Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі


Мазмұны

Кіріспе. . 3

Тарау-І Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі.

І-1. Қызмыстық жаза ұғымы және қылмыстық жазаның құқықты қолданудың нысаны ретіндегі ерекшеліктері . . . 11

І-2. Жаза жүйесінің түсінігі және жазаның жекелеген түрлерінің атқарылуы . . . 19

Тарау-ІІ. Қылмыстық жазаның мақсаттары

ІІ-1. Қылмыстық жазаның мақсаттары және оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы . . . 60

ІІ-2. Сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету жазаның мақсаттарына қол жеткізудің құралы ретінде . . . 64

ІІ-3. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары, нысандары және әдістері . . . 72

Қорытынды . . . 79

Сілтемелер . . . 82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 84

Кіріспе

Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің қатарында қылмыстылық және онымен күрес мәселесі аса маңызды болып табылатындығы айқын. Қазақстан Республикасы өзін егеменді мемлекет ретінде қалыптастыра отырып аса маңызды және көлемді әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформаларды жүзеге асыруға міндетті болды. Қоғамдық қатынастарды әділетті реттеу және жеке алғандағы әрбір қоғам мүшесінің құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету өзін құқықтық деп санайтын немесе өзін осындай мемлекет ретінде орнықтырғысы келетін мемлекет үшін ең басты міндет болса керек.

Қоғамдық қатынастарды реттеу барысындағы өзінің міндеттерін мемлекет талапқа сай атқара алмаса, жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы, соның ішінде қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді түрде қорғай алмаса қоғамда келеңсіз процесстердің белең ала бастайтындығы түсінікті жағдай. Қоғамдық қатынастардың даму барысының тұрақтылығы, біркелкілігі көптеген факторларға тікелей байланысты. Олар өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік, саяси, ұлттық-діни болуы мүмкін. Берілген мемлекеттің ерекшеліктеріне сай аталған факторлардың біреуі өз кезегінде шешуші рол атқаруы, кейде олардың әрқайсысының, келесі фактордың негізгі қозғаушысы болуы да табиғи нәрсе. Елде қалыптасқан саяси тоқырау, экономикалық құлдырау, әлеуметтік шиеленіс жалпы алғанда қоғамдық қатынастардың аса күрделі кезеңінде әлемнің саяси картасында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде пайда болды.

Қоғам алдында тұрған аса күрделі міндеттерді шешуде, біздің еліміздің өзіндік іс-тәжірибесі де, сырттан келетін ақыл-кеңесшілері де жоқ болатын. Біз өз мемлекетімізді, ірге тасынан бастап қайта қалауға мәжбүр болдық.

Кеңес Одағы атты алып мемлекетті қандай сипатта бағаласақта, ол өзінің мемлекет ретіндегі құрылымы, институттары, олардың қызмет атқаруының тиімділігі жөнінен белгілі бір жетістіктерге жеткені баршаға аян. Қоғамдағы қатынастарды реттеудегі құқықтық құрылым және олардың теоретикалық, құрылымдық, басқа да көптеген міндетті құрамдас бөлшектердің барынша икемді болуы барлық мемлекет үшін өмірлік маңызды мәселе.

Кеңес Одағының артында қалдырылған барлық мемлекеттік-құқықтық институттарын егемен Қазақстанның, оның халқының болашағы үшін қайта құру міндетін ел басшылығының алдына уақыт пен тағдырдың өзі қойған еді.

Аталған тарихи міндетті шешу жолында біздің елімізде аса маңызды да күрделі міндеттер шешімін тауып, жүзеге асырылу үстінде. Олардың ішінде мемлекеттің қалыпты өмір сүріп, дамуы үшін шешуші маңызға ие болатын құқықтық жүйені қайта құрып қалыптастыру міндеті бар. Аталған бағытта бірталай істер атқарылғанымен шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Олардың арасындағы біреуі мен бірегейі еліміздің қылмыстық заңнамасы болып табылады.

1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне еңгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі еліміздің 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен принциптеріне негізделген. Еліміздің ата заңында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп бекітілген. /1/ Аталған конституциялық нормада мемлекетіміздің тағайынының ең басты қағидасы, ашылып көрсетілген және де ол мемлекеттің барлық құрылымдары үшін бұлжытпай орындалуы міндеттілігін жүктейді.

Құқық жалпы түсінігінде мемлекеттің қолындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі ең басты да және маңызды құрал бола отырып қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне сай әртүрлі салаларға бөлінеді яғни мамандандырылады.

Еліміздің ұлттық құқық жүйесінің құрамдас бөлшегі болып табылатын қылмыстық құқық саласы да адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға арналған нормативті ережелердің жиынтығын құрайды.

Қылмыстық құқыққа теоретикалық негізде алғандағы жалпы құқық құбылысына тән ортақ белгілер тиісті болғанымен, қылмыс құқығы айта қаларлықтай өзіндік ерекшеліктерге ие деп ойлаймыз. Аталған ерекшелікті біздің ойымызша мынадан байқауға болатындай. Мәселен салыстырылмалы түрде азаматтық қатынастарды алсақ, олар заңмен рұқсат етілген қатынастар яғни субъектінің мүмкін жүріс-тұрысын белгілейтін нормалардан тұратыны белгілі. Ал қылмыс немесе қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылық, заңмен қатаң тыйым салынған әрекеттер болып табылады басқаша айтқанда қоғамда қылмыс болмауы тиіс. Алайда адамзат өркениетінің дамуы барысында өмір сүріп келе жатқан мемлекеттердің ешқайсысы қылмыстылық мәселесін түбегейлі шешкен емес. Жалпы қылмыстық-құқылық қатынас қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады яғни әрбір қылмыс жасаған адам қоғамға қауіпті әрекеттердің нәтижесінде ол қатынастардың пайда болуының бастаушысы болып табылады. Мемлекет қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылықтың қандай зияны бар екенін ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын жәнеде мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық-құқылық нормаларды бекітеді.

Мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған нормативті-құқықтық акті бола отырып қылмыстық құқық қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелері, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін ережелер болып табылады.

Қылмыстық құқықтың қылмыстылықпен күрестегі міндетін барынша қарқынды түрде жүзеге асырудағы тиімді құралдардың бірі қылмыстық жазалау арқылы қылмыстан сақтандыру болып табылады.

Әрине, тек жазалау жолымен ғана қылмыстылықпен күрес мәселесін шешуге болады деген қате пікір туындамауы керек. Жалпы қылмыс қоғамдағы жағымсыз құбылыс ретінде көптеген себептерге байланысты туындауы мүмкін. Олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, өнегелік т. б. себептер. Қылмыстылықтың санын азайту мақсатында осы бағыттарда жүргізіліп жатқан шаралардың маңызы зор. Қылмыс жүріс-тұрыстың кез келген ауытқушылық түрі сияқты қажеттіліктер мен мүдделердің және қоғамда бекітілген моральдық және құқықтық талаптар арасындағы қайшылықтарды шешудің қақтығыстық тәсілдерімен сипатталады. Жүріс-тұрыстың әлдеқандай үлгісін адамның таңдап алуына сыртқы факторлар әлеуметтік жағдайлар және өмірдегі нақты ситуацияның да, сонымен бірге жеке адамның қоғамдық интеграциясының салдары болып табылатын әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сонымен қатар адам оның жүріс-тұрысын қоғамның қалай бағалайтындығын және ол жүріс-тұрыстың бекітілген заңдар және ережелермен қалай сәйкесетіндігін ескерусіз қалдыра алмайды.

Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы, арнайы сақтандару функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

«Жазаның мақсаттары және оларға қол жеткізу құралдары» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызда біз қылмыстық жаза ұғымының теориялық, құқықтық және әлеуметтік маңыздылығын ашып көрсетуге тырыстық. Қылмыстық жаза оның мақсаттары, қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы және қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізу құралдарын дамыту мен жетілдіру мәселелері қазіргі уақытта өте көкейтесті деп ойлаймыз. Аталған тақырыпты таңдап алуымыздың да бір себебі осында. Қылмыстық жаза қашанда мемлекет және қоғам тарапынан қылмыс жасаған тұлғаға білдірілген қарсылық болып табылады. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктері біздің пікірімізше мынада: қылмыстық жаза мемлекеттік билік органдары арасында ерекше мәртебеге ие болатын сот арқылы тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Аталған анықтаманы біз өз жұмысымызды орындау барысында пайдаланған барлық оқулықтардың авторлары берген десек біз артық айтпаған болармыз. Сонымен қатар жаза ұғымының құқықтық табиғаты оны тағайындаудың тәртіптері мен шарттары қылмыстық құқық нормаларында бекітілсе, ал қылмыстық жазаның атқарылу тәртібі қылмыстық атқару құқығының нормаларымен реттеледі. Біздің пікірімізше қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізу көп жағдайда оның заң талаптарына сай атқарылуына тікелей байланысты болатын сияқты. Ендеше, біздің жұмысымыздың тақырыбының өзі қылмыстық және қылмыстық атқару құқықтарының органикалық байланыстарының нақты көрінісі деп ойлаймыз. Аталған жағдай дербес құқық салалары және оқыту пәндері болып табылатын қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, криминалистика, криминология сияқты ғылымдардың негізгі эпицентрі қоғам үшін қауіпті болсада онда тұрақты түрде орын алатын қылмыс атты құбылыс болып табылатындығынан шығар.

Аталған тақырыптың зерттелу мәселесіне келетін болсақ кезінде кеңестік ғалымдар Н. А. Беляев, И. М. Гальперин, И. И. Карпец, И. С. Ной, С. В. Полубинская, М. Д. Шаргородский және т. б. зерттеу жұмыстарын жүргізген. Көрсетілген ғалымдардың еңбектерінде тақырыптың идеологиялық жақтарына тым көп назар аударылғанымен негізінен алғанда оның теориялық аспектілері терең қамтылып тұжырымдалған. Атап айтар болсақ Н. А. Беляевтың «Цели наказания и средство их достижения в исправительно-трудовых учреждениях», С. В. Полубинскаяның «Цели уголовного наказания», М. Д. Шаргородскийдің «Наказания, его цели и эффективность» аттты зерттеу жұмыстары дипломдық жұмыстың теориялық негізі болып табылады. Отандық ғалымдардан У. С. Джекебаев, С. М. Рахметов, Д. С. Чукмайтов қылмыстық жазаның атқарылуына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген. Н. Д. Сергиевскийдің есептеуінше, жазаның мақсаттарына 24 философиялық және 100-ден астам заңдық концепциялар арналған екен. /2/

Қылмыстық құқық теориясында, жалпы және арнаулы заң әдебиеттерінде сонау Кеңес заманынан бастап, қазірге дейін жазаның мақсаты төңірегінде әртүрлі пікірлер туғаны белгілі. Бұл пікірлер бірде жаза мақсаттарының мазмұнына қатысты туса, бірде жаза мақсатының санына қатысты туындады. Мысалы, орыс заңгер-ғылымы С. В. Познышев: «жаза тек бір ғана мақсат болуы керек» дегенді айтса, профессор Р. Т. Нұртаев жазаның мақсатын «үш бірлік» деп атайды. Ал профессор А. Мамытов, жазаның мақсатына мына үш түрлі нәрсе: 1) . қылмыс жасаған адамды қайта тәрбиелеу; 2) . қайта тәрбиелеу арқылы оны қайтадан қылмыс жасамауға бет бұрғызу; 3) . қылмыс жасаған адамның сазайын тарттыру арқылы басқа адамдарға да қылмыс жасаудан бас тартуға ықпал жасау деп жазаның алдына үш мақсатты қояды.

Осы уақытқа дейінгі жазаның мақсаттары жөніндегі әдебиеттерді талдай келсек, негізгі тұжырым - қылмыскерді түзеу және оны қайта тәрбиелеу болып келгенін байқаймыз. Ал соңғы кезде «қайта тәрбиелеу» мақсатын алып тастап, жазаның айрықша мақсаты тек ғана «сотталған адамды түзеу» деп жүрміз. Тәжірибе де бұл амал өзінің ойдағыдай нәтижелігін бермегендіктен жаңа қылмыстық заңда «қайта тәрбиелеу» терминінен бас тартуға тура келеді.

«Жазаның мақсаттары және оған қол жеткізу құралдары» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: қылмыстық жаза оның заңда бекітілген жүйесінің теориялық мәселелеріне зерттеу жүргізу. Сонымен қатар қылмыстық жазаны тағайындай отырып мемлекет, қоғам басшылыққа алатын негізгі мақсаттар және оларға қол жеткізу құралдарын дамыту, жетілдіру мәселелеріне олардың практикалық тиімділігіне толыққанды зерттеу жүргізу болып табылады. Жазалардың жекелеген түрлерінің заңда бекітілген атқарылу тәртіптері және оларды жетілдірудің жазаның мақсаттарына қол жеткізуге тигізетін ықпалына баса назар аудару.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін біз алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

  1. Қылмыстық құқықтағы жаза институтының ғылыми және құқықтық негіздеріне талдау жасау арқылы қылмыстық жазаны қолданудың қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын ашу;
  2. Заңда бекітілген жаза жүйесіндегі жазалардың атқарылу ерекшеліктеріне зерттеу жасау жолымен олардың жазаның мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін анықтау;

Қылмыстық жазаның мақсаттарына қол жеткізудің құралдарын қоғамның қазіргі қажеттіліктеріне орай жетілдірудің және оларды қолданудың практикалық тиімділігін айқындау.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін автор өзінің жұмысын екі тарауға бөліп, олардың мазұмұнын тиісті бөлімдерге жіктеуді дұрыс деп санайды.

Жұмыстың эмпириялық базасы болып Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамалары табылады.

Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктері сондай-ақ мұнда қозғалатын мәселелердің әзірлеу деңгейінің есебіне сәйкес кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерді біріктіретін жұмыстың құрылымы жасақталған. Жұмысты орындау барысында біз отандық заң әдебиетінде және жалпы алғандағы зерттеу әдебиеттерінде аталған тақырыпқа жүргізілген жұмыстардың біршама қомақты болғандығымен олардың басым көпшілігінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігін және олардың библиографиялық сирек дүниелер екендігін байқадық. Осыдан бұл тақырыптың өзектілігін, ғылыми тұргыдан алғандағы маңыздылығын сезінуге болады.

Тарау І Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі.

І-1. Қызмыстық жаза ұғымы және қылмыстық жазаның құқықты қолданудың нысаны ретіндегі ерекшеліктері

Қоғамдағы қылмыстың алдын алудағы әралуан жүйелердің арасында шешуші рол, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық пен басқару, идеологиялық, құқықтық және мәдени - тәрбиелеушілік сипаттағы шараларға беріледі. Алайда қылмыстық заң бұзылған кезде, яғни жасалған қылмыспен күресте жаза, қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың қажетті құралы ретінде сақталып қалады.

Әрбір қылмыстық-құқылық норманың санкциясында қарастырылған жазаланушылық кез-келген қылмыстың міндетті белгісі болып табылады - қылмыстық құқыққа қайшылықтың белгісі. Жазалануға жатпайтын қылмыстың болмауы сияқты қылмыссыз жаза да болмайды.

Қазіргі замандағы жазаға байланысты қылмыстық саясат екі негізгі бағытта жүргізіледі. Бірінше - қатаң жазаның сақталуы және қажет болған жағдайда оларды қылмыскер рецидивистерге және ауыр қылмыстарға кінәлі адамдарға қатысты күшейту. Екінші бағыт - қоғамдық қауіптілігі төмен немесе онша ауыр емес қылмыстарды бірінші рет жасауда кінәлі адамдарға қатысты жазаны жеңілдету немесе жазаны, ондай адамдарға ықпал етудің өзге шараларымен ауыстыру.

Жаза норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінде заңдылық, гуманизм, демократизм және жауапкершілікті дербестендіру принциптерімен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.

«Жаза - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, қылмыс жасаған адамға соттық айыптау үкімі арқылы қолданылатын жазаға тартылған адамның құқықтарын және бостандықтарын шектеуден тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы». /3/ Жаза әрдайым мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Кез-келген қылмыстық жазаның өзіндік жапа шектіру ерекшеліктері де осыдан көрініс табады. Сотталған қылмыскердің жеке басының еңбек және мүліктік құқықтарын шектеуден жазаның жапа шектірушілік қасиеттерін байқауға болады.

Жаза - мемлекеттік ықпал ету шарасы. Аталған принцип оның тек қылмыстық заңда бекілетіндігін білдіреді. Жазаның қылмыстық заңда ғана қарастырылатындығы қылмыстық-құқылық нормалардың санкциясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде негізінен санкцияның екі түрі көрсетілген. Олар салыстырмалы - айқындалған және баламалы санкциялар болып табылады. Салыстармалы - айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп белгілейді. Кейбір реттерде қылмыстық-құқылық нормада жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Аталған жағдайда жазаның төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімдерінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан айыру үшін - 6 ай, түзеу жұмысы үшін - 2 ай мерзім деп есептелуі тиіс. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы шегі көрсетіледі. Санкцияның мұндай түрі қатысушылықпен жасалған қылмыстар бойынша жаза тағайындау барысында әрбір қатысушының қылмысқа қатысудағы ролін, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып әрбір жасалған қылмыстардың мән-жайларына қатысты жазаны даралап тағайындауға зор мүмкіндік береді. Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе оданда көп түрінің біреуін таңдап алып қолдануға мүмкіндік береді. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қөзқарасына, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу - екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (141-бап, 1-бөлігі) . Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең әділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді.

Қылмыстық жаза тек сотпен және айыптау үкімі арқылы тағайындалады. Ешқандай басқа мемлекеттік органның, қоғамдық ұйымдардың қылмыстық жазаны қолдануға құқығы жоқ. Бұл қылмыстық жазалау саясатының конституцияда бекітілген принципі болып табылады. Конституцияның 77 бабының 3 бөлігінің 1 бөлімшесінде: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелінеді - деп бекітілген. /4/ Бұдан шығатын қортынды егер адамның белгілі бір қылмысқа кінәлілігі сотта дәлелденбесе ол адамға қылмыстық жазаны қолдануға ешқандай негіз болмайды. Сонымен қатар конституцияның 76-бабында сот шешімдерінің үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатындығы бекітілген 3 . Қылмыстық жазаны анықтау мен қолданудың негіздемесі, тек қылмыс болып табылады. Құқықтың басқа салаларында тиісінше өзге негіздемлер әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіптік теріс қылық, азаматтық-құқықтық деликтер болуы мүмкін.

Қылмыстық жазалардың жүйесі тұтастай алғанда және әрбір жекелеген түрі өзінің қаталдығы бойынша құқықтық жауапкершіліктің басқа түрлерімен салыстарғанда репрессивтік мәніске ие болады. Олар сотталғандардың құқықтық шектелуінің көлемі бойынша және мемлекет атынан шығарылатын соттың айыптау үкімінде жазаны тағайындау фактісінде көрсетілетін моралдық - саяси айыптаушылығы бойынша да қаталырақ болады. Сонымен қатар кез-келген қылмыстық жаза сотталғандық атағына ие қылады.

Жаза жүйесі (қылмыстық) құқықтың өзге салаларындағы құқықтық жауаптылық түрлері жүйесімен салыстырғанда кеңірек және бас бостандығынан айыру сияқты жазаның кейбір түрлері тек қылмыстық құқыққа ғана тән болады. Қылмыстық жаза қылмыскерді, оған тиісті белгілі бір игіліктерден айырады және қылмыскер мен оның іс-әрекетінің мемлекетпен теріс бағалануын білдіреді. Қылмыстық жаза ол қолданылған тұлғаға сөзсіз жапа шектірді. Жазаның нақ осы қасиеті оның қажетті белгісі болып табылып оны жаза ретінде нақтылайды. Жапа шектіру, жаза арқылы қылмыскерлерді қорқыту үшін және қоғамға қауіпті, тұрақсыз элементтерге әсер етуге қажет. Алайда жапа шектіруді, қылмыстық жазаны қолданудың бірден-бір мақсаты ретінде түсінбеуіміз керек.

Жазаның жапа шектіруі нәтижесінде ол объективті түрде және сөзсіз қылмыскерге және айналасындағы адамдарға психикалық ықпал етеді, жалпы және арнайы привентивті яғни, алдын-алу ықпалын тигізеді. Себебі, қылмыскерде, өзге тұлғаларда жаза арқылы жапа шегуге ұшырағысы келмейді. Әрине, қылмыстық жазаның белгілі бір тұлғаға қолданылуы ол адамның одан кейін ешқандай қылмыс жасамауына кепілдік әсте бермейді. Дегенменде жазалардың қандай жүйесі қабылданып, олар қалай қолданылса да жаза әрқашан алдын алушылық ықпалын тигізген және тигізеді. Себебі қоғам мүшелерінің белгілі бір көпшілігі қылмыстық жазалаудан қорыққандықтан қылмыс жасаудан бас тартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жазаның ұғымы
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Жазаның мақсаттары мынадай
Қылмыстық құқық бойынша жазаның жүйелері
Жазаның ұғымы
Жазаның жүйелері және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz