Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері


ҚЫЛМЫСТЫҚ ІC ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ КӨЗДЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІC ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КӨЗДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Құқық көздері, түрлі құқықтық актілер, құқық өз көрінісін табатын нысандар зерттелмейінше құқық рөлін түсіну мүмкін емес. Құқық көздерінің маңызды болатын тағы да бір себебі -олар құқықтың қоғамдық болмысын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде құқық қалыптастыру функциясын атқарады. Құқықтың дамуы қандай заңдылықтарға бағынып, қандай факторлармен айқындалатын болса, құқық көздерінің дамуы да жалпы алғанда сондай заңдарға бағынады және сондай факторлармен айқындалады.
Қазақстан Республикасы өткеріп жатқан өтпелі кезеңге қатысты кез келген құқық саласы, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің жай-күйіне тән ерекшелік құқық мазмұнының құрылымы, жүйесі шегіндегі, демек құқық мазмұны шегіндегі олардың гетерогенді (әр текті) сипаты.
Құқық көздерінің гетерогендігі ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуының процесі факторларға байланысты. Сондай факторлардың ең елеулілері мыналар:
- заңдардың өтпелі кезеңде (мемлекеттік құрылымдардың межеленіп бөлінуі кезеңіндегі) қолданылуының ерекшеліктері;
- бұрын қолданылған құқық көздерінің жойылуы немесе құруы;
- жаңа құқық көздерінің қалыптасуы;
- бір бөліктерде ұлттық құқық қалыптасуы процесінің серпінділігі, жеделдігі; соған байланысты сабақтас институттар мен категориялар шебінде қарама-қайшылықтардың пайда болуы;
- құқықта рецептуралық феноменнің байқалуы (яғни басқа елдердің құқықтарын алып пайдалану), соған байланысты ұлттық құқық үшін жеткілікті түрде елеулі факторларды тендестіру қаупі пайда болады.
Құқық көздерінің жай-күйінің осы және басқа да ерекше белгілері бұрын танылған және кеңестік даму кезеңіндегі заң ғылымы теориялық тұрғыдан негіздеген жекелеген саралау категориялары мен өзге де категориялардан өтпелі кезеңде бас тартуды қажет етеді. Алайда бұл кеңестік құқық жетістіктерін толық жоққа шығару деген сөз емес. Біз өтпелі кезеңдегі құқық көздерінің гетерогендігі көрінісін осыдан да байқап отырмыз.
Сонымен бірге ұлттық құқықтың пайда болуы мен қалыптасуы процесінің аяқталуы мен оның одан әрі дамытылуы құқық көздері жүйесінің сараптау элементтерін толық немесе ішінара жаңартуды қажет ететінін атап ету қажет.
"Қылмыстық іс жүргізу құқық көзі" деген ұғым мазмұнын жалпы алғанда құқық көзі деп нені түсіну керек екеніне байла-нысты қарау қажет. Ғылымда мынадай баптар бар: а) материалдық тұрғыдан алғанда құқық көзіқоғам өмірінің материалдық жағдайлары; ә) құқық көзі мемлекеттік органдардың құқық нормаларын белгілеу жөніндегі қызметі, ал құқық актілері -құқықтың сыртқы нысандары; б) формальды мағына мен заң мағынасындағы құқық көзі мемлекеттік ерік-жігерді жалпыға бірдей жүріс-тұрыс ережелері түрінде білдіру әдісі.
Құқық көзінің мәнін салалық құқыққа (бұл жағдайда қылмыстық іс жүргізу құқығына) қатысты түсіну үшін ең елеулісі құқық көзін заң тұрғысынан алып қарайтын тұжырым.
Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының ғылыми түсінігі заң мағынасынан алғанда да өз мазмұны бойынша біртектес емес. Мәселен, А. Ф. Щербаков, М. С. Строгович, М. Л. Якуб, А. М. Ларин құқық көздерінің ғылыми, доктриналық түсініктемесінің мазмұнына мемлекеттік органдардың нормативтік актілері, құқық ғұрыптары, сот прецеденттері кіреді деп санайды. Көздерге доктриналық түсініктемені, олардың құқықтық регламенттелуімен салыстыру олардың үйлеспейтінін дәлелдейді. ҚІЖК 1-бабына жасалған талдау қылмыстық про-цесс көздері тек нормативтік актілер ғана бола алады деп пайымдауға негіз береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының доктриналық және құқықтық түсініктемелерінің арақатынасына мына ерекшеліктер тән:
1) ғылыми, доктриналық түсініктеме құқық көздерінің тізбесіне объектілердің неғұрлым кең шеңберін қамтиды. Тікелей нормативтік көздермен қатар онда объектілер ретінде мыналар түсінілген: а) мұсылмандық құқық доктринасында (Құран мен сунна), христиандық құқық доктринасында (Библия мен Қасиетті жазу) жазылған әдеттегі құқық; ә) сотпрецеденттері;
2) қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері ҚІЖК 1-бабының құқықтық регламентінде ұлттық құқықты дамытудың қазіргі кезеңінің жағдайы мен ерекшеліктері толық дәрежеде қамтылған, көздердің толық тізбесі берілген, оған мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Конституциялық заңдар;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
- Қазақстан Республикасы қатысушынары болып табылатын халықаралық шарттар;
- Конституциялық Кеңестің қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі нормативтік қаулылары;
- Жоғарғы Соттың қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері жөніндегі нормативтік қаулылары;
3) қылмыстық сот ісін жүргізудің құқықтық негізін заң жүзінде орнықтыру нақты құқық көзінің сипаты мен бағытына байланысты әрдайым үйлесе бермейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданып, іске қосылған Заң күші бар Жарлығының 2-бабында про-куратура қызметінің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлық, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтары аталған. Бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері мен қылмыстық ізге түсуді және сот төрелігін жүзеге асырушы органдар қызметінің құқықтық негізі-бір нәрсе емес екенін көрсетеді.
Келтірілген арақатынас мынаны білдіреді:
1) Іс жүргізу құқығына қатысты заңдылықты сақтау принципі қылмыстық іс жүргізу құқығының көздеріне, ғылыми, доктриналық түсініктемеде орын алып отырғанындай, кеңінен түсініктеме беруге мүмкіндік бермейді. Басқаша айтқанда, қылмыстық іс жүргізудің құқықтық көздері деп әдеттегі құқық пен сот прецедентін тануға болмайды;
- саланың заңмен қазіргі орнықтырылуы қажетті құқық көздерінің бәрін, атап айтқанда заңға сәйкес нормативтік актілерді толық дәрежеде қамтымайды (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары жөнінде орын алып отырғанындай) ;
- салалық заңдар Қазақстан Республикасындағы құқық көздері туралы конституциялық ережелерге негізделген.
Мұнымен бірге, біздің ойымызша, құқық көзі ұғымының доктриналық түсініктемесі мен салалық құқықта заң жүзінде орнықтырылуын ымыраластырушы көзқарас бар. Оны кезінде А. С. Пиголкин тұжырымдаған болатын. Ол, атап айтқанда, былай деп жазды: "Құқық көздері құзыретті мемлекеттік органдардың құқық нормаларын белгілейтін немесе оларға рұқсат беретін актілері; мемлекеттің құқық қалыптастыру қызметі көрінісінің сыртқы нысандары, заң шығарушының еркі сол қызметтің көмегімен орындауға міндетті болады".
Осы доктриналық пікірді негіз ретінде ала отырып, сондай-ақ қазіргі құқық қалыптастыруды ескере отырып, қолданылып жүрген құқық ұғымын конституциялық жолмен орнықтыру барынша маңызды екені туралы тұжырым жасауға болады, оның өзі жалпы алғанда құқық көзі, жеке-дара алғанда қылмыстық процесс категориясының заңдық мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына (1-тармақ) сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Бұл тізбе жан-жақты болып табылады. Соңғы жағдайдың танылуының манызды болатын себебі ол заңның біркелкі түсінілуіне, түсіндірілуіне және қолданылуына жәрдемдеседі, құқық қолдану қызметінде ықтимал түрлі ұғымдарды болдырмайды. Бұдан бұрын көргеніміздей, ҚІЖК 1-бабында Қазақстан Республикасы Конституциясының талдау жасалып отырған ережесі сөзбе-сөз дерлік келтірілген. Бұл мәселеде Конституцияны қатаң ұстану ҚІЖК-тің сөзсіз құндылығы болып табылады.
Қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдардың қызметін реттейтін ведомстволық бұйрықтары мен нұсқаулары өздеріне жатқызылатын заңға сәйкес нормативтік актілер қызметтің құқықтық негізіне жатады. Мұның өзі бұл актілер ұйымдық басқару сипатындағы мәселелерді реттейтінің, қылмыстық ізге түсу органдарының қызметіне бақылау қамтамасыз етуге бағытталғанын білдіреді. Бұдан бұрын біз мемлекеттік қызмет түрі ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің ара-қатынасы туралы мәселені қарағаны және олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін атап көрсеткен болатынбыз. Мұндай арақатынас қылмыстық іс жүргізу құқығының көзі мен қылмыстық іс жүргізу қызметінің құқықтық негізі арасында орын алып отыр. Қызмет, заң жүзінде белгіленген көздермен қатар, ведомстволық заңға сәйкес актілер жүйесімен реттеледі.
Қолданылып жүрген құқықтың конституциялық деңгейде регламенттелуін ескере келе, анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының қылмыстық сот тәрелігін атқару жөніндегі қызметін реттейтін заңдар мен заңға сәйкес нормативтік актілер қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері болып отырғанын тануға болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің түрлерін екі класқа бөлуге болады: 1) заңдар класы; 2) заңға сәйкес нормативті актілер класы.
Заңдар өз тарапынан мына деңгейлерге бөлінеді:
Бірінші деңгей Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының көзі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясына мынадай ерекшеліктер тән:
конституциялық ережелердің іс жүргізу қызметіне реттеуші әсері ҚІЖК 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейгін өзге заңдардың Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілуге тиісті ережелері оған әлі енгізілмеген кезеңмен шектелмейді. Яғни алшақтықтар объективті пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясы ең жоғары заңдық күші бар нормативтік акті ретінде тікелей қолданылады. Конституцияның 4-бабы 2-тармағының конституциялық нормалардың тікелей қолданылатыны жазылған ережесі осының дәлелі болып табылады;
бір қатар конституциялық нормалардың мәтіні қылмыстық іс жүргізу заңының үйлеседі. Бұл жағдайларда осы нұсқамалар бірге жұмыс істейді дейді. Мұның өзі теориялық және практикалық жағынан алғанда өте маңызды: ол бұл норманың ерекше маңызды екенін білдіреді (сотта іс жүргізу принциптерін белгілейтін нормаларда бұл ерекше айқын көрініп отыр: бәрі де заң мен сот алдында тең, дәлелдеу ауыртпалығын айыпталушыға аударуға тыйым салынуы, сотта іс жұргізу тілі, судьялардың дербестігі және т. т. ) ;
Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарын белгілеп, қорғайды, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы сол құқықтардың ерекше өз құралдарымен қорғалуын қамтамасыз етеді.
Екінші деңгей конституциялық заңдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтарын қамтиды, оларға кешендік белгісі, яғни түрлі салалық құқық қатынастарын бірге реттеу тән. Қазақстан Респуб-ликасы Конституциялық Кеңесі туралы, Парламент депутатының мәртебесі туралы конституциялық заңдар, басқа да консти-уциялық заңдар оң құқық қатынастарының кешенін реттеп қана қоймайды, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін белгілейді. Мәселен, Конституциялық 52-бабындағы 4-тармаққа сәйкес Парламент депутаты дербес: оны тиісті Палатаның келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды, оны сондай-ақ қылмыс үстінде ұсталған реттерді қоспағанда, ұстауға болмай-ды. Осы ережелер Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесі мен қызметін белгілейтін конституциялық заңдарда дамытылған. Сол заңдардың ережелері қаралып отырған тұрғыдан алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығының ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері ретінде конституциялық заңдардың ең елеулі ерекшелштеріне мыналар жатады:
- конституциялық заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келуі;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін конституциялық заңдардың нормаларымен дамыту;
- конституциялық заңдар нормаларының реттеуші әсерін, сонымен бірге бірқатар құқық салаларына тарату;
- конституциялық заңдардың салалық құқыққа, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу құқығына қалыптастырушы және норма құраушы әсері;
- конституциялық заңдарда және тікелей қылмыстық іс жүргізу кодексінде орнықтырынған қылмыстық іс жүргізу нұсқамалары арасында генезистілік, өзара байланыс болуы (мысалы, ҚІЖК-тің кез келген бабы Конституцияда және конституциялық заңдарда бар идеяларды білдірудің нақтыланған және неғұрлым нәзік те дамыған түрі) ;
құқық көздерінің тұтас нысандары шегінде иерархиялық байланыстардың (қатынастардың болуы, олар, біріншіден, неғұрлым жоғары деңгейдегі актілер төмендеу деңгейдегі актілердің мазмұнын айқындайғынын; екіншіден, олардың арасында алшақтық байқалса, неғұрлым жоғары деңгейдегі акті қолданылатының, ал төмендеу деңгейдегі акті күшін жоятының; үшіншіден, қолданылатын заңдар, нормативтік актілер және Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері арасында қайшылықтар бар екені анықталған жағдайда заңда соттық іс жүргізуді тоқтата тұру және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығының көзделгенін білдіреді.
Маңыздылығы, құқық көздерінің иерархиясында алатын орны бойынша екінші деңгейге Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары енгізіледі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің бұл категориясына Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі тура-лы" 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылдаған конституциялық заң күші бар тиісті Жарлығы жатады.
Үшінші деңгейде тікелей қылмыстық іс жүргізу берілген, онда қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері, мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және сатылары, қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларын қолданудын, іс жүргізудегі нәтижелері, ең елеулі ұғымдардың түсініктемелері жүйелі түрде баяндалған, құқық қатынастарына қатысушылардың шеңбері, олардың құқықтары мен міндеттері белгіленген, сотта іс жүргізу механизмі белгіленген және т. т. Басқаша айтқанда, ҚІЖК -қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі салалық заңы, онда осы сала үшін ең елеулі ережелер жинақталған.
Төртінші денгейде Қазақстан Республикасының басқа қылмыстық іс жүргізу заңдары берілген. Оларға қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заңдар жатады. Бұл көздердің дербес реттеу маңызы жоқ. Атап айтқанда, қолданылып жүрген ҚІЖК1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылғы 1 қаңтардан іске қосылды. Ұлттық заңдарды одан әрі дамыту барысында жаңадан қабылданатын, елеулі іс жүргізу нормалары бар актілер ҚІЖК 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес ҚІЖК-ге енгізілуге тиіс, оның езі қолданылып жүрген салалық құқыққа белгілі бір ережелердің енгізілуін көздейтін жекелеген заңдарды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
Бесінші денгейге Қазақстан Республикасының өзге заңдары мен халықаралық шарттары енген.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары бар өзге заңдарына мыналар жатады;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995жылғы 21 желтоксанда қабылданған Заң күші бар Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығы;
1995 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
1993 жылғы 13 қаңтарда қабылданған "Қазақстан Республикасының Шеқара әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
- 1994 жылғы 15 қыркүйекте қабылданған "Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7
1994 жылғы 15 кыркүйекте қабылданған "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Қазақстан Республикасының басқа заңдарында көрсетілген қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері үшін қылмыстық іс жүргізу қатынастарын бөліп-бөліп реттеу тән. Заң шығару техникасы жалпы алғанда қолданылып жүрген салалық заңдарды жаңадан қабылданған заңдармен сәйкестендіруді көздейді, оның өзі, алайда, біз өзге заңдар деп атайтындар шеңберіндегі нұсқамалар жүйесіне құрылымдық жағынан кіретін нормалардың іс жүргізу қызметінде қолданылуын тіпті де жоққа шығармайды. Мәселен, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заңының бірқатар нормаларында тек қана қылмыстық іс жүргізу сипатындағы нұсқаулар бар. Мысалы, 6-бап ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы туралы, олардың қатарына қылмыстық ізге түсу және сот органдары жатады; 2-баптың 5-тармағы ұлттық қауіпсіздік органдарының заңда жоғарыда аталған органдардың қарауына жатқызылған қылмыстарды айқындау, тыю, ашу және тергеу жөніндегі міндеттері туралы; 13-бап ұлттық қауіпсіздік органдарының жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын, сараптамалық-криминалдық зерттеулер, іс жүргізу іс-қимылдарын жүзеге асыру құқықтары туралы (мысалы: шақыру бойынша келмеген адамдарды еріксіз келтіру; қылмыс жасады деп сезік келтірген адамдарды ұстау; қылмыстарды тыю, қылмыс жасады деп сезік келтірген адамдардың ізіне түсу мақсатымен ұйымдардың, әскер құрамаларының аумағына және үй-жайларына, азаматтарға қарасты тұрғын үйлерге және басқа жайларға бөгетсіз кіру және т. т. ) .
"Қазақстан Республикасының Шеқара әскерлері туралы" заңның қылмыстық іс жүргізу тұрғысындағы маңызы бұдан кем емес, онда, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес шеқара әскерлерінің заңмен өз қарауына жатқызылған істер бойынша анықтау жүргізу немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шеқарасын күзету мүдделерінде жедел-іздестіру қызметімен шуғылдану; қылмыс жасаған және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдарды кемеден түсіріп алу мен ұстау, сол адамдарды анықтау және тергеу органдарына беру және т. т. (8-баптық 4, 8, 21-23 бәліктері) .
"Адвокаттық қызмет туралы" заңда қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелерін реттейтін бірқатар ережелер бар. Мысалы, адвокатқа айыпталушының мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға байланысты мынадай құқықтар берілген: заң көмегін көрсету үшін қажетті нақты деректерді өз бетінше жинау және дәлелдер келтіру; көмек сұраған адамға қатысты материалдармен, соның ішінде іс жүргізу құжаттарымен, тергеу және сот істерімен танысу және оларда бар мәліметтерді заң актілерімен тыйым салынбаған кез келген әдіспен тіркеу; өтініш жасау, әділет, про-куратура, анықтау, алдын ала тергеу және сот органдарындағы лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне шағым беру және т. т. Осы заңның және өзге нұсқамалары ҚІЖК ережелерімен үйлестіріледі, оларға қайшы келмейді, оларды толықтырып, дамытады.
Қылмыстық іс жүргізу қызметін реттейтін халықаралық-құқықтық акті 1993 жылғы 22 қаңтарда Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Кырғызстан Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының, Украинаның Президенттері қол қойған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция. Қатысушы елдердің Конвенцияны бекітуі олардың түрлі республикалар аумақтарындағы қылмыстық сот ісіне қатысушылардың қылмыстық істер жөніндегі қылмыстық іс жүргізу нұсқамаларын орындауға міндетті екенін көрсетеді.
Өзге заңдар мен халықаралық-құқықтық актілерде көрсетілген көздер, әдетте, жинақтау сипатыңда болып, оларда бір акт шегінде материалдық құқыққа, сондай-ақ жүргізу құқығына қатысты нұсқамалар болады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің екінші класын заңға сәйкес нормативтік актілер құрайды. Бұларға мемлекет басшысы Президенттің немесе мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде, заңға сәйкес яки заң негізінде және оны орындау мақсатында шығарылған құқық актілері жатады.
Қаралып отырған класта 3 деңгей бар.
Бірінші деңгей Қазақстан Республикасы Президентінің бүкіл, Республика аумағында міндетті күші бар Жарлықтарын, қаулыларын және өкімдерін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 45-бабы) қамтиды. Мемлекет басшысының бұл құқық актілерінің белгілі бір саяси - заң жағдайларында заң күші бар.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы қаулысында: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметінде . . . салық полициясы құрылсын, оған анықтау органының міндеттері жүктелсін" деген нұсқау болды. Сонымен қатар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту жөнінде тиісті ұсыныстар жасау тапсырылды. Ел Президентінің бұл қаулысы жарияланған күнінен бастап, яғни ҚІЖК-ке қажетті өзгерістер енгізілерден бұрын күшіне енді. Салық полициясына анықтау органдары функцияларының берілуі қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің екінші класы деңгейінде орын алды. Кейін бұл ереже ҚІЖК 65-бабында (4-тармақ) дәйектедді, соған сәйкес салық полициясы органдары салық, қаржы заңдарының, сондай-ақ лицензиялау туралы заңдарды бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады,
Қылмыстық іс жүргізу құқығының көздері ретіндегі заңға сәйкес нормативтік актілер шеңберіндегі екінші деңгей Министрлер Кабинетінің (Үкіметтің) құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізуге байланысты қызметіне қатысты қаулылары, өкімдері, Республиканың Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz