Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Тарих және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

(ЖАЛПЫ БӨЛІМ)

«Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған

оқу құралы

1 бөлім

Павлодар

Кереку

2012

ӘОЖ 347. 1 (574) (075)

КБЖ 67. 404 (5Каз) я 73

К18

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің отырысында баспаға ұсынылды

Пікірсарапшылар

Жунусов Н. Ж. - заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Павлодар облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары;

Жетписов С. К. - Юриспруденция кафедрасының меңгерушісі Инновациялық Еуразия университеті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;

Ахмеджанова Г. Б. - заң ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі.

Құрастырушы: Карибаева Ж. К.

К18 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) : «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. 1 бөлім / құраст. Карибаева Ж. К. - Павлодар : Кереку, 2012. - 67 б.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) » атты оқу құралында осы курсты оқуға қажетті теориялық негіздер беріледі. Оқу құралының мазмұны азаматтық құқықтық қатынасты реттеуші нормативтік құқықтық актілерге негізделген. Оқу құралының негізгі мақсаты - оқырманға азматтық-құқықтық қатынас саласында азаматтың құқықтарымен танысуда көмек беру. Студенттерге, оқытушыларға, гимназия мен лицей оқушыларына арналған.

ӘОЖ 347. 1 (574) (075)

КБЖ 67. 404 (5Каз) я 73

© Карибаева Ж. К., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушы жауапты

Кіріспе

Азаматық құқық Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді. Азаматтық қоғам дегенде биліктің және басқарудың мемлекеттік институттарымен бірге өз қызығушылығымен және қоғамның қызығушылықтарымен қызметтің әр алуан түрлерін жүзеге асыратын әлеуметтік және экономикалық жағынан тәуелсіз субъектілерілердің жиынтығы түсініледі. Мемлекеттің азаматтық қоғамның қатысушыларының өмірі мен қызметі саласына араласуға құқығы жоқ, тек заң шеңберінде ғана өз қызметтерін атқарады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі әр түрлі қажеттіліктерді (экономикалық, мәдени, рухани және т. б. ) қанағаттандыруды қажет етеді. Осы мақсатта олар мүлікті иесіздендіреді және бір-біріне әр түрлі қызмет көрсете отырып мүлікке ие болады, мемлекет мүліктік және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, азаматтық заңнамада айналым қатысушыларының құқықтық жағдайларын нығайтады, мүлікті меншікке айналдыру мүмкіндігін, ақша-тауар қатынастарына қатысу мүмкіндігін береді.

Осылардың барлығы да азаматтық құқық курсы бойынша оқу құралын дайындау қажеттілігін тудырды, бұл еңбекте оқу бағдарламасының негізгі мәселелері және заңнаманың осы саладағы жаңа шарттары қарастырылады. «ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) » атты осы оқу құралы жоғары оқу орындарының азаматтық құқық курсын оқитын «Юриспруденция» мамандығының студенттеріне арналған.

Оқу құралының мақсаты - азаматтық құқықтың негізгі теориялық білімдерін меңгеруде, іс жүзіндегі заңдарға бағдарлана білуде студенттерге көмек беру. Мемлекет, азаматтық құқықтық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастың ерекше маңыздылығын мойындай отырып, оларға құқықтық реттеу жолымен нормативті әсер етеді. Сондықтан қоғамдық қатынас құрылымы, мәні бойынша, азаматтық құқық құрылымын құқық жүйесі ретінде қарастырады. Тек бір ғана құқықтық норманы қолдану жолымен ғана қоғамдық қатынастың реттілігіне қол жеткізу мүмкін емес, осыған байланысты кезеңдік әсер ету мақсатында мемлекет бірқатар нормалар кешенін қабылдайды, онда азаматтық-құқықтық салада қоғамдық қатынастың біртекті нақты бір ортасын реттей отырып, әр түрлі деңгейдегі қатысты өзіндік құқықтық білімге біріктіріледі.

1 Азаматтық құқық түсінігі

Юриспруденцияда азаматтық құқық түсінігі үш мағынада беріледі:

а) құқық саласы ретінде - бұл құқықтық нормалар жүйесі, ол мүліктік, сонымен қатар онымен байланысты және кейбір байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді, ол қоғамдағы экономикалық қатынастың дұрыс дамуы үшін және жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін неғұрлым жақсы жағдай жасау мақсатында екі жақтың тәуелсіздігіне, мүліктік дербестігіне және заңды теңдіктеріне негізделеді;

ә) ғылым ретінде - азаматтық құқық бұл - ғылыми көзқарастар, идеялар, азаматтық-құқықтық құбылыстар, олардың байланысы мен дамуы туралы білімдер жүйесі. Азаматтық құқық ғылымы (азаматтық құқық ғылымының пәні) мыналарды зерттейді:

- азаматтық-құқықтық нормаларды;

- азаматтық құқықтық қатынастар мен азаматтық-құқықтық нормалардың қолданылуын;

- азаматтық құқықтың құқық пен ғылымның салалары ретінде дамуының тарихы мен тенденцияларын;

б) оқу пәні ретінде - азаматтық құқық ғылымының негізінде азаматтық құқық оқу курсы құрылды, оның міндеті - азаматтық құқықтың оқу орындарында құқықтың және құқықтық ғылымның саласы ретінде оқытылуы.

1. 2 Азаматтық құқық пәні

Азаматтық құқық пәні бұл - өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:

Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.

Жеке мүліктік емес қатынастар - адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

1. 3 Азаматтық құқық әдістері

Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері бұл - қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.

Азаматтық-құқықтық әдісі жалпыға бірдей болады, оған әсер етудің императивті әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен қатар мынадай ерекше қабілеттері болады:

1) заңды теңдік;

2) екі жақтың еркіндік автономиясы;

3) екі жақтың мүліктік дербестігі; .

4) азаматтық құқықты қорғау;

5) азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты.

1. 4 Азаматтық құқық принциптері

Азаматтық құқық принциптері бұл - құқықтық актілерде бекітілген жалпыға міндетті ережелер, идеялар, бастамалар, олар барлық азаматтық құқықтан өтеді, қоғамның даму тенденциялары мен қажеттіліктерін көрсетеді және азаматтық құқықты тұтастай сипаттайды. ҚР АК 2 бабында аталған азаматтық құқықтың мына принциптерін атап өтеміз:

- азаматтық құқық қатынасы қатысушыларының теңдік принципі;

- жеке істерге өздігінен араласуға шектеу қою принципі - бұл принцип негізінен көпшілік билігінің әрекетінен қорғануға бейімделген;

- келісім еркіндігі: тұлға серіктесті келісім бойынша өздігінен таңдайды, екі жақ келісімшартқа отырған кезде және оның шарттарын анықтаған кезде еркін болады;

- азаматтық құқықтың, оның қалпына келуі мен қорғалуының еш мүлтіксіз жүзеге асуы принципі;

- тауардың, қызмет көрсетудің және еңбектің ҚР барлық аумақтарында еркін қозғалысы мен айналымы принципі.

1. 5 Азаматтық құқық жүйесі

Азаматтық құқық бұл - құқықтық нормалар жүйесі, бұл олардың тек бірлігін ғана емес, қосалқы сала мен институттарға жіктелуін, сарапталуын да ұсынады. Жеке қосалқы салалар мен институттың бөлінуі оларды құраушы нормалардың бір негіздегі біршама байланыстылығына негізделеді.

Азаматтық құқық жүйесі былайша бөлінеді:

- жалпы бөлімі, оның нормалары азаматтық құқықтың барлық қалған бөліктері үшін біріктіруші бастама болып табылады (мысалы, заңды және жеке тұлғалары туралы, азаматтық құқық нысандары туралы, меншіктік құқық туралы, келісімдер туралы, тағы да басқа нормалар) ;

- ерекше бөлімі, мына салалардағы қатынастарды реттейді: міндеттеменің жеке түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жекеше құқық және т. б.

Сонымен, азаматтық құқық жүйесі бұл - бөлімдердің, институттардың және нормалардың ішкі логикалық байланыс пен тәуелділіктегі жиынтығы.

1. 6 Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің жүйесі

Азаматтық құқықтың қайнар көздері бұл - азаматтық-құқықтық нормалардың көріну формалары.

Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

а) Заңнама актілері, заңға тәуелді актілер;

б) Халықаралық келісімдер;

в) Іскери айналым әдеттері;

г) ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары.

Заңнама актілері мен заңға тәуелді актілер заңдылықтың кең түсінігіне енеді. Нормативтік-құқықтық актілердің орналасуы оның заңды күші бойынша (иерархия) кең тәжірибелік маңызға ие. Нормативтік-құқықтық актілер арасында қарама-қайшылық болған жағдайда иерархия көмекке келеді. Иерархияның жоғары сатысында тұрған актілерді басшылыққа алу қажет, ал егер актілер бір сатыда тұратын болса мерзімі бойынша кешірек қабылданғаны қолданылады (ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы) .

Азаматтық заңдылықтың барлық массасының ішінен ерекше атап өтетін негіз құраушы заңдылық акті - ҚР Азаматтық кодексі (одан әрі ҚР АК) . ҚР АК жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған болатын, ал 1995 жылдың 1 наурызынан бастап жүзеге асырыла бастады. ҚР АК ерекше бөлімі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданып, 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылды.

Дегенмен нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясынан тыс өзінің ерекшеліктеріне байланысты халықаралық актілер мен ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулылары тұрады. Қазақстан мойындаған халықаралық құқық нормалары бойынша ҚР қатысушысы болатын барлық халықаралық келісімшарттар (конвенциялар) қазақстан заңнамасының алдында басымдылыққа ие. Бұл халықаралық келісімшарт пен қазақстан заңнамасының актілері арасында қарама-қайшылық болған жағдайда халықаралық келісімшарттың нормалары қолданылуы қажет дегенді білдіреді. Осылайша, халықаралық келісімшарт дегенде ҚР бекітілген (ҚР Конституциясының 3 бабының 4 тармағы) мемлекеттер арасындағы келісімшартты түсінеміз.

ҚР Жоғары сотының Нормативтік қаулылары түсіндіру сипатында болады және оларды түсіндіру акті деп те санауға болады. Себебі олар азаматтық заңнаманың қолданылу тәжірибесін тек сараптап қана қояды, жаңа нормалар енгізбейді.

ҚР АК 3 бабы іскери айналым әдеттерін заңнамаға немесе келісімге қайшылық келтірмеген жағдайда қолдануға рұқсат береді. Бұл жерде әдет - сол жергілікті жерде, сол этникалық (әлеуметтік) топта, қатынастың нақты бір саласында қалыптасқан мінез-құлық ережесі. Іскери айналым әдеттері, яғни ережелері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасады.

2 Азаматтық құқық қатынасы түсінігі және азаматтық құқық қатынасының ерекшеліктері

Азаматтық құқық қатынасы бұл - азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.

Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:

- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;

- азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл - келісім, мәмілелер;

- құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;

- азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.

Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады.

2. 1 Азаматтық құқық қатынасының құрылымы

Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:

1) құқықтық қатынас субъектілері;

2) құқықтық қатынас нысандары;

3) құқықтық қатынас мазмұны.

Құқықтық қатынас субъектілері бұл - азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:

- жеке тұлғалар;

- заңды тұлғалар;

- мемлекет;

- әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы) .

Құқықтық қатынас нысандары бұл - игілік (материалдық немесе бейматериалдық), оған байланысты құқықтық қатынас туады және оған байланысты құқықтық қатынас қатысушылары құқықтар мен міндеттемелерге ие. Адамдар арасындағы өзара әрекет нәтижесінде бекітілетін қоғамдық байланыс тәрізді аазматтық құқықтық қатынастар тек қана адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар нысаны ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы қаралады.

Құқықтық қатынас мазмұны бұл - азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективті азаматтық құқықтары мен міндеттемелері. Субъективті құқықтар мен міндеттемелер өзара байланысты болып келеді және әрбір жеке адамның субъективті құқығына екінші бір адамның нақты бір субъективті міндеттемесі сәйкес келеді.

Субъективтік құқық дегеніміз - құқықтық нормалармен қарастырылған құқықты болған тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлық шаралары.

Субъективтік міндеттеме дегеніміз - құқықтық нормалармен бекітілген міндетті тұлғаның қажетті мінез-құлық шаралары.

2. 2 Азаматтық құқық қатынасының түрлері

2. 2. 1 Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаны абсолюттік және қатыстық құқықтық қатынас деп бөледі.

Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаның субъективтік құқығына міндетті тұлғалардың анықталмаған тобының міндеттері хабарланады. Осылайша, меншік иесінің өзіне тиесілі затты иемденуге, қолдануға және басқаруға құқығына басқа барлық тұлғаның оған затты қолдануына кедергі болмау міндеттемесі сәйкес келеді. Сондықтан жауапкершілік шаралары да осы жағдайда құқықты болған тұлғаның абсолюттік құқығын бұзған кез-келген тұлғаға қолданыла алады. Қатыстық құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет.

2. 2. 2 Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі.

Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т. б. ) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т. б. ) . Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т. б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т. б. ) .

2. 2. 3 Құқықты болған тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру тәсілдері бойынша заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастарға бөледі.

Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару) .

Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету.

2. 2. 4 Қатысушылардың арасындағы құқық пен міндеттемелерді бөлу бойынша жай және күрделі құқықтық қатынастар деп бөлінеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың көпшілігі күрделі болып табылады, яғни әрбір қатысушының бір мезгілде әрі құқығы, әрі міндеттемесі болады.

Қарапайым құқықтық қатынастарда бір қатысушыда тек қана құқық, ал екінші бір қатысушыда - тек қана міндеттеме болады (мысалы, қарыз келісімінде) .

2. 3 Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері

Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.

Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз - қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.

Заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастың негізінде жатқандықтан және оны орнатып, өзгертіп немесе тоқтата алатындықтан, оларды азаматтық құқықтық қорғаудың негіздемесі деп атайды.

Азаматтық заңдылықта сан алуан түрлі заңды фактілер азаматтық құқықтық қатынастардың негіздемесі ретінде қарастырылған. Бұл заңды фактілердің жалпы тізімдемесі ҚР АК 7-бабында көрсетілген.

Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т. б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т. б.

Барлық әрекеттер мен оқиғалар азаматтық-құқықтық салдарларды

тудырмайды, тек қана азаматтық құқықтың нормаларын бұл салдарлармен байланыстыратындары ғана тудыра алады.

Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынасын реттейді, олардың осы әрекетінен осы қатынастар қалыптасады, яғни заңды фактілердің негізгі массасын азаматтық құқықта адамдардың әрекеттері құрайды.

Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.

Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес.

Өзінің заңды мәніне қарай барлық заңды әрекеттер заңды істер және заңды актілер болып бөлінеді. Заңды істер дегеніміз - азаматтық -құқықтық салдарды тәуелсіз тудыратын нақты бір заңды әрекеттер.

Заңды актілер бұл - сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады.

Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Сондықтан әкімшілік актілердің көпшілігі әкімшілік құқықтық қатынастың негізі болып табылады және азаматық-құқықтық заңды фактілердің қатарына жатпайды. Сонымен қатар кейбір әкімшілік актілер тек әкімшілік қана емес, сонымен қатар азаматтық-құқықтық салдар шақыру пиғылымен де жасалынады. Осылайша, жергілікті әкімшіліктің азаматқа тұрғын үйге ордер беруі жергілікті әкімшілік пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы әкімшілік құқықтық қатынасты ғана тудырмайды, сонымен қатар азамат пен тұрғын үй ұйымдарының арасындағы тұрғын үй жалдау келісімін жасау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастарды да тудырады.

Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады. ҚР АК 147 бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқық пен міндеттемелерді бекіту, өзгерту мен тоқтатуға бағытталған әрекеті келісім болып саналады.

Осылайша, келісімдер қатарына мыналар жатады: әртүрлі келісімдер (сату-сатып алу, сыйға тарту, мердігерлік, мүлікті жалға алу, басқа жалға алу, қарыз және т. б. ), конкурс жариялау, өсиетхат және басқа да заңды әрекеттер, бұлардың барлығы да нақты бір азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатымен азаматтық құқық субъектілерімен жасалады.

Осылайша, азаматтық құқықта заңды фактілер мынадай жіктеліске ұшырауы мүмкін:

а) оқиға мен әрекет;

б) заңды және заңсыз әрекеттер;

в) заңды әрекеттер және заңды актілер;

г) әкімшілік актілер мен келісімдер.

3 Жеке тұлға түсінігі. Азаматтық құқық иелену

Азаматтық құқықтың субъектілерінің арасында АК ҚР азаматтарын және басқа да жеке тұлғаларды бөліп қарастырады, ҚР АК 2 тарауы соларға арналған. «Жеке тұлғаның» жалпы түсінігі ҚР АК 12-бабында қалыптасқан. Бұл бап жеке тұлға түсінігімен ҚР азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды біріктіреді.

Демек, азаматтық айналымдағы бағалы қатысуы үшiн жеке тұлға қабiлеттiлiктiң азаматтық құқық иеленуi қажет, яғни азаматтық құқығы мен мiндеттеріне ие болуы керек және оларды жүзеге асыруы қажет. Бұл қасиетке ие болу да индивидтi азаматтық құқықтың субъектiсіне айналдырады. «Құқық иелену» термині азаматтық заңнамада қолданбайтын болса да, азаматтық құқық иеленудiң бастаулары экономикалық тауарлық қатынастарда негiзделедi, осы көрcетiлген қасиет позитивтi құқықпен бекiтіледі. Құқық иелену ұғымы өзi заң ғылымымен жасалған және ҚР-ның Конституциясында бекiтілген. Азаматтық құқық иелену бұл - салалық құқық иеленудің түрлерінiң бiрi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот өндірісіндегі сот актілері
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Салық құқығының түсінігі, пәні
«Қазақстан Республикасының билік органдарының қызметі мен түрлері»
Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Қаржылық және бюджеттік қатынастар
Мұсылман құқығының пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz