Майлар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Эфир майлары - өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті хош иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелеріне ыссы су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфир майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазағ - ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады.

Өсімдіктерден алынатын илік заттары -танидтер тобына жататын көп атомды фенолдар.

Оларды илік заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерицидтік препарат ретінде жиі қолданылады. Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі күрделі қосылыстардан тұратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті. Олар өсімдіктердің 70-тен астам тұқымдастарында кездеседі. Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болады. бұлар қақырық түсіруді жеңілдетуге, зәр, өт айдауға керекті препараттарды дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты гликозидтер бактерицидтік препараттар алуға және радиоактивті заттарды организммен шығаруға қолданып жүр. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазағ - ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады. Фенаидтардың фармакологиялық қасиеттері алуан түрлі және әсерлі. Сондықтан болу керек, фенаидтарды препараттармен емдеу көбіне нәтижелі ақталады. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын фенаидтар мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына, оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. Өсімдіктердегі фенаидтар мөлшері 1-2 проценттен болады. Әсіресе, орталық нерв жүйесіне тигізетін фиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қауіпі туады да, ал зат мөлшерде әсерлі емдік қасиеті болады.

Зәйтүн майының жіктелуі:

Extra Virgin - қышқылдардың құрамы 1%-дан кем

Sopraffino Virgin - қышқылдардың құрамы 1, 5%-дан кем

Fino Virgin - қышқылдардың құрамы 3%-дан кем

Virgin - қышқылдардың құрамы 4%-дан кем.

Зәйтүн - құдайдың сыйы …

Ежелгі заманның өзінде зәйтүн майы асыл өнім ретінде белгілі болған. Зәйтүн ағаштары өзіндік табыну заты болған, оларды кескені үшін тіпті өлім жазасына тартылған. Қазіргі уақытта зәйтүн майы барлық грек тамақтарында көп мөлшерде қолданылады. Ол тамаша сапасымен сипатталады және оның пайдалы қасиеттері көп. Холестерин деңгейін төмендетеді, оның құрамында табиғи антиоксиданттар, сондай-ақ Е және А дәрумендері бар.

Мақта майының пайдасы туралы

Бұрын халық медицинасында тазартылмаған майды тері аурулары мен күйгенде пайдаланған. Оның түсі - алтын сары, дәмі мен иісі әлсіздеу . Сақтау барысында мақта түрінде тұнба пайда болады.

Мақта майы әртүрлі азық-түлікті ыстықта өндеуде пайдаланылады. Мамандардың болжамы бойынша, мақта ұрығындағы сары пигмент госсиполды СПИД ауруын емдеуге болады екен. Тексеру барысында ғалымдар госсиполды қанның ақ түйіршік жеріндегі имунодефицит вирусын жоюға күші барын анықтаған.

Мақта майы мақта дәнінен (шиттен) алынады, негізінен Орта Азияда кеңінен таралған. Тазартылмаған мақта майының қызыл қоңыр түсі, өзіндік иісі мен ащы дәмі бар; тазартылған май - сабынды сары түсті, иіссіз, дәмсіз. Тамаққа тек тазартылған май пайдалынады, тазартылмаған майда ұлы зат - госсипол бар. Мақта майының химиялық құрамы мақтаның сортына байланысты. Ол сұйық (70-75%) және қатты (25-30%) майдан құралады. 0° суықта май толық қатады, жылығаннан кейін еріп мөлдір болады. Мақта майы күнбағыс майына ұқсас, айымашылығы тек, азықты ыстық отта қуырып өндеп, қолдануға әзірлейді. Салатқа арнайы салат майы пайдаланылады. Ол мақта майының қатты ингридиентерінен алынады. Бұл 0° температурада да тоңбайды.

Құндылығы:

899. 1 ккал

Сулылығы: 0. 1 г

Майлылығы: 99. 9 г

Витамин E: 99. 0 мг

Май қышқылдарының құрамасы (%) :

линолевой 40-48,

олеиндік 30-35,

пальмитиндік 20-22,

стеариндік 2 дейін,

арахиндік 1, 3 дейін

Дәрілік өсімдіктер. Жүгері (Кукуруза) 12:15

Соңғы жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі.

Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады.

Соңғы кезде жүгері майы шипалы дәрі ретінде пайдаланып жүр. Жүгері майының құрамына кіретін май қышқылдарының қандағы холестерин санын кемітетін қасиеті бар, сондықтан жүгері майын күнбағар майымен бірге атеросклероздың алдын алуға және оны емдеуге қолдану ұсынылады.

Мақта

Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады.

Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта - сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі.

Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы - қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Енді осы тұқымның біреуін алайық. Оны жалпы массадан ажыратып алу оңай емес. Оның сырты ұйысқан талшық болып келеді. Мұны жаза бастасақ, олардың ұзынды-қысқалы өте нәзік талшықтар екенін көреміз. Мақта талшығы немесе мақта дегеніміз міне осы. Сөйтіп, зығыр мен сораның иіруге арналған талшығы сабағында, ал мақтаныкі тұқымының сыртында болады.

Мақтаны тұқымымен бірге негізінен машинамен жинайды. Және де мұны бірнеше дүркін қайталайды, өйткені қауашақтары бір мезгілде пісіп жетілмейді. Бұл жиналған өнім әзірге әлі шитті мақта болып табылады.

Арнаулы машиналар талшықты тұқымнан ажыратады, сонан соң оны жіп иіру фабрикаларына жөнелтеді. Онда мақтаны иіреді, ал тоқыма фабрикаларында иірілген жіптен шыт, бәтес, жұқа кездеме, сәтен, бумазей, трикотаж және басқа мақта өнімдері тоқылады. Мақтадан көрпе де, вафель сүлгісі де, медициналық мақта да, пластмасса да, целлюлоза да, фотопленка да, қағаз да жасалады. Бірақ бұл мұнымен ғана бітпейді, одан және техникада қолданылатын мықты, төзімді маталар да әзірленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жағар майлар дәрілік түр ретінде. Дәрілік заттарды жағар майға енгізудің негізгі ережелері.
Майлардың тотығуы
Құрамында майлар мен май тәріздес заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар және олардың өнімдері.
Қойдың майы
Майлардың адам организмінде атқаратын физиологиялық рөлі
Линименттер
Майлауда қолданылатын материалдар. Майлағыш заттар
Майлар және олардың тамактанудағы маңызы. Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі туралы ақпарат
Жақпа майлар негіздері
Тағамдық майлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz