Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)



1 Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес
2 Дін
3 Философия
4 Реформация дәуірінің мәдениеті
5 Ортағасырлық батысеуропалық философия
Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық
мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде
Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл
Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері,
атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия,
Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян
қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени
мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық
гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат
тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең —
қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында —
бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы,
отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау
заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік
үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия
мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің барған сайын ұлттық
сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық
әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар,
халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой
иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың
бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Қайта жаңғыру
дәуірі аяқталды. Қайта жаңғыруды барлық өркениетті халықтар өз бастарынан
өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени
құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер
жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса,
Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени
дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке
қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, Қайта жаңғыру
мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының
игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес,
қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой
түзеу, гүлдену.
Италияндық қайта жаңғыру дәуірі
Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі
және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512—1574) өзінің
Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI
ғасыр) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы —
көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек
айтқанда, XVIII ғасыр бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта
жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV— XV ғасырлар Италия
мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен
дұрыс сияқты, өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген
ұғымдарды енгізген осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо
Салютати болатын. Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның
адамгершілік деген сөзінен шыққан (гомо — адам деген ұғымды білдіреді).
Бұл терминді жаңа адамдар — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша,
гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып,
зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының
басты жаңалығы — ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне
мәдени мұраларды қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым — гуманист,
Леонардо Бруни (1370—1444 жылдары) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлеріне қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды
рухани жағынан жетілдіріп, оны әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды
ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп түсінді. Оған: поэзия, грамматика,
риторика, тарих, философия, музыка және т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне
мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді гуманитарлық ғылымдар атқарады
деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени тұрғыдан қайта құруды мақсат
еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа интеллигенциясының қалыптасу
процесі басталды. Қоғамда алатын орнына, қызмет дәрежесіне, байлығына,
тіпті тұрмыс- тіршілігінің әр түрлілігіне қарамастан оларды ортақ мақсат
біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи — ел басшысы болса, Полициано —
университет профессоры, Пико делла Мирандола — граф, ал Лоренцо Вониконтри
— офицер болды. Демек, гуманизм — мәдениеттің басты принциптерінің бірі,
оның сапалық өлшемі, оның ақиқаттығының айнасы болды.

Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала
кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық
христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мөдени мұраларды қайта жаңғырту
(философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас
болып табылады.

Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның
дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бүл өзгерістер заман
ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру
мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана
біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады.
Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV
ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына
шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында болған ұлы
Данте Алигьери (1265— 1321 жылдары)
Дін
Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай бастады
және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу
орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында
экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің дамуы, кітап бастыру ісінің
жолға қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің қарышты қадамы айрықша рөл атқарды.
Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның
жалпы Еуропалық нарықтық процестерге араласуы адамдардың сана-сезімін
өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық жағдайларындағы Германияның
өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе
түсті. Сондықтан да, шіркеуді қайта құру жолындағы күрес неміс жерінде
қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне
аударуы — Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма
жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын,
француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы —
немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы
Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау
жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл
қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.

Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге
қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен
католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан
қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.
Философия
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн
Рейхлин (1455—1522 жылдары) — Письма темных людей деп аталатын атақты
сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр
мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.

Нидерландыдағы Қайта жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский
(1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін әлемнің азаматымын деп атады. Эразмның
Есерсоқтықты мақтаған сөз, Үйдегі әңгіме сияқты өмірдің сан-саласын
қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға
кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер мен князьдердің,
феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін
соғыстарды сынға алды. Бұл түста Нидерландының ұлттық гимнінің авторы Филип
Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале
(1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландының
мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар,
шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл
қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына
түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің
көтерілуіне үлкен үлес қосты.

Англияда гуманистік идеялардың орталығы — Оксфорд университетінде өз
заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары — Гросин, Линакр, Колет және т.б.
жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік
қағидалардың дамуы Утопияның авторы Томас Мордың (1478—1553 жылдары)
есімімен тығыз байланысты болды. XVI ғасыр бірінші жартысында көркем
әдебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. Қаңғыбастар ретінде
қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің Қыдырма топтары көбейе
түсті. XVI ғ. Лондонда байлар үйлеріндегі жеке меншік театрларды
есептемегенде 9 театр жұмыс істеді.
Солардың ішіндегі ең ірісі — Глобус театры — ағылшын халқының ұлы
драматурга, ағылшын Ренессансының алыбы — Вильям Шекспирдің (1564—1661
жылдары) шығармашылығымен тығыз байланысты болды. Ерекше атап өтетін бір
жайт, ағылшын театрларына барлық сословиенің өкілдері — ақсүйектер де,
шенеуніктер де, көпестер де, жұмысшылар мен шаруалар да, қолөнершілер де
бара алатын, сондықтан да болар, театр өнерінің өрге басуы, оның
демократиялық сипаты — ағылшын қоғамындағы демократиялық жүйенің
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Шекспирдің шығармашылығы гуманистік
идеяларға толы болды. Оның қыл қаламынан шыққан Гамлет, Король Лир,
Отелло, Юлий Цезарь, Асауға тұсау, Генрих VI, Ричард III сияқты
трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.
Жалпы алғанда, Жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің атымен тығыз
байланысты. Ол театр саласындағы реалистік ағымның жаршысы болды. Дүние
жүзіндегі барлық театрлар Шекспир мектебінен өтті, ал бұл тамаша дәстүр
бүгінгі заманда одан әрі жалғасуда. Жаңа тарихи жағдайда театр әрбір
халықтың, әрбір мәдениеттің тынысын жан-жақты беруге талпыныс жасады.
Театрлар қойылымдарында, әсіресе Шекспир қойылымдарында этикалық кең құлаш
байқалды, әлеуметтік сатира мен өмірлік реализм басты орынға шыға бастады.
Ең бастысы — бұл қойылымдарда халықтық рух басым болды.

Жаңғыру дәуірінің қарсаңында Испанияда ұлт-азаттық қозғалыстың
нәтижесінде елдің ұлттық бірігуі жүзеге асырылды. Сегіз ғасыр бойы
арабтардың қол астында болған испаңдықтардың ұлттық тәуелсіздігі үшін
күресі жеңіспен аяқталғанды. Осы бір азаттық күрес заманында рыцарьлық
романдар кеңінен тарады. Бұл жанрдың негізін қалаушы атақты трагедиялық
комедияның Селестинаның авторы Фернандо де Рохас еді. Бұл тамаша өдеби
дәстүрді Испанияның ұлы жазушысы, мәңгі өшпес туынды — Дон-Кихоттың
авторы Мигель де Сервантес пен История жизни пройдохи деп аталатын әйгілі
романның авторы, жазушысыншы Франческо де Кеведо (1580—1645 жылдары) одан
әрі жалғастырды. Испанияның ұлттық драматургиясының негізін қалаушы,
Шекспирмен қатар Дәуір алыбы деген құрметті атаққа ие болған, екі мыңдай
әдеби шығармалардың авторы ұлы Лопе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі
Қайта жаңғыру (Ренессанс)
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Ежелгі Қытай мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірі музыкасы
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Пәндер