Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
2.2 Қоғам — үздіксіз дамитын жүйе
2.3 Әлеуметтік топтар, қатынастар
2.4 Қоғам және Саясат
2.5 Түрлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
2.2 Қоғам — үздіксіз дамитын жүйе
2.3 Әлеуметтік топтар, қатынастар
2.4 Қоғам және Саясат
2.5 Түрлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте
нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап
көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
Қоғам деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық
қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл
арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму
кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл
адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық
халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара
қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген
дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек
ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты
қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз
адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана
тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам
қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі
болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы,
бірлігі болып көрінеді.

Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып
табылады.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада
қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін
сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б.
мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші
топтағы қоғам ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа деін мемлекет және қоғам ұғымдарын мазмұн және
терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын
айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы
мемлекет ұғымын қоғам ұғымынан айырып қарау үшін stato деген ернайы
термин енгізді.
Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель
теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.
Мемлекет, қоғам, ел деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де
кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық
бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста,
қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы
басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін
белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде қоғамның мәнін түсіндіруге бағытталған
анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей қоғам деген
ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ
сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт
қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек
бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы,
таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға
негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани
нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі –
коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал,
әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар
арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі –
ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде
пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде
түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз
байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл –
қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын,
алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста
болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен
дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас
жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы
анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі
элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан
тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар,
қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи
дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.

Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар
немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету
нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен
туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының
бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер.
Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер
етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер
болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын
салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз
өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-
туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық,
жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен –
саяси қатынас орнатады.
Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар
байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз
етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға
қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған
әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің
әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір
тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің
координациясы мен субординациясынан тұрады.
Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер
арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара
келісімде өмір сүрулері қажет.
Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан
туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар
деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын
алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік көзқараспен
толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім
бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық
деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа
негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен
өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық
жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің негізінде
материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті
алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып
саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз
байланыста болады.

Қоғам — үздіксіз дамитын жүйе

Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық
материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу
тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын
қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып
отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік
философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе
ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін
және  табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді.
Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға
негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып
табылады.Қоғамдық әмір  әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің  ең
жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы 
негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше
үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани 
өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен
қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси  институттардан  және т. б.
тұрады.Тағы  да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен  сипатталады.
Қоғамның  құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің,
сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды 
құрылымдық ұйымдасуы  жағынан сипаттау оның  тек элементтік негізін ашу
емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның  қызмет етуімен дамуында алатын
орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру
аясына  материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады.
Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше
кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-
мәдени  өркениеттілік өлшемдер  арқылы белгілейді.  Өркениеттілік процестің
әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның
күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық
қызметтің  жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың
сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың
демократтылығы қоғам дамуының  басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы
қоғамның ерекше белгілеріне  материалдық және рухани өндірістің  ғаламдық
деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық
негізде  жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің
басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.
Қоғам туралы  философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды.
Ежелгі дүниенің өзінде ақ  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Саясат тарихы туралы ақпарат
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы, жіктелуі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару
«Қоғамдық білім негіздері»
Әлеуметтану қоғамдық – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
Философия, оның пәні. Философия тарихы
Пәндер