Жер ресурстарын пайдалану мәселесі
Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда. 16-кестеде дүние жүзінің жер қоры туралы мәліметтер келтірілген.
Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соктырады. 1950 жылы дүние жүзінде бір адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0,15 -га дейін кеміген.
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
Б.В.Докучев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи- тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ - зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент-ағзалардың қызметімен аякталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру комтексінің энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет оның тіршілікке бай болуына байланысты. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химииялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мындаған жылдар бойы сақталады.
Мысалы, қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:
Жер ресурстарын пайдалану мәселесі
1. Геоэкология және табиғатты қорғаудағы негізгі ғылыми зерттеу
бағыттары.
Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд.
га құнарлы жерлерден айрылған. Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің
ауданының кемуі жоғары жылдамдықпен жалғасуда. 16-кестеде дүние жүзінің жер
қоры туралы мәліметтер келтірілген.
Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы адам басына шаққандағы
жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соктырады. 1950 жылы дүние жүзінде
бір адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983 жылы 0,15 -га дейін кеміген.
Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың ландшафттар мен
экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға
болады.
Б.В.Докучев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара
байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті
табиғи- тарихи дене деп қарастырады.
Топырақ - зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым
топырақтан басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де, айналым
редуцент-ағзалардың қызметімен аякталады. Топырақтағы детрит пен гумуста,
оның сіңіру комтексінің энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.
Топырақтың санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор. Бұл қасиет
оның тіршілікке бай болуына байланысты. Топырақтың тазартушылық
рөлі оның физикалық және химииялық қасиеттеріне байланысты. Ол су мен сулы
ерітінділерді тазартуда күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер
мен қосылыстарды байланыстыруға қабілетті. Топырақтың буферлік қасиеттері
де жоғары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт
сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда
тіркеледі. Олар мындаған жылдар бойы сақталады.
Мысалы, қазіргі тундралардан қазба түрінде дала және субтропиктік
түзілу типі бар топырақтар табылған. Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзілу
типіне құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат
жағдайында, қылқан жапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев
топырақтың планетаның тармхы мен тау жыныстары-мен, климаты-мен, өсімдіктер
рельефімен және ландшафты-мен тығыз байланыс-та болатынын атап көрсеткен.
БВ.Докучаев топырақ - ландшафттың айнасы деген.
Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафтардың бұзылуымен алуан
түрліліктің кедейленуімен экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен,
өнімділігі биомассасының кемуімен сипатталады.
Жер ресурстарына әсер ету — құрлықтағы және құрлық пен мұхит
арасындағы зат алмасудың, радияциялық және су балансының өзгеруі, олай
болса климаттық параметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады.
Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесі — қатты және химиялық ағыстардың
артуы. Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына
байланысты. Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық
параметрлерінің өзгеруімен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-
өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден-бір шарты болып табылады.
Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретінде ең алдымен
ерекше органикалық зат - Тумус иен тірі ағзаларды атауға болады. Аталған
заттардың топырақтағы мөлшерінің кемуі құнарлылықпен қатар, оның өзін-өзі
реттеуі мен тұрақтылығын да төмендетеді.
Топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларға көп энергия
жұмсауды (топырақты өңдеу қоректік заттардың мөлшерін толықтыруға
байланысты тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен, зиянкестермен күреске
жұмсалатын барлық энергияны қосқанда қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде
топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да,
қоршаған ортаға әсер етеді. Қарапайым шаруашылықта топырақтың тек табиғи
құнарлығы пайдаланылып, қарапайым өңдеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл
кезде жұмсалатын энергия жылына 2ГДжга құрайды. Кейін жоғарғы интенсивті
егіншілікке жұмсалатын энергия мөлшері 12 - 15 ГДж - ға жетті.
Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда — бұзамын деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.
Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады.
Топырақты бұзатын күш ретінде біріншісінде — ағатын су, ал екіншісінде
ауаның қозғалысы болып табылады.
Эрозия ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған. Қатты заттардың
беттік сулармен мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы
бұл құбылыстың болуын дәлелдейді. Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақ
пен шабындық топырақтар — жел эразиясының өнімдерінің ауадан тұнуының
нәтижесінде түзілген.
Адамның қызметі нәтижесінде эрозиялық процестердің, жылдамдығы
бірнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңғы жылда мұхитқа шайылып
келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен жер, жел эрозиясында
да топырақтың көп бөлігі бұзылады. Бұл кезде топырақпен бірге енгізілетін
тыңайтқыштардан 1,5—2 есе артық өсімдіктерге қатты заттар табиғи өсімдіктер
жабыны бұзылғанда орын алады. Біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырларымен
бекітті тұрады. Екіншіден, өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері су және
әсіресе, ауа ағыстарының күшін арттырады. Өсімдік жабыны одан біршама ара
қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңістікке әсері
айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егістік қорғайтын орман өсіру
осыған негізделген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Акимов Т.А. Экология - М: Юнти, 1998.
2. Әділов Ж. Қала және қоршаған орта - Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Әбдірайымов Б. Экологиялық зиян - Алматы, 2001. 4.Әбдірахман.М.
Алаңдатарлық мәселе аз емес Атамекен,24.11.2004.
5. Бродский А.К. Жалпы экологиялық қысқаша курсы - Алматы: Ғылым, 1997.
6. Дажо.Р.Основы экологии.-М.Д997.415с.
1. Экология - ұлтқа ортақ проблема
2. Экология жэне табиғатты қорғау.
Экология мәселесі соңғы 15-20 жылда бүкіл әлемде ең өзекті
тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, Қазақстаң үшін бұл маңызды проблема.
Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарғанымен; денсаулығы зардап шегуде. Қазіргі
заман Экологиялық тауқыметтері адам қолымен жасалып, бүкіл тіршілікке қауіп
төндіріп келеді. Еліміздің Арал теңізі мен Семей полигонының қасіретін айта-
айта шаршадық. Өскемен сынды өнеркәсібі дамыған қаланың әлемдегі ең лас
қалалар қатарына ілігуі елдің экологиялық жағдайының қай деңгейде екенін
анық байқатады.
Бұрынғы Семей сынақ алаңына жапсарлас аудандарда онкологиялық
ауруларға шалдығу мен өлім-жітімнің, қан айналымы жүйесінің аурулары мен
ерте қартаюдың деңгейі жоғары екені байқалып отыр. Арал маңындағы
экологиялық апат аймағында, әсіресе әйелдер мен балалардың арасында асқазан-
ішек аурулары мен қаны аздық сәби өлімі мен туа біткен ауытқулар жиі
кездесуде.
Қазакстан аумағында төрт әскери-сынақ полигоны мен Байқоңыр ғарыш
кешені жұмыс істейді. Бұлар маңайында тұратын халықтың денсаулығы мен
айналадағы ортаға өз әсерін тигізеді. Мұнымен қатар Арал теңізінің
Возрождение аралындағы бұрынғы биологиялық полигонның қызметінен
бактериологиялық жұқпалы аурулар тарау қаупі де бар. Өйткені онда әлі де
болса оба, күйдіргі секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары
сақталуы мүмкін. Ойландыратын тағы бір жайт, жылына 200 миллион тонна
пайдаланылған сарқынды су табиғи су көздерін ластайды екен. Біріккен Ұлттар
Ұйымының сарапшылары Қазақстан жерінің 66 %-ы яғни 180 миллион гектары
шөлейтке айналғанын келтіріп, экологиялық қолайсыз аймаққа теңеп отыр.
Қазақстан азаматтарының амандығы экономикалық ахуалға ғана емес,
сонымен қатар табиғаттың жай-күйіне де қатысты. Отан партиясының басты
бағыт-бағдары-экономика саласын, заң жүйесін және бүкіл қоғамды экология
проблемаларын шешу арнасына бұру. Отан әркез осы мәселені көтеріп,
мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін талап етіп келеді. Тындырылған істер
аз емес. Отандықтар Үкіметтен қоршаған ортаны қорғау ға бөлінетін қаржыны
1,7 млрд. теңгеден 4,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға қол жеткізді.
Парламенттегі Отан партиясы фракциясының мүшелері бұл қаражатты әлі де
көбейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар экологияға зиян тигізгендерге
қойылатын жазаны қатандатып, заңды жетілдіре түспекші. Әсіресе ауа, жер, су
бассейндерін ластаған жер байлықтарын пайдаланушы өндірістерге талап қатаң
болмақ. Мәселен, ірі өндіріс орындарында электр сүзгіштер мен ферросплав
зауыттарында құрғақ тазартқыштар орнатылуы мідеттелді. Осының арқасында улы
қалдықтар далаға шашылмайды. Бір ғана Павлодар облысындағы өндірістерден
жылына шығып жатқан зиянды қалдықтар 13,7 мың тоннаға дейін азайды.
Партияның Үкімет алдына қоятын негіз талаптары: әскери-сынақ
полигондарын қызметінен зардап шеккен адамдар үш әлеуметтік және
экологиялық іс-шараларды жүзеге асыру; апатты аймақ тұрғындарының еңбек
ақысына экологиялық үстемақы белгілеу жөніндегі заңды бастаманың орындалуы
экологиялық апат аймақтарында орналасқан елді мекендерден адамдарды көшіру;
өндірістік және түтыну қалдықтарын, өндірістік қызметті табиғатқа
келтіретін залалын жою жүйесін құру. Осы мақсаттарға 2009 жылға дейін
кезеңі кезеңмен қосымша қаржыландыруға 5 млр теңге бөлуді сұрайды. Сонымен
қатар отандықтар жыл сайын өтетін Бүкіл дүние жүзілік қоршаған ортаны
қорғау күні-5 маусымдық Қазақстанда жалпы ұлттық экологиялық сенбілік
өткізуді ұсынады. Өткен жылдың 5 маусымында Отан партиясының бастамасымен
Алматы қаласында мұндай шара ұйымдастырылған болатын. Онтүстік астанада
өткен экологиялық сенбілікке 1,5 мың адам қатысып, қаланы қоқыстан тазалап,
гүлдер мен ағаштар егіп, өзен арналарын тазартты. Осындай сенбілікте
республикамыздың барлық елді мекендерінд ұйымдастырылды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр
түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымын жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест
Геккельден бұрын да ғалымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген.
Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға
берген анықтама тұрғысынан қарайды (биоценоздың орталығынан дамуына), ал
шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір
ғылым саласы жоқ. Сондықтан да қазіргі экология ғылымы ғылымдардың ғылымы
сипатыиа айналды. Себебі олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым
жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына жауапты бола отырып,
оның шешімін табуға ат салысуы керек. Бұл ғаламдық проблема.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі дамыған тек 10-15
мемлекет қана болса, соғыс аяқталған соң және отаршылдық жүйенің ыдырауына
байланысты көптеген елдер тәуелсіздік алып, индустриялы даму жолына түсті.
Олар өздерінің табиғи ресурстарың игеріп, зауыттар, фабрикалар мен жолдар
жүйесін сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін әсер
ауқымын кеңейтіп, қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының
саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 млн. адам болса, 1850 жылы
оның саны 1200 млн. га жетті, яғни кезекті еселенуге 100 жыл ғана уақыт
кетті. 1986 жылдың орта шенінде Жер бетінде 5 млрд. адам өмір сүрді, бұл
еселену мөлшері небәрі 35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның болжамы бойынша,
2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 млрд. болады деп күтілуде.
Экономика және экология бір түбірден тарайтын сөздер экономика
принциптері эколог принциптерімен қайшы келетін болса қоғамда және адамдар
санасында қайшылықтар бар деген сөз. Осы қайшылықтардан шығудың дұрыс жол
алмаған қоғам мен адамдар табиғат мүдделерін аяққа басып, оны құрбандық
қылады. Өйткені ол оны қорғай алмайды. Мұндай
кезде бәрі солай істейді деп өзін ақтайтын көзқарас көрініс береді.
Әршіе, басқалардың келеңсіз тэжірибесі мен табиғи ортаны бүл, жалпылима
сипатына сілтеме жасау-бұл әлсіз жұбаныш және сылтау емес.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік
біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін
экологиялық білім қажет. Қазақстан экологиялық ахуалына қысқаша жасағанда
мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30 %-ы жарамсыз
Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түсінікті.
Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімі ластану 100 мың га. жерді,
техногенді ластану 2,5 млн. га., жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.
га. жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа
әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе Азғыр мен
Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га. жер радиоактивті
ластануда.
Әдебиеттер.
Атамекен 2005 ж №9
Атамекен 2005 ж №20
1. Геоэкологияның геотермикалық негіздері.
Геотермика, геотермия (гео... және грек. Іһёгте — жылу) — жер
қойнауындағы жылулық процестерді зерттейтін геофизиканың бөлімі. Күннен
келген жылу жер қыртысының жоғарғы бөлігін ғана жылытады. Топырақтағы
температураның тәуліктік өзгерісі 1,2—1,5 м, жылдық өзгерісі 10—20 м
тереңдікке ғана жетеді. Бірақ жер қойнауының, тереңдігі артқан сайын оның
температурасы жоғарылайды. Жер қойнауынан үздіксіз шығатын жылу ағыны жер
бетіне қарап бағытталып, айналамыздағы кеңістікке тарап отырады. Бұл жылу
ағынының басым көпшілігі радиогендік жылу (жер құрамындағы радиоактивтік
элементтердің ыдырауы нәтижесінде бөлінетін жылу) болып табылады.
Құрлықтағы жер қойнауының темперасы (шахталардағы, скважиналарындағы)
электротермометрмен, ал теңіз түбіндегі температура термоградиеитографпен
өлшенеді. Тау жыныстарының жылу өткізгіштігі лабораториялық жағдайда
анықталады. Тек бірнеше км тереңдікке деиіні жер қойнауының температурасы
тікелей өлшенеді. Онан арғы тереңдіктегі температара вулкан лавасының
температурасы бойынша немесе кейбір геофиз. мәліметтер бойынша анықталады.
400 м-ден кейінгі тереңдіктегі температураның тек ықтимал мәндері ғана
белгілі. Әр түрлі тереңдіктегі температураның ықтимал мәндері өсуі мүмкін.
Барлық электростанция қуатынан 30 есе көл, бірақ Жердің Күннен алатын
жылуынан 4 мың есе аз. Сондықтан жер қойнауынан келетін жылудың жер
бетіндегі климатқа ешбір әсері жоқ. Жердің терең қойнауы баяу қызады да
(107 жыл ішінде бірнеше градуста), оның жоғарғы қабаттары одан да баяу
суиды. Геотермикалық өлшеулер жер астындағы күрделі ғимараттарды (шахталар,
туннельдер т.б.) жобалауда, мұнай және басқа пайдалы қазбаларды барлауда,
жер қойнауындағы жылуды өндірістік және тұрмыстық мақсатта пайдалануда
кеңінен қолданылады. Геотермиялық градиент — тау жыныстары қабаттарының
әрбір 100 м-ге тереңдеген сайын температурасының көтерілуін көрсететін
шама. Тікелей темпертуралық өлшеулер жүргізуге қолайлы жер қыртысы үшін.
Геотермиялық орта шамасы 3° С деп алынады. Жер бетінің пішініне, тау
жыныстарының жылу өткізгіштігіне, жер асты суларының циркуляциясына, вулкан
ошақтарының қашықтығына, жер қыртысында жүретін әр түрлі химиялық
реакцияларға байланысты. Геотермия әр жерде әр түрлі болады. Геотермия жер
қойнауынан оның бетіне қарай бағытталған жылу ағынының болатындығын
көрсетеді. Бұл ашпаның шамасы - Геотермиялық жылу өткізгіштік
коэффициентінің көбейтіндісіне тең.
Геотермиялық саты — тау жыныстары темпрасының 1° С-қа жоғарылауына
сәйкес жер қойнауы тереңдігінің артуы. Геотермиялық сатының орта шамасы
30—40 м; кристалды жыныстарда 120—200 м-ге дейін барады. Москва маңы үшін
геотермиялық сатының орта шамасы 38,4 л. Жер қойнауының тереңдігіне
байланысты тау жыныстары темперасының әртүрлі геотермиялық градиент арқылы
анықталады.
Геотермиялық электр станциясы — Жердің ішкі қабаттарындағы жылу
энергиясын электр энергиясына айналдыратын жылу электр станциясы (ЖЭС).
Жердің терең қабатындағы жылу радиактивті түрленулер, химиялық реакциялар
т. б. процестер нәтижесінде пайда болады. Жер қыртысының температурасы
тереңдеген сайын (2000— 3000м тереңдікте 100° С) жоғарылайды. Жердің аса
терең қабаттарындағы судың температурасы едәуір жоғары, оны скважиналар
арқылы жер бетіне шығаруға болады. Вулканды аудандарда тереңдегі су қызып,
жер кыртысының сызат жарықтары арқылы жоғары көтеріледі. Бұл аудандардағы
ыстық сулар жер бетіне ағып жатады да, температурасы анағұрлым жоғары
болады, кейде олар аса қызған бу түрінде сыртқа шығады. Аса тереңге
бұрғылау машиналық жылуды өзгеруге мүмкіндік бермек. Температурасы 100°С-қа
дейін жететін ыстық су көп аудандарында жер бетіне шығып жатады. ЖӘС-не
қажетті қазан цехы, отын т. б. көптеген жабдықтар жоқ. Ол іс жүзінде машина
залы мен электр техникалық тетіктерге арналған бөлмелерден ғана құралады.
Бұл геотермиялық электр сатысының электр энергиясының өзіндік құны
жергілікті дивельді электр станциялардан бірнеше есе төмен. Геотермиялық
электр станциясының электр энергиясын алу тікелей, тікелей емес және аралас
схемалар негізінде жүзеге асырылады. Тікелей электр тогын шығару схемасында
табиғи бу скважинадан құбыр арқылы тікелей турбинаға беріледі,
Пайдаланылатын бу және конденсацияланған су әрі қарай бір орталықтан жылыту
жүйесіне, кейде химия өндірісі үшін пайдаланылады. Тікелей емес схема
бойынша ток өндіруде бу алдын ала зиянды (коррозиялағыш) газдардан
тазартылады. Ал аралас схема әдісімен электр тоғын өндіруде тазартылмаған
табиғи бу турбинаға жіберіле береді, одан әрі конденсацияланған судың
құрамындағы ерімеген газдар ажыратылады. Шетелдерде: Италияда (Тоскана,
Лардерелло ауданы), Жаңа Зеландияда (Таупо зонасы), АҚШ-та (Калифорния,
Үлкен Гейзерлар жылғасы), Жапонияда, Исландияда геотермиялық электр
сатысының салынған және салынып жатыр.
Геофизика — бүтіндей Жер шарының яғни оның жеке бөліктерінің
(геосфераларының) фпз. қасиеттері мен ішкі құрылысын зерттейтін ғылымдар
жиыны. Геофизика жер бетінде, шахталар мен скважиналарда, теңіздер мен
мұхиттарда, атмосфера мен төңірегіміздегі космоста жүргізілген бақылауларға
сүйеніп, Жердің ішкі қойнаулары, оның қатты қабығы (литосфера), сұйық
қабаты (гидросфера) және газ қабаты (атмосфера) жөнінде құнды физикалық
мәліметтер береді. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр
ішінде дамып келеді. 17 ғ-дың өзінде-ақ мұхит бетінің көтерілуі жөнінде
алғашқы теориялық болжамдар пайда бола бастады. Кейінірек ауырлық күшінің
өрісі, ауадағы физикалық құбылыстар, Жердің ішкі құрылысы және оның магнит
өрісі, жер сілкіну туралы ілімдер кеңінен өріс алды. Геофизика көп салалы
ғылым ретінде тек 20 ғ-дың 40—60 жылдарында ғана қалыптасты.
1. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы
экологиялық жағдайы.
Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық
іргелі бөлігінің бірі болып табылады. Ол экологиялық теңдестіктің
тұрақтылығымен, табиғи ортаға шектен артық антропогендік әсерлерден
қоғамның қорғалуымен анықталады.
Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеттері:
- табиғи ортаның жағдайын бақылайтын біртұтас мониторинг жүйесін құру;
- экологиялық бағдарламалар жасау және табиғатты пайдалануды жоспарлау;
- табиғи ортаның жағдайын бағалап, экологиялық аудандастыру;
- біртұтас табиғат қорғау заңдар жүйесін құру;
- табиғатгы пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру;
- экологиялық нормалау мен бақылау жүйелерін жетілдіру;
- экологиялық білім беру және тәрбие жүйелерін дамыту;
- қоршаған орта жөнінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Экология және табиғат ресурстары Стратегиясының негізгі міндеттері
ҚР экологиялық жағдайын жақсарту жоспарында және табиғи ортаның сапасын
талдау және зерттеу негізінде жүргізілетін іс-әрекеггер жоспарында
қарастырылған.
Қазақстанда табиғи ортаның жағдайы өте күрделі, шешілмеген мэселелер
көп. Негізгі экологиялық мәселелер - қалаларда ауаның ластануы, өндірістік
және тұрмыстық қалдықтардың күннен-күнге көбейіп жинақталуы, ауыл
шаруашылық жерлерінің азуы және тақырлануы, жер бетіндегі және оның
қойнауындағы су көздерінің ластануы, территориялардың радиоактивтік
ластануы, Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендеріне көршілес
территориялардан лас сулардың құйылуы. Әмудария және Сырдария өзен
бассейндерінде жоғары қарқынмен суармалы егістікті дамыту Арал қасіретін
туғызды. Каспий теңізінің суының көтерілуі мұнай улғыларын су астында
қалдырып, теңіздің биологиялық ресурстарына қауіп төндірді. Бұрынғы әскери
және сынақ полигондарының (Сарышаған, Капустин Яр, Азғыр және т.б.)
территориялары радиоактивті және химиялық заттармен ластанған.
Қалалар мен елді мекендерде халықтың денсаулығына теріс әсер ететін
факторлар - ауаның ластануы және сапалы ауыз судың жеткіліксіздігі. Ауасы
аса ластанған қалалар - Балқаш, Теміртау, Риддер, Өскемен, Ақтөбе, Алматы,
Зырян, Шымкент, Тараз. Ауаны негізгі ластаушы заттар: шаң, күкірт және азот
тотықтары, көмірсутектер, металл тотықтары және т.б. Олар жылу-энергетика,
металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары. Жылу-энергетика кәсіпорындары жылына
атмосфераға миллион тоннаға жуық зиянды заттар шығарады. Атмосфераның
ластануына өндіріс және тұрмыс қалдықтары, олардың үйінділері, шлактары
едәуір үлес қосады. Автокөлік бірнеше қалаларда ауаны негізгі ластаушыларға
айналды. Мысалы, Алматы қаласында атмосфера шығарылымдардың 93%-ы -
автотранспорттың үлесі.
Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы табиғат ресурстарын ұтымды
игеріп, өндіргіш күштерді дамытып, халықтың игілігін арттыруға негізгі
кедергілердің бірі болып отыр. Осыған байланысты еліміздің экономикасының
болашақта дамуы су ресурстарын қорғауға және ұтымды, үнемдеп пайдалануға
тікелей қатысты.
Қазақстанның орташа жылдық өзен-су қоры 100 км астам, оның 56 км өз
территориямызда қалыптасады. Өзен ағыстары көлемі бойынша Қазақстан
әлемдегі сумен аз қамтамасыз етілген елдер санатына кіреді, 1 км
территорияға 37 мың м3, 1 адамға 6 мың м3 су келеді.
Климаттық жағдайларға байланысты өзен ағысының 80%-ына дейінгі шамасы
жазғытұрымғы су тасу кезеңіне келеді. Өзен тараптары республика
территориясында біркелкі емес, олардағы су көлемі маусымға байланысты
өзгеріп отырады. Осындай жағдайлар аймақтарды, экономика салаларын сумен
қамтамасыз етуді қиындатады. Өзен суларын түгелдей пайдалану мүмкін емес,
экологиялық, санитарлық мақсаттарға су керек, булану, жерге сіңіру болады.
Осыларды ескере отырып, пайдалануға болатын су көлемі 45 км аспайды, ал
құрғақшылық жылдары ол 25 км3 дейін кемиді.
Пайдалануға жарамды жер асты тұщы су қоры 15,8 км3. Оның 2 км3
пайдаланылады, қалғандарын игеруге едәуір қаржы жұмсау керек. Халық
шаруашылығында су тұтыну тоқсаныншы жылдары 30-35 км3 болса, 2000 ж. 20 куб
км азайды. Ылғалдылығы орташа шамадағы жылдары халық шаруашылығы сумен
нормалы мөлшерде қамтамасыз етіледі, бірақ бес-алты, Орталық және Батыс
Қазақстан облыстарында сумен қамтамасыз ету дәрежесі 50-90% ғана.
Құрғақшылық жылдары халық шаруашылығын сумен қамтамасыз ету 60%, жеке
аймақтарда 10-50% ғана. Су тапшылығы, негізінен, суармалы егістікке үлкен
әсер етеді. Жалпы еліміздің су шаруашылық балансы төмендегідей:
- орташа ылғалды жылдары - 15 км3 су артық;
- орташа құрғақшылық жылдары - 6-7 км3 су тапшы;
- өте құрғақ жылдары - тапшылық 18 км3.
Судың басым бөлігін (72%) ауыл шаруашылығы тұтынады. Өндірістік
қажеттіктерге су тұтыну - 24%, ауыз су және үй шаруашылық қажеттіктерге
-4%, су тұтыну өткен жылдармен салыстырғанда едәуір азайғанымен, жеке
өнімдерге шаққанда үлестік су шығыны жоғары болып отыр. Су көздерінен
алынған судың 25%-ына дейін шамасы тасымалдағанда ысырап болады. Соңғы
жылдары қайтарымды және айналымды су пайдалану көлемі 6,8-ден 5,7 куб км
дейін кеміді. Ол халық шаруашылығында су тұтынудың 39%-ын құрайды. Ақаба
суларды тазартпай және жеткілікті дәрежеде тазартпай төгу кемімей отыр.
Елімізде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей
келеді. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарының 40%-ға жуығы сапалы ауыз
суға қол жеткізе алмай отыр. Су құбырларының 15% қолданыстан шыққан, 26%
санитарлық нормаларға сай емес.
Су көздерінің көпшілігінің тазалығы жеткілікті дәрежеде емес. 2000
жылғы мониторинг бойынша (СЛИ) судың ластану индексі - Балқашта – 4,7,
Ертісте - 4,0, Жайықта — 3,2, Сырдарияда - 3,0 болған. Нұра, Шерубай-Нұра
сияқты тайыз өзендер екінші ластану категориясына өтті.
Су көздерін ластаушылар: өнеркәсіп, тау-кен өндіру және өңдеу
кәсіпорындары, тұрғын үйлер, мал шаруашылық кешендері, суармалы егістіктер,
қалдықтар жиналған орындар, мұнай өнімдерін сақтау және тасымалдау болып
табылады. 2000 ж. Республикалық санэпидемстанция мэліметі бойынша ашық су
көздерінің химиялық ластанғаны 11,1%, болған. Әсіресе, бүл көрсеткіш
Қызылорда (18,9%), Қарағанды (29,2%), Ақмола (19,2%), Ақтөбе (17,6%)
облыстарында және Астана қаласында (16%) жоғары. Микробиологиялық
көрсеткіштер бойынша 8% су көздері талапқа сай емес. Әсіресе Қызылорда
облысында (18,7%) және Алматы қаласында (41%) жоғары дәрежеде ластану
байқалған. Оны қорғауды және пайдалануды басқару.
Ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және коммуналдық шаруашылықтарда
суды үнемдеудің басты бағыттары:
- су тұтынудың айналымды және тұйық жүйелерін, үнемдеуші технологияларды
қолдануды кеңейту;
- суғару жүйелерін қайта құру және жаңа техника мен технологиялар
қолдану;
- су шаруашылық жүйесін су өлшеуші құралдармен, компьютерлік басқару
автоматтарымен жабдықтау;
- су қоймаларын тазарту және қайта жабдықтау, гидро
тораптарды, құрылымдарды күрделі жөндеу.
Елімізде таза экологиялық ахуалды қалыптастыру үшінші кездеріне
тазартылмаған ақаба, кәріз суларды төгуді және басі жағымсыз әрекеттерді
тоқтату керек; пайдаланылатын су көздерін (қоймаларын, өзендерді, көлдерді
және т.б. су нысандарын қажетті деңгейде судың тазалығын сақтайтын
құрылыстар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz