Қылмыс субьектісі туралы түсінік
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. БӨЛІМ Қылмыс субьектісі туралы түсінік.
ІІ. БӨЛІМ Қылмыс субьектісінің белгілері
2.1. Есі дұрыстық . қылмысқа жауаптылық шарты
2.2. Ақыл.есі дұрыс еместік туралы түсінік ... 22
2.3.Жас шамасы ,қылмыс субьектісінің
басты белгілерінің бірі ... ...36
ІІІ. БӨЛІМ Қылмыстың ерекше субьектісі.
3.1. Қылмыстын ерекше
субьектісі туралы түсінік ...40
3.2. Ерекше қылмыс субьектісінің түрлері 44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Әдебиет көздері ... ... ...52

Заңдылықпен хұқық тәртібін нығайту- мемлекеттің ең басты мүдделерінің бірі болып табылады. Қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық күрделі шараларын іс-жүзіне асырудағы қылмыстық құқықтың маңызы зор.
Қылмыстық құқық - қоғамдық қатынастарды қорғай отырып, қылмыстық істерден туындайтын мемлекеттік мүддеге кері әсер жасайтын әрекеттерге өздерінің органдары арқылы тиісті заң арқылы баға беріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық хұқығы - қылмыстық заңдар жиынтығы, негізінен қылмыстық жауапкершілікті анықтап, қылмыстық іс-әрекеттерге түсініктеме береді, қылмыстық іс-әрекеттердің түрін , осыған байланысты жазның мөлшері мен түрлерін , сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен босатудың жолдарын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 1998 жылғы 1-ші қаңтардан күшіне енген 3-статиясында айқындалғандай:қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде , яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қәуіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істегенге айыпты адам тартылады. Бұл қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылады.

1. Ағыбаев. Қылмыстық құқық жалпы бөлім. Жеті Жарғы, 1999ж.
2. Ағыбаев. Қылмыстық құқық ерекше бөлім. Жеті жарғы,2000 ж.
3. Қ.Р.Қылмыстық іс жүргізу кодексі.1998 ж.
4. Қ.Р.Қылмыстық кодексі. 1998 ж.
5. Уголовное право Р.К. Издательство “Әділет”. 1997 г.
6. Уголовное право. Часть общая, часть особенная. Учебник Москва Юриспруденция. 1999 г.
7. Қ.Р. Қылмыстық Кодексіне түсініктеме. Алматы 2001 ж.
8. з.ғ.к.Е.О. Алауханов, з.ғ.к.С.М. Рахметов Қ.Р. Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім оқулық. Алматы: Жеті жарғы баспасы. 2001 ж.
9. Е. Алауов. Қылмыстыққа тосқауыл. әл-Фараби баспасы. Алматы 1997 ж.
10. Н.С.Лейкина “Личность преступника и уголовная ответственность”. Л.1968 г.
11. Д.Р. Лунц “Критерий неизменяемости в практике судебно-психиатрической экспертизы ”. М. 1958 г.
12. В.И. Михеев “Основы учения о вменяемости и внеменяемости”. Владивосток 1980 г.
13. В.С. Орлов “Субьект преступления”. Москва 1958 г.
14. Р. Орынбаев “Специальный субьект преступления” Алма-Ата. 1977 г.
15. В.В. Устименко “Специальный субьект преступления”. Львов. 1989 г.
16. Е.И.Каиржанов. Уголовное право Р.К. Учебник. А., 1998 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ----------------------------------- ------------------------ 3
І. БӨЛІМ Қылмыс субьектісі туралы түсінік. ------------ 7
ІІ. БӨЛІМ Қылмыс субьектісінің белгілері ----------- 12
2.1. Есі дұрыстық - қылмысқа жауаптылық шарты ------------12
2.2. Ақыл-есі дұрыс еместік туралы түсінік --------------------22
2.3.Жас шамасы ,қылмыс субьектісінің
басты белгілерінің бірі ----------------------------------- -----36
ІІІ. БӨЛІМ Қылмыстың ерекше субьектісі-------------------40
3.1. Қылмыстын ерекше
субьектісі туралы түсінік ----------------------------------- ------40
3.2. Ерекше қылмыс субьектісінің түрлері ----------------------44
ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- -------------47
Әдебиет көздері ----------------------------------- --------------52
К І Р І С П Е
Заңдылықпен хұқық тәртібін нығайту- мемлекеттің ең басты
мүдделерінің бірі болып табылады. Қоғамның әлеуметтік, саяси және
экономикалық күрделі шараларын іс-жүзіне асырудағы қылмыстық құқықтың
маңызы зор.
Қылмыстық құқық - қоғамдық қатынастарды қорғай отырып, қылмыстық
істерден туындайтын мемлекеттік мүддеге кері әсер жасайтын
әрекеттерге өздерінің органдары арқылы тиісті заң арқылы баға
беріледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық хұқығы - қылмыстық заңдар
жиынтығы, негізінен қылмыстық жауапкершілікті анықтап, қылмыстық іс-
әрекеттерге түсініктеме береді, қылмыстық іс-әрекеттердің түрін ,
осыған байланысты жазның мөлшері мен түрлерін , сондай-ақ қылмыстық
жауапкершіліктен босатудың жолдарын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 1998 жылғы 1-ші
қаңтардан күшіне енген 3-статиясында айқындалғандай:қылмыстық жауапқа
және жазаға тек қана қылмыс істегенде , яғни қылмыстық заңда
көрсетілген қоғамға қәуіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен
істегенге айыпты адам тартылады. Бұл қылмыстық жауапкершіліктің негізі
болып табылады.
Қылмыстық жауапқа субьектінің әрекетінде белгілі бір қылмыс
құрамы ғана жауапқа тартылады ( айталық, ұқрлық жасау, тонаунемесе
кісі өлтіру және басқа қылмыстық құрамы) жауапқа тартылады.
Қылмыстың құрамы- негізінен олардың белгілерінің жиынтығы, қоғамға
қауіпті қылмыстық істер іс-әрекеттерді айқындайды. Қылмыстық хұқылық
теориясы қылмыс құрамының төрт элементтерден тұратынын белгілейді :
Қылмыстық обьективті жағы : қылмыстың обьектісі: яғни бұлар қылмыстың
белгілерін анықтайтын типтік белгілер. Егер бұл элементтердің
біреуі жоқ болғанның өзінде қылмыстың жауапкершілігі болмайды, яғни
қылмыс құрамы жоқ. Мұндай ретте хұқылықұ нормалармен реттелетін
заңдылық бұзылады.
Қылмыстың құрамын анықтау қылмыстық істерді дәрежелеу сот-тергеу
органдары арқылы атқарылады. Яғни қылмысты дұрыс дәрежелеу қоғамға
қауіпті істерді дәл хұқылық айқындау болып табылады. Осындай және
көптеген басқа мәселелер қылмыстың құрамын дұрыс анықтап шешіуге
көмектеседі.
Қылмыстың құрамының бір элементі - қылмыс субьектісі. Жай
қарағанда қылмыс субьектісін айқындау ешқандай қиындықтар тудырмайтын
сияқты. Қылмыс субьектісі деген не. Бұл заң жүзінде белгіленген, кім
және қашан, не үшін қылмыстық істің нақты жауапкері болатынын
айқындайды. Бірақ бұл мәселе іс жүзінде елеулі қиындықтарды
туғызады. Қылмыстың нақты субьектісін анықтау сот-тергеу
практикасында көптеген елеулі қиындықтар туғызады.
Бұл қиындықтарды шешуде республикалық сот Пленумының
түсініктемелері, іс-тәжрибелері, қылмыс жөніндегі проблемалары мен
оның құрамында талдау жасалған. Осы ғылыми мәселелерге Мысалы,
В.Н.Кудрявцев, А.Н.Трайнин, А.А. Пионтковский, П.С. Дагель, В.А.
Владимиров, Г.А. Лейкина, Б.В.Волженкин, В.Д. Филимоновтар елеулі
еңбектер жазып, әр түрлі пікір таластар туғызған.
Диплом жұмысында осы күрделі мәселе кеңінен сөз болады.
І- БӨЛІМ
1.1 ҚЫЛМЫС СУБЬЕКТІСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Қылмыс субьектісі- бұл қылмыстық хұқылық түсінгік, қоғамға қәуіпті
іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына
байланысты мәселе. Қылмыстық заң қылмыстың субьектісі деген терминді
қолданбайды, керісінше ”кінәлі”, ”айыпталушы” ,“қылмыс
жасаушы”сияқты терминдерді қолданады
Қылмыстық хұқық бойынша қылмыстық хұқының субьектісі болып –
денсаулық жағдайы, ақыл-есі дұрыс, өз істеген ісіне , қылмысына есеп
бере алатын, сондай-ақ, қылмыс жасағанға дейінгі белгілі бір жасқа
толған адам саналады. Есі дұрыс емес, заңда белгіленген жасқа
толмағандардың іс-әрекеттері қоғамға қауіпті болып саналғанмен,
олардың іс-әрекеттері қылмыс болып саналмайды. Себебі олар өздерінің
жасаған іс-әрекеттеріне есеп бере алмайды. Сондай-ақ, қоғамға жат өз
іс-әрекеттерін меңгере алмайды. Сондықтан бұл бағытты іс-әрекеттерге
“қылмыс”, “қылмыстылық” деген терминдер қолданылмайды.
Қылмыстық хұқық қылмыс субьектісі ретінде заңды ұйымдармен,
коллективті танымайды. Қылмыстық жауаптылықты заңды ұйымдарға
белгілеу- қылмыстық хұқықтың жеке өзіндік, дара жауапкершілік
принцпіне қайшы келеді. Өйткені тек адамдардың жеке өз басының
кінәлілігі қылмыстық жауапкершіліктің негізі екендігі қылмыстық
Заңның 3-ші бабы бойынша тұжырымдалған.
Қылмыстық заңда заңды ұйымдардың жауаптылығы арнайы
көрсетілмеген. Өйткені заңды ұжымдар кінәлі түрде белгілі бір іс-
әрекетті жасай алмайды.
Алайда қылмыстық заңның 4 және 5 бабтарында қылмыс субектісіне
тек қана адам-азамат жатады деп көрсетілген. Бұдан мынандай
қортынды жасалады. Қылмыстың заң негіздерінің 3,6,9 бабтарына сәйкес
қылмысты кінәлі түрде жасаған адамдар ғана тартылады.
Қылмыс субьектісі–жеке тұлға. Бұл Қазақстан Республикасының қылмыс
кодекісі бойынша, оның арнаулы 6 бабында барлық азаматтарға
азаматтығы жоқтарға, шетел азаматтарына, дипломатиялық хұқы жоқтарға
белгілі бір қылмыс жасағаны үшін белгіленеді.
Әділ соттылық- адамдардың дұрыс, саналы іс-әрекеттерімен ғана
байланысты. Сот белгілеген жаза түрлері адамдарға олардың ақыл-
естерінің түзулігіне, айналасындағы құбылыстарға дұрыс бағдар бере
білуіне сай белгіленеді.
Сондықтан қылмыс субьектісі – ақыл-есі түзу, өз әрекетіне жауап
бере алатын, өз қылмысы мен әрекетіне есеп бере алатын адамдар
ғана болаалады. Сондай-ақ еріктілік қабілеті мен ойлау қабілеті бар
заңды талаптарды ақылымен ұғынатын қоғмның оған қойып отырған
тәртібін түсініп, өз әрекетіне басқара алатындарға қойылады. Осындай
мүмкүндіктері бар азаматтар өз іс-әрекеті үшін жауаптылыққа тартылады.
Сондай-ақ ол өзінің қоғам үшін қаншалықты қауіпті әрекет жасағанын өзінің
соңғы әрекетінің бағыт-бағдарын сезіне алатындай қабілетте болуы керек. Бұл
жалпы жағдайда қоғамға қауіпті әрекетін әдейі қасақаналықпен ойластырып
жасағаны немесе бұл әрекетін байқаусызда сақтық нормасының сақталмауынан
жасалғандығы анықталса қылмыс субьектісі бола алады. Онда адам қоғамға
қауіпті іс-әрекетінің мағынасы мен мәнін түсінеді,өзінің қылмыстық жолға
барғандығын ұғынып, мойндай алады немесе белгіленген хұқық тәртібін
бұзғандығын аңғарады.
Әдейі қасақаналықпен жасалатын әректтің өзгешелігі, кейде адам өзіне-
өзі сенгендіктен хұқыққа қарсы әрекетінің болмысын ұғынады, оған қарсы
мүмкүндікті көре тұрып, бұл жағдайда қоғамға қауіпті әрекетінің соңының
неге апарып соғатынын сезінеді. Осыған қарсылық ететін күштерді есептей
отырып, оның пікірінше көпшілік мүддесі үшін мемлекет қорғайтын қоғамдық
қатынастарға келетін зиянды біледі.
Сақтық шараларының сақталмауынан қоғамға келетін қауіпті психиялық
процесс мүлде бөлектеу болады. Сақтық жағдайының әсерінен қоғамға келетін
қауіпті болмыста адам оның соңының қандай әрекеттерге соқтыратынын ой
жүзінде саралап алуға және оны мойындауға алдағы кезде ондай зиянды
әрекеттерге жол бермеуді ұғынады.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік (есі дұрыстық) ол адамдардың қылмыс
жасау кезінде өзіне, іс-әрекетіне есеп беріп, өз ой-қабілетін басқара
алуына қабілеттілігін анықтайды. Есі дұрыстық-бұл адамның өзінен
бөлінбейтін қасиеті, яғни мұнсыз ол қылмысқа тартылуға тиісті емес, қылмыс
субьектісі бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда бұл бағыт қылмысқа есі
дұрыстық қылмыс субьектісін анықтайтын хұқылық түснік.
Қылмыс субьектісінің белгілерін анықтайтын қылмыс заңындағы тағы бір
жәй- ол қылмыс субьектісі болу үшін, қылмыс жасаған кездегі адамның белгілі
бір жас мөлшеріне толуы керек.
Есі дұрыстық пен қылмыс жасау кезіндегі жас мөлшері қылмыс
субьектісінің басты белгілері болып табылады. Ол барлық қылмыс құрамдары
үшін Қазақстан Республикасының Қылмыс кодекісінің 15 бабында қаралған
міндетті болып табылады.
Қылмыс субьектісіне сипаттама жасау кезінде оған жаза мен
жауапкершілік белгілеуде қылмыскердің жеке тұлғаларыны үлкен маңызы
бар.
Қылмыскердің тұлғасы туралы ұғым қылмыс субьектісінен гөрі кеңдеу
ұғым. Бұл оның бүкіл әлеуметтік қасиетінің бет бағдарының жиынтығы. Оның
өзара қатынастардағы әлеуметтік ( саяси, тұрмыстық, еңбектегі, жанұядағы
тағы сол сияқты), оның моральдық саяси тұрғыдағы сапасы (өміртанымы,
сенгімге бағыты, еріктілік, интеллектуальдық қасиеті басқа да
ерекшеліктері), жынысы, жасы, денсаулық жағдайы ( демографиялық жағы,
өмірлік тәжрибесі, білімі, сіңірген еңбегі, қоғам алдындағы кінәсі) .
Қылмыс субьектісі туралы түсінік- бұл қылмыскердің жеке басының
қылмысқа қабілеттілігі, жас мөлшері, қылмысқа жауапкершілігі.
Бір сөзбен айтқанда мұнсыз қылмыс құрам да жоқ. Көптеген заңдылық
конструкцияларында жекелеген қылмысты істердің түрлерін саралағанда -
қылмыстың субьектісінің арнайы белгілері анықталады. Мысалы, қылмыс
субьектісі бала тәрбиесі мен оны асыраудан бас тарту (Қылмыс кодекісінің
137 бабы) ата-аналар жатады. Отанын сатқандығы үшін (165 бабы) тек қана сол
мемлекеттің азаматтары қылмыс субьектісіне жатқызылады.
Бұл қылмыс әрекеттері ол адамдардың өздерінің тікелей қатысуы
белгілерімен ғана жасалмайды. Ол қосымша заңдылықтармен Қазақстан
Республикасының нұсқауының ерекше бөлімінде қарастырылған, заңдылығында
ескерілген талапқа сәйкестендіріледі. Сондықтан қылмыстық хұқылық белгілері
бойынша қылмыс субьектісін: қылмысқа қабілеттілік, жас мөлшері, арнайы
субьект бойынша қарастыру керек. Бұл жөнінде А.Н.Трайнин былай деп
есепдейді: қылмысқа қабілеттілік пен жас мөлшері қылмыс құрамының
белгілеріне жатпайды. Ол былай жазады. Қылмысқа қабілеттілікпен жас
мөлшері тек қана қылмыс субьектісінің жайы мен жауапкершілігін құрайды:
қылмыстық заң тек қана қылмыскерді қылмысқа қабілеттілігі және кәмелеттік
жасқа толғаны ғана үшн жазаламайды.
П.С.Дагель қылмыскердің жеке басын зерттеу- қылмыстық хұқында тек
олардың қылмыс жасағаны үшін жазаланатындығында, керісінше олардың қылмысқа
қабілеттілігі мен жас мөлшері үшін емес, кінәлі іс-әрекеті үшін, қылмыс
жасағаны үшін жауапқа тартылады.
Егер жас мөлшері мен қылмысқа қабілеттілігін қылмыс құрамның
белгілеріне жатқызсақ, онда қылмыс іс-әрекеті үшін, басқа адамның өмірін
қиюға тура келеді, егер жас өспірімдер қылмысқа қабілеттілігі жоқ
адамдарды одан аршалайтын болсақ деген пікір айтады.
Сондықтан қылмысты істер жасаған жас өспірімдер іс-әрекетінде қылмыс
құрамына болғанына қарай емес, кеісінше олар қылмысқа тартылуға жасы
жетпегені үшін қорғалады.
ІІ -БӨЛІМ
2.ҚЫЛМЫС СУБЬЕКТІСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Есі дұрыстық- қылмысқа жауаптылық шарты.
Қылмыстық хұқы мынадай тоқтамға келеді, яғни жауапты деп танылған
қылмысқа есі дұрыс адамдар ғана жауапқа тартылатын болады. Материалистік
философияның негіздерінде “тұрмыс саны билейді” деген қағида бар. Сондықтан
халықтың ой-санасы мен тәртібін тұрмыс билейді. Бірақ бұл тәртіп олардың іс-
әрекеті үшін жауап бере алмақ емес. “Бостандық”деп жазды К.Маркс пен
Ф.Энгелес, философияда екі түрлі жағдайда айқындайды: біріншіден: үкімет
пен мемлекет өз жағдайында өз мүддесіне сай,
екіншіден: индивидтің жеке өз ісіне сай бағаланатындығында, басқа жағынан
алып қарасақ, өзін өзі анықтау, нақты болмыстан арылу, жалған жан дүниесі
бостандығы деп идеялистер, соның ішінде неміс идеялистері дәлелдеуге
тырысады. Есі дұрыстық проблемасымен ерік бостандығының проблемасымен тығыз
байланысты. “Мораль мен хұқ бостандығы туралы сөз болу үшін алдымен ерік
бостандығымен,адам- ның есі дұрыстығын анықтау қажет ”деп атап көрсетті
Ф.Энгельс.
Детерминизм мен оған жауапкершілік жөніндегі В.И.Ленин былай деп
жазады: “Детерминизм идеясы- адамдардың іс-әрекеттерін белгілей
отырып,олардың ерік бостандықтарын айналып кете алмайды, ақыл-есті ар-ұятты
оларға берілетін бағаны жоя алмайды. Керісінше: детерминсіздіру көзқарасы
арұылы қатаң әрі тура баға беріледі. Оны ерік бостандығына аудара салуға
болмайды”.[1]
Сана мен ерік – бұл негізгі психикалық функциялар, олар обьективті
жағдайларға негізделген, материалистік қоғам өмірінің жағдайында, ол адам
жүретін ортада,адамның жеке басын айқындайды. Ерік бостандығы туралы
түсінікті Ф.Энгельс былайша саралайды “табиғат заңдылықтарының еркіне мойын
ұсыну, яғни онымен шектеліп қалу емес, оны қайта өз ырқына жүйелі түрде
адамдардың пайдалана білуі. Бұл табиғаттың ішкі заңдылығы екі заңдылық
класы – оны тұрмыс еркіне бағындыру арқылы адамдардың болмыс шындығымен
шешім жасауға іс-әрекеттерге бару болып табылады ”.[2]
Көп жылдардың принціпті теориясының кілті мынаны дәлелдеді. Қылмыстық
жауапкершілікке тек қана кінәлі,есі дұрыс әрекет қабілеті барлар қылмыс
жасағаны үшін жазаланады. Ол қылмыстық хұқықта қылмысқа қабілеттілік – бұл
қылмыс субьектісі болады. Қылмыстық жауапқа қабілеттілік өзәрекетінің (
құрамы мен мәнін) түсініп, оның соңының қалай аяақталып отырғандығын сезіне
білуінде. Өз білімділігін психологиялық толық дәрежедегі адам ретінде
қабылдауы, өз ісіне, бейімділігін меңгере алуында. Осыған сай былай айтуға
болады: - қылмысқа қабілеттілік- тек дені дұрыс адамда ғана бола алады. Ол
өзінің қауіпті іс-әрекетін, қылмысын түсініп оған есеп беріп, өз әрекетін
меңгере білетін есі дұрыс адам болуы тиіс. Есі дұрыстыққа-психикалық
жағынан дені сау адамдар ғана жатқызылып қоймайды, сонымен қатар уақытша
психикалық жағынан ауру болып жүргендер, бірақ есі дұрыс емес деп
табылмағандар да жатады. Яғни шектеулі әрекет қабілеті бар адамдар.[3]
Есі дұрыстықтың басты шарты-әрекет қабілеттілігінің болуы болып
табылады. Бірақ осыған қарамастан кінә мен әрекет қабілеттілік атты екі
ұғым құқымда бірдей мағанаға ие бола алмайды. Есі дұрыстық адамды
кінәлі деп танудың алғы шарты, мұнсыз кінә туралы сөз болуға тиіс емес.
Адамның қылмысқа қабілеттілігі, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекеті
былайша айқындалмақ: Егер қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам өзінің есі
дұрыс еместігі жөнінен күмән келтірсе, онда сот-тергеу оргндары оның
денсаулығын психиатриялық сарапша арқылы тексеріп алады. Тиісті қортынды
жасайды. Есі дұрыстық - жеке адамның обьективті жағдайды түсінуі, оған әсер
ететін процесстерді, әлеуметтік позицияларды меңгеру қабілеттілігі болып
табылады. Бұдан мынадай қортынды шығарады: есі дұрыстық қылмыс құрамының
алғы шарты және қылмыстық жауапкершіліктің негізі.
Есі дұрыстық өзінің заңдылық табиғатында - қылмыстың ең басты
белгілерінің бірі , қылмыстық жауаптылық пен субьектінің негізгі қағидасы
болып табылады. Өзінің әлеуметтік психикалық мәні жөнінен – есі дұрыстық-
ол қылмыс жасаған кездегі денсаулығы, ақыл-ойының сау болып, өзінің іс-
әрекетін басқаруы, немесе істеген іс-әрекетіне толық есеп беруі болып
табылады.
Қылмыстық заңдарда-қылмысқа қабілеттілік-өзінің әлеуметтік-саяси
дәрежесі бойынша қылмыскердің еркіне, оның дүниетанымы мен психологиялық
мінез-құлқына, байланысты болмақ.
а) Сондай-ақ ол жеке бастың пісіп-жетілуіне, оның әлеуметтік
көзқарасына, әлеуметтік тәжірибесіне, біліміне, ой-өрісіне;
б) Оның жеке басының жас мөлшерінің, 14-16 немесе 18-ге толуына,
психикалық жағынан дұрыс, не кемістігінің жоқ болуына байланысты.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік - ол жеке адамның өзінің қылмыс жасаған
кезіндегі, қауіпті іс-әрекетіне,немесе әрекетсіздігіне, өзінің іс-әрекетін
меңгере алуына,өзін жауапты немесе кінәлі сезінуіне байлансты болатындығын
қылмыстық заң ашып көрсетеді.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік-екі бірдей белгілердің жиынтығынан
тұрады.
а) Қоғамға іс-әрекетті жасау кезіндегі жасаған іс-әрекеттердің
белгілерін және оның қауіптілігін сезу.
б) Жасаған іс-әрекетін басқара білуі.
Бұл екі белгі яғни, қабілеттілік жеке адамның қалыптасу негізіндегі
әлеуметтік және психофизиологиялық жағдайын белгілейді. Қылмыстық іс-әрекет-
қоғамға жат, қарсы болғанмен бұл саналы, әрі ерікті іс-қимыл.І
Қылмысқа қабілеттілік-қылмыстық хұқта аралас екі түрлі критерийдің
жалғасуынан құралады. Олар: бірінші заңдылық
(психологиялық), екіншісі- медициналық (биологиялық) .
Заңдылық критерий бойынша есі дұрыстық былай сипатталады: қылмыс жасау
кезінде адамның өз ісіне жауапкершілігін түсінуі, өз іс-әрекеті үшін жауап
беру, өз әрекетін басқару қабілеттілігі.[4]
Қылмыс заңында осы белгілердің біреуі айқындалмаған болса, ол адам
есі дұрыс емес деп саналады (Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодекісінің 16 шы бабында белгіленген). Қылмыс заңында бұл критерий үш
белгі бойынша суреттеледі: интеллектуальды ерікті, эмоцияналды түрде.
Заңдылық формуласында қылмысқа жауаптылық қабілеттілігінің екі түрі:
интеллектуальды, және ерікті түрлері белгіленген. Заңдылық белгісінің
интеллектуальды критерий –адамның өзінің қауіпті қылмыс жасағандығын, сол
кездегі әрекеті мен әрекетсіздігін түсініп, мойындау қабілеті мен оның
соңының неге апарып соғатындығына баға бере алуы болып табылады.Бұл қылмыс
субьектісінің әлеуметтік тәжірибесін сипаттайды. Сонымен бірге қылмысқа
қабілеттілік биімділігі “адамның өз ісіне, жауап беру” қабілеті жалпы бұл
қылмыс субьектісінің талабына жауап бере алмайды.
Ал, еріктілік белгісі, заңдылық белгісінің критерилері бойынша есі
дұрыстықтың негізгі блгісі, оның қылмыс жасау үстіндегі өз әрекетін
түсінуі, әрекет, әрекетсіздікке-адамның өз әрекетін түсініп отырып, еркі
бойынша баруы. Өзінің танымы, сенімі, ынтасы, өзін-өзі жағымсыз
жағдайлардан ұстауы, тағы сол сияқты. Заңдылық критерийінің бұл белгісі-
қылмысқа қабілеттілік дәрежесінің және жеке бастың ерік бостандығын, оның
өз ісіне бейімділігін, сол кездегі қылмысты қаскөйлікпен немесе абайсыздық
нормаларын сақтамаудан болғандығын айқындайды.
Заңдылық критерийінің эмоционалды белгісі-қылмысқа қабілеттілікте есі
дұрыстық формуласына қосылмайды, бірақ ол есі дұрыстықты белгілеу кезінде
есепке алынада. Кейбір жағдайларда эмоционалды белгілер есі дұрыстыққа кері
әсер етуі де мүмкін (мысалы, потологиялық аффекте).
Есі дұрыстық жағдайы адамның қылмыс жасау кезіндегі қоғамдық қауіпті
әрекеті үшін жауаптылығының дәрежесін анықтауда ескеріледі. Дәрігерлік
(биологиялық) есі дұрыстық критерийі бойынша қылмысжасаған кеде адамның
психикалық жағынан дені сау болғандығын анықтайды. Ол адам психикалық
аурудан таза өз ісі үшін есеп бере алатындай халде болу керек ол
психофизикалық жағдай адамның есі дұрыстық кезеңінің көрсеткіші, яғни
психикалық қал жағдайының көрсеткіші (мысалы, адамның кемістігі, бет-
бейнесінің түзулігі) есі дұрыстық факторына медициналық тұрғыда ешбір
қатысы болмауы керек.
Бұл жерде кенеттен, кездейсоқ оқиғалардан болатын (мысалға,
психофизикалық және әлеуметтік даму кезіндегі мүгедектік нормаларға сай
келмеуі керек), яғни қылмыс жауаптылығы қабілеттілігі туралы шешім
жөніндегі талапқа сай болуы тиіс.
Қылмысқа қабілеттілік дәрәгерлік (медициналық), жағынан өз
ерекшеліктерімен дараланады. Біріншіден, бұл таным, қылмыстық заңда
көрсетілмеген ол бірақ қай жағдайда болса да, ескерілетіні сөзсіз.
Егер қылмысқа жауаптылық қабілеттілігіне –субьектісіне күмән
келтірілген жағдайда, мысалы, психикалық ауру туралы, ол сот оргндарының
сарапшылық жасауы барысында, заң арқылы белгіленеді. Екіншіден: өзінің
көлемі мен мазмұны жағынан есі дұрыстық дұрыстық медициналық жағынан есі
дұрыс еместтікті анықтаудан гөрі күрделірек. Бұл адамның ақыл-есінің
туралығын ғана анықтап қоймайды, оның қылмыс жасау негізіндегі
білімділігін, өзінің қауіпті іске бару себебтерін сезініп, әрекетіне жауап
бере алуы ескеріледі.Осы жағдайда жеке бастың жеке істегі( мысалы,
экстемалды )оқиқадағы қылмыстағы жинақталған әлеуметтек тәжрибесі,
жинақтаған қабілеті сол кездегі деңгейде анықталады. Сондықтан қылмысқа
қабілетті, ақыл-есі түзу субьект ғана тартылады. Сондай-ақ психикалық хал-
ахуалының қозуы яғни бұл да сол кездегі медициналық дәрігерлік қортынды
бойынша оның қылмысқа қабілетсіздігі анықталса қылмысты істер заңында
көрсетілген талапқа сәйкес жауапқа тартылмайды.
Сот жеке бастың есі дұрыстығын- оның ақыл-есінің түзу, (психикалық)
денсаулығының тазалығын тексеру барысында медициналық қортындыға сүйенеді.
Есі дұрыстық-бұл кінә мен қылмысты жауапкершілік жадайының алғы шарты,
тек қана жасалған қылмысқа байланысты қылмыстық жауапкершілік субьектісі
бойынша ғана сұрақтарға байланысты туындайды .
Қылмыстық құқының теориясында (тәжірибесінде ол заңның), (3,6,8
баптарында) қылмысқа және жауапқа тек кінәлі адамдар ғана тартылады
делінген.
Бұл Конституцияда бекітілген “заңсыз ешкімде кінәлі деп табылмайды,
ол сотқа тек заң бойынша ғана кінәлі болғаны үшін жауапқа тартылады”, деп
айқын көрсетілген онда. Осы қағида бойынша қылмыстық істер правасындағы заң
жолымен жеке бастың кінәсі үшін, қылмысқа жауаптылық қабілеттілігі үшін
жауаптылығы болады. Жауаптылық негізі қылмыстық хұқықта қылмыстың құрамы
арқылы белгіленеді.
Қылмысқа қабілеттілікті айқындау кінә мен кінәсіздің арсын ажыратып,
әділ шешім жасауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық жауапкершілік субьектісіне - қылмысқа қабілеті, өз іс-
әрекеттерін меңгере алатындар, қоршаған ортада болып жатқан жағдай мен
болмысты өзінің сана-сезімімен дұрыс сезіп түсіне алатындар,өзінің іс-
әекетін еркін меңгере алатындар болады.
Қылмыстық жауапқа қабілетсіздер мен жасөспірімдер қылмысты
жауапкершілік субьектісіне жатпайды. Олар қылмысты жауапкершілікке
жатпайды: біріншіден-психикалық қозу ауруының функциялары бойынша,
екіншіден-заңда көрсетілгендей белгілі бір жасқа толмағаны үшін, себебі
белгіленген жасқа толғандықтан өзінің іс-әрекеттерін дәл болжап түсінуге
әлі де қабілетсіз.
Қылмыстық жауапқа қажеттілік-негізінен заңда түсінін, қылмыскердің
бостандық еркін белгілейтін, немесе ажырататын қылмысты істердің заңдылық
дәрежесі. Бұл тұрғыда қылмысқа қабілеттілік-жеке бастың бостандық еркі мен
қылмысты істер хұқында жауапкершілік субьектісін белгілейді.
Қылмыстық жауапқа қабілеттілік сондықтан да, қылмыс субьектісінде тек
қана жеке адамдардың қоғамға қарсы іс әрекеттері үшін белгіленеді.
Қылмыстық хұқықта-қылмысқа қабілеттілік оның бейімділігін ажыратқан
кезде кінәлі деп табылып мынандай жағдайларда жауапқа тартылады.
а) Жеке бастың әлеументтік-психологиялық мінездемесі (интеллектуальды,
ерікпен эмоциялық негізі мен қабілеті):
б) Жеке бастың әлеументтік қалыптасуы (әлеументтік көзқарасы, әлеументтік
тәжірибесі, білім, білімдарлығының қалыптасуы):
в) Жеке бастың жас мөлшері, оның психикалық, осындай жағдай құрамы мен мәні-
қылмысқа жауапкершіліктің басты белгілерін суреттейді. Қылмысқа
қабілеттілік-заңдылық категориясында ғылыми дәрежедегіге негізделген. Ол
жеке бастың әлеументтік-психологиялық белгілерімен, өзінің қауіпті іс-
әрекетін безгені үшін жауап беруді дәрежелеуге байланысты қойылады.
Ақыл-есі түзу, денсаулығы жөнінде медициналық анықтамаға сәйкес өз
әрекеті үшін жауап бере алатын жеке адамдар қылмыс субьектісі бола алады.
Қылмысқа қабілеттілік мәні мынандай: ол қылмыстық хұқында жеке бастың
қылмыс жасау кезіндегі бейімділігі-қылмыстық кодекстегі өзін кінәлайтін заң
талаптарына жауап бере алуы болып табылады. Бұл жерде қылмысқа қабілеттілік
мәні құқылық түсінік негізі болып саналады.
1998 жылы наурыз 13-і күні Шымкент қаласында №37 орта мектептің 8-
класс оқушысы N45 орта мектептің 7-класс оқушысын өзі қолдан жасалған
тапаншамен әдейі атып, ауыр жарылаған болса, осы аптаның 20-сы күні
күндізгі сағат 11-де 18-мөлтек ауданы N34 орта мектептің 10-класс оқушысы
5,6 миллиметрлі калибр оғымен оқталған (өзі қолдан жасаған) тапаншасын
кластастарына мақтанып көрсету кезінде, абайсызда қызбаланы атып,
жарақаттады.
Тергеу барысында 7-класта оқитын Б. 14-ке толмағандығы анықталды. Одан
қылмыс жасау кезінде небәрі 13 жас 11 ай 8 күн толған. Осы себепті қылмыс
кодекісін 10 бабының талабына сай жасы толмағандықтан Б. Жөніндегі қылмысты
іс тергеу орындары арқылы қысқартылған. Ал басқа оқушылар қылмыс
кодекісінің тиісті баптарымен әр түрлі жауапқа тартылған.
Егер өткен жылы біздің сүйікті командамыз “Қайрат” белгісіз азаматтар
тарапынан өздерінің дайындық базасында тонауға душар болса бұл жылы
белгісіз осы “Қайрат” спорт қоғамының қоймасына терезе торын бұзып кіріп,
ішінен 3500 теңге болатын спорт заттарын алып кеткен еді. Еңбекшң аудандық
ішкі істер бөлімінің оперативті іздестіру қызметкерлерінің айақ астынан
жоғарғы топқа шыққан “Қайратқа” болашақтағы жеңістері үшін өте керекті
заттарын тауып беру жолында жүргізілген әрекеттері нәтижесінде ұрылар
Шымкенттік N54 орта мектептің 7 класс оқушылары Чернов пен Сүлейменов
екенін анықтап, қолға түсірді. Алдын ала жүргізілген тергеудің қортындысы
бойынша Чернов та Сүлейменов те 14 ке толмаған. Қылмыс жасау кезінде
Черновтың 14 ке толуына 1 тәулік, Сүлейменовке 1 ай 10 күн жетпеген. Осы
себепті бұлар жөніндегі қылмысты іс өндірістен қысқартылған. Бірақ
Черновпен Сүлейменов аудандық ішкі істер басқармасының кәмілетке
толмағандар жөніндегі инспекциясына арнаулы есепке алынған.
Өткен жылдың мамыр айында белгісіз 5 адамнан құралған қылмысты топ
беттеріне газдан қорғанатын бет перде киіп, қолдарына шолақ мылтық алып,
Шымкент қаласында екі тонау шабуылы нәтижесінде екі азаматтың жеке
меншігіндегі жеңіл машиналарын ұрлап кеткен еді. Милиция қызметкерлерінің
тез арада жүзеге асырған әрекеттері арқасында кезінде ұрлық жасағаны үшін
айыпталған Х. Мусаев пен Д. С. Трусов, еш жерде жұмыс істемейтін К. О.
Дәулетов пен Р. Ф. Миначеев, қалалық, электор жүйесінің жұмысшысы А. А.
Тұрманов анықталып, қолға түсті. Алайда, тергеушілердің өте тәжірибелігі,
бұлтартпас айғақтардың ғылыми түрде нақтылануы және жәбірленуші
азаматтардың қылмыскерлерден қорқпай, тергеушілерге көрсеткен көмектері
арқасында бұл топ Түлкібас аудандық халық сотының алдынан бір-ақ шықты.
Халық соты Трусовқа –11 жыл, Мусаев пен Дәулетовке –9 жыл, Тұрмановқа –8
жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Миначеев туралы қылмысты
іс қысқартылған. Себебі ол қылмыс жасау кезінде 14 ке толмаған. Демек, ол
қылмыс субьектісі деп дұрыс танылмаған.
2.2. Ақыл-есі дұрыс еместік туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісінің 16-бабында
көрсетілген.
Өзінің қоғамына қарсы іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындар туралы
заңдылықпен бекітіліп белгіленген. Ол адам қылмыс жасау кезінде ақыл-есі
дұрыс емес немесе ескілікті аурулардың салдарынан, өзін-өзі меңгере
алмайды. Бұл психикалық аурулар адамдардың туа пайда болатын ақыл-есінің
дұрыс еместігі және осындай аурулардың анықталуына байланысты, ондай
адамдардың қылмысқа қаблетсіздігі айқындалады. Бұрын көптеген заң
қызметкерлеріне психиатр-дәрігерлер қылмысқа қабілетсіздікті психикалық
аурулардан ғана болады деп санаған. Бұл пікір-таласқа шек қойылды. Жаңа
заңдылықта ақыл-есі дұрыс еместігі, яғни қылмысқа қаблетсіздігі туралы
түсінік анық, жеке бастың психикалық жағдайы есінің дұрыс еместігінен
олардың қоғамға қарсы қауіпті іс-әрекет жасағанда ештеңені сезбеуінен
болады. Негізгі заңның жүйесі бойынша 1-ші баптың 2-ші бөлімі медициналық
анықтамада, кем-ақылдылығы туралы анықтамада айқындалады. Бұл заңда
көрсетілген белгілер. Медицина жағынан да психиатор үшін де аса маңызды
болды. Көптеген теріс тәсілдерде сүйене отырып, кем ақылдарды психикалық
аурулармен теңгеріп келеді. Мемлекетте ақыл-есі дұрыс еместерді, өз ісімен
әрекетімен қоғамға қарсы қылмыс жасаған адамдарды, яғни өзінің ақыл-ойын
басқара алмайтын адамдарды қылмысқа жазаға тартпайды. Мұндай адамдар
қылмыстық құқ бойынша, өз ісіне жауап беретін қылмыскер болып саналмайды.
Өйткені олар психикалық аурулары арқылы қоғамға қауіпті өз әрекеті мен
қоршаған ортадағы шындық дүниесіне дұрыс бағыт-бағдар беріп, сезіне
алмайды. Психикалық аурулар салдарынан, адам ойлау қабілетінен ажырайды.
Бұл нерв жүйелерінің жұмыс істеуін тежейді. Сондықтан ауру адамның қоршаған
ортадағы шындыққа көзқарасы бөлек болады. Ауру адамдардың ақыл-ойы мен
дүниетанымы басқа адамдарды да қиындыққа ұшыратуы мүмкін. Олардың нерв
бостандығы шектеуге қабілетсіз. Жауаптылыққа қабілетсіздік, яғни ақыл-есі
дұрыс еместігі туралы заңдылық осыдан туындайды. Бұл жерде психикалық
аурулардың, кем ақылдардың әрекетпен іс ойларында қаскөйлік болмайды.
Аурулы адам дүниеге қоршаған ортаға дұрыс дәрежедегі көзқарасқапен
бағдарлай алмайды, өзінің ақыл-есін жоғалтады. Сондықтан ол қоғамдағы
ортада жауаптылыққа қабілеті бола алмайды. Бұл қылмыстық құқында өзінің
шындық бет бейнесімен негізделген. Есі дұрыс еместікті бірнеше бағыттары
мен бағдарларын атап өтуге болады: заңдылық бағытында тәжірибе мен ғылыми
тұрғыда қандай жағдайда болмасын қылмысқа жауапкерліктілігі айқындалмаған
адамдар үшін.
а) Есі дұрыс еместер іс-әрекеті немесе іс-әрекетсіздігі үшін заңдылық
шеңберінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
б) Жеке бастың қоғамға қарсы қауіпті ісі мен оның уақытысы
белгіленеді. Ол заңдылық жүзінде мидициналық тергеу, тексеру орындарының
тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Ақыл-есінің дұрыс еместігі қылмыстық
жауапкершілікте бөлекше қаралатын жағдай. Оның қоғамға қарсы жасаған іс
әрекетінің түрі, оның меңгере алуы психикалық ауруы қозба кезіндегі
әрекетіндегі әрекетсіздігі немесе кем ақылдылығы тексеріледі. Этимологиялық
мәні бойынша есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптан, қылмыс заңы қолдану
мүмкіндігінен босататын жағдай. Яғни жеке бас иесі қылмыстық
жауапкершілікке тартылмайды. Ақыл есі дұрыс еместігі туралы түсінік оның
қылмыстық әрекеттері үшін жауаптан босатады. Қылмыстық құқ, құқ корғау
тәжірибесіне және заңда есі дұрыс еместігін анықтаудың үш тәсіл, формуласы
белгіленген.
а) биологиялық (психикалық)
б) психологиялық
в) қосалқы немесе аралас.
Олардың арасындағы айырма мынандай. Мысалы, биологиялық тәсіл бойынша
есі дұрыс еместіктің қайнар көзі психологиялықта есі дұрыс еместіктің
зардабы, салдары, қосалқыда оның себебі де, салдары да анықталады. Заңда,
қылмыс доктринасы мен құқында оны анықтаудың қоспалы тәсіл формасы
қабылданған. Сондықтан есі дұрыс еместікті талдау кезінде екі бөлек ғылыми
көзқарасты басшылыққа алу қажет: юридикалық және соттық психикалық. Есі
дұрыс еместік-бұл құқылық ұғым. Бұны сотық психиатрия арқылы белгілейді.
Қылмысқа жауаптылықты шешу, немесе еріксіз медициналық шаралар бойынша
емдеуге жіберу, сот психиатрия қортындысы бойынша шешіледі. Есі дұрыс
еместік туралы трактопқаны дұрыс белгілеу. Заң қолдану оргндары үшін аса
маңызды: сақтау жөніндегі бағдарламасының бірі, қылмыс жасаған қоғамға
қарсы әрекеттігі ақыл-есі дұрыс емес адамдар қылмыс жауапкершілігінің
субьектісі бола алмайды. Заңда есі дұрыс еместіктің екі белгісі
көрсетілген: заңдылық (психопотологиялық) және медициналық (биологиялық)
жолдары. Қылмысқа жауаптылық заңдылық жүзіндегі белгілері интеллектуальды
және ерікті болып белгіленеді. Интеллектуальдық белгі бойынша заңда жеке
бас иесі өзіне есеп бере алмайды деп көрсетілген, ал ерікті белгі бойынша,
қылмысқа қабілетсіз адам өзінің іс-әрекетін меңгере алмайды. Ал
эмоционалдық белгі есі дұрыстық формуласына енгізілмейді. Заңдылық жалпыға
ортақ екі бағыттағы критерийдің есі дұрыс еместікті анықтауда ролі зор. Ол
принципті мәселе.
Біріншіден жеке бастың психикалық жағдайы: сол қылмыс жасаған кедегі
ол адамның жеке басындағы жетіспеушілігімен кемшілігін көрсетеді.
Екіншіден, ақыл-есінің дұрыс еместігі сақтық нормаларын ескермеу
жағдайында, әрекетсіз немесе әрекетті, жағдайда да болуы мүмкін. Заңдылық
критерийі бойынша есі дұрыс еместік интеллектуальды және еріктілік
белгілері бойынша айқындалады. Заңдылық критериясы адамның қылмысқа
қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін айқындайтын негізгі көрсеткіш.
Есі дұрыс еместің медициналық тәсілі бойынша оған сот психиатриалық
баға беру кезінде ауруға жеке клиникалық формадағы әдіс қолданылады. Бұл
медициналық ірі жеңіс деп саналады. Аурудың психикалық қозу кезеңі
әлеументтік көтеген келеңсіз жағдай туғузуы мүмкін. Ол өзінің қауіпті іс
әрекеті мен қоғамға аса қауіпті жағдайсыздық туғызады, ол үшін ол жауап
бермейді. Өйткені оның есі дұрыс емес күйінде. Медициналық-биологиялық
критерий бойынша ауру белгілері төрт түрде белгіленеді.
Ескілікті есі ауысқан ауру болуы, есінің уақытша кіресілі-шығасылы
болуы, кем ақылдылығы немесе басқа бір сырқаттағы күйде болуы. Құнықпа жан
ауруы психикалық қозу кезеңінің басталуы болып табылады. Хроникалық
созылмалы жан аурулары психикалық аурудың ұзаққа созылатын түрі. Бұған
шизофрения, созылмалы психоз, психоздағы сиффилис, бас аурулары,
инфекциялық жүйе аурулары жатады.
Уақытша қозатын жүйке-тамыр аурулары немесе уақытша болатын, бірақ
созылмалы түрде жүйке қозу аурулары. Қылмыстық әрекетті мас күйінде
жасағандары үшін арнайы қаралады. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық
кодекісінде олар мас күйінде қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық
жауапкешіліктен босатылмайды жеке бастың маскүнемдік күйдегі қылмысы
кезінде ол да өз іс-әрекетін меңгере алмайды. Бірақ медициналық заңдылық
критерийлері бойынша ондай адамдардың есі дұрыс деп саналады. Қылмысқа
қабілетті болып табылады. Ол ішімдік, есірткі,апин,зығыр, морфи тағы
басқаларды пайдалану дәрежесінде өрістейді. Сондай-ақ ол адамның қанша
ішімдік қабылдағаны ескеріледі. Тек қана “потологиялық” маскүнемдік
қылмысқа қабілеттіліктің биологиялық жолы бола алады. Потологиялық
маскүнемдік кезінде адам өз мүмкіндігінен шығады. Өз іс-әрекетіне жауап
беру қабілетінен айырылады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодекісінің 18 бабында заң жүзінде белгіленген.
Ақыл-есінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz