Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері



Кіріспе

І.Негізгі бөлім Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері.
1.1.Қылмыстың ұғымы және белгілері
1.2.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі, негіздері
1.3. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында құқық бұзушылық ретінде бағаланады. Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс – құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық, жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
«Құқық бұзушылық» және «құқық бұзушылық» құрамы ұғымдары өзара тығыз байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады. Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы категориясы үлкен маңызға ие болады. Себебі адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің толық болуы оны қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір заңды негізі болып табылады. Сонымен бірге қылмыс құрамы қылмысты саралау барысында да үлкен маңызға ие болады.
Қылмыс құрамы туралы ұғым қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте маңызды және әмбебап ұғым болып табылады.
Аталған ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс мәселелері) медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары) пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы қылмыстық заңдарға қолдануға болады.
І Нормативті-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. –Алматы: ЮРИСТ, 2006.—141 б.
3. Комментарий к Угаловному кодексу Республики Казахстан. – Алматы. Баспа. 1999 – 808с.
4. Комментарий и постатейные материалы к Закону Республики Казахстан « О борьбе с коррупцией» Алматы, ТОО «Баспа», 2001, 248с.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжрибесі туралы” 1993 жылдың 23 – сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы 1993, №2).
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы №3 “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы” қаулысы. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы №2, 1993).
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжрибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).

Арнайы әдебиеттер
ІІ.
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000 – 520 бет.
3. Алауханов Е. О., Рахметов С. М. Жаза. Алматы, 2000
4. Барон Э.Д., В. Розенберг. Необходимость целесообразного и экономного назначения наказания. Караганда, 1998 ж. – 72 б.
5. Бұғыбай Д. Б. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: Лекциялар курсы –Алматы, 2003.—253 бет
6. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и Особенная части: Учебное пособие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І.Негізгі бөлім Қылмыстық құқықтық ұғымы, белгілері.
1.1.Қылмыстың ұғымы және белгілері
1.2.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі, негіздері
1.3. Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында
құқық бұзушылық ретінде бағаланады. Құқықтық нормаларда бекітілген
ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айта
қаларлықтай материалдық және моралдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы
жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және
сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік
құбылыс – құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие
болады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық,
жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық
қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
Құқық бұзушылық және құқық бұзушылық құрамы ұғымдары өзара тығыз
байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-
әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен
заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің
белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын
көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-
тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген
жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады.
Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық
бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және
маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық
құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа
тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің
біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы категориясы үлкен маңызға ие
болады. Себебі адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің толық болуы
оны қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір заңды негізі болып табылады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы қылмысты саралау барысында да үлкен маңызға ие
болады.
Қылмыс құрамы туралы ұғым қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте
маңызды және әмбебап ұғым болып табылады.
Аталған ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда
болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс
мәселелері) медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен
байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық
басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары)
пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы
қылмыстық заңдарға қолдануға болады.

І. Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері
І-1. Қылмыстың ұғымы және белгілері

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын
анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Қылмыс
әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Заң
шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның
нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап
көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегенімз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс
дегеніміз кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген
ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республиканың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас риспубликалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдарының негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық риспубликалардың, оның ішінде 1959
жылғы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекелеген қылмыс құрамдары арнаулы
көрестілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы
бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге
де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген
еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке
кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа
Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық коексте қылмыстық заңды
ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тыйым
салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына
жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі оның мәнді белгілерін
анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда
көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрстелген қылмыстық
құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып
табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті
заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына
жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық
норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген
тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан
шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық
деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ
жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық
жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын
білдіреді. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң
шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян
келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.

1.2. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі, негіздері

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық
жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым слынған қоғамға
қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нақтылы бір қылмыстың құрамы болғанжағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б. Мұның
өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс
істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау
қатерімен тыйым салынған қоғамға іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек
қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау
тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала
отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық – өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен қылмыстық жауаптылық деп – қылмыс заңы бойынша қылмыс деп
белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Қылмыс және қылмыстық құқық
Қылмыс құрамы жайлы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Лауазымдық қылмыс субъектілері
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Пәндер