Қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелуі


Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелуі.
2. 1. Әлеуметтік инстиуттар
2. 2. Әлеуметтік жүйе
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен,
1) тандаулы адамдарың қоғамы,
2) театр өнерін сүюшілер қоғамы;
3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы;
4) адамзат қоғамы, т. б. мағынада қолдану бар.
Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.
Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам - бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі - коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі - ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі - қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл - қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Әлеуметтік құрылым дегеніміз - кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т. б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында - қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін - таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді.
Әлеуметтік байланыстар - фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу - бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар - адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен - туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен - достық, жолдастық қатынаста; өндірісте - еңбек қатынасында; билік орындарымен - саяси қатынас орнатады.
Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.
Кооридинация - жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.
Субординация - тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл - қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік көзқараспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз байланыста болады.
Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне:
а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады;
ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын және
б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтері
Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
2. Әлеуметтік құрылымының жіктелуі
Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.
І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:
1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.
Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.
2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)
3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)
ІІ. Көлеміне қарай:
1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер) ;
2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары) ;
3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары) . Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар) ;
2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар) ;
3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер) ;
4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер) ; 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:
Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда айтылады.
2. 1. Әлеуметтік инстиуттар.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымының басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік. Әлеуметтік институттар - қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрлеруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік инстиуттар қоғамның, адасдардың қажеттілігінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігін полиция (милиция) институты пайда болды.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша - тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады. Еңбек ақы - жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Қоғам ілгеріліп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады.
2. 2. Әлеуметтік жүйе
“Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т. б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социология ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам және тұлғалардың, олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам - өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік организм өзара табиғи байланыстарына қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым - жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым - қоғамдағы әлеуметтік статус пен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйтқысы, берік ұстыны. Сонымен, әлеуметтік жүйе дегеніміз - бір-бірімен өзара байланысып, әрекеттесуші және бірегей әлеуметтік тұтастықты құраушы құбылыстар мен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz