Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны



1 лекция. Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Жоспары:
1. Қылмысты саралаудың ұғымы
2. Қылмысты саралаудың маңызы

2 лекция. Тақырыбы: Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық
құқықтағы орны
Жоспары:
1. Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
2. Қылмысты саралау сатылары

3 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы
маңызы
Жоспары:
1. Қылмыстың құрамы және оның құрылымы
2. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң
3. Қылмыстық құрамдардың белгілері

4 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы
маңызы
Жоспары:
1. Қылмыстық құрамдардың түрлері
2. Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну

5 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың обьектісі бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыстың обьектісінің түсінігі және маңызы
2. Қылмыс обьектісінің түрлері бойынша саралау
3. Қылмыстың заты бойынша саралау

6 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың обьективтік жағы бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыс құрамының обьективтік жағының түсінігі және
маңызы
2. Қылмысты іс.әрекет және саралау мәселелері
3. Қылмысты зардаптардың түрі және көлемі бойынша саралау

7 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың обьективтік жағы бойынша саралау
Жоспары:
1. Себепті байланыс және оның қылмысты саралаудағы маңызы
2. Қылмыстың обьективтік жағының қосымша белгілері
бойынша саралау

8 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың субьективтік жағы бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыстың субьективтік жағының түсінігі және қылмыстық
құқықтағы маңызы
2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау

9 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың субьективтік жағы бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыстық құрамның субьективтік жағының қосымша
белгілері бойынша саралау
2. Қате және оның түрлері бойынша саралау

10 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың субьектісі бойынша саралау
Жоспары:
1. Қылмыстың субьектісінің ұғымы, белгілері және саралаудағы
орны
2. Қылмыстарды арнайы субьектілер бойынша саралау

11 лекция. Тақырыбы: Аяқталмаған қылмыстарды саралау
Жоспары:
1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және
саралау тәртібі
2. Қылмысқа дайындалу және саралау тәртібі
3. Қылмысқа оқталу және саралау тәртібі

12 лекция. Тақырыбы: Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс.әрекеттерді
саралау
Жоспары:
1. Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және оның қылмысты
саралаудағы маңызы
2. Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары
бойынша саралау

13 лекция. Тақырыбы: Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс.әрекеттерді
саралау
Жоспары:
1. Аяқталмаған қылмысқа қатысушылық және саралау тәртібі
2. Қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша қатысушының
шектен шыққан (эксцесс) әрекеттерін және арнайы
субьектілердің қатысушылығын саралау

14 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың көптігі бойынша саралау
Жоспары:
1. Жекелеген қылмыстармен көптік қылмыстардың арақатынасы
2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау
3. Бірнеше рет жасалған қылмысты саралау
4. Қылмыстың қайталануы бойынша саралау жүргізу

15 лекция. Тақырыбы: Нормалар бәсекелестігі және саралау тәртібі
Жоспары:
1. Нормалар бәсекелестігінің түсінігі және түрлері
2. Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
3. Бүтін және бөлік нормалар бәсекелестігі және саралау тәртібі
Лекцияның мақсаты: Қылмыстық заңды практикада дұрыс, тиімді қолдану және қателіктерді азайту үшін қылмыстық құқық ғылымында қылмысты саралау мәселелерін зерттеу.
Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.
Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық кұкык нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Қылмысты квалификациялаудың түсінігі туралы оқулық әдебиеттерде бір-біріне ұқсас, бірақ өзара айырмашылығын да байқауға болатын бірнеше анықтамалар кездеседі. Мысалы, Б.А.Куринов «Қылмысты квалификациялау - бұл жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұксастықты табу болып табылады, - дейді. Ал В.Н. Кудрявцев «Қылмысты квалификациялау ретінде, қылмыстық құқық нормасымен қарастырылған қылмыс құрамының белгілерімен жасалған іс-әрекет белгілерінің арасындағы дәл сәйкесгікті табу және ресми құжаттарда бекіту алынады дейді. Осы анықтамаға ұқсас түрде қылмысты квалификациялауды Л. Д. Гаухман былай анықтайды. "Қылмысты квалификациялауды жасалған іс-әрекеттің нақты белгілері мен қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің, сонымен қатар басқа да зандармен және РФ ҚК Ерекше бөлімі бабтарының бланкеттік диспозициялары сілтеме жасайтын өзге де нормативтік құкықтық актілердің арасындағы дәл сәйкестікті табу және заң құжаттарында бекіту ретінде түсіну керек", - дейді.
Бұл анықтамаларға ұқсас анықтаманы В.А. Сергиевский және С.М.Рахметов «Квалификация-бұл жасалған іс-әрекетгің нақгы белгілерімен Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыс кұрамдарының белгілерімен дәл және толық сәйкестігін анықтау және ресми түрде бекіту дейді.
Қылмысты квалификациялаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми. Ресми квалификация-қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша міндетті түрде ҚК Ерекше бөлімінің бабтарына сілтеме жасау түрінде іске асырылады. Ресми квалификациялау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын органдардың, яғни сот, тергеу, прокуратура қызметкерлерінің шығарған сот-тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге квалификацияның бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.
Ал ғылыми квалификация-қылмыстық істер немесе қылмыстық құқык ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша квалификация жүргізу туралы ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған пікірлері болып табылады. Ғылыми квалификациялау ұғымына қылмыстық істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың жасаған квалификациялауы жатпайды. Себебі, жекелеген азаматтардың өз бетінше жасаған қылмыстық іс-әрекетке бағалауы қылмыстық құкық ғылымының дәрежесінде бола алмайды.
Бұл екі квалификациялау түрінің бір-бірінен айырмашылығы ол, біріншіден, қолданылу орнына және міндеттілігіне байланысты, яғни ресми квалификациялаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады және тек құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми квалификациялау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты квалификациялауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан-жақты зерттелген, квалификациялау тәртібі ұсынылады. Сон-дықтан ғылыми квалификацияда қателіктер аз кездеседі. Практика қызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге квалификация жүргізуінің моделі, қылмыстық кұкық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.
1. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957.
2. Герцензон А.А. Квалификация преступления. М., 1947.
3. В.Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. – М. 2001.
4. Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть, т-1/ Под ред. И.Ш.Борчашвили, С.М.Рахметова. Алматы, 1999.
5. Рогов И.И. Уголовное право Республики Казахстан. (Общая часть) /Под ред. И.И.Рогова, С.М.Рахметова. Алматы: изд. «Норма», 2005.
5. Судебная практика по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан 2000-2002.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Жоспары: 1. Қылмысты саралаудың ұғымы
2. Қылмысты саралаудың маңызы

Лекцияның мақсаты: Қылмыстық заңды практикада дұрыс, тиімді қолдану
және қателіктерді азайту үшін қылмыстық құқық ғылымында қылмысты саралау
мәселелерін зерттеу.
Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмысты квалификациялау кезінде жасалған
қауіпті іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен
қарастырылған қылмыс құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған
қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының
элементтері мен белгілері дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін,
объективтік жағын, субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын
белгілері дәл келгенде сәйкес деп танылады.
Сонымен, қылмысты квалификациялау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-
әрекеттердің белгілері мен қылмыстық кұкык нормаларымен қарастырылған
қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып
табылады.
Қылмысты квалификациялаудың түсінігі туралы оқулық әдебиеттерде бір-
біріне ұқсас, бірақ өзара айырмашылығын да байқауға болатын бірнеше
анықтамалар кездеседі. Мысалы, Б.А.Куринов Қылмысты квалификациялау - бұл
жасалған қылмыстың белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы
ұксастықты табу болып табылады, - дейді. Ал В.Н. Кудрявцев Қылмысты
квалификациялау ретінде, қылмыстық құқық нормасымен қарастырылған қылмыс
құрамының белгілерімен жасалған іс-әрекет белгілерінің арасындағы дәл
сәйкесгікті табу және ресми құжаттарда бекіту алынады дейді. Осы анықтамаға
ұқсас түрде қылмысты квалификациялауды Л. Д. Гаухман былай анықтайды.
"Қылмысты квалификациялауды жасалған іс-әрекеттің нақты белгілері мен
қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің, сонымен қатар
басқа да зандармен және РФ ҚК Ерекше бөлімі бабтарының бланкеттік
диспозициялары сілтеме жасайтын өзге де нормативтік құкықтық актілердің
арасындағы дәл сәйкестікті табу және заң құжаттарында бекіту ретінде түсіну
керек", - дейді.
Бұл анықтамаларға ұқсас анықтаманы В.А. Сергиевский және С.М.Рахметов
Квалификация-бұл жасалған іс-әрекетгің нақгы белгілерімен Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыс кұрамдарының белгілерімен
дәл және толық сәйкестігін анықтау және ресми түрде бекіту дейді.
Қылмысты квалификациялаудың екі түрі бар: ресми және ғылыми. Ресми
квалификация-қылмыстық заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және
көрінісі бойынша міндетті түрде ҚК Ерекше бөлімінің бабтарына сілтеме жасау
түрінде іске асырылады. Ресми квалификациялау қылмыстық істі жүргізу
қызметін атқаратын органдардың, яғни сот, тергеу, прокуратура
қызметкерлерінің шығарған сот-тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен
бірге квалификацияның бұл түрінің тергеуде және сотта қаралып жатқан
қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады.
Ал ғылыми квалификация-қылмыстық істер немесе қылмыстық құқык
ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша квалификация жүргізу туралы
ғалымдардың оқулықтарда немесе басқа да басылымдарда ұсынған пікірлері
болып табылады. Ғылыми квалификациялау ұғымына қылмыстық істер бойынша
жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген азаматтардың
жасаған квалификациялауы жатпайды. Себебі, жекелеген азаматтардың өз
бетінше жасаған қылмыстық іс-әрекетке бағалауы қылмыстық құкық ғылымының
дәрежесінде бола алмайды.
Бұл екі квалификациялау түрінің бір-бірінен айырмашылығы ол,
біріншіден, қолданылу орнына және міндеттілігіне байланысты, яғни ресми
квалификациялаудың қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады және тек
құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми
квалификациялау ғылыми квалификацияға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми
тұрғыда қылмысты квалификациялауда қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері
ескеріле отырып талданған, жан-жақты зерттелген, квалификациялау тәртібі
ұсынылады. Сон-дықтан ғылыми квалификацияда қателіктер аз кездеседі.
Практика қызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге квалификация жүргізуінің
моделі, қылмыстық кұкық ғылымының дұрыс шешімдерін қолдану болып табылады.

2. Қылмысты дұрыс квалификациялауда немесе қылмыстық заң нормаларын
дұрыс қолданылғанда заңдылық кағидасы сақталады. Демократиялық және
құкықтық бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін занды дұрыс, әрі дәл қолдану
Конституциялық қағида болып табылады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық
саласында занды дұрыс түсініп, дұрыс қолдана білуді міндет етеді. Мұдан
басқа, бұл қағида занда керсе-тілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде
бағаланбайтынын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс-әрекеттер тек
қылмьістық заң арқылы анықталатынын білдіреді.
Заң нормалары кейде өмір шындығына сәәйкес келмейтін немесе ескіре
бастаған түрде, сонымен қатар қылмыс деп танылған кейбір әрекеттердің
қылмыстылығына әлеуметтік тұрғыдан күмән болуыда мүмкін. Бірақ өмір сүріп
отырған қылмыстық заңның сапасыз тұстары болса да, оның жалпыға міндетті
күші болғандықтан сақталуға тиісті болып табылады. Бұл да заңдылықтың
сақталуын білдіреді. Демек, жасалған қылмысты дұрыс квалификациялау, ол
кінәлінің эрекеттеріне дүрыс баға беретін және қоғамның, жеке адамдардың
мүддесі мен құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай
талапты сақтаудың маңызы зор, себебі қылмысты іс-әрекетке дұрыс кұқықтық
бағалау бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер басқа қылмыс үшін емес,
өзі жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Нәтижесінде қылмыс жасаған
адамның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне сай келетін жауаптылықтың түрі мен
көлемі белгіленеді, себебі әр қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне
қарай қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің бабтарында жазалар келтірілген.
Қылмысқа дұрыс, әрі толық квалификация беру-жазаны дұрыс белгілеуге жағдай
жасайды және қылмыстық жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі, яғни жаза
өтеу мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға
түзеу құралдарының түлерін қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс
қолданылады.

Бақылау сұрақтары:
1. Қылмысты саралау ұғымы
1. Қылмыстық заң нормаларын практикада яғни сот-тергеу қызметінде қолдану
тәртібі
2. Қылмыстық заң нормаларын іс жүзінде қолдану немесе қылмысты іс
әрекеттерді бағалау
3. Қылмысты саралау туралы белгілі ғалымдардың пікірлері
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Қылмысты саралаудың ұғымы
2. Қылмысты саралаудың маңызы

Қажетті әдебиеттер:
1. Б.А. Куринов. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1984.
2. В.Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. – М., 2001.
3. Л.Д.Гаухман. Квалификация преступлений. М.
4. В.А.Сергиевский, С.М.Рахметов. Квалификация преступлений. – Алматы,
1999.
5. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК (1981-2003 годы),
Алматы – 2004.
6. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР., 1924-1970. М.,
1970.
4. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК (1961-2003 годы),
Алматы – 2004

2 лекция. Тақырыбы: Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық
құқықтағы орны
Жоспары: 1. Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
3. 2. Қылмысты саралау сатылары

Лекцияның мақсаты: Қылмыстық заңды практикада дұрыс, тиімді қолдану және
қателіктерді азайту үшін қылмыстық құқық ғылымында қылмысты саралау
мәселелерін зерттеу.

Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмысты квалификациялау мәселесі
қылмыстық құқықгың негізгі арналуын, яғни оның іс жүзінде қолданылу
практикасын білдіреді. Қылмыстық құқықтың бүкіл болмысы, оның Жалпы және
Ерекше бөлімдерінің құрылымы занды іс жүзінде қолдану мақсатына арналған.
Бұл мақсатқа қылмыстық құқықтың бір ғана мәселесі жатпайды. Ол қылмыс деп
танылған іс-әрекеттерді қылмыстық заңда көрсету арқылы халықтың қылмыс
жасауының алдын алу.
Қылмыстық құкық басты мақсаты ретінде қылмыс жасаған адамдардың іс-
әрекеттерін бағалап, оған жауаптылық белгілеуді кездей отыра, осы мақсатқа
жету үшін қажетті мәселелерді осы құқық саласының мазмұнында қарастырады.
Мысалы, қылмыстық жауаптылықтың негізі, қылмыстың түсінігі, қылмыстың
санаттары, аяқталған қылмыс деген тәрізді сұрақтарға жауап белгілеп, Ерекше
бөлімде әрбір қылмыс түрін жеке қарастырып, жауаптылығын бейнелейді. Демек,
қылмысты квалификациялау мен қылмыстық құқық мазмұнының көлемі, олардың
зерттейтін нысаналары бірдей емес. Қылмыстық құқық қылмыспен жазаны
құқықтық тұрғыдан талдайтын ғылым саласы. Қылмыстық құқық занды қолдану
үшін білу қажет деп танылатын барлық негізгі құрамдарды анықтап, олардың
мазмұнын, құрылымын ашатын ілім түрі болып табылады. Ал қылмысты
квалификациялау қылмыстық құқықтық ережелерді ескере отырып қылмысты іс-
әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге енгізуді білдіретін
қылмыстық құқықтың жеке мәселесі ретінде бағаланады. Демек қылмысты
квалификациялау пәнінде қылмыстық кұқьіқ анықтаған, зерттеген дайын ұғымдар
қолданылады.
Қылмыстық құқық қылмыс деп танылатын әрекеттерге қүқықтык талдау
жүргізумен айналысқанмен, оның кейбір практикалық мәселелерін керсетумен
айналыспайды, яғни заң бабтарын сот-тергеу қызметінде квалификация жасау
ережелеріне сүйене отырып қолдануды толық ашып бермейді.
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құкықтан келесі айырмашылығы,
ол зерттеу обьектілерінің көлемінде. Қылмыстық құқық зерттеу обьектісі
ретінде негізінен екі мәселені, қылмыс жэне жаза мәселесін қарастырады. Ал
қылмысты квалификациялау курсы жаза мәселесін қарастырмайды. Мұның себебі
бұдан бұрынғы бөлімде айтқанымыздай, егер қылмысты әрекетке қылмыстың заң
тұрғысынан дұрыс бағалау берсек, онда тиісті жазаны қолданудың алғы шарты
да дайын болады.
Қылмысты квалификациялау курсы жеке ғылым саласын білдірмейді, ол
қылмыстық құқық ғылымының құрамында қарастырылады.
Қылмыстық кұқық ғылымы қылмыс жэне жаза категорияларын қарастыра
отырып, жекелеген қылмыстардың өзіне ұқсас қылмыстардан айырмашылығын, ол
қылмыстардың кейбір жағдайларда бағалану тәртібін, кінәні ауырлататын
құрамдары тәрізді мәселелерді қамтиды. Бірақ бұл келтірілген мэселелердің
ішінен ұқсас қылмыстарды ажырату, әр түрлі ситуациялар бойынша қылмысты іс-
әрекетке квалификация жасау, кінәні ауырлататын жағдайлар болғанда заң
баптарын қолдану қылмысты квалификациялау курсында да қарастырылады. Себебі
бұл мәселелер қылмыстық құқықгық мәселелерді талдау кезінде ашылады, ал
қылмыстық құрамдарды әр-түрлі жағдайларды қолданып талдау, бұл қылмыстық
кұқықтық құрамына жататын квалификациялау мәселесін білдіреді. Қылмысты
квалификациялау курсының негізгі мағынасы және міндеті қылмысты іс-
әрекеттерге қүқықтык баға беріп, заң баптарын қолданғанда ескеру және білу
керек болып табылатын негізгі қағидалармен, ережелермен, талаптармен
таныстыруға бағытталған.
Қылмыстық құқыктың жалпы мәселелерін шешудің маңызы зор, себебі соның
нәтижесінде ғана қылмысты квалификациялауға бағытталған ережелер дұрыс
беріледі. Қылмысты квалификациялаудың кез-келген қылмысқа байланысты
қылмыстық заңның тиісті бабын таңдау кезінде қолданылуы қажетті жалпы
ережелері мен қағидалары бар.
Қылмысты квалификациялаудың қағидалары ретінде қылмысты әрекетке
қатысты заң баптарын қолданғанда ескеруге жататын және орын алғанда
сақтауға тиісті ережелер алынады. Бұл қағидалар бұзылғанда қылмысты
квалификациялау қате деп танылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
- бір қылмыс болып табылатын іс-әрекетті бірнеше қылмыс ретінде бағаламау.
0. қылмысты квалификациялудың толық, әрі дұрыс болуы.
1. Қ.К. Жалпы бөлімінде қарастырылған іс-эрекеттер қылмыста орын алғанда
сілтеме жасалынуы.
2. кінәлінің қасақаналығына немесе қылмыстық ниетіне қарай квалификация
жүргізу.
3. маңызы ауыр емес қылмысты әрекеттерді, қауіптілігі жоғары әрекеттер
сіңіретін жағдайларды қолдану.
2. Жасалған қылмысты әрекеттерге қылмыстык-құқықтық баға беру, бірнеше
сатылардан құралатын жэне ұзақ уақытты қамтитын құқықтық құбылыс болып
табылады. Қылмысты квалификациялауға байланысты қылмыстық құқық нормаларын
қолданып, оны қылмыстық іс туралы құжаттарда көрсету - бұл қылмыстық
құқықты іс жұзінде қолдануды немесе өмірге енгізуді білдіреді. Қылмыстың
жасалу уақиғасы бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының түрлеріне
және органдардың қылмыстық іс бойынша өз қызметтерін атқару түріне қарай
қылмысты әрекеттерді бағалау субъектілері бұл жүмысты өз өкілеттігі шегінде
атқарады. Демек, қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында, мысалы қылмыстық
іс қозғау, айып тағу, прокурорлық қадағалау, істі сотта қарау және үкім
шығару кездерінде қылмысты квалификациялауға қатысты мәселелер шешіліп
отырады. Мұндай кездерде қылмысқа бастапқыда баға беріп, заң нормасын
қолданған органның жұмысына істі кейінгі сатыларда қарайтын органдар
бағалау беріп, қате квалификация жасалғанда қайта квалификациялау
жүргізіледі. Қылмыстық іске байланысты атқарылатын кұқық қорғау
органдарының барлық жұмыстары қылмысты квалификациялауға байланысты деп
айтуға бол-майды. Құқық қорғау органдары жасалған қылмысқа заң тұрғысынан
баға беруден басқа, дәлелдемелерді жинауға, қылмыстық уақиғасын толық
ашуға, жаза белгілеуге қатысты қызметтерді де атқарады. Сондықтан қылмыстық
іс жүргізу сатыларымен қылмысты квалификациялаудың сатылары деген ұғымдар
өзара ұқсас деп түсінуге болмайды. Қылмыстық іс жүргізу сатылары деген
әлдеқайда кең ұғым болып табылады, тек қылмыстық іс жүргізудің барлық
сатыларында қылмысты квалификациялауға қатысты мәселелер туындап отыруы
мүмкін.
Жасалған іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық саралау жүргізу. Қылмысты
саралау мәселесінің ғылыми сипаты. “Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері”
және “Қылмысты саралаудың жалпы теориясы”. Қылмысты саралаудың турлері:
ресми және ғылыми. Қылмысты саралаудың маңызы. Қылмысты саралаудың
анықталуы. Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтан айырмашылығы. Қылмысты
саралауды қылмыстық құқық ғылымының құрамында қарастыру. Қылмысты саралау
курсының негізгі мағынасы және міндеті. Қылмысты саралаудың қағидалары.
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықпен байланысы және оның қылмыстық
құқықтағы алатын орны.

Бақылау сұрақтары:
1. Қылмысты саралау және қылмыстық әрекетке құқықтық баға беру ұғымдарының
айырмашылығы
2. Қылмысты саралаудың ресми және ғылыми түрлері
3. Қылмысты саралаудың маңызы
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
2. Қылмысты саралау сатылары

Қажетті әдебиеттер:
1. Б.А. Куринов. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1984.
2. В.Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. – М., 2001.
3. Л.Д.Гаухман. Квалификация преступлений. М.
4. В.А.Сергиевский, С.М.Рахметов. Квалификация преступлений. – Алматы,
1999.
5. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК (1981-2003 годы),
Алматы – 2004.
6. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда СССР., 1924-1970. М.,
1970.
7. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК (1961-2003 годы),
Алматы – 2004

3 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы
маңызы

Жоспары: 1. Қылмыстың құрамы және оның құрылымы
2. Қылмыс құрамы және қылмыстық
заң
3. Қылмыстық құрамдардың белгілері

Лекцияның мақсаты: Қылмыс құрамы және құрылымын, қылмыс құрамының
белгілері мен түрлерін, қылмыс құрамы мен қылмыстық заң арақатынасын
оқытып, үйрету.
Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмыс қүрамы деген ұғым "құрам" деген
сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден
құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек "қылмыс кұрамы" деген
атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал жасалған қылмыс
уақиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы
ғана емес, адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің
анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың
объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады.
Бұлардың әр қайсысының қылмыс уақиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі
адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған
қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың
жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі
ретінде "қоғамдық қатынастар" деген ұғым алынып, ал қалған "заңды мүдделер,
құқықтар мен құндылықтар" деген ұғымдар "қоғамдық қатынастар" деген ұғымға
жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстың сыртқы бейнесін
сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмысты факт немесе уақиға
ретінде бағалауға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік
жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну,
ол объективтік жақтың "қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды" деген үғымға
байланысты. Яғни бұл кұрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге
көрсете алатын сыртқы белгілер болып табылатын қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай
тәрізді белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды
квалификация жүргізуші субъект іздестіреді.
Қылмыстың субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған
адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жақ белгілері алынады. Демек
бұл құрам элементінде қылмыс жасаған адамның қауіпті іс-әрекетіне,
зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы, сонымен
бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни
қылмыскердің қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген
ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі
дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың құрамын негізінен субъективтік және
объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы
екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды жәәне өзге
әдебиеттерде де осындай сипаттағы түсінік беріледі. Сонымен, қылмыс құрамы
дегеніміз, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекетгерді қылмыс
ретінде сипатгайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы
болып табылады.1
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты ұғымдар
болып табылады. Мысалы қылмыстың объективтік жағы мен субъективтік жағының
түсінігі және оларды құрайтын белгілер бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы
роль атқарады. Яғни қылмыстың объективтік жағы қылмыстың сыртқы бейнесін
сипаттаса, ал субъективтік жақ ішкі бейнесін ашады. Бұл ұғымдар қылмыстық
құқықта бір медальдің екі жағы іспеттес ұғымдар болып табылады. Яғни
қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен қылмыстың
объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені кінәлі адамның жасаған
қауіпті іс-әрекеті оның зардабы заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал
қауіпті әрекеттің жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын
білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының да қылмыс объектісімен байланысы бар.
Бірақ бұл байланыста субъективтік жақ қылмыстың объективтік жағының
белгілері арқылы қылмыс объектісімен байланысатын тәрізді болып керінеді.
Өйткені қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген психикалық
қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың белгілері көрініс алып,
заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келеді.

2. Қылмыс құрамы - бұл нормативті ережеге сәйкес анықталатын және
соған байланысты қолданылатын ұғым. Қылмыс құрамын анықтаудың заңды моделі,
ол қьілмыстық заң.
Қылмыстық заңның құрылымы қылмыс құрамына қатысты және оған қатысты
болып есептелмейтін басқа да ұғымдарды қамтиды. Қылмыстық заң нормалары
арқылы қылмыстық құрамдардың мағынасы ашылып ғана қоймай, сонымен қатар әр
қылмысқа белгіленген жаза түрлері де қарастырылады. Демек нормалар
санкциясы қылмыстық құрам ұғымынан тысқары жатыр.
Бұл жерде алдымен қылмыс құрамы, қылмыстық-құқықтық норма жэне қылмыс
деген ұғымдардың ара қатынасын ашу қажеттілігі туындайды, себебі
квалификация жүргізуде бұл ұғымдардың қолданылу деңгейін білу міндетті
болып табылады.
Қылмыстық құрамның түсінігі және оның элементтері мен белгілері,
сондай-ақ квалификация жүргізуде қолданылатын Жалпы жэне Ерекше бөлімнің
нормалары туралы бұдан бұрынғы бөлімдерде айтылды.
Қылмысты квалификациялау негізінен Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің нормалары бойынша жүргізілетіндіктен ондағы әр баптың
диспозициясы сол кұрамға сипаттама беру міндетін атқаруы тиіс. Құрам жэне
оның белгілері Ерекше бөлімнің баптарында келтіріледі деп айтуға негіз бар
тәрізді. Себебі ол баптар өзіне сәйкес келетін барлық қылмысты әрекеттерді
қамти білу үшін, толық, анық, әрі сенімді болуы жэне тұрақты қолданылу
сапасына ие болуы керек.

3. Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді
үш топқа бөлуге болады. 1) Негізгі немесе конститутивтік; 2) ауырлататын
немесе сараланған; 3) жеңілдететін;
1. Негізгі немесе конститутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың
негізгі немесе ауырлататын құрамдарына, сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына
да тән белгілерді айтамыз. Мысалы қасақана түрде басқа адамға қаза келтіру
белгісі 96 баптың 1 бөлімі бойынша квалификацияланатын жай кісі өлтірудің
және ауырлататын кісі өлтірудің
түрлеріне, сондай-ақ 97,98,99,100 баптардағы кінәні жеңілдететін
жағдайларға қарсы бағытталған қылмыстардың негізгі белгісі болып табылады.
1. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында тікелей келтірілген
ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық
құрамды сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни
зардаптың көлеміне, қылмысты жасау орыны, уақыты, тәсілі жағдайы,
құралына қарай және ниетімен мақсаттың, қылмыс субьектісінің түріне
қарай ауырлатады. Мысалы 96 баптың екінші бөлімі “3” пунктіндегі
пайдақорлық ниетпен кісі өлтіруде “пайдақорлық” ниет ауырлататын
белгі болып табылады. Бұл белгінің адам өміріне қарсы қылмыстарда
неліктен кінәні ауырлатады деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі пайдақорлық
қасақаналықпен жасалатын кептеген қылмыстарға тән ниеттің
бірі болып табылады. Мысалы ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық,
қорқытып алушылық т.б осы тәріздес қылмыстарға пайдақорлық тән
белгі. Бірақ бұл қылмыстарда пайдақорлық ниет кінәні ауырлатпайды.
Ал кісі өлтіру қылмысында пайдақорлықтың ауырлату себебі, ол
кінәлінің пайда табу ниетін іске асыру үшін келтіретін зардабының түрі
аса ауыр болуына байланысты. Басқаша айтқанда, ол пайда табуы үшін
біреу өлуі керек. Бұл қылмыскердің қоғамға қауіптілігін бірден
айғақтайды және аса қауіпті адам етіп керсетеді.
2. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс түрі ретінде
бағалануы үшін, ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі.
Мүндай жағдайда да ауырлататын қүрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін
белгі қылмыстық құрамның міндетті белгісі ретінде норма диспозициясында
тікелей көрсетіледі. Қылмыстық кодексте кінәні жеңілдететін қылмыс
құрамдары көп емес. Ондай құрамдар бар болғаны жетеу ғана және барлығыда
жеке адамға қарсы қылмыстар тарауында келтірілген. Оларға әйелдің баласын
босану уақытындағы, қажетті қорғану, ашу шегінен, қылмыскерді ұстау
шаралары шегінен шығуы жағдайларында өміріне немесе денсаулығына зардап
келтіруді қарастыратын құрамдар жатады. Бұл қылмыстарда кінә қылмыс жасау
уақытына және жағдайына қарай жеңілдетіледі.
Жеңілдететін құрамдар мен жеңілдетін белгілер бір ұғым деп түсінуге
болмайды. Кінәні немесе жауаптылықты жеңілдететін белгілер Қ.К. 53 бабында
келтірілген. Ол белгілер мысалы кінәлінің жүкті әйел, кәмелетке толмаған
т.б. болуы қасақаналықпен немесе абайсыздықпен жасалған қылмыстарда
кездеседі және қылмысты квалификациялауда әсер етпейді. Жеңілдететін белгі
баптың атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның
міндетті белгісі ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай
квалификацияланады.
Қылмыстық құрамның белгілері анықталу дәрежесіне қарай екіге бөлінеді:
1) анықталған; 2) бағаланатын;
Анықгалған белгінің мағынасын түсіну, қылмыс құрамын анықтайтын белгінің
бар немесе жоқ екендігін анықтауда қиындық тудырмайды және мұндай белгілер
заң баптарының өзінде келтіріледі немесе оның түсінігі ашылады. Мысалы, 103
бап - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді білдіретін белгілер.
Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық-құқықтық маңыздылығына қарай:
1) позитивтік және негативтік деп екі топқа бөлінеді.
Қылмыс құрамдарында кездесетін белгілер мағынасы, маңыздылығы бойынша
көбінесе растап тұрса, ал кейбіреулері теріс мағынада түсіндіру қызметін
атқарады. Позитивтік белгілер-бұл қылмыс құрамының бар екендігін ия деген
мағынада білдіреді. Ал негативтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне
екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді. Мысалы жатпайтын, өзге
жағдайларда, бар болмаған деген сөздерді қолдану арқылы кездеседі, сонымен
қатар қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіретін белгілер түрінде көрінеді.
Қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіретін белгілер Ерекше бөлім баптарының
ескертпелерінде кездеседі. Мысалы, 251 баптағы қаруды, оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу,
сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысының ескертпесіндегі “өз еркімен
тапсырған адам” деген белгіні айтуға болады. Мұндай ескертпелер терроризм,
кепілге алу, парақорлық, қылмысты жасыру, хабарламау қылмыстарында
кездеседі. Сонымен қатар негативтік белгілер Жалпы бөлімнің баптарының
атауларында немесе диспозицияларында да кездеседі. Мысалы 23-бап-жазықсыз
зиян келтіру, 16-бап- есі дұрьіс еместік. Л.Д. Гаухман терминологиялық
белгілердің мұндай бағытта қолданылуы іс-әрекетте қылмыс құрамының бар
немесе жоқтығын белгілеу кезінде пайда болатындығында, әйтпесе жалпы
социологиялық тұрғыдан алғанда бұлардың мағыналары қарама-қарсы болады,
яғни ондай жағдайда позитивтік немесе оңды белгілер қылмыс құрамының
жоқтығын білдірсе, ал негативтік белгілер қылмыс құрамының бар екендігін
білдіредің дейді.2
Негативтік белгілер Ерекше бөлім нормаларының диспозицияларында да,
жеткілікті кездеседі. Мысалы 185 баптағы автомобильді немесе өзге де көлік
құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) деп аталатын қылмыс
түріндегі “ұрлау мақсатынсыз” деген белгіні, сондай-ақ заңсыз аборт жасау
қылмысын қарастыратын 117 баптың бөлімдерінде кездесетін “тиісті мамандығы
жоқ” деген белгілерді келтіруге болады.
Қылмыстык занда негізінен позитивтік белгілер қолданылады, бірақ
негативтік белгілердінде қылмыстық кұрамды сипаттаудағы ролі пози-ивтік
белгілерімен бірдей жэне қылмысты квалификациялауда міндетті белгі ретінде
қолданылады. Позитивтік белгілер тек заңды оқығанда түсінуге жеңіл болып
байқалады. Негативтік белгілердің заңда өмір сүру себебі, ол позитивтік
белгілер сияқты қылмыстық құрамды сипаттау, мағынасын ашу кезінде қажет
болуына байланысты.
Қылмыстық күрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай 1) түрақты және
2) айнымалы деп бөлуге болады.
Тұрақгы белгілер ретінде қылмыстық заңның қолданыстағы уақытында
өзгермейтін құрам белгілері алынады және мұндай белгілер жасалған қылмыстың
нақты жағдайларына қарай мағынасы, түсінігі өзгермейді. Тұрақгы белгілер
Ерекше белім баптарының диспозицияларында ғана емес, олар Жалпы белім
нормаларына да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты қылмыс қүрамдарын
талдауда қолданылатын белгілермен қатар, көпшілік қылмыс түрлерін немесе
кейбір жағдайда барлығын сипаттауда колданылатын белгілер де жатады. Мысалы
барлық қылмыс түрлеріне тән белгінің қатарына кінәлілік, есі дұрыстықты
жатқызуға болады.
Ал нақты қылмыс түрлеріндегі тұрақты белгілер бұрынғы заңдарда
басқаша берілген болуы мүмкін, бірақ жаңа қабылданған заң ол белгіні
басқаша нұсқада беріп және ол заңның күшінде болу бүкіл уақытында
сақталады. Мысалы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заң бойынша кісі өлтіру -
бұл құқықка қайшы түрде басқа адамды өмірінен айыру болып анықталатын. Ал
1998 жылдан бастап күшіне енген заң кісі өлтіруді “басқа адамға құқыққа
қарсы қасақана қаза келтіру” деп анықтайды. Бұрынғы заң мен қазіргі заңның
бұл анықтамадағы басты айырмашылығы кісі өлтірудің тек “қасақана” түрде
жасала алатындығы болып табылады.
Тұрақты белгілер әдетте кылмыстық-құқықтық норманың өзінде
келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа
көше бастайды. Себебі әр түрлі шаруашылық, қауіпсіздік саласына арналып
шығарылған өзге ведомостволық заңдар техникалық прогреске, талаптың
күшеюіне, бұрын белгілі болмаған жайттардың ашылуына т.б байланысты жиі
өзгерістерге ұшырайды. Қылмыс құрамының белгілері бланкетті болған жағдайда
өзге ведомстволардағы өзгерістер қылмыстық құрам белгісінің де өзгеруіне
соқтырады. Мысалы нақты өндіріс салаларында қолданылатын техникалық
қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер енгізілгенде, мұндай өзгерістерде ауыр
зардаптарға соқтырған қауіпсіздік ережелерін сақтамау қылмыс ретінде заңда
қарастырылса, онда бүл өзгертілген белгілер айнымалылық сипатты көрсетеді.
Қылмыстық занда мұндай бланкетті құрамдар қоғам қауіпсіздігіне, экология
кауіпсіздігіне, экономикалық қызметке қарсы бағытгалған қылмыстарда көптеп
кездеседі.
Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын келесі жәйт, ол
белгілі-бір қылмыс түрлері бойынша Жоғары Соттың нормативтік қаулыларының
қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады. Жоғарғы Сот
қаулыларының жаңаша жетекші ұсыныстар көрсетуіне себеп болатын жағдайлар,
кылмыстық-құқық ғылымының жетістіктерін қолдану, қате пайымдауларды түзету
т.б бола алады.

Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыс құрамының мазмұны
2. Қылмыс құрамының обьективтік белгілері
3. Қылмыс құрамының субьективтік белгілері

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Қылмыстың құрамы және құрылымы
2. Қылмыстың құрамы және қылмыстық заң

Қажетті әдебиеттер:
1. Курс Советского уголовного права. Т.1 – Л: Изд. Ленинградского ун-та,
1968.
2. Спиридонов Л.И. Социология уголовного права. – М., 1986.
3. В.Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. – М. 2001.
4. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов – Алма-Ата, 1955.
5. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. – М., 1957.
6. Сборник постановлений Президиума Верховного Суда Каз. ССР, нормативных
постановлений Верховного Суда РК (1961-2003 годы). Алматы, 2004г.
7. Е.Алауханов, С.С. Үмбеталиев, С.М.Рахметов. Қылмыс құрамы. – Алматы
Өркениет 2000 жыл.

4 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы
маңызы
Жоспары: 1. Қылмыстық құрамдардың түрлері
2. Қылмыстық құрамның
мазмұнын түсіну

Лекцияның мақсаты: Қылмыс құрамы және құрылымын, қылмыс құрамының
белгілері мен түрлерін, қылмыс құрамы мен қылмыстық заң арақатынасын
оқытып, үйрету.
Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмыстық құрамдардың сипаттамасына
назар аудара отырып, олардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары
болатындығын байқауға болады. Елеулі айырмашылықтар құрамдар белгілерінің
көлемінде, белгілердің қоғамға қауіптілігінің дәрежелерінде, сонымен қатар
қылмысты іс-әрекеттің аяқталу кезеңін білдіртін белгілерде кездеседі.
Қылмысты квалификациялау кезінде қолданылып отырған Ерекше бөлім
нормаларының немесе оның бөлімдерінің қандай қылмыстық құрам түріне
жататындығын білу қажет. Өйткені осы жағдайларға қарай да қылмыс негізгі
немесе ауырлататын кұрам ретінде бағаланады, немесе Жалпы бөлім нормаларына
сілтеме жасау, жасамау мәселесі шешілді.
Қылмыстық құрамдарды қылмыстық құқықта сипатталуына қарай жай және
күрделі кұрамдарға бөледі. Демек, қылмыстық құрамдар қылмысты сипаттайтын
белгілер көлеміне қарай бірдей бола бермейді. Кейбір қылмыс құрамдары бір
негізгі белгінің болуы бойынша ғана сипатталса, ал кейбір құрамдарда оның
элементтері бір неше белгінің бар болуымен немесе көрсетілген белгілердің
біреуінің іс-әрекетте болуымен анықталады. Қылмыстық құрамньщ жай түрі
дегеніміз, қылмысты сипаттайтын құрам элементтерінің бір белгіден, яғни бір
обьектіден, обьективтік жағы бойынша бір іс-әрекеттен немесе бір зардап
түрінен, субьективтік жағы бойынша бір кінә түрінен тұруы болып табылады.
Жай құрамдарда құрам элементтерін сипаттайтын белгілер бір неше балама
белгілерді немесе белгілер жиынтығьш білдірмеуі керек. Мысалы: 175 баптың 1
бөлімінде қарастырылған ұрлық қылмысы жай құрам түріне жатады. Бүл
қылмыстың обьектісі біреу, ол бөтеннің меншігі, обьективтік жағы бойынша
бір әрекеттен тұрады, ол бөтеннің мүлкін жасырын түрде және қайтарусыз алу,
зардаптың түрі материалдық сипаттағы мүліктік зардаптар, кінә нысаны
тікелей қасақаналық, субьектісі 14жасқа толған, есі дұрыс кез- келген адам.
Бір ескерте кететін жайт, ол қылмыс түрі бір ғана құрам түріне барлық
кезде жата бермейді. Бұдан бұрынғы белімдерде айтып кеткендей, бір қылмыс
бірнеше кұрамдарға бір баптың келемінде бөлінуі мүмкін. Мысалы ұрлық
қылмысын қарастыратын 175 баптың 3 бөлімінің “б” пунктіндегі ірі мөлшердегі
ұрлықтан басқа құрамдардың барлығы жай емес, күрделі құрамдарды білдіреді.
Себебі осы баптың екінші бөлімінде келтірілген адамдар тобының алдын - ала
сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жасалған ұрлыктар қылмыстың обьективтік
жағының белгілерін күрделендіреді.
Күрделі құрамдар дегеніміз, қылмысты сипаттайтын құрам элементтері
белгілерінің бірнеше белгілерден құралуы немесе балама түрде бейнеленуі
болып табылады. Күрделі құрамдарда қылмыстың обьектісі бір нешеу, яғни қос
обьектілі (мысалы 241 баптағы жаппай тәртіпсіздіктің обьектілері қоғам
қауіпсіздігі және коғамдық тәртіп) немесе негізгі және балама обьектілі
болып сипатталуы мүмкін. Мысалы, бандитизм қылмысының негізгі обьектісі
қоғамның қауіпсіздігі болса, ал балама обьектілері ретінде бөтеннің
меншігі, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке бостандығы т.б бола алады. Сол
сияқты күрделі құрамдарға қылмыстық обьективтік жағы бойынша балама түрде
бірнеше іс-әрекеттерден тұратын қылмыстар жатады. Қылмыс сол баптың
диспозициясыңда келтірілген бір әрекеттің немесе бір әрекеттің мағынасын
ашу кезінде қолданылатын белгілердің болуымен анықталады. Бір әрекеттің
мағынасын ашу кезінде қолданылатын белгілер деп отырған себебіміз, кейбір
күрделі кұрамдарда обьективтік жақтың белгісі норма диспозициясында бір
белгі түрінде көрсетілгенмен, ол белгінің керіністерін білдіретін әртүрлі
әрекеттер болады, олар заңда керсетілмеуі мүмкін. Мысалы 308 баптағы
билікті асыра пайдалану кылмысын сипаттауда “өкілеттік шегінен керіну асып
кететін” деген белгі қолданылады.

2. Құқық нормаларының мағынасын түсіну бұл осы норманы келтірудің
негізі ретінде қандай қоғамдық құбылыс немесе обьективтік заңдылық
алынғандағын және осы норманы ұсынуда заң шығарушының қандай мақсатты
көздегенін білу болып табылады. Сонда ғана құқық нормаларын қолданушы осы
норманың арналуын, яғни оның қандай жағдайда қолданылатынын, бұл норманың
таралу деңгейін немесе әлеуметтік- құқықтық мағынасын дұрыс түсіне алады.
Жоғарыда мысал ретінде келтірілген адамды өзін-өзі өлтіруге жекізу үшін
жауаптылықты көздейтін құқық нормасының таралу діңгейінде адамға
қатыгездікпен қарау әрекетінің ауыр салдарға соқтыруы мүмкіндігі үшін
жауаптылық мәселесі көзделіп отыр. Бұл қылмыстың табиғатында адамды өзін-
өзі өлтіру халіне жеткізу әрекеттерінің кінә нысандары бойынша негізінен
абайсыздықпен, ал кейбір жағдайларда жанама қасақаналықпен жасалуы
екендігін керсету жатыр. Себебі адамдар бір-біріне қатігездік, үнемі ұрып-
соғу, кемсіту әрекетгерін жасағанда, ол өзін-өзі өлтірсін деп тілемеуі
мүмкін. Кінәлі адам мұндай зардаптардың болуы мүмкін екендігін кере
білмеуі, көре білгенмен, ондай зардаптар болмас деп есеп жасауы немесе
зардаптың туындауына мән-мағынасыз, бәрібір деп қарауы да мүмкін. Бұл
қылмыс кұрамының жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруге бағытталғандығы үшін
кінәліге жауаптылық көздеуінің басты негізі, шындап келгенде зардап түрінде
немесе зардапқа деген ой-қатынаста емес, ол кінәлінің жасаған іс-
әрекеттерінің қауіпті және заң қорғайтын мүдделерге қарсы болуының
нәтижесінде ауыр зардапқа соқтыру мүмкіндігінде жатыр. Сондықтан қылмысты
квалификациялау мәселесінде кейбір құрамдардың белгілерін түсіну, таралу
деңгейін анықтау қиындық тудырғанда құқық нормаларының аралауына, бағытына
сүйену керек.
Екіншіден, қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну мәселесі заңның
баптарында келтірілген, бірақ мағынасын түсіндіруді қажет ететін белгілер
кездескенде пайда болады. Яғни белгінің атауына қарап, оның мағынасын
бірнеше түрде түсінуге болатын кездер болады. Мысалы, Қылмыстык кодекстің
296 бабы 1 бөлімінің диспозициясы автомобильді, троллейбусты, трамвайды не
басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, ... зиян келтірсең деп
бейнеленген. Мұлдай жағдайдағы әрекеттерді квалификациялауда трактор,
мотоцикл тәрізді құралдар басқа да механикалық кұралдарң түріне жата ма
деген сұрақ туындауы мүмкін. Заң шығарушы баптың диспозициясына берілген
белгілерді біркелкі түсінбеушілік орын алуы мүмкін дегенде, ол бапқа
ескертпе қосып, түсіндіруді талап етіп отырған белгіге арнайы түсінік
береді. Жоғарыда атлған 296 бапта да ескертпе келтіріліп, онда “басқа
техникалық құралдар” ретінде нені түсіну керек екендігі айтылады.

Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыс құрамының негізгі немесе конститутивтік, ауырлататын немесе
сараланған; жеңілдететін түрлері
2. Қылмыс құрамының анықталған және бағаланатын түрлері
3. Қылмыс құрамының позитивтік және негативтік түрлері
4. Қылмыс құрамының тұрақты және айнымалы түрлері
5. Қылмыс құрамының жәй және күрделі түрлері
6. Қылмыс құрамының негізгі, ауырлататын және жеңілдететін түрлері
7. Қылмыс құрамының формальдық және материалдық түрлері

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Қылмыс құрамдарының белгілері
2. Қылмыс құрамдарының түрлері

Қажетті әдебиеттер:
1. Курс Советского уголовного права. Т.1 – Л: Изд. Ленинградского ун-та,
1968.
2. Спиридонов Л.И. Социология уголовного права. – М., 1986.
3. В.Н. Кудрявцев. Общая теория квалификации преступлений. – М. 2001.
4. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов – Алма-Ата, 1955.
5. Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. – М., 1957.
6. Сборник постановлений Президиума Верховного Суда Каз. ССР, нормативных
постановлений Верховного Суда РК (1961-2003 годы). Алматы, 2004г.
7. Е.Алауханов, С.С. Үмбеталиев, С.М.Рахметов. Қылмыс құрамы. – Алматы
Өркениет 2000 жыл.

5 лекция. Тақырыбы: Қылмыстың обьектісі бойынша саралау

Жоспары: 1. Қылмыстың обьектісінің түсінігі және маңызы
2. Қылмыс обьектісінің түрлері
бойынша саралау
3. Қылмыстың заты бойынша саралау

Лекцияның мақсаты: Қылмыс обьектісінің мазмұны мен маңызын ұғындыру.
Қылмыс обьектісінің түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Қылмыс затының мазмұнын ашу. Қылмыс обьектісінің түрлері және заты бойынша
саралауды оқытып, үйрету.
Лекцияның мәтіні (қысқаша). 1. Қылмыс объектісі ретінде қоғамға
қауіпті іс-әрекет бағытталатын, қылмыстық зан арқылы қорғауға алынған
қоғамдық қатынастарды түсінуіміз керек.
Қылмыстық заңда қанша қылмыс түрі бар болса, сонша түрлі объекті бар
ма деген сұрақ туындауы мүмкін.
Заңмен қорғалатын нақты объектіге қарсы бағытталған іс-әрекеттер
қоғамдык өмірде әрқилы, әр жағдайда жэне әр түрлі қауіптілік деңгейде бола
алады. Яғни бір объектіге зиян келтірген әрекеттер кінә нысанына, қылмыс
субъектісіне, қылмыс жасау тәсіліне, кұралына уақытына т.б. қарай әр түрлі
кездесіп, олардың қоғамға қауіптілік дәрежелері бір баптың жауаптылық
көлеміне сыймауы мүмкін. Сондықтан қылмыстық заңда бірдей қылмыс
объектісімен сипатталатын қылмыс түрлері көп. Олар әсіресе бір тарауда
қарастырылған қылмыстарда көптеп кездеседі. Мысалы ҚК қасақана кісі өлтіру,
ашу шегінен, қажетті қорғану, қылмыскерді ұстау шегінен шығып кісі кісі
өлтіру, абайсыздықта қаза келтіру, өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу
қылмыстардың барлығының объектісі бірдей, ол адам өмірі.
Бүл қылмыстар өзара басқа құрам элементтеріне қарай ажыратылады. Ал
заңмен қорғалатын объектілер қанша болса, сонша қылмыс түрі барма дегенде,
қылмыс түрлері объектілердің санынан әлде қайда көп деп түсіну керек.
Бірдей объектілі қылмыстар меншікке, әскери қызметке, экологияға,
экономикалық қызметке қарсы қылмыстар тарауында т.б. көптеп кездеседі.
Аяқталмаған қылмыстарға, яғни қылмысқа оқталу, даярлану ушін
жауаптылық қолданылады. Қылмыстың аяқталмауының негізгі көрінісі, ол заңмен
қорғалатын объектіге зиян келмеуі болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс
объектісіне зиян келмегендіктен аяқталмаған қылмыстарда қылмыс құрамы бар
ма деген сұрақ туындайды. Бұл мәселенің жауабын тиісті бөлімде, яғни
аяқтапмаған қылмысты әрекеттерді квалификациядау туралы бөлімде қарастырған
дұрыс.

2. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың көп және
әртүрлі салаларда кездесе алатындығына байланысты оларды топтастыру немесе
нақтылау қажеттілігі туындайды. Мұлдай қажеттілік қылмыс түрлерін анықтау,
жауаптылықтың келемін белгілеу, заң құрылысын белгілі бір тәртіппен
дайындау жэне заңы тиімді қолдану кездерінде байқалады. Бүл айтылып
отырғандар қылмыс объектісі түрлерінің қылмыстық құқықтағы қызметін және
оның маңыздылығын білдіреді.
Қылмыстық қүқықты меңгеруде жэне зерттеулер жүргізуде жалпыдан
нақтыға өтіп талдау жиі кездесетін тэсіл. Осы тэсіл бойынша қылмыстық
заңмен қорғалатын объектілерді тігінен бөлгенде жалпы, топтық және тікелей
объектілер деп бөлу қалыптасқан. Бірақ қылмыстық құқық теориясында қылмыс
объектілерін топтастырудың өзге де бағытгары кездеседі. Мысалы, жалпы,
типтік, топтық және тікелей деп төртке бөлуде "типтік объекті ретінде, ҚК
Ерекше бөлімінің бір тарау-ына жатқызылған баптарда жауаптылығы
қарастырылатын, қылмысты әрекеттер зиян келтіруге бағытталатын бір типтік
қоғамдық қатынастардың тобы алынады.1 Бұл бағыт бойынша ҚК бөлімдерге
(раздел) бөлуші критерий топтық емес, типтік объектілер болады да, ал
бөлімдерді тарауларға бөлуші критерий топтық объектілер болып табылады.
Мұндай төрт деңгейлі бөлу Қазақстанның қылмыстық заңына қолайлы емес,
өйткені біздің қылмыстық заңның Ерекше бөлімі бөлімдерге бөлінбей, тек
тараулардан тұрады.
Қылмыс объектілерінің үш деңгейінің әрқайсысының қылмыстық құқықтық
маңызы бар. Қылмыстың жалпы объектісі ретінде қылмыстық заңмен қорғауға
алынған қоғамдық қатынастардың жиынтығы алынады. Жалпы объектінің қылмыстық
кұқықтағы атқаратын қызметі немесе маңыздылығы, ол қылмыстық заңның өмір
сүру мүмкіншілігін білдіреді. Егер қылмыстық заңмен қорғауға алынуға
жататын объектілер қоғамда болмаса, онда қылмыстық заңда өмір сүрмес еді.
Мына жайтты ескеру керек, қылымыстық құқықпен қорғалатын кейбір объектілер
өзге де құқық салаларымен қорғала алады. Мысалы, азаматтық, әкіммшілік,
еңбек, отабсы, т.б. құкық салаларында. Қылмыс объектілерінің кейбір
түрлерінің өзге құқықтармен қорғауға алыну себебінде біріншіден, кейбір
қоғамдық қатынастардың қоғамдық өмірде әртүрлі деңгейде өмір сүретіндігі
және екіншіден, оларға қарсы бағытталған әрекеттердің де қауіптілік
дәрежесі әрқилы болатындығы жатыр. Мысалы, меншік құқығын, қоғамдық
тәртіпті еңбек ету қауіпсіздігін қылмыстық құқық қана емес әкімшілік кұкьіқ
та қорғайды. Меншікті құрайтын мүліктер қоғамда әртүрлі деңгейлерде болады.
Соған қарай ұсақ, жай, елеулі мелшерлерде меншік құқығына зияндар келіп,
олар зардаптың ауырлығына, іс-әрекеттің қауіптілігіне қарай, нәтижесінде
құқықтық қорғаудағы объектілердің мөлшеріне, маңыздылығына байланысты жеке
құқықтық қорғау белгіленеді.
Құқықтық қорғаудағы объектілерге бағытталған әрекеттердің қауіптілік
дәрежесі де қоғамдық өмірде әрқилы болады. Заңмен қорғалатын объектіні
елеулі мөлшерде бұза алатын әрекеттердің орын алуына қарай қылмыстық
құқықгық қатынас туындайды. Мысалы, 152-баптағы еңбекті қорғау ережелерін
бұзу абайсыздықта кем дегенде орташа дәрежелі денсаулыққа зиян келтіру. Ал
еңбекті қорғау ережелерін бұзу осы зардапқа жетпесе, тек ауыр зардаптар
тудыру мүмкіндігі болса, онда әкімшілік кұқықгық қатынас туындайды немесе
әкімшілік тәртіпте қаралатын объектіге нұқсан келеді.
Қылмыстық құкықга әрекеттердің қауіптілік дәрежесі қорғауға алынған
объектінің маңыздылығына қарай әртүрлі анықталады.
Қылмыстың жалпы объектісі деген ұғымның құрылымы кең, оны ҚК әрбір
тарауымен, баптарымен қорғалатын объектілердің жиынтығы құрайды. Сондықган
жалпы объекті қорғауға алынған қатынастардың түріне, бағытына, қоғамдағы
маңыздылығына қарай топтық объектілерге бөлінеді.
Топтық объектілердің қылмыстық құқықтық маңыздылығы ретінде,
біріншіден, ҚК Ерекше бөліміндегі жекелеген қылмыстарды тарауларға бөлудің
басты негізі, осы біртектес қоғамдық қатынастардың жиынтығын білдіретін
топтық объекті болып табылатындығы, яғни қылмыстарды жүйелеу қызметін
атқара алады. Екіншіден, топтық объектілер қылмысты квалификациялау
барысында кұқық нормасын кезең арқылы іздеу кезінде қолданылады.
Сондықтан, қылмыстың топтық объектісі дегеніміз ҚК Ерек-ше бөлімінің
баптары арқылы қорғауға алынған біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып
табылады.
Біртектес қоғамдық қатынастардың атауы ҚК Ерекше бөліміндегі
тараулардың атауларында қолданылады.
Қылмыстың топтық объектілері заңмен қорғалатын қоғамдық өмірдің
салаларымен анықталады және меншік, қоғам қауіпсіздігі, жеке адам,
экономикалық қатынастар, экологиялык қауіпсіздік, отбасы мен кәмелетке
толмағандардың мүддесі т.б. Бұл заңның қоғамдық өмірдің барлық салаларын
қорғауға алатындығын білдіреді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше белімі 16 тарудан құралады. Ерекше бөлімде
қарастырылған қылмыстар топтық обьектілерге қарай тарауларға, бөлінуіне
сүйеніп, 16 топтық объекті бар екен деп түсінуге болмайды. Ерекше белімдегі
тараулардың санымен салыстырғанда топтық объектілердің түрлері көп. ҚК бір
тарауында екі немесе одан да көп топтық объектіге жататын қылмыстар кездесе
алады. Бір тарауда бірнеше топтық объектілердің қарастырылу себебі, ол
біріншіден, өзара ұқсас топтық объектілерді заң шығарушы жеке-жеке бөлмей
бір тарауға қосуына байланысты. Бүл топтық объектілердің мағынасы ұқсас
болып табылады. Мысалы, кәмелетке толмағандардың дұрыс тәрбиесі мен отбасы
мүддесі, қоғам қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп, сот әділдігі мен жазаның
атқарылу тәртібі т.б. Мұндағы кәмелетке толмағандардың тәрбиесін жеке
объекті ретінде түсіну керек, ал отбасының мүддесі ол да жеке объекті
ретінде бағаланады.
Бірнеше топтық объектілердің бір тарауда қарастырылуының келесі
себебі, ол бір топтық объектіге қарсы бағытталған қылмыстардың кей-де аз
болуына байланысты. Мысалы, қоғам қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп деген
ұғымдар жеке объектілер деп түсінсек, қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған
қылмыстар заңда екеу-ақ. Олар бұзақылық пен тағылық қылмыстары. Жаппай
тәртіпсіздік қылмысы қос объектілі, яғни қоғам қауіпсіздігі және қоғамдық
тәртіп деп анықталады. Бір топтық объектіге жататын екі қылмьіс түріне бола
заң шығарушы жеке тарау бөліп жатпайды және ондай топтың объектіге жататын
қылмыстарды өзіне ұқсайтын топтық объектімен бір тарау ретінде қосып
қарастырады.
Топтық объектінің құрылымы күрделі, ал атауы жалпы болуымен
ерекшеленеді. Бұл объектінің құрылымында осы салаға жататын нақты қоғамдық
қатынастардың түрлері болады және олар қылмыстық құқықта тікелей объекті
деп аталады. Қылмыстың тікелей объектісі дегеніміз заңмен қорғауға алынған
қоғамдық қатынастардың жеке түрі болып табылады.Тікелей объектілер нақты
қылмыс түрінің өмір сүру себебін білдіреді және топтық объектінің
бағытымен, мағынасымен ұқсас анықталады. Айырмашылығы тікелей объектілер
мазмұны бойынша нақты қоғамдық қатынастьң түрін білдіреді.
3. Қылмыстыц заты дегеніміз — кінәлі қылмыс жасау кезінде қолданатын
және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансыз
материалдық сапаға ие заттар болып табылады.
Қылмыстың заты жанды немесе жансыз болуы, ол кейбір қылмыстардың
жансыз материалдық заттарды, мысалы есірткі, атылатын қару, радиактивті
заттар, мүлік, құжаттарды пайдаланып немесе сол заттарға қатысты
әрекеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты саралау және оның ұғымы
Қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстың объевтивтік жағының түсінігі мен маңызы
Қоғамға қауіпті зардаптар
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық зардаптар
Пәндер