Ғимараттың ыстық сумен қамту жүйесін қарастыру


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу срс казну титульный лист

СӨЖ

Тақырыбы: Ғимараттың ыстық сумен қамту жүйесін қарастыру.

Орындаған:Кәрібай А. Б.

Қабылдаған:Абдибаттаева М. М.

Алматы, 2017ж.

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Ыстық сумен қамту жүйесі
  2. Ыстық су шығынының есептелуі
  3. Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері
  4. Орталықтырылған ыстық сумен қамту жүйелері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көптеген қалалар мен тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың игерілуі жаппай тұрғын - жай құрылысының басталуына сәйкес келеді. Дәл осы уақыттан бастап қосымша жылу жүктемесінінің қарқынды өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты ыстық сумен жабдықтауға көп көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта тұрғын, мәдени және өнеркәсіптік ғимараттарды ыстық сумен жабдықтаудың үлесіне жылу энергиясының жалпы шығынының 40-60% тиеді, ал жаңа құрылыс аудандарында 60%-дан жоғары. Ыстық сумен қамтуға кететін жылбойылық жылу шығыны жылуфикациялық турбиналардан шығатын буды тек жылытылатын мерзімде ғана емес, сонымен қатар жазғы уақытта да пайдалануға мүмкіндік береді, бұл жыл бойында жылуфикациялық сұрыптаулардың қолданылу сағаттарының санын арттырады. Жылыту-желдету жүйесі мен ыстық сумен қамту жүктемесінің үлкен қатынасы жіберілетін жылу энергиясының орталықтан реттелуін айтарлықтай қиындатады. Бірақ бұл кемшілік өндірілетін жылу бірлігіне қажетті отынды үнемді жағу мен ыстық сумен жабдықтаудың кішігірім қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылардың айтылған қызметтен босауының арқасында көптеген артықшылықтарына жол береді. Жылу энергиясының ірі көздерінің негізінде орталықтандырылған ыстық сумен қамту, сонымен қатар, тұрғын аудандарындағы қоршаған ортаның ластануын төмендетеді. Ыстық сумен қамту жүйесі ыстық су дайындау көзінен, судың су дайындау көзінен тұтынушылардағы су тарату аспаптарына жеткізетін құбырөткізгіштерден жəне жылутасымалдағыштың параметрлерін реттейтін жəне оның шығынын бақылайтын құралдардан тұрады.

Ыстық сумен қамту жүйесін жобалау үшін ғимараттың конструкциясын білу қажет. Тапсырма бойынша, əдетте, типтік қабат жоспары, тұрғын қабаттың жəне жертөленің биіктігі беріледі. Жобалаудан бұрын ЖЖП-ның орналасатын орнын анықтап алу қажет. Ескере кететін жайт, тұрғын ғимараттарда ЖЖП жылыту жүйесі мен ыстық сумен қамтуға ортақ болып келеді. Жүйелерде талап етілетін қысымды төмендету жəне айналымды жақсы ұйымдастыру үшін ЖЖП-ін
орналастыру орнын ғимараттың орта бөлігіне қарай, яғни ыстық сумен
қамтудың оң жəне сол бөліктері симметриялы болатындай таңдаған жөн.

Негізгі бөлім

Ыстық сумен қамту - бұл жыл сайынғы жылу күшінің бір түрі.

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі келесілерден тұрады: ыстық су дайындаудың қайнар көзінен; құбырлардан (осы арқылы бастаудан су тұтынушылар қолданатын құралдарға барып түседі) ; параметрлерін реттейтін құрылғылар және жылутасуыштың шығынын бақылайтын құрылғы.

Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі қайнар көзінің орналасқан жеріне байланысты 2 - ге бөлінеді: орталықтанбаған және орталықтанған.

Тұтынушылардың қолдану мақсатына қарай ЫСҚЖ: тұрғын үйлік , қоғамдық ғимараттардағы және өнеркәсіптік болып бөлінеді.

Жылу пунктінен су бөлетін құралдарға дейін құбыр тару әдісі бойынша жергілікті жүйелер ыстық суды: жоғары және төмен жақпен тарату , тұйықталған және тұйықталмаған деп ажыратылады.

ЫСҚЖ - дегі ыстық судың айналуына байланысты: табиғи және күштеп айналдыру жүйелері бөлінеді.

ЫС шоғырлану орнына байланысты жүйелер: жеке шоғырлану (Жергілікті жылу пунктерде (ЖЖП) ), топтық шоғырлану (Орталық жылу пунктерінде (ОЖП) ) немесе жылу көзінің орталықтанған шоғырлануы.

Орталықанған ЫСҚ сыртқы жылы су желілері арқылы жүзеге асады және екі түрі болады: жылумен қамтамасыз ететін жылытқыштардың жабық жүйелерінде құбырлық судың жылуы (6. 1 сурет) ; жылумен қамтамасыз ететудің ашық жүйелерінде тікелей су бөлулермен (6. 2 сурет) .

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image010.jpg

1, 2 - жылу желісінің құбырлары; 3 - су жылытқыш;

4 - температура реттеуші; 5 - құбырлық су;

6 - айналмалы насос; 7 - беру жолағы;

8 - айналмалы жолақ; 9 - су бөлетін тіреуше;

10 - су бөлетін құрылғыларға; 11 - сүлгі кептіруші.

6. 1 - сурет. Жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйелері.

Ыстық суды дайындау көбінесе жергілікті жылу пунктінде жүзеге асырылады. Жергілікті ЫСҚЖ сұлбалары бірнеше факторларға байланысты: ғимараттар санына және көлеміне, жылу күшінің өзгеріс сипаттамасына және т. б. Өте ұзын құбырлар тартылған ғимараттарда насос және су жылытқыш көмегімен іске асатын күштеп айналдыру схемалары қолданылады (6. 1 - сурет) . Тікелей су бөлулері бар ЫСҚ сұлбаларында жылу желілеріне араластырғыш (смеситель) қондырылады (6. 2 - сурет) . Олар жылу желісі құбырларынан келген желілік суларды жылу желілерінің кері жақтағы құбырларынан алынған суық сумен араластыру арқылы температурасын төмендетуге арналған.

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image011.jpg

1, 2 - жылу жүйелерінің құбырлары; 3 - су жылытқыш;

4 - температура реттеуші; 5 - дроссель-шайба;

6 - ауа шығарушы; 7 - су бөлетін құрылғыларға;

8 - элеватор; 9 - жылу жүйесіне.

6. 2 - сурет. Жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйелері.

ЫСҚЖ - дегі құбырлардың гидравликалық есептеулерінің (ҚГЕ) мақсаты - ғимараттардағы әр су бөлетін құрылғылар белгіленген температура бойынша ыстық суды нормативті қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. ЫСҚЖ - дегі ҚГЕ 2 режим үшін өндіріледі: максимальді су бөлу және айналма (циркуляция) .

Құбырлардың гидравликалық есептеулерінің (ҚГЕ) мақсатына кіретіндер: құбыр диаметрін таңдау; су шығындарының есептеулеріндегі қысымның жоғалуын анықтау; айналма (циркуляция) режімінде қысымның жоғалуын анықтау. ЫСҚЖ - дегі гидравикалық есептеу ыстық су шығынының есептік http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image012.gif мәніне, айналмалы (циркуляциялық) шығынды л/с ескеріп, жүргізіледі.

Ыстық су шығынының есептелуі келесі формуламен анықталады:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image013.gif , (6. 1)

Мұнда, http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image014.gif - ыстық судың 1 секундтағы максималды шығыны, желінің есептеуіш бөлігінде кг/с;

K cir - ЖЖП араластырғыштағы (сместительдегі) және бірінші су бөлетін тіреушіге дейінгі бастапқы жүйе аудандарының алатын коэффициенті, ал қалған аудандар ноль деп алынады. Есептік ыстық су шығынын http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image012.gif анықтау үшін міндетті түрде алдын ала аудандардағы максималды секундтық және айналмалы (циркуляциялық) су шығынын есептеу керек. Ыстық судың есептік шығыны су бөлінудің ең алыс нүктесінен ЖЖП және ОЖП - ға дейін есептеледі.

Берілетін құбырлардың диаметрі 2 параметр бойынша алынады: аумақта ыстық судың максимальді секундтық шығыны; 1, 5 м/сек көп болмайтын су жылдамдығы.

Желі аумағында ыстық судың максиалды секундтық шығыны:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image015.gif , (6. 2)

Мұндағы, http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image016.gif - ыстық судың секундтық шығыны, л/с;

α \alpha - коэффициент, желі аумағындағы жалпы N құрылғыларға байланысты анықталады және олардың қызыметінің ықтималдығы P n P^{n} .

Құрылғылардың қызыметінің ықтималдығы:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image018.gif , (6. 3)

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image019.gif - бір тұтынушыға сағатына литр ыстық су шығынының нормасы, кг/с;

U - ыстық су тұтынушыларының саны, адам;

N - ғимараттағы жалпы су бөлетін құрылғылар саны, дана (штук) .

Максималды су бөліну режимінде беретін құбырлардағы су қысымының жоғалуы алыс орналасқан су бөлетін құрылғыдан араластырғышқа (смесительге) дейінгі немесе жылу пунктіндегі су жылытушыға дейінгі аумақта анықталады:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image020.gif , (6. 4)

Мұнда, і - салыстырмалы қысым жоғалуы, Па/м;

L - есептелетін аумақ ұзындығы, м;

К і К_{і} - \ коэффициент, қақ түзілуінен қысымның жоғалуын ескереді. Ыстық сумен қамтамасыз етудің жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйесі үшін К і = 1 К_{і} = 1 ;

К l К_{l} - коэффициент, жергілікті кедергілерден қысымның жоғалуын ескереді, қолданылады;

0, 1 - сүлгі кептірушісіз су бөлетін тіреуше құбырлары үшін;

0, 2 - беретін (бөліп берілетін) құбырлар үшін;

0, 5 - сүлгі кептірушісі бар су бөлетін тіреуше құбырлары үшін;

0, 5 - жылу пунктерінің шегіндегі құбырлар үшін.

Ыстық судың циркуляциялық шығынын және ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз етудегі жылулық ағынды анықтау үшін ЫСҚЖ - дегі құбыр жүйелерінде жылулық жоғалу төмендегі формуламен анықталады:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image024.gif , (6. 5)

Мұнда, Q ht - аумақтағы жылу жоғалуы, кВт;

l - аумақ ұзындығы, м;

q ht - салыстырмалы жылу жоғалуы, ол құбыр диаметріне байланысты алынады;

Dt = t ср - t окр - ыстық су мен қоршаған ортаның температураларының айырымы, кВт/м;

ɳ ɳ - \ изоляция қимылының пайдалы коэффициенті, ол изоляцияланған құбырлар үшін 0, 6 ÷ 0, 8 аралықта қолданылады.

Жоғалған жылу орнын толтыру үшін қажет жалпы айналмалы (циркуляциялық) су шығын л/с келесі формуламен анықталады:

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image025.gif , (6. 6)

Мұнда, http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image026.gif - жалпы айналмалы (циркуляционный) шығыны, кг/с;

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image027.gif - беретін құбырлардың жалпы жылу жоғалтулары, кВт;

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_ot_os/19/umm/otos_1.files/image028.gif - ЫСҚЖ реттейтін коэффициенті;

с - судың жылу сыйымдылығы, 4, 19 кДж/кг 0 С;

Δt - су жылытқыштан алыс орналасқан су бөлетін құрылғыларға дейінгі жолдағы беретін құбырлардағы температура өзгерісі, 10 0 С.

Ыстық сумен қамту жүйесінің жоғарғы нүктелеріне ауаны шығару
үшін ауажинағыштар пайдаланылады (сурет 2. 3) .

Жергілікті ыстық сумен қамту жүйелері
Орталықтандырылған жылумен қамту болмағанда жергілікті немесе деорталықтандырылған ыстық сумен қамту жүйелері қолданылады. Тұрғын жəне қоғамдық ғимараттардың бұндай жүйелерінде ыстық суды дайындайтын көз ретінде газды немесе электрлік суқыздырғыштары жəне қатты немесе газ тəрізді отын жағатын суқыздырғыш колонкалары қолданылады. Жергілікті жүйелер тек бір пəтерді ыстық сумен қамтамасыз етеді. Өндірістік ғимаратардың тұрмыстық бөлмелерінде душ сеткаларының саны беске дейін болса немесе ыстық сумен қамтуға жылу шығыны 58кВт-қа дейін болса су-булы немесе су-сулы қыздырғыштарын қолданады. Осындай ыстық сумен қамту жүйелеріне ыстық су дайындалуы 5. 1, 5. 2, 5. 3суреттерінде келтірілген. Қабаттығы бестен аспайтын тұрғын үйлерде газды суқыздырғыштарды қолданадуға болады. Газды суқыздырғыштардың ағымды жəне көлемдік түрлері болады. Ағымды жедел газды суқыздырғыштар тұрғын үйлердің ас бөлмелерінде орнатылады, олар екі нүктеге ыстық суды таратады. Қоғамдық ғимараттардың кейбір бөлмелерінде (қонақ ұйлер,
санаториалар мен демалыс ұйлерінің ваннасында, мектептер жəне спортзалдар мен қазандықтар душтарында) газды суқыздырғыштарды қондыруға рұқсат берілмейд


Сурет 5. 2 Газды суқыздырғышпен біріккен жылыту жəне ыстық сумен
қамту жүйелерінің сұлбалары
а) су өткізгіштің қысымымен; б) кеңейткіш ыдыстың қысымымен;
1- суқыздырғыш АГВ маркалы; 2 - ыстық сумен қамту жүйесі;
3 - кеңейткіш ыдыс; 4 - жылыту жүйесі; 5 - жылыту жүйесінің қайтатын
құбырөткізгіші; 6 - суөткізгіш; 7 -кері клапан; 8-ауалық құбыр.

Сурет 5. 3 Шойын қазанымен біріккен жылыту жəне ыстық сумен қамту
жүйелерінің сұлбалары
1-қазан; 2-кері клапан; 3- суөткізгіш; 4- ыстық сумен қамту жүйесі;
5- шарлы клапанды толтырғыш багі; 6- толтырғыш құбыр; 7- кеңейткіш;
8- жылыту жүйесі; 9-айналымды жалғастырғыш; 10, 11-вентилдер;
12- жыланғыш; 13- бак-аккумулятор.

Поселкелерде аз қабатты үйлерде колонкалары суқыздырғыш қолданады
(5. 4 сурет) . Колонканың отжаққышы ағаш, көмір, брикетталған торф
жануына арналған. Колонкалары суқыздырғыш ас немесе ванна
бөлмерінде орнатылады (ваннаның қасында) . Бұндай суқыздырғыштарда
газ тəрізді отын қолдануға болмайды.

Орталықтырылған ыстық сумен қамту жүйелері

Орталықтандырылған ыстық сумен қамтудың ерекшелігі ыстық су тарату аспаптарына үздіксіз келіп тұруы - қазіргі заманға сай жылумен қамту жүйелерінен келіп түсетін жылуды жергілікті немесе орталықтандырылған жылу пунктерінде ыстық су жүйесіне дайындау кеңінен таралған. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту сыртқы сулы жылу желілерінен іске асырылады да екі түрге бөлінеді:-жабық жылумен қамту жүйесіне - салқын суды қыздырғыштарда ысыту (6. 1, 6. 2 сурет) ; - ашық жылумен қамту жүйелеріне - жылу желісінен тікелей су бөлу (6. 3сурет) . Ыстық суды дайындау негізінен жергілікті жылу пунктінде (ЖЖП) немесе орталықтандырылған жылу пунктінде (ОЖП) . жүзеге асады. Ыстық сумен қамтудың жергілікті жүйелерінің сұлбелері ғимараттың тағайындалуы мен көлеміне, жылу жүктемесінің өзгеру сипатынан жəне өзге де бірқатар факторларға байланысты болады. Маусымдық сумен жабдықталатын кіші аз қабатты үйлерде, тұрақты су бөлінетін монша-кір жуу шаруашылықтарында ең қолайлы жəне арзан
құбырлары түйықты жоғары жақтан таратылатын жəне аккумулятор орналасатын сұлбелер қолданылады (6. 1сурет) .

Сурет 6. 1 Жоғарғы таратулы жəне бак-аккумуляторлы ыстық сумен
қамтудың түйықтік сұлбасі.
1 -салқын су құбыры; 2 -секциялық суқыздырғыш; 3-қалқымалы
кранды жоғарғы бак-аккумулятор; 4-су тарату аспаптары;
РТ-температура реттегіш

Өте ұзын тарату құбырлары бар ғимараттарда сорғыш пен су
қыздырғыш көмегімен еріксіз айналдыратын сұлбелер қолданылады (6. 2
сурет) .

Сурет 6. 2 Төменгі таратулы жəне еріксіз айналдырулы ыстық сумен
қамтудың сұлбасі.
1, 2-жылу желісінің құбырлары; 3-су ысытқыш; 4-температура реттегіш;
5-су құбырының суы; 6-айналдырушы сорап; 7-беруші сызық;
8-айналдырушы сызық; 9-таратушы баған; 10-құбырларға су таратушы;
11-орамал кептіргіш

Жылу желілерінен тікелей су бөлінетін ыстық сумен қамту
сұлбалерінде араластырғыштар орнатылады (6. 3сурет) .

Сурет 6. 3 Төменгі таратулы жəне жылу желілерінен тікелей су алатын
ыстық сумен қамтудың сұлбасі.
1, 2-жылу желісінің құбырлары; 3-су қыздырғыш;
4- температура реттегіш; 5-дроссель-шайба; 6-ауа бөлгіш;
7- су тарату құбырлары; 8-элеватор; 9-жылыту жүйесіне

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыстық сумен қамту жүйелері
Жылу есептегішін есептеу
Ыстық сумен қамту жүйесі
Экономика жағдайы
Жылыту жүйелерінің элементтері
Жылу жүктемесінің графигі
Сорапты станциялардың құрылымы және жабдықталуы
Жылумен қамдау жүйелерінің классификациясы
Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау
Жылу энергиясы шығындарының классификциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz