Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы



• Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
• Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері
• Алдын ала тергеу және сот тергеу сатысындағы дәлелдемелерді жинау
• Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме - қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының, қылмыстық процестегі әдістемелік-құқықтық негіздерін зерттейтін бөлімі. Дәлелдеу туралы ұғымда әртүрлі ғылымдардың жетістіктері пайдаланылады, оның ішінде логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот медицинасының, психиатрияның және баскалардың.
Қылмыстық істі тергеу және сот талқылауы жүргізілетін қылмысты өзінше өтіп кеткен оқиғалар мен фактілерді анықтайды. Кез келген қылмыс, қоршаған әлемнің құбылысы ретінде әртүрлі объектілерде айқын із, ал адам санасыңда өте онды іздер — көрген оқиғалар мен фактілер туралы есте қалдырады.
Бұдан шығатын қорытынды дәлелдеме дегеніміз - бұл белгіленген жағдай негізінде қандай да бір мән-жайдын бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққа шығаратын ой жүгіртудің белгілі бір логикалық тәсілі.
Дәлелдеу затын игерудің негізгі әдісі материалистік гносеология, яғни таным теориясы, ол мынадай түсініктеледі:
а) әлем объективті өмір сүреді;
б) ол танылады;
в) адам шынайы ақиқат заңдарын ашуға қабілетті;
г) бүкіл материя белгілі бір қасиетке ие, мәні бойынша
тітіркенушілікпен, бейнелеу қасиетімен.
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқатты айқындау болып табылады. Философиядағы ақиқат -бұл объективті бар нәрсенің санадағы қабылдануының тура бейнесі. Қысқаша, ақиқат дегеніміз — шындықтың дәл өзі.
Дәлелдеудің негізінде іс бойынша ақиқатты анықтауға жататындығы туралы жағдайды мойындау ақиқатты табу процесіндегі танымның орнын білуді объективті түрде талап етеді.
Профессор Б.Х. Телеубекованың пікірі бойынша: «Қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат еткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу».
Қылмыстық процестегі сот зерттеуінің пәні, яғни нақты іс бойынша ақиқатты анықтау мақсатын көздейтін анықтау-тергеу органдарының, соттың және сараптау мекемелерінің бүкіл қызметі адамдардың қылығына қатысты, олар қоғамға қауіпті қылмысты деген болжамдары бар оқиғалардан тұрады.
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері

Дәлелдеу процесі — іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарыңда тіркелген нақты мәліметтерді жинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің қызметі түрінде көрінеді.
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: «дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады».
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі - бұл шартты түрде дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту, дәлелдемелерді тексеру, дәлелдемелерді бағалау тәрізді терт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалық қызметтің органикалық бірлігу.
Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК 62-67-баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі:
- іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға;
- өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушыларға;
- қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері
Алдын ала тергеу және сот тергеу сатысындағы дәлелдемелерді жинау
Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері

Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы

Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме - қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының, қылмыстық процестегі әдістемелік-құқықтық негіздерін зерттейтін бөлімі. Дәлелдеу туралы ұғымда әртүрлі ғылымдардың жетістіктері пайдаланылады, оның ішінде логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот медицинасының, психиатрияның және баскалардың.
Қылмыстық істі тергеу және сот талқылауы жүргізілетін қылмысты өзінше өтіп кеткен оқиғалар мен фактілерді анықтайды. Кез келген қылмыс, қоршаған әлемнің құбылысы ретінде әртүрлі объектілерде айқын із, ал адам санасыңда өте онды іздер —көрген оқиғалар мен фактілер туралы есте қалдырады.
Бұдан шығатын қорытынды дәлелдеме дегеніміз - бұл белгіленген жағдай негізінде қандай да бір мән-жайдын бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққа шығаратын ой жүгіртудің белгілі бір логикалық тәсілі.
Дәлелдеу затын игерудің негізгі әдісі материалистік гносеология, яғни таным теориясы, ол мынадай түсініктеледі:
а) әлем объективті өмір сүреді;
б) ол танылады;
в) адам шынайы ақиқат заңдарын ашуға қабілетті;
г) бүкіл материя белгілі бір қасиетке ие, мәні бойынша
тітіркенушілікпен, бейнелеу қасиетімен.
Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқатты айқындау болып табылады. Философиядағы ақиқат -бұл объективті бар нәрсенің санадағы қабылдануының тура бейнесі. Қысқаша, ақиқат дегеніміз —шындықтың дәл өзі.
Дәлелдеудің негізінде іс бойынша ақиқатты анықтауға жататындығы туралы жағдайды мойындау ақиқатты табу процесіндегі танымның орнын білуді объективті түрде талап етеді.
Профессор Б.Х. Телеубекованың пікірі бойынша: Қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат еткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу.
Қылмыстық процестегі сот зерттеуінің пәні, яғни нақты іс бойынша ақиқатты анықтау мақсатын көздейтін анықтау-тергеу органдарының, соттың және сараптау мекемелерінің бүкіл қызметі адамдардың қылығына қатысты, олар қоғамға қауіпті қылмысты деген болжамдары бар оқиғалардан тұрады.

Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субъектілері

Дәлелдеу процесі —іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарыңда тіркелген нақты мәліметтерді жинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің қызметі түрінде көрінеді.
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі - бұл шартты түрде дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту, дәлелдемелерді тексеру, дәлелдемелерді бағалау тәрізді терт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалық қызметтің органикалық бірлігу.
Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК 62-67-баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі:
іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға;
өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушыларға;
қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға.
Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденген немесе дәлелденбеген деп тануға іс бойынша тергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысын шығаруға сол бойынша соңғы шешім қабылдауға құқылы.
Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу, беттестіру тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптама жүргізу арқылы және заңда кезделген басқа тергеу мен сот әрекеттері бойынша жүргізіледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәлелдеу процесінің элементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелдемелерді бекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәледемелерді бағалау (128-бап).
Дәлелдеу процесінде заңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағаланады:
а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасының орны бар екені туралы мәліметтер;
б) қоғамға қауіпті іс-әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамның бар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар;
в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар.
Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруға негіз болып табылатын нақты мәліметтер жиынтығына өзінің табиғаты мен тәсілі бойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен оны кұрайтын элементтер сипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты кызықтыратыңдай мәліметтер енеді.

Алдын ала тергеу және сот тергеу сатысындағы дәлелдемелерді жинау

Алдын ала тергеуде дәлелдемелерді жинаудың бір ғана тәсілі бар. Ол —тергеу іс-әрекеттерін жүргізу.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 125-бабы дәледемелер жинаудың тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттарды кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан талап ету, сол тәрізді ревизия мен тексерулер жүргізуді және оның нәтижелерін талап ету.
Бұрын атап өткендей, сот дәлелдемелер жинаудын субъектісі болып саналады. Бұл жөнінде заңда тікелей атап көрсетілгені сияқты қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелеріне сай талдап көрсетеді.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінін 42-тарауына сәйкес дәлелдемелерді зерттеу кезінде соттың құқығы бар:
сотталушыдан, куәлардан, жәбірленушіден, сарапшыдан жауа алуға;
сот отырысында ұсынылған заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, кұжаттарды жариялауға, дәлелдемелерді жинақтауға;
сараптама тағайындауға;
сарапшыңан жауап алуға;
іс болған орны мен үй-жайды тексеруге;
заттай дәлелдемелерді тексеруге;
хаттамаларда және басқа да құжаттарда тіркелген фактілерді жариялауға құқығы бар.
Дәледемелер жинау барысында әртүрлі ғылыми —техникалық құралдар қоданылуы мүмкін. Осыған орай олардың мүмкін болатын мәселелері туындайды.
Дәлелдемелерді жинау кезінде тек қана заңда тікелей көзделген ғылыми техникалық құралдар қолданылуы мүмкін (дыбыс және бейне жазбалар, фотосуретке, киноға түсіру).
Заң дәлелдеме жинау құралдары мен тәсілдеріне тергеу жүргізу және басқа да әрекеттерді жатқызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес олар мыналар:
тексеру, куәландыру;
тінту, алу;
күдіктіні қылмыс жасау үстінде ұстау;
тану;
тергеу сараптамасы;
күдіктіден, айыпталушыңан, жәбірленушіден, куәдан, сарапшыдан жауап алу;
беттестіру;
сараптама; телефон және басқа да сөйлесулерді тындау. Сол сияқты дәлелдемелерді жиану құралдарына мыналар да жаткызылады:
а) жариялау, жедел-іздестіру шаралары;
б) жариялап іздестіру шаралары.
Бұдан басқа қылмыстық іс жүргізу кодексінде нақты мәліметтер жинаудың мынадай тәсілдері көрсетілген:
а) сот-медициналық куәландыру;
б) заттар мен объектілерді зерттеу;
в) тексеру (кеден ісінде);
Нашақорлық құралдары мен ес тандыратын заттарды, қаруларды, оқ-дәрілерді, қопарылғыш заттар мен құрылғыларды әз еркімен тапсыру актісі;
Қазақстан Республикасынын Жедел іздестіру қызметі туралы Заңына сәйкес жедел іздестіру қызметінің нәтижелері іс бойынша дәлелдеу көздері болып табылатын іс жүргізу құралдарымен (хаттамалармен) бекітілген, тікелей қылмыс белгісін көрсететін нақты мәліметтерді құрайды. Олар дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтау үшін маңызы болуы мүмкін, қылмыс құрал жабдықтарының, ұрланған құңдылықтардың, заттардың табылған орны бар екендігі туралы және қылмыс іздерінің сақталғандығы туралы, т.б.
Жедел іздестіру шараларына жататындар: үйді, мекен-жайды, құрылысты, тұрғылықты жер учаскелерін және транспорт құралдарын тексеру; пошта жәнелтілімдерін, телеграф және басқа сейлесулерді бақынау, телефондағы сөйлесулерді тыңдау, байланыстың техникалық жүйелерінен ақпарат алу, оларды тез арада жеткізу, жедел сараптама.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабы жедел іздестіру кызметінің нәтижелерін қылмыстық істер бойынша дәлелдеуге пайдалануды көздейді. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған, құпия түрде органдарға ықпалын тигізген адамдар арқылы тікелей қабылданған нақты мәліметтер көрсетілген адамнан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдеме түрінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел іздестіру жолымен алынған кино түсірілім материалдарын, телефондағы, басқа да сөйлесулерді тындау нәтижелерін, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды пайдалану тергеу не сот әрекеттерінің хаттамаларына тіркеледі.
Жедел іздестіру қызметінің материаддары тергелуге қылмыстық іске қатыстынығымен, ондағы нақты мәліметтерді бағалауға мүмкіндігімен, шынайылығымен белгілі бір көлемде ұсынылуы тиіс.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ашылған істің мән-жайлары ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 және 202-баптарына сәйкес тергеу және сот әрекеттерінін хаттамаларында жазылады.
Дәлелдеу заты. Ең алдымен нені дәлелдеу керек деген мәселені қарастырып алған жөн. Яғни дәлелдеу затын анықтау керек. Дәлелдеу затына, ең алдымен заңды белгісі бар әртүрлі фактілер мен мән-жайлардың күрделі жиынтығы енеді.
Дәлелдеу заты деп әрбір қылмыстық іс бойынша міндетті түрде дәлелдеуге жататын мән-жайлардың жиынтығы түсініледі. Бұл ретте заң дәлелдеуге жататын мән-жайлардың толық тізімін белгілеп, оны ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 117, 481, 506- баптарында анықтап бергенін атап өту керек. Бұлар:
қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда көзделген қылмыс оқиғалары (уақыт, орны, тәсілі және баска қылмыс жасау мән-жайлары);
қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті кім жасағаны;
қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаудағы адамның кінәлынығы, оның кінәсінің түрі, іс-әрекетті жасаудағы уәжі, заңды және нақты қатесі;
айыпталушының жауаптылық деңгейі мен сипатына ықпал ететін мән-жайлар;
айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
жасалған қылмысын жоққа шығаратын мән-жайлар;
қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға ықпал етуші мән-жайлар;
10) қылмыс жасауға итермелейтін мән-жайлар.
Бұдан баска жасы толмағандар ісі бойынша анықтау бойынша мыналарға ерекше назар аудару қажет:
кәмелетке жасы толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы),
жасы толмағанның емір сүру жағдайы мен тәрбиесі;
интеллектуалдық, еріктілік және психикалық даму деңгейі, мінезінің және темпераментінің ерекшеліктері, қажеттілігі, мүдделері, қызығушылығы;
жасы толмағанға ересек адамдардың және басқа жасы толмағандардың ықпалы;
Қабілетсіз адамдардың қоғамға қауіпті іс әрекеті туралы істер бойынша мән-жайлар тиісті түрде дәлелдеуге жатады, сондай-ақ қылмыс жасағаннан кейін жан ауруымен науқастанғандарға ерекше назар аудару керек.
Дәлелдеуге жататын барлық мән-жайлардың ішінен қылмыс құрамын жасаушы элементтер негізгі болып табылатындығын атап өту керек. Бұл элементтердің негізгі ұғымдары мен мазмұнын қарастырайық.
Қылмыс оқиғасы —бұл оның объективті шындықта қалай көрініс табатынына байланысты. Жалпы түрде қылмыс оқиғасы —бұл белгіленген орында белгілі бір уақытта қылмыстың жасалуы, қауіп басталуына алып келетін немесе қауіптің пайда болу қорқынышын тудыратын іс-әрекет (дене қозғалысы) немесе әрекетсіздік (өз міндетін орындамаушылық).
Оқиғаның орны, уақыты, тәсілі және басқа элементтері әрбір жеке қылмыстық іс бойынша қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табынатындығы не белгісі болып табынмайтындығын анықтауға және бекітуге жатады, басқаша айтқанда бұл элементтер коғамға қауіпті іс әрекетті бағалау үшін белгілі мәнге ие бола ала ма жоқ па?
Қылмыс жасау уақыты әдетте дәлдіктің салыстырмалы деңгейін анықтауды талап етеді. Кейде қылмыс бір жыл мезгілінде жасалғанын білу жеткілікті деп саналады, кейде жасалған қылмыстың нақты күнін, тіпті сағатын, минутын білу қажеттілік тудырады.
Жасалған қылмыстың уақыты мен орнын дөл атап көрсету қандай істің қозғалғандығына байланысты.
Кейбір қылмыстар туралы іс бойынша мысалы, әскери қызметшілерге тіл тигізу немесе әскери кызметшілердің басшысына қарсы күш қолдану әрекеттері, уақыт (олардың әскери қызметтегі міндетін орындау уақыты) қылмыс құрамының белгісі болып табынады. Сондай-ақ соғыс уақытындағы немесе ұрыс жағдайындағы жасалған қылмыстарда да іс осылай жүргізіледі.
Бұл жерде уақыттың қылмыстың нақты қандай бапқа сәйкес бағалау арқылы шешуге болатыны сөз болып отыр, сондықтан ол абсолютті дәл дәлелденуі тиіс.
Уақыт —бұл қылмыс жасаудың күні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелдеме ұғымы туралы
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Қылмыстық процестегі айыптаудың түрлері
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмыстық процестегі дәлелдер
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы
Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері
Пәндер