Қылмыс субьектісінің түсінігі



М А 3 М Ұ Н Ы
Кіріспе ...3
1. БӨЛІМ Қылмыс субьектісінің түсінігі және белгілері
1.1. Қылмыстың субъектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Есі дұрыстық . қылмыстық жауаптылық шарты ... ... 11
1.3. Ақыл.есі дұрыс еместік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
1.4. Жас шамасы, қылмыс субьектісінің басты белгілерінің бірі ... ... ... ... ... ... .35
2. БӨЛІМ Қылмыстың арнайы субьектісінің түсінігі мен түрлері
2.1. Қылмыстың арнайы субьектісі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40
2.2. Қылмыстың арнайы субьектісінің түрлері ... . ..44
ҚОРЫТЫНДЫ ..47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52
Кіріспе
Заңдылықпен құқық тәртібін нығайту- мемлекеттің ең басты мүдделерінің бірі болып табылады. Қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық күрделі шараларын іс-жүзіне асырудағы қылмыстық құқықтың маңызы зор.
Қылмыстық құқық - қоғамдық қатынастарды қорғай отырып, қылмыстық істерден туындайтын мемлекеттік мүддеге кері әсер жасайтын әрекеттерге өздерінің органдары, заң арқылы тиісті баға беріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы -қылмыстық заңдар жиынтығы, негізінен қылмыстық жауапкершілікті анықтап, қылмыстық іс-әрекеттерге түсініктеме береді, қылмыстық іс-әрекеттердің түрін, осыған байланысты жазаңың мөлшері мен түрлерін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен босатудың жолдарын анықтайды/1/.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 1998 жылғы 1-ші қаңтардан күшіне енген 3-бабында айқындалғандай: қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен
істеген айыпты адам тартылады. Бұл қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылады/2/.
Қылмыстық жауапқа субьектінің әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамы бойынша ғана ( айталық, ұрлық жасау, тонау немесе кісі өлтіру және басқа қылмыстық құрамы) жауапқа тартылады.
Қылмыстың құрамы- негізінен олардың белгілерінің жиынтығы, қоғамға қауіпті қылмыстық істер іс-әрекеттерді айқындайды. Қылмыстық құқықтық теориясы қылмыс құрамының төрт элементтерден тұратынын белгілейді : Қылмыстың обьективті жағы, қылмыстың обьектісі, субъективтік жағы, субъектісі яғни бұлар қылмыстың белгілерін анықтайтын типтік белгілер. Егер бұл элементтердің біреуі жоқ болғанның өзінде қылмыстың жауапкершілігі болмайды, яғни қылмыс құрамы жоқ. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін заңдылық бұзылады.
Қылмыстың құрамын анықтау қылмыстық істерді дәрежелеу сот-тергеу органдары арқылы атқарылады. Яғни қылмысты дұрыс дәрежелеу қоғамға қауіпті істерді дәл құқықтық айқындау болып табылады. Осындай және көптеген басқа мәселелер қылмыстың құрамын дұрыс анықтап шешіуге көмектеседі.
Қылмыстың құрамының бір элементі - қылмыс субъектісі. Жай қарағанда қылмыс субъектісін айқындау ешқандай қиындықтар тудырмайтын сияқты. Бұл жерде қылмыс субъектісі деген не? —деген сұрақ туындайды. Бұл заң жүзінде белгіленген, кім және қашан, не үшін қылмыстық істің нақты жауапкері болатынын айқындайды. Бірақ бұл мәселе іс жүзінде елеулі қиындықтарды туғызады. Қылмыстың нақты субьектісін анықтау сот-тергеу практикасында көптеген елеулі қиындықтар туғызады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ағыбаев. Қылмыстық құқық жалпы бөлім. Жеті Жарғы бастасы. 1999 ж.
2. Уголовное право Р.К. издательство "Әділет". 1997 г.
3. Алауханов Е.О., Рахметов С.М. Жаза. Өркениет. 1999ж.
4. Трайнин А.Н. Учение о преступлении. — М, 1941ж
5. Наумов А.В. Уголовное право. Общая честь, курс лекций.-М., Бек, 1996ж.
6. Дагель П.С. Учение о личности преступника в советском уголовном праве. — Владивосток, 1970
7. АғыбаевА.Н. Қылмыстық құқық ерекше бөлім. Жеті жарғы баспасы. 2000 ж.
8. Гегель. Философия права.— Москва, 1990г.
9. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.З,
10. Энгельс Ф. Людвиг Фейербах. — М.: Госполитиздат 1949г.
11. Ленин В.И. Толық шығ.жинағы. Т.І.
12. Антонян Ю.М. Причины преступного поведения.—М.: 1992г.
13. Е. Алауов. Қылмысқа тосқауыл. Әл- Фараби баспасы.
14. Алматы 1997 ж.
15. В.И. Михеев "Основы учения о вменяемости и внеменяемости". Владивосток 1980
16. Михеев Р. И. Қылмысқа қабілеттілік пен қабілетсіздіктің ғылыми негіздері. Владивосток, ДВГИ 1980г.
17. Уголовное право. Часть Общая.—Москва Изд. МГУ. 1994 г.
18. Алауханов Е.О., Рахметов С.М. ҚР Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы: Жеті жарғы баспасы. 2001 ж.
19. Лейкина Н.С. "Личность преступника и уголовная ответственность". Л.1968 г
20. Устименко В.В. "Специальный субьект преступления". Львов.
1989 г.
21. Каиржанов Е.И. Учебник Уголовное право Р.К. 1998 г.
22. Лунц Д.Р. "Критерий неизменяемости в практике судебно-психиатрической экспертизы ". М. 1958 г.
23. Орымбаев Р. "Специальный субьект преступления" Алма-Ата. Наука. 1975 г.
24. Орлов В.С. "Субьект преступления". Москва 1958 г.
25. Трайнин А.Н. Общее учение с составе преступления. — М., 1957г.
26. Орлов В.С. "Субьект преступления". Москва 1958 г.
27. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы, 2001ж
28. Орымбаев Р. "Специальный субьект преступления" Алма-Ата. Наука. 1975 г.
29. СССР Жоғарғы соты пленумының қаулысы. 30 наурыз 1990
30. Лейкина Н.С., Грабовская Н.П. Субъект преступления./ В кн.: Курс советского уголовного права. Часть общая. Т.І.— Л., 1968.
31. Дагель П.С. Учение о личности преступника в советском утоловном праве. — Владивосток, 1970.
32. Рашковская Ш. Специальный субъект преступления. М.: 1981.
33. Орымбаев Р. Уголовная ответственность работников торговли.— Алма-Ата: Наука, 1973.
34. Устименко В. Субъект преступления. М, 1978.

М А 3 М Ұ Н Ы
Кіріспе ...3
1. БӨЛІМ Қылмыс субьектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыстың субъектісінің түсінігі ... ... ... ... ... ...
Есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылық шарты ... ... 11
Ақыл-есі дұрыс еместік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

1.4. Жас шамасы, қылмыс субьектісінің басты белгілерінің бірі ... ... ... ... ... ... .35

2. БӨЛІМ Қылмыстың арнайы субьектісінің түсінігі мен түрлері

2.1. Қылмыстың арнайы субьектісі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 40
2.2. Қылмыстың арнайы субьектісінің түрлері ... . ..44
ҚОРЫТЫНДЫ ..47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52

Кіріспе

Заңдылықпен құқық тәртібін нығайту- мемлекеттің ең басты мүдделерінің бірі болып табылады. Қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық күрделі шараларын іс-жүзіне асырудағы қылмыстық құқықтың маңызы зор.
Қылмыстық құқық - қоғамдық қатынастарды қорғай отырып, қылмыстық істерден туындайтын мемлекеттік мүддеге кері әсер жасайтын әрекеттерге өздерінің органдары, заң арқылы тиісті баға беріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы -қылмыстық заңдар жиынтығы, негізінен қылмыстық жауапкершілікті анықтап, қылмыстық іс-әрекеттерге түсініктеме береді, қылмыстық іс-әрекеттердің түрін, осыған байланысты жазаңың мөлшері мен түрлерін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен босатудың жолдарын анықтайды1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 1998 жылғы 1-ші қаңтардан күшіне енген 3-бабында айқындалғандай: қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен
істеген айыпты адам тартылады. Бұл қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылады2.
Қылмыстық жауапқа субьектінің әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамы бойынша ғана ( айталық, ұрлық жасау, тонау немесе кісі өлтіру және басқа қылмыстық құрамы) жауапқа тартылады.
Қылмыстың құрамы- негізінен олардың белгілерінің жиынтығы, қоғамға қауіпті қылмыстық істер іс-әрекеттерді айқындайды. Қылмыстық құқықтық теориясы қылмыс құрамының төрт элементтерден тұратынын белгілейді : Қылмыстың обьективті жағы, қылмыстың обьектісі, субъективтік жағы, субъектісі яғни бұлар қылмыстың белгілерін анықтайтын типтік белгілер. Егер бұл элементтердің біреуі жоқ болғанның өзінде қылмыстың жауапкершілігі болмайды, яғни қылмыс құрамы жоқ. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық нормалармен реттелетін заңдылық бұзылады.
Қылмыстың құрамын анықтау қылмыстық істерді дәрежелеу сот-тергеу органдары арқылы атқарылады. Яғни қылмысты дұрыс дәрежелеу қоғамға қауіпті істерді дәл құқықтық айқындау болып табылады. Осындай және көптеген басқа мәселелер қылмыстың құрамын дұрыс анықтап шешіуге көмектеседі.
Қылмыстың құрамының бір элементі - қылмыс субъектісі. Жай қарағанда қылмыс субъектісін айқындау ешқандай қиындықтар тудырмайтын сияқты. Бұл жерде қылмыс субъектісі деген не? —деген сұрақ туындайды. Бұл заң жүзінде белгіленген, кім және қашан, не үшін қылмыстық істің нақты жауапкері болатынын айқындайды. Бірақ бұл мәселе іс жүзінде елеулі қиындықтарды туғызады. Қылмыстың нақты субьектісін анықтау сот-тергеу практикасында көптеген елеулі қиындықтар туғызады.
Бұл қиындықтарды шешуде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Пленумының қаулылары, түсініктемелері, іс-тәжрибелері, қылмыс жөніндегі проблемалары мен оның құрамына талдау жасаған. Осы ғылыми мәселелерге Мысалы, Қазақстандық ғалымдардың еңбектерін айта кеткен жөн. Атап айтқанда А.Н.Ағыбаевтың, И.Ш.Боршошвилидің. Е.І. Қайыржанов, С.С.Молдабаев, М.С.Нәрікбаев, Е.Алауханов, С.Рахметов, Т.Бапановтың еңбектері мен Ресей ғалымдары В.Н.Кудрявцев, А.Н.Трайнин, А.А.Пионтковский, П.С.Дагель, В.А.Владимиров, Г.А.Лейкина, Б.В.Волженкин, В.Д.Филимоновтар елеулі еңбектері, әр түрлі пікір таластар туғызған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы 2006 жылы 1 мамыр күні Қазақстан Республикасының халқына жолдауында қылмыспен күресу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу шараларына көп назар аудара отырып бұл салада көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.

1. Бөлім Қылмыс субъектісі түсінігі және белгілері

1.1. Қылмыстың субъектісінің түсінігі

Қылмыс субъектісі- бұл қылмыстық құқықтық түсінік, қоғамға қәуіпті іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты мәселе. Қылмыстық заң қылмыстың субъектісі деген терминді қолданбайды, керісінше "кінәлі", "айыпталушы" ,"қылмыс жасаушы"сияқты терминдерді қолданады
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субьектісі болып —денсаулық жағдайы, ақыл-есі дұрыс, өз істеген ісіне және жасаған қылмысына есеп бере алатын, сондай-ақ, қылмыс жасағанға дейінгі белгілі бір заңда көрсетілген жасқа толған адам саналады. Есі дұрыс емес адамдар мен заңда белгіленген жасқа толмағандардың іс-әрекеттері қоғамға қауіпті болып саналғанмен, олардың іс-әрекеттері қылмыс болып саналмайды. Себебі олар өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне есеп бере алмайды. Сондай-ақ, қоғамға жат өз іс-әрекеттерін меңгере алмайды. Сондықтан бұл бағытты іс-әрекеттерге "қылмыс" ,"қылмыстылық" деген терминдер қолданылмайды3.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субьектісі ретінде заңды ұйымдармен, коллективті танымайды. Қылмыстық жауаптылықты заңды ұйымдарға белгілеу- қылмыстық құқықтың жеке өзіндік, дара жауапкершілік принципіне қайшы келеді. Өйткені тек адамдардың жеке өз басының кінәлілігі қылмыстық жауапкершіліктің негізі екендігі қылмыстық Заңның 3-ші бабы бойынша тұжырымдалған.
Қылмыстық заңда заңды ұйымдардың жауаптылығы арнайы көрсетілмеген. Өйткені заңды ұжымдар кінәлі түрде белгілі бір іс-әрекетті жасай алмайды.
Алайда қылмыстық кодекстің 4 және 5 бабтарында қылмыс субектісіне тек қана адам-азамат жатады деп көрсетілген. Бұдан мынандай қортынды жасалады. Қылмыстың заң негіздерінің 3,6,9 бабтарына сәйкес қылмысты кінәлі түрде жасаған адамдар ғана тартылады4.
Қылмыс субьектісі—жеке тұлға. Бұл Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексі бойынша, оның арнаулы 6 бабында барлық азаматтарға азаматтығы жоқтарға, шетел азаматтарына, дипломатиялық құқығы жоқтарға белгілі бір қылмыс жасағаны үшін белгіленеді.
Әділ соттылық- адамдардың дұрыс, саналы іс-әрекеттерімен ғана байланысты. Сот белгілеген жаза түрлері адамдарға олардың ақыл-естерінің түзулігіне, айналасындағы құбылыстарға дұрыс бағдар бере білуіне сай белгіленеді.
Сондықтан қылмыс субьектісі —ақыл-есі түзу, өз әрекетіне жауап бере алатын, өз қылмысы мен әрекетіне есеп бере алатын адамдар ғана бола алады. Сондай-ақ еріктілік қабілеті мен ойлау қабілеті бар заңды талаптарды ақылымен ұғынатын қоғамның оған қойып отырған тәртібін түсініп, өз әрекетіне басқара алатындарға қойылады. Осындай мүмкүндіктері бар азаматтар өз іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады5. Сондай-ақ ол өзінің қоғам үшін қаншалықты қауіпті әрекет жасағанын өзінің соңғы әрекетінің бағыт-бағдарын сезіне алатындай қабілетте болуы керек. Бұл жалпы жағдайда қоғамға қауіпті әрекетін әдейі қасақаналықпен ойластырып жасағаны немесе бұл әрекетін байқаусызда сақтық нормасының сақталмауынан жасалғандығы анықталса қылмыс субьектісі бола алады. Онда адам қоғамға қауіпті іс-әрекетінің мағынасы мен мәнін түсінеді, өзінің қылмыстық жолға барғандығын ұғынып, мойындай алады немесе белгіленген құқық тәртібін бұзғандығын аңғарады.
Әдейі қасақаналықпен жасалатын әрекеттің өзгешелігі, кейде адам өзіне-өзі сенгендіктен құқыққа қарсы әрекетінің болмысын ұғынады, оған қарсы мүмкүндікті көре тұрып, бұл жағдайда қоғамға қауіпті әрекетінің соңының неге апарып соғатынын сезінеді. Осыған қарсылық ететін күштерді есептей отырып, оның пікірінше көпшілік мүддесі үшін мемлекет қорғайтын қоғамдық қатынастарға келетін зиянды біледі.
Сақтық шараларының сақталмауынан қоғамға келетін қауіпті психиялық процесс мүлде бөлектеу болады. Сақтық жағдайының әсерінен қоғамға келетін қауіпті болмыста адам оның соңының қандай әрекеттерге соқтыратынын ой жүзінде саралап алуға және оны мойындауға алдағы кезде ондай зиянды әрекеттерге жол бермеуді ұғынады.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік (есі дұрыстық) ол адамдардың қылмыс жасау кезінде өзіне, іс-әрекетіне есеп беріп, өз ой-қабілетін басқара алуына қабілеттілігін анықтайды. Есі дұрыстық-бұл адамның өзінен бөлінбейтін қасиеті, яғни мұнсыз ол қылмысқа тартылуға тиісті емес, қылмыс субьектісі бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда бұл бағыт қылмысқа есі дұрыстық қылмыс субьектісін анықтайтын құқылық түсінік.
Қылмыс субьектісінің белгілерін анықтайтын қылмыс заңындағы тағы бір жәй- ол қылмыс субьектісі болу үшін, қылмыс жасаған кездегі адамның белгілі бір жас мөлшеріне толуы керек.
Есі дұрыстық пен қылмыс жасау кезіндегі жас мөлшері қылмыс субьектісінің басты белгілері болып табылады. Ол барлық қылмыс құрамдары үшін Қазақстан Республикасының Қылмыс кодекісінің 15 бабында қаралған міндетті болып табылады.
Қылмыс субьектісіне сипаттама жасау кезінде оған жаза мен жауапкершілік белгілеуде қылмыскердің жеке тұлғаларыны үлкен маңызы бар.
ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған қылмыстық жауапқа тартылады.
Жалпы қылмыстық жауаптылықты он алты жастан, ал кейбір қылмыстар үшін он төрт жастан бастап талап ете отыра, қылмыстық заң осы жасқа жеткен кәмелетке толмағандар қылығын оның ішінде, қылмыстысын да бағалай алуға қабілеті толығымен жететіндігін ескерген6.
Қылмыскердің тұлғасы туралы ұғым қылмыс субьектісінен гөрі кеңдеу ұғым. Бұл оның бүкіл әлеуметтік қасиетінің бет бағдарының жиынтығы. Оның өзара қатынастардағы әлеуметтік ( саяси, тұрмыстық, еңбектегі, жанұядағы тағы сол сияқты), оның моральдық саяси тұрғыдағы сапасы (өміртанымы, сенімге бағыты, еріктілік, интеллектуальдық қасиеті басқа да ерекшеліктері), жынысы, жасы, денсаулық жағдайы ( демографиялық жағы, өмірлік тәжірибесі, білімі, сіңірген еңбегі, қоғам алдындағы кінәсі) .
Қылмыс субьектісі туралы түсінік- бұл қылмыскердің жеке басының қылмысқа қабілеттілігі, жас мөлшері, қылмысқа жауапкершілігі.
Бір сөзбен айтқанда мұнсыз қылмыста құрам да жоқ. Көптеген заңдылық конструкцияларында жекелеген қылмысты істердің түрлерін саралағанда - қылмыстың субьектісінің арнайы белгілері анықталады. Мысалы, қылмыс субьектісі Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау ( Қылмыстық кодекстің 137-бабы) ата-аналар жатады. Отанын сатқандығы (мемлекеттік опасыздық) үшін ( 165-бабы) тек қана сол мемлекеттің азаматтары қылмыс субьектісіне жатқызылады.
Бұл қылмыс әрекеттері ол адамдардың өздерінің тікелей
қатысуы белгілерімен ғана жасалады. Ол қосымша заңдылықтармен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде қарастырылған, заңдылығында ескерілген талапқа сәйкестендіріледі. Сондықтан қылмыстық құқықтық белгілері бойынша қылмыс субьектісін: қылмысқа қабілеттілік, жас мөлшері, арнайы субьект бойынша қарастыру керек. Бұл жөнінде А.Н.Трайнин былай деп есепдейді: қылмысқа қабілеттілік пен жас мөлшері қылмыс құрамының белгілеріне жатпайды7. Қылмысқа қабілеттілікпен жас мөлшері тек қана қылмыс субьектісінің жайы мен жауапкершілігін құрайды: қылмыстық заң тек қана қылмыскерді қылмысқа қабілеттілігі және кәмелеттік жасқа толғаны ғана үшін жазаламайды8.
П.С.Дагель қылмыскердің жеке басын зерттеу- қылмыстық құқықтағы тек олардың қылмыс жасағаны үшін жазаланатындығында, керісінше олардың қылмысқа қабілеттілігі мен жас мөлшері үшін емес, кінәлі іс-әрекеті үшін, қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылады9.
Егер жас мөлшері мен қылмысқа қабілеттілігін қылмыс құрамының белгілеріне жатқызсақ, онда қылмыс іс-әрекеті үшін, басқа адамның өмірін қиюға тура келеді, егер жас өспірімдер қылмысқа қабілеттілігі жоқ адамдарды одан аршалайтын болсақ деген пікір айтады10.
Сондықтан қылмысты істер жасаған жас өспірімдер іс-әрекетінде қылмыс құрамына болғанына қарай емес, кеісінше олар қылмысқа тартылуға жасы жетпегені үшін қорғалады.

1.2. Есі дұрыстық- қылмыстық жауаптылық шарты.

Қылмыстық құқығы мынадай тоқтамға келеді, яғни жауапты деп танылған қылмысқа есі дұрыс адамдар ғана жауапқа тартылатын болады. Материалистік философияның негіздерінде "тұрмыс сананы билейді" деген қағида бар11. Сондықтан халықтың ой-санасы мен тәртібін тұрмыс билейді. Бірақ бұл тәртіп олардың іс-әрекеті үшін жауап бере алмақ емес. "Бостандық" деп жазды К.Маркс пен Ф.Энгельс, философияда екі түрлі жағдайда айқындайды: біріншіден: үкімет пен мемлекет өз жағдайында өз мүддесіне сай, екіншіден: индивидтің жеке өз ісіне сай бағаланатындығында, басқа жағынан алып қарасақ, өзін өзі анықтау, нақты болмыстан арылу, жалған жан дүниесі бостандығы деп идеялистер, соның ішінде неміс идеялистері дәлелдеуге тырысады12. Есі дұрыстық проблемасымен ерік бостандығының проблемасымен тығыз байланысты. "Мораль мен құқық бостандығы туралы сөз болу үшін алдымен ерік бостандығымен, адамның есі дұрыстығын анықтау қажет " деп атап көрсетті Ф.Энгельс13.
Детерминизм мен оған жауапкершілік жөніндегі В.И.Ленин былай деп жазады: "Детерминизм идеясы- адамдардың іс-әрекеттерін белгілей отырып, олардың ерік бостандықтарын айналып кете алмайды, ақыл-есті, ар-ұятты оларға берілетін бағаны жоя алмайды. Керісінше: детерминсіздендіру көзқарасы қатаң әрі тура баға беріледі. Оны ерік бостандығына аудара салуға болмайды"14.
Сана мен ерік —бұл негізгі психикалық функциялар, олар обьективті жағдайларға негізделген, материалистік қоғам өмірінің жағдайында, ол адам жүретін ортада, адамның жеке басын айқындайды. Ерік бостандығы туралы түсінікті Ф.Энгельс былайша саралайды "табиғат заңдылықтарының еркіне мойын ұсыну, яғни онымен шектеліп қалу емес, оны қайта өз ырқына жүйелі түрде адамдардың пайдалана білуі. Бұл табиғаттың ішкі заңдылығы екі заңдылық класы —оны тұрмыс еркіне бағындыру арқылы адамдардың болмыс шындығымен шешім жасауға іс-әрекеттерге бару болып табылады15".
Көп жылдардың принціпті теориясының кілті мынаны дәлелдеді. Қылмыстық жауапкершілікке тек қана кінәлі, есі дұрыс әрекет қабілеті барлар қылмыс жасағаны үшін жазаланады. Ол қылмыстық құқықта қылмысқа қабілеттілік - бұл қылмыс субьектісі болады. Қылмыстық жауапқа қабілеттілік өз әрекетінің ( құрамы мен мәнін) түсініп, оның соңының қалай аяақталып отырғандығын сезіне білуінде. Өз білімділігін психологиялық толық дәрежедегі адам ретінде қабылдауы, өз ісіне, бейімділігін меңгере алуында. Осыған сай былай айтуға болады: - қылмысқа қабілеттілік- тек дені дұрыс адамда ғана бола алады. Ол өзінің қауіпті іс-әрекетін, қылмысын түсініп оған есеп беріп, өз әрекетін меңгере білетін есі дұрыс адам болуы тиіс. Есі дұрыстыққа-психикалық жағынан дені сау адамдар ғана жатқызылып қоймайды, сонымен қатар уақытша психикалық жағынан ауру болып жүргендер, бірақ есі дұрыс емес деп табылмағандар да жатады16. Яғни шектеулі әрекет қабілеті бар адамдар.
Есі дұрыстықтың басты шарты-әрекет қабілеттілігінің болуы болып табылады. Бірақ осыған қарамастан кінә мен әрекет қабілеттілік атты екі ұғым құқымда бірдей мағанаға ие бола алмайды. Есі дұрыстық адамды кінәлі деп танудың алғы шарты, мұнсыз кінә туралы сөз болуға тиіс емес.
Адамның қылмысқа қабілеттілігі, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекеті былайша айқындалмақ: Егер қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам өзінің есі дұрыс еместігі жөнінен күмән келтірсе, онда сот-тергеу органдары оның денсаулығын психиатриялық сарапша арқылы тексеріп алады. Тиісті қортынды жасайды. Есі дұрыстық - жеке адамның обьективті жағдайды түсінуі, оған әсер ететін процесстерді, әлеуметтік позицияларды меңгеру қабілеттілігі болып табылады17. Бұдан мынадай қорытынды шығарады: есі дұрыстық қылмыс құрамының алғы шарты және қылмыстық жауапкершіліктің негізі.
Бұл жөнінде ҚР Қылмыстық кодексінің 17-бабы "Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы"
Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады, - деп көрсеткен18.
Есі дұрыстық өзінің заңдылық табиғатында - қылмыстың ең басты белгілерінің бірі, қылмыстық жауаптылық пен субъектінің негізгі қағидасы болып табылады. Өзінің әлеуметтік психикалық мәні жөнінен —есі дұрыстық- ол қылмыс жасаған кездегі денсаулығы, ақыл-ойының сау болып, өзінің іс-әрекетін басқаруы, немесе істеген іс-әрекетіне толық есеп беруі болып табылады.
Қылмыстық заңда қылмысқа қабілеттілік-өзінің әлеуметтік-саяси дәрежесі бойынша қылмыскердің еркіне, оның дүниетанымы мен психологиялық мінез-құлқына, байланысты болмақ.
а) Сондай-ақ ол жеке бастың пісіп-жетілуіне, оның әлеуметтік
көзқарасына, әлеуметтік тәжрибесіне, біліміне, ой-өрісіне;
б) Оның жеке басының жас мөлшерінің, 14-16 немесе 18-ге толуына, психикалық жағынан дұрыс, не кемістігінің жоқ болуына байланысты.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік-ол жеке адамның өзінің қылмыс жасаған кезіндегі, қауіпті іс-әрекетіне, немесе әрекетсіздігіне, өзінің іс-әрекетін меңгере алуына,өзін жауапты немесе кінәлі сезінуіне байлансты болатындығын қылмыстық заң ашып көрсетеді.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік-екі бірдей белгілердің жиынтығынан тұрады.
а) Қоғамға қарсы іс-әрекетті жасау кезіндегі жасаған іс-
әрекеттердің белгілерін және оның қауіптілігін сезу.
б) Жасаған іс-әрекетін басқара білуі.
Бұл екі белгі яғни, қабілеттілік жеке адамның қалыптасу негізіндегі әлеуметтік және психофизиологиялық жағдайын белгілейді. Қылмыстық іс-әрекет-қоғамға жат, қарсы болғанмен бұл саналы, әрі ерікті іс-қимыл.
Қылмысқа қабілеттілік-қылмыстық құқықта аралас екі түрлі критерийдің жалғасуынан құралады. Олар: бірінші заңдылық (психологиялық), екіншісі- медициналық (биологиялық) .
Заңдылық критерий бойынша есі дұрыстық былай сипатталады: қылмыс жасау кезінде адамның өз ісіне жауапкершілігін түсінуі, өз іс-әрекеті үшін жауап беру, өз әрекетін басқару қабілеттілігі.
Қылмыс заңында осы белгілердің біреуі айқындалмаған болса, ол адам есі дұрыс емес деп саналады (Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 16 шы бабында белгіленген). Қылмыс заңында бұл критерий үш белгі бойынша суреттеледі: интеллектуальды ерікті, эмоцияналды түрде. Заңдылық формуласында қылмысқа жауаптылық қабілеттілігінің екі түрі: интеллектуальды, және ерікті түрлері белгіленген. Заңдылық белгісінің интеллектуальды критерий —адамның өзінің қауіпті қылмыс жасағандығын, сол кездегі әрекеті мен әрекетсіздігін түсініп, мойындау қабілеті мен оның соңының неге апарып соғатындығына баға бере алуы болып табылады.Бұл қылмыс субьектісінің әлеуметтік тәжірибесін сипаттайды. Сонымен бірге қылмысқа қабілеттілік биімділігі "адамның өз ісіне, жауап беру" қабілеті жалпы бұл қылмыс субьектісінің талабына жауап бере алмайды.
Ал, еріктілік белгісі, заңдылық белгісінің критерилері бойынша есі дұрыстықтың негізгі белгісі, оның қылмыс жасау үстіндегі өз әрекетін түсінуі, әрекет, әрекетсіздікке-адамның өз әрекетін түсініп отырып, еркі бойынша баруы. Өзінің танымы, сенімі, ынтасы, өзін-өзі жағымсыз жағдайлардан ұстауы, тағы сол сияқты. Заңдылық критерийінің бұл белгісі-қылмысқа қабілеттілік дәрежесінің және жеке бастың ерік бостандығын, оның өз ісіне бейімділігін, сол кездегі қылмысты қаскөйлікпен немесе абайсыздық нормаларын сақтамаудан болғандығын айқындайды.
Заңдылық критерийінің эмоционалды белгісі-қылмысқа қабілеттілікте есі дұрыстық формуласына қосылмайды, бірақ ол есі дұрыстықты белгілеу кезінде есепке алынада. Кейбір жағдайларда эмоционалды белгілер есі дұрыстыққа кері әсер етуі де мүмкін (мысалы, потологиялық аффекте).
Есі дұрыстық жағдайы адамның қылмыс жасау кезіндегі қоғамдық қауіпті әрекеті үшін жауаптылығының дәрежесін анықтауда ескеріледі. Дәрігерлік (биологиялық) есі дұрыстық критерийі бойынша қылмыс жасаған кезде адамның психикалық жағынан дені сау болғандығын анықтайды. Ол адам психикалық аурудан таза өз ісі үшін есеп бере алатындай халде болу керек ол психофизикалық жағдай адамның есі дұрыстық кезеңіңің көрсеткіші, яғни психикалық қал жағдайының көрсеткіші (мысалы, адамның кемістігі, бет-бейнесінің түзулігі) есі дұрыстық факторына медициналық тұрғыда ешбір қатысы болмауы керек.
Бұл жерде кенеттен, кездейсоқ оқиғалардан болатын (мысалға, психофизикалық және әлеуметтік даму кезіндегі мүгедектік нормаларға сай келмеуі керек), яғни қылмыс жауаптылығы қабілеттілігі туралы шешім жөніндегі талапқа сай болуы тиіс.
Қылмысқа қабілеттілік дәрәгерлік (медициналық), жағынан өз ерекшеліктерімен дараланады. Біріншіден, бұл таным, қылмыстық заңда көрсетілмеген ол бірақ қай жағдайда болса да, ескерілетіні сөзсіз.
Егер қылмысқа жауаптылық қабілеттілігіне —субьектісіне күмән келтірілген жағдайда, мысалы, психикалық ауру туралы, ол сот органдарының сарапшылық жасауы барысында, заң арқылы белгіленеді. Екіншіден: өзінің көлемі мен мазмұны жағынан есі дұрыстық медициналық жағынан есі дұрыс еместтікті анықтаудан гөрі күрделірек. Бұл адамның ақыл-есінің туралығын ғана анықтап қоймайды, оның қылмыс жасау негізіндегі білімділігін, өзінің қауіпті іске бару себебтерін сезініп, әрекетіне жауап бере алуы ескеріледі. Осы жағдайда жеке бастың жеке істегі( мысалы, экстремалды) оқиғадағы қылмыстағы жинақталған әлеуметтек тәжірибесі, жинақтаған қабілеті сол кездегі деңгейде анықталады. Сондықтан қылмысқа қабілетті, ақыл-есі түзу субьект ғана тартылады. Сондай-ақ психикалық хал-ахуалының қозуы яғни бұл да сол кездегі медициналық дәрігерлік қортынды бойынша оның қылмысқа қабілетсіздігі анықталса қылмысты істер заңында көрсетілген талапқа сәйкес жауапқа тартылмайды.
Сот жеке бастың есі дұрыстығын- оның ақыл-есінің түзу, (психикалық) денсаулығының тазалығын тексеру барысында медициналық қортындыға сүйенеді.
Есі дұрыстық-бұл кінә мен қылмысты жауапкершілік жадайының алғы шарты, тек қана жасалған қылмысқа байланысты қылмыстық жауапкершілік субьектісі бойынша ғана сұрақтарға байланысты туындайды .
Қылмыстық құқығының теориясында (тәжірибесінде ол заңның), (3,6,8 бабтарында) қылмысқа және жауапқа тек кінәлі адамдар ғана тартылады делінген.
Бұл Конституцияда бекітілген "заңсыз ешкімде кінәлі деп табылмайды, ол сотқа тек заң бойынша ғана кінәлі болғаны үшін жауапқа тартылады"19, деп айқын көрсетілген онда. Осы қағида бойынша қылмыстық істер правасындағы заң жолымен жеке бастың кінәсі үшін, қылмысқа жауаптылық қабілеттілігі үшін жауаптылығы болады. Жауаптылық негізі қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы арқылы белгіленеді.
Қылмысқа қабілеттілікті айқындау кінә мен кінәсіздің арсын ажыратып, әділ шешім жасауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық жауапкершілік субьектісіне - қылмысқа қабілеті, өз іс-әрекеттерін меңгере алатындар, қоршаған ортада болып жатқан жағдай мен болмысты өзінің сана-сезімімен дұрыс сезіп түсіне алатындар, өзінің іс-әрекетін еркін меңгере алатындар болады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей ақыл-есі дұрыс бірақ, психикалық ауытқумен ауыратын тұлғаны жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы талданады. Мұндай тұлғаларды шектеулі ақыл-есі дұрыс жағдайында қылмыс жасағандар деп таниды. Сонымен қатар есі дұрыстығы адам психикасысының ауытқуынан күйзелісте болады, бірақ біршама төмен болса да өз іс-әрекетіне есеп беру және оған ие болу қабілетін сақтайды20.
Қылмыстық жауапқа қабілетсіздер мен жасөспірімдер қылмысты жауапкершілік субъектісіне жатпайды. Олар қылмысты жауапкершілікке жатпайды:
біріншіден —психикалық қозу ауруының функциялары бойынша, екіншіден —заңда көрсетілгендей белгілі бір жасқа толмағаны үшін, себебі белгіленген жасқа толғандықтан өзінің іс-әрекеттерін дәл болжап түсінуге әлі де қабілетсіз.
Қылмыстық жауапқа қажеттілік-негізінен заңда түсінін, қылмыскердің бостандық еркін белгілейтін, немесе ажырататын қылмысты істердің заңдылық дәрежесі. Бұл тұрғыда қылмысқа қабілеттілік-жеке бастың бостандық еркі мен қылмыстық істер жүргізу құқығында жауапкершілік субьектісін белгілейді.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік сондықтан да, қылмыс субьектісінде тек қана жеке адамдардың қоғамға қарсы іс әрекеттері үшін белгіленеді. Қылмыстық құқықта —қылмысқа қабілеттілік оның бейімділігін ажыратқан кезде кінәлі деп табылып мынандай жағдайларда жауапқа тартылады.
а)Жеке бастың әлеументтік-психологиялық мінездемесі (интеллектуальды, ерікпен эмоциялық негізі мен қабілеті): б)Жеке бастың әлеуметтік қалыптасуы (әлеуметтік көзқарасы, әлеуметтік тәжірибесі, білім, білімдарлығының қалыптасуы): в) Жеке бастың жас мөлшері, оның психикалық, осындай жағдай құрамы мен мәні-қылмысқа жауапкершіліктің басты белгілерін суреттейді. Қылмысқа қабілеттілік-заңдылық категориясында ғылыми дәрежедегіге негізделген. Ол жеке бастың әлеументтік-психологиялық белгілерімен, өзінің қауіпті іс-әрекетін безгені үшін жауап беруді дәрежелеуге байланысты қойылады21.
Ақыл-есі түзу, денсаулығы жөнінде медициналық анықтамаға сәйкес өз әрекеті үшін жауап бере алатын жеке адамдар қылмыс субьектісі бола алады.
Қылмысқа қабілеттілік мәні мынандай: ол қылмыстық құқығында жеке бастың қылмыс жасау кезіндегі бейімділігі-қылмыстық кодекстегі өзін кінәлайтін заң талаптарына жауап бере алуы болып табылады. Бұл жерде қылмысқа қабілеттілік мәні құқылық түсінік негізі болып саналады.
Мысалы, 1998 жылы наурыз 13-і күні Шымкент қаласында №37 орта мектептің 8-класс оқушысы N45 орта мектептің 7-класс оқушысын өзі қолдан жасалған тапаншамен әдейі атып, ауыр жаралаған болса, осы аптаның 20-сы күні күндізгі сағат 11 -де 18-мөлтек ауданы № 34 орта мектептің 10-класс оқушысы 5,6 миллиметрлі калибр оғымен оқталған (өзі қолдан жасаған) тапаншасын сыныптастарына мақтанып көрсету кезінде, абайсызда қызбаланы атып, жарақаттады.
Тергеу барысында 7-класта оқитын Б. 14-ке толмағандығы анықталды. Одан қылмыс жасау кезінде небәрі 13 жас 11 ай 8 күн толған. Осы себепті қылмыс кодекісін 10 бабының талабына сай жасы толмағандықтан Б. Жөніндегі қылмысты іс тергеу орындары арқылы қысқартылған. Ал басқа оқушылар қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен әр түрлі жауапқа тартылған22.
Сондай-ақ біздің белгілі, сүйікті футбол командамыз белгісіз азаматтар тарапынан өздерінің дайындық базасында тонауға душар болса бұл жылы белгісіз осы спорт қоғамының қоймасына терезе торын бұзып кіріп, ішінен 3500 теңге болатын спорт заттарын алып кеткен еді. Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінің оперативті іздестіру қызметкерлерінің айғақ астынан жоғарғы топқа шыққан футбол командасына болашақтағы жеңістері үшін өте керекті заттарын тауып беру жолында жүргізілген әрекеттері нәтижесінде ұрылар Шымкенттік № 54 орта мектептің 7 класс оқушылары Чернов пен Сүлейменов екенін анықтап, қолға түсірді. Алдын ала жүргізілген тергеудің қортындысы бойынша Чернов та Сүлейменов те 14 ке толмаған. Қылмыс жасау кезінде Черновтың 14 ке толуына 1 тәулік, Сүлейменовке 1 ай 10 күн жетпеген. Осы себепті бұлар жөніндегі қылмысты іс өндірістен қысқартылған. Бірақ Чернов пен Сүлейменов аудандық ішкі істер басқармасының кәмілетке толмағандар жөніндегі инспекциясына арнаулы есепке алынған.
Өткен 2000 жылдың мамыр айында белгісіз 5 адамнан құралған қылмысты топ беттеріне газдан қорғанатын бет перде киіп, қолдарына шолақ мылтық алып, Шымкент қаласында екі тонау шабуылы нәтижесінде екі азаматтың жеке меншігіндегі жеңіл машиналарын ұрлап кеткен еді. Полиция қызметкерлерінің тез арада жүзеге асырған әрекеттері арқасында кезінде ұрлық жасағаны үшін айыпталған X. Мусаев пен Д. С. Трусов, еш жерде жұмыс істемейтін К. О. Дәулетов пен Р. Ф. Миначеев, қалалық, электор жүйесінің жұмысшысы А. А. Тұрманов анықталып, қолға түсті. Алайда, тергеушілердің өте тәжірибелігі, бұлтартпас айғақтардың ғылыми түрде нақтылануы және жәбірленуші азаматтардың қылмыскерлерден қорықпай, тергеушілерге көрсеткен көмектері арқасында бұл топ сот органының алдынан бір-ақ шықты. Сот Трусовқа —жыл, Мусаев пен Дәулетовке —жыл, Тұрмановқа —8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Миначеев туралы қылмысты іс қысқартылған. Себебі ол қылмыс жасау кезінде 14 ке толмаған. Демек, ол қылмыс субьектісі деп дұрыс танылмаған23.

1.3. Ақыл-есі дұрыс еместік

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 16-бабында көрсетілген.
Өзінің қоғамына қарсы іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындар туралы заңдылықпен бекітіліп белгіленген. Ол адам қылмыс жасау кезінде ақыл-есі дұрыс емес немесе ескілікті аурулардың салдарынан, өзін-өзі меңгере алмайды. Бұл психикалық аурулар адамдардың туа пайда болатын ақыл-есінің дұрыс еместігі және осындай аурулардың анықталуына байланысты, ондай адамдардың қылмысқа қаблетсіздігі айқындалады. Бұрын көтеген заң қызметкерлеріне психиатор дәрігерлер қылмысқа қабілетсіздікті психикалық аурулардан ғана болады деп санаған. Бұл пікір-таласқа шек қойылды. Жаңа заңдылықта ақыл-есі дұрыс еместігі, яғни қылмысқа қаблетсіздігі туралы түсінік анық, жеке бастың психикалық жағдайы есінің дұрыс еместігінен олардың қоғамға қарсы қауіпті іс-әрекет жасағанда ештеңені сезбеуінен болады. Қылмыстық кодекс бойынша 16-ші баптың 2-ші бөлімі медициналық анықтамада, кем-ақылдылығы туралы анықтамада айқындалады24. Бұл заңда көрсетілген белгілер. Медицина жағынан да психиатор үшін де аса маңызды болды. Көптеген теріс тәсілдерде сүйене отырып, кем ақылдарды психикалық аурулармен теңгеріп келеді. Мемлекетте ақыл-есі дұрыс еместерді, өз ісімен әрекетімен қоғамға қарсы қылмыс жасаған адамдарды, яғни өзінің ақыл-ойын басқара алмайтын адамдарды қылмысқа жазаға тартпайды. Мұндай адамдар қылмыстық құқық бойынша, өз ісіне жауап беретін қылмыскер болып саналмайды. Өйткені олар психикалық аурулары арқылы қоғамға қауіпті өз әрекеті мен қоршаған ортадағы шындық дүниесіне дұрыс бағыт-бағдар беріп, сезіне алмайды.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалануы үшін, ол жауаптылыққа қабілетті болуы керек.
Психикалық аурулар салдарынан, адам ойлау қабілетінен ажырайды. Бұл нерв жүйелерінің жұмыс істеуін тежейді. Сондықтан ауру адамның қоршаған ортадағы шындыққа көзқарасы бөлек болады. Ауру адамдардың ақыл-ойы мен дүниетанымы басқа адамдарды да қиындыққа ұшыратуы мүмкін. Олардың нерв бостандығы шектеуге қабілетсіз. Жауаптылыққа қабілетсіздік, яғни ақыл-есі дұрыс еместігі туралы заңдылық осыдан туындайды. Бұл жерде психикалық аурулардың, кем ақылдардың әрекетпен іс ойларында қаскөйлік болмайды. Ауруы бар адам дүниеге қоршаған ортаға дұрыс дәрежедегі көзқарасқапен бағдарлай алмайды, өзінің ақыл-есін жоғалтады. Сондықтан ол қоғамдағы ортада жауаптылыққа қабілеті бола алмайды. Бұл қылмыстық құқында өзінің шындық бет бейнесімен негізделген. Есі дұрыс еместікті бірнеше бағыттары мен бағдарларын атап өтуге болады: заңдылық бағытында тәжірибе мен ғылыми тұрғыда қандай жағдайда болмасын қылмысқа жауапкерліктілігі айқындалмаған адамдар үшін.
а) Есі дұрыс еместер іс-әрекеті немесе іс-әрекетсіздігі үшін
заңдылық шеңберінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
б) Жеке бастың қоғамға қарсы қауіпті ісі мен оның уақытысы
белгіленеді. Ол заңдылық жүзінде мидициналық тергеу, тексеру
орындарының тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Ақыл-есінің
дұрыс еместігі қылмыстық жауапкершілікте бөлекше қаралатын жағдай. Оның қоғамға қарсы жасаған іс әрекетінің түрі, оның меңгере алуы психикалық ауруы қозба кезіндегі әрекетіндегі әрекетсіздігі немесе кем ақылдылығы тексеріледі. Этимологиялық мәні бойынша есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптан, қылмыс заңы қолдану мүмкіндігінен босататын жағдай. Яғни жеке бас иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ақыл есі дұрыс еместігі туралы түсінік оның қылмыстық әрекеттері үшін жауаптан
босатады25. Қылмыстық құқықтың құқық корғау тәжірибесіне және заңда есі дұрыс еместігін анықтаудың үш тәсіл, формуласы белгіленген.
а) биологиялық (психикалық)
б) психологиялық
в) қосалқы немесе аралас.
Олардың арасындағы айырма мынандай. Мысалы, биологиялық тәсіл бойынша есі дұрыс еместіктің қайнар көзі психологиялықта есі дұрыс еместіктің зардабы, салдары, қосалқыда оның себебі де, салдары да анықталады. Заңда, қылмыс доктринасы мен құқында оны анықтаудың қоспалы тәсіл формасы қабылданған. Сондықтан есі дұрыс еместікті талдау кезінде екі бөлек ғылыми көзқарасты басшылыққа алу қажет: юридикалық және соттық психикалық.
Ұзаққа созылатын психикалық бұзылыстар —ішікі көңіл-күйдің созылмалы ауруы, атап айтқанда, психиканың бұзылуынан ұзаққа созылуы. Олар кейде аяқ астынан көтеріліп, сосын қайта басылатын түрде де өтуі мүмкін (психикалық күйді жақсартып немесе нашарлата түсіп), бірақ кетпейтін психикалық кемістік қалдырады. Мұндай психикалық ауруларға мыналар жатады: шизафрения, қояншық, үдеп бара жатқан сал ауруы, паранойя және психиканың басқа да аурулары. Кем ақылдылық —бұл адамның интелектуалдық қабілеттерінің зақымдануына байланысты оның психикалық қызметінің түрлі деңгейде төмендеуі немесе толық жойылуы. Кемақылдылық —адамның ақыл ойы қабілетінің жойылуымен немесе нашарлауымен байланысты, ол туа бітуі мүмкін немесе үдей түсуші психикалық аурудың саддарынан болуы мүмкін26. Кем ақылдылық үш дәрежелі болады:
жеңіл (дибильділік)
орташа (имбецильдік)
терең (идиотия) яғни ақыл қызметінің қатты дәрежеде зақымдануы.
Психиканың басқадай науқас күйі —бұл ұғымның дәл мағынасындағы психикалық аурулар болмағандығына қарамастан, психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын сырқатты құбылыстар. Мысалға алтатын болсақ, іш сүзегі психикалқ ауруға жатапаса да, онымен бірге жүретін сананың күңгірттенуі, елестеушілік кездерінде ауру адамның ақыл есі мен ерік қызметіне қаблеттілігі төмендеп, кей кездері бұзылуы да мүмкін. Мұндай жағдайды бастың миының зақымдануы, мидың ісуі немесе басқа да психикалық емес аурулар кезінде байқауға болады.
Дәрігерлік шарттың болуы да өздігімен тұлғаны ақыл есі дұрыс емес деп тануға жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, кем ақылдылықтың қайсібір дәрежесі болмасын, әрқашан тек тұлғаның өз әрекетінің қауіптілігін түсіну мүмкінсіздігіне немесе өз қылығын басқара алу мүмкінсіздігіне әкеліп соқтыра бермейді. Айталық тұлғаның кем ақылдылығы жеңіл ғана болса, ол тек заңды шарттың болмауына байланысты ғана арқылы дұрыс деп танылуы мүмкін. Сол сияқты, тұлға мас күйінде де өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қауіптілігін түсіне алмауы немесе басқара алмауы мүмкін. Алайда, мұндай тұлғаның ақылы дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтындығы анық.
Есі дұрыс еместік-бұл құқықтық ұғым. Бұны соттық психиатрия арқылы белгілейді. Қылмысқа жауаптылықты шешу, немесе еріксіз медициналық шаралар бойынша емдеуге жіберу, сот психиатрия қорытындысы бойынша шешіледі. Есі дұрыс еместік туралы трактопқаны дұрыс белгілеу. Заң қолдану органдары үшін аса маңызды: сақтау жөніндегі бағдарламасының бірі, қылмыс жасаған қоғамға қарсы әрекеттігі ақыл-есі дұрыс емес адамдар қылмыс жауапкершілігінің субьектісі бола алмайды. Заңда есі дұрыс еместіктің екі белгісі көрсетілген: заңдылық (психопотологиялық) және медициналық (биологиялық) жолдары. Қылмысқа жауаптылық заңдылық жүзіндегі белгілері интеллектуальды және ерікті болып белгіленеді. Интеллектуальдық белгі бойынша заңда жеке бас иесі өзіне есеп бере алмайды деп көрсетілген, ал ерікті белгі бойынша, қылмысқа қабілетсіз адам өзінің іс-әрекетін меңгере алмайды. Ал эмоционалдық белгі есі дұрыстық формуласына енгізілмейді27. Заңдылық жалпыға ортақ екі бағыттағы критерийдің есі дұрыс еместікті анықтауда ролі зор. Ол принципті мәселе.
Біріншіден жеке бастың психикалық жағдайы: сол қылмыс жасаған кедегі ол адамның жеке басындағы жетіспеушілігімен кемшілігін көрсетеді. Екіншіден, ақыл-есінің дұрыс еместігі сақтық нормаларын ескермеу жағдайында, әрекетсіз немесе әрекетті, жағдайда да болуы мүмкін. Заңдылық критерийі бойынша есі дұрыс еместік интеллектуальды және еріктілік белгілері бойынша айқындалады. Заңдылық критериясы адамның қылмысқа қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін айқындайтын негізгі көрсеткіш.
Есі дұрыс еместің медициналық тәсілі бойынша оған сот психиатриалық баға беру кезінде ауруға жеке клиникалық формадағы әдіс қолданылады. Бұл медициналық ірі жеңіс деп саналады. Аурудың психикалық қозу кезеңі әлеуметтік көптеген келеңсіз жағдай туғузуы мүмкін. Ол өзінің қауіпті іс әрекеті мен қоғамға аса қауіпті жағдайсыздық туғызады, ол үшін ол жауап бермейді. Өйткені оның есі дұрыс емес күйінде. Медициналық-биологиялық критерий бойынша ауру белгілері төрт түрде белгіленеді.
Ескілікті есі ауысқан ауру болуы, есінің уақытша кіресілі-шығасылы болуы, кем ақылдылығы немесе басқа бір сырқаттағы күйде болуы. Құнықпа жан ауруы психикалық қозу кезеңінің басталуы болып табылады. Хроникалық созылмалы жан аурулары психикалық аурудың ұзаққа созылатын түрі. Бұған шизофрения, созылмалы психоз, психоздағы сиффилис, бас аурулары, инфекциялық жүйе аурулары жатады.
Уақытша қозатын жүйке-тамыр аурулары немесе уақытша болатын, бірақ созылмалы түрде жүйке қозу аурулары. Қылмыстық әрекетті мас күйінде жасағандары үшін арнайы қаралады.
Қазақстан Респуликасының Қылмыстық кодекісінде олар мас күйінде қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық жауапкешіліктен босатылмайды жеке бастың маскүнемдік күйдегі қылмысы кезінде ол да өз іс-әрекетін меңгере алмайды. Бірақ медициналық заңдылық критерийлері бойынша ондай адамдардың есі дұрыс деп саналады. Қылмысқа қабілетті болып табылады. Ол ішімдік, есірткі, апин, зығыр, морфи тағы басқаларды пайдалану дәрежесінде өрістейді. Сондай-ақ ол адамның қанша ішімдік қабылдағаны ескеріледі. Тек қана "потологиялық" маскүнемдік қылмысқа қабілеттіліктің биологиялық жолы бола алады. Потологиялық маскүнемдік кезінде адам өз мүмкіндігінен шығады. Өз іс-әрекетіне жауап беру қабілетінен айырылады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 18 бабында заң жүзінде белгіленген28.
Бұл бапта алькогольдік ішімдік ішіп немесе есірткілік немесе басқада есеңгірететін заттарды қолданғаннан болатын жәй мас болу (патологиялық емес) туралы айтылады. Мұндай жәй мас тұлғаның өз әрекетіне есеп беру немесе оны басқару қабілетінен айырып қалуына әкеліп соқтырған күнде де, есі дұрыс еместіктің шеңберінде қарала алмайды, себебі бұл жағдайда есі дұрыс еместіктің заңды және медициналық шарттары, яғни тұлғанын санасы мен еркін істен шығарып тастайтын немесе айтарлықтай шектейтін психикалық бұзылу жоқ. Жәй мас болу (соның ішінде ең кең тара,ан түрі-алькогольдік ішімдік ішіп мас болу), әдетте, ішімдік пен есірткі заттарын өз еркімен қолдану нәтижесінде пайда болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Аса ауыр қылмыстар
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыстың ерекше субьектсі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Пәндер