Нормативтік-құқықтық актілер түсінігі,түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 Тарау. НОРМАТИВТІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ...4
1.1 Нормативтік.құқықтық актілерді жүйеге келтірудің
түсінігі мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ...10

2 Тарау ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ТҮСІНІК БЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Нормагивтік.құқықтық актілерге түсінік беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

3 Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі ... ... ... .26
3.2 Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және
адамдарды қамтуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері болады.
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға, мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 Тарау. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ...4
1.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің
түсінігі мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4
1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .10

2 Тарау ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ТҮСІНІК
БЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...14
2.1 Құқықты іске асырудың түсінігі, оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Нормагивтік-құқықтық актілерге түсінік
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

3 Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 26
3.1 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі ... ... ... .26
3.2 Нормативтік актілердің заңды күшінің уақыты, кеңістігі және
адамдарды
қамтуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..35

Кіріспе
Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне
қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және
заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері
болады.
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң
жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар
әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып
келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды
демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға,
мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және
мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен
мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға
халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері
туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен
өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс
жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап
көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін
білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы
халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген
мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап
Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса
бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында
барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси құқықты ғана
емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.
Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида бар:
Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар өзара
тиімділік принципіне негізделген халықаралық экономикалықынтымақтастықтан
және халықаралық құқықтан туындайтын міндеттемелеріне қандай да бір
нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің табиғи байлықтары мен ресурстарына
еркін билік жүргізе алады (1 - бап).[1]

1 Тарау
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТҮСІНІГІ,ТҮРЛЕРІ
1.1Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің
Түсінігі мен мазмұны
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
(әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде
жүмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік катынастарды реттеп, басқарып отырды.
Қоғамның басқа салаларындағы катынастарды әлеуметтік нормалардың баска
түрлері (мораль, әдет-ғүрып, дәстүр, діни т.б.) реттеп, басқарып отырды.
Кейін нормативтік актілер сол салалардағы катынастарды бірте-бірте өзі
реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мемлекеттерде
құқықгық нормалар қатынастарды реттеп, баскарудың басым түріне айналып
отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда,
құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл
атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1.Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды.
Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2.Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы
қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3.Нормативтік актілердің мазмүны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл
болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар"акті" - деген атпен әртүрлі
мағынада қүжаттар шығарып жатады.
4.Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында
шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік
процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі,
соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының
өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
-мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
-мемлекет пен құқықгың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
-құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
-рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъекгивтік өзгерістерді реттеп, басқару
үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бүл
процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
-құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
-лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
-мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен, нормативтік - құқықтық актілер - ресми заңды нормативті
мемлекеттік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның
халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның
құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
-нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе
жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
-нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар қүжаттары ерікті орындалмаса,
оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
-нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып
шығады, олардың занды нысандары болады;
-нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі кдтынастарды реттеп,
баскдрады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшіне карай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар және
заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын нормативтік
актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;
- нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады:
қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: занды шығарушы органдардың актісі;
заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды кдмтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"— деуге болады. Заңның белгі-нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге
тиісті);
- заңды ешкдндай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамта- масыз етіледі.
Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның баскд
да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару кизметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы
қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық
актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер
(Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары). Жергілікті басқару
органының актілері — маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары.
Ведомстволық актілер министрліктердің бүйрыктары, шешімдері,
инструкңиялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік акгілерінің және
халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және
заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Сотгың
шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері,
талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында
барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен
азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша,
ол жасалған қьілмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дөлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының
пайдасына қарастырылады.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақгардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(Конституцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конституциялық бақылау Қазақстан Республикасыңда Конституциялық Кеңестің
күзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады,
Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын қамтамасыз етуді,
азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқыктары мен бостандықтарын қорғауды,
биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты қызметтерді атқарады.
[2]

1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері

Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне
қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы сан алуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және
заңды тұлғаларға өте киын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері
болады:
1) Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация:
Инкорпорация - нормалардың мазмүнын өзғертпей саласалаға бөліп, алфавит
бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы
нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация ~ мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа
сілтеме жасауға болады;
- бейресми инкорпорация - жеке және занды түлғалардың жасаған жинақтары,
оған сілтеме жасауға болмайды;
- хронологиялық инкорпорация — норманың қабылданған уақыттарына сәйкес
жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - қүкьіқгың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне
сәйкес нормаларды жинақгау; бүл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі
ең күрделісі — заңдардың жинағы (свод законов). Басқа жинақтардан заң
жинағының ерекшеліктері:
1). Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте
бекітіледі.
2). Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері
болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып,
қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.
3). Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, заңды күші бар нормативтік актілердің
барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде
кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік
жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып,
реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне
сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді,
кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды,
қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге
айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің
құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып
саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған
мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік ақт құқық
шығармашылықгың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды
реттеп, басқару мазмұнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды,
олқылықты, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән
ерекшеліктері:
1). Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан
консолидация заң шығармашылықтың бір түрі.
2). Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері
жойылады. Оның орнына біріккен нормативтік актінің заңды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу
процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады, Біздің Қазақстан
мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация - нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп, ғылыми
түрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық нормалардың
қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң
шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны
өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықгары
толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртұтас
кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар,
бөлімдер, баптар. Бірақ олардың арақатынасы тұрақгы, ықшамды, ғылыми
байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске
асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор.
Сонымен кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1). Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық
кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқыктың салаларына сәйкес біртұтас
кодекс болып шығуы.
2). Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі
өкілеттігіндегі мәселе.
3). Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң,
зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен
қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі
-барлық нормативтік актілерді жинақгау, сақтау, бақылау және оларды
пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың
міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке
тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті
құжаттарын, естеліктерді, ғылыми- техникалық, мәдени, білім жетістіктерін
мәңгі сақгауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға
болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру
әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға
алып, қатаң тәртіп орнатьіп, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді
кдмтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды
толық есепке алып, жинақгап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
- кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері,
уақьггы, нөмірі;
- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;
- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдап,
сақталатын жүйе.[2]

2 Тарау
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТҮСІНІК БЕРУ
2.1Құқықты іске асырудың түсінігі, оның мазмұны
Құқықтық нормалар қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару
үшін өмірге келіп, өзгеріп, ескеріп, жаңарып, дамып жатады. Ол нормалар
адамдардың, бірлестіктердің, одақnардың, ұжымдардың, ұйымдардың іс-
әрекеттеріне, жұмысына дұрыс ықпал жасап, қоғамдағы құқықтың жақсы іске
асуына, орындалуына зор әсер етеді. Олардың барлығының жүмысын нормаларға
сәйкес қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға, адамдардың бостандығын, теңдігін
қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет. Құқықтық нормалар іс жүзіне
асырылмаса, оның әлеуметтік маңызы болмайды.
Құқықтық нормалардың орындалуы адамдардың тек занды іс-
әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен (заңды тиым салынған істерді жасамау)
байланысты. Құқықтық нормаларды іске асыруда субъектілер екі топқа
бөлінеді: мемлекет, оның органдары және халық, олардың ұйымдары. Құқықтың
іске асуы нормативтік актілерді қабылдаудан, бекітуден басталады.
Мемлекеттің жоғарғы органдары (парламент, президент) заң қабылдайды;
Үкімет, министрлік-ведомстволар, сот және жергілікті басқарушы мемлекеттік
органдар заңға тәуелді нормалар қабылдайды. Осы мемлекеттік органдардың
бәрі де құқықтық нормаларды іске асыруға, орындауға зор үлестерін қосады.
Заңдарды, заңға тәуелді нормаларды қабылдау, бекіту үлкен істің
басталуы ғана. Бұл істің негізгі міндеті сол қабылданған нормативтік
актілерді іс жүзіне асыру, олардың мазмұнын шындыққа, ақиқатқа айналдыру.
Өйткені бұл нормаларда қоғамның мүдде-мақсаты соған сәйкес мемлекеттің
билік-бүйрығы басым орын алады. Бұл процесс құқықтық нормаларды объективтік
тұрғыдан іске асыру. Ал, қатынастағы субъектілердің құқығы мен
міндеттерінің орындалуын — субъективтік түрғыдан іске асыру деп түсіну
керек.)
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болады. Өйткені
нысандардың өмірге келу себептері әртүрлі болады: а) қоғамдағы
қатынастардың мазмұны әртүрлі болуы; б) нормативтік актілердің адамдарға
әртүрлі әсер етуі; в) норманың ерекше мазмұнының әсері; г) құқықты іске
асырудағы субъектілердің қүзыреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы; д)
субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды дұрыс,
уақытында реттеп, басқарып іске асыру. Қоғамдағы барлық қарым-қатынастарға
құқықтың, ықпалы, әсері болуға тиіс сол арқылы жақсы дәрежеде жалпы
қоғамдық тәртіп, заңдылық қалыптасады. Егер құқықтық нормада бір іс-
әрекетке тыйым салынса, ол норма іс жүзінде орындалса, құкықтың мақсаты
орындалды деуге болады. Егер құқықтық нормада бір іс-әрекетті жасауға
нүсқау берілсе, ол орындалса, құқық өз мақсатына жетті деуге болады.
Құқықтық нормалар мемлекеттік органдардың, адамдардың, қоғамдық
үйымдардың қарым-қатынастары, іс-әрекеттері арқылы орындалып жатады.
Құқықтық нормаларды іске асырудың ерекшеліктері:
а) құқықтың әлеуметтік мазмұнына сәйкес қоғамның даму процесін дұрыс
реттеп, дұрыс басқаруға мүмкіншілігінің барлығы.
б) нормативтік актілерде көрсетілген іс-әрекеттерді дұрыс, уақытында
орындауды қамтамасыз ету механизмінің барлығы. Ол механизм кезеңдері:
1.Заңды нормаларды белгілеу құқықтық реттеудің негізі.
2.Құқықтық қатынастың мазмұнын және субъектілерін анықтау.
3.Субъективтік құқық пен занды міндеттердің дұрыс орындалуы туралы акті
жасау.

Құқықтық нормаларды іске асыру түрлері:
1.Норманың мазмұнына қарай орындау үшке бөлінеді: норманың мүдде-
мақсатын орындау; жалпы міндет - қағидаларын орындау; нақты құқықтық
қатынастағы нақты норманы орындау.
2.Норманы іске асырудағы қатынастың субъектілеріне сейкес орындау түрі
екіге бөлінеді: жекелік және топтық субъектілердің өз құқығын іске асыру.
Құқықтық норманы субъектілердің өз мүдде-мақсатын іске асыру, пайдалану.
3.Нормативтік актілер ерікті түрде орындалмаса, қоғамдық мүдде-мақсат
үшін еріксіз іске асыру. Оның екі түрі болады: әкімшілік-тәртіпшілік және
қылмыстық жауапкершілік.
4.Құқықтық нормаларды іске асыруды саяси және идеологиялық әдіс-
тәсілдерді пайдалану. Құқықтық нормалардың басым көпшілігінің орындалуы
құқықтық қатынас арқылы реттеліп жатады.
Бұл нормативтік актілерді іске асырудағы, ең көлемді, ең күрделі
түрі.Құқықты іске асырудың әдіс-тәсілдері:
нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы (бұл
заңның сапалы шығуының және жақсы тәрбиенің, білімнің нәтижесі);
мемлекеттік аппараттың бақылауы арқылы орындалуы;
үгіт-насихат арқылы нормалардың іске асуы;
рухани сана-сезім көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту.
5. Субъектілердің норманы іс жүзіне асыру іс-әрекеттері төрт түрге
бөлінеді: сақтау, орындау, пайдалану, қолдану.
Сақтау — нормаларда тыйым салган іс-әрекеттерді субъектілер бұлжытпай
орындауға міндетті. Бұл құқықтық қатынастарды реттеп, орындаудагы
субъектілердің пассивтік тәртібі немесе занды эрекетсіздігі. Мұны тыйым
салынған нормалардың жытпай орындау нысаны деп атайды.
Орындау — субъектілердің нормада көрсетілген міндеттерді толық орындауды
қамтамасыз етуі. Мұнда субъектілер белсенді түрде іс-әрекет жасауга
міндетті. Мүндай іс-әрекеттерді норманың орындалуының міндетті нысаны деп
атайды.
Пайдалану - субъектілердің ерікті түрде нормативтік актілер арқылы өз
мүдде-мақсаттарының орындалуын қамтамасыз етуі. Бұл заңда тыйым салынбаған
барлық іс-әрекетті жасауға адамдардың еріктілігі.
Осы көрсетілген үш түрде нормативтік актілер қатынастағы субъектілердің
өздерінің іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен орындалып жатады.(Бұл
продесті құқықтық норманың тікелей іс жүзіне асырылуы, орындалуы деп
атайды. Осы нысан арқылы нормативтік актілердің көпшілігі орындалып жатады.
Бірақ, өмірде қогамдагы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруға жоғарыда
көрсетілген үш түрі жеткіліксіз. Себебі қоғамдағы қатынастардың
субъектілерінің өзара байланысында қайшылықтар, келіспеушіліктер болып
жатады. Соларды заңды түрде ретгеу үшін мемлекеттің өкілетті органдарының
қатысуы объективтік түрғыдан қажет болады және қоғамдық мүдде-мақсатты,
саясатты, билікті іс-жүзіне асыру, орындау мемлекеттің міндеті. Сондықтан
бұл міндеттерді мемлекеттік органдар нормативтік актілерді қолдану арқылы
орындайды.
Құқықты қолданудың жоғарыда көрсетілген үш түрден айырмашылығы: 1)
қолдану мемлекеттік биліктің басқару, үйымдастыру күшіне сүйене отырып
жүргізіледі; 2) катынастағы субъектілердің біреуі — мемлекеттік өкілеттігі
бар органның болуы; 3) мемлекеттік органның қатысуы заңдылықты, тәртіпті
жақсартуға мүмкіншілік жасайды; 4) кейбір қатынастарда қолдану нормативтік
актілерді пайдалану, орындау, сақгау түрлерінің процесіне бірлесіп, ол
қатынастардың заңды сапалы аяқталуына үлес қосуы; 5) құқықтық нормаларды
қолдану міндетті түрде нормативтік акті жасалумен аяқталуы, оның занды
күшінің болуы. (Құқықтық нормаларды қолдану тек мемлекеттік органдардың
және лауазымды тұлғалардың жұмысы. Олар өз құзырының көлемінде ғана
баскаруға құқықты. Қоғамдық үйымдар мемлекет рұқсат берсе ғана құқықтық
нормаларды қолдануларына болады. Мысалы, кәсіпшілер одағы өз жұмысында
еңбек туралы заңның баптарын қолданады.
Демократиялық мемлекетте нормативтік актілерді қолдануда қатаң тәртіп
болады: кім қандай заң қолданады, неге, себебі, уақыты, орны толық
көрсетілуге тиіс. Осы мәселелердің, сүрақтардың бәрі мемлекеттің
бақылауында болады. Мемлекеттік органдар жеке адамдардың және заңды
тұлғалардың қарым- қатынастарына кіріспейді, оларға толық бостандық
беріледі.
Мемлекеттік органдардың бұл қатынастарға кірісуге болатын жағдайлар:
егерде қатынасты орындау барысында субъектілердің бірін-бірі түсінбеушілігі
болса; екі жақты құқықтары мен міндеттерінің дүрыс орындалуын тексеру керек
болса.
Құқықтық нормаларды қолдану кезендері:
1.Істің нақты мазмүнымен және жағдайымен танысу, қарым- қатынастың
басталуын, субъектілерін анықгау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi
Нормативтік актілердің күші
Президенттің нормативті жарлығы
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Пәндер