М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері


Мазмұны
І. Кіріспе . . . 3-5
І тарау. М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
1. М. Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары………. . 6-15
2. М. Дулатовтың ғылыми еңбектерінің тәрбиелік мәні. 16-30
II тарау. М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының әдіснамасы
2. 1. М. Дулатовтың этнопедагогикалық мұрасы . . . 30-35
2. 2. М. Дулатовтың еңбектерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары . . . 36-47
III. Қорытынды. . 48-50
IV. Пайдаланған әдебиеттер. . . . 51-52
V. Қосымша
Кіріспе
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында -қазақ ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау проблемаларын шешу қажеттігін қойып отыр.
Жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: « . . . Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар . . . күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты болдаы . . . Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның сакулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды:». Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны -Қазақстан Республикасына сүйіспеншілкке, мемлекеттік рәміздері құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілде, орыс, шетел тілдерін меңгеру», - делінген. [1. 2]
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы» заңды білім беру жүйесінің міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ұлттық мектептің қажеттігі қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар тағы басқаларды бірте бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде. Сондықтан да ұлттық тәрбие ел болашағы.
Егер шетел педагогикасының тарихында ұлттық мектептің ғылыми негізін қалағандар белгілі ағартушы педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ф. А. Дистервег, К. Д. Ушинский, В. Я. Стоюнин, П. Ф. Каптерев, С. И. Гессен, В. П. Сороко Росинский, А. П. Ярош болса, ал шығыс педагогикасының тарихында ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие және оған болашақ мұғалімдерді дауындау туралы алғаш пікір айтқандар қазақтың ағартушы педагогтары А. Байтүрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов т. б. болған.
Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту болашақ мұғалімдерді даярлау процесіне жаңа талаптар қояды, солардың ең бастыларының бірі болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау проблемасы.
Зерттеу мақсаты: М. Дулатовтың педагогикалық идеяларын анықтау: психологиялық көзқарастарын, ғылыми еңбектерінің тәрбиелік мәнін көрсету.
Зерттеу міндеттері: - М. Дулатовтың педагогикалық, этнопедагогикалық идеяларын қарастыру.
- М. Дулатовтың еңбектерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану
- М. Дулатовтың педагогикалық көзқарасын сабақта оқып үйрену;
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық-педаогогикалық әдебиеттермен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І тарау. М. Дулатовтың педагогикалық идеяларының теориялық негіздері
1. 1. М. Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары.
Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар XX ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді. [3]
Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне 1962 жылы ие болған профессор Т. Тәжібаев өзінің 60-шы жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның мектептері» атты мақаласында «Қазақтардың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы өнер және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарған» дей келіп, қазақ балаларының ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ педагогикасының тарихында алғаш рет «Халықтық педагогика» терминін былай өндіріпті: «Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинакталған».
Қазақ халық педагогикасын зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор М. Ғабдуллин еді. Ол өзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты ғылыми-зерттеу еңбегінде былай деп ой қозғаған: «Қазақ халқының өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз - революцияға дейінгі қазақ арасында жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан тәрбиелегенде өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың керек болып отырған себебі, біріншіден, халқымыздың бала тәрбиелеудегі өткен кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден, оларды бүгінгі күннің тілек-міндеттерімен салыстыру еді». Мұндағы автордың мақсаты қазақ халқының сан ғасырлық ұлттық тәлім-тәрбиелік дәстүрлерімен елді таныстыра отырып, болашақ зерттеушілерге халқымыздың өмірінен орын алған тәрбиенің тарихын зерттеу қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау керектігін керегендікпен болжауы еді деп толық айтуға болады.
Ғылыми айналымға «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет өндірген шуваш ғалымы, профессор Г. Н. Волков екені XX ғасырдың 60 жылдары ортасында белгілі болды. Ал Қазақстанда «этнопедагогика» терминін тұңғыш рет 1978 жылы профессор Қ. Жарықбаев өзінің «Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік ұсынысында берген еді. Сондай-ақ ол 90-шы жылдары «Халықтық педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы білімдерінің қосындысы», ал «Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы» деп, оларға өз анықтамаларын нақты жасап, қазақ этнопедагогикасы бойынша зерттеу проблемаларын анықтап берді.
Осындай әдіснамалық негіздерге сүйенген қазақ ғалым-педагогтары 1990 жылдан бастап қазақ халық педагогикасы мен оның тарихын зерттеуге ерекше кірісті. [4]
Қазақстанда қазақ этнопедагогикасы және оның тарихы бойынша педагогика ғылымдары докторы ғылыми дәрежесіне 14 адам ие болды, оның жетеуі - Әмірғазин К., Балтабаев М., Ералин Қ., Қалиев С., Қожахметова К., Наурызбай Ж., Ұзақбаева С. - қазақ этнопедагогикасынан; жетеуі - Жарықбаев К., Ильясова А., Көбесов А., Құнантаева К., Халитова I., Тәнекеев М., Әлсатов Т. - қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғаған. Ал педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне қорғалған диссертациялардың саны 89 болды, олардың 60-ы қазақ этнопедагогикасынан, 29-ы қазақ этнопедагогикасының тарихынан қорғалды. Барлығы - 103 диссертация болды.
Қазақ этнопедагогикасынан ғылыми-зерттеу жұмысы соңғы 10 жылда ерекше қарқынмен жүргізіліп жатқанын және олардың нәтижелері республиканың үздіксіз білім беру жүйесіне өндірілу барысын 1-кестеден көруге болады.
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі - XIX ғасырдың екінші жартысы және ол осы тұстағы ағартушы-демократ, ойшыл зиялылардың еңбектерімен тығыз байланысты десек те, шын мәнінде, сол ғасырдың аяғына дейін қазақ (этнопедагогикасы мен этнопсихологиясы дербес ғылым дәрежесіне көтеріле алмады. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстаңда қоғамдық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, ғылыми терминдер әлі қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылым саласын жеке ғылыми тұрғыда зерттейтін ғалымдар жетіспеді. Үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық база (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа орындары) болмады. [5]
Кейін еліміздің экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлар көбейді. Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық -Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы құрылды.
Республикада соңғы 60 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына ондаған баспа, орындарының, ғылыми-әдістемелік арнаулы журналдар мен газеттердің ашылуы, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми-педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Бұл істе 1933 жылы Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш құрылған Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл атқарды. Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын, сөздіктерін жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ә. Диваев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Н. Құлжанова, М. Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сияқты біртуар зиялы азаматтар орасан зор еңбек сіңірді. 1950-1980 жылдарда Ә. Сыдықов, Р. Г. Лемберг, А. П. Нечаев, Т. Тәжібаев, Е. Бекмаханов, Ә. Сембаев, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Кәрібаев, С. Қожахметов, М. Ғабдуллин, Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов, Қ. Бержанов, т. б. ондаған көрнекті педагог-ғалымдар бұл іске белсене атсалысып, қазақ этнопедагогикасына қатысты елеулі монографиялық зерттеу еңбектерін қалдырды. Сөйтіп, Қазақстанда ұлттық педагогика, психология ғылымдары, шын мәнінде, ХХ ғасырдың 20-30- жылдарында қоғамдық ғылымдар ішінен дербес ғылым болып бөлініп шығып, қалыптаса бастады. [6]
Бұл еңбектің төртінші трауында қазақ этнопедагогикасының туып, қалыптасу кезеңі (1920-1937жж. ) жайында сөз болады да, оның ғылыми-теориялық негіздерін арнайы зерттеу ісімен айналысқан Ә. Диваев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, М. Әуезов, еңбектеріне талдау жасалады. [7]
Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен VI ғ. Орхон-Енісей жазуларынан басталып, орта ғасыр ойшылдарының парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, XIV-XIX ғ. ғ. ақын-жыраулардың терме, толғауларында жалғасып, XIX ғ. екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ғұлама ағартушы-демократ ұлдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика, психология ғылымдары дербес ғылымдық дәрежеге көтеріліп жетпеген еді. Оның бірнеше себептері болды. Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан салалы тараулары бір-бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке-жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші ғалымдардың жоқтығы, үшіншіден, - ғылым салаларын өріс-тетерлік ғылыми-техникалық материалдық базаның (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа орындарының) болмауы себеп болды. [8]
Қазан төндерісінен кейін еліміздің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен жаңалықтар ғылым мен мәдениеттің, оқу- ағарту ісінің барлық саласының өркен жаюына толық мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлардың көбеюіне жағдай жасалды. Ғылымның сан саласын қамтитын ондаған ғылыми зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық Қазақстан ұлттық Академиясы құрылды. Оларда 4, 5 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер еңбек етті. Оның ішінде Академияның 53 толық мүшесі, 85 мүше-корреспонденті, 204 ғылым докторлары, 1486 ғылым кандидаттары бар.
Республикада соңғы 50 жыл ішінде педагогика ғылымының дамып қалыптасуына ондаған баспа орындарының ашылып, 5 ғылыми-методикалық арнайы журналдар мен 2 газеттің халыққа қызмет етуі, жыл сайын жүздеген оқулықтар мен ондаған ғылыми педагогикалық зерттеу еңбектерінің шығуы да игі әсерін тигізді. Бұл істе 1933 жылы Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанынан тұңғыш құрылған педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты үлкен рөл атқарды.
Педагогика, психология ғылымдарының терминдерін қалыптастырып, арнайы зерттеу еңбектері мен оқулықтарын жасауда, сөйтіп бұл ғылым салаларын қалыптастыруда 1920-1935 жылдары Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, С. Асфендияров, Н. Құлжанова, Жолдыбаев, Ш. Әлжанов сияқты біртуар асыл азаматтар орасан зор еңбек етсе, ал 1935-80 жылдарда М. Әуезов, Ә. Сыдықов, Р. Г. Лемберг, А. П. Нечаев, Т. Тәжібаев, Е. Бекмаханов, Ә. Сембаев, Ә. Қоңыратбаев, Ш. Кәрібаев, С. Қожахметов, М. Мұқанов, М. Ғабдуллин, Қ. Бержанов т. б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар белсене ат салысып, бірнеше монографиялық зерттеу еңбектерін қалдырып кетті. Сөйтіп, педагогика, психология ғылымы шын мәнісінде XX ғ. алғашқы 20-30-жылдарында қоғамдық ғылымдар саласынан бөлініп, жеке ғылым саласы болып қалыптаса бастады.
Этнопедагогика ғылымы орыс, Батыс елдерінде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайы, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде, оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, Батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А. Вамбери, А. Левшин, В. Радлов, А. Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б. ) қолжазбалары десек, екінші кезең -XX ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов, т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз.
Үшінші кезең - 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2005 ж. ж. ) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз. (Ол кезеңге кейін тоқталамыз, № 5 кесте) .
Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ-ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ халқының салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті жайында олардың ой-пікірлеріне арнайы тоқталуды қажет демекпіз. [10]
Ш. Уәлиханов
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбаев
2. Орыс, Батыс саяхатшы-ғалымдары:
П. С. Паллас
Э. С. Вульфсон
А. Бамбери
А. Левшин
А. Янушкевич
Н. Г. Потанин
Н. Л. Зеланд
В. В. Радлов, т. б.
Қазақтың зиялы оқымыстары:
С. Торайғыров
Ә. Диваев
А. Байтұрсынов
Ш. Құдайбердиев
М. Дулатов
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
Х. Досмұхамедов
Н. Құлжанова
М. Әуезов
С. Сейфуллин
М. Ғабдуллин
Б. Момышұлы
Б. Адамбев
Ш. Ахметов
М. Әлімбаев
Қ. Жарықбаев
С. Қалиев
Ә. Табылдиев
С. Ұзақбаева
М. Балтабаев
И. Бөлеев
Ж. Наурызбай
М. Құрсабаев
М. Смайылова
М. Оразаев
Қ. Қожахметов, т. б.
Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен (VI ғ., Түрік қағанаты) бастау алып, куні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, -делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінін шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің тәжірибелері т. б. жатады . . . Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру» (XI том, Алматы, 1977, 591-бет) . Ғасырлар бойы қалыптаскан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тигсті тәсілдер де. болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиснің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған . Демек халықтық педагогика - тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халыктың рухани мұрасы. [11]
Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе - бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ. Халықтық педагогикамен қатар «этнопедагогика» дейтін атау да жиі қолданылады. Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылымсаласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешіндік сөздер мен айтыс-теруелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.
Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысаты: қоғамдық орындары (ясли, балалар бакшасы, т. б. ) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кеңінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды кезге атып түсіретін мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандыктан, бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz