Құнды қағаздар – тарихы мен мәні, түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Құнды қағаздар . тарихы мен мәні, түрлері
1.1. Құнды қағаз нарығы оның басты негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Құнды қағаздар түрлері және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ. Құнды қағаздар қозғалысы
2.1. Жалған капитал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2. Құнды қағаз нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3. Қор биржалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІІ. Қ.Р.ғы бағалы қағаздар нарығының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Құнды қағаздар нарығы – бұл қаржы нарығының бір бөлігі. Құнды қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, шағын кәсіпорындарды қолдау, ақша айналысын нығайту. Бағалы қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндеттерді шешу тек брокерлер, дилерлердің көмегімен бағалы қағаздар нарығының қандай жағдайда, қашан, қандай шартпен, қандай бағалы қағаздарды шығару қажет екендігін біледі.
Бағалы қағаздар нарығы екіге бөлінеді: бастапқы және қайталама.
Бастапқы базары жаңа құнды қағазды шығарып сатумен көрсетіледі. Акция мен облигацияны бастапқы базарда сату нәтижесінен эмитенттер өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады да, ал бағалы қағаздар бірінші сатып алушылардың қолында қалады. Ізінше бірінші инвестор бұл қағаздарды басқа тұлғаға қайта сата алады, ал ол өз кезегінде келесі салым салушыға еркін сата алады. Келесі қағаздарды сату қайталама базарды құрайды, мұнда эмитенттер үшін жаңа қаржы ресурстары жұмылдырылмайды, тек келесі инвесторлар арасында ресурстарды қайта бөлу орын алады.
Бағалы қағаздарды тез қайта сату үшін механизмді құруда, қайталама базар оларға деген салым салушылар жағынан сенімнің артуын көтереді, олардың жаңа қор құндылықтарын сатып алу ынтасын ынталандырады және сол сияқты өндіріс мүддесіне сай қоғамның ресурстарын толық жұмылдыруға қабілетті.
Жалпы, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың қажеттілігі жоғары: біріншіден, ол мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті ресурстармен қаржыландыру қажеттілігі туындаған кезде тікелей байланысты, сонымен бірге, үкіметтің бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін өте қажет; екіншіден, азаматтардың бағалы қағаздарды алуы нәтижесінен барлық ресурстар өте тиімді жұмыс істейтін сфераларға салынуын көрсетеді.
1. Қ.Р. заңы «Бағалы қағаздар нарығы жөнінде» 5.03.1997 ж.
тағайындалған //– 02.06.2003 ж.
2. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Ведение в фондовые операции.
М, :Фис,
3. Фельдмана А.А Гос. Ценные бумаги. Учебное пособие (2-ое изд. –
М, :Инфра – 1995ж.)
4. Фельдман А.А. Депозитные и сбнрнгательные сертификаты.
Чековое обращение. Пособие. М:Инфра – М, 1995ж.
5. Шарипбаев А.А, Ануарбеков Е.А Справочник по ценным бумагам
Р.К Алматы, РИК, 1995ж.
6. Аграхов М.М Учение о ценных бумагах. М: Финстат. Информ ,
1993ж.
7. Под редакцией В.А. Галанова, А.И. Басова Биржовое дело,
Учебник. М:1998ж.
8. Б.А. Көшенова. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. Алматы.
1999ж.
9. Аль-Пари // №1(79) 2004 ж.
17. ҚР Президентінің жарлығы «БҚ шығаруы мен Қор биржасы
жөнінде» 1995ж.
18. Бағалы қағаздар жөнінде жарлық, 1994 ж.
19. Депозиттік сертификат жөнінде жарлық, 1992 ж.
20. ҚР Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын шығарылуын тіркеу
мен оларды қайтару тәртібі.
21. ҚР Президентінің «БҚ нарығы жөнінде» 1995ж.
22. ҚР Президентінің «Акционерлік қоғамдар жөнінде» заңы 1995 ж.
23. Кәсіпкерлік қызметті бағалы қағаздар нарығында лицензиялау
тәртібі.
25. Б.А. Көшенова. «Бағалы қағаздар нарығы».Алматы 2000ж.
26. Шалғынбаев А.Р. «РЦБ и фондовый рынок в Казахстане» Алматы
- 2000ж.
27. Бердникова Т.Б. «РЦБ и биржовое дело» Москва -2002 ж.
28. Чернецкая Г.A. «Практикум по рынку ценных бумаг» Москва –
2002ж.
29. Масленников В.В. «Биржовое дело» Москва, 2000ж.
30. Агратов А., «Учение о ценных бумагах» М.: Наука, 1994 ж.
31. Алехин Б.И. «Рынок ценных бумаг: введение в фондовые
операции» М.: Финансы и статистика, 1991 ж.
32. Балабанов В. «Основы финансового менеджмента» - М.:
Финансы и статистика, 1994 ж.
33. Блозецева Г., «Руководство по биржевому делу» - М.:Финансы и
статистика, 1990 ж.
34. Мусатов П., «Фондовая биржа» М.: Финансы и статистика, 1990 ж.
35. ЯГончаренко Л.И., «Ценные бумаги: учет и налогоблажение»,
1992ж.
36. Л.Энджел, Б.Бойд «как покупать акции» - М.: Дело, 1992 ж.
37. Алесеев Ю.Ж., «Рынок ценных бумаг», М.: Финансы и статистика,
1990 ж.
38. Миркин Я.Ж. «Ценные бумаги и фондовый рынок» М.:
Перспектива, с532
39. Красавина Л.Н. «Денежное обращение и кредит при капитализме
- М.: Финансы и статистика, 1989 ж.
40. Личагин М.В., Фондовая биржа: Как считать биржевые журналы
// ЭКО, 1991 г. 36 ю
41. Васильева А., Биржевая спекуляция, СПБ, 1992г.
42. Роде Э., Биржи. Валюты современного капитализма, М.: Финансы
и статистика, 1986 г.
43. Кирилов КВ., Операции на бирже. М.: Прогресс, 1993г.
44. Рынок ценных бумаг// Международный информационно-
аналитический журнал

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Құнды қағаздар – тарихы мен мәні, түрлері
1.1. Құнды қағаз нарығы оның басты
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .5
1.2. Құнды қағаздар түрлері және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ. Құнды қағаздар қозғалысы
2.1. Жалған
капитал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .10
2.2. Құнды қағаз нарығының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. Қор
биржалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13

ІІІ. Қ.Р-ғы бағалы қағаздар нарығының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 24

Кіріспе

Құнды қағаздар нарығы – бұл қаржы нарығының бір бөлігі. Құнды
қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан
қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге,
нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға
мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге
мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын
қалыптастыру, шағын кәсіпорындарды қолдау, ақша айналысын нығайту. Бағалы
қағаздар нарығының міндеті – бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып
алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндеттерді шешу тек брокерлер,
дилерлердің көмегімен бағалы қағаздар нарығының қандай жағдайда, қашан,
қандай шартпен, қандай бағалы қағаздарды шығару қажет екендігін біледі.
Бағалы қағаздар нарығы екіге бөлінеді: бастапқы және қайталама.
Бастапқы базары жаңа құнды қағазды шығарып сатумен көрсетіледі. Акция мен
облигацияны бастапқы базарда сату нәтижесінен эмитенттер өзіне қажетті
қаржы ресурстарын алады да, ал бағалы қағаздар бірінші сатып алушылардың
қолында қалады. Ізінше бірінші инвестор бұл қағаздарды басқа тұлғаға қайта
сата алады, ал ол өз кезегінде келесі салым салушыға еркін сата алады.
Келесі қағаздарды сату қайталама базарды құрайды, мұнда эмитенттер үшін
жаңа қаржы ресурстары жұмылдырылмайды, тек келесі инвесторлар арасында
ресурстарды қайта бөлу орын алады.
Бағалы қағаздарды тез қайта сату үшін механизмді құруда, қайталама
базар оларға деген салым салушылар жағынан сенімнің артуын көтереді,
олардың жаңа қор құндылықтарын сатып алу ынтасын ынталандырады және сол
сияқты өндіріс мүддесіне сай қоғамның ресурстарын толық жұмылдыруға
қабілетті.
Жалпы, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың қажеттілігі
жоғары: біріншіден, ол мемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды, жеке
кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті ресурстармен қаржыландыру
қажеттілігі туындаған кезде тікелей байланысты, сонымен бірге, үкіметтің
бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін өте қажет; екіншіден, азаматтардың
бағалы қағаздарды алуы нәтижесінен барлық ресурстар өте тиімді жұмыс
істейтін сфераларға салынуын көрсетеді.

І. Құнды қағаздар – тарихы мен мәні, түрлері
1.1. Құнды қағаз нарығы оның басты негіздері

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла бастады. Сол
кезеңдегі ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты, сауданың
аясы кеңіді, ал осы Мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлерге
ірі капитал сомасына деген қажеттілік туды. Оның үстіне, теңізден шалғай
нарық пен шикізат көзін игерумен байланысты орындалатын шығындарды
жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық
компаниялары акционерлік коғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен
сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар - бағалы қағаздарды
бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары бүгінгі күнге
дейін Лондон мен Торронто биржаларында сатылуда. XVI-XVII ғғ. Англиядағы
акционерлік компаниялар, капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін
қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
Сол кездегі Лондондық брокерлер, келісімді тікелей көлемде немесе
кафелерде жасаған. Осыдан да болар көше рыногы деген атқа ие болуы.
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы ірі өңдеуші өнеркәсіп орындарының
құрылымымен байланысты акцияны сату - кең өріс алды. Бұған жауап ретінде
лондондық брокерлер 1979-жылы королеваның иелігінің бір бөлігінің бірін
жалға алды. Сөйтіп, тұнғыш рет лондондық қор биржасы дүниеге келді. Көше
рыногымен қатар ұйымдасқан рынок тез даму алды. Ол, алғашқы американдық қор
биржасы 1779 жылы Филодельфияда пайда болды. ал, І972 жылы бұған парапар
бүгінде әлемге әйгілі Нью-Йорк биржасы құрылды.
Бүгінгі таңда дүниежүзінің 60-тан астам елінде шамамен 200 биржа
бар. Солтүстік Америкада - 15 биржа (канадалық бесеуін қосқанда), еуропада
-100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада - 20, қалғандары Африка,
Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір-бірден
биржа бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде
бар. 31 биржа халыкаралық қор биржаларының федерациясына кіреді. Бұл
федерацияның мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету
және бағалы қағаздар нарығының құрылымын үйлестірІп отыру болып табылады.
Бастапқыда биржалар акциялар сатумен емес, үкімет пен теміржол компаниялары
шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса, ірі машина
өндірісінің инфрақұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын. Өткен
ғасырдың аяғынан бастап, акционерлік меншіктің кеңінен дамуы, биржаларды
акциялар сатуға мамандандырады да, облигациялармен жұмыс - көше нарығына
ауысты.
XIX - ғасырдың 60-жылдары тағы бір маңызды оқиға болды.
Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарған бағалы қағаздармен делдалдық
операцияларды жүргізуді упииерсалды инвестициялық банктер өз қолдарына
алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді (аз мөлшерде
Франциядан). Маклер, биржа, акция деген ұғымдар - осындай финанс
инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.
Құнды қағаз нарығы оның басты негіздері
Сонымен бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының
бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы нарығын құрайды. Банк - шын
мәнінде коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес) қарызды бір
жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып,
олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын
осылайша бөлу - капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен
байланысты. Бағалы қағаздар нарығы, банктың несие жүйесін толықтырады.
өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер, бағалы
қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға - жаңадан шығарылған бағалы
қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банкттерге артық бағамен сату
үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар нарығының маңызды бөлігі - ақша нарығы болып
табылады. Онда қысқа мерзімді қарыз міндеттемелері бар қазыналық вексельдер
айналыста болады. Ақша нарығы, қолда бос тұрған ақшаларды, мемлекетке
берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке
адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға, пайдалануға мүмкіндік
жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.
Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар да нарықты сатып алу,
сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін кұрайды. Нарықтың
мөлшері - қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы - тікелей алғашқы және қайталама нарықтан
тұрады. Алғашқы нарықта - мемлекеттік және муниципалды облигациялар,
сол сияқты акциялар, облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны
қаржылық және қаржылық емес тұлғадағы әр қилы акционерлік компаниялар
шығарады. Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары:
коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру
компаниялары зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке
адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер
арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Бағалы қағаздардың қайталама
нарығы - эмитент бағалы қағаздарды, орталықтанған немесе орталықтанбаған
сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар спецификалық тауар,
барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну
құнының мәні - белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни, пайыз (облигациялар
бойынша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы
қағаздардың кұн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

1.2. Құнды қағаздар түрлері және мәні

Бағалы қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар.
Олар: ақшалар, облигациялар және олардан туындайтын қағаздар.
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі -
корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің
бөлігіне иелік ететін болауды. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаржы куаттылығы артады.
Акция иссі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алады.
Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады.
Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімге (қарызды) және қарыз пайызын
төлеуге міндеттенеді. Ол - қарыз арқылы алынатын пайданың бір бөлігі.
Дивидендтен пайыздың өзгешелігі - тұрақты әрі банк ставкаларының өзгерісіне
тәуелсіз. Сондықтан да, облигацияларды, белгілі бір табыс әкелетін бағалы
қағаздар деп атайды. Әдетте бір табыс қарызының қызмет мерзімі бойынша
бірдей үлеспен төленеді.
Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни,
инвесторлар үшін тартымдылығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте акцияларға
қарағанда жинақы сақталу кепілдігі молырақ. Әсіресе, мемлекеттік
облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары.
Бағалы қағаздардың басқа да түрлері бар. Мысалы, ордерлер -
қозғалмайтын мүліктерге катысты: бағалы қағаздар, опциондар, фьючерлік
келісімдер, Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алыпсатарлар үшін де
тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы тұрғысынан
ең сапалысы - мемлекеттік облигациялар, әсіресе - қазыналық билеттер.
Олардан кейінгі жеке облигациялар және ірі компаниялардың көп дауысты
акциялары. Белгісіз жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы
төмен дәрежеге жатады.
Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион кызметкердің 47 миллионы
акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай
тартымдылық күші бар? Біріншіден, болашақта ескі инвестициялардың еселеп
өсуімен байланысты. Айталық бір акцияны 100 долларға сатып алдыңыз дедік,
ал он жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция
1000 доллар табыс әкеледі. Екіншіден, акция ұстаушыларға оның қатаң заңды
нормасының болмағандығына қарамастан, дивиденд төленіп отырады. Үшіншіден,
акцияны ұстаушының дауыс беру құқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай
да құкықтары бар. Төртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.
Акционер - кәсіпорынның жеке меншік иесі, осы тұрғыдан оның
бірқатар құқы бар. Жылдық және төтенше жиналыстарда акционерлер
компаниялардың кызметіне бақылау жасайды. Олар, менеджерлер көмегімен
бизнесті бағыттап, бақылап отыратын директорлар сайлайды. Олар төтенше
маңызы бар мәселелер бойынша шешімдерді бекітеді, атап айтқанда:
корпорациямен қосылу, бизнес, сату немесе жою, жарғыға түзетулер мен
толықтырулар енгізу. Әдетте. бір акция бір дауысқа ие. Дауысқа иелігі жоқ
акциялар да болады. Оларлың белгілі бір жеңілдіктері бар. Жеңілдіктің бір
түрі акция ұстаушыға, жүйелі түрде, белгіленген мөлшерде дивиденд
(облигациялар пайызы сияқты) төленіп отырады. Ал енді жеңілдік ерекшелігі -
компанияны жабу кезеңінде, осы акция иегерінің, бірінші кезекте -
мүліктерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігіне ие болу құқы бар.

ІІ. Құнды қағаздар қозғалысы
2.1. Жалған капитал

Бағалы қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның
үштен екісі жаңадан бағалы қағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт
оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін бағалы қағаздардың
өзіндік айналымы басталады.
Қайталама нарық көше нарықтары мен биржалардан тұрады. Ол екі
түрлі қызмет атқарады: сатып алушыларды сатушылармен кездестіреді және
сұраныс пен ұсынысты теңестіріп отырып, бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.
Негізінен барлық облигациялар көше рыногының айналасында болады. Бағалы
қағаздарды сатып алуға деген сұранысты алысымен, брокер телефон арқылы өз
әріптесін іздейді, өйткені ол кім сататынын жақсы біледі, кейбір жағдайда
телефонмен әңгімеге ондағы брокерлер қатысады, онда кішігірім телефон
биржасы көрініс алады.
Бағалы қағаздар нарығы несие-қаржы жүйесінің бөлігі ретінде,
мемлекеттік бақылау мен реттеудің қатаң объектісі болып табылады. Сонымен
нарық болуы үшін: сұраныс пен ұсыныс, аралық қызмет атқарушы реттеу және
өзін-өзі реттеу жүйесі болуы керек. Бағалы қағаздарға деген сұраныс
халықтың әлеуметтік - тұрмыс дәрежесімен анықталады. Тұрмыс дәрежесі жоғары
болған сайын табыстың басым көпшілігі жинақтанады да, адамдар бағалы
қағаздарды сатып алуға мүдделілік көрсетеді. Бағалы қағаздарға сұраныстың
дамуы - қаржы жүйесін қайта құрумен байланысты. Бағалы қағаздар нарығында
қандайлық дәрежеде болмасын белсенділік күтер болсақ, салық жүйесін
жетілдіріп отыруда, бүгінгі уакыт талабы - нарық талғамы.
Ендігі, бағалы қағаздар нарығының түрлеріне жеке-жеке тоқталып
өтейік.

Жалған капитал.
Жалған капитал - құнды кағаздар: акциялар, облигациялар,
вексельдер және басқа түрлерде көрінетін капитал. Оның пайда болуы - қызмет
аткаратын, яғни өндірістік капиталмен тікелей байланысты. Мұндай
қағаздардын шығуымен капитал бөлінеді. Бір жағынан өндірістік капитал
түрінде нақты капитал, екінші жағынан, оның кұнды қағаздардағы көрінісі
өмір сүреді.
Шын капитал - өндіріске жұмсалып, осы салада қызмет атқарады. Ал
бағалы қағаздар, капиталдын қағаз түріндегі дублиаты, көшірмесі. Жалған
капиталдың пайда болуы: коммерциялық және өндірістік кызметтердің ұлғайып,
күрделену нәтижесінде - көп көлемде несие ресурстарын қолдану
қажеттілігімен байлалысты. Сөйтіп. жалған капитал тарихы, қарыз капиталы
негізінде дамиды., өйткені бағалы қағаздарды сатып алу дегеніміз - ақша
капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыздың өзі - несиелік
кұжат түрін қабылдамайды, тек ол арқылы тұрақты түрде табыс келтіру құқына
ие болады. Табыс - қарына берген капитал үшін, пайыз немесе дивиденд
түрінде түседі. Осындай операциялар нәтижесінде пайда болған кағаз, оның
иесіне қарызға берілген капиталдың иеншікті құқын сақтап, оны пайыз бен
дивиденд есебінен көбейту мүмкіндігін береді. Пайда болған алдамшы капитал,
өз алдына емір сүре бастайды. Ол мынадан көрінеді: оның құқы - қағаздардың
жиынтық курстық бағасы, тек қағаздың құндылығын білдіретін өндірісітік
капитал қызмегінің әсерімен өзгеріп қана қоймай, сонымен катар басқа
факторлардың, айталық саяси жағдайлармен байланысты да өзгертеді.
Жалған капитал, істегі капиталдың мөлшеріне қарай да ауытқуы
мүмкін, оның бірнеше есе көтеріліп, тіпті азайып, қысқаруы мүмкін.
Өндірістік капиталға бағынышты емес бағалы кағаздардың өмірі, өз бетінше
айналуынан да көрінеді. Теориялык тұрғыдан, біріншіден, қарыз беру
актісінің нәтижесінде - меншікті капиталдан қызмет капиталы бөлінеді және
екіншіден, жоғары дәрежеде өнімділігі бар қағаз ақша капиталы қолма-қол
каржыға айналу қабілеті бар ақшаға айналады.
Алдамшы жалған капиталдың мөлшері - кағаздың жиынтық курстық
бағасы. бағалы қағаздардан түскен табыстың капиталға аймалуымен анықталады.
Жалған капиталдың атқаратын негізгі қызметі -сатушылардың ақша
қаржыларын өндірісті үйымдастыру мен " ұлғайтуға жұмсауы. Тағы бір кызметі
ақпараттық хабарламалар тарату. Бағалы қағаздар нарығындағы жағдай,
инвестораларға елдегі экономикалық конъюиктура туралы ақпарат беріп,
капиталын қайда жұмсауға болатындығына бағыт-бағдар сілтейді.

2.2. Құнды қағаз нарығының құрылымы

Алғашқы және қайталама нарық. Ілгеріде атап көрсеткендей, құнды қағаздар
нарығы - алғашқы және қайталама болып бөлінеді. Алғашкы нарық құнды
қағаздар шығарып сатуға қатысты. Акция мен облигацияларды алғашқы нарыққа
сатудың нәтижесінде, эмитент өзіне қажетті қаржыларын алады. Әр биржа
бағалы қағаздарды қабылдауда өз талаптарын қояды. Сондықтан да
комнаниялардың қағаздары котировкаға түселі- Кейбір биржаларда бағаланбай
жатады. Биржадан тыс айналымға екінші рет қатысатын компаниялардың
қағаздары бір мезгілде биржада және биржадан тыс та айналымға түседі.
Биржадан тыс нарық- телефон, телекс, компьютерлер негізінде
әрекет етеді, оларды бір организмге біріктіріп, мыңдаған фирмалар
байланыстырады. Егер биржа нарығының ірі беделді компаниялардың қолы жетсе,
биржадан тыс нарыққа кез-келген компаниялар қатыса алады. Ол үшін, екінші
реттегі қайталама осы қағаздардың түрін қолдайтын, брокерлік фирмаларды
табу керек. Мысалы, АҚШ-тағы биржадан тыс айналым жүйесі - ол жүйе НАСДАП
деп аталады. Кейбір компанияның акциялардың котировкадан өткізу үшін, олар
кемінде дилер фирмаларында тұрақты сатылып және сатып алулары тиіс және
әрбір фирманың 25 доллар таза капиталы немесе операция жасау үшін қағаздар,
әр түрлі есептегенде, 2,3 мың доллар болуы қажет. Диллер
фирмасының өзінің айналысатын қағаздарын ЕАСДАП жүйесіне тіркейді.

2.3. Қор биржалары
Бағалы кағаздардың екінші ретегі нарығының қайнаған ортасы - қор
биржасы. Қор биржасы, белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы
қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржаның пайда болу нарықтық
қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге
келуі шикізат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды
сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері
- бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.
Биржаның ерекше белгілері - белгілі бір ережелермен сипатталған
қызметтері мен ұйымдық құрылымы: сауданы саудаласу, нақты сату, тауарды
көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
1. құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді;
2. құнды қағаздар құнын тіркейді, акция түрлері мен облигацияларға
инвестордың қатынастарын жинақтайды. Бағалы қағаздарды тікелей сату
мен сатып алу жүретін орнын белгілейді;
З. капиталдың бір саладап, кәсіпорыннан басқа салаға ауысуының механизмін
зерттейді;
4. бүкіл елдің және жекелеген салалардың іскерлік белсенділігінің
экономикалық барометрі саналатын биржалар, экономикалық құрылымдық бағытын
қайта бағалауға көмектеседі;
Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт
бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші
жағдайда, олар акционерлер меншігінде, екіншісінде - мемлекет меншігі, оның
жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастыру мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құнды қағаздардың мәні
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫ
Ақшаның формалары мен түрлері
Артықшылықты акция әдетте атаулы бағалы қағаз
Бағалы қағаздар нарығы: тарихы мен мәні
Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Қаржылық инвестициялардың мәні және объектілері
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
Банк жүйесі жайлы
Пәндер