Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы

Қоғамның әлеуметтік құрылымында елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық «өлшемдер» алады, оған келесі тұрғындар құрылымы жатады: жыныс-жастық, отбасылық және генетикалық. Бұл құрылымдар бөлек территория бойынша, тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің нәтижесі мен шарттары болып табылады. Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл - туу, өлу, некелесу, ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың статистикалық параметрлері болып белгіленеді.

Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымы

Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге - көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.

Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы - екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір территорияда (ел, район) немесе ұжым құрамында (ең алдымен еңбек) еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде - әртүрлі жас адамдарының арасындағы арақатынас.

Бұл құрылымдар кейде биологиялық ретінде белгіленеді. Шынында да, бұл айырмашылықтар биологиялық негізге тіреледі. Бірақ, адамдар жиынтығының жасы мен жынысы бойынша орнығуы әлеуметтік дамудың бір салалары. Әлеуметтік шарттар мен себептерден әлем елдері тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ, әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде олардың арақатынасы әртүрлі болып келеді.

Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша (жынысы немесе жасы), немесе екі белгі бойынша талдауға болады.

Үлкен қызығушылық тұрғындардың үш топқа ажыратылуы белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан жоғары (ересек) .

Осы топтар арасындағы арақатынас тұрғындардың жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым прогрессивті, соғұрлым онда даму мүмкіндігі жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді.

Тұрғындар санының белгілі өсімі мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым, елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық потенциалының маңызды сипаттамасын айқындайды.

Тұрғындардың отбасылық құрылымы - келесі көрсеткіштер: саны, көлемі, отбасы құрамы, бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және ұдайы өндіріс, миграция, тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы, жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады.

Тұрғындардың отбасылық құрылымын талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана мен балалар арасындағы қатынастардан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен байланысқан адамдар тобы болып белгіленеді.

Отбасы - қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы деп атайды.

Тұрғындардың отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі құқықтырға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады. Отбасының түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді. Мұндай кіндік отбасымен ата мен әже немесе үйленген ересек балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін.

Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар негізінен моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі.

Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары:

- бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету;

- баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге дайындау;

- отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

Генетикалық құрылым - тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа аумақтан көшіп келген адамдардың арақатынасын белгілейді. Келушілердің арасында уақыт қонысына байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда, елеулі орын миграция ойнайтын, елдер мен район тұрғындарының басты сипаттамасы болып табылады.

Жастар социологиялық зерттеудің объектісі ретінде 16 жастан 30 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді. Жастар әлеуметтанудың пәні болып, жастардың қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орны мен рөлін, айқындалу формалары мен жастар ортасында әлеуметтік заңдылықтар мен заңдардың іске асыру механизмдерін зерттеу болып табылады.

Спецификалық жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның әлеуметтік - таптық құрылымында жастардың орны; жас шеңберінің критерияларын орнату; жастардың сұраныстарын, қызығушылықтарын зерттеу; жастардың әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерімен танысу; олардың әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен ұжымда бейімделуі; жастар ұйымдарының әрекетінің ерекшеліктері жатады.

Халық қозғалысының әлемдік көрсеткіштері

Біздің эрамыздың басында, әртүрлі есептер бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға дейін өмір сүрді. Миллиардық санына жету үшін, адамзатқа 1800 жыл қажет болды. Алғаш рет адамдардың саны 1 миллиардқа 1825 жылы жетті. Кезекті миллиардық өсімдер келесі жылдар аралығында жүрді:

2 млрд - 1927ж. (102 жылдан кейін)

3 млрд - 1960 ж. (33 жылдан кейін)

4 млрд -1974 ж. (14 жылдан кейін)

5 млрд -1987ж. (13 жылдан кейін)

6 млрд -1999ж. (12 жылдан кейін)

Қойылған болжамдар бойынша, келесі жетімиллиардтық Жер тұрғыны 2007 жылы болады. Бұл көрсеткішке жету үшін небары 8 жыл қажет. Жер тұрғындарының қарқынды өсімі бұл ауқымды мәселе қатарына жатқызылып, планетаға халықтың тым өсу қауіпін тудырады. Ғалымдар мен демографтардың ғылыми болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда өсу қадамдары бәсеңдеп, біршама тұрақтанады және небары 10-11 млрд адам құрайды.

Демографтардың тұжырымы бойынша, жыл сайын адамзат 80 млн адамға өседі, сондай-ақ, өлгендер саны біздің планетамызда жыл сайын 50 ден 55 млн адамға дейін құрайды.

БҰҰ есептері бойынша, халық өсімінің ең үлкен көрсеткіштері әлемнің кедей аймақтарында байқалады. Мысалы, 1995 жылы 90 млн жаңа туғандардан 85 млн. экономикалық дамуы артта қалған елдерге тән болды. Қоғамдағы өлім деңгейіне екі фактор ықпал етеді: орташа өмір жас ұзақтығы, нәрестелер арасындағы өлім деңгейі.

Демографиялық көрсеткіштер берілулері бойынша, ең ұзақ орташа жас өмір ұзақтығы Жапония (78жас), Канада, Щвеция (77 жас), Франция (76 жас), Великобритания, АҚШ, Германия (75жас) белгіленеді. Бұл көрсеткіштер, өз арада, тек денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын ғана емес, сондай-ақ, бұл елдің өмір деңгейін сипаттамайды. Қоғамның адам алдында экономикалық, әлеуметтік, құқықтық тұлға кепілдігін орнату міндеткерлігімен тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, өмір деңгейі - бұл демографияның маңызды категориялардың бірі болып есептеледі. Бүгінгі күні ғалымдар үш басты критерияны белгіледі: орташа өмір жас ұзақтығы, білім мен табыс. Дәл осы көрсеткіштер негізінде елдің өмір деңгейін айқындауға болады.

Бүгін едәуір дамыған елдер қатарына Канада, Норвегия, Щвеция, Жапония, Франция, Щвейцария, Финляндия және т. б елдер жатқызылады. Ресми демографиялық статистика және көптеген басқа фактілер бойынша, экономикасы дамыған елдердің тұрғындар құрылымында қарт жастағы адамдар санының өсімі байқалады.

Дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру

Елдердің даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

1) ел экономикасының типі;

2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;

3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) келемі мен құрылымы;

5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;

6) елдің халықаралық еңбек белінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан еларалық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі. Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ) . ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте, географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткйптері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік - АҚШ доллары пайдаланылады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен АҚШ жетекші орынға ие болды (36-сызбанұсқаға қараңдар) .

Елдің экономикалық даму деңгейін анықтауда жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі. Бұл көрсеткіш бойынша дүниежүзі елдері арасында үлкен алшақтық байқалады.

Алдыңғы қатарлы елдер
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.
Мешеу елдер
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.
Алдыңғы қатарлы елдер: Люксембург
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 71 400
Мешеу елдер: Мадагаскар
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 900
Алдыңғы қатарлы елдер: БАӘ
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 49 700
Мешеу елдер: Ауғанстан
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 800
Алдыңғы қатарлы елдер: Норвегия
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 46 300
Мешеу елдер: Бурунди
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 700
Алдыңғы қатарлы елдер: АҚШ
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 44 000
Мешеу елдер: Сомали
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 600
Алдыңғы қатарлы елдер: Дания
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 3 700
Мешеу елдер: Малави
ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.: 600

Қазақстанда 2006 жылы сатып алу қабілетін ескергенде ЖІӨ көлемі ресми бағам бойынша 143 млрд АҚШ долларын құрады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші 9400 долларға тең болды.

Шаруашылық құрылымының аумақтық айырмашылықтары

Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасыдамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1, 3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т. б. ) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.
Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.
Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.

Өтпелі экономика тән елдер тобын кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) құрайды. Экономиканың өтпелі сипаты бұл елдерде айқын көрінеді; оларда орталықтан жоспарланатын социалистік экономикадан нарықтық экономикаға өту жүзеге асырылуда.

Дамушы елдер тобын саны жағынан көп, өте ала-құлалығымен ерекшеленетін елдер құрайды, олардың барлығы дерлік Азияда, Африка мен Латын Америкасында орналасқан. Бұл елдерге экономиканың көпсалалылығы, әлеуметтік және аумақтық айырмашылықтар, халықаралық еңбек бөлінісінде шикізатты өндіру мен сыртқа шығаруға мамандануы, отарлық экономика сарқыншақтарының сақталып қалуы тән. Дамушы елдер экономикасының ала-құлалығы, әсіресе қазіргі заманғы индустриялық елдер мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған мешеу елдер экономикасындағы айырмашылықтардан айқын көрінеді. Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді (16-кестені қараңдар) .

Елдер топшасы
Құрамы
Ерекшеліктері
Елдер топшасы: Жетекші дамушы елдер
Құрамы: Қытай, Үндістан
Ерекшеліктері: Халық санының көптігі; арзан еңбек ресурстары; экономикалық әлеуіттінің жоғарлығы; жан басына шаққандағы экономикалық көрсеткіштердің төмен болуы; шаруашылық құрылымының күрделілігі; бай мәдени қор
Елдер топшасы: Жаңа индустриялық елдер
Құрамы: Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина
Ерекшеліктері: Шетел инвестициясы мен жоғарғы технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономикасының, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы
Елдер топшасы: Плантациялық шаруашылық елдері
Құрамы: Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка
Ерекшеліктері: Агрономиялық жағдайлардың қолайлығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі
Елдер топшасы: Мұнай экспорттаушы елдер
Құрамы: Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т. б.
Ерекшеліктері: Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы; жоғары технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты
Елдер топшасы: "Жалға пәтер беруші" елдер
Құрамы: Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама
Ерекшеліктері: Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Елдер топшасы: Даму деңгейі төмен елдер
Құрамы: Мұхит аралдары, Африка, Азияда орналасқан 48 ел
Ерекшеліктері: Экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі; табиғи өсудің жоғарлығы; аграрлық сектордың басымдылығы; әлеуметтік жағдайдың нашарлығы

Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы еддер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметгік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, эколгиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.

Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.

Сонымен, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылыққа елдердің әлеуметтік- экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігінен айқын көрінетін аумақтық айырмашылықтар тән болады.

Дүние жүзінің халқы

"Дүние жүзінің халқы 1994"

Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі.

Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1, 7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50-100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер. ) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соңМұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.

Халық санағы

Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Қазақстан әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымдары
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Жастардың даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz