Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тарау І Қылмыс және қылмыстылық түсінігі.
І.1. Қылмыстың жалпы түсінігі және белгілері ... ..6
І.2. Қылмыстылық және оның негізгі себептері ... .21
Тарау ІІ Қылмыстардың көптігі түсінігі және олардың түрлері.
ІІ.1. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы ... ... 25
ІІ.2. Қылмыстардың жиынтығы ... ... ... ... ... ... 30
ІІ.3. Қылмыстардың қайталануы ... ... ... ... ... ... 33
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

Кіріспе
Қазіргі замандағы қазақстандық қоғамда болып жатқан процесстер дамудың өтпелі кезеңіне тән болып табылады, қылмысқа қарсы күрестің қоғам өміріндегі маңызын барынша арттыра түседі.
Аталған құбылыстың күрделі сипаты онымен күресте тек ғана тиісті түрде назар аударауды, айқын тиянақтылықта талап етіп ғана қоймайды сонымен қатар нық саяси ерікті де қажет етеді.
Осындай саяси ерік біздің елімізде ең жоғары деңгейде көрініс тауып қылмысқа қарсы күресті барынша күшейту қолға алынып отыр.
Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша мәжілістерде сөйлеген сөздерінде Қазақстан Призиденті қылмысқа қарсы күрес саясатының маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, оның аса маңызды жақтарына және мемлекеттік органдардың қылмысқа қарсы күрестегі жұмыстарының әлсіз жақтарын бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
Қабылданған шаралардың арқасында қылмысқа қарсы күрес жүйесіне қажетті тұрақтылық және тұтастық беріліп жүзеге асырылуда. Аталған шаралардың барысында қылмысқа қарсы күресті ақпараттық-үгіттік қамтамасыз етуге, қылмысты барынша бастапқы сатыларында тосқауыл қою жолымен алдын алуға, барлық мемлекеттік құрылымдарда құқық бұзушылықтың кез-келген түріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға назар аударылды. Қазіргі уақытта қылмысқа қарсы күрестің негізгі ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері негізінен шешілген.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы «Қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстардың көптігі» – деп аталады.
Қылмысты адамдардың топтанып жасауының қоғамдық қауіптілік дәрежесі қандай жоғары болса бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы немесе қайталанып қылмыс жасауының да қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болады.
Себебі тұлғаның бірнеше мәрте қылмыс жасауы, қайталанып қылмыс жасауы аталған тұлғаның өзін қоғамға айқын қарсы қоятындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.

Пайдаланған әдебиеттер.
І Нормативті – құқықтық актілер.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995. 08. 30. Түсініктеме. Алматы “Жеті жарғы”, 1999 – 424 бет.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997. 07. 16. Оқулық құрал – Алматы: ЖШС “Баспа”, 2000 – 176 бет.
3. Коментарий к Уголовно – Исполнительному кодексу Республики Казахстан. Алматы, Баспа. 1998, 423 стр.
4. Коментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы, Баспа 1999 – 808 с.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Жаза тағайындағанда соттардың заңды дұрыс қолдануы туралы” 24 – маусым 1993 жылғы №3 қаулысы (Қаз. Республикасы Жоғарғы Соты жаршысы. 1993, №2).
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының “Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істері қарау тәжірибесі туралы” 27 – мамыр 1994 жылғы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жаршысы, 1994 №3).
ІІ Оқулық әдебиеттер.
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Оқулық. Толықтырылып, екінші басылуы. – Алматы: Жеті жарғы, 1999 – 320 бет.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім – Алматы: Жеті жарғы, 2000. – 520 бет.
3. Ветров Н.И. Уголовное право. Общая и особенная части: Учебное посбие. 2-е изд., перераб и доп. – М.: Книжный мир, 2000 – 224 с.
4. Уголовное право. Особенная часть: Учебник /Под ред. д.ю.н. проф. Н.И. ветрова и д.ю.н. проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист, 1998 – 768 с.
5. Советское уголовное право. Общая часть: М., «Юрид. Лит.», 1977 – 544 с.
6. Советское уголовное право. Общая часть: Учебник /Под ред. Г.А. Кригера. Н.Ф. Кузнецовой, Ю.М. Ткачевского. – 2-е изд., доп. И перераб. – М.: Изд-во МГУ, 1988. – 368 с.
7. Смирнова Н.Н. Уголовное право: Учеб, - Спб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998. – 675 с.
8. Уголовно – исполнительное право: Вопросы и ответы /Пдо ред. проф. В.И. Селиверстова. – М., 1999. – 160 с.
9. Уголовно – исполнительное право. Учебник / под ред. И.В. Шмарова. М.: Новый Юрист, 1998.
10. Теория государства и права: Курс лекций / Под ред. Н. И. Матузова и А.В. Малько. – 2-е изд., перераб. и доп. М.: Юристъ, 2000. – 776 с.
ІІІ Қосымша әдебиеттер.
1. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достежения.
2. Бриллиантов А.В. Дифференциация наказания и степень исправления осужденных к лишению свободы. М,: 1997.
3. Гальперин И.М. Наказание. Социальные, правовые и криминологические проблемы М., 1973.
4. Карпец И.И. Наказание. Социальные функции, практика применения. М., 1993.
5. Ной И.С. Сущность и функции наказания в советском государстве. Саратов, 1973.
6. Полубинская с.В. Цели уголовного наказания. М., 1990.
7. Шаргородский М.Д. Наказание, его цели и эффкетивность. А., 1973.
8. Дагель П.С. Множественность приступления. Владивосток, 1969.
9. Красиков Ю.А. Множественность преступления (понятие, виды, наказуемость). М., 1988.
10. Караев Т.Э. Повторность преступления. М., 1983.
11. Малков В.П. Множественность преступления и ее формы по советскому уголовному праву. Казань. 1982.
12. Малков В.П. Совокупность преступлений (вопросы квалификации и назачения наказания) Казань. 1974.
13. Малков В.П., Тиморшин Х.А. Множественность преступления: Учеб. Пособие. УФА. 1995.
14. Панько К.А. Вопросы общей теории рецидива в советском уголовном праве. Воронеж. 1988.
15. Яковлев А.М. Борьба с рецидивной преступностью. М., 1964.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тарау І Қылмыс және қылмыстылық түсінігі.
І-1. Қылмыстың жалпы түсінігі және белгілері ... ..6
І-2. Қылмыстылық және оның негізгі себептері ... .21
Тарау ІІ Қылмыстардың көптігі түсінігі және олардың түрлері.
ІІ-1. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы ... ... 25
ІІ-2. Қылмыстардың жиынтығы ... ... ... ... ... ... 30
ІІ-3. Қылмыстардың қайталануы ... ... ... ... ... ... 33
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
Кіріспе
Қазіргі замандағы қазақстандық қоғамда болып жатқан процесстер дамудың
өтпелі кезеңіне тән болып табылады, қылмысқа қарсы күрестің қоғам
өміріндегі маңызын барынша арттыра түседі.
Аталған құбылыстың күрделі сипаты онымен күресте тек ғана тиісті түрде
назар аударауды, айқын тиянақтылықта талап етіп ғана қоймайды сонымен қатар
нық саяси ерікті де қажет етеді.
Осындай саяси ерік біздің елімізде ең жоғары деңгейде көрініс тауып
қылмысқа қарсы күресті барынша күшейту қолға алынып отыр.
Қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша мәжілістерде сөйлеген
сөздерінде Қазақстан Призиденті қылмысқа қарсы күрес саясатының
маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, оның аса маңызды жақтарына және
мемлекеттік органдардың қылмысқа қарсы күрестегі жұмыстарының әлсіз
жақтарын бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
Қабылданған шаралардың арқасында қылмысқа қарсы күрес жүйесіне қажетті
тұрақтылық және тұтастық беріліп жүзеге асырылуда. Аталған шаралардың
барысында қылмысқа қарсы күресті ақпараттық-үгіттік қамтамасыз етуге,
қылмысты барынша бастапқы сатыларында тосқауыл қою жолымен алдын алуға,
барлық мемлекеттік құрылымдарда құқық бұзушылықтың кез-келген түріне
төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға назар аударылды. Қазіргі уақытта
қылмысқа қарсы күрестің негізгі ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелері
негізінен шешілген.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Қолданыстағы заңнама бойынша
қылмыстардың көптігі – деп аталады.
Қылмысты адамдардың топтанып жасауының қоғамдық қауіптілік дәрежесі
қандай жоғары болса бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы немесе қайталанып
қылмыс жасауының да қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болады.
Себебі тұлғаның бірнеше мәрте қылмыс жасауы, қайталанып қылмыс жасауы
аталған тұлғаның өзін қоғамға айқын қарсы қоятындығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген.
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қылмыстардың көптігінің
басқаша айтқанда көптік қылмыстардың төмендегідей түрлері бекітіліп,
құқықтық негізі тұжырымдалған.
1. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
2. Қылмыстардың жиынтығы;
3. Қылмыстардың қайталануы.
Біздің дипломдық жұмызымыздың мақсаты: қылмыстық заңнамадағы
бекітілген көптік қылмыстар немесе қылмыстардың көптігі ұғымына теориялық
талдау жасау болып табылады. Сонымен қатар біз аталған категориялардың
практикалық қолданбалық маңызын ашып көрсетуді өзімізге міндет етіп қойып
отырмыз. Жұмысты орындау барысында біздің байқағанымыз отандық қылмыстық
құқық ғылымында аталған тақырыптарға жүргізілген зерттеу жұмыстарының
әсіресе қазақ тілінде жазылған жұмыстардың тым аздығы немесе тіптен
болмауы.
Сондықтан біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың теориялық базасы
ретінде біз бұрынғы кеңестік заңгер ғалымдарының еңбектерін пайдаландық.
Жұмысты орындаудағы басты қиыншылық аталған еңбектердің сол кездегі
үстемдік еткен идеология негізінде жазылуы оларды қазіргі заманғы ғылыми-
зерттеу жұмыстарына пайдалануға жеткілікті мүмкіндік бермеуі болып
табылады. Сонымен бірге дипломдық жұмысымыздың жекелеген тарауларында
әртүрлі кезеңдерде жазылған қылмыстық құқық бойынша жазылған оқулықтарды
пайдаландық.
Дипломдық жұмыстың эмпириялықбазасы болып Қазақстан республикасының
қазіргі қолданыстағы заңы яғни 1998 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген
Қылмыстық Кодексі табылады.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу мақсатында біз өз жұмысымызды
екі тарауға оларды тиісінше бес бөлімге бөліп жұмыстың құрылымын жасадық.
Жұмыстың негізгі міндеті: қылмыстардың көптігінің қоғамдық құбылыс
ретіндегі әлеуметтік, құқықтық, психологиялық мәнін ашу;
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қылмыстар көптігінің
жекеле
ен
түрлеріне талдау жасау.
Қылмыстар көптігінің басқаша айтқанда көптік қылмыстардың қоғамдық
қауіптілігінің мәнін ашып көрсету және қазіргі қоғамдағы қылмыстылықтың
себептерін ашып көрсетіп, оның алдын алу жолдарын және қылмысқа қарсы
күрестің тиімді шараларын ашып көрсету болып табылады.

І-1. Қылмыстың жалпы түсінігі және белгілері.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын
анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған
осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды
реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс
әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Заң
шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның
нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап
көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегенімз
адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап): Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дың 1922 жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс
дегеніміз кез-келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген
ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас республиканың қылмыстық заңдарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп
жарияланды. КСРО және одақтас риспубликалардың 1958 жылғы қылмыстық
заңдарының негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және
экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына,
саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат
жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық риспубликалардың, оның ішінде 1959
жылғы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады делінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті
баптарының диспозицияларында жекелеген қылмыс құрамдары арнаулы
көрестілген. Қылмыстық құқықтақылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы
бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге
де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген
еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке
кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа
Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық коексте қылмыстық заңды
ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тыйым
салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына
жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі оның мәнді белгілерін
анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда
көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрстелген қылмыстық
құқылық снкциябелгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып
табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті
заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына
жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқылық
норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген
тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан
шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде
нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық
деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ
жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық
жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірмеумен бірге не
себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын
түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің
қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін
туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік – қылмыстың объективтік белгісі.
Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға
зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру
шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде,
қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-
әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып
табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т.б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттердің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не
тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып
табылады 288-бап 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған
ереуілге басшылық жасау, кәсіпорыннның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру
қылмыс болып табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе
келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі
бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің
істелген уақытынан бастап, өзінің қандай зиян келтіргеніне қарамастан,
қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар
болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің
қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың
сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде
қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы,
денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т.б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру (103-бап) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян
келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып
бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп,
заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап),
ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, б тармағы),
т.б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда орындалған фактіге байланысты
шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты
оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен
қылмыс істелді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті
пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып
табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетті істеген адамның
ерекшелігіне де байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының
материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы,
қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне
жеткізілуі (102-бап(. Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға
зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды
адамның пара плуы (311-бап, 3-бөлігі).
Қылмыстық құқық ғылымы қоғамға қауіптілік сапалық және сандық
жақтарын бөліп қарайды.Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың
жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстың
сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді.
Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін – сандық
сипаттамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай қоғамға қауіптілік
экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық , жеке
адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты
қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердің тізбегі қылмыстық
кодекстің 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық
объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектліренің маңыздылығына
қарай рет ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір
көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, мроальдық зиян күш
қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс
қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушлық, жалпыға
қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік
сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен
жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда
қоғамға қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда
қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға дайінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруағ не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына,
не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға
жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1-бөлігі)
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің
нысандарын анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипатын белгілеуде
маңызды роль атқарады. Қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сандық жағын
анықтағанда көптеген факторларды ескеру қажет. Бұл реттерде келтірілген
зардаптың ауырлығын (аса көп мөлшерде, көп, едәуір мөлшерде) қылмысты жеке
немесе бірлесіп қатысу арқылы жасау, қылмыс істегенде қандай тәсіл
қолданылды, кінәнің сипатын (ниет, мақсат) қылмыс субьектісінің
ерекшелігіне, іс-әрекеттің істелу уақытына, жағдайына баса назар аудару
керек. Мысалы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің (103-бап)
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы (104-бап) немесе жеңіл (105-бап)
дәрежеде қасақана зиян келтіруден қоғамдық қауіптілік дәрежесі едәуір
жоғары. Қарақшылықтың (179 – 2 ) ұрлықтан (175-бап ) дәрежесіжағынан
қоғамға қауіптілігі жоғары. Өйткені шабуыл жасап, қарақшылық жасап
тонағанда бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен қауіпті тәсіл шабуылға
ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына күш жұмсаумен ұштастырылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда
көрсетілген санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың
қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген
санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қылмыс түрінің
қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға
қауіптілік дәрежесі бойынша қоғамға қауіптілік сипатыбірдей қылмыстарды бір-
бірінен ажырытуға болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде
заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде
қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін,
яғни қылмыстық көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе
абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық
туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық
( тікелей немесе жанама ), абайсыздық ( менмендік немесе немқұрайдылық )
болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет
қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті
екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін
немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын
тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол
берсе, не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп
танылады ( 20-бап ).
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда
жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің ( әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды
болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (
әрекетсіздігінің ) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білсмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған деп танылады ( 21-бап ).
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер
оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол
қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, хаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннің өзі, қылмыстық заң
жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес,
тек қылмыстық заңда ғанакөрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық
заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді. Бұл жерде
нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының
санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралытүсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым
салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза
тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған
қоғамдық ықпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген
әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты
өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай
қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот ондай қылмысқа заңда белгіленген
негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау
қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе
тағайындамау іс-әрекеттің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан
ажыратамыз.
Қылмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып абылады. Осыған
орай қылмысты азаматтық-құқылық, әкімшілік және тәртіптік құқық
бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы
ерекше. Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы
құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты. Қылмыс әр уақытта да қылмыстық заңға
қайшы болады. Басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына,
заңдар мен нормативті актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып
мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы – қылмыстық жаза және содан туындайтын
сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау
шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ
әкелмейді.
Кейбір қылмыстар басқа құқыққа (адамның өмірі, мемлекеттің
қауіпсіздігі) қол сұғады.
Қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға
қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш
қйындығы жоқ. Кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір
объектіге қол сұғу мүмкін. Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың
көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу үшін
қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық
бұзушылықта қоғамға қауіптіліктің дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян
мөлшері болып табылады. Егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік
құралдарының жүріс қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзуы, осының
салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде
жарақатталса немесе едәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс
қатарына, ал көрсетілгеннен гөрі аз зиян келтілірсе, әкімшілік тәріппен
жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері
қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір
белгі болып табылады. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік
қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң
қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс (309-
бап), ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеттер тәртіптік теріс қылық
болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын
жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл
азаматтың құқығының елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса, қылмыс ретінде
сараланады. Ал елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әрекет әкімшілік
жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Қылмыс пен басқа құқық
бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінің көрсеткіші арқылы
ажыратуға да болады. Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша
көп жағдайларда бірінші рет істеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау
шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекетті қайталап жасауы қылмысқа
тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда
рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда
немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балық
аулау, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік
жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелеген болса, ол қылмыстық жазаланатын
әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайда іс-әрекет әкімшілік құқық
бұзушылық ретінде қарастырылатын. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы
қолданылса, ол қайталану санына қармастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие
болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Әскери қылмыстарды тәртіптік теріс
қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің істелген уақыты, жағдайы, орны
үлкен әсер етеді. Мысалы: соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу – қылмыс,
ал бейбіт уақытта істелеген осы әрекет тәртіптік теріс қылық болып
табылады. Іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына
жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты
субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниет пен мақсатты дұрыс
анықтауға да байанысты. Мысалы, денені жеңіл түрде жарақаттау қылмысқа
жатпайтын іс – теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық
құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымдыадам пайдақорлық немесе басқа бір
зұлымдық ниетпен құжаттарға жалғандық жасаса – қылмыс, ал ондай ниет
болмаса, ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Қылмыс
пен бейморальдық ара қатысын дұрыс түсінудің де маңызы ерекше. Кез –келген
қылмыс бір мезетте моралға жат құбылыс болып табылады. Яғни, моральдық
норманың ауқымы үлкен. Кез келген құқық бұзушылық бір мезетте моральдық
норманы бұзушылық негзінде бағаланады.
Дегенмен, қылмыс пен бейморальдық теріс қылық бірінен-бірі объекті,
қоғамға қауіптілік, сондай-ақ құқыққа морарльдық норманы бұзушылық
негізінде ажыратылады.
Бейморальдықтың объектісі қылмыстың объектісіне қарағанда кең ауқымды
болады – адамдардың өзара қатынасы, мысалы, махаббат, достық, жан ашырлық
сияқты құбылыстар тек қана мораль нормалары арқылы ғана реттеледі. Бұл
моральдық нормалардың объектісін құрайды. Қылмыс әр уақытта белгілі бір іс-
әрекет, ал адамдардың теріс мінез-құлқы, жаман ойлары, соларды айтудың өзі
моральға жат құбылыс болып табылады. Қылмысқа қарғанда моральға жат теріс
қылықтан қоғамға келетін зиян едәуір аз. Әдетте, моральға жат теріс
әрекеттер арнамысты аяққа басу, өзімшілдік сияқты өзара тіркес әлеуметтік
психологиялық мазмұнға ие.
Қылмыс пен бейморальдықты құқыққа қайшылық белгісі арқылы нақты
ажыратуға болады. Қылмыс дегеніміз қылмыстық заң арқылы тыйым салынған іс-
әрекеттер. Ал моральдық жат қылықтар құқық нормаларымен реттелмейді. Мораль
нормалары ауызша (мысалы, әдет-ғұрып) немесе жащбаша болуы мүмкін. Отбасы
мүшелерінің арасындағы қатынасты реттеу мораль нормалары арқылы реттеледі.
Мысалы, ата-ананың балаларға, балаларының ата-аналарынадеген қамқорлығының
бұзылуы немесе оқшуы мен оқытушының өз арасындағы педагокикалық өнегелік
нормаларының бұзылуының орын алуы мораль нормаларымен анықталады.
Балаларды асыраудан немесе тәрбиелеуден бас тарту, бұлтарту,
қорғаншылық құқықтарын пайдаланып қиянат жасау, ата-анасына немесе жұбайына
көмектесуден бұлтару қылмыс болып табылады. Мұндай іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық белгіленген. Бұл іс-әрекеттер әрі моральға жат
құбылыс, норманың ауқымынан кең.
Моральдық норманың қылмыстық нормадан тағы бір өзгешелігі сол,
морольдық норманы бұзған жағдайда оны бұзушыларға жұршылықтың, ұжым
мүшелерінің жек көрушілігі сияқты қоғамдық әсер уақытта заңда белгіленген
белгілі бір жауаптылық түрі белгіленеді.
Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді
айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен
дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады.
Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан. Ол
біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарап
қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша
санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінің маңыздылығына қарай бірінен
соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне,
басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери қылмыстар т.б. :шіншіден, қоғамға
қауіптілік дәрежесібірдей қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай
жай, күшейтілген (квалифицированные), артықшылық берілген
(привилегированные) болып бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, жеңілдететін
жағдайда жан күйзелу, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөліп
бөлінеді.. Қазақ ССР-інің 1959 жылғы қабылдаған Қылмыстық кодексінде қылмыс
санаттары деген мәселе көрсетілмеген еді. Тек қана 1972 жылы 4 қарашада
Қылмыстық кодексте 7-1 деген жаңа бап енгізілген, бапта ауыр қылмыстың
түсінігі ғана берілді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау
туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес,
ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:
Жасалған үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай ақ
жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айыруданаспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес
қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі
жаза көзделген абайсызда жасалғанәрекет ауырлығы орташа қылмыс деп
танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп
танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан
астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы –
қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында
қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген,
қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі қазіргі заманғы талапқа
сай келеді. Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері
қоғамға қауіптіліктің дәрежесін бейнелейді және әр түрлі қылмыстардың
қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза
мөлшерінің баптардың санкциясында нақты белгіленуінің өзі судьяның өз
білермендігімен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік
бермейді. Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша
белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр
қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа немесе онша
ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар
жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік
дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын
жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік,
шабул жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады.
Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабанда, денеге қасақана ауыр жарақат
салу, ауырлататын жағжайжы біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық мжауапқа
тарту т.б. қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген
қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне
жеткезу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т.б. қылмыстар
жатады.
Ауыр есем қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы
мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе абайсызда
істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің маңызы ерекше.
Санаттарға бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтейтін режимді белгілеу: шартты жазаны қолдану немесе қолданбау (63-бап),
шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-бап),
қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауда (59-бап), жазаны өтеуден
мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), айыптау үкімінің ескеру
мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап), рақымшылық
немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан
босату (76-бап), сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап) мәселелері
шешіледі.
І-2. Қылмыстылық және оның негізгі себептері.
Қылмыстылық себептері мәселесі өкінішке орай кеңестік құқық
әдебиетінде барынша терең идеологияланған және шиеленіскен мәселе болды.
Аталған мәселенің өзінің күрделі болуы да оған айта қаларлықтай ықпал етті.
Қылмыс барынша кең таралған әлеуметтік құбылыс бола отырып қоғамдық
өмірдің әртүрлі өрісіне әсер етеді және сан алуан түрдегі процесстермен
сабақтастырылады. Олар белгілі бір мемлекеттің аумағында ғана емес,
жекелеген аймақтардың ішінде де жоғарғы деңгейдегі динамизммен
ерекшеленеді. Сондықтанда қылмыстылық сияқты құбылысты туындалатын қандайда
болмасын нақты бір себепті атап көрсету біздің ойымызша дұрыс болмаған
болардеді.
Сонымен қатар нақты, дербес түрдегі қылмыстың; жекелеген қылмыс
түрлерінің; жаппай құбылыс түріндегі қылмыстылықтың себептерін ажыратып
көрсету қажет болады.
Жекелей алғанда қылмыстық құқық теориясы қылмыстылықтың себебін ашуды
өзінің зерттеу пәні ретінде қарастырмайды десек біз әсте қателеспеген болар
едік. Онымен негізінен криминология ғылымы айналысады.
Құқықтық әдебиетте қылмыстың әлеуметтік және биологиялық себептері
және генетикалық деңгейдегі антропологиялық бағыттың қазіргі замандағы
дамуы туралы пікірталастар қазір де жүріп жатыр. Біздің пікірімізше оларды
қарсы қоюға жол беруге болмайды.
Адамның жүріс-тұрысы әлеуметтік және де биологиялық факторларға
тәуелді болады. Дегенменде басымдық біздің ойымызша әлеуметтік факторларға
тиісті себебі жеке тұлға белгілі бір әлуметтік ортада да қалыптасып әрекет
етеді және де тұлғаның іс-әрекеттері организмнің физиологиялық
ерекшеліктеріне және жай-күйіне тәуелді болмайды, ол негізінен әр түрлі
дейгейдегі тұлғалар арасындағы қатынастарға және қоғамдастыққа тәуелді
болады.
Кез-келген жүріс-тұрыстың қалыптасуы (құқыққа сайы немесе сай емесі)
бірнеше сатыдан өтеді (қажеттіліктер – сезінілген қажеттілік ретіндегі
мүдде – жүріс-тұрыс үгілерін таңдаудағы ішкі пиғылдар күресі – мақсатты
және оған қол жеткізу құралдарын анықтау – нақты жағдайды бағалау – шешім
қабылдау – қабылданған шешімді жүзеге асыру бойынша әрекет жасау). Қоғам
үшін қажетті болып табылатын жүріс-тұрыстың сыр беруі немесе
деформациялануы аталған сатылардың әрқайсысында орын алуы мүмкін. Мысалы
мүдденің қалыптасу сатысында қажеттіліктер дұрыс ұғынылмауы мүмкін ол өз
кезегінде меншікке қарсы қылмыстардың туындауына жол береді.
Сонымен бірге қалыпты қажеттіліктер мен мүдделер оларды
қанағаттандырудың қолда бар мүмкіндіктерімен қарама-қайшы келіп алға
қойылған мақсатқа қол жеткізу қралын таңдап алуға жағымсыз әсер етуі
мүмкін. Кей жағдайда нақты өмірдегі ситуацияларының қалыптасқан жүйесі
бұзылуы мүмкін. Одан басқа мемлекеттің өзіде ойластырылмаған және
қамтамасыз етілмеген заңдарды қабылдай отырып қылмыстың кейбір түрлерінің
туындауына себепші болуы мүмкін.
Ендеше адамның құқыққа қайшы соның ішінде қылмыстық жүріс-тұрысының
негізгі себебі әлеуметтік орта мен индивидтің қалыпты тіршілігін бұзуға
бағытталған әр түрлі қарама қайшылықтармен байланысты. Аталған қарама
қайшылықтардың шиеленісе түсуі қоғамда қылмыстылықтың өрши түсуіне алып
келеді. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңдеріндегі қазақстан қоғамының
экономикалық, саяси және өзге өрістеріндегі бейберекеттік осының
дәлеліндей. Сонымен бірге экономика өрісіндегі қарама қайшылықтар барлық
басқа қайшалықтардың себебі, қозғаушысы болып табылады. Өндірістік
қатынастардың өзіндік ерекшеліктері ақыр аяғында жеке тұлғаның негізгі
қажеттіліктерін, мүдделерін және әлеуметтік маңызды жүріс-тұрысын
бағдарлап, қалыптастырады.
Қылмыстылықтың себебін олардың жасалу жағдайларымен біріктіруге әсте
болмайды. Қылмыстың себебі оның салдарымен заңдылықты, қажетті байланыста
болады. Жасалу жағдайы (басқа мәністермен кешенді түрде) тек слдардың
қалыптасуына (себептің әсерін күшейте немесе әлсірете отырып) оның
қажеттіліктен туындатпай отырып ықпал етеді.
Қазіргі заманғы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгеруіне
байланысты еңбек бөлінісінің сипаты мен жағдайы оның нәтижелерін бағалау
мен бөлудің деңгейі сондай, ол адамдардың әлеуметтік және материалдық
теңсіздігін туындатуда, ал ол өз кезегінде халықтың бір бөлігінің табиғи
наразылығын туындатса, екінші бөлігінің қандайда болмасын заңды және
негізінен заңсыз жолдармен баюға деген ұмтылысын туындатып отыр.
Аталған процесс қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің
кемшілігімен, құқық қорғау органдарының тиімділігінің төмендігімен,
моральдық құндылықтардың тоқырауға ұшырауымен, маскүнемдік пен
нашақорлықтың кеңнен етек алуымен шаруашылық байланыстарының бейберекет
кетуімен қосылып шиеленіскен күйде қалып отыр, олар өз кезегінде көптеген
пайдакүнемдік қылмыстардың, көлеңкелі экономиканың белсенділігінің артуына
ұйымдасқан қылмыстың нығаюына себепші болуда.
Алайда ешқандай сыртқы мән-жайлар жеке тұлғаның жүріс-тұрысының
қозғаушы пиғылы болып оның еркінің оятушысы болмайынша ешқашан ешбір
қылмыстың себепшісі бола алмайды. Обьективті себептер мен шарттардың
негізінде қылмыстылықтың субьективтік себептері мен шарттары қалыптасады,
олар өз кезегінде бұрыс күйіндегі қажеттіліктер мен мүдделерден көрініс
беретін әлеуметтік психологияның белгілі бір элементтері болып табылады.
Жеке тұлғаның құқыққа сай немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарды таңдап
алуында нақ осылар шешуші рөл атқарады.
Қылмыстылықпен күрестің негізгі бағыттары аталған құбылысты
туындататын себептер мен шарттардың сипатына байланысты айқындалады.
Құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы белсенділікпен күрес жүргізіп
келеді, дегенмен, тек олар ғана қылмыстың қоғамда таралу көлемін айта
қаларлықтай төмендете алмайды. Бұл үшін экономикалық жүйені нығайтуға,
материалдық тұрмыс деңгейін көтеруге, саналылықты, азаматтардың
ақпараттандырылуын және мәдениетін арттыруға, қоғамдық қатынастардың
дамуындағы тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған экономикалық,
әлеуметтік-саяси, ұйымдық шаралардың кешені жүзеге асырылуы тиіс.
Құқықтық тәрбие жұмыстарына үлкен роль бөлінуі тиіс. Азаматтар оларға
мемлекетпен қойылатын құқықтық талаптар туралы ақпараттандырылуы тиіс.
Кей жағдайларда құқықтық ережелердің бұзылуы тұлғаның қоғамға
қарсылығымен байланысты емес керісінше құқықтық актілердің мазмұнын
білмеумен байланысты болуы мүмкін. Кейбір қылмыстардың алдын алуда,
маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы медико-биологиялық шараларды өткізу
үлкен маңызға ие болады.
Құқық қорғау органдарының қызметінің нәтижелігін арттыра отырып,
олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту қажет. Жасалған
қылмыс жазалаусыз қалмай және ол жаза әділетті яғни қылмыстың ауырлығы мен
қылмыскердің кінәсіне сай болғанда ғана белгілі бір жетістіктерге қол
жеткізуге болады.

ІІ-1. Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы
Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке
қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің
нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімінің бір
бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз.
Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай
жағдайда олардың іс-әрекетін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің
түсінігін тұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмген
немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда
бір адамның екі немесе оданда көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп
айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе
одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуіболып
табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар
көптігіне жатпайды. Сондай-ақ, қылмыстық жауапқа тарту мерзімі ескірген
немесе сотталғандықтан арылған немесе ондай атағы жойылған іс-әрекеттер
қылмыс көптігіне жатпайды.
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке
қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса
маңызды роль атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда
қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға,
созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай
(бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанымен зиян
келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің
мүлкін жасырын түрде ұрлау. Бұл жерде объектіге (біреудің меншігіне) бір
әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен)
жәбірленушіге зиян келтіріп отыр.
Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп іс-әрекеттерден құралатын,
оның әрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарғанда жай түрдегі қылмыс құрамына
жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың
жиынтығын айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың құрамын алайық. Мұнда бөтен
біреудің мүлкіне иелік ету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш жұмсау арқылы жүзеге асырылды (179-бап). Бұл жағдайда және әр түрлі
қылмыстық әрекеттер (жәбірленушінің) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш
көрсету және мүлікті иемдену немесе иемденуге оқталу бір күрделі қылмыс
құрамын-қарақшылықты құрайды, бірақ осы әрекет ішкі бірлігіне байланысты
бір қылмыс құрамынқұрап тұр. Жеке, күрделі құрамның бір түрі – балама
әрекетті қылмыс болып табылады. Оның ерекшілігі сол қылмыстық заңда
көрсетілген әрбір әрекет немесе әрекетсіздік біткен қылмыс құрамын
көрсетеді. Мысалы, 165-бапта бір қылмыс құрамы мемлекетке опасыздық туралы
жауаптылық көрсетілген, осы қылмыстың объективтік жағының әр түрлі мынандай
балама әрекеттерінің әрқайсысы жеке-жеке біткен қылмысты білдіреді: жау
жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияны жатқа беру;
Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу; шетелдік мемлекетке,
шетелдік ұйымға және олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Қылмыстық
кодекстің 223-бабында да бірнеше балама әрекеттердің жиынтығынан тұратын
бір қылмыс құрамы туралы сөз болады, мұнда тұтыныушыларды кем өлшеу, кем
тарту, кем снау немесе тұтынушыларды өзгедей алдау әрекеттерінің әрқайсысы
жекеленген қылмыс құрамының біткен түрін білдіреді, осы әрекеттердің
біреуін немесе бірнешеуін істегенде де бір ғана қылмыс істелді деп
есептеледі.
Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып
жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уқыт аралығында
жүзеге асыруы болып табылады.
Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді немесе қызмет орнын өз
бетімен тастап кету (372-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі бұлтару (136-бап), қаруды, оқ-
дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу жасау және
өткізу (251-бап); қылмыс туралы хабарламау (364-бап) және басқалары жатады.
Мұндай жағдайларда қылмысты әрекет кінәлінің кінәсін өзі мойындап келген
уақытына немесе оның өкімет органы арқылы ұсталуына байланысты жағдайларда
ғана үзіледі. Оған дейін істеген іс-әрекет бір (жеке) созылмалы қылмыс
ретінеді қарастырылады. Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге
бағытталған ұқсас (бірдей) қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір
қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз. Мұндай қылмыстарға мысалы, 223-
бапта көрсетілген тұтынушыларды алдау, үнемі ұрып-соғу немесе басқа да
әрекеттермен азаптау (107-бап) сияқты қылмыс құрамдары, сондай-ақ мемлекет
мүлкін өзара ұқсас әр түрлі қылмысты әрекеттер арқылы тегін, заңсыз иелік
ету мақсатымен жасалған, нәтижесінде бір қылмыс болып табылатын талан-
тараждар жатады. Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстың көптігін
ажырата білу керек. Сондықтан да ең алдымен қылмыстардың көптігіне дұрыс
анықтама берген жөн. Қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп адамның екі
немесе одан да көп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз.
Іс-әрекеттің құрылымына қарай қылмыстық құқық қылмыстарының көптігін
мынадай үш нысанға бөледі: қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы, қылмыстың
жиынтығы, қылмыстың қайталануы.
Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының
бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеуі қылмыстардың
бірнеше рет жасалуы деп танылады. (11-бап, 1-бөлігі). Сол сияқты Кодекстің
Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс
жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған
деп танылуы мүмкін. (11-бап, 2-бөлігі).
Осы заңның мазмұнына сәйкес қылмысты бірнеше мәрте жасады деп тану
үшін бірінші және одан кейінгі қылмыстарды істеуде уақыты жөнінен үзіліс
болуы және қлмыстық жауапқа тартудың ескеруі болмаса, егер сотталған болса,
сотталғандықтан арылмаса немесе сотталғандығы жойылмауы негізгі шарт болып
табылады. Егер бұрын істелген қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босатылған болса немесе заңда белгіленген тәртіп
бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы
жойылса, қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы
қылмыстар да бірнеше мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және
арнаулы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген
қылмыстың қоғамға қауіптілігін мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген
басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы
қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда
жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54-баптың 1-
бөлігі, а тармағы).
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулықайталануы деп адамның ұқсас
немесе бір текетс қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады.
Бұл жердегі сөз болып отырған ұқсас қылмысқа бір қылмыстың құрамына
жататын қылмыстың қайталанып істелуі жатады. (Мысалы, бұрын адам өлтірген
адамның адам өлтіруі 96-бап, 2-бөлігі, н тақмақшасы, денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіруді бірнеше рет жасаса 103-бап, 2-бөлігі, к тармағы).
Бір тектес қылмыстар деп объективтік, субъективтік белгілері ұқсас,
кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге
қылмысты қол сұғатын қылмыстарды айтамыз (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық
және т.б.). Қылмыстық кодекстің 175-бабында бөтеннің мүлкін ұрлауға,
бірнеше рет жасауға түсінік берілгенде бір тектес қылмыстар құрамы еске
алынған. Бінеше мәрте жасалған қылмыс деп тану үшін кінәлі адам бұрынғы
қылмысы үшін сотталуы немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz