Ішкі істер облысындағы жергілікті мемлекеттік басқару органындағы өкілеттігі


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2. 2 Ішкі істер облысындағы жергілікті мемлекеттік басқару
органындағы өкілеттігі
2. 3 Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанның бергі тарихында мемлекеттік басқару құрылымында өзін-өзі басқарудың мүлдем болмауы, қоғам үшін бұл ұғымды тіптен бейтаныс етуде. Қазіргі таңда өткір қоғамдық талқыдағы бұл мәселені осы еңбекте ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге тырыстық. Бұл ғылыми еңбектің алғашқы бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы ұғымы және Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық мәртебесі қамтылған. Екінші бөлімінде әлемдегі муниципалдық басқару үлгілері, мемлекет және қоғамның диалектикалық даму барысындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы және өзін-өзі басқару қауымдастықтарының азаматтық қоғамның маңызды белгісі екендігі жөнінде зерттеу жүргізілген. Соңғы үшінші бөлімде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институтын ендірудің ерекшеліктері және проблемалары, сонымен бірге елімізде билікті орталықсыздандыру стратегиясының бағыттары мәселе ретінде қозғалған.
Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы мен мемлекеттік реттеудің нарықтық механизміне негізделген жаңа демократиялық қатынастардың даму жолын тандауы, құқықтық саланы және мемлекеттік органдарды реформалаудың қажеттілігін шарт етіп қойды.
Мемлекеттілік қалыптасуының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі саналатын елдің саяси-құқықтық жүйесінің дамуы экономиканың түбегейлі реформалануымен де, оның нарық жолына түсуімен бір мезетте жүзеге асты. Демек, бұл процестер өзара тығыз байланысты болып келеді және бір-біріне елеулі ықпалын тигізеді деп айтуға болады.
Өткен уақыт ішінде республикамызда нарықтық өзгерістерді жүргізуге, оны қабылдай отырьш елді басқаруға бағытталған бірнеше заң қабылданды, бірқатар құрылымдық реформалар жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік басқарудың тұтқасын құрайтын жергілікті баскару органдарындағы белсенді азаматтардың заманауи жауаптылықта пісіп жетілген елеулі шоғырының қалыптасуына мұрындық болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарындағы құқықтық реформалауға талдау жасау барысында оның басты нәтижесі мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындағаи, азаматтардың құқықтары мен бостандықгарының негізін берік калаған, сондай-ақмемлекеттік органдардың жаңа жүйесін құқықтық тұрғыда бекіткен 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауы болып табылады деп айта аламыз.
Қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қоғамдық тәртіп (ағыл. public order; нем. Gesellsch aftsordn ungj) - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-қылығы тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т. б. ) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп - қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады.
Қоғамдық қауіпсіздік (ағыл. public safety (security) ; нем. off en tlicit e Sich erh eit) - Адамдардың мінез-күлкі немесе табиғаттың дүлей күші тудырған қоршаған орта үшін қауіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянды зардаптардың алдын алумен немесе жоюмен байланысты қатынастар.
Ішкі істер облысындағы жергілікті мемлекеттік басқару органындағы өкілеттігі
Жергілікті мемлекеттік басқару - Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23. 1. 2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімият) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады;
ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды 2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жіне атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларға төмендегілер жатады:
1. маслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы мен инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге, сондай-ақ бұл органдардың шешімдері Конституцияға және басқа да нормативтік актілерге қайшы келмеуге тиіс;
2. маслитаттар мен әкімшіліктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауға тиіс; ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелер шеңбері арнайы заңда белгіленген;
3. маслихаттар мен әкімшіліктер өз құзыреттерінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; бұл олардың ортақ міндеті болғанымен, заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрлі әдістерін белгілеген.
4. маслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капитал, қаржы нарқын қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады;
5. маслихаттар мен әкімшіліктер өз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуға тиіс.
Жергілікті өкілді орган (маслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы смайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Маслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.
Маслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады; заңды тұлға болып табылмайды, яғни қандай-бір шаруашылық әрекеттер жасамайды. Маслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарға кірмейді. Ол мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және т. б. жай күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.
Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.
Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:
1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;
2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;
3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдардың мәселесін шешу;
4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының есебінен тыңдаукіреді.
Маслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы болып табылмайды. Маслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия маслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Маслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған маслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Сессияда оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі. Маслихат сессиясы егер оған маслихатқа сайланған депуттатар санының кем дегенде үштен екісі қатысып отырса, маслихат қарауындағы мәселелерді қарастыруға құқылы. Маслихаттың кезекті сессиясы кем дегенде жылына төрт мәрте шақырылады және оны маслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Маслихат сессиясының төрағасына белгілі бір өкілеттіктер берілген: ол сессия шақыру туралы шешім қабылдайды, маслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, оның күн тәртібін қалыптастырады, сессияның отырысын жүргізеді, маслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді, маслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген маслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іскеасырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облысәкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.
Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.
Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері мен .
Облыстың (Алматының, астананың) әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:
1. Облыстың (Алматының, астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азамттармен қарым-қатынастарда облыстың (Алматының, астананың) мүдделеріне өкілдік ететді.
2. Облыстың (Алматының, астананың) әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшелерінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыну енгізу құқығы берілген.
3. Облыс әкімі облыс (Алматы, астана) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, Алматы қаласы мен және астана ауданының) әкімдеріне заңдарға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
4. Облыс әкімі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктер мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді. Алматы және Астана қалаларының әкімдері осы қалалардағы аудандық әкімшіліктер мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
5. Облыс (Алматы, астана) әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі.
Аудан әкімі өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1. Әкім мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделеріне өкілдік етеді.
2. Аудан әкімі орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің, соның ішінде облыс бюджетінен қаржыландыратын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қызметі туралы, олардың Конституцияны, заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауы жайлы ұсынулар енгізуге құқылы.
3. Әкім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды, салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер жинауға жәрдемдеседі.
4. Әкім мектепке дейінгі, бастауыш, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерін, әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету түсінігі
Мемлекеттік басқарудағы заңдылық - бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын және мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті - құқықтық актілерін дәл, қатаң және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту және нақты іске асыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету - заңдылық - биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың қызметі.
Олар мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік билік органдарының қызметінде, олардың лауазымды тұлғаларының заңдарға және одан туындайтын актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу;
2) оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;
3) оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;
4) табылған құқық бұзушылықтарды уақытында және оперативтік тұрғыда жолын кесу және жою;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz