Қылмыстық істерді қарау кезінде дәлелдемелерді бағалау жөнінде әдістемелік ұсыныс


Қылмыстық істерді қарау кезінде дәлелдемелерді бағалау жөнінде әдістемелік ұсыныс
сәуір 2011 жыл Ақтөбе қаласы
Ақтөбе облыстық сотының 2011 жылғы бірінші жарты жылдығына қылмыстық істерді қарау кезінде дәлелдемелерді бағалау жөнінде әдістемелік ұсыныс дайындау жоспарланған.
Әдістемелік ұсыныс дайындаудың негізгі себептерінің бірі, ол 2010 жылы соттармен қылмыстық істерді қарау кезінде дәлелдемелерді бағалауға байланысты көптеген қателіктер жіберіліп, соның салдарынан сот үкімдері бұзылған.
Осыған байланысты әдістемелік ұсыныс келешекте соттармен қателіктер жібермеу мақсатында дайындалды.
Қылмыстық iстер бойынша дәлелдемелердi бағалау кезiнде қылмыстық процестi жүргiзетiн орган Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң нормаларымен белгiленген принциптердi қатаң сақтауға мiндеттi.
ҚIЖК-нiң 115-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, қылмыстық процестi жүргiзушi орган iс жүргiзу заңымен белгiленген тәртiппен алынған қылмыстық әрекеттiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау барысында негiзделген заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Қылмыстық iстiң дұрыс шешiлуi сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталған iс жүзiндегi деректерге ғана негізделуі тиіс.
Олар жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық істі қозғағанға дейін материалдарды тексеру, іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу мен басты сот талқылауы барысында алынуы мүмкін.
Заңмен қарастырылмаған көздерден алынған іс жүзіндегі деректер дәлелдемелер ретінде танылуға тиіс емес.
Судья дәлелдемелердi, олардың жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi нанымы бойынша заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып бағалайды.
Iшкi наным бойынша дәлелдемелердi бағалау дәлелдемелердiң нанымдылығы, мәлiметтердiң ақиқаттығы немесе жалғандығы, олардың жиынтығында түпкiлiктi, дұрыс тұжырым жасау мен шешiмдi негiздеу үшiн жеткiлiктiлiгi туралы мәселелердi судьяның тiкелей өзi ғана шешетiнiн бiлдiредi.
Судья дәлелдемелердi заңды басшылыққа ала отырып, яғни дәлелдемелердi жинау және бекiту тәртiбiн белгiлейтiн құқық нормаларының сақталуын, олардың іске қатысын және жарамдылығын бағалайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепiлдiк берiлген адам мен азамат құқықтары бұзылған және ҚIЖК-нiң 116-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталған кезде дәлелдеме жарамсыз деп танылады.
Iс бойынша дәлелдемелердiң жарамсыздығы туралы мәселенi шеше отырып сот әрбiр жағдайда жол берiлген заң бұзушылықты нақты анықтауы тиiс. Бұл ретте сот жарамды дәлелдемелердi iс материалдарынан негiзсiз алып тастау, сондай-ақ сот отырысында дәлелдемелер ретiнде жол берiлмейтiн нақты деректердi зерттеу жағдайларына жол бермеуге тиiс.
Дәлелдемелердiң нанымдылығы iс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып тексеру, бiр дәлелдемелердi басқалармен салыстыру жолымен анықталады.
Егер жиналған дәлелдемелер ҚIЖК-нiң 117-бабында көрсетiлген қылмыстық iс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтаса, онда олар істі дұрыс шешу үшін жеткілікті деп есептеледі.
Сот дәлелдемелерді өз бастамашылығымен немесе тараптардың өтініші бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
Сот тараптар ұсынған дәлелдемелердi жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге және оларды заңға сәйкес бағалауға мiндеттi. Iстi дұрыс шешу үшiн сот қылмысты дұрыс саралау және жазаны дұрыс тағайындау үшiн қажеттi, соның iшiнде, сотталушының жеке басын сипаттайтын мәлiметтердi ұсыну бойынша (ұрланғанның құны туралы анықтамалар, үкiмнiң көшiрмесi, соттылығы туралы, отбасы құрамы туралы анықтамалар және т. б. ) айыптаушы тарапқа мiндеттер жүктеуге құқылы.
Iс бойынша қажеттi мәлiметтердi ұсыну мiндеттерiн iс жүргiзуге қатысушыларға жүктеу орындалу мерзiмi көрсетiлiп сот қаулысымен ресiмделедi.
Сот iс бойынша дәлелдемелердi тараптар тағылған айып көлемiнде оған ұсынған шектерде ғана тексереді.
Осы ретте, сот сотталушының кiнәлi немесе кiнәсiздiгi, алдын ала тергеудiң олқылықтарын жою жөнiнде қосымша дәлелдемелердi жинауға тиіс емес.
Қылмыстық iстi ҚIЖК-нiң 303-бабының талаптарын бұза отырып (соттың сотталушының қорғану құқығын бұзуына: сотталушы өз кiнәсiн мойындамай отырған кезде, сотталушының кiнәлiлiгiн растайтын дәлелдемелердiң болмауына байланысты қорғаушының өтiнiмi бойынша жiберiлсе; мемлекеттiк айыптаушының немесе жәбiрленушiнiң өтiнiмiнсiз iс ауыр айыпқа өзгерту үшiн қосымша тергеуге жiберiлсе) қосымша тергеуге жіберілгеннен кейін алынған дәлелдемелер жарамсыз деп тануға жатады.
ҚР Конституциясының 77 бабының 3 бөлігінің 9 тармағына сәйкес, ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес.
Осыған орай, істi ҚIЖК-нiң 363-бабында көзделген қысқартылған тәртiпте қарау жағдайларын қоспағанда, соттың үкімі заңды болу үшін сотталушы мен жәбiрленушiнiң жауаптары басқа да дәлелдемелермен: куәлардың айғақтарымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен расталу қажет.
ҚР ҚІЖК-нің 116 бабының 3 бөлігіне сәйкес, куә ретінде алдын ала жауап алу барысында сезікті, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретінде танылмайды және айыптау негізіне алынбайды.
Сотта куә ҚIЖК-нiң 82-бабы үшiншi бөлiгiнiң негiзiнде айғақтар беруден бас тартқан кезде, оның алдын ала тергеу барысында берген көрсетулерi жариялана алмайды және дәлелдемелер ретінде танылмайды.
Сараптама жүргiзу кезiнде берiлген және сарапшының қорытындысында көрсетiлген, қылмыс жасағаны үшiн кiнәсiн мойындаған айыпталушының түсiндiрмесi дәлелдеме ретiнде танылмауы тиiс.
Сараптама тағайындаған органнан мөрленуi буылып-түйiлуi, пломбалары, мөрлерi бұзылып келген сараптамалық зерттеу объектiсiнiң негiзiнде алынған сарапшының қорытындысы, сарапшының тұжырымдарының нанымдылығына әсер ететiн бұзушылықтың мәнi мен сипатына қарай, жарамсыз дәлелдеме деп танылуы мүмкін.
Қылмыстық iс жүргiзу заңы (хаттама жасалмай, куәгердiң қатысуынсыз және т. б. ) бұзыла отырып алынған және iске қосылған заттай дәлелдемелер жарамсыз дәлелдемелер деп танылуы тиіс.
Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасын дәлелдеме ретiнде бағалаған кезде, оның ҚIЖК-нiң 126-бабының талаптарына сәйкестiгiн тексеру қажет.
Егер тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасын жасаған кезде iс жүргiзу заңдарын елеулi бұзушылықтарға (хаттамада тергеушiнiң, куәгердiң қолы қойылмаған болса және т. б. ) жол берiлсе, онда ол жарамсыз дәлелдеме деп танылуы мүмкін.
Заңмен қарастырылмаған тәртiпте алынған материалдар (тұлғаның өз бетiмен жасырын аудиожазба жүргiзуi және т. б. ) iстiң материалдарына қосыла алмайды және жарамды дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды.
Егер тараптар даулаған жазбаша құжаттың түпнұсқасы ұсынылмаса және оған тиiстi сараптама жүргiзу мүмкiн болмаса, онда ол дәлелдеме деп таныла алмайды.
"Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне сәйкес өткiзiлген жедел-iздестiру қызметiнiң барысында және қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiпте алынған нәтижелер дәлелдемелер ретінде таныла алады.
Жеке өмiрге, тұрғын үйге қол сұғылмауы, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығына азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуге байланысты жедел-iздестiру iс шараларының нәтижелерi, егер олар заңға негiзделсе және осы iс шараларды өткiзу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Республиканың әскери прокурорының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың санкциясымен алынса, онда олар iс бойынша дәлелдемелер ретiнде пайдаланыла алады.
Алдын ала тергеу барысында жедел iздестiру iс-шараларын өткiзуге, сондай-ақ аудан (қала) прокурорлары немесе олардың мiндетiн атқарушы тұлғалар санкция беруі мүмкін.
Өткiзiлуiн өкiлеттiгi жоқ прокурор санкциялаған, сондай-ақ ҚIЖК-нiң 237-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген iстер бойынша жедел-iздестiру шараларының нәтижелерi дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды.
Прокурордың санкциясынсыз жедел-iздестiру iс-шараларының нәтижесiнде алынған материалдар, кейiнге қалдыруды күтпейтiн және террористiк актiнiң, диверсияның және өзге де ауыр қылмыстардың жасалуына әкелуi мүмкiн мән-жайлар болған кезде ғана дәлелдемелер ретiнде танылуы мүмкiн. Осы iс-шараларды өткiзудi жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын тиiстi органның басшыларының бiрiмен дәлелдi қаулымен негiздеуi тиiс, бұл жөнiнде прокурорға мiндеттi хабарлануы және кейiн қаулы шыққан сәттен бастап 24 сағат iшiнде санкция алынуы тиiс.
Егер прокурордың санкциясынсыз жүргiзiлген арнайы жедел-iздестiру шаралары кейiнге қалдыруды күтпейтiн және ауыр, аса ауыр қылмыстардың жасалуына әкелуi мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органның басшыларының бiрiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде, прокурорға хабарланып және кейiн қаулы шыққан сәттен бастап 24 сағат iшiнде санкция алынған болса, олардың материалдары жарамды дәлелдемелер болып танылуы мүмкiн.
Егер материалдар прокурордан санкцияны iс жүзiнде алу мүмкiндiгi бола тұра санкциясыз жиналса немесе жедел-iздестiру iс-шараларының заңсыздығы туралы прокурормен шешiм қабылданса, онда олар дәлелдемелер ретiнде жарамсыз деп танылады.
Қылмысқа қатысушылардың бiреуiне қатысты жеке өндiрiске бөлектенген қылмыстық iстi қарау барысында, басқа қатысушыға қатысты заңды күшiне енген үкiмнiң, тек қылмыс оқиғасын, қылмыстың объективтiк жағының белгiлерiн, қылмыспен келтiрiлген зиянның түрi мен көлемiн және т. б. анықтау бөлiгiнде преюдициалдық маңызы бар.
Бұрын сотталған қылмысқа өзге қатысушы жөнiндегi үкiмде адамның тегiнiң көрсетiлгенiне қарамастан, ол адамға қатысты бөлектенген iс бойынша оның қылмыс жасауға кiнәлi немесе кiнәлi емес екенiн растайтын дәлелдемелер жеке зерттелуi және бағалануы тиiс.
Алдыңғы үкiммен сотталған адамдар куәлар болып табылмайды, сондықтан бөлiнiп шығарылған iс бойынша сот отырысында олардан жауап алу кезiнде, олар қасақана жалған айғақ бергенi немесе айғақ беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілуге тиіс емес.
ҚР Жоғарғы Сотының № 6-шы 11 сәуір 2002 жылғы «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 6 тармағына сәйкес, алдын ала тергеу барысында кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің қорғалу құқығы бұзылғаны анықталса, соттар іс бойынша жиналған дәлелдемелерге баға берген кезде заңдылық пен сот ісін жүргізудің қағидаттары бұзылған деп есептесе, онда ҚІЖК-нің 9, 116, 128-баптарын басшылыққа алып, заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда, істегі материалдардың кейбір дәлелдемелерінің күші болмаған деп таныған жөн.
Кәмелетке толмаған адамдар жөніндегі істерге міндетті түрде қорғаушының қатысуы туралы заң талаптарының сақталмауы - КІЖК-нің 415 бабы 3 бөлігінің 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзу болып саналып, оны үкімнің бұзылуына әкеліп соқтыратын жағдай деп қарау қажет.
Осы қаулының 13 тармағына сәйкес, іс жөніндегі дәлелдемелерді, оның ішінде кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпкердің істі алдын ала тергеу барысында берген жауаптарын зерделеген кезде, соттар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін кәмелетке толмағанды оның заңды өкілі арқылы шақыруға және ұзақтығы үзіліссіз екі сағаттан артық емес, ал күніне төрт сағаттан артпайтын жауапты тәуліктің күндізгі уақытында алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтың міндетті түрде қатысуымен алуға міндеттейтін КІЖК-нің 484 және 485-баптарының талаптарының орындалғанын тексеруге міндетті.
Заңның бұл талаптарын орындамау, сондай-ақ кәмелетке толмағанның қылмыс жасағанына сезіктенуге немесе оған айып тағуға жеткілікті негіз бола тұра, одан куә ретінде жауап алу кәмелетке толмағанның жауаптарын дәлелдер ретінде тануға жол бермейді.
ҚР ҚІЖК-нің 86 бабының 2 тармағына сәйкес, өздерінің қатысуымен болып жатқан іс-әрекеттерді толық және дұрыс қабылдауға қабілетті, іске мүдделі емес және қылмыстық ізге түсу органдарына тәуелсіз кәмелеттік жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz