Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі


Жоспар
Кіріспе
1-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесінің ғылыми - теориялық негіздері
1. 1. Отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық талдау
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері
2-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын халықтық педагогика құралдары арқылы дамыту мен тәрбиелеу
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын дамытуда халықтық педагогика құралдарының мүмкіндіктері
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қазақ ертегілерілерінің мүмкіндіктері.
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе.
Мәселенін өзектілгі : Қазақстан Республикасының білім берудің дамуының мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын анықтайтын ғылыми - теориялық, методологиялық құжат болып табылатын, мемлекет тәуелсіздігінің нығаюын, елдің қарқынды дамуының негізі ретінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту концепциясында орта білім берудің мақсаты анықталған: рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін, өз елін мақтан тұтатын, еркін бағдарлана алатын, өз еркімен маңызды шешім қабылдай алатын, адамгершілігі мол, білімді, саналы, іскер және қазіргі қоғам дамуына сай жеке тұлғаны қалыптастыру.
2030 - бағдарламасы Қазақстан Республикасының жарқын болашағының бейнесі. Бұл бағдарламаны жүзеге асыратын қазіргі ұрпақ пен келер жас ұрпақ екені сөзсіз. Жоғарыда атап өткеніміздей еліміздің дамып гүлденуіне білімді де білікті, іске де шебер азаматтар қажет. Ал осы қасиеттердің негізі мектепте қалыптасатыны кімге де болса мәлім. Сондықтан, «Асыл - тастан, бала - жастан» деп халқымыз айтқандай, бала тәрбиесі мен оқуына дер кезінде көңіл бөліну керек.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың ендігі жерде басты іс - әрекеті ойын емес, оқу болып табылады. Егер оқу процесі баланы жалықтырып жіберетіндей дұрыс ұйымдастырылмаса, онда бастауыш сынып оқушыларының бойында оқуға деген ынта мен қызығушылық төмендейді.
Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік өреге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін халықтық педагогика құралдары арқылы бүгінгі күні әрбір ел баласының санасына сіңіріп, психологиялық ерекшеліктерін дамыту - ұстаз тәрбиешілердің ең үлкен парызы.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің теориялық және халықтық негіздерін зерттеушілер А. Э Измайлов, С. Қалиев, Қ Жарықбаев, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаев, Қ. Қожахметова, З. Әбілова және т. б. ғылыми еңбектері халық педагогикасының тарихы мен теориясына, әдістемесіне арналған.
Алайда балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда халықтық педагогика құралдарының ролін анықтау әлі терең зерттелмей келеді. Өйткені, адамның өмірі мен іс-әрекетінде танымдық қызығушылықтың алатын орны өте зор. Оның тілді игеруі, қоршаған дүние жайындағы білімдерін қалыптастыруы, адамдық мәдениет әлеміне араласуы, мінез-құлық нормаларын игеруі, белгілі бір әдет дағды мен іскерлікті меңгеруі үшін балалық шақта танымдық қызығушылықты дамыту қажет.
Ұлттық дәстүр элементтерін дамыта отырып оқытудың технологиясында пайдалану оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының дамуына себебін тигізеді, деңгейі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Демек, ұлттық дәстүр элементтерін пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізу оқушыларға ерекше әсер қалдырып, сапалы бім алумен қатар, оқушының дүниетанымын тереңдетіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Сондықтан мектеп, оның әкімшілігі мен педагогикалық ұжым бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, оны қадағалап отыруы керек. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары туралы анықтап, ата - аналармен біріге отырып, оларды қалыптастыру шараларын іске асыруы қажет.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын қазақ еретегілер арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиес.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын қазақ ертегілер арқылы тәрбиелеу, оның ұйымдастырылуы.
Ғылыми болжамы:
- бастауыш сынып оқушыларын оқытуда қазақ ертегілерін тиімді қолданса балаларды жан жақты тәрбиелеуге болады.
Зерттеу міндеті:
- бастауыш сынып оқушыларын қазақ ертегілері арқылы тәрбиелеу мәселесіне теориялық талдау жасау;
- бастауыш сынып оқушыларының қазақ ертегілері арқылы тәрбиелеу мазмұнын айқындау;
- бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде халықтық педагогика құралдарының мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: А. Байтұрсынов, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаев, Қ. Қожахметова, З. Әбілова, Г. И. Щукина, Л. Б. Ермолова-Томина, И. А. Акопянц, В. К. Воеводкина, Н. П. Локалова, П. П. Борисов, А. М. Гельмонт, Н. И. Мурачовский, Г. И. Вергелес, Л. А. Матвеева, А. Л. Венгер, И. А. Акопянц және тағы басқа ғалымдардың осы мәселеге арналған еңбектеріне ғылыми - теориялық талдау.
1-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесінің ғылыми - теориялық негіздері
1. 1. Отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне теориялық талдау
Қазіргі жағдайда жеке тұлғаны педагогикалық процестің субъектісі ретінде қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. Бастауыш мектеп оқушысы тұласы мен санасын қалыптастырудың дамытудың негізгі кезеңі ретінде ерекшеленеді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін бала еркін ойлап, қоршаған ортамен белсенді байланыс жасай білуі керек, толығымен алдында тұрған міндеттерді шешу дағдыларын игере алуы қажет. Демек, бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуға жол ашуы қажет.
Қызығушылық ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдары саласына еніп, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде маңызды орын алды. Бүгінде қызығушылық ұғымына түрліше анықтамалар беріліп, оның негізгі мәнін ашуға нақты қдамдар жасалған. Философиялық энциклопедияда: “Қызығушылық- адамның білімалудағы, жаңа фактілермен танысудағы және болмысты танудағы бағыттылығы”, -делінген.
Педагогика мен психология сөздігінде: “Қызығушылық - дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке ререкшеліктерінің бір көрінісі. Қызығушылық кезінде адам бір нәрсеге қызығып, соған зейін аударады. Өзіне тартып, құмартыратын нәрсенің бәрі қызығушылықтың обънктісі болып табылады. Қызығушылық құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол, ең алдымен, өзінің көлемі жағынан түрліше болады. Бір адамның қызығушылығы өте таяз, тар болып келеді. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін, осылардың ішінде біреуі басыңқы болады. Мұндай қызығушылық еңбек, оқу іс-әрекетінде өте қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығушылық өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, танымдық болып сараланады. Осы тұрғыдан қызығушылық тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығушылық айналадағы заттардың тартымдылығынан туады. Жанама қызығушылық - бұл әрекеттің түп нәтижесін көксеу”.
Ғылыми теориялық әдебиеттерде “қызығушылық” деген ұғым интеллектуалдық бағыттылықты (танымдық, таңданушылық), эмоциялық қарым-қатынасты (эмоция, сезім, қобалжу, т. Б. ), ерік - жігер күшін (мақсаткерлік, өзіндік шешім қабылдау, бірбеткейлік), қажеттілікті, сол секілді тағы да басқа (интеллектілік, эмоциялық, жігерлілік) психикалық процестердің өзара үйлесімділігін нақтылай түседі.
Белгілі бір ғылым саласына қызығушылықтың артуы, оның мақсатқа айналуы немесе бұрынғы қызығушылықтың жаңа сипат алуы оқу, тәрбие процестерінде оқушыда білім дағдылар қорының үнемі жаңарып отыруына байланысты. Қызығушылық - оқу-тәрбие жұмысының шарты ғана емес, сонымен бірге оның нәтижесі де.
Танымдық қызығушылық мәселесін сараптауда ғалым-педагог Г. И. Щукина біртұтас ізденіс танытты. Ол танымдық қызығушылықты былайша анықтады: “Танымдық қызығушылық деп адамның заттарды, құбылыстарды, қоршаған әлем оқиғаларын танып-білудегі таңдаулы бағытын айтуға болады, ол психикалық процестерді, іс-әрекетті, танымдық мүмкіндіктерді белсендіреді. Танымдық қызығушылық - адамның бүкіл өмірі бойындағы іс-әрекет нәтижесінде қалыптасып, оның өмір сүру жағдайындағы әлеуметтік шарттарына қарай тиянақталып отыратын тұлғаның аса маңызды білімгершілігі. Танымдық қызығушылық ешқашан да адамның туа біткен қасиеті бола алмайды”.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, белсендіру процесінің қозғаушы күші шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріне қызығушылық болып табылады.
Балаға дүниедегінің бәрі де жаңа болып көрінеді, сондықтан да олардың қызығушылығы тез пайда болады және дамиды. Мектепке дейінгі жастағы балалардьщ қызығушылығы негізінен ойынға ауады. Бұл қызығушылық едәуір дәрежеде төменгі cынып оқушыларында да сақталады. Бірақ мектепке келмей тұрғанда-ақ, бұрын сөз болғандай, балаларда оқуға деген қызығушылық көріне бастайды. Олардың бәрі де «бірінші cыныпқа бірінші рет» баратын сәтті тағат-сыздана күтеді. Сонымен алғашында олардың оқуға деген қызығушылығы көп нәрсеге таралады, диффузды, бытыраңды сипатта болады. Мектепте балаларды бәрі қызықтырады: оларға мұғалімді тыңдау, қолды көтеру, орнынан тұру, сұрақтарға жауап беру, дауыстап оқу, дәптерге жазу, бағалар алу ұнайды, сөйтіп бірте-бірте қызығушылықтары анықталады, дифференциацияланады (мүшеленеді) .
Балалар оқу пәнінің бір түрімен аз, енді бір түрімен көп уақыт айналысуға бейім келеді. Ұнататын, ұнатпайтын пәндері пайда болады.
2 cыныптың өзінде-ақ бірқатар балалар дауыстап оқуды және әңгімелеуді көбірек жақсы көрсе, енді біреулері есептеуді, есеп шығаруды, ал кейбіреулері сурет салуды немесе дене шынықтырумен айналысуды ұнататындықтары байқалады. 3 cыныпта оқу пәндерін осылайша таңдап ұнатулары мұнан да гөрі белгілі болады және ол cыныптан тыс жұмыстарда көрінеді. Балалар өз инициативасы, өз таңдауы бойынша белгілі бір көркем немесе көпшілікке арналған әдебиеттерді оқи бастайды.
Бұл жаста олардың танымдық қызығушылығы жас өспірімдік, әсіресе бозбалалық кезеңдегідей орнықты және айқын болып ерекшеленбейтіндігін атап айтуымыз керек. Мұнымен қоса бұл қызығушылықтар аса тереңдей түседі. Егер 1 және 2 cыныптыњ бас кезінде балаларды фактілер, оқиғалар, әңгіме сюжеттері қызықтырса, ал екінші оқу жылының аяғынан бастап оларды бұл фактілер мен олардың себептерін түсіндіру қызықтыра бастайды. Эксперименттердің бірінде 1, 2, 3 және 4 cынып балаларына екі әңгіме оқылды: біріншісінде жануарлар тіршілігінен қызықты мағлуматтар айтылып, екіншісінде жібек маталарын дайындау жағдайы түсіндіріліп баяндалды. Мұнда ересек балаларға екінші әңгіме көбірек ұнағандығы байқалды. Бұдан көрінетін нәрсе, жасы өскен сайын мектеп окушысының қызығушылығы өсіп қана қоймайды, бұлар неғұрлым күрделі құбылыстардан туады екен.
Балада мектепке келмей тұрып-ақ көптеген қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасады. Мұғалімнің міндеті: зиянды әдетке айналып кетпес үшін, қажеттіліктері мен қызығушылықтарының пайдалысын дамытып, қажетсізіне жол бермеу және ақырында, баланың денсаулығына немесе моральдық сапаларына зиянын тигізетін кейбіреулерімен күрес жүргізу болып табылады. Мұнымен бірге мектеп, балаларда бұрын болмаған, бірақ тұлғаға қажет дұрыс қажеттіліктер мен қызығушылықтарды тәрбиелеуі тиіс. Бұл қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту жұмысын жанұямен тығыз байланыста жүргізу керек. Үйде баланы шамадан тыс ойын-сауыққа, көңіл көтеруге тәрбиелеп, мораль нормаларына жататын мәдени тәртіптілік әдеттерін қалыптастыру үшін ешқандай шара қолданбайтын болса, онда мұғалім ата-аналармен тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Әрбір шектен тыс, әсіресе материалдық, қажеттіліктерін өтеуден эгоистер тәрбиеленіп шығатындығына, ал рухани тілектерге шек қоймаудан ой-өрісі тар және пайдалы іс-әрекетке икемі жоқ адамдардың пайда болатындығына оларды сендіру керек.
Мұғалімнің аса бір маңызды міндеті - балаларда байсалды көркем әдебиетке деген қажеттілікті, қоғамдық жұмыстарда басқа адамдарға пайдасы тие білуге ұмтылуын дамыту. 7-8 жастағы балаларда (жоғарғы cыныптардағы мектеп оқушыларымен салыстырғанда) білімді қажет етушілік аз байқалады. Сондықтан да мұғалім балалардың мектепке келген алғашқы жылынан бастап-ақ, ғылымға деген қызығушылығын дамытуы керек. К. Д. Ушинский былай деп жазған болатын: «Орта және төменгі оку орындарында оқушыньщ пәнге өзі қызығушылығын күтіп отыруға болмайды, бірақ мұғалімнің барлық өзінің тыңдаушыларының зейінін әркашан да қозу жағдайында ұстайтындай әдісі болуы тиіс». Оқыту белгілі бір дәрежеде балалардың қызығушылық-ынтасына сүйенуі қажет, сонымен бірге олардың талап-тілектерін дамытады.
Төменгі cынып оқушыларының қызығушылық-ынтасын дамытуға не көмектеседі? Оқытуда көрнектіліктің (иллюстрация, дидактикалық мате-риал, тәжірибе жүргізу, экскурсия т. б. ), мұғалімнің шұрайлы әңгімесінің зор маңызы бар. Оқушы өздері жасауға тиісті бақылаулар, сондай-ақ өз бетінше жұмыстардьщ басқа түрлері үлкен қызығушылық-ынта туғызады. Балалардың бір нәрсеге қызығушылықының артуының басты шарты - жаңа оқу материалының алдын ала белгілі мағлұматтармен дұрыс байланыста болуы. Әдетте адамның, ежелден таныс, білетінінің элементтері бар, жаңа нәрсе оның қызығушылығын оятады және ол өзімізде бұрыннан болған біліміміздің өрісін кеңейтіп, бұл білімімізді (кейде өзгертеді, не оның дұрыс еместігін білдіреді) толықтыра түседі. Сондықтан да олар бәрін жақсы игерген оқу пәндерімен қызу айналысады, оған қызыға қарайды, ал түрлі себептер бойынша білімдерінде үлкен олқылықтары бар пәндермен айналысуды өте жек көреді.
Оқытуға деген ынта-қызығушылықтың пайда болуы үшін, тек қана жаңаны ескімен байланыстыру жеткіліксіз, сондай-ақ қызықсызды қызықтымен байланыстыру қажет.
Оқытуда ынта-қызығушылықты дамытуда эмоцияның атқаратын ролі зор. Мұнда балалардың оқу материалы мұғалімнің жеке басымен тығыз байланыста болады. Сүйікті педагогтың барлық пәндері қызықты болып көрінеді. Оқушылармен жөнді тіл табыса алмаған мұғалімнің оқу жұмыстарымен де балаларды қызықтыра алуы қиынға түседі.
Мәдени қажеттіліктерді дамытуға оқушылармен дұрыс жолға қойылған эстетикалық тәрбие көп көмегін тигізеді, Әдебиет пен өнерге деген қызығушылықты балаларға төменгі cыныптарда-ақ егу қажет. Сондықтан балалардың кітап окуға деген қызығушылығын жүйелі түрде және шебер оята білу, төменгі cынып оқушыларын көркем өнерпаздар үйірмесіне белсенді қатыстыра алу, олармен музейлерге, театрларға, көрмелерге бару, олар түсіне алатын музыканы тыңдау - мұның бәрі төменгі cынып оқушыларының рухани ынта қызығушылықының өсуіне көп көмек көрсетеді, оларды мәдениетті, мазмұнды және бақытты өмірге даярлайды.
Л. Б. Ермолова-Томина, И. А. Акопянц, В. К. Воеводкина оқушылардың әр пәнді жемісті меңгеруі үшін оларда танымдық процестің белгілі бір сапаларын, танымдық қызығушылықты қалыптастыру керек дейді. (13) Айталық, тілтік пәндерді оқығанда бейнелі және қозғалыс есін, ес көлемін, қабылдаудың нақтылығын, талдау мен жалпылау операцияларын дамытқан дұрыс. Ал математика пәнін оқытқанда балалардың - есте сақтауын, болжам жасай алу қасиеті мен аналитикалық қабілеттерді, ой қорытындысын жасай алу біліктілігін, нақтылықты, сондай - ақ, зейін тұрақтылығын жоғары деңгейде қалыптастыру орынды.
Бастауыш сыныптарда мектептегі баланың оқуға қызығушылығы мәселесі көптеген мамандардың көңілін аудартады, себебі, бастауыш білім - орта білімнің негізі. Сонымен бірге, бастауыш сынып, жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше маңызға ие.
Регуш, балалардың танымдық белсенділігіне оның қызығушылығы, мотивациясы, қасиеті мен қабілеті әсер етеді десе, Н. П. Локалова, П. П. Борисов әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және физиологиялық факторларды басты себеп ретінде көрсетеді, ал А. М. Гельмонт, Н. И. Мурачовский, Г. И. Вергелес, Л. А. Матвеева танымдық қызығушылықты жеке бас қасиеттерімен, оқуды дұрыс ұйымдастырумен байланыстырады, Сомароф балалардың мектептегі жетістіктеріне ата - аналардың әсерінің бар екеніне мән берген, А. Л. Венгер, И. А. Акопянц.
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығының ерекшеліктері
Психологиялық факторлар арасынан танымдық қызығушылығына әсер ететін бірнеше салаларды анықтауға болады:
- танымдық;
- мотивациялық;
- эмоциялы - еріктік;
Психологиялық факторлардың бірінші тобына оқу іс - әрекеті амалдарын қалыптастыру; психикалық процестердің дұрыс дамуы, әсіресе баланың ойлау аясының; танымдық әрекетте көрінетін баланың өзінің жеке ерекшеліктерін дұрыс қолдануы жатады.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаға, ол үшін іс - әрекеттің жаңа түрі болып табылатын - оқу іс - әрекетін меңгеру керек. Сондықтан, оған белгілі бір дағды мен іскерліктер қажет. Мысалы, әріптерді үлгіге қарап көшіру, санау, өлеңдерді жаттау сияқты. Осы әрекеттерді орындауда ол өзіндік әдістерді қолдана бастайды. Ал бұл әдістердің қаншалықты ұтымды екенін оларға анықтау оңай емес. Осы кезде оларға мұғалім мен мектеп психологы көмекке келеді. Бұл көмекті жүзеге асыру барысында мұғалім мен психолог баламен жеке жұмыс атқару қажет екенін ескергені жөн. Бұл жұмыс барысында олар баланы оқу процесінде және эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде бақылайды, баланың белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы туралы әңгімелеседі, пікір алысады, осал жеріне көңіл аудартады, қателерін көрсетіп, оның және оның ата - анасының оны түзетудің жолдарымен таныстырады, оқу процесінде білімді толық меңгеру мақсатында біліктілік пен дағдыларды қалыптастырып, оқудың дұрыс амалдарын көрсетеді.
Ал енді психикалық процестердің қалыптастыруға тоқталатын болсақ, бұл баланың ойлау амалдарының, есте сақтауының және зейін қасиеттерінің жеткілікті деңгейде қалыптастырып, дамыту жатады. Егер осы психологиялық процестер бала бойында жеткілікті дамыса, ол баланың танымдық қызығушылығы да артады.
Зейін деп - адам санасының бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Оқу процесінде зейін үлкен мәнге ие. Оқу іс - әрекеті мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін оқушы өз зейінін бөле білуі мен шоғырландыра алуы, тұрақтата алуы өте маңызды. Зейіннің бұл қасиеттері оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Айталық, оқушы математика сабағында есеп шығарып отыр, жұмыс барысында ол өз зейінін есеп шығаруға шоғырландырып, тұрақтатады, сонымен бірге тақта алдында осы есепті шығарып тұрған оқушы әрекетіне көңіл аударып, зейінін бөліп отырады. Бұның бәрі есепті дұрыс шығару үшін қажет, ал тапсырманы дұрыс орындау өз кезегінде оқушының оқуға деген қызығушылығын анықтайды. Оқу барысында бір сабаққа көңіл аудару зейіннің бөлінушілік қасиетіне байланысты.
Бастауыш сыныпта ырықтылық қалыптасып, ырықты зейін, ес, ойлау процестері дами түседі. Оқушы ырықтылықтың арқасында өз іс - әрекеті мен тәртібін басқара үйренеді. Бұл түрлі оқу тапсырмаларын нәтижелі орындауға өз септігін тигізеді.
Зейіннің көлемі, аударылуы, алаңдаушылығы да баланың білімді меңгеруіне өз зейіннің тұрақтата алмай, әр нәрсеге алаңдаса, онда ол сабақ тақырыбын түсінуге, не тапсырманы дұрыс тиянақты орындауғы кері әсерін тигізеді.
Ойлау баланың білімді толық меңгеруіне үлкен септігін тигізеді. Ойлаудың ерекшеліктерінің дұрыс бағытта дамуы оқуға қызығушылықты оятуы мүмкін. Оқу процесінде ойлаудың даму деңгейі теориялық білімді практикада қолдана алудан көрінеді. Бастауыш сынып ұғымды ойлаудың дамуының сензетивті кезеңі болып табылады. Бұл жас кезеңінде ғылыми ұғымдардың қалыптасуы енді басталады. Білімді толық қанды меңгеруде бала әр сөздің мағынасын біліп, ұғымдарды түсіне алуы шарт. Бала бойында талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау сияқты ойлау операцияларының қалыптасып, дамуы оқу процесінің жемісті болуының негізі. Ойлау дағдылары кез келген оқу тапсырмасын орындауда қажетті.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауының нақтылығы сөз бен сөз тіркестерінің ауыспалы мағынасын түсінуде қиындықтар тудыртады, ойлаудың инерттілігі (барлық мәліметтерді қажетті және жетклікті талдаудың жоқтығы) дұрыс емес ой қорытындысын жасауға әкеледі және белгілі бір мәселені шешуде барлық керекті мәліметтерді бір мезгілде қолдана алмауға әкеледі. Сондықтан мұғалім жаңа тақырыпты өтпес бұрын сабақ барысында қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz