Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.тарау. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі және теориялық мазмұны
1.1. Өндірісті ұйымдастыру түсінгі және ұйымдастыру заңдылықтары ... ... ... ... ..5
1.2. Өндіріс құрылымының түрлері және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Өндірісті ұйымдастыру типтері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.тарау. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің қазіргі жағдайы
және даму болашағы
2.1. Кәсіпорынның қалыптасуы және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. Өндіріс қызметінің даму қарқыны мен деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы және мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

3.тарау.Кәсіпорынның өндірістік қызметін арттыру жолдары.
3.1. Өндірісті ғылыми.техникалық дайындауды ұйымдастыру
3.2. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады.
Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту.
Еліміздің бәсекеге қабілетті және отандық өнім өндірушілердің халықаралық сауда деңгейіне шығуына барлық мүмкіндік жасалып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылы 30 қаңтарда Халыққа жолдауында Шағын бизнес субъектілерін қолдау және оларға жеңілдіктерді қарастыру, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы, қазақстанның ОБСЕ-ге мүше болудағы мүмкіндіктерін және үш жақты кедендік одаққа мүше болуда отандық өндірушілеріміздің жаңа сатыға көтерілуге барлық жағдай жасалғаны қарастырылған деген еді.
Сондықтан еліміздің әл-ауқатының көтерілуі және де жалпы ұлттық өніміміздің дамуы тек отандық өндірушілерде екені белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Казамбаева А.М. «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» Орал, 2009ж
2. Р.А.Фатхутдинов «Организация производства» Москва, 2005ж
3. Ә.Н. Дәуренбаева «Өндірісті ұйымдастыру» Алматы, 2007ж
4. Мейраш Жүнісбеков «Баян Сұлудың» жаңа жылдық сыйы \\ Егемен Қазақстан, №123-124, 2009 жыл
5. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы, 2010 жылы 30 қаңтар
6. «Баян Сұлу» АҚ сайты, www.bayansulu.kz
7. «Баян Сұлу» Акционерлік қоғамның инвестициялық меморандум жинақтары Алматы, 2010жыл
8. Қазақстан Республикасының Статитика Департаменті www.stat.kz
9. Мейірбеков А. Кәсіпорын экономикасы Алматы, Экономика, 2003

10. Грибов В.Д. Экономика предприятия.—М.осква ,2004

11. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, 2003 жыл

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1-тарау. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі және теориялық мазмұны
1.1. Өндірісті ұйымдастыру түсінгі және ұйымдастыру
заңдылықтары ... ... ... ... ..5
1.2. Өндіріс құрылымының түрлері және жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3. Өндірісті ұйымдастыру типтері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2-тарау. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің қазіргі жағдайы
және даму болашағы
2.1. Кәсіпорынның қалыптасуы және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..17
2.2. Өндіріс қызметінің даму қарқыны мен
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы және
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..23

3-тарау.Кәсіпорынның өндірістік қызметін арттыру жолдары.
3.1. Өндірісті ғылыми-техникалық дайындауды ұйымдастыру
3.2. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және
жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің
индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы,
технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның
өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының
алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі
алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады.
Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы
мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы
ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі
жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар
мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды
дамыту.
Еліміздің бәсекеге қабілетті және отандық өнім өндірушілердің халықаралық
сауда деңгейіне шығуына барлық мүмкіндік жасалып отыр. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010 жылы 30
қаңтарда Халыққа жолдауында Шағын бизнес субъектілерін қолдау және оларға
жеңілдіктерді қарастыру, еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы,
қазақстанның ОБСЕ-ге мүше болудағы мүмкіндіктерін және үш жақты кедендік
одаққа мүше болуда отандық өндірушілеріміздің жаңа сатыға көтерілуге барлық
жағдай жасалғаны қарастырылған деген еді.
Сондықтан еліміздің әл-ауқатының көтерілуі және де жалпы ұлттық
өніміміздің дамуы тек отандық өндірушілерде екені белгілі.
Курстық жұмыста қарастырылған кәсіпорын бұл, еліміздің кондитерлік өнімді
өндіру үлесі бойынша екінші орында тұрған Баян Сұлу акционерлік қоғам
болып оты
Жалпы фабриканың қалыптасуы, даму тарихы және өнім өндіру деңгейі, сонымен
қатар жаңа мүмкіндіктерін ашып жазған болатынмын.
Кәсіпорын жайлы сипаттай отырып, 2010 жылғы 30 қаңтар Президент Жолдауын,
республикалық және өз кәсіпорынның статистикалық көрсеткіштерін, Баян
Сұлу кондитерлік фабрикасы туралы мақалаларды пайдаланған едім.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты-отандық өндірушілердің қаржылық жағдайын және
еліміздегі үлесі қаншалықты, сонымен қатар кәсіпорынның дамуына әсер ететін
факторларды ашып жазу.
Курстық жұмыстың міндеті-Баян Сұлу Акционерлік қоғамның дамуына әсер
етеін факторларды тежеу және кәсіпорынның нарықтық бәсекелестік жағдайда
даму болашағын айқындау.

1-тарау. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі және теориялық мазмұны
1.1. Өндірісті ұйымдастыру түсінгі және ұйымдастыру заңдылықтары
Ұйымдастыру түсінігіне әр түрлі ғылыми еңбектерде әр түрлі анықтама
береді. А.А. Богданов өзінің Тектологиясында ұйымдастыруға мынадай
анықтама береді-ұйымдастыру дегеніміз адамдарды қандай да бір мақстақа
жету үшін топтастыру, шоғырландыру, реттеу. Сонымен қатар А.А. Богданов
ұйымдастыру қызметі тек адамдарды басқаруға немесе ұйымдастыруға ғана
қатысты емес, сол сияқты өндірісті, өндірістік ресурстармен және тірі
табиғи ресурстарға қатысты деп түсіндіріледі. Сондықтан да ұйымдастыру
түсінігіне мынандай анықтамалар беруге болады:
➢ Ішкі құрылымдарды басқару, реттеу, және шоғырландыру;
➢ Бөлімдердің арасындағы байланысты қалыптастыру және дамыту
процестерінің, қызметтерінің жиынтығы:
➢ Белгілі бір ережелер негізнде алдына қойған мақсатқа жету үшін адамдарды
біріктіру.
Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз дайын өнімді нарыққа шығару үшін өнім
өндіру процесін ұйымдастыруды айтады және ол өндірістік құрылымдар мен
жүйелердің жиынтығынан тұрады.
Басқару терминін экономика саласынан басқа көптеген ғылыми тілдерде
қолданылады, олар кибернетика;биология, физика т.б. Жалпы басқару белгілі
бір объектіге ықпал ету және сол әрекетке билік ету. Ал өндірісті басқару
ол ұдайы өндіріс процесінқалыптастыру үшін материалдық ресурстарды,
адамдарда және өндіріс процесін басқаруды айтады.
Кез келген әлеуметтік-экономикалық қоғамда қалыптасқан өндірісті басқару,
ол сол қоғамда қалыптасқан өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды
басқарудан тұрады. Өндіргіш күштер, олар өндірістік құралдар мен жұмыс
күштері , ал өндірістік қатынастарға өндірістік процесс бөлу, айырбас және
тұтыну жатады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-бірімен тығыз
байланысқан жүйе, яғни өндіргіш күштер болмаса өндірістік қатынастар
болмайды, өндірістік қатынастар қалыптаспаса өндіргіш күштер дамымайды.
Ендеше, А.А. Богдановтың ұйымдастыру қызметтеріне арналған еңбектері
ұйымдастыру заңының негізін қалауға арқау болды. Ұйымдастыру заңдарын
ұйымдық құрылымдар мен басқару қызметтеріне арналған деп бөлуге болады.
Енді ұйымдастыру заңдарына толығырақ тоқталайық. Ұйымдастырылу құрылымына
қатысты заңдар:
-Компазиция заңы-бұл ұйымдастырудың барлық мақстаттарының сәйкестігін
сипаттайды. Яғни ұйымдастыру қызметінің алдына қойған барлық мақсаттары
негізгі басты мақсатқа бағытталуы қажет.
-Пропорционалдық заңы құрылымдағы бөлімдердің бір-біріне сәйкес келуін,
тәуекелдігін және олардың арақатынасын түсіндіреді.
-Әлсіз бөлшектер заңы-бұл құрылымның тұрақтылығы, ондағы ең әлсіз
бөлшектердің тұрақтылығымен анқталады.
-Онтогенез заңы-бұл заң әрбір ұйымның қалыптасуы мен дамуында бірден-бір
сатылардан өтетіндігімен түсіндіріледі. Мысалы; кәсіпорын пайда болуы
қалыптасуы, дамуы, жойылуы.
Басқару қызметтеріне қатысты заңдар:
-Синергия заңы-бұ жүйенің яғни басқа басқару құрылымының ұйымдық
құрылымындағы қажетті элементтер санына тең болуы немесе тең болмауы.
-Өзін-өзі сақтау заңы –кез-келген ұйымдық жүйенің тұтастығын сақтауға және
ресурстарды үнемдеуге қатысты басқару шешімін қабылдау.
-Талдау мен синтездің біртұтастық заңы-талдау процесі синтезбен
толықтырылатындығымен түсіндіріледі. Себебі талдау сосын синтез
жүргізіледі.

1.2. Өндіріс құрылымының мәні және жетілдіру жолдары
Кәсіпорын-экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады.
Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер
мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылдаы. Еркін өнеркәсіп
кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-әкімшілік және
шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс
өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді
көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу
мақсатында құрылады.
Кәсіпорын ішіндегі негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех
саналады. Цех-жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін орындайтын,
әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімші болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық
есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.
Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау
операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы
болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық-штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде
конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына-механикалық өңдеу, ғаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу,
гальваникалық, бояу, және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына-
өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы-
салмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім
өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға
сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, үлгілік, жөндеу, энергетикалық,
көліктік цехтар жатады.
Қосымша цехтар негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға
септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші
цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар-
металл қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім
шағаратын цехтар.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы-техникалық
құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізгітер,
жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын қоректендіру)
белгілі бір орынды иемденеді.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық
бөлімшелер, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие.
Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары
жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық
шарттар талаптарына толғымен сәйкестендіреді, зерттеу және тәжірибе-
конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен
бірігуі айқын көрініс табады.
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық қағида бойынша
құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған телімдерде
белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады. Құйма цехында,
мысалы үшін, келесі бағыттар бойынша телімдер ұйымдастырылуы мүмкін: орын
даярлау, бұрандалар жасау, құйма қалып дайындау, дайын құйманы өңдеу және
т.б., ұсталық цехта-балғалар мен престерде соғылған дайындамалар жсау,
жоғары температурада өңдеу жүргізетін телімдер және т.б., механикалық цехта-
токарьлық, револьнерлі, тегістеуші, слесартлық және басқа да телімде,
құрастыру телімінде -өнімді бөлшектеп және соңғы құрастыру, оынң бөліктері
мен тораптарын сынау, бақылау және т.б.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды
жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик
бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау (жану, егеу) шеберханасымен бірге
құрал үйлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу
және ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді.
Қосымша цехтар мен телімдер негізгі өндіріс телімдері қандай нысанмен
ұйымдастыру, оларда сондай нысан бойынша ұйымдастырылады.
Өнеркәсіптік мекемеде өндірістік құрылымның үш түрі белгілі:
❖ заттық құрылымда кәсіпорының негізгі цехтары, телімдері олардың
әрқайсысы белгілі бір өнімнің (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір
топтағы бөлшектер дайндау нысанына сәйкес құрылады. Заттық құрылым,
негізінен ірі сериялы және жаппай өндірісті механикалық құрастыру және
құрастырма цехтарында қолданылады.
Заттық құрылымның үлкен артықшылықтары бар. Ол цехтар арасында өндірістік
байланыс түрерін шектейді және жеңілдете түседі, бөлшектердің қозғалу
жолдарын азайтады, цехаралық және цех көлігіне кететін шығындарды
азайтады, өндірістік цикл ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасы үшін
қызметкерлердің жауапкершылыгын арттырады. Цехтардың заттық құрылымдары
жабдықтарды технологиялық үдерістің жүру барысында орналастыруға,
өнімділігі жоғары станоктар, құралдар, штамптар мен жабдықтарды қолдануға
мүмкіндік береді. Омының барлығы, заттық құрылым өнім шығару көлемін, еңбек
өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізеді.

Технологиялық құрылым айқын технологиялық даралануды анықтайды. Мысалы,
құйма, ұста-штамптау, механикалық, құрастыру цехтарының болуы. Өндірістік
құрылымның бұл түрі цехты басқаруды жеңілдетіп, адамдарды орналастыруда
епті әдіс табуға мүмкіндік береді, өндірістің бір өнім түрінен екінші
түріне ауысуға жеңілдік жасайды.
Кемшіліктері: өнім қозғалысында қарсы маршруттың туындауы, цехтардың
өндірістік өзара байланысының шиеленісуі, құрал-жабдықтарды басқа
технология бойынша қайта құруға көп уақыт кететіндігі, жоғары өнімді арнайы
станоктарды, құралдарды қолдану мүмкіндігінің шектеулігі. Олардың барлығы
еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне кері
әсер етеді.
❖ Аралас(заттық-технологиялық) құрылым бір зауыттың ішінде заттық және
технологиялық қағидаға сай ұйымдасқан негізгі цехтардың болуымен
сипатталады. Мысалы , жаппай өндіру кәсіпорындарында дайындау цехтары
(құйма, ұсталық, престік), әдетте, технологиялық қағида бойынша
ұйымдасқан, ал механикалық-құрастыру цехтары-заттық қағидаға сәйкес. Бұл
түрдегі кәсіпорындар машина жасау, жеңід өнеркәсіп (аяқ-киім, тігін,
жиһаздық) және бірқатар басқа да салаларда кеңінен пайдаланылады.
Өндірісті бұл түрде құрудың артықшылықтары:
-цехішілік тасымалдар көлемін азайту;
-өнім жасауға кеткен өндірістік циклдің ұзақтығын азайту;
-еңбек жағдайларын жақсарту;
- құрал-жабдықты пайдаланудың неғұрлым жоғары деңгейі;
-еңбек өнімділігің өсуі;
-өнімнің өзіндік құнының төмендеуі.
Жалпы өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар
жатады:
➢ Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік
цехтарының саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және мамандандырылған
цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.
➢ Өндірісті шоғырландыру, мамндандыру және кооперациялау деңгейі мен
нысандары. Өндірісті ұйымдастырудың шоғырландыру, мамандандыру және
кооперациялау түрлерінің деңгейін арттыру кәсіпорынның өндірістік
құрылымын жеңілдетеді, өндірістік үрдісті өндірістік-техникалық
жабдықталуын арттырады.
➢ Пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу
барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі
қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады;
➢ Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
нысандары. Бұл кешенді фактор дербес секциялардың бөліну қажеттілігін
туғызады.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің келесідей негізгі бағыттарын атап өтуге
болады:
1. кәсіпорыннан негізгі өндірістің жеке бөлімдерін бөліп шығару, мысалы
тігін өндірісінде дайындау-пішу өндірісін жеке кәсіпорын ретінде бөліп
шығару. Бұл тігін өндірісін дамыту үшін өндірістік алаңдардың босауына,
оны басқа мақсаттарға пайдалану мүмкіндігінің пайда болуына , ұжымның
әлеуметтік мүддесін тезірек қанағаттандыруға, кооперациялық
байланыстардың күшеюіне, әкімшілік-өндірістік құрылымның оңайлануына
ықпалын тигізеді.
2. Өндірістік кәсіпорындарды заттық белгісіне қарай мамндандыру өндірістік
құрылымның біркелкі блуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай өнім өндіруді жеке
кәсіпорында шоғырландыру өнімділігі жоғары құрал-жабдықты қолдануға,
басқару аппаратын қысқартуға, өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті
нысандарын қолдануға көмектеседі.
3. Қосымша және қосалқы өндірісті жеке кәсіпорын ретінде де еншісін беріп
бөліп шығару немесе өндірістік-кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру. Мұның
өзі қосымша және қосалқы өндірісті шоғырландыруға, оның тиімділігін
арттыруға әсерін тигізеді.
4. Өндірістік кешендер құру кәсіпорын шеңберінде өндірістік құрылымды
жетілдірудің негізгі түріне жатады. Өндірістік кешеннің құрамына бір-
біріне жақын орналасқан кәсіпорындар кіреді.
5. Аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің әрбір бағыты немесе оны
жүзеге асырудың жан-жақты шаралары кәсіпорынның нәтижелерін жақсартуға
көмектеседі.

1.3. Өндірісті ұйымдастыру типтері және түрлері
Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық
және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен
түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді:
мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы, дайындау көлемі мен қайталануына
байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы.
Кәсіпорында өндірістің ұйымдастырудың үш негізгі түрін ажыратуға болады:
-бірлік (жеке);
-сериялы (топтамалы);
-жаппай.
Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндіріс-өнім жекеленген немесе қайталанып
отыратын шағын тапсырыстармен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға,
кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық өндіріс
шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да, жұмысшылар
сол өнімді өндіруге мамандандырылады. Сондықтан жұмысшылардың біліктілігін
жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді.
Бірлік өндірістің маңызды ерекшеліктері:
-технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;
-әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;
-қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;
-өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап-жұмыскерлер санының
басым болуы;
-өндірістік циклдың ұзақтығы,
-аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;
-өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;
-өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің
болмауы;
-еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.
Сериялы өндіріс-бірыңғай өнімнің кең атауларын ұзақ уақыт бойы қайталаынп
отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.
Серия деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізіділіктімен
үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратн құрылысы бірдей өнімдер
қатарын шығарумен түсіндіріледі.
Сериялы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:
-технологиялық жабдықтау, арнайы және мамнданған құрал-жабдықтардың
басымдылығы;
-орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;
-өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;
-дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру;
-өнім сапасын басқаруда статистикалық мәліметтерді пайдалану.
Сериялы өндірісті жеке және жаппай өндірістің арасындағы аралық өндіріске
жатқызуға болады. Серияның саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жаппай
өндіріске жақын, ал егер саны неғұрлым аз болса жеке өндіріске жуық
болады.Келісім бағамен сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен
шығарылады. Мұндай жағдайда кәсіпорын тұтынушылармен жеке байланыста болып,
экономикалық қарым-қатынасты жақсартады. Сатуға арналған өнімнің
ассортименті жөнінде келіседі, шаруашылық келісімшарттар мен контракттарға
отырады.
Жаппай өндіріс-бірдей өнім түрінің шектулі атауларын көп көлемде
дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен
сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын,
ауыл шаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс
кәсіпорындарында бір атаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін
шоғыраландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамндануының жоғары түрі.
Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және
үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты-бөлшектер,
тораптар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі
Лекциялық кешені «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Нарық экономикасы жағдайында өндіріс тиімділігі арттыру жолдары
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттыру
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың қағидалары
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жоспарлау және басқару
Пәндер