Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер


Жоспар
Кірісп е
- Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
- Шетел азаматтрарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары
- Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер. Азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайы. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі ретінде - азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік береді. Әкімшілік заңнама азаматтың мемлекеттік басқарудағы құқықтық жағдайының негізгі екі сәтін - оның әкімшілік құқық қабілеттілігін және іс-әрекет қабілеттілігін айқындайды.
Әкімшілік құқық қабілеттілігі оның өзіне кұқық және міндеттер алу мүмкіндігін білдіреді. Ол азаматтың тумысынан басталып, қайтыс болуымен аяқталады. Азаматты әкімшілік құкық қабілеттілігінен айыруға немесе оны басқа біреуге беруге болмайды. Оны жекелеген азаматтарға ғана қатысты және белгілі бір уақытка (мысалы, заң бас бостандығынан айыру, әкімшілік тұтқындау сияқты санкцияларды көздейтін қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты) шектеуге ғана болады. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілік - бұл азаматтың басқару аясында өзінің құқықтары мен міндеттерін саналы және дербес түрде жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттіліктің туындауы азаматтың белгілі бір жасқа толуына байланысты (мысалы, мемлекеттік қызметке орналасуы) болады.
Азаматтың әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілігі толық көлемінде ол 18 жасқа толғанда көрінеді. Әр түрлі салаларда азаматтың іс-әрекетке ішінара қабілеттілігі 16 жасқа толғанда көрінуі мүмкін, өйткені жасы 16-ға толған адам әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі деп танылады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары бірдей тең іс-әрекет қабілеттілігіне ие. Бірақ олардың кейбіреулері денсаулығына байланысты ішінара немесе толықтай іс- әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін (мысалы, ақыл-есі кем, есі ауысқандар) .
Іс-әрекетке қабілетті азаматтар әкімшілік-құқықтық қабілеттілік негізінде нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсе отырып, өздерінің субъективтік құқыктары мен міндеттерін жүзеге асырады. Әкімшілік-құқықтық катынастардың бір тарабы - азаматтар, екінші тарабы - мемлекеттік орган және оның лауазым иесі араларында қалыптасады[1] .
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері
Заңнама азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Азаматтардың бұл саладағы негізгі құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы бекітеді. Азаматтардың аса маңызды конституциялық құқықтары мыналар:
тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы. Ол азаматтардың мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалык референдумға қатысу құқығымен қуатталады. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар;
Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге еріктілік құқығы бар;
Қазақстан Республикасының азаматтары - бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға қақылы;
азаматтардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары осындай құқықтарға ие болумен қатар, өздеріне заңмен жүктелген міндеттерді де орындайды. Конституция мынадай міндеттерді айқындайды:
занды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігін;
табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттілікті;
Отанын қорғауға міндеттілікті;
тарихи және мәдени мұраларды сақтауға қамкорлықпен карау міндеттілігін.
Азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруы және міндеттерін орындауы заңға сыйымды, яғни заң тыйым салмаған іс-әрекеттерді жасау жолымен жүреді. Азаматтар мемлекеттік басқару саласында заңға сыймайтын іс-әрекеттер жасаған жағдайда өкімшілік жауапқа тартылады[2] .
Шетел азаматтрарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайлары
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады және Қазақстан Республикасы азаматтарының құкығындай құқықты пайдаланады. Сонымен бірге оларға қойылатын кейбір шектеулер де бар. Мысалы, олар мемлекеттік билік органдарын сайлай алмайды және оған сайлана да алмайды, әскери міндет атқармайды, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұра алмайды, саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға қақы жоқ. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясын кұрметтеуге міндетті, Қазақстан аумағында тұру және орын ауыстыру үтттін рұксат алуға міндетті. Бұл талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке (әкімшілік және қылмыстық) тартылуы мүмкін. Дипломаттардың кұкықтық жағдайы халықаралық ережелермен реттеліп отырады.
Шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамадарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру және тіркеуді реттейтін сұрақтарға байланысты заңнамалар. Қазақстан Республикасы Президентінің 19. 06. 1995 жылғы №2337 «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» Заң күші бар Жарлығы. Қазақстан Республикасының 22. 07. 2011 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында жүріп-тұруларын құқықтық реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28. 01. 2000 жылғы №136 қаулысымен бекітілген «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету ережелері».
Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттар тізімі:
Шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұруға қалдыру және тұру ықтиярхатын рәсімдеу жөніндегі жазбаша түрдегі өтініші.
белгіленген үлгідегі сауалнама-өтініш (бланкі көші-қон полициясы қызметкерімен беріледі) ;
өмірбаян ( онда өтініш берушінің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы жөнінде көрсетілуі қажет) қолданыстағы паспорты немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты[3] .
Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлері
Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады[4] .
Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР 2001 ж. 16 қаңтардағы № 142-II Заңын қараңыз
Қорытынды
Республикамызда "Діни бірлестіктер туралы" Заң қабылданды. Діни бірлестіктер әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Алайда олар мемлекеттен бөлінген және мемлекет басқаруға катыспайды, бірақ мемлекет олардың түрлерін, құрылу тәртібін, қызмет режімін айқындайды, құқықтары мен міндеттерін белгілейді, олардың қызметіне, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерінің корғалуына бақылау жасайды. Діни бірлестіктер - бұл дінге сенуші азаматтардың діни кджеттіліктерін және өзге де дінге байланысты қызметтің талаптарын қанағаттандыру үшін құрылған ерікті құрылымдар. Діни бірлестіктердің түрлеріне - қауымдастықтар, шіркеулер, маңызды міндеттер, бауырластықтар, діни оқу орындары және т. б. жатады. Діни бірлестіктер мемлекет істеріне араласа алмайды және мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатыспайды. Олар қоғамның әлеуметтік-мәдени өміріне араласа алады және заңға сәйкес Құдайға құлшылык ету, митингілер мен шерулер өткізу сияқты түрлі шаралар өткізе алады. Діни бірлестіктердің міндеті Конституцияны және Қазақстан Республикасының өзге де заң шығарушылық актілерін сақтау, азаматтар мен басқа да ұйымдардың мүдделеріне нұксан келтірмеу болып табылады. Діни бірлестіктер құқықка қарсы іс-әрекеттер жасай қалған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Діни бірлестіктер құру үшін жиналыс шақыратын саны оннан кем емес кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі қажет. Жиналыста жарғы қабылданады, ол жарғыны тіркеу жөніндегі өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе аумақтық заң органдарында тіркелуі тиіс. Сонымен, қоғамдық бірлестіктер дегеніміз-азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, қоғамдық қызметін дамытуға, олардың сан қилы мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесетін беймемлекеттік ерікті бірлестіктер. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекетгік органдардан негізгі айырмашылығы, оларда мемлекеттік-биліктік өкілеттік жоқ. Қоғамдық бірлестіктердің көптеген түрлері болады[7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz