Қоғам әлеуметтік жүйе ұғымы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

"Қоғам" әлеуметтік жүйе ұғымы.

1. "Қоғам" әлеуметтік жүйе ретінде.

2. Қоғамның базисті компоненттері.

3. Қоғамдардың типологиясы

"Қоғам'' деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т. б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді.

Көп уақытқа дейін "мемлекет" және "қоғам" ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл үғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын "қоғам" ұғымынан айырып қарау үшін "stato" деген арнайы термин еңгізді.

Бұл аталған ұғымдардын айырмашылығын немістін ұлы философы Гегсль теориялық жағынан негізден дәлелдеді.

"Мемлекет", "қоғам", "ел" деген ұғымдарды синоним ретіндс түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар.

Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам - бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамды басқаратын билік орғаны; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

Ғылыми әдебиеттерде "қоғамның" мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардын бәрі бірдей "коғам"деген ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипаттайтын белгілер бар.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға нсгіздслген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі - коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: "Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" дейді.

Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл - қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:

1) әлеуметтік - экономикалық (касталар, сословиелер, таптар) ;

2) әлеуметтік - этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар) ;

3) өлеуметтік - демографиялық (жастар, карт адамдар, балалар, ерлер, әйелдср, т. б. ) ;

4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т. б. ) ;

5) әлеуметтік-территориалық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

Әлсуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғыснан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік - экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйтксні қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үщін бұл аталған өлшемнің мәні зор.

Қоғамда бір-біріне қарама-карсы таптардың шығуына басты себен болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен кұрылымындағы өзгерістерге байланысты коғамды басқа - рулың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

Қогам дамуының бұл сатысын "таптық, күрделі қоғам" деп жіктеуге болады.

Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселсн, жазба өмірінің пайда болуымсн байланысты:

а) жазбаға дейінгі жәие

ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялык катынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, пранвославиелік, католиктік, т. б. қоғамдар ден те жүктейді.

Әлеуметтану ғылымы коғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік -экономикалық белгілерге аударады.

Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудін мәніне көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда нгізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктсйді. Олардын басқаша 5 қогамдық - экономикалық формациялар дсп те атайды. Олар мыналар:

а) алғашқы қауымдық қоғам;

ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;

б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;

в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;

г) коммунистік қогамдық-экономикалық формация.

Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар - таптық-антагонистік. қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекшс маңыз береді. Бүл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тансыз қоғам дейді.

Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

Кеңес Одағы мсн социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси төртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Әлеуметтану ұғымы және оның қалыптасуы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саясаттану пәнінен дәрістер
Қоғам жүйе ретінде
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Әлеуметтану обектісі
Саяси жүйенің қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz