Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
1 . ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі . . . 6
1. 2 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының мәні мен маңызы . . . 13
1. 3 Қылмыстық іс жүргізу қағидалардың жүйесі . . . 33
2 . ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН
ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ НЕГІЗДЕЛГЕН БАСТАМА ЕРЕЖЕЛЕР
2. 1 ҚР Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидалары . . . 38
2. 2 Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген қағидалар . . . 41
2. 3 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының сипаттамасы . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қылмыстық іс жүргізу қағидасы - бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған [1. ], онда былай делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей байланысты.
Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің 16-бабында[1. ], келтірілген: "Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі".
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен заңды түрде айырудың кепілдіктері (іс жүргізу шарттары) мыналар:
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану;
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен айырылуы мүмкін субъектілерді заңмен белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы) ;
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың дербес іс-әрекетін белгілеу (адамды қамауға алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т. т. ) ;
-мәжбүрлеу шараларының қолданылуын іс жүргізу мерзімдерін шектеу;
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңсыз қолданылғанына шағым жасау мүмкіндігі;
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу;
-прокурор мен соттың іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуының заңдылығын қадағалауы және адамның Құқықтары бұзылған жағдайда қажетті шаралар қолдануы.
Диплом жұмысының тақырыбы: «Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі, жүйесі және мақсаты».
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады.
Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде «қағида» ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті «қағида» терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының және т. т. ) араласуына әкеліп соқты.
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақсатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану, оны зерттеу - өзекті мәселе болып табылады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
- Қылмыстық іс жүргізу қағидалардың түсінігі
Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н. Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
Жалпы, қылмыстық заңның қажеттілігі неге байланысты болады деген сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық құқық түсінігіне анықтама беруіміз қажет. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам (субъекті) мен мемлекет арасында пайда болады. Мұндай кұқықтық қатынасқа катысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық кұқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат жасалғанда олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. [2, 112б. ]
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер ескерілген. Яғни азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-кұқықтық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. 1997 жылғы Қылмыстық кодексте бұрынғы кодекске карағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін қолдануға кең жол ашылған.
Қылмыстық заңнын басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез-келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң, тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.
Қылмыстық құқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімін арттырады. Қылмыстық-құқықтық қағидаттар - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. [3, 56б. ]
Заңдылық қағидасы Парламент қабылдаған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі - Қылмыстық кодекстің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуы.
Қазақстан халықаралық құқық нормаларын қастерлейді және халықаралық шарттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады. Заңдылық қағиданың екінші бір талабы - қылмыстық заңның конституциялық заңға негізделуі болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді қылмыстық заң сөзсіз басшылыққа алуы тиіс. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары осы конституциялық заңдарға негізделіп қабылданған. Заңдылық қағиданың тағы бір талабы “арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыс та, жаза да жоқ” деген тұжырымға негізделген.
Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. Адамның ойы, пиғылы, дүниетанымы, көзқарасы конституциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде жаза да болмайды.
Қылмыстық құқықтың екінші бір қағидасы - азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. Қылмыс жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір қағидасы - жауаптылықтан құтылмау ақиқаты. Бұл қағида бойынша кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Бұл үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба басқандай анық, түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты айқындауы қажет. Жауаптылықтан құтылмау қағидасының жүзеге асырылуы үшін бұл өте керек. Соңдай-ақ, осы қағиданың жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді.
Қылмыстық заңның төртінші қағидасы - жеке жауаптылық қағидасы. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті іс-әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл қағидаға сәйкес адам өзінің жеке істеген немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның өзі дербес жеке жауапты болады. Жеке жауаптылыққа сәйкес қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке адам танылады. Қазақстанның Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі деп танымайды. Материалдық, моральдық немесе басқа жағынан келтірілген зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қылмыстық құқықтың бесінші қағидасы кінәлі жауаптылық болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне қасақана немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы жатады. Іс-әрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық құқықтың алтыншы қағидасы - әділеттілік. Мұның мәнісі сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің болуы және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның және қылмыстық-құқық ыкпал ететін өзге шаралар соған сай әділ болуы керек. Әділеттілік қағидасы бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды.
Қылмыстық құқықтағы тағы бір қағида - ізгілік болып табылады. Ізгілік қағидасы жүзеге асырылуы, ең алдымен, қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.
1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын нысандардың ең алғашқыларының бірі ретінде көрсетілген. Қылмыстық заң әрбір азаматқа қажет болған жағдайда қорғануға құқық береді, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қорғауға тікелей жағдай туғызады.
Қылмыстық жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталғандарды түзеу болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның адамгершілік намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлау мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталған адамды бас бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен құралған.
Жалпы «қағида» сөзі - латыннан шыққан, бір нәрсенің негізі немесе негізгі бастамасы, шығу жағдайы дегенді білдіреді. Қылмыстық процестің қағидалары деп қылмыстық процестің сипаты мен мәнін анықтайтын, қылмыстық, сот өндірісінің субъектілеріне бағытталған, мемлекеттік-билік талаптарын айқындайтын, жетекші құқықтық нормаларды, негізгі жоспарды атау қабылданған.
«Қағида» ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялық, затты-қолданбалы, теориялық-құқықтық. «Қағида» ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Қағида ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары - осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Қағиданың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырғаны ақиқат және онда қолданылатын зандылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Сонымен, «қағида» ұғымы түсініктемесінің барлық жай-жапсарларының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
-«қағида» ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категория-ларға ғана қолданылады;
-«қағида» ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан дерексіздендірілуі мүмкін;
-«қағида» ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық талдаумен байланысты [3, 116б. ] .
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуге тиіс: [5, 65б. ]
- олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап, олардан, өз кезегінде, жеке-дара сипатты ережелер туыңдайды;
- қағидалардың өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс-қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;
- негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық іс жүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;
- қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті) ;
- қағида ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал қағидалар сақталады) ;
- өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
- қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.
Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары-қоғамдық және мемлекеттік кұрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.
Қылмыстық процестің қағидаларылары Сол сияқты, қылмыстык-қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл қағидалардың маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы қағидаларға негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы қағидаларды басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай) [5, 160б. ], бұл қағидаларды сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істің материалда-рының заңды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады.
Қылмыстық процестің қағидаларын бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, заңда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеяларда қылмыстық процестің қағидалары ретінде бола алады деп санайды. Ал, ғалымдардың басым көпшілігі қылмыстық процестің қағидаларына заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылу керек екендігін қолдайды. Бұл жағдайда қағидалар кұқықтық нормаларға айналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатан сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, қағидалардың іс жүзінде сақталуы қыл-мыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидалары» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған қағидалардың көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы қағидаларына жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу қағидаларын толық қамти алмайды.
Қылмыстық процесс қағидалары негізінен Қазақстан Республикасының Конституциясыңда көрсетілген және бекітілген, сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде басқа да заңдарда айқыңдалған.
Қылмыстық процестің жалпы және жеке (нақты) нормалар ұшын өзара байланысы барлық қылмыстық істер бойынша қолданудың тұтастығы мен тәртібін, сот өндірісіндегі зандылықтың сақталуын қамтамасыз етеді және қылмыстық процесс қағидасы ретінде оның бір немесе бірнеше сатыларында әрекет ететін мән-жайлар танылуы мүмкін.
Қылмыстық процесс қағидалары мынадай белгілермен сипатталады:
-қылмыстық процесс қағидалары барлық қылмыстық іс жүргізу кызметінде қолданылады;
-олар қоғамдық дамудың нақты әлеуметтік-экономикалық шарттарына
сәйкестендіріледі;
-қағидалар қылмыстық сот өндірісін жүзеге асырудың негізі болып
табылады:
-қылмыстық процесс қағидалары құқықтық нормаларда бекітілген
жоспарларды айқындайды;
-қылмыстық процестің жеке қағидалары басқалармен тығыз байланысты
болады және бірыңғай жүйені құрайды.
Қылмыстық сот өндірісінің барлық қағидалары құқықтық негіздер жиынтығын, яғни қағидалар жүйесін кұрайды.
Қылмыстық процесс қағидаларының мәні.
Қылмыстық процесс қағидаларының мәні сот әділдігі органдарының іс жүргізу барысындағы шешім қабылдау кезінде заңдылықтың сақталуымен тұжырымдалады.
Қылмыстық процесс қағидаларын бұзу (ҚР ҚІЖК 9-бабы) мыналарға әкеліп соғады:
-соттағы қылмыстық істі алып тастауға және оны қайтадан қосымша тергеуге жіберуге немесе жақында сот тергеуін жүргізуге;
-анықтау, тергеу органдарының немесе кылмыстық іс бойынша сот шешімдерін алып тастауға;
-қылмыстық іс бойынша тергеуде жинақталған материалдарды дәлелде-мелік күші жоқ деп тануға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz