Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері


Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1 Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. 1 Қылмыстың объектісі 6 1. 2 Қылмыстың объективтік жағы 17

1. 3 Қылмыстың субъектісі 24

1. 4 Қылмыстың субъективтік жағы 30

2 Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің сараланған түрлері 39

3. Өсірге тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің криминологиялық сипаттамасы 51

Қорытынды 60

Қорытынды 62

КІРІСПЕ

Халыктың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан-жақты жетілдіру - мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір саласы. Бұл кағида Казақстан Республикасының Конститутциясында "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Жарғысында - ерекше аталып көрсетілген. Қазіргі кездегі халықтың денсаулығына ең қауіпті қатердің бірі - есірткі. Қазақстандағы саяси және экономикалық өмірдің дамуы, қоғам мен мемлекет алдына есірткілердің заңсыз айналымымен күресті қамтамасыз ету жөнінде жаңа міндеттерді қойып отыр.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, - 2030 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясын қамтитын, 1997 жылғы қазан айының 10-ында жарияланған халыққа Жолдауында, Үкімет алдына нашақорлықпен, наркотизммен және есірткі бизнесімен күресті маңызды тапсырма ретінде уакытылы қойып отыр. Онда Президент: "Есірткі - өте ерекше және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның "көмегімен" қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр. Бұл проблеманың өзектілігі, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 26 маусымындағы Заңында да көрсетілген, яғни мұнда "сыбайластықпен және қарудың заңсыз айналымымен қатар есірткінің заңсыз айналымы еліміздің ұлттық, қауіпсіздігі үшін өзінше бір қатер туғызады" делінген.

Соңғы он жылда, Қазақстанда есірткілерді таратуға байланысты анықталған қылмыстардың саны үш есе көбейіп отыр. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің, жүйкеге әсер ететін заттардың және оларды жасайтын шикізаттардың көлемі 10 есе өскен. Қазірде есірткілерді заңсыз таратудың тоқтамай өсуі, нашақорлыққа қатысты аурулардың ұлғаюы байқалып отыр. Бұл жағдайлардың бәрі мынаған байланысты.

Қазақстан есірткі транзитті жол-жөнекей жеткізілетін аймақ қана болып табылмайды ол сондай-ақ Азиядағы кұрамында есірткі заттар бар өсімдіктердің, атап айтқанда: зығырдың, қырықбуынды талшықтың және басқалардың ең ірі шикізат базасы болып табылады. Бұл өсімдіктер өсетін аймақтың көлемі 1 млн. гектардан астам. Зығырдың ерекше ірі көздері Жамбыл /132 мың га. /, Алматы /200 мың га. / облыстарында орын тепкен. Оны жою жөнінде агротехникалық, және басқада шараларды қолданбағандықтан зығырдың өсу аумағы және тығыздығы жылдан-жылға өсіп отыр. Бұл аумақтың көп бөліктерінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер ауылшаруашылық, дақылдарына елеулі зиян келтіреді және де шабындық пен жайылым өнімділігін төмендетеді.

1990 жылдардың басынан бері зығырды жою жөнінде ешқандай ауқымды шаралар жүргізілген жоқ. Сондай-ақ қаржының тапшылығына байланысты ғылыми-зерттеу, байқау өндірістік жұмыстары да тоқтатылған болатын. Негізгі күштер мен құралдар есірткіні таратуды және оны қолдануды жоюға ғана бағытталады. Ал, негізінде бұл жұмыстар олардың құрамында есірткі бар өсімдіктерді жоюға бағытталуы керек еді. Есірткімен, жүйкеге әсер ететін заттармен қиянат жасаудың жолын алу олардың заңсыз айналымымен күрестін стратегиясы былай анықталу керек деп ойлаймыз: ең бірінші кезекте "есірткі іскерлерін" шикізат көзінен Қазақстанда өсетін зығырдан айыру қажет. Қазіргі таңда зығырдың дүниежүзілік есірткі базарындағы үлесі жыл сайын карқындап өсіп келеді.

Дүние жүзіне аты шулы Шу алқабындағы зығыр, Алатау баурайындағы қырықбуынды талшық - өздігінен өсетін жабайы өсімдіктер. Олардың зияны мен зардабы тек біздің елді ғана емес, сондай-ақ дүниежүзілік қауымды аландатып отыр.

Республикамызда құрамында есірткі заттар бар табиғи түрде өскен өсімдіктерден басқа, оны қолдан өсіру де кеңінен таралып отыр. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер: апиынды көкнәр, зығырдың түрлері, қырықбуынды талшық, т. б. Бұлар әртүрлі есірткі нәрселер дайындаудың шикізаты болып табылады. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша заңсыз айналымнан алынған апиын мен гашиштің үлесі ғана 70 пайыздан асып отыр. Ал апиын мен гашиш құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерден жасалынатыны жұртқа мәлім.

1 Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

  1. Қылмыстың объектісі

Қылмыстың объектісі - қылмыстық құқық теориясында күрделі де даулы мәселелердің бірі. Қылмыстың объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас екендігі баршамызға белгілі. Бірақ бұл жалпы түсінік зерттеушілерге объектінің құрылысы мен мазмұнына әр түрлі сипаттама беруге кедергі болмайды. Ал тікелей объектінің анықтауда " қоғамдық қатынас" деген түсінікті кейбір кезде "мүлік", "мүдде"[1] және тағы басқа түсініктермен алмастырылады. Мұндай келіспеушіліктің себебі, әлеуметтану әдебиеттерінде қоғамдық қатынастың ішкі құрылысы және оның элементтерінің мазмұны туралы мәселенің бір жақты шешілмеуінде.

Қылмыстың объектісің белгілеу, әрбір қылмыстың мәнін анықтауда қажетті шарттардың бірі бола отырып, құқық бұзушылықтың табиғатын оның әлеуметтік-саяси мазмұнын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтайды. Қылмыстың объектісін дәл белгілеу, ең алдымен сәйкес нормалдың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі орнын анықтауға, сондай-ақ іс-әрекетті дұрыс саралауға және жаза тағайындауға қажет.

Адамның қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекет не әрекетсіздігі) қылмыс деп мына жағдайда танылады, егерде іс-әрекет заңмен қорғалатын белгілі бір объектіге бағытталған болса.

Адам қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қиянат жасай отырып қоғамдық қатынас қылмыстық заңмен қорғала бермейді. Қылмыстық заңмен қорғалмайтын қоғамдық қатынас қылмыстың объектісі болып табылмайды[2] .

Қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызды теориялық, практикалық мәні бар. Объект қылмыстың әлеуметтік саяси мәнін едәуір толық ашуға, оның қоғамдық қауіпті сипатын және дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.

Қол сұғушылық объектісінің құрылысына, түрлеріне, қылмыстың затына және қылмыстың объектісі туралы жалпы ілімнің басқа да мәселелеріне тұрақты бір пікірдің болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстардың жекелеген түрлерін және топтарын, соның ішінде есірткі заттарға байланысты қылмыстарды талдауда әсерін тигізеді. Содан басқа, объектінің мәні туралы мәселенің біржақты шешімінің болмауы, бұл қылмыстардың топтық және тікелей объектілерін реттеудегі маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.

Қазіргі уақытта қоғамдық қатынас қылмыстық қиянаттың объектісі деп бекіту жалпы танылған және қылмыстық құқық ілімінде жеткілікті терең зерттелген мәселе.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы объектісімен қатар қылмыстардың топтық және тікелей объектілері деп бөлінеді. Топтық және тікелей объектілер - жалпы объектінің құрамдас бөліктері. Топтық объект басқа белгілермен салыстыра отырып қандайда бір қылмыстар тобының қоғамдық қауіпті дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді, ол неғұрлым маңызды болса, қиянат соғұрлым қауіпті болады. Бұдан басқа қылмыстың топтық объектісі бойынша Қылмыстық кодекстердің Ерекше бөлімінің жүйесі құрылады, бұл қылмыстық құқық теориясында жалпы танылған.

Қылмыстық іс-әрекет (әрекетсіздік) заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін болады немесе зиян келтіруге қауіп туғызды. Олай болса, барлық қылмыстық іс-әрекеттің жалпы объектісі - қоғамдық қатынас болып саналылады/

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың топтық объектісі туралы әр түрлі түсініктер берілген. Көптеген авторлар, топтық объект деп бірнеше қылмыстар қиянат жасайтын, біртектес өзара байланысқан қоғамдық қатынастарды айтады. Топтық объектінің түсінігінің мұндай анықтамасын дұрыс деп санау керек, өйткені " бұл жерде қылмыстық заң қорғайтын біртектес және өзара байланысқан қоғамдық қатынастар анық көрініп тұр".

Қылмыстың объектісі туралы мәселені Қазақстанда бірінші болып зерттеген профессор Е. Қайыржанов былай деп көрсетеді: …қоғамдық қатынасты мүдделерден бөліп көрсетуге болмайды.

Бұл мағынаны мүдде, элементерді қоғамдық қатынастың өзінше бір "нәрселі" негізі болып табылады. Қоғамдық қатынас адамның санасынан тәуелсіз пайда болғанымен бәрі бір мүдденің себебі бойынша және соған байланысты қалыптасады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі болып тек халықтың мүддесіне сәйкес келетіндері ғана саналады. Мүдделер қоғамдық қатынастарды көрсететін нақты бір құбылыс. Мүддені қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі ретінде осылайша түсіну, объектіні қоғамдық қатынас ретінде анағұрлым нақты зерттеуде (қандайда бір мүдденің және оның субъектісінің сипаты немесе мазмұны бойынша " белгілі бір рөл ойнайды. Профессор Е. Кайыржановтың мұндай ұстанымы ғылыми тұрғыда негізделгедігіне ешқандай күмән жоқ және бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде заңды түрде бекітілген. Қылмыстық кодекстің 2-бабының 1-бөлігінде осы кодекстің міндеттері көрсетілген, яғни олар: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық қол сұғушылықтан заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ қылмыстылықты ескерту.

Сол сияқты, халықтың денсаулығына қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастар да осы даудан тыс қалып отырған жоқ. Есірткі нәрселерге байланысты қылмыстардың топтық объектісін анықтау үшін, олар жалпы объектінің бөлігі ретінде қоғамдық қатынастардың тап қандай тобына зиян келтіретінін анықтау керек. Есірткі нәрселермен заңсыз әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты анықтайтын нормалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің " Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар" деген 10-тарауында орын алған.

Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз дақылдандырудың объектісі туралы мәселені, қылмыс объектісін үш мүшелік жіктеу негіздінде қарастыру керек. Бұл қарастырылып отырған қылмыстық киянат тапқандай қоғамдық қатынастарға бағытталғандығын анықтау қажет.

Заң әдебиеттерінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді дақылдандырудың объектісі бойынша тұрақты бір пікір жоқ.

Қоғамдық тәртіп, осы саладағы қоғамдық қатынастарға киянат жасайтын қылмыстардың объектісі болып табылады. Заң шығарушы бұл қылмыстарды арнайы топқа бөліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Ерекше бөлім) ІХ тарауына «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» қатарына енгізіп отыр. Яғни, бұл қылмыстар адамдар арасында өзара сыйластықтан, бостандықтың, арожданнан және т. с. с. пайда болатын қоғамымыздағы қатынастарға қарсы бағытталған.

Ал, қарастырылып отырған қылмыс бұл қылмыстар қатарына кірмейді, осы себептен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жасау барысында қауіп төнетін қоғамдық қатынастарға зардап келтіре алмайды. Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар тобына кіретін барлық қылмыстар ең алдымен қоғамымыздың ең құнды байлығы - халықтың денсаулығын корғауды қамтамсыз ететін қоғамдық қатынастарға қиянат жасайды. Сондықтан да, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіруге кіретін бұл қылмыстар тобының объектісі біздің ойымызша тек қана халықтың денсаулығы болып табылады.

Қылмыстық-құқықтың объектісі ретіндегі халықтың денсаулығының мазмұнын ашу үшін оны әр түрлі аспектіде қарастырып шығу керек.

Қылмыстық құқық оқулықтарында және қылмыстық құқық курстарында халықтың денсаулығының түсінігі толық ашылмаған. Әдебиеттерде халық денсаулығының медициналық және социологиялық түсініктері берілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық деп аурулар мен табиғи жетіспеушіліктердің болмауы ғана емес, сондай-ақ табиғи, психикалық және әлеуметтік жақсы күй ретінде қарастырады. Бұл халық денсаулығының медициналық анықтамасы. Әлеуметтану және әлеуметтік гигиена әдебиетінде халық денсаулығы белгілі бір қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығының жеке өзіндік деңгейлерінің жиынтығы ретінде анықталды, ол адамның максималды ұзартылған жеке өзінің өмір аралығында денсаулығының және шығармашылық еңбек ету қабілеттілігінің ең жоғарғы шегіне жету мүмкіншілігінің деңгейімен сипатталады.

Әлеуметтаушылар, сондай-ақ, халықтың денсаулығын халықтық және мемлекеттік жақсы күйдің басты негіздерінің бірі ретінде қарастырады. Ол жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен рөліне, дәстүр мен салтқа, биологиялық факторлар мен географиялық ортаға және т. с. с. тәуелді адамдардың қызметінің психоэмоционалды жағдайы, тәрбиесі, тұрмысы, еңбегі сияқты әлеуметтік-экономикалық және табиғи факторлармен сипатталад.

Xалық денсаулығының заңды әлеуметтік және кәдуілгі табиғатын қарап шығып, оны «адамзат қоғамы жақсы өмір сүруін және дамуын қамтамасыз ететін халыққа қарасты табиғи және психикалық күйді жүзеге асыруда пайда болатын және қалыптасатын қоғамдық қатынастардың негізделген тобы» ретінде анықтайды. Сондай-ақ ол басқа ғылыми еңбегінде халық денсаулығының мынадай жүйесін көрсетеді:

1) денсаулық, әлеуметтік- саяси байлық;

2) денсаулық, адамдардың рухани өмірінің байлығы;

3) денсаулық, әлеуметтік өмірдің қажетті элементі. Бұл анықтама халық денсаулығының жалпы түсінігі.

Н. А. Мирошниченко халық денсаулығының анықтамасын былай қөрсетеді: «Халықтың денсаулығы деп белгілі бір денсаулық сақтау ережесін бұзбай адамның гармониялық дамуын қамтамасыз ететін біртектес қоғамдық қатынастар жиынтығы»[3] .

Ал, қазақстандық зерттеуші Г. Х. Феткулов өзінің зерттеу жұмысында халықтың денсаулығын, «адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті, олардың табиғи және психикалық аман-саулығын көрсететін, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың тобы» [4] деді еңбегінде. Негізінде денсаулыққа қатысты анықтамаларымен жоғарыда көрсетілген авторлармен келісуге болмайды, өйткені денсаулық, ол адам организмінің қандай да бір күйі. Ал, қандай да бір қоғамдық қатынастар тобы халықтың күйін, аман-саулығын қамтамасыз етеді.

Денсаулықтың немесе халық денсаулығының түсінігінің өзі медицинада да, психология немесе психиатрияда да күрделі жағдай. Денсаулықтың түсінігіне қатысты қөзқарастар мен анықтамалардың сансыз екендігі туралы П. И. Кальдың жұмысы дәлел [5], онда денсаулықтың 79 анықтамасы берілген. Солардың 22-сінде психикалық (ақылдылықты), 7-інде психологиялық (рухани), тағы 9-ында өзінің контексі бойынша психологиялыққа жақын әлеуметтік денсаулық түсінігінің анықтамасы берілген. Осыларды ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы берген анықтама қолайлы деп санаймыз: денсаулық аурулар мен табиғи жетіспеушіліктердің болмауы ғана емес, сондай-ақ табиғи, рухани және әлеуметтік жақсы күй. Сонымен қатар зерттеуші А. Л, Катков осы анықтамаға халықтын психикалық денсаулығы деген құраушыны қосу керек дейді[6] . Денсаулықты немесе халық денсаулығын құраушыларды осылайша жүйелі түрде анықтау қазіргі өркениет тәжірибесін, қоғамдық даму дәрежесін және адамзаттың қазіргі сана-сезімін ескере отырып анағұрлым құнды және дұрыс құрастырылған деп санауға болады. Бұл ұстаным Б. С. Сарсековтің монографиялық зерттеу жұмысында да орын алған [7] .

Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, «халықтың денсаулығы дегеніміз - қылмыстық заңмен қорғалатын, адамдардаң қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті, олардың табиғи, рухани, әлеуметтік және психикалық аман-саулығын қөрсететін күйі».

Халықтың денсаулығы - құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің объектісі ретінде, ең маңызды әлеуметтік игілік адамдардың денсаулығын сақтауға қатысты пайда болатын және болып отырған қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын ұсынады. Бұл қылмыстар өзінің объектісі бойынша ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің бірінші тарауында қарастырылған қылмыстардың (Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар) ерекшеленеді.

Біріншіден, зиян келетін адамдардың шеңбері бойынша жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды жасауда кінәлі белгілі бір адамға қол сұғады, ал талданып отырған қылмыста зиян белгісіз көп адамдарға келуі мүмкін. Екіншіден, зардап келтіру сипаты бойынша. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды іс-әрекетті аяқталды деп тану үшін нақты зиян келтіру қажет, ал құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіру аяқталды деп, халықтың денсаулығына зиян келтіру қауіптілігі төнгеннен бастап санаймыз. Үшіншіден, субъективтік белгілері бойынша. ҚР Қылмыстық кодекс Ерекше бөлімінің бірінші тарауындағы қылмыстарда қасақаналық адамның өмірін айыруға, дене жарақаттарын (ауыр, отраша және жеңіл) салуға т. б. бағытталған. Қарастырылып отырған іс-әрекеттерде есірткілерді тұтынуға немесе өткізуге бағытталған.

Қылмыстық құқық ғылымы берген қылмыстың топтық объектісі түсінігінің анықтамасына сәйкес, қарастырылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып халықтың денсаулығын қылмыстық қолсұғұшылықтан қорғауды қамтамасыз ететін, қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан да, құрамында есіртік заттар бар өсімдіктерді топтық объектісі халықтың денсаулығы болып табылады.

Қылмыстық құқық әдебиеттерінде есірткі нәрселерге байланысты қылмыстардың топтық объектісі туралы тұрақты бір пікір жоқ. Көптеген авторлав есірткі нәрселерге байланысты қылмыстарды халықтың денсаулығына әсерін тигізетін қарсы қылмыстарға жатқызады. В. И. Ткаченко есірткі нәрселерді тұтыну үшін притондарды ұйымыстыруды және ұстауды қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға жатқызады [8] . Біздің ойымызша, есірткі нәрселерге байланысты барлық қылмыстардың топтық объектісі халықтың денсаулығы болып табылады. Қоғамдық тәртіп саласындағы қатынастар кейбір жағдайларда қосымша объект ретінде болуы мүмкін. Соныммен, қылмыстық қиянаттан халықтың денсаулығын қоғау саласындағы қоғамдық қатынастар қарастырылып отырған қылмыстардың (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 259-265-баптар) топтық объектісі болып табылады.

" Қылмыстың объектісі құрамының міндетті элементерінің бірі болып саналады, өйткені онсыз қылмыс болмайды. Оны дұрыс анықтау, қылмыстық іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтын түрі шегін анықтауды түсіндіреді. Сонымен қатар, қылмыс объектісін анықтау қылмыстардың ұқсас құрамдарын бір-бірінен және қылмыстық іс-әрекетті қылмыстық еместен дұрыс ажыратуға мүмкіндік береді. Қылмыстың объектісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты жұмастарды жүргізеді", деп жазған осы проблеманы терең зарттеген профессор Е. И. Қайыржанов [9] . Профессор Б. С. Никифоров қылмыс объектісінің проблемасын зерттеу қандай да бір тарихи жағдайда қылмыстық репрессияның жалпы бағыты мен көлемі туралы мәселені шешетін заң шығарушыға ғана қажет емес, сондай-ақ практикалық қызметкерлерге де керек дейді [10] .

Бірақ Е. И. Қайыржанов " объектілерді жүйелеуде тиісті тәртіп жоқ" деп көрсетеді [11] . Мұндай тұжырым, құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін жауаптылықты қарастыратын қылмыстық заң нормасына да толығымен қатысты.

Қоғамдық қатынасты қылмыстың объектісі ретінде тану қоғамдық қауіп ретіндегі қылмыстың қасиетің түсіндіреді, яғни қандай да бір іс-әрекетті қоғамдық қауіпті әрекеттердің қатарына жатқызу себебін анықтайды, қоғамдық қауіптің мазмұнын ашады, сонымен қатар қылмыс жасаған адамға қылмыстық жаза қолдану қажеттілігін шарттайды.

Қазақстандық ғалым Н. Әбдиров, 90 жылдардың басында Қазақстандағы есірткі мәселесін зерттеуді бастаған. 1992 жылы ғалымның осы мәселеге арналған баяндама тезисінде " нашақорлық пен есірткіге байланысты процестер мен тенденцияларды ескере отырып, есірткінің зияндылығы тек адамдардың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ қоғамның қауіпсіздігіне де зиян екендігін ұмытпауымыз керек. Сондақтан есірткі нәрселерге байланысты қылмыстардың, соның ішінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз дақылдандырудың, ұрлаудың заңсыз жасау, алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізудің объектісі ретінде халықтың денсаулығын және қоғамның қауіпсіздігін бірге көрсету керек" деген. Біздің ойымызша бұл тұжырыммен келісе отырып, тек аталған қылмыстарды ғана емес, есірткі нәрселерге байланысты барлық қылмыстарды көрсеткен дұрыс болар еді.

Н. М. Әбдіров 1999 жылы жарық көрген " Концептаульные проблемы борьбы с наркотизмом в Республики Казахстан" деген монографиясында " есірткілерге байланысты қылмыстардың біртұтас топтық объектісі ретінде халықтың денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігін бір қаторға қойып қарастыруға болады" деп негіздейді [12] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың заты есірткі заттар және психотроптық заттар
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Есірткі заттарды заңсыз сақтау
Қылмыстық заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz