Ақмола облысы астрахан ауданы «Приишимское» жшс-нің жыртылған жерін реттестіру жобасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Жер - табиғи зат, ол адам еңбегінің нәтижесі емес. Жер - ерекше өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдарына қарағанда, мысалы машиналарға. Қазіргі кезде де бұл кейбір қиялы болып көрінетін, бірақта теориялық тұрғыдан мәні бар, радикалдық ұсыныстардың негізі болып отыр. Жер мәңгі және басқа құралдармен алмастыруға келмейтін өндіріс құралы. Егер де басқа өндіріс құралдарын қажеттілікке қарай қанша да және қашан да өндіруге болса, жердің көлемі шектелген, ол ұдайы өндіріске келмейді. Жердің бұл ерекшелігінен мынадай маңызды бір тұжырым туындайды: ол әрқашанда аса құнтты және ұқыпты пайдаланылуға тиісті. Жердің өндіріс құралы ретіндегі тағыда бір ерекшелігі орнының тұрақтылығы. Басқа жылжымалы өндіріс құралдарына қарағанда ол тұрған орнында ғана пайдаланылады. Жердің осы ерекшелігінен туындайтын тағы бір тұжырым: ол, жылжымайтын мүлік ретінде өзімен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарымен бірге, нарықтық келісімдердің объектісі болып табылады.
Басқа өндіріс құралдары ескіріп тозатын болса, жер ғылыми ұсыныстар негізінде пайдаланылса үнемі жақсара береді. Оның осы ерекшелігіне бүкіл агрономия ғылымы негізделеді.
Республика жер қорының аса маңызды категориясына - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты.
Жоғарыда айтылғандардан, жалпы жерге орналастыру кешенін құрайтын инжинерлік - техникалық және ұйымдастыру - шаруашылық шаралардың күрделілігі туралы тұжырым туындайды.
Өзіміздің елімізге тоқтайтын болсақ Қазақстан Республикасының жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасында Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.
Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бұл қауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында тәлімі егіншіліке дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі щаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.
Жер заңдарына тоқталатын болсақ жер Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалады. Жерге байланысты Қазақстан Республика-сының тәуелсіздігін алғаннан кейін бірнеше өзгерістер болды. Өткен он жылдықта жерге орналастыру, көпкладтық экономиканың негізі ретінде жерде шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға бағыттылған жер реформаларын қалыптастыруға бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған Жер туралы заңның орнына, 2003 жылдың 20 маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда екі құжаттың мазмұндары ұқсас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3, 5, 9, 10, 20 және 21 тарауларында айтарлықтай жаңашылдықтар байқалады.
Қазақстан Республикасының жер заңдарының міндеттері жерді тиімді пайдалану мен қорғау, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, табиғи ортаны қалпына келтіру, сақтау. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең дамыту үшін жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғаларды жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту жер қатынастары саласында заңдылығын нығайту мақсатында жер қатынастарын реттеу болып табылады.
Соңғы онжылдықтың ішінде Қ. Р. жер қатынастар құрлымы, сондай-ақ жерге орналастырудың өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгерді. Бүгінгі күннің тәртібінде осы кемшіліктерді жою, жер қатнастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру - шешімін күттіртпейтін мәселеге ай-налып отыр.
Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми сипаттама беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғарғы әлеуметтік - эконо-микалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеу, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа елді-мекендердің териториялары, бір-неше кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алаптары мен учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың құрылымына тоқталатын болсақ, реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықтарды құруға немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмысының мазмұны шаруашылықаралық (ШАЖО) және ішкішаруашылық (ІШЖО) түрлеріне бөлінетін болатын.
Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр-түрлі мемлекттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға ( өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа територияларында (аридтық және маусымдық жайылымдар ) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару және колекторлық -дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты .
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты мақсаты - шаруашы-лықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғарғы сапалы өнім алу, оның сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымдағы әр бір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастру) территорияны ұйымдастру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін үнемді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқада маңызды міндеттер шешіледі:
- топырақтың құнарлығын сақтау және көбейту;
- ауылшаруашылық алаптардың пайдалануылуын жақсарту, өңделетін жерлердің қарқындылығын көрсету;
- топырақ эрозиясы салдарын жою және болашақта эрозиялық процестерді болдырмау;
- суармалы жерлердің тұздану салдарын жою, ирригациялық эрозия мен қайта тұздануды болдырмау;
- барларын сақтап, жаңа мәдени ландшафтарды құру;
Алаптарды реттестіру экономикалық және экологиялық тұрғыдан не-гіздеу. Алаптарды реттестірудің тиімділігі олардың сапасының жоғарлауы-мен, ауылшаруашылық өнімнің жалпы шығымының көтерілуімен, таза кірістің өсуімен және күрделі қаржының қайтарылуы мерзімімен анықталады. Ауылшаруашылық алаптарының сапасының жоғарылауын жердің экономикалық бағасының және топырақтың бонитет балының өсуімен сипаттауға болады.
Алаптарды ұйымдастыру жобасының тиімділігін анықтау кезінде тех-никалық - экономикалық (таза) және экономикалық (құнды) көрсеткіштер есептеледі. Техника-экономикалық көрсеткіштерге алаптар құрылымын си-паттайтын коэффициенттер және ауылшаруашылық алаптарының сапалық құрамын сипаттайтын бонитет балы жатады. Экономикалық көрсеткіштерге алаптарды трансформациялау және жақсарту тиімділігі (шығындардың қайтарылу мерзімі, алаптарды трансформациялау және жақсарту кезіндегі таза кіріс) .
Бұл дипломдық жобаның тақырыбы, «Приишимское» ЖШС-нің жыртылған жер территориясын реттестіру болып табылады. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдан қорғау, мәдени ландшафтарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
1 Әдебиетті шолу
1. 1 Ішкішаруашылық жерге орналастыру
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау обьектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық өнімін өндірумен әртүрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шару қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т. б. ) айналысады. Олардың көпшілігі әртүрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кіргенмен, бірақ барлығыда өз еріктілігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар, ішкішаруашылық жерге орналастыру обьектісі ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелердің қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін. (3)
ІШЖО-дың басты мақсаты - шаруашылықтық субьектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетіне ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шығын жұмсап, максималды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құңарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.
ІШЖО-дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастыру) территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстарымен антропогенді әсерлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина-трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Территорияны ішкішаруашылық ұйымдастыру процесінде көрсетілген негізгі міндеттерден туындайтын немесе онымен тығыз байланысты бірқатар басқа да маңызды міндеттер шешіледі:
-Топырақтың құңарлығын сақтау;
-Ауылшаруашылық алаптардың пайдалануын жақсарту, өңделетін жерлердің қарқындылығын көтеру;
-топырақ эрозиясы салдарын жою және болашақта эрозиялық процестерді болдырмау;
-суармалы жерлердің тұздану салдарын жою, ирригациялық эрозия мен қайта тұздануды болдырмау;
-барларын сақтап, жаңа мәдени ландшафтарды құру;
-адамдардың дем алу, еңбек және тұрмыстық жағдайларды жақсарту.
Инженерлік бір стадиялы немесе екі стадиялы жобаларды жасау, оларды натураға көшіру және жүзеге асыру арқылы өтетін ішкішаруашылық жерге орналастырудың аумақты және толық мазмұны күрделі міндеттермен сәйкес келеді. Демек, «Ішкішаруашылық жерге орналастыру» ұғымы бұл - еңбекті және ауылшаруашылық техникасын ұтымды пайдаланып, топырақ құнарлығымен жердің басқада пайдалы қасиеттерін сақтап, көбейтіп, ауыл тұрғындарымен еңбек етуі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік немесе меншік формалардағы әр түрлі шаруашылықтық құрылымдардың ауылшаруашылық өндірісін территорияда ұйымдастыру үшін жүргізілетін шаралар жүйесі.
1. 2 ІШЖО жобасы, оның мазмұны мен жасау әдістемесінің реттілігі
ІШЖО жобасының мазмұны жерге орналастырылатын объектінің табиғи және экономикалық жағдайларына, шаруашылықтың өндірістік типіне, меншік формасына байланысты. Дегенмен, ІШЖО жобасының негізгі алты түрлі құрамдас бөлігін атап көрсетуге болады. Олар:
1. Өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру;
2. Ішкішаруашылық жолдарды, су шаруашылығы мен басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру;
3. Алаптарды ұйымдастыру;
4. Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру;
5. Жеміс-жидек және жүзімдік көшеттерінің (бақша, жидектік, жүзімдік) территориясын орналастыру;
6. Мал азықтық алаптардың территориясын орналастыру.
Жобаның осы аталып өткен құрама бөліктерінің әр қайсысы күрделі мәселелер кешенін шешуге арналған.
Көлемді есептермен және шаруашылық массивтерін (учаскелерін) немесе сызықтық контурларды орналастырумен тікелей байланысты элементтерге біріктірілген. Құрам бөліктерге бөлу және әр түрлі мәселелерді шешу кезінде олардың арасында тікелей немесе жанама байланыстар көп болғандықтан, әрқашанда дәл орындала бермейді. Дегенмен, мазмұндылығы әртүрлі жобалық мәселелерді шешу кезінде белгілі бір әдістемелік жүйелілікті қамтамасыз ету үшін ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасының барлық құрамдас бөлшектерін талдауға тура келеді. Құрама бөліктің біріншісінің мазмұны шаруашылықтың қазіргі жағдайларына түзетулер енгізу немесе жаңа құрылымын жасау, өндірістік бөлімшелерге бекітілген жер массивтерінің көлемдері мен межелерін, ішкішаруашылықтың мамандандырылуын, сонымен қатар шарушылық орталықтарының, фермерлердің, кешендердің тұрғын орындарын анықтау.
Екінші құрама бөлік шарушылық орталықтары және басқа да жерлермен байланыс жасау үшін пайдаланылатын ішкішарушылық жолдарды орналастыруды қамтиды.
Жобаның үшінші орталық құрама бөлігі - алаптарды ұйымдастыру болып табылады. Оның мазмұны әрбір жер учаскесін қазіргі кездегі талаптарға сай мелиорация, химизация және культуртехникалық шараларды қолдану арқылы пайдалануды көрсетеді. Алаптарды ұйымдастыру мазмұны екі элементке бөлінеді. Біріншісінің мақсаты - барлық жер алаптарын ауылшаруашылық айналымына енгізу арқылы, оларды жақсарту, мелиоративтік және басқа шараларды қолдану арқылы ауылшаруашылық алаптарын көбейту. Екіншісі - ауылшарушылық алаптарын интенсивті пайдалануды көтеруге, экономикалық тиімді және экологиялық ұтымды жыртылған жерді, жеміс-жидектік, жүзімдік және басқа плантацияларды анықтауға, яғни ауылшаруашылық алаптарын орналастырып, құрылымын жақсартуға бағытталған. Жобалық план мен алаптардың экспликациясында көрсетілген алаптарды ұйымдастыру нәтижесінде жұмысшы жобалар жасалады.
Алаптарды ұйымдастыру кезінде анықталған жыртылған жердің, жеміс-жидек көшетерінің, жайылымдар мен шабындықтардың ауданы, құрама бөліктің үшінші бөлімінде жасалған жұмыстар олардың ішін реттестіруді талап етеді. Ол жобаның төртінші, бесінші және алтыншы құрама бөлігі болып табылады.
1. 3 ІШЖО жобасының құрылымы
Ірі шаруашылықтарда шаруашылықты ұйымдастыру құрылымы келесідей болуы мүмкін: территориялық, салалық, біріктірілген.
Құрылымдық бөлімшелер ретінде реформаға дейінгі бөлімшелер, өндірістік учаскелер, бригадалар, цехтар және қазіргі уақытта жалға алу немесе командиттік басқару принципімен қайта құрылған кооперативтер бола алады.
Бұлардың қай-қайсысы болса да үш сатылы және екі сатылы болады: ауылшаруашылықтық кәсіпорын→өндірістік учаске (бөлімше) →бригадалар немесе ауылшарашылықтық кәсіпорын→бригадалар; кооперативтер, кіші кәсіпорындар немесе жалға алушы топтар. Аталып өткен әрбір топтың құрылымы нақты табиғи-экономикалық жағдайларды ескере отырып қолданылады. Олардың қалыптасуына мыналар әсер етеді:
- бұрыннан бар елді мекендердің саны, өлшемдері, орналасуы және жаңадан салу мүмкіндігі;
- жер пайдаланушылықтың өлшемдері мен конфигурациясы, жол қатынастары;
- жер пайдаланушылықтың территориясындағы алаптардың құрамы, ара қатынасы, орналасуы;
- өндірістік бағыты, өндіріс көлемі, салалардың құрамы мен өлшемдері.
Сонымен қатар, шаруашылықтың қалыптасу тарихымен, кадрлардың біліктілігімен, транспортпен және т. б. байланысты уақытша, өтпелі жағдайлар әсер етеді.
Өндіріс көлемі жоғары, бірнеше елді мекені бар, жер пайдаланушылықтары, жыртылған жерлері мен мал азықтық алаптары үлкен, астық өндіру, мал және қой өсіру бағытындағы ірі шаруашылықтар мен бірлестіктер, территорияда тарихи қалыптасуы бойынша, шаруашылықтық-ұйымдастыру құрылымы (шаруашылық-бөлімше-бригада) әдетте үш сатылы болады. Екі сатылы территориялық құрылыммен құрылған, өлшемдері онша үлкен емес, бірнеше елді мекендері бар шаруашылықтар да аз емес.
Салалық территориялары ықшам, 1-2 елді мекенді, мамандандырылу деңгейі жоғары, басқарушы кадрлары мен мамандары тәжірибелі, транспорт, байланыс құралдары сенімді, жолдары жақсы шаруашылықтарда жиі қолданылады. Салалық құрылыммен басқару басқарушы аппараттың біршама қысқаруына, жақсаруына, өндірістің нәтижелеріне мамандардың жауапкершілігінің көтерілуіне ықпал етеді. Өйткені, олар технологтардың да және өндірісті ұйымдастырушылардың да функцияларын қатар орындайды.
Территориялық-цехтық біріктірілген құрылым кеңінен таралған, яғни бөлімшелер мен олардың құрылымындағы цехтар сақталған. Ол жер пайдаланушылығы ықшамды емес, өлшемдері едәуір екі немесе одан да көп елді мекендері бар ірішаруашылықтарда құрылды. Шаруашылықтық-ұйымдастыру құрылымымен анықталатын ішкішаруашылықтық өндірістік бөлімшелердің саны мен өлшемдері күрделі қаржы көлеміне, басқарылу деңгейіне және әкімшілік-басқару аппаратының шығындарына, адамдардың өмірі үшін мәдени-тұрмыстық жағдай жасау мүмкіндігіне әсер етеді. Сондықтан, қарастырылып отырған мәселені шешу кезінде бұрыннан бар елді мекен, оның халқының көптігі, сумен жабдықталуы, транспорттың және байланыстың дамуы мұқият зерттеледі.
Бөлімшелердің санын өлшемдерін анықтаумен қатар, шаруашылықтың өндірістік типіне байланысты олардың мамандандырылуы анықталады. Бөлімшелер бойынша мал шаруашылығы салаларын орналастыруға алаптардың құрамы, табиғи және жақсартылған мал азықтық алаптар арқылы мал азығы базасын құру мүмкіндігі, бұрынғы құрылыстар мен ғимараттар, олардың сыйымдылығы, баланстық құны, білікті мамандардың болуы, сумен қамтамасыз етілгендігі әсер етеді.
ІШЖО жобаларын жасау кезінде территорияны инженерлік жабдықтау объектілері орналастырылып, негізделуі тиісті. Шаруашылықтық және жеке орналасқан өндірістік орталықтардан басқа мұндай обьектілерге мыналарды жатқызуға болады:
1. Ішкішарушылықтық жолдар;
2. Мелиоративтік құрылыс (суару және құрғату) обьектілері және ондағы негізгі ғимараттар (тоғандар, су қоймалары, көлтабандар, магистралды каналдар, коллекторлар және т. б. ) ;
3. Сумен жабдықтау және суландыру обьектілері;
4. Негізгі орман мелиоративтік және эрозияға қарсы гидротехникалық обьектілер.
Жобаның бұл құрам бөлігіне жер алаптарын ұйымдастыру және оларды реттестіру жөнінде жобалық шешімдерді әзірлеуге әсер ететін, территорияны инженерлік жабдықтаудың ең негізгі объектілерін орналастыру кіреді. Мұндай объектілерді орналастыру басқа құрам бөліктерімен келістіріле жүргізіледі.
Территорияда орналастыру сипаты және алып жатқан көлеміне байланысты инженерлік жабдықтау объектілерін екі топқа біріктіруге болады: сызықтық (жолдар, каналдар және т. б. ), көлемдік (суару, құрғату обьектілері, тоғандар және т. б. ) .
Жоғарыда аталып өтілген объектілер өздерінің мақсаты, алып жатқан жер көлемі, оларды салуға және пайдалануға кеткен шығын мөлшері, орналасу шарттары және орналастыруға қойылатын талаптары бойынша ерекшеленеді. Осыған орай төмендегідей талаптарды атап өтуге болады:
1. Обьектілердің жақсы жұмыс істеуі және жерді пайдалану деңгейін көтеру ролін атқару үшін, қолайлы жағдай құру;
2. Жерді тиімді пайдалану және өндірістің территориялық дұрыс ұйымдастырылуы үшін жағдай құру мақсатында оларды бір-бірімен, жобаның басқа құрамдық бөліктерімен келістіре орналастыру;
3. Территорияны жабдықтау объектілеріне (жолдар, каналдар және т. б. ) құңдылығы төмен және пайдаланылмайтын жерлерден бөлу;
4. Объектілерді орналастыру кезінде техникалық және табиғат қоғау талаптарын сақтау;
5. Объектілердің құрылысына жұмсалатын күрделі қаржының және оларды пайдалануға жұмсалатын жыл сайынғы шығынның минималды болуын қамтамасыз етеді.
Территорияны инженерлік жабдықтау объектілерін жобалау осы шаруашылықта және көршілес жер пайдаланушылыққа жасалған болжау мен жобалық әзірлемелермен келістіріледі. Ол үшін камералды дайындық жұмыстары кезінде әр түрлі жобалық ұйымдардан және шаруашылықтан қажетті материалдар алынады. Ауданның жерге орналастыру схемасынан есептік кезеңге жобаланған, инженерлік жабдықтау объектілері жөніндегі көшірмелер жасалады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, құрғату, суландыру, су шаруашылығы құрылысы және т. б. объектілер бойынша облысты (өлкені), ауданды мелиорациялау схемасы; жол желісінің даму және орналасу схемасы, орман-мелиоративтік көшеттер және гидротехникалық қондырғылар көрсететін эрозияға қарсы шаралар схемасы пайдаланылады. Ең дәлірек мәліметтерді ішкішаруашылық жолдар, тоғандар, су қоймалары, мелиоративтік және басқа объектілерді салу жобасынан алуға болады.
Жиналған материалдарды талдау нәтижесінде олардың жарамдылығы және қажетті далалық дайындық жұмыстардың көлемі анықталады. Алынған мәліметтер актіде, жерге орналастырулық зерттеулер сызбасында және түсіндірме қағазда көрсетіледі.
1. 4 Ішкішарушылық жолдарды орналастыру
Орталық елді мекенді олардың бөлімшелерімен, мал фермаларымен, далалық қостармен, өнімді дайындау, сақтау және қайта өңдеу пункттерімен, басқа да агроөнеркәсіптік объектілермен қосатын, сонымен қатар ортақ пайдаланылатын жолдармен транспорттық байланыс жасауды қамтамасыз ететін жолдар ішкішаруашылық жолдарға жатады.
Автомобиль жолдары бес категорияға бөлінеді. Қозғалыс қарқындылығына байланысты СНиП П-Д-5-72 сәйкес шаруашылық жолдары, ал ішкішарашылық жолдар категорияға жатады. Олар төрт топқа бөлінеді: басты ішкішарушылық жолдар; подъездер; негізгі далалық жолдар; ауылдық елді мекеннің территориясындағы жолдар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz