Құқықтық мемлекеттегі сот билігі



Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы (идеология) құқықпен шектелген билікгің синонимі ретінде саяси-құқықтық лексиконымызда тұрақты орын алды. Әлеуметтік-саяси мәселелерді зерттеушілердің ішінде құқықтық мемлекет теориясының тұжырымдамалық өзегі әмбебап зертnеушісі құқық болуға тиіс, мемлекеттік билік пен жеке бостандықтың оңтайлы ара қатынасына қарсы келетіндері кемде-кем. Сөйтіп, құкықтық мемлекет теориясының мазмұндық мағынасын шынайы талдаудың және оған баға берудің негізі, ең алдымен, мемлекет және құқық ұғымдарының жеткілікті дәрежеде байқалатын пішіндерін анықтау болып табылады, себебі, құқықтық мемлекет деген сөз тіркесі мемлекет және құкық ұғымдарының қисыңдық ғана емес, тұжырымдамалық қиысуы мәртебесін алуға тиіс. Бұл мағынада ол жеке теория ретінде қабылдануы мүмкін.
Құқықтық мемлекеттің пайда болуы мен дамуына қысқаша тарихи шолу қазіргі түріндегі осы теорияның халықтық биліктің ұйымдастырылуының мүмкін және қалаулы нысандары туралы түсініктердің өзінше бір синтезі болып табылатынын көрсетеді.
Құқықтық мемлекет халықтың егемендігіне негізделген, қоғамдық өмірдің әділ, үйлесімді уйымдастырылуы ретінде әлеуметтік идеал, осы мағынада өмірдің оңтайлы ұйымдастырылуы бағытындағы этика-онтологиялық ізденістерді белгілі дәрежеде ақтап шығуға болады, мұның үстіне әділдік категориясының әлеуметтік-құқыктық сипатынан гөрі, этикалық сипаты басымырақ. Құқықтық мемлекет теориясын қоғамдық өмірді тиісті ұйымдастыру ретінде қарастыру құқықтық мемлекеттің ізгілік әлеуетін толығымен іске асыру мүмкіндігіне орай әлеуметтік көңіл қалушылықтан туындаған көптеген күмәнді сейілтуге мүмкіндік береді. Құқықты және құқықтық мемлекетті көбінесе идеалдық сипаттағы категориялар ретінде ашық мойындаудың дәл өзі қазіргі заманғы философиялық-құқықтық ғылымның келесі қисынды қадамы болуға тиіс. Әділ болу үшін, барлық дерлік зерттеушілердің сөз жүзінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының идеалдық құрамдас бөлігін көлеңкеде қалдыратынын атап өткеніміз жөн.
Осы тұжырымдарды жалпылай еле, мемлекеттің нақты бір идеалынын орындалуы мен қарымқатынастардың құқықтық сипатын, яғни билік пен халық арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді бекіту болып табылатынын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде мойындау және кепілдік беру сендігін атап өтеміз.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқықтық мемлекеттегі сот билігі
Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы (идеология) құқықпен шектелген
билікгің синонимі ретінде саяси-құқықтық лексиконымызда тұрақты орын алды.
Әлеуметтік-саяси мәселелерді зерттеушілердің ішінде құқықтық мемлекет
теориясының тұжырымдамалық өзегі әмбебап зертnеушісі құқық болуға тиіс,
мемлекеттік билік пен жеке бостандықтың оңтайлы ара қатынасына қарсы
келетіндері кемде-кем. Сөйтіп, құкықтық мемлекет теориясының мазмұндық
мағынасын шынайы талдаудың және оған баға берудің негізі, ең алдымен,
мемлекет және құқық ұғымдарының жеткілікті дәрежеде байқалатын пішіндерін
анықтау болып табылады, себебі, құқықтық мемлекет деген сөз тіркесі
мемлекет және құкық ұғымдарының қисыңдық ғана емес, тұжырымдамалық қиысуы
мәртебесін алуға тиіс. Бұл мағынада ол жеке теория ретінде қабылдануы
мүмкін.
Құқықтық мемлекеттің пайда болуы мен дамуына қысқаша тарихи шолу
қазіргі түріндегі осы теорияның халықтық биліктің ұйымдастырылуының мүмкін
және қалаулы нысандары туралы түсініктердің өзінше бір синтезі болып
табылатынын көрсетеді.
Құқықтық мемлекет халықтың егемендігіне негізделген, қоғамдық өмірдің
әділ, үйлесімді уйымдастырылуы ретінде әлеуметтік идеал, осы мағынада
өмірдің оңтайлы ұйымдастырылуы бағытындағы этика-онтологиялық ізденістерді
белгілі дәрежеде ақтап шығуға болады, мұның үстіне әділдік категориясының
әлеуметтік-құқыктық сипатынан гөрі, этикалық сипаты басымырақ. Құқықтық
мемлекет теориясын қоғамдық өмірді тиісті ұйымдастыру ретінде қарастыру
құқықтық мемлекеттің ізгілік әлеуетін толығымен іске асыру мүмкіндігіне
орай әлеуметтік көңіл қалушылықтан туындаған көптеген күмәнді сейілтуге
мүмкіндік береді. Құқықты және құқықтық мемлекетті көбінесе идеалдық
сипаттағы категориялар ретінде ашық мойындаудың дәл өзі қазіргі заманғы
философиялық-құқықтық ғылымның келесі қисынды қадамы болуға тиіс. Әділ болу
үшін, барлық дерлік зерттеушілердің сөз жүзінде құқықтық мемлекет
тұжырымдамасының идеалдық құрамдас бөлігін көлеңкеде қалдыратынын атап
өткеніміз жөн.
Осы тұжырымдарды жалпылай еле, мемлекеттің нақты бір идеалынын
орындалуы мен қарымқатынастардың құқықтық сипатын, яғни билік пен халық
арасындағы өзара құқықтар мен міндеттерді бекіту болып табылатынын,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде мойындау және
кепілдік беру сендігін атап өтеміз.
Осы айтылғандарды ескере отырып, құқықтық мемлекет доктринасын тікелей
әрекет ететін заң актілерінен гөрі, осы тұжырымдамада қамтылған ізгілік
әлеуетін ресми түрде объективтендіру нысандары ретінде декларациялар мен
манифестерде көрініс табуы неғұрлым орынды және оны доктрина ретінде
мойындау негізді деген ой білдіруге болады. Осы пікірді құқықтық мемлекет
принциптерін конституциялық негізде бекітуден бас тарту деп қабылдамау
керек. Мәселе мемлекет өзін құқықтық мемлекет деп тура жарияласа, бұл
қоғамның санасында негізделген күмәннің пайда болуына, тіпті көңілінің
қалуына алып келмейді ме деген сауалда жатыр, себебі қоғам өзі өмір сүретін
көпшілік биліктің ұйымдастырылуы адамзат ұмтылған құқықтық мемлекеттің дәл
өзі деген оймен келісуге мәжбүр болады.
Біздің ойымызша, посткенестік кеңістіктегі жас егеменді мемлекеттер
ғана емес, Батыс пен Шығыстың дамыған елдері де жеке бас бостандығы,
әділдік, тендік, құқықтық заңдардың үстемдігі идеясын әлеуметтік тәжірибеде
толығымен іс жүзіне асырған құқықтық мемлекеттер деп санауға құқылы деп
айту қиын.
Сондықтан, құқықтық мемлекетбұл шынында да, ең алдымен, қоғамдық даму
динамикасымен тұжырымдамасының іске асырылуына тікелей байланысты
идеология.
Құқықтық мемлекет тұжырымдамасына қоғамтанудың ең әйгілі символдарының
бірі болып табылатын биліктің бөліну теориясы тән. Барлық мемлекеттер осы
доктринаны конституциялық деңгейде немесе билік және басқару органдарының
құзырын анықтайтын қағидатты заң актілері денгейінде мойындайды.
Біздің ойымызша, биліктің бөлінуі терминінің өзінде бірнеше мағыналы
салмақ бар, себебі ол, біріншіден, біртұтас мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы е сот билігі болып бөлінетіндігі және екіншіден;
мемлекеттік органдар арасында билік өкілеттіктерінің ара-жігінің ашылуы
сияқты көрінеді.
Осы тұрғыдан алғанда, биліктің бөлінуі деп мемлекеттік жоғарғы
биліктің бірден-бір егемендігін ұстаушы ретінде өзінің билік өкілеттіктерін
тиісті құзыры бар мемлекеттік органдарға беруі, ал образды айтқанда
биліктің сырттай түрлерге бөлінуі деп түсіну керек. Екінші жағынан,
қоғамдағы мүдделердің үйлесімділігіне қол жеткізу мақсатында билік
түрлерінің өзара қатынастарын мемлекет өз органдарына табыстаған
өкілеттіктердің ара-жігін іштей ажырату деп айтуға болады.
Егер осы тұжырымдамаға жалпылама баға беруге тырысатын болсақ, онда,
біздің пікірімізше, өшпес мәні бар деп айтуға болатын екі іргелі
қорытындыны атап өтпесек болмайды. Бұл мемлекеттегі бүкіл билікті бір
органда шоғырландыруға жол бермеу туралы тезис және мемлекеттік билік
органдары арасында өкілеттіктердің ара-жігін ашу нәтижесінде олардың
үйлесімді өзара ықпалдасуына әкелуге тиіс және билік өкілеттіктерін
мемлекеттік биліктің қандай да бір түрінде шамадан тыс шоғырландырудың
салдарынан әлеуметтік мүдделердің тепетеңдігінің бұзылуына жол бермеушілік
жөніндегі ереже.
Біздің ойымызша, сот билігі ұғымы мен оның мәні туралы бүгінгі
түсініктердің деңгейі осы күрделі әлеуметтік феноменді қарастырудың кем
дегенде үш деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Егер осы мемлекеттік биліктің "бөлінуін" формальды логика тұрғысынан
алып қарасақ, онда мемлекеттік билік ұғымының өзі, мысалы, заң шығарушы
билікке қатысты жіктік ұғым, ал ол өз кезегінде мемлекеттік билікке қатысты
түр-сипаттық ұғым болып табылатыны туралы қорытынды жасауға болады.
Сондықтан, заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері мемлекеттік биліктің
түрлері болып табылады, олардың болуы мемлекеттің өз функцияларын жүзеге
асыруы қажеттілігінен объективті түрде туындайды. Мемлекеттік билік
түрлерінің ара-қатынасын талдауға мүмкіндік беретін басқа деңгей -жүйелік-
құрылымдық әдіс. Осы позициялардан мемлекеттік билікті мемлекеттік биліктің
түрлері, соның ішінде сот билігі де тұтас бір жүйенің аса маңызды құрамдас
бөлігі ретінде негізгі элементі болып табылатын жүйелік-құрылым ретінде
қарастыруға болады.
Сот билігі феноменін ғылыми зерттеудің келешегі зор әдістерінің бірі
саналатын синергетиканың жетістіктері позициясынан келу болып табылатын
қағидатты жаңа көзқарас сот билігі туралы біліміміз бен түсініктерімізді
дамыту мен терендетудің бағыты болуы мүмкін.
Өзін-өзі ұйымдастыратын жүйелерді зерттеу әр түрлі синергетикалық
зерттеулердін ғылыми өзегі болып табылатындықтан және де әлеуметтік
басқару, соның ішінде билік басқаруы, сөзсіз, белгілі бір жүйеге
келтірілген және сол кезде әр түрлі әлеуметтік және өзге де факторлардың
тұрақты ықпал жасауына ұшырайтындықтан, мемлекеттік билікті және оның
құрамдас бөліктерін өзін өзі ұйымдастыратын жүйе ретінде қабылдау
тұрғысынан келу, біздің ойымызша, заңды және дұрыс.
Осылардың бәрін корытсақ, сот билігін заңда белгіленген шеңберде азаматтар
мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
Мемлекеттің түсінігі және мәні
Мемлекет формасы
Мемлекет басқару нысаны
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы жайында
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Мемлекеттің басқару нысаны
Құқықтық мемлекет белгілері
Пәндер