Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері



Кіріспе
І.тарау. Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері
1. Құрылымдық экономикалық ркформалрдың негізі және модельдері
2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
3. Өнеркәсәп дамуының Республикасындағы ақуалы
4. Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жағдай

ІІ.тарау. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік дамуы
1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл.ауқатын көтерудегі проблемалар және олардың шешілуі
2. Зейнетақа, тұрғын үй, азық. түлікпен қамтамасыз ету
3. Қазақстан тұрғындарына медециналық қызмет көрсету саласындағы қиыншылықтар мен мәселелер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
Зерттеудің тақырыбының өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған қазақстан республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылда әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы -- ел тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.
Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген шаруашылығы бар ебедейсіз экономикалық жүйе біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен даңғыл жол басындағы тәй-тәй басқан сәбй секілді күй кешті. Біршама уақыттан соң жағдай мүлдем өзгерді. Елімі президенті Н.Ә. Назарбайев бұл жайында былай деген болатын : «Бұл тарихтың жаһандық сындары және жаңа экономика модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнендемократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі туындады . ... Ал бүгін өткен

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе
І–тарау. Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және
олардың елдің экономикалық дамуына әсері
1. Құрылымдық экономикалық ркформалрдың негізі және модельдері
2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
3. Өнеркәсәп дамуының Республикасындағы ақуалы
4. Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы жағдай

ІІ-тарау. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік дамуы
1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын көтерудегі проблемалар және
олардың шешілуі
2. Зейнетақа, тұрғын үй, азық- түлікпен қамтамасыз ету
3. Қазақстан тұрғындарына медециналық қызмет көрсету саласындағы
қиыншылықтар мен мәселелер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

КІРІСПЕ

Зерттеудің тақырыбының өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қабылданған қазақстан республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық
заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа
мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылда әлемнің әр тарапындағы
алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың
тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт
бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері
қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы -- ел
тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.
Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі
рынокқа ғана негізделген шаруашылығы бар ебедейсіз экономикалық жүйе
біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың
болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен даңғыл жол
басындағы тәй-тәй басқан сәбй секілді күй кешті. Біршама уақыттан соң
жағдай мүлдем өзгерді. Елімі президенті Н.Ә. Назарбайев бұл жайында былай
деген болатын : Бұл тарихтың жаһандық сындары және жаңа экономика
модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде
міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға, тоталитаризмнендемократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі
туындады . ... Ал бүгін өткен

Зерттеу жұмысының деректік негізі: тақырыптың деректемелік қоры
мындай баспасөз құралдары мен зерттеу және статистикалық басылымдары
құрады: Егемен Қазақстан, Жас Алаш, Казакстанская Правда,
Финансист, Экономика и статистика, Общество и экономика, Хозяство
и право, деловая неделя, Понарама, Мысль, Исследования и
результаты, Вопрросы экономики, Экономист, Экономика и жизнь ,
Аналитическое оброзование, Вести Казакстана, Деловой мир т.б сол
сияқты. Сондай – ақ елдің экономикалық дамуы Қазақстанның Ұлттық банкінің,
Қазақстан республикасы қаржы министрлігінің статистикалық бюллетеньдері
құнды материалдар береді.
Тәуелсіз мемлекеттер Достығының Статистикалық клмитеті шығаратын
Статистикалық жинақтарының да маңызы ерекше.
Тақырыптың тарихнамасы: Жоғарыда баяндағанымыздай Қазақстанның 1991-
2001жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы шашырай, жүйесіз
зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. Десек те, тақырыпқа қалам
тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды
мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:
Бірінші топта көрсетілген он жыл ішінде үкіметтің жоғарғы қызмет
орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты
іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің
еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты Әділеттің ақ жолы,
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы, Ғасырлар тоғысында, Қазақстан 2030 деп аталатын
шығармаларын ерекше атап өткен жөн.
Сондай – ақ әр уақыттарда үкіметті басқарған Ә.М.Қажыгелдиннің,
Қ.Тоқаевтың, Н.Балғынбаевтың, Қ.Тоқаевтың баспасөз беттерінде жарияланған
баяндамаларында құнды материалдар беріледі.
Екінші топқа тақырыптың жеке – жеке бөліп зерттеген арнайы мамандар –
эконмистердің, әлеуметттанушылардың және тарихшылардың еңбектерін
жатқызуға болады. Олардың қатарында Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев,
Т.Бондорь, Ч.Мусиннің, А. Сүлейменовтың, С.Байтіленовтың,
Ә.Әбдікәрімұлының, Ұ.Рысбайұлын т.б авторлардың зерттеулері тақырыптың
мәнін ашуда сындарлы мағлұматтар береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының
туелсіздік туы астында жңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында
алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын
зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп,
обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып
табылады. Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді орындауды жүктейді:
- Тәуелсіз қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдауы жолын зерттеу,
және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның
негізінде анықтама беру;
- КСРО ыдыраған тұста және мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі
(1991-1993жж) Қазақстан республикасындағы макроэкономикалық ақуалға
анализ жасау;
- 1993-1997жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға
беру; Инфляцияны тоқтату саясатын анықтау;
- 1998-2002жж экономикалық реформаға анализ жасау; Банк жүйесіндегі,
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді анықтау;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар
мен күрделі мәселелерді шешудегі іс – шараларға сараптама жасау,
азаматтарының жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін қоғам орнатудағы үкімет
саясатын зерттеу;
- Қазақстандықтардың әл – ауқатын көтеру, зейнетақы, тұрғын үй, азық –
түлікпен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік проблемаларды шешу жолына
анализ жасау;
- Медицина мәселесін шешу;
Зерттеу жұмысының метолологиялық негізі. Дипломдық жұмыста қойылған
мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің
диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік
сияқты негізгі метолологиялық принциптер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі жұмыстың
мақсаты мен міндеттері , методологиялық негізі айқындалған.

І–тарау. Қазақстанда жүргізілген макроэкономикалық реформалар және
олардың елдің экономикалық дамуына әсері

1. Құрылымдық экономикалық реформалардың негізі және модельдері.

90- жылдары Қазақстан Республикасының дамуы 80- жылдардың орта
тұсында туындған терең экономикалық дағдарыстан шығу және мемлекеттілікті
қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылған радикалды реформалармен тікелей
байланысты болды.
Экономикалық реформалар халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудағы жаңа
принциптер жағдайында, өндірісті шоғырландыруға, мамандандыруға және
кооперациялауға негізделген шаруашылықты ұйымдастыру формасын өзгертуге
бағытталынды.
Құрылымдық реформа – елдің шаруашылық құрылымының өзін өзгертумен
байланысты экономикалық реформалардың ерекше түрі екендігі белгілі. Жалпы
алғанда құрылымдық реформаға, біріншіден, экономика мен жекешелендіруді
басқарудағы мемелкеттің ролін өзгерту жекеменшік құрылымын өзгерту
(мемелкеттік және муниципалды кәсіпорындарды мемлекеттік емес заңды тұлғаға
меншікке беру) кіреді. Екіншіден, өлкеаралық және трнасұлттық принцип
негізінде құрылған рыноктық хабарламалықинфрақұрылымды құру немесе дамыту
(коммерциялық банктер және қаржы үйлері – холдингтер, тауарлық, фондтық
және валюталық биржалар, сақтандыру қоғамдары, қызметшілерді оқыту, іріктеу
және бағалау орталықтары, кеңес беру, көтерме базалары және бөлістіру
орталықтары, эксперттік, маркетингтік, сертификаттау және аудиторлық
фирмалар, ғылыми – технологиялық парктер және технологияны беру
орталықтары); үшіншіден, өндірістің салалық құрылымын әскери - өнеркәсіптік
комплексті конверсиялау негізінде өзгерту, шикізаттық салалар үлесін азайту
және ғылымға негізделген, оның ішінде тұтыну және инвестициялық тауарлар
мен қызмет көрсету салаларын экспорттауға бағытталған өндірістер үлесін
ұлғайту; төртіншіден, инвестициялық және салықтық реформаны қаржымен
қамтамасыз ету, (белгілі дәрежеде зияндыларын жабу, рентабельдігі аз алайда
перспективтілер жұмысын жақсарту және барлық салалардың халықаралық
өнідірстер рыногында бәсекеге қабілеттілігін тездетіп дамыту); бесіншіден,
әлемдік экономикаға мейлінше көбірек интеграциялау (өндіріс пен қызмет
көрсету салаларын өлкелік топтастыру шеңберінде трансұлттандыру,
экспорттық, импорттың үлесін арттыру; алтыншыдан, экономиканың негізгі
бөлігі – кәсіпорындарды құрылымдық және экономикалық жағынан қайта құру.
(22,с.62)
Құрылымдық реформаның модельі – оны асыру әдісі, бірінші кезекте, оны
жасау және үйлестіруде мемлекеттің қатысу дәрежесіне сондай – ақ қайта
құрулардың жиілігіне байланысты. ХХ ғ. тарихында әр түрлі көріністе ТМД
елдерінде қолданылған реформаның екі түрлі модельі болды.
Алғашқысы, либералды – монеторлық (Қазақстанда 1895 жылдн бастап
қолданылды), бұл модель А.Смит және Д.Рикардолардың дәстүрлі классикалық
саяси экономикасынан шығады, ал ХХ ғ соңында С.Фридман және басым көпшілігі
Чикаго мектебі мен халықаралық вамон қоры өкілдері басқарған неолибералды
экономистер дамыта түсті. (22,с.64)
Бұл модель бойынша мемлекет реформалардың жалпы бағдарламасын жасайды
және макроэкономикалық қаржылай реттеуді белсенді түрде жүргізеді. Оның
барысында экономиканы тікелей басқаруға араласпайды және мемлекеттік
кәсіпорындарды жекеменшік, оның ішінде шетелдік инвесторларға, белгілі бір
төлем ақымен бере бастайды (оларды қайта ұйымдастырып, мүліктерін толық
бағалап, заңдық жүйеде ұйымдастыру жұмыстарын іске асырғаннан соң). Мұндай
қайта құрулардың басты мақсаты – инфляцияны және ссудалық пайыздарды
бәсеңдету, рыноктық күштердің әрекетін шектейтін заңдарды жою, мемлекеттік
шығындарды қысқарту болып табылады.
Екінші, реформаның институтцианалдық модельінің негізін марксизимнің.
Д.Кейнстің және бүгінгі күндегі неокенйнсшілердің, эволюционистердің және
институтцианалистердің теорияларындағы бірқатар жегілер қалайды.
Бұл концепция бойынша мемлекет стратегиялық инвестор, индустрацияның
базалық салаларының ірі кәсіпорындары мен инфрақұрылымының қожайыны ролінде
болады. Макроэкономикалық реттеумен шектеліп қалмай, ол перспективті
жоспарларды, мақастты бағдарламаларды жасайды. Оларды жүзеге асыруды
ұйымдастырады және қаржымен қамтамасыз етеді. Мұнда реформалар өзінің
біртіндеушілігімен ерекшеленеді. Олардың басты мақсаты – рынокты реттеу
үшін институттарды (ұйымдарды, жүйелерді) құру, өндіріс құрылымын қайта
құру.
Қазақстанның либералды – монеторлық модельді таңдап алуы, 70 –
жылдардың орта тұсында – ақ КСРО – да көріне бастаған экономикалық
дағдарыстың салдарынан өндірістің даму қарқынының және сапасының төмендеу,
дамыған елдерден техникалық және технологиялық артта қалушылықты жоюдан
келіп туындаған қажеттілік болып табылады. Осы жағдайларға байланысты
экономикалық саясат орталығында шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістерін
тездетіп енгізу арқылы қоғамдық өндірістің сапалылығын арттыруға қол
жеткізу мәселесі қойылды. Аталған іс – шара орталықтанған экономикадан
шаруашылықты жүргізудің рыноктық жүйесіне бірқалыпты өтуіне мүмкіндік беруі
тиіс еді.

2. КСРО ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының ақуалы және
мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі экономиканы реформалау.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы
экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ 80- ші жылдарының соңында
(1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы
үзіліп қалды.
Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек
ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару
жүйесін және жапы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық
қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық
шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік
салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы
келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік –
техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына,
нифляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де,
бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да
эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989
жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды
(ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық
өнімі – 2,8 пайыз (23,с 40) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды,
оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға
кеміді. (1- кесте)

1989-1991 жж Қазақстан республикасындағы әлеуметтік экономикалық негізгі
көрсеткіштерінің индексі ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда пайыздық түрде)

1989 1990 1991
Өндірілген ұлттық кіріс 99,9 99,1 89,7
Өнеркәсіп өнімдері 102,5 99,2 99,1
Ауыл шаруашылық өнімдері 92,7 106,8 77,4
Капиталдың салынуы 104,0 97,0 105,0

Деректер: автордың өзі [9,12-б.] негізінде құрастырған

1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО – ның экономикасымен үйлесімді
дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті.
Егеменді Қазақстан республикасындағы эконмикалық қайта – құрулар 1992
жылдан басталды. Олар кезең – кезеңімен жүргізілді.
Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни
Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын
енгізгенге дейін. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы
экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің
жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша –
кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды.
Бұл кезеңдегі Қазақстанның эконмикалық дамуының ерекшелігі 1990 –
1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа
өтуінен тұрады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ
атаған еді. (23, с. 46) Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі
тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді. (2- кесте)

Қазақста республикасының 1992-1994 жылдардағы негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштер динамикасы (1991жылмен салыстырғанда пайызбен)

Көрсеткіштер 1992 1993 1994
Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) -5,3 -14,0 -24,8
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі -14.0 -27,0 -47,0
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері 29,0 20,0 -5,0
(барлық категориядағы шаруашылықтар)
Негізгі капиталға салынған капитал -47,0 68,0 -73,0
(қаржыландырудың барлық қорларына)
Тұтыну бағаларының индексі -16,1 284 5615
Бөлшектік тауарайналым (өткізудің -33,0 -44,0 -72,0
барлық каналдары)
Экспорт -65,0 -67,0 -67,0
Импорт -66,0 -72,0 -74,0


Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта,
1992 ж қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың
соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе
сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.

Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы
либерализациялау республикадан сыртқы маңызды шикізат түрлерін, көбіне
республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады.
Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді.
Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекет – серіктер Қазақстандық стратегиялық
тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік
тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе
берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.
Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді.
Елдік сыртқы сауда саясатында іс жүзінде импорттық пошлиналар болмады.
Орталықтық – экспорттық жүйеден рынокқа өту кезеңінде экспорттық -
импорттық және төлемдік операцияларды дұрыс бақылау болмай отырған уақытта
аса қажетті іс – шара болып табылатын – лицензиялау және квоталау жүйелі
қолданылды.
Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және
республикаралық қамысздандырушылық бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс
істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік операциялар кеңінен
қолданылды, мұнда көбіне олар неэквиваленттік айырбас сипатында болды.
Басқа түрлі өнімдердің (қызмет) бағасы еркін болып тұрған және
рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энергиятасымалдаушылардың
бағасын либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды
өндіретін, өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету
мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру (жылына 3-4 рет)
қажеттілігін туындатты. Бұл өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары мен
қызмет түрлерінің бағаларын көтеруге алып келді.
Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы
туындады да, ол спираль тәрізді баға реациясын соңынан ертті. Мұндай
бағаларды теңестіру процессі үздіксіз жүрді де, ол Қазақстан экономикасын
бұрын болып көрмеген инфляция қарқынына душар етті. (3- кесте).

1991-1997 жылдар аралығындағы баға динамикасы (алдыңғы жылдармен
салыстырғанда пайызбен)

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997
Тұтыну бағалары 247 3060 2265 1258 160 128 111
Өнеркәсіп өнімдеріне 312 3916 1423 2023 140 118 111
өндірушілердің бағасы


1993 ж қаңтарында шұғыл антидағдарыстық іс – шаралар және әлеуметтік
– эконмикалық реформаларды тереңдету жайындағы бағдарлама бекітілді.
Бағдарламаның негізгі міндеті рыноктық инфрақұрылымды және қоғамдық, ұдайы
өндірістің барлық салаларында бәсекелестік ортаны қалыптастыру деп
жарияланды.
Бағдарлама, барлығынан бұрын, мемлекет меншігіннен алу және
жекешелендіру концепциясына қатысты түзетулер енгізді. Қазақстан
Республикасы үкіметі кәсіпорындарды, газ кендері мен стратегиялық маңызды
салаларды тездетіп сату үлкен қателік деп тапты, сондықтан да жекешелендіру
бағдарламасына стихиялы түрде емес, мемлекет тарапынан қатал бақылау орнату
арқылы жүргізу ұсынылды.
Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен
жүргізілді.
1) Өндірістің бәсекелестік рыноктық өзіндік реттеу мен мемлекет
тарапынан экономикалық дамудың негізгі параметрлік макроэкономикалық реттеу
синтезіне негізделген әлеуметтік – нысаналық аралас экономика құру;
2) Ұлттық кәсіпкерліктің барлық түрлеріне,оның ішінде әсіресе,
материалдық табыс өндіретін, қызмет көрсету, транспорт және бөлшек сауда
салаларындағы жеке меншік түріне қолдау көрсету;
3) Өндірістің құрылымдық қайта құрылуына негізделген жылдам
экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру; отын – энергетикалық және
металлургиялық комплекстерге бірінші кезектілігін жүйесін, азық – түлік
және халық тұтыну тауарлары рыноктарын дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу;
4) Мемелекетаралық байланыстарды – бірінші кезекте ТМД елдерімен,
Батыспен, Қиыр шығыс мемлекеттерімен және түрік – азиаттық әлем елдерімен
қатынаста, экономикалық – саяси серіктес таңдауда пргматизм ұстанымын
сақтау. (2; с.31)

1993- 1997 жж эконмикалық реформалар
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993
жылы қарашада ұлттық валюта – тенгенің енгізілуімен және жүйелі қайта
құрулап және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы
ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды.
Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық
салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте,
оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік
құқықтық база құрумен, рыноктарды және рыноктық инфрақұрылымдарды дамытумен
сипатталады.
Алайда, 1994 ж орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылданған
бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте
бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Қазақстандағы экономикалық саясаттың кезеңдік сипаты және оның шағын бизнеске әсері
Қазақстандағы экономикалық өсудің негізін қалаған экономикалық реформалардың талдауы
Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу
1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат
Инфляцияның мәні және пайда болу себептері
Ғылыми кеңесші экономика ғылымдарының докторы
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Халықаралық валюталық қор
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Пәндер