Қорқыту қылмыстарын жасаушы тұлғалардың әлеуметтік демографиялық, әлеуметтік адамгершілік, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік құқықтық белгілерін анықтау.
  7. Қылмыстық заң мен Жоғарғы соттың қаулыларында қорқыту қылмысын саралаудағы олқылықтар мен кемшіліктерді жою жолдарын іздестіру және сол тараптағы ұсыныстарды енгізу;

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі . Жалпы адамның өміріне қарсы қылмыстар мәселелері Кеңес Одағының түрлі қоғамдық даму сатыларынан өту кезеңдерінде зерттеліп, ғылыми жұмыстар нысанасы болып келеді. Осы мәселені зерттеп, жетілдіруге іргелі ғылыми еңбектер арнағандар қатарында: В. Н. Кудрявцев, А. И. Рарог, В. А. Никонов, Л. Д. Гаухман, Г. А. Левицкий Б. А. Куринов, А. В. Наумов пен А. С. Новиченко, Г. А. Тарарухин, О. Ф. Шишов, Т. Г. Черненко, Н. М. Свидлов, А. Н. Трайнин, М. Д. Шаргородский, Ф. Г. Бурчак, және тағы да басқа ғалымдарды атауға болады. Бұл ғалымдардың ғылыми еңбектерінде Кеңес дәуірінің қылмыстық құқықтық заңдылықтарын жетілдіруге көбірек көңіл бөлінді.

Қазақ КСР - і және Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан ғалымдар У. С. Жекебаев, Р. Т. Нұртаев, Ғ. Ы. Баймурзин, З. О. Ашитов, А. Н. Ағыбаев, Е. І. Қайыржанов, Қ. Ж. Балтабаев, Н. О. Дулатбеков, Б. М. Жүнісов, Р. Б. Құлжақаева, М. С. Нәрікбаев, Б. М. Нұрғалиев, М. О. Нукенов, Е. А. Оңғарбаев, Р. О. Орымбаев, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Д. С. Чукмаитов, И. Ш. Борчашвили және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін айтуға болады.

Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және тәжірибелік маңызы зор екендігі күмәнсіз. Бұларда берілген шешімдер мен бағыттар, қоғам үшін қауіпті құбылыс болып табылатын қорқыту қылмыстарының қылмыстық - құқықтық тұрғыдан күресті дұрыс, әрі ұтымды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл зерттеушілердің еңбектерін талдай келе қорқытудың субъективтік жағынан саралаудың түсінігі, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, абайсыздық және оның түрлері, қылмыс субъектісінің саралану маңызы, қылмысқа қатысушылардың субъективтік жағының саралануының мәселелері, басқа да саралауға қатысты ережелер де даулы екендігін кездестіруге болады. Біз зерттеуімізде қорқыту қылмысының даулы мәселелерінің бірі ретінде танылатын кінәнің нысандары, қатенің саралауда маңызы және оны жекеше қолдануға қатысты мәселелерін қарастыруға және тәжірибе қызметі үшін сапалы, әрі тиімді шешімдер жасауға тырыстық.

Сонымен қатар диссертациялық зерттеу жұмысы бүгінгі күннің талабына, республикадағы демократиялық өзгерістерге және елдегі криминологиялық жағдайға жауап бере алатын жалпы құқықтың жалпыға танымал нормаларының негізгі идеяларына, қылмыстық іс жүргізу заңдарының жалпы ережелері мен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында бекітілген қағидаларына сай орындалған.

Диссертациялық жұмыстың объектісі мен пәні

Объектісі болып - қылмыстық заңмен қорғалатын адам өмірі және денсаулығы табылады, ал пәні болып - қорқытқаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін - қылмыстық заң табылады.

Зерттеудің затын Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының нормаларының мазмұны мен оларды қолданудың тиімділігін қорқыту қылмысын саралауды дұрыс айқындап, құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруді құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негізін қылмыстық құқықтың жалпы теориялық тұжырымдары, нақты шындықты танудың жалпы негізгі ретіндегі диалектикалық және қисындық заңдылықтар құрайды. Диссертацияны жазу кезінде осы мәселені зерттеген ғалымдардың пікірлерін салыстыру, тарихи, логикалық талдау, сондай - ақ нақты әлеуметтік, эксперттік бағалау әдістері кеңінен қолданылады. Бұл өз кезіндегі құқықтық құбылыстардың мазмұны мен мағынасын ашатын заңдылықтарды кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді және ресми құқық қолданушы орнандардың қылмысты саралануы кезінде қателіктерді болдырмауға ықпал етеді.

Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақ КСР-нің Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасы ның қылмыстық кодексі және қылмыстық істер жүргізу кодексі мен өзге де заңдары, Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулылары құрайды.

Зерттеудің теориялық негізін осы тақырыпқа тікелей қатысты жазылған монографиялық еңбектермен оқулық әдебиеттер құрайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысына дайындық жасау және жұмысты орындау барысында психология, әлеуметтану және қылмыстық - атқару, қылмыстық іс жүргізу салалық құқық ғылымдары бойынша жазылған еңбектерде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда пайдакүнемдік - зорлық қылмыс жасаудың детерминанттары
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Қарақшылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Қарақшылық бөтеннің мүлкін ұрлаудың ерекше түрі
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz