Қызметтік стильдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қызметтік стильдер

Біздің күнделікті тұрмыста қолданып жүрген тіліміз ресми қатынастар кезінде қолданылатын тілден өзгеше. Әдеби тіл қоғамдың өмірдің әр түрлі салаларында қолданылатындықтан, ол әр түрлі қызметтік стильдерге бөлінеді. Қызметтік стиль дегеніміз - ол әдеби тілдің адам қызметінің белгілі бір саласына тән және тіл құралдарын пайдалануда өзіндік ерекшеліктері бар, белгілі бір қызмет атқаратын стиль өзгешелігі.

Қызмет стильдері төмендегідей болып ажыратылады: ғылыми, техникалық, ресми-іскерлік, газеттік-публицистикалық, ауызша - қарапайым.

Ғылыми стиль - өзінің терең мағыналылығымен, баяндаудың көңілге қонымдылығымен, арнайы терминдердің көптігімен, белгілі бір ерекшеліктерімен сипатталады. Мұнда көбінесе кітаби, арнайы, стилистикалық бейтарап лексика қолданылады. Ғылыми стильде мақала, монография, диссертация, оқулық, пікірнама, шолу, түсініктеме, т. т. жанрлар бөлінеді.

Техникалық стильде техникалық терминдер көп қолданылады.
Ғылыми стиль сияқты техникалық стильде де көбінесе кітаби, кәсіпке байланысты және бейтарап лексика қолданылады. Көбінесе техникалық стильді ғылыми стильдің бір түрі деп есептейді. Техникалық стиль оқу

Және техникалық әдебиеттерде, жабдықтардың техникалық паспорттарында және жабдықтар мен қондырғыларды жинау, пайдалану туралы нұсқауларда жиі қолданылады.

Ресми-іскерлік стиль. Тұжырымдаудың дәлдігімен, жақсыздығымен, баяндаудың бейтараптылығымен, жоғарғы дәрежедегі қалыптылығымен, тұрақты айналымдардың көптігімен ерекшеленеді. Бұл стильде заң, шешім, қарар, нота, келісім-шарт, нұсқау, хабарландыру, жарнама, арыз, т. б. жанр-
лар кездеседі.

Газет - көпшілік стиль екі түрлі қызмет атқарады: ақпараттық және үгіт-насихаттық. Бұл стиль бұқаралық ақпарат құралдарына тән. Көпшілік стильде қоғамдық-саяси сипаттағы, мағынасы тереңде жатқан сөздер қолданылады. Көпшілік стильдің бас мақала, баяндама, очерк, репортаж, фельетон, т. б. жанрлары белгілі.

Ауызша-қарапайым стиль. Сөз тіркестерін түзуде қатал түрдегі әдеби-грамматикалық қалыптардан ауытқушылығымен, қарапайым сөйлеу фразеологияларын жиірек қолданумен ерекшеленеді. Ауызша сөздік
катынас әдеби тіл стильдерінен тыс жататын қарапайым лексикаға жанасады. Қарапайым, дөрекі сөздер әдетте, шындық болмыстың заттарын дөрекі, әдепсіз сипаттау үшін қолданылады. Мысалы, "мешкей", "қоқыс", "оттау", "сілімтік", "жағыңды қарыстыр", "сүмелек", т. б. Күнделікті сөйлеу қатынасында мүндай сөздерден аулақ болған жақсы, ал ресми-келіссөздер барысында мұндай сөздерді қолдану - білімсіздік пен ұятсыздықтың белгісі.

Жоғарыда аталған стильдермен қатар жалпы халықтық тілде көркем әдебиет тілі деген ерекше құбылыс бар. Кейде оны кітаби тілдің алтыншы қызметтік стиліне жатқызып, әдеби тіл деп қателік жіберуде. Бірақ, әдеби көркемдік тілге тән нәрсе - онда тілдің әсерлеу, керкемдеу, жаттығу құралдарының барлығы тек әдеби тілдің сөздері мен тіркестері ғана емес, сонымен қатар қарапайым тіл, жаргондар, аумақтық диалект элементтерінің де қолданылуы мүмкін. Көркем мәтінді тудырушы аталмыш құрал-өдістерді шығарманың идеясын пайымдау үшін, оған сезімдік өсер етушілік қасиет, жергілікті иіс - нәр беру үшін қолданады.

Тілдің әрбір қызметтік стилі қоғамдың тәжірибенің ерекше аясымен байланысты және қатынастың әр түрлі мақсаттарына қызмет етеді. Тілдегі стильдерді ескеріп, бағалау нақтылы жағдаяттарда олардың қайсысына қол-дануға кеңес беру үшін қандай да болмасын бір стильдің ерекшелік белгілерін білу қажет. Төменде осы белгілердің кейбіреулерін келтіріп көрейік:

Қызметтік стильдердің ерекше белгілері

Сөздердің стильдік мәнерленуі - сөздердің мағыналары бірдей, бірақ олардың стильдік өзгешіліктері бар.

1. Стильдік әсерленген сөздер.

2. Сезімдік-әсерлік сөздер (жағымды не жағымсыз баға мағынасында) . Мысалдар: 1) контракт, әке, дефицит (ресми), апа, өтірікші (қарапайым), суайт, ренжу, орасан (публицистикалық) ;

2) тамаша, ақылды (жағымды), арсыз, жексұрын, ақымақ (жағымсыз) .

Қолданылатын сөздік қорының түрі.

1. Қарапайым лексика - көбінесе жазбаша түрде қолданылады.

2. Терминологиялық лексика (ғылыми және техн. стильдер) .

3. Мағынасы терең сөздер (қоғамдық-саяси мағынада публ. стиль) .

4. Іскерлік лексикасы - ресми іскерлік қатынастарды білдіретін сөздік қоры.

Күнделікті тіршілікте көбінесе қарапайым сөздер пайдаланылады. Қарапайым стильдің сөздері мағыналарының тереңдігімен, әсемдігімен ерекшеленіп, сөзді, тілді жандандырып, оған күшті сезімталдық екпін береді. Бірақ, қарапайым сөздер күнделікті тұрмыстық қатынастарда қанша орынды болғанымен ресми-іскерлік қатынастарда аса қолайсыз.

Қарапайым қатынас сөздері кітаби сөздерге қарама-қарсы. Кітаби сөздердің мәні, олардың грамматикалық белгіленуі мен айтылуы әдеби тілдің қолданымдағы қалыптарына бағынады, олардан ауытқуға рұқсат жоқ.

Кітаби сөздердің таралуы әр түрлі емес. Ғылыми, техникалық, газеттік-публицистикалың және ресми-қызметтік стильдерге ортақ сөздерден басқа кітаби лексикада тек белгілі бір стильге ғана тән және олардың ерекшеліктерін білдіретін сөздер де бар. Мысалы, терминдік лексика ең алдымен ғылыми және техникалық стильдерде қолданылады. Оның негізгі қызметі-ғылыми ұғымдар туралы дәл, анық түсінік беру. Публицистикалық стильге мағынасы терең, қоғамдық-саяси мағынадағы сөздер тән. Қарапайым - тұрмыстық стильге мағынасы анық, нақты сөздер тән болса, кітаби лек-сикаға жататын сөз негізінен жалпыламалық сипатта болып келеді. Кітаби және қарапайым лексика деген терминдер шартты ұғымдар болып келеді, себебі олар міндетті түрде тілдің белгілі бір түрімен байланысты емес. Жазбаша тілге тән кітаби сөздер ауызша тілде де (ғылыми баяндамалар, көпшілік алдында сөйлеу, т. б. ), қарапайым сөздер жазбаша түрде де (күнделіктер, хат, т. б. жазғанда) пайдаланылуы мүмкін.

Қызметтік стилъдің үлгілері

Әдеби тілдің әрбір қызметтік стилінің ерекшеліктерін ажырату үшін әр түрлі стильдерге жататын мәтіндерді мысалға келтірейік.

Ғылыми стиль.

"Педагогика дегеніміз - тәрбиелеу, білім беру және оқыту мәселелерін зерттейтін теориялық және қолдан-алы ғылымдардың жиынтығы. Сонымен қатар педагогтық институттар мен басқа да оқу орындарында оқытылатын бағдарламалы оқу курсын педагогика деп атайды. Педагогика ересектермен жүргізілетін оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстарының да проблемаларын қамтиды.

Тәрбие мәселелерін басқа да ғылым салалары зерттейді. Әлеуметтану тәрбиелеуді қоғам мен мемлекеттің қызметі ретінде, психология тұлғаның рухани даму жағдайы есебінде қарастырады. Педагогика тәрбиелеу процесінің заңдылықтарын, оның құрылымы мен механизмдерін зерттейді, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру теориясы мен әдістемесін, оның мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтайды".

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тег атрибуттары
Құжат ұғымы және мазмұны
HTML тілі туралы
HTML гипермәтіндік тілі
Стиль ұғымы. Функционалды стильдердің жіктелуі
Қазақ тілі - мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі
Заң шығарушылық стиль
Басқару құжаттарын құрастыру және ресімдеу талаптары
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz