Қоғам, дін және мәдениет


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Қоғам, дін және мәдениет

2. Жаһандану және мәдениет

3. Мораль

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі не болмақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысымызды сақтап қалу мақсатында жасаған жұмыстың мәресіне келгендіктен көкейдегі толғамды ойдың тобықтай түйінін көрсететінде кезкелген сияқты.

Мемлекеттің негізгі факторларын құрайтындар тіл, дін және діл мәселесі яғни бір мемлекеттің өзге мемлекеттен айырып тұратыны оның тілі, діні, ділі болмақ. Ал менің байқауымша ірі ұйымға енетіндердің МЕН-і болуы керек. Біздікі қайсы? Орыстың шырмауынан шыға алмай жүрген тілі ме, әлі күнге дейін ардақталмай жүрген ділі ме, болмаса миссионерлердің қолжаулығына айналған діні ме?

Иә Сонғы жылдары Азиядағы саяси және діни кикілжіндердің өршіп кетуіне, көп жағдайда, Батыс өркениетінің өктемдігін ен болып отырған жаһандану процессінің ықпалы тиді деп айтуға толық негізі бар. Сөйтіп қазіргі таңдағы әлемдік процестерді талдай отырып, жаһандану процесі тек кеңейе береді деген тұжырым жасай аламыз.

Халықаралық қатынаста барлық мемлекеттердің тең құқылығы туралы түсінік нығайды. Бұл сөз жоқ халықаралық қатынастағы әділдікке бетбұрыс болып отыр. Алайда қазіргі уақытта бұл жетістіктер қуаныш пен күдік сезімін де оятады.

Жаһандану процессінің ғылыми тұрғыдан зерттеуді бүгінгі күннің басты мұраттарының бірі ретінде қолға алып отыр. Қазіргі таңда адамзат кең қанат жайған жаһандану процессін өткеруде.

Діннің игілігіне жаһанданудың кейбір жақтары дінімізді еркін таратуға жол ашты. Тарихымызды, дінімізді еркін таратуға мүмкіндік туды. Біз жаһандануды қаласақ та, қалаасақ та жаһандану процессі жүріп жатқаны анық. Тек сол өз ұлттық мүддемізді ұмытпасақ тек сол ғана бізді жұтылып кетуден сақтайды. Сол мүдденің басты бір бөлшегі біздің - дініміз, тіліміз, діліміз арқылы біз көздеген мақсатымызға жете аламыз. А. И. Куприн айтқандай Тіл - халық тарихы. Тіл өркениет пен мәдениеттің даму жолы.

Сондықтан, қазақ мәдениеті мен тілін, дінін көтерумен қатар ұлттық болмысты сақтасақ, сонда ғана біздің Қазақстан әлемдік бірлікке лайықты ел болып кіре алады деп білемін. Бірақтан ұлт ретінде жоғалып кетпес үшін ұлттық дүниетанымын, ұлттық болмыс идеясын жаңғыртумыз керек. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жаңа үшінші мың жылдықта, яғни ХХІ ғасырда өмір сүріп отыр.

Қоғам, дін және мәдениет

Қазіргі таңда адамзат тарихы кең қанат жайған жаһандану процесін бастан өткеруде. Біз осы жаһандану прцесіне өте үлкен дайындықпен келуіміз қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің халыққа жолдауында: «Біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді баршамызға ортақ мақсатқа, еліміздің одан әрі өркендеуіне жұмсаумыз керек». Ғаламдану әлем елдерінің арасындағы экономикалық бәсекелестікті күшейте түседі Ол бәсекелестіктен қашып құтылмаймыз. Біз жаһандануды қаласақ та, қаламасақ та жаһандану процесі жүріп жатқаны анық. Тек сол өз ұлттық мүддемізді ұмытпасақ сол ғана бізідің жұтылып кетуден сақтайды. Сол мүдденің басты болшегі біздің - дінімізбен, тіліміз, діліміз қалай болмақ. Жеке бір қоғамболып қалыптасқансон өз дінімізді асқақтатып, тілімізді баршаға танытып, тарихымызды ертенгі ұрпаққа мирас етіп қалдырытын дәрежеде жеткізу қажет. Қазірден қолға алмасақ атам қазақ айтқандай, өзіңді өзің сыйламасаң сені кім сыйлап қадір тұтар.

Жаһандану заманындағы қазақтың ұлттық рухы, руханилық пен ұлт мәдениеті, транзиттік қоғамның тұрақтылығы мен тәуелсіз елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тағы басқа мәселелерге арналған. Жыл санап өсіп келе жатқан, өміріміздің барлық салаларына ене бастаған жаһандану процесі қазіргі өтпелі кезеңнің барлық мазмұнын құрайды. Ол сонымен қатар адамдардың санасы мен іс-қимылына әсер етіп, әлеуметтік өмірдің барлық жақтарын қамтыды.

Қазақ халқының қазіргі діни ахуалы күрделі әрі сан-салалы.
Қазақ халқының мәдениеті мен руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді.
Ислам құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды және зор үлес қосты. Ортағасырлық мұсылмандық философиялық ойының қалыптасуы мен дамуына қуатты серпіліс берген қазақ даласының түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз.

Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты өзінің кітабында жазғанындай, «Әлем біртіндеп жаһанданумен бірге, біртіндеп адамзат қоғамдастығы дамуының біржақты әдістерінен алшақтауда. Жаһандану біреулердің ойына сай және тиімді, бірақ бірқатар себептермен басқалардың ойынан шықпайды»

Діннің өзі ешқашан проблема болмаған. Бірақ дін қоғамда танымдық, ғылыми, идеялық және практикалық тұрғыдан өзіндік функционалдық тепе - теңдікті қамтамассыз ете алмаса, басқа қолайсыз жағдайларға себеп болып, қоғамның ішкі бірлігін әлсіретіп, қақтығыстарға себеп болуы ықтимал. Дін мәселесімен әртүрлі деңгейде шұғылданып жүргендер бірге, бірлікте және қатар өмір сүру жолдарын таба алмайтын болса, дін әр деңгейде проблема бола бастайды. Негізінен қоғамымызда дінге қатысты мәселелердің дені психологиялық және танымдық себептерден туындап отыр. Басты мәселе мұсылмандардың діни танымында жатыр.

Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық пен игілік тілейді, ислам мемлекеттік және қоғамдық өмірге орнына тек мұсылмандар ғана қажет. Исламның қоғамдық өмірдегі орнына тек мұсылмандар ғана емес, Қазақстанның барлық халқы да мұхият қарау қажет. Исламдық білім біздің мемлекетіміздің дамуына мықты әсер ету мүмкіндігі бар Егерде, қоғам мүшелері иманды болса, онда олар әр кезде Отаны үшін әрқашан қызмет етуге дайын болады.

Ұтымдылықты, зайырлықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар қоғамдық дамуды үйлестіріп отырды. Сондықтан оларды батыс өркениетінің өнертапқыштығы деп айтудың өзі артық. Батыс тек басқалардан бұрын «қазіргі кезеңге» жетті, қоғамдық дамудың қарқынды жолына түсе алды.

Демек, адам еркіндігі жайлы батыстық идея деп жүргеніміз тіпті де таза батыстық нәрсе емес. Бұл құндылық әрбір мәдениеттің, әрбір өркениеттің түп тамырында жатыр. Олай болса, қазіргі заманғы өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы келіспеушілік неден пайда болып отыр? Менің ойымша, бүгінгі өркениеттердің бір-бірімен тиімді сұхбатының қиындықтары алдымен бөтен мәдени үлгі өктемдігін жек көруге негізделген деген тұжырымды келтіру қисынды. Батыстану мен қоғамды жетілдіру бір-біріне жақын терминдер болғанымен, мағыналары әртүрлі. Олардың әртүрлілігі өктемдік көрсету деңгейіне байланысты. Мысалы, қазір бүкіл Шығыс елдеріне өктем түрде ене бастаған . Бұқаралық мәдениетті Батыстың өзінде мәселе туындатты және оның мақсаты пайда табу, сатылу. Яғни оның дәстүрлі мәдениеттен айырмашылығы тауар болғанында және бұл тұрғыдан алғанда оны шын мәніндегі мәдениет деуге болмайды. Дәстүрлі қазақ қоғамы мәдениетті еш уақытта тауар деп қабылдамайды, біздің дәстүрлі мәдениетіміз қоғамның шаңырағын ұстап тұрған діңгектердің бірі.

Ал Батыстың бұқаралық мәдениеті тауар және сондықтан да ол белсенді, барлық елге тез бойлап еніп, таратушыларға пайда әкелуге тиіс. Батыстық бұқаралық мсәдениеттің басқа елдерге белсенді түрде енуінің басқа себебі - адамдардың жаңалыққа қарай ұмтылысы, яғни модаға еліктеушілік сияқты өмірде жиі кездесетін әуестікте жатыр. Сондықтан жаңадан дамушы елдерге ол өте жылдам еніп отыр.

Дегенмен, бұқаралық мәдениеттің өзіне тән ерекше қасиеттері де бар. Олар әмбебаптығы кең таралуға бейімдігі. Ол әлемдік жаһанданудың, қазіргі кезеңдегі өркениеттер арасындағы тіл қатысудың негізгі тетіктерінің біріне айналуда. Бұқаралық мәдениет әлем туралы ақпарат беріп отыр, басқалардың өмірін, бізге түсініксіз адамдардың тіршілігін көрсетеді, әр түрлі мәдениеттер өкілдерінің жақындығы мен бірлігін түсінуге мүмкіндіктер ашады. Ол қарапайым және табиғи. Тек оның батыстық негізге арқа сүйенетіндігі көпшілікке күман туғызады, бірақ жаһанданудың әрі қарай белең алуы бұқаралық мәдениеттің бұл қасиетін әлсіретеді деген ойдамын. Тіпті, таяу болашақтағы бұқаралық мәдениет туындыларында азиялық және шығыстық сипат басым бола бастауы мүмкін.

Шығыстың рухани мәдениеті Батыстың мәдениетінен кем түспейді, тіпті әлем туралы біртұтастанған көзқарас және діни-философиялық түсініктердің әмбебаптығы жағынан одан асып түседі. Бұған қазіргі әлемдегі Шығыс, Азия философиясына деген қызығушылықтың арта түскені дәлел бола алады.

Қазіргі кезеңде барлық әлем үшін дүниені біртұтастық ретінде қабылдау және оны пайымдай білу маңызды болып отыр. Батыс өркениеті ықпалымен қоршаған ортаға пайда табу көзі деп қарау, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеу жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалуға қауіп төндіріп отыр. Шығыстың философиялық принциптері мұндай әрекетті қабылдамайды және мұндағы әрбір өмірдің құндылығы идеясы, зорлық жасамау принципі жаңа экологиялық сананың негізін қалауы тиіс. Шығыс өркениетіндегі ғылым батыстағыдан кем дамыған жоқ, бірақ ол таным жүйесіне абстрактылы ойлауды тірек ете отырып, басқа бағытта өрбіді. Ойлаудың бұл формасы қазіргі әлемге өзінің пайдасын тигізу мүмкін. Мәселен, қазіргі үнділік ғылыми мектептің дамуына ежелгі үнділік философиялық жүйенің ықпал еткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл жерде айта кететін жәйт: кез келген өркениет оның қайнар бастаулары тұрғысынан алып қарағанда, қоспасыз “таза” болып шықпайды. Ежелгі дәуірден бастап, қазіргі заманға дейін өркениеттер мен мәдениеттер бір-бірімен өзара ықпалдасып, байланысып, жаңа білімді, әлемді танудың жаңа үлгілерін алмасып отырған. Ислам өркениеті, мысалға, батыстық ғылыми ой арқылы байи түсті, үнді өркениетімен байланыста болды, Батыспен ықпалдасуын үзбеді. Одан өзіне пайдалысын қабылдап, өз кезегінде оларға өзінің білімі мен тәжірибесін бере білді. Ислам өркениеті мен оның тарихы туралы сөз қозғағанда орта ғасырлардағы араб елдеріндегі ғылымның күрт дамуы жөнінде айтпай мүмкін емес. Араб медицинасы, математикасы, философиясы өз дәуіріндегі ең алдынғы қатарлы ойлау жүйесінің үлгісі болып табылатын.

Біз үшін жасанды, вертуалды әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өз төлтумалығымызды, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымыз бен кейпімізді сақтап қалуымыз маңызды болып отыр. ХХІ ғасырда Батыс мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай рухы биік мәдениетімізді қалыптастырған жөн. Рухы мен мәдениеті биік деңгейдегі халық пен мемлекеттің болашағы жарқын. Оған ешқандай күмән болмас.

Мораль

Мораль (латын moralіs - әдет-ғұрып) - адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т. б. ) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
  • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
  • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
  • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Мораль - тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп - белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль - ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол - бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің негізгі элементтері
Дін және мәдениет туралы мағлұматтар
Дін жайлы түсінік
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Дін мәдениетті қалыптастырушы басты күш
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Дін, мәдениет және қоғам
Мәдениет философиясы туралы
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Қазақ халқының мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz