Мен және мені қоршаған орта



1 Озон қабатын бұзатын заттар
2 Арал теңізі акваториясының апаттық қысқаруы
3 Жер асты және жер беті суларының сапалық және сандық құрамына әсер ететін факторлар
4 Тарихи ластанулар проблемасы
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.
«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0% құрады.
Озон қабатын бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына келуі кейінгі отыз жылда озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуы тоқтатылатын жағдайда басталуы мүмкін.
Биоалуан түрлілікті сақтау проблемасы республика бойынша әлі күнге дейін өзекті болып қалып отыр. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін жергілікті және тарихи түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу қауіпі төніп тұр.

Мен және мені қоршаған орта

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық
проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан
түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның
ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты
проблемалар болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға
арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының шеңберінде
орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының
көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде
атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7%
құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі
көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді,
2005 жылы 78,0% құрады.
Озон қабатын бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі
көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын
заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты
көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық
қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан
үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына келуі кейінгі
отыз жылда озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуы тоқтатылатын жағдайда
басталуы мүмкін.
Биоалуан түрлілікті сақтау проблемасы республика бойынша әлі күнге
дейін өзекті болып қалып отыр. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін
жергілікті және тарихи түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі
мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу
қауіпі төніп тұр.
Республиканың мәнді экологиялық проблемасы әлі күнге дейін шөлейттену
болып отыр. Шөлейттену және азып-тозу үдерістеріне республика аумағының
әртүрлі-деңгейде 70% жерлері ұшыраған, бұл көбінесе елдің
табиғи ерекшелігімен шартталған. Ел жайылымының 188,9 млн. гектарында азып-
тозудың ең шеткі дәрежесі 26,6 млн. га байқалады. Аудандардың қысқаруымен,
улы өсімдіктермен ластанумен, бұталанумен айқындалған барынша көп азып-
тозуға ауылдық елді мекендер маңайындағы жайылымдар мен шөп шабындықтар
ұшыраған. Суармалы жерлердің тұздануы тұйық бассейндердегі сазды шөлдер
ауданының өсуіне және суармалы жерлердің қайталама тұздануына әкеледі.
Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік көлемінің 31,3% құрайды.
Жалпы республика бойынша жер сапасы нашарлауының: қара шірінді болуының,
биогендік элементтердің, өсімдіктердің түрлік құрамының, биологиялық
өнімділіктің төмендеуі орнықты үрдісі байқалады.
Арал теңізі акваториясының апаттық қысқаруы Арал өңірін экологиялық
зілзала аймағы деп жариялауға себеп болып отыр.
Арал маңының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны іске
асырудың нәтижесінде 2004 — 2006 жылдары Арал теңізінің солтүстік бөлігінің
деңгейі Балтық жүйесі бойынша 41,4 метр белгіге жетті, жобаны іске асыру
басталмай тұрғанда 39 метр болған. Бұл ретте су айнасының ауданы 2006
жылдан бері 3156,6 шаршы метрге, су көлемі — 17,7-де 25,2 текше метрге
ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 грамға дейін азайды.
Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменірек Сырдария өзенінің өткізу
қабілеті 60-тан 400 текше мсек. дейін және тиісінше 400-ден 760 текше
мсек. дейін ұлғайды.
Жалпы, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық
ахуал күрделі болып қалуда, бұл халық денсаулығына әсер етеді. Арал
өңірінің проблемаларын бұдан әрі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен Арал өңірі проблемаларын
кешенді шешу жөніндегі 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
бекітілген.
Республикада Семей сынақ ядролық полигоны әлі күнге дейін бірден-бір
қолайсыздардың бірі болып қалуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Бұрынғы Семей ядролық сынақ
полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005 — 2007
жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде зерттеулер алаң аумағында
радиоактивті ластанудың бар болуын растайды, сондай-ақ суда техногендік
радионуклидтердің нормадан жоғары болуы анықталды.
Жоғарыда аталған Бағдарламаны іске асыру ядролық және радиациялық
қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды
орындауға мүмкіндік берді, оның ішінде радиациялық ластануды таратпау
режимін сақтау, ядролық қару-жарақтық қызметтің қалдықтарын
жою және консервациялау жөніндегі, радиациялық ластанған аумақтарды қалпына
келтіру жөніндегі іс-шаралардың қатары өткізілген.
Бұл аумақтағы радиациялық жағдайдың дұрыс карталарын
жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуд е.
Семей сынақ ядролық полигоны аумағының және ел аумағында ядролық
жарылыстарды өткізудің басқа орындарының радиациялық ластануының ұзақ
мерзімді сипатын ескере отырып, ядролық жарылыстар жүргізілген барлық
жерлердің радиологиялық мониторингін және ремедиациясын іске асыру бойынша
кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының 2005 — 2007
жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы шеңберінде
орындалған зерттеулер мұнай өндіру кәсіпорындары Қазақстанның мұнай газ
кенорындарын 100-жылдық игеру кезінде Каспий маңындағы бірқатар аудандардың
экологиялық ахуалын едәуір төмендеткенін растайды. Топырақтың ластануы,
жағалаудағы көптеген мұнай амбарлары мен ұңғылар, сондай-ақ танкерлік флот
Каспий теңізінің суына токсиканттар түсуінің басты көздері болып табылады.
Мұнай өндіру кәсіпорындарында, ағынды суларды кәдеге жаратудың
тиімді жүйесінің болмауы кәсіпшіліктер аумағында құрамында
тұзданған сулар және уытты химиялық заттар бар ауқымды тіршіліксіз
су қоймаларының пайда болуына әкеліп соғады. Мұнай кәсіпшіліктер аумағының
радиациялық ластануы өзекті мәселе болып отыр, бұл көптеген мұнай
кенорындарының қабатты сулары радионуклидтердің жоғарылаған нормасын
қосуымен шарттасқан.
Мұнай өндіру аумақтарында төрт ұрпағы атмосфераның,
топырақтың және су ресурстарының мұнай өнімдерімен белсенді ластануының
аймағында тұрақты тұратын халықтың денсаулығы ерекше
алаңдатушылықты туғызады. Бірқатар аурулардың, мысалы қан және қан жасау
органдарының ауруы (республикалық деңгейден 2 — 4 есе жоғары) мұнаймен
ластанумен байланыстылығы туралы зерттеулер бар. Солтүстік Каспий
ихтиофаунасының өмірлік қызметінде өзгерістер сондай-ақ белгіленеді,
бұл бекіре балықтарды аулаудың көлемі 3 есеге қысқарғанының себебі болып
табылады.
Бұл барлық факторлар Қазақстанның Каспий маңы өңірінің экологиялық
проблемаларына мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдарының басты
назарын талап етеді. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13
желтоқсандағы Заңына сәйкес
Қазақстанның Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі
Негіздемелік Конвенцияны (2003 жылғы 4 қараша) ратификациялау
шартымен және оның 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енуімен Каспий теңізінің
қоршаған ортасының жай-күйін тұрақтандырудағы және жақсартудағы  біздің
еліміздің жауапкершілігі едәуір артады.
Жер асты және жер беті суларының сапалық және сандық құрамына әсер
ететін факторлар әлі күнге дейін табиғи суды қайтарымсыз алу, жеткіліксіз
тазартылған сарқынды сулардың төгінділері нәтижесінде су объектілерін
ластау болып табылады. Туындаған ахуалдың себебі республиканың
су бұру жүйесі имараттарының және желілерінің көбісі 20 — 30 жылдан
астам бұрын пайдалануға енгізілгендіктен немесе күрделі жөнделгендіктен
болып отыр. Тазартылмаған, ағындар Тараз қаласындағы секілді немесе
жинағыштарға (Көкшетау, Қызылорда, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында)
тікелей сүзу алаңдарына төгіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды
суларының едәуір көлемі (жеке қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық
тазарту құрылыстарына келіп түседі, бұл ретте канализациялық тазарту
имараттарының көбісі аса жүктемемен жұмыс істейді, бұл, ағынды суларды
тазарту технологиясының жобалық деректерге сәйкессіздікке келмеуіне әкеліп
соқтырады. Талдықорған, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей
қалаларындағы бар тазарту имараттары 1,5–2 есе аса жүктемеге душар болып
отыр. Сарқынды суларды жинағыштар қоршау бөгеттерінің авариялық бұзылуының
тұрақты қауіпін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас
Тұлға қалыптасуы туралы ақпарат
Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері
Бала агрессиясы және одан шығу жолдары
Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер
Жаңажол мұнай-кен орнының радиациалық жағдайын бағалау
Агрессия түсінігі. Жеткіншектердегі агрессивті мінез- құлық
Әлеуметтік экологияның мәні
Пәндер