Қоршаған орта туралы біріккен ұлттар ұйымының бағдарламасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қоршаған орта туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасы.
Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасына сәйкес, еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 1997-1998 жылдардан бері батыл қадаммен жұмыс жасап келеді. Даму бағдарламасы аясында әртараптан, бірақ басты экологиялық талаптан туындаған бірқатар жобалар әзірленіп үлгерді. Олардың біразы бүгінде жүзеге асырылуда. Мәселен, осы ретте Каспийге қатысты арнайы әзірленген экологиялық бағдарламаны, Батыс Тянь-Шаньнің биоалуандығын неғұрлым сол күйінде сақтап қалу негізінде жасалған орталықазиялық жобаны, Арал теңізі бассейнін пайдаланушылардың проблемаларын шешуді, озон қабатын зақымдайтын қоспаларды аз мөлшерде пайдалануды, Қазақстанның жел энергетикасын жедел түрде дамытуды көздейтін бірқатар жобаларды ерекше атауға болады.
Қоршаған ортаны қорғау министрі Камалтин Мұхаметжанов аталмыш жоба атаулының өрісін кеңейте түсу мақсатында жұмыс жасайтын БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілі Гордон Джонсонды қабылдап, болашақта атқарылуға тиісті іс-жоспарларын ортаға салды. Тиісті мәліметтерге қөз жүгірткенде, бұл бағдарламаның жоғары деңгейде жүзеге асуына аса қажетті қаржы көлемінің жыл сайын артып келе жатқанын аңғаруға болады. Мәселен, әр түрлі экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген қаржы 2004 жылы 1, 2 млн. доллар болса, 2005 жылы ол 1, 5 млн. АҚШ долларын құраған. Г. Джонсонның сыңайына қарағанда, қоршаған ортаға қажетті қаржының көлемі биылғы жылы бұрынғыдан да артуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, онсыз да қордаланған кей мәселелерді шешуге біртабан болсын жақындауға мүмкіндік беру деген сөз. Сондай-ақ БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында Нұра өзенін сынаптан тазарту, Аралға құятын Сырдария өзенінің арнасы мен су жүйесін ретке келтіру, құрғақ жерлерді қайта қалпына келтіру мақсатында бірнеше институттық жобалар дайындалды. Бұл жобалар қазірдің өзінде өзге халықаралық провайдерлермен қолға алынып жатыр.
Министр сонымен бірге басқосуға келген және осы салаға аса қызығушылық танытып отырған әртүрлі халықаралық ғылыми-зерттеу институттарының, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдерін қабылданған шешімдерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
- Біз Елбасы бекіткен Индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыру бағдарламасына сәйкес өндірісті қайта жобалау және ұйымдастыру мәселесіне бұдан былай баса назар аударатын боламыз, - деп сендірді министр. Ал ЭНИ компаниясына тиесілі қазақстандық жобалардың жетекшісі Гвидио Микелоти өздері жұмыс жасайтын аймақтардың экологиялық жағдайы мен қауіпсіздігін толықтай міндеттеріне алатындықтарын айтты.
Ынтымақтастық үдерістері аясында жүзеге асады
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңірлеріне арналған Әлеуметтік және экономикалық комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 63-ші сессиясы өз жұмысын аяқтады. ЭСКАТО сессиясының аяқталатын күні БҰҰ Еуропаның Экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) секретариаттары мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитеті секретариатының арасында Түсіністік туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті.
Түсіністік туралы меморандум орнықты даму, көлік және ақпарат-байланыс технологиялары салаларындағы ынтымақтастық бағыттарын одан әрі кеңейтпек. Ол келешектегі әріптестікті кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мемлекеттеріне арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) аясында экономикалық бірігуге бағытталған іс-шараларды бірлесіп іске асырады. СПЕКА мүше мемлекеттері өкілдерінің бұл бағыттағы мақсаттары ауқымды. Қол қойылған Түсіністік туралы меморандум екі аймақтық комиссия мен ЕурАзЭҚ арасында тығыз да ұзақ мерзімді әріптестіктің негізін қаламақ. Қалың көпшілік үшін маңыздылығы өте жоғары құжатқа - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Ким Хак-Су, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Марк Белка және ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Григорий Рапота қол қойды.
Сол күні БҰҰ ЭСКАТО 63-ші сессиясында өңірлік және суб-өңірлік ынтымақтастықты одан әрі арттырудағы, ынталандырудағы комиссияның маңызды рөлін көрсеткен Алматы декларациясы қабылданды. Сонымен қатар, комиссияның сессиясы хатшылыққа транзиттік тасымал, елдер арасында энергетикалық ынтымақтастықты, халықаралық көші-қон, жалпыға бірдей денсаулық сақтауды тұрақты түрде қаржыландыру және көлікті дамыту бойынша өңірлік іс-қимылдар бағдарламасын қоса алғанда жалпы өңірлік ынтымақтастық бағыттарына қатысты өкілеттіктер беретін он қарар қабылдады.
Қазақстанның оңтүстік астанасында өткен БҰҰ ЭСКАТО комиссиясының 63-ші сессиясы жұмысының аяқталар күні Орталық Азия экономикасына арналған БҰҰ арнаулы бағдарламасына (СПЕКА) мүше елдер делегациясы басшыларының ресми емес кездесуінен басталды. Бұл жүздесуде негізінен СПЕКА реформаларының нәтижелері талқыланды. Атап айтқанда, СПЕКА жетекшілері кеңесінің 2005-2006 жылдардағы жиынының қорытындысы және биыл Берлинде өтетін Экономикалық форумның бағдарламасы төңірегінде жан-жақты сөз болды.
- Бүгінде Орталық Азия өңірінде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ЭСКАТО мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы алдында СПЕКА-ны жүзеге асыру бағытында мүше елдерге мақсатты, тиімді және сараптау көмектерін көрсетуде жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі, - деп атап көрсетті Қазақстан Сыртқы істер министрі Марат Тәжин.
- Қазақстан СПЕКА-ның 2005-2007 жылдарға арналған 28 басым жобалары бойынша жоспарының жұмысын дәйектілікпен жүзеге асыруға басты назар аударуда. Көпшілікке белгілі, бұл құжаттар Астанада қабылданды және ол транспорт, энергетика, су ресурсы, қоршаған орта және басқа салалар бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қамтиды. Бұдан басқа жұмыс жоспарында гендерлік даму, орта және шағын кәсіпкерлік, туризм, өңірлер мен шалғайдағы аймақтар дамуы жөніндегі нақты шараларды іске асыру да көзделуде.
М. Тәжин кездесуде СПЕКА жобаларын іске асыруда ынталылық пен тиімді іс-шараның қажеттігін де тілге тиек етті.
Сонымен тоғыз күнге созылған ЭСКАТО комиссиясы 63-ші сессиясының соңғы күні Марат Тәжин 63-ші сессиясының қорытындылары жөніндегі комиссия баяндамасының жобасын қабылдады. Құжатта келесі жылы өткізілетін 64-ші сессияның басты тақырыбы - “Азия-Тынық мұхиты өңірлеріндегі энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму” болмақ. Әрине, онда инновация және бәсекеге қабілеттілік те назардан тыс қалмайды.
БҰҰ ЭСКАТО комиссиясы 63-ші сессиясының төрағасы Марат Тәжин сессия аясындағы қорытынды сөзінде:
- Қазақстанда өткізу құрметіне ие болған БҰҰ комиссиясы 63-ші сессиясы жұмысының айырықша жемісті болғандығын ерекше қанағат сезіммен атап айтқым келеді. Біз барлық өңірлерде алаңдаушылық туғызып отырған көптеген күрделі мәселелер бойынша, Мыңжылдық даму мақсаттарынан бастап, Азия-Тынық мұхиты өңірлерінің экономикалық өсуі ауқымындағы денсаулық сақтау жүйелеріне дейінгі көптеген проблемаларды ортаға салдық. Әрине, оған арнайы іс-шаралардың мазмұнды бағдарламалары да өз ықпалын тигізгені сөзсіз. Биылғы жылдың “Азия-Тынық мұхиты өңірлерінде Мыңжылдық даму мақсаттарына жету үшін экономикалық өсімді үдету аясында денсаулық сақтау жүйелерін дамыту” тақырыбын талқылау ең алдымен демографиялық және эпидемиологиялық өзгерістердің нәтижесінде өңірдегі денсаулық сақтау жүйелерінің алдындағы мәселелердің сан алуан және көп қырлы екендігін айқын көрсетті, - деп атап айтты.
Өз кезегінде БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Ким Хак-Су Қазақстанның оңтүстік астанасында ұйымдастырылған халықаралық форум жұмысының өте сәтті болғандығын айта келіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына алғыс білдірді. Сондай-ақ атқарушы хатшы сессияның ЭСКАТО-ның 60-жылдық мерейтойына орай келуінің маңызына, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ірі табыстарға қол жеткізгеніне және бұл салаларда мол тәжірибе жинақталғандығына да назар аударды.
БҰҰ комиссиясы 63-сессиясының тоғыз күнге созылған жұмыс күнделігінде Азия-Тынық мұхиты өңірлерінің бүгінгі күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелері талқыланғандығын атап айту қажет. Сессия барысында жаһандық үдерістерді басқару, кедейшілік деңгейін азайту, әлеуметтік мәселелерді шешу жағдайларымен қатар, ЭСКАТО өңірінің саяси проблемалары да делегаттар талқысына салынды. Атап айтарлығы, теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердегі кездесіп отырған күрделіліктер де кеңінен қарастырылды.
Сөз реті келгенде атап айтатын тағы бір жәйт, арнайы отырыс - ЭСКАТО өңірінде Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру барысын талқылауға арналды. “Азия-Тынық мұхиты өңірінде Мыңжылдық даму мақсаттарына жету үшін экономикалық өсімді арттыру аясында денсаулық сақтау жүйелерін дамыту” тақырыбында министрлік дөңгелек үстел мәжілісін де ұйымдастырды. Сессия төрағасы Марат Тәжин сессияның қорытындысы бойынша Алматы декларациясының қабылданғанына қатысушылардың назарын аударды. Оның өзіндік себебі де бар. Ол өңірлік және субөңірлік ынтымақтастықты ынталандыруда ЭСКАТО рөлінің маңыздылығын айқындайды.
Делегациялардың Азия-Тынық мұхиты өңірлерінде Мыңжылдық даму мақсаттарына жетуге, комиссияның биылғы іс-шараларына қызығушылығы, сондай-ақ Алматы декларациясын талқылауға белсенді қатысуы біздің ұжымдық саяси еркіміздің және өңірдің кедейшілікте тұрып жатқан миллиондаған халқының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ынтымақтастықты дамытуға ынталы екендігін де көрсетеді”, деп атап өтті министр.
Биыл комиссия алдында көпшілікке аты танымал құрметті адамдардың, лауазымды тұлғалардың сөз сөйлеуі кімнің болмасын көңіліне қуаныш ұялатқандығы ақиқат. Мәселен, негізгі мақсаты Қазақстанды “Өңірлік дамудың локомотивіне айналдыруды көздейтін “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды” көру жөніндегі өз ойларын ортаға салған Қазақстан Президенті, жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевтың пікіріне делегаттардың үлкен қошемет көрсетуі көп нәрседен хабар берсе керек”.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Ким Хак-Су өз кезегінде сонымен бірге бес жылда бір болатын келесі экологиялық конференцияны 2010 жылы Астанада өткізу туралы ұсыныс түскенін де хабарлады. Дегенмен, бұл мәселе Бангкокта ЭСКАТО-ның 64-ші сессиясы аясында қаралмақ. Сонымен делегациялардың биылғы жылы Азия және Тынық мұхиты өңірлерінде Мыңжылдық даму мақсаттарына арналған комиссия іс-шараларына ерекше қызығушылық танытқандығы, сондай-ақ Алматы декларациясын талқылауға белсенді араласу - кедейшілікті басынан өткеріп отырғандардың тұрмыс-тіршілігін келешекте жақсартуға деген ортақ саяси ынталылықты және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысты да білдіретіндігінің айқын кепілі болғандығы ақиқат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz