Жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне жетекшілік қызметтің әсері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым мнистрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Философия және психология факультеті
Психология кафедрасы
дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Жетекші әйелдердің психологиялық
ерекшеліктеріне жетекшілік қызметтің әсері.
Орындаған:ЗПс-31 (3 жылдық) топ
студенті Асқарова Жанар
Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Молдабаева Р. А.
Дипломдық жұмысдеген бағамен бағаланды
Хаттама № «» 2007 жыл
Қарағанды 2007
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ТАРАУ. Басқару ісіндегі гендерлік мәселенің теориялық негіздері6
1. 1. Отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде басқару ісіндегі гендерлік мәселенің қаралуы6
1. 2. Қазіргі кездегі іскер әйелдердің психологиялық бейнесі30
1. 3. Жетекшілік қызметтің жетекші әйелдердің психологиялық
бейнесіне әсері37
2 ТАРАУ. Зерттеуді ұйымдастыру және өткізу40
2. 1. Жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеуді ұйымдастыру40
2. 2. Әйел-жетекшілердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу49
ҚОРЫТЫНДЫ56
ӘДЕБИЕТТЕР57
КІРІСПЕ.
Қазіргі жаһандану кезеңінде елімізде болып жатқан әлеуметтік өзгерістер гендер мәселесін шешуге жаңа ғылми тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. 2005 жылы қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Респубикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Бұл стратегияның мақсаты еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу
Өнеркәсіптің қазіргі кездегі даму деңгейі және іс-әрекетттің әр түрлі салаларында болып жатқан ауқымды өзгерістер адамға жоғары талаптар қояды. Жетекшінің еңбек ұжымын басқарудың психологиялық аспектілерінің өзектілігі мен маңыздылығын талап ететін басқару мәселесінің ауқымы күннен күнге кеңеюде.
Дамыған мемлекеттерде әйелдердің кәсіби іс-әрекетте жетекшілік роль атқаруы дағдылы құбылыс әрі ол іскерлік әлемінде және қоғамда еш таңғалыс туғызбайды. Керісінше, осы салада әйелдердің үлкен қабілеттілік пен кәсіби сапа танытып жүргені кез келген адамда оларға деген құрмет сезімін туғызады. Осы міндетті орындап жүріп әйел-жетекшілер әр түрлі аймақта өзін көрсетеді.
Біріншіден, бұл - адамдардың үлкен ұжымын басқару құдіретіне ие болған жетекші.
Екіншіден, бұл - өзінің беделін, жоғары кәсіби шеберлігін, жағымды эмоциясын пайдалана отырып өзінің артынан бағынушыларын ілестіре алатын лидер.
Үшіншіден, бұл - әріптестерімен және өкіметпен қатынас орнататын, ішкі және сыртқы қақтығыстарды сәтті жеңіп отыратын дипломат.
Төртіншіден, бұл - жоғары адамгершілік сапаларды игерген, ұжым құруға қабілетті және оның дамуын дұрыс бағытқа бұрып отыруға қабілетті тәрбиеші.
Бесіншіден, бұл - ғылымның қазіргі жағдайдағы ролін білетін, қандай да бір жаңалықты, тиімді ұсынысты бағалап оны өндіріске енгізе білетін жаңашыл-инноватор.
Алтыншыдан, бұл жоғары білімі мен қабілеті, мәдениеттің жоғары деңгейі бар, мінезінде тоқтамға келгішік пен саналылық басым, адал, барлық жағынан айналасындағыларға үлгі болуға қабілетті қарапайым адам.
Әйелдерді әлсіз жандар деп айтады, былай деп айту дене күшіне қатысты болғанда ған орынды. Ал оның рухани күшіне қатысты болса, онда бұл мәселе пікірталас туғызбай қоймайды. Әйел-жетекші үшін рух күші өте маңызды, себебі ол басқарады, бағалайды, марапаттайды немесе жазалайды. Осыны қоғам қалай қабылдайды? Көптеген адамдар әйел-жетекшінің қол астында жұмыс істеуге намыстанады. Себебі олар әйел-жетекшімен өзін қалай ұстау керектігін білмейді.
Осыған байланысты осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты әр түрлі саладағы әйел-жетекшілердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу болып отыр.
Осы жұмыстың пәні жетекшінің тұлғалық сипаттары.
Зерттеудің объектісі жетекшілік қызметтегі әйелдер болып табылады.
Зерттеудің мақсатына орай келесідей міндеттер қойылады:
- осы бағыттағы әдебиеттерді теориялық талдау;
- жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
- жетекшілік қызметтің әйелдің психологиялық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу;
Ғылыми болжамы: Әр түрлі салада жетекшілік қызмет атқаратын әйелдердің психологиялық портретіне олардың жетекшілік қызметі ықпалын тигізбей қоймайды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: Жеткешілік мәселесін талдаудағы дәстүрлі емес теориялар, дикриминацияға (бөлуге) бейімділік теориялары, гендерлік теориялар және тағы басқа ғалымдардың осы мәселеге арналған еңбектеріне ғылыми - теориялық талдау.
Зерттеу әдістері: ғылыми психологиялық - педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау; бақылау әдісі; әңгімелесу; эксперимент; әдістеме нәтижелерін математикалық тұрғыдан талдау.
Ғылыми жаңарысы: Әр түрлі салада жетекшілік қызмет атқаратын әйелдердің психологиялық портретіне олардың жетекшілік қызметі ықпалын айқындау.
Практикалық маңыздылығы: Біздің зерттеуіміздің қорытындысы әр түрлі саладағы басқару іс- тәжірбиелерінде пайдалану үшін тиімді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі көрсетіліп, зертеудің ғылыми аппараты айқындалған. Бірінші тарау ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау негізінде жазылған және әйелдерді зерттеудің психологиялық аспектілері көрсетуге бағытталған, онда қазіргі замандағы іскер әйелдердің психологиялық бітістерінің ерекшеліктері, жетекшілік әрекеттің жетекші әйелдің психологиялық портретіне ықпалы ашылады. Екінші тарауда жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастыру және әдістемелік құралдары сөз болады. Үшінші тарауда кәсіби іс-әрекеттің әр түрлі саласында (білім беру мен жеке бизнес) қызмет ететін әйел-жетекшілердің ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері келтіріледі.
Қортындыда зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып жетекшінің жұмысының тиімділігін көтеретін және жетекші - әйел, бағынушы - ер адам болған жағдайда жетекші мен қызметкер арасындағы қарым-қатынасты үйлесімді құруға көмек болатын ұсыныстар мен кеңестер беріледі.
1 ТАРАУ. Басқару ісіндегі гендерлік мәселенің теориялық негіздері
1. 1. Отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде басқару ісіндегі гендерлік мәселенің қаралуы.
Басқару-адам іс-әрекетінің күрделі саласының бірі, мұнда еңбек процесінде біріккен адамдарының жеке бастық қарым-қатынасы көрінеді. Біздің экономикамыздың нарықтық қарым-қатынасқа ауысуына байланысты басқару күрделі, қойылатын талаптар жоғары. Осы кезде басқаруды менеджмент, ұйымдастыру, лидер түсініктерінсіз түсіну мүмкін емес.
Басқару психологияда жеке адам іс-әрекетінің, топтар, ұжым және ұйымдастыру мақсатының психологиялық аспектілері жан-жақты өңделуде.
Американдықтар басқаруды өте қарапайым анықтайды: «Бір нәрсені басқалардың қолымен жасау». Басқару психологиясы саласының белгілі зерттеушісі В. Зигерт басқаша анықтама береді: « Басқару - бұл алдыдағы міндеттерді орындаудағы адамдарға жетекшілік, құралдарды қолдану». Басқару тәжірибесінде қәзір қолданылатын менеджмент түсінігі ағылшындық етістік «to monage», аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді.
Менеджер - бұл субъект, басқару функциясын іске асырушы. Менеджер сөзі шетелдердегі басқару практикасына ертеден енгізілген. Менеджер түсінігіне аталас сөз « менеджмент ». Ағылшын тіліндегі сөздікке үңілетін болсақ « менеджмент » түсінігі басқару, жетекшілік, дирекция, әкімшілік дегенді білдіреді. Біздің елімізде кейінгі уақыттаға дейін « менеджер » сөзінің орнына « жетекші » сөзі қолданылды. Менеджердің қәзіргі кезде жұмысы өте күрделі. Олардың жұмысының күрделілігі мынада: олар күнделікті жұмыста әртүрлі адамдармен кездеседі, олардың тек ойын оқып қоймай, олардың жеке ерекшеліктерін, қызығуы, ұмтылуын, тілегін, бір сөзбен айтқанда мінез-құлық мотивациясының мазмұнын білуге тырысады.
Менеджер жұмысының мәні тек қана өндіріске жетекшілік етумен шектелмейді, сонымен қатар адамдармен, оларды үнемі еңбек процессіне тартумен суреттеледі. Барлық менеджер экономикалық, техникалық және тағы басқа адамдар іс-әрекетінің басқа облыстары туралы білім деңгейлерімен қаруланған. Бірақ бұл білім адамдарды тиімді басқару ісінде жеткіліксіз. Тиімді басқару ісінде адам мінез-құлқының заңдылықтары туралы білім міндетті.
Жетекшінің, не басқарушының өзіндік тәсілі дегеніміз - сол адамның істелетін істер мен атқаратын қызметтерді қалайда жүзеге асырып отырудағы біліктілігі мен өзіндік әдіс-тәсілдерін қолдап отыруы. Басқару ісіндегі жетекшінің қызметі - өзіндік әдіс сипатымен ерекшеленеді. Жетекшінің басқару қызметіндегі өзіндік тәсілі оның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктері болып саналатын мінезіне, темпераментіне, ықылас-ынтасы мен қабілетіне байланысты түрліше болады. Әрбір жетекшінің не басқарушының өзгелердің іс-әрекетін басқаруда түрліше амал-тәсілдер қолданатындығы мәлім. Сондықтан әрбір басқарушы адамның ісінде жалпылық сипаттарымен бірге, өзіндік қолтаңбасы бар арнайы басқару сипаттары да кездеседі. Осы сипаттарына орай басқарушының жұмыс түрлері мен қызмет салаларында өзіндік басқару тәсілі, өзгелермен қарым-қатынас мәнері, талап-тілектерінің жүйесі айқын көрініп тұрады.
Белгілі психолог С. Л. Рубенштейн « адамның жан дүниесі мен жүрегі өзге адамдарға деген қарым-қатынасынан құралады, олармен тілдесіп, пікір алысудан тұрады, сөйтіп адамның жүрегінің сыры өзге адамдармен қатынас орнатуда ашыла түседі » - деген болатын. [42] Бұл адамның жан дүниесін ашып көрсететін психологиялық күй. Әлеуметік ортадағы, жалпы адамның рухани дамуы психологиялық ахуалға байланысты, ал жұмыстағы психологиялық ахуалды жағымды, бірқалыпты болуы басқарушыға байланысты
Осы жөнінде американдық көрнекті психолог маман Д. Карнеги зерттеулерінде кісі өзге адамдармен кездескенде оған ықылас-ынтасын білдіріп, жылы шырай білдіруі қажет дейді. Оған күле қарап, сәлемдесетін болса, бұл сол адамның көңіл-күйін сергітіп, жан дүниесін шаттандырды. Кімде-кім өзгелермен кездескенде ашық-жарқын сөйлесіп, аман-саулық сұрасатын болса, бір-бірінің жан дүниесінің баюына ықпал етеді дейді. [53]
Жетекші қызметкердің, басқарушы адамның бойындағы өзіндік стиль, даралық тәсілі өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасап, әрбір істе нәтижелі қорытындыға жету жолындағы бағалы психологиялық қасиет болып табылады.
Гендерлік әлеуметтену процесі әр түрлі әлеуметтік және мәдени құралдармен анықталып бағытталады. Бұл үшін әр қоғамда белгілі бір гендерлік ролдер бар.
Гендерлік рольдер - адамдарды қоғамдағы жыныстық белгісі бойынша бөлумен шарттастырылған рольдер. Гендерлік ролдер - бұл индивидтің жыныстық ерекшелігі бойынша іс-әрекетті, статусты, құқық пен міндеттерді бөлу, белгілі бір әлеуметтік күтумен анықталатын әлеуметтік, нормативтік рольдер түріне жатады, мінез-құлықта көрнеді. Гендерлік рольдер әлеуметтену барысында игеріледі. Олар әлеуметтенудің басты өкілдері отбасы мен мектеп болып табылады, солардың көмегімен мінез-құлық нормалары меңгеріледі. Бала дүниеге келгеннен бастап бала тәрбиесіне сексизм араласады. Сексизм- адамдарды жыныстық белгісі бойынша төмендету, төмен бағалау бағыты немесе әрекеттер.
Қыздарда белсенділікті, бір нәрсе білуге құмарлықты, тәуелсіздікті, тәуекелшілдікті, зерттеу мінез-құлқын қолдамайды. Дәл осы қасиеттер баланың маңызды қабілеттерін дамытудың негізін құрайды.
Отбасында ата-аналардың гендерлік стериотиптерінің ықпалымен қыздар мен ұлдарда өздерінің қабілеттері мен жетістіктерін түрліше қабылдаудың негіздері қаланады. Баланың өзін өзі қабылдауда өз жетістіктерінен гөрі ата-аналардың өз балаларының қабілеттеріне қатысты артқан сенімдері балалалар үшін аса маңызды болып табылады.
Қыз балаларды оқуға дейін- ақ өнімді өмірге, “жақсы” мінез-құлыққа, тәртіптілікке, өз бастамаларын басып тастап отыруға үйретеді. Бұл процесс мектептеде жалғаса береді, көптеген шетел зерттеушілері мектеп мұғалімдері ұл балаларға көбірек назар аударатыны туралы айтады. Қыздардың кез - келген жауабы қандай бағамен болса да қабылдана береді, ал ұл балаларға көбірек талап қойылады, олардың дұрыс жауапты табуы мен едәуір тиімді шешім қабылдауы талап етіледі. Одан әрі қарай жалғастыру үшін олардың жауабына анағұрлым жоғары баға қойылады. Сөйтіп ұл балаларды жетістікке жетуге, қиындықтарды жеңуге, талаптанудың жоғары деңгейіне жетуіне бағыттайды. Мұғалімдердің қыз балаларға аударған назарының көлемі мен сапасы, олардың екінші ролде екенін, сыныпта олардан да басқа маңызды адам бар екені туралы түсінік береді.
Барлық жерде әлеуметтік норма өз дегенін істеткізеді: ер адам-“ асыраушы және қорғаушы”, әйел-“от басын сақтап қалушы”. Сондықтан да ерте балалық шақтан қыздар мен ұлдарға мінез-құлықтың әр түрлі стильдері әлеуметтік жапсырылады. Мәселен, ересектер қыз баланың қамқоршылдығын және нәзіктігін мақтайды, бірақ осы қасиеттерді ұл балалардан мүлде байқамайды. Гендерлік белгіні балаларға “ұл емессің төбелеспе!”, “қыз сияқты неге жылайсың!”деп орнына қоямыз.
Көп елдерде қыз балалар уақытының едәуір бөлігін ата-анасына көмектесумен, өзінен кішілерге немесе қарттарға қараумен жібереді., ал ұлдар уақытының көп бөлігін қамқорлық пен бағып күрумен байланысты емес ойынға арнайды, әрі мұндай кезде оларды ересектер қадағаламайды.
Әлеуметтенудің ерте кезеңдерінде қалыптасатын гендерлік асимметрияның осындай жағдайын Д. Майерс была деп атап көрсеткен: “Гендерлік әлеуметтену қыздарға “тамыр” береді, ұлдарға -“қанат” береді”. [44]
Кәсіби бөлушілік еңбек нарығының тиімсіздігі мен қабілетсіздігінің басты себебі болып табылады. Осыған байланысты кәсіптік бөлінушілік, жалпы әйел туралы әсіресе, еңбекші әйел туралы қоғамдағы көзқарасқа әсерін тигізе отырып әйелдер үшін жағымсыз нәтижеге әкеледі. Мұндай көзқарастар, ең алдымен, қоғамдағы әйелдің статусына, атқарып отырған жетекшілік қызметіне, түсімдерінің деңгейіне, жанама түрде басқада көрсеткіштерге, яғни, ауру, өлім, кедейлік, әлеуметтік және мүліктік теңсіздікке және т. б. әсерін тигізеді.
Шетел психологиясында жыныстық рольдер стереотипіне және әлеуметтік стереотиптерге қызығушылықтар басым болды. Жыныстық рольдер стереотипінің табиғаты мен функциясына арналған зерттеулер әлі беймәлім күйде қалып отырғанымен, жыныстық рольдер стереотипінің әртүрлі аспектілерімен байланысты сұрақтарды кең көлемде зерттеудің теориялық, практикалық маңызы зор. [48, 49]
Демек, бұл кезеңде екі өрісті көрсету жеткілікті - отбасы қарым-қатынасы және өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесі.
Жыныстық рольдер стереотипінің алғашқы зерттеулері әйел мен еркектердің бір-біріне және өздері жөнінде көзқарастарына қатысты типтік айырмашылықтарды қарастыру болып табылды.
1957 жылы Дж. Ман Ки және А. Шеррифстің көрсетуінше біріншіден, типтік ер адам образы - тәртіптің, мінез-құлықтың әлеуметтік шектеусіз стилімен байланысты ақыл-ой қабілетілігі, белсенділігі, тиімділігімен байланысты сипаттамалар болса, типтік әйел образы, керісінше, әлеуметтік және қарым-қатынастағы жылылық, эмоционалдық қолдауды көрсетеді. [53]
Типтік маскулиндер мен типтік феминдер белгілерінің шектен тыс акцентуациясы негативті (жағымсыз) бояуға ие болады: яғни, ер адамдарда типтік теріс сапалар -дөрекілік, авторитаризм, т. б., әйелдерде - пассивтілік, формализмдік, эмоционалдылық т. б. Екіншіден, Дж Мак Кимен, А. Шеррифс мынадай қорытындыға келді тұтас алғанда әйелдерге қарағанда еркектерде көп әрі оң сапалар кездеседі. [48, 49]
60-жылдардан бастап әйелдер мен еркек іс-әрекетінің әр саласындағы қабілеттері, олардың кәсіби табыстарының себептерін зерттеу кең өріс алды.
П. Голдберг ғылым саласында әйелдердің өздеріне қарсылығын көрсетті, колледждің студент қыздары ер адамдардың жазған мақалаларын жоғары бағалаған. [53] Осындай нәтиже эксперимент барысында да алынған болатын. Екі жыныстыларға ( әйел, еркек ) картиналарды бағалау ұсынылды. Бұлардың кейбіреуін әйелдер, кейбіреуін еркектер салған. Бұл зерттеуде суретшілер статустары да көрсетілді. Бірінші жағдайда -картина авторлары әйелдер мен еркектер, басқасында - конкурс жеңімпаздары. Зерттеу қорытындысы бойынша, еркектерге қарағанда қарағанда әйелдердің суретшілік саласында қабілеті аз болып келетіні анықталды. К. Доудың көрсетуінше іс-әрекеттегі табыс пен сәтсіздік әртүрлі түсіндіріледі. Ер адамның жақсы орындаған жұмысы оның қабілеті мен тұрақтылығының салдары деп түсіндіріледі, ал дәл осындай нәтиже әйелдерде олардың күш -жігерімен кездейсоқ сәттілігімен, тұрақсыздығының салдары деп түсіндіріледі. [22]
С. Кислер әйелдер мен еркектердің тәртіптерін түсіндіруде «қабілет» пен «күш-жігер» әртүрлі бағалануы мүмкін дегенді айтады. [53]
Тұлғааралық өзара әрекетте және жеке жоспарда жан-жақтылық әйелдер үшін теріс фактор болып табылады. Әйелдер мен еркектер өз топтарынан жан-жақты дамыған әйелдерді шығарып тастайды. Авторлар алынған қорытындыны талдауда әйелдердің жоғары жан жақтылығы стереотипке кедергі келтіреді. Бұл кезде қарама-қайшылыққа жауап беретін тәсілдер пайда болады.
1. стереотиптердің өзгеруі,
2. жан-жақтылық түрлілігі,
3. жан-жақтылығы жоғары әйелдерді топтан шығара отырып, қарама-қайшылықты нақты түрде жоюға тырысу.
Соңғы екеуі тек экспериментте емес, өмірде де қолданылады, жарыста әйелдің жеңілісі Р. Хаген, В. Каганның айтуынша, өзін-өзі бағалауды төмендетеді. «Нағыз еркек әйелді ұға білуі керек» деген дәстүрлі батыс мәденитінің жазылмаған жормаларына сай болады. [28]
Соңғы келтірілген зерттеу-жыныстық рольдер стереотипін түсіндіруге бағытталған. Мұны зерттеу тек оның мазмұнын ғана емес, функциясын түсіндіруге міндеттеледі.
Зерттеушілердің пікірінше, функциялардың бірі-ақталу және жыныстар арасындағы теңсіздік. О. Лиридің айтуынша америка қоғамында бір әлеуметтік жағдайдағы, жасы сай еркектерге әйелдердің басшылық жасауына қарсы қолданылатын заң бар. [19] Сондай-ақ ол жыныстық рольдер стереотипі арасындағы байланыстармен өндірістік қызыметте әйелдер қозғалысының кешеуілдеуін көрсетеді. Жұмыста әйелдердің мынадай бағдарлары қажет, әйелдерді қарым-қатынас пен эмоционалдық кезеңдері қызықтырады. Көбіне оларға ақыл-ойды көп қажет етпейтін жұмыстар ұнайды. Олар өзіндік белсенділікті бағалайды.
Дж. Хантер әйел образының ерекшелігін талдай келе, мынадай қорытындыға келеді бұл образ тұтастай алғанда толық емес құндылықты. Әйелдер эмансипациясы процесі элеуметтік әсерлермен байланысты. Мысалы Рим империясының құлауының басты бір себептері- әйелдер эмансипациясы. Дж. Хантердің айтуынша қазіргі кезде жыныстық рольдер стереотипінің мазмұнына христиандық дәстүр үлкен әсер етті. Ол әйелдерді зұлымдықтың көзі деп көрсеткен. [53]
Зерттеудің арнайы саласы, мамандардың айтуынша, жыныстық рольдер стереотипінің қорғану және ақталу функциясы нақты көрінетін көрінісі -бұл зорлықты зерттеу. Бұл мәселені кеңінен зерттеу 70-жылдарда орын алды, Г. Филдтің айтуынша, еркектердің құрбандарға жауапкершілігі жоғары. Олардың айтуынша зорлық көрген әйел бойындағы адам қызықтырар қасиетін жоғалтады. [19, 20, 53]
С. Канекар жауапкершілік түсінігін екі аспектіде көрсетеді зорлау фактісінің ықтималдығы (каузальды аспект) және күнәні мойындау (моральды аспект) . [53]
Осы аталған зерттеу нәтижелері мынаны көрсетті.
1. құрбандыққа шалындған адамның сыртқы пішіні (киім киісі, жүріс-тұрысы, т. б. )
2. тұрмыс құрған әйелдерге жауапкершілік, жоғары дәрежеде кінәні тағайындайды.
3. жәбірленушінің жағымды қылықтары зорлау ықтималдығын жоғарылатады.
4. ер адамдарға қарағанда әйелдерге деген бас бостандығынан айрылудың ұзақ мерзімді уақыты беріледі.
Жыныстық рольдер стереотипі бір мезгілде әйелдер үшін қорғану функциясын, ал еркектер үшін ақталу функциясын орындайды.
Кейінгі кездері жыныстық рольдер стереотипінің басқа да функцияларын зерттеу мәселелері кеңінен талқылануда. Олар мынадай реттеушілік (регулятивті ), түсіндірмелі, тасмалдаушы (транслятивті) . Бұл түсінік адамның танымдық-эмоционалық сферасын суреттеуге ғана емес, адамның тәртібіне де қолдануы керек.
Табиғи эксперимент әдісі бойынша әйелдер мен еркектердің қызыл жарықпен ( бағдаршамның) жолдан өтуде жол қозғалысының ережесін бұзуда айырмашылықтың бар екені көрінеді. Әйелдер қызыл жарық бойынша жолдан сирек өтеді.
Сондай-ақ, жыныстық рольдер стереотипінің ретраксляционды функциясын зерттеу кеңінен өріс алды, Г. Тәжфел мен Дж. Тернер жыныстық рольдер стереотипінің түсіндірмелілігіне зерттеу жүргізген. Бұл теорияда бір топ құрамындағы тұлға-аралық ерекшеліктерді, әлеуметтік стереотиптерді талдауға көп көңіл бөлінген. К. Гизичидің ойынша, әйелдер мен еркектердің бір әлеуметтік топ ретінде қарастырылуы қажет. Олар әлеуметтік статусқа ие, жоғары статусты топтар жан-жақтылық және экономикалық табыспен түсіндіріледі. Төмен статусты топтар гуманизм тұрғысынан түсіндіріледі. [19, 20, 22, 53]
Демек, біріншіден, шетел психологиясында жыныстық рольдер стереотипінің 30 жыл, бойы зерттеуі сапасы жағынан өзгерді. Алғашқылары стереотиптің басты мазмұнды ерекшеліктерін суреттеумен шектелсе, әріқарай оның қызметі мен табиғатын түсіндіру іске асты. Бұл стереотиптердің кей модельдерінде негізгі детерминанты танымдық фактор, ал кейбіреуінде- әлеуметтік фактор.
Екіншіден, шетел жұмыстарында жыныстық диморфизмге негізделген жыныстық айырмашылықтар мәселесі толық зерттелмеді.
Алғашқы міндет стереотиптің қаншалықты сәйкестігі, дұрыстығы қателігі. Ғылыми зерттеу түсіндіруінің 3 деңгейі бар биологиялық психологиялық, әлеуметтік. Жыныстық рольдер стереотипі әлеуметтік және мәдени тарихи факторлары мен психологиялық ерекшеліктеріне сай жыныстық диморфизм нәтижесі ретінде түсіндіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz