Қырғыз халқының пайда болуы және оның тарихы



Кіріспе
І Қырғыз халқының пайда болуы және оның тарихы
ІІ XV.XVI ғасырлардағы қырғыз.қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар
ІІІ Қазіргі Қырғыз Республикасы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қырғыздар бірінші ғасыр мен бесінші ғасырлар біздің дәуірімізге дейінгі кезеңде ешқандай деректер болмаған ол тек алтыншы ғасырларда көшпелі халық Түрік – Оғыз құрамында болған деген деректер қытай жазба-ларында нақты берілген. Ал басқа жазбаларда олардың жанынан жанай
өткен. Олардың шекарасы оңтүстік - шығыста Саян тауымен, батысында Алтай тауы аралығында қоныстанған болатын. Қырғыздарды грек-
тер “херкис”, арабтар мен парсылар “сяцзасы”, түріктер мен ұйғырлардың жазбаларында “кыргыз” деп аталған.
Енисейлік қырғыздар еуропоидтарға ұқсас - шашы сары, көк көзді делін-
ген. Олар патриахатты қауымен өмір сүрген. Қыз алғанда қалым мал берген. Ол қалым мал кейде көп бағаланған. Қырғыздардың киімдері қазақтың киіміне ұқсас, бірақ олардың бас киімі әр түрлі. Ерлердің бас киімі ақ
қалпақты жоғары қарай қайырылған. Сол бас киім әлі күнге дейін сақталуда және де олардың “Манас”жырында қырғыздарды “ақ калпактуу” деп
атаған. Олардың жерлеу дәстүрі адамды отқа өртеген.От - таза зат деп
есептеген. Ол адам бойындағы күнә мен жағымсыз затты деп ойлаған.
Олар біреулері - желге, кірпіге, қырғауылға, ал біреулері әдемі ағашқа та -
бынған.
Қырғыздар (қырғызша: кыргыздар; кыргыз)- Тянь-Шань және Памир-Алтай таулары аралығында орналасқан.
Жерінің 75%-дан астамын тау жоталары алып жатыр. Ең биік жері — Қоңгур шыңы (7439 м). Жер қойнауы полиметалл мен сирек кездесетін металдар, алтын, күміс, сынап, сүрме, қалайы, мұнай, газ, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. кендерге бай. Ыстық-ата, Жалалабад курорттарының аты кең жайылған. Жерінің көп бөлігі сейсмик. аймақтар қатарына жатады. Климаты континенттік, қаңтардағы орташа температура биік тау жоталарында –8 — 20ӘС, биік шыңдарда –53ӘС-қа дейін жетеді, тау бөктері мен аңғарларда –1,5 — 8ӘС. Жазы қуаң, ыстық. Шілде айында аңғарларда 20 — 27ӘС кейде 43ӘС-қа дейін (Шу аңғарында), тауда 15 — 17ӘС, биік шыңдарда 5ӘС болады. Жылдық жауын-шашынның ең аз мөлшері (100 мм) —Ыстықкөл қазаншұңқырының батысы; ең көбі (900 — 1000 мм) — Ферғана жотасыныңоңтүстік-батыс беткейі. Өзендері Арал теңізі, Тарим, Ыстықкөл алаптарына құяды. Ең ірі өзені — Нарын. Ол Қарадария өзенімен қосылып Сырдарияға құяды. Солтіктегі ірі өзені — Шу, солт.-батыста — Талас, қиыр оңт-те — Қызылсу. Қ. Р-нда 3000-ға жуық көл бар. Ірілері — Ыстықкөл, Шатыркөл. Өсімдіктің 3,5 мың түрі кездеседі. Жерінің 3,3%-ы — орман (шырша, арша, жаңғақ, т.б.). Тау беткейлерінде шалғын шөп қалың өскен. Шөлейт аймақтарында қоян, сарышұнақ, кірпі, далалық өңірлерде сұр аламан, ақшыл күзен, ормандарында қоңыр аю, сілеусін, жабайы шошқа, елік, сусар, марал; құстардан: аққу, қаз, үйрек, қаршыға, т.б. кездеседі. Өзен-көлдерінде балықтың 40 түрі бар. Жанат, америка күзені, ондатр, саз құндызы жерсіндірілген. Ыстықкөл, Сарышелек қорықтары ұйымдастырылған.
1. Низам ад-дин Шами. «Зафар-наме»/Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
2. Махмуд ибн Вали. «Бахр ал-асрар»/Перев. А.Мокеева. Москва. 1990 г.
3. Абд-ар-Раззак Самарканди. «Матла ас-садайн ва маджма ал-бахрайн»/ Перев. О.Ф. Акимушкина. Москва. 1983 г.
4. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди». Алматы., 2003.
5. История Киргизской ССР. 1-том.Фрунзе., 1984.
6. Бартольд В.В. Киргизы. Исторический очерк. Соч.т-2(ч..1).Москва.,1963.
7. Молдобаев И.Б. Этнокультурные связи кыргызов в средневековье. Бишкек.2003 г.
8. Молдобаев И.Б. Эпос «Жаныш и Байыш» как историко-этнографический источник. Фрунзе.1983 г.
9. Манас: Эпос. Сагымбай Орозбак уулынын варианты боюнча. 2-китеп. Фрунзе.1978
10. Юдин В.П. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. Алматы.2001 г.
11. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (кон. ХІХ-нач.ХХ в.) Алма-Ата. 1968 г.
12. Рашид-ад дин. Сборник летописей. Т.1. Кн.2.М.; Л.; 1952 г
13. Абрамзон С.М. Киргизы и их этнические и историко-культурные связи. Ленинград.1971 г.
14. Петров К.И. Очерки феодальных отношении у киргизов в ХҮ-ХҮІІІ вв. Фрунзе. 1961 г.
15. Материалы по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ вв. Алма-Ата.1969 г.
16. Мураталиев М. Баатырдык кеңже эпостордун тилиндеги бөтөнчөлүктер. Фрунзе. 1976 г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І Қырғыз халқының пайда болуы және оның тарихы
ІІ XV-XVI ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және
этникалық байланыстар
ІІІ Қазіргі Қырғыз Республикасы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қырғыздар бірінші ғасыр мен бесінші ғасырлар біздің дәуірімізге
дейінгі кезеңде ешқандай деректер болмаған ол тек алтыншы ғасырларда
көшпелі халық Түрік – Оғыз құрамында болған деген деректер қытай жазба-
ларында нақты берілген. Ал басқа жазбаларда олардың жанынан жанай
өткен. Олардың шекарасы оңтүстік - шығыста Саян тауымен, батысында Алтай
тауы аралығында қоныстанған болатын. Қырғыздарды грек-
тер “херкис”, арабтар мен парсылар “сяцзасы”, түріктер мен ұйғырлардың
жазбаларында “кыргыз” деп аталған.
Енисейлік қырғыздар еуропоидтарға ұқсас - шашы сары, көк көзді делін-

ген. Олар патриахатты қауымен өмір сүрген. Қыз алғанда қалым мал берген. Ол
қалым мал кейде көп бағаланған. Қырғыздардың киімдері қазақтың киіміне
ұқсас, бірақ олардың бас киімі әр түрлі. Ерлердің бас киімі ақ
қалпақты жоғары қарай қайырылған. Сол бас киім әлі күнге дейін сақталуда
және де олардың “Манас”жырында қырғыздарды “ақ калпактуу” деп
атаған. Олардың жерлеу дәстүрі адамды отқа өртеген.От - таза зат деп
есептеген. Ол адам бойындағы күнә мен жағымсыз затты деп ойлаған.
Олар біреулері - желге, кірпіге, қырғауылға, ал біреулері әдемі ағашқа та -
бынған.
Қырғыздар (қырғызша: кыргыздар; кыр гыз)- Тянь-Шань  және  Памир-Алтай
таулары аралығында орналасқан.
Жерінің 75%-дан астамын тау жоталары алып жатыр. Ең биік жері — Қоңгур
шыңы (7439 м). Жер қойнауы полиметалл мен сирек кездесетін металдар, алтын,
күміс, сынап, сүрме, қалайы, мұнай, газ, тас көмір, қоңыр көмір, т.б.
кендерге бай. Ыстық-ата, Жалалабад курорттарының аты кең жайылған. Жерінің
көп бөлігі сейсмик. аймақтар қатарына жатады. Климаты континенттік,
қаңтардағы орташа температура биік тау жоталарында –8 — 20ӘС, биік шыңдарда
–53ӘС-қа дейін жетеді, тау бөктері мен аңғарларда –1,5 — 8ӘС. Жазы қуаң,
ыстық. Шілде айында аңғарларда 20 — 27ӘС кейде 43ӘС-қа дейін (Шу
аңғарында), тауда 15 — 17ӘС, биік шыңдарда 5ӘС болады. Жылдық жауын-
шашынның ең аз мөлшері (100 мм) —Ыстықкөл қазаншұңқырының батысы; ең көбі
(900 — 1000 мм) — Ферғана жотасыныңоңтүстік-батыс беткейі. Өзендері Арал
теңізі, Тарим, Ыстықкөл алаптарына құяды. Ең ірі өзені — Нарын.
Ол Қарадария өзенімен қосылып Сырдарияға құяды. Солтіктегі ірі өзені — Шу,
солт.-батыста — Талас, қиыр оңт-те — Қызылсу. Қ. Р-нда 3000-ға жуық көл
бар. Ірілері — Ыстықкөл, Шатыркөл. Өсімдіктің 3,5 мың түрі кездеседі.
Жерінің 3,3%-ы — орман (шырша, арша, жаңғақ, т.б.). Тау беткейлерінде
шалғын шөп қалың өскен. Шөлейт аймақтарында қоян, сарышұнақ, кірпі, далалық
өңірлерде сұр аламан, ақшыл күзен, ормандарында қоңыр аю, сілеусін, жабайы
шошқа, елік, сусар, марал; құстардан: аққу, қаз, үйрек, қаршыға, т.б.
кездеседі. Өзен-көлдерінде балықтың 40 түрі бар. Жанат, америка күзені,
ондатр, саз құндызы жерсіндірілген. Ыстықкөл,  Сарышелек  қорықтары
ұйымдастырылған. 
Тарих. Қырғыздар жерін адам баласы ежелгі тас дәуірінен (бұдан 300 мың
жыл бұрын) мекендей бастаған. Б.з.б. 3-мыңжылдықта алдымен мыстан, кейіннен
қоладан жасалған құралдар тарады. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда құрал-саймандар
темірден жасалынып, мал шаруашылығы жетекші орынға шықты. Тайпалық одақтар,
құл иеленуші мемлекеттер құрылды. Солтүстікте сақ тайпалары (б.з.б. 7 — 3
ғ.), кейіннен үйсіндер (б.з.б. 2 — б.з. 5 ғ.) өмір сүрді. Оңтүстік
аудандар Кушан патшалығына (б.з. 1 — 4 ғ-лары) бағынды. 6 — 7 ғ-ларда Батыс
Түрік қағанатының орталығына айналды. Экономикасы жетіліп, су диірмені мен
каналдар жүйесі салынды, жаңа дақылдар (мақта) егілді. Көшпелі тайпалар
арасында орхон, соғды жазулары тарады. Шу, Талас, Ыстықкөл ауданда рында
қалалар бой көтерді. Орт. Азияның басқа аймақтарымен байланыс күшейді. 10 —
12 ғ-ларда Жетісу мен қырғыз жерінде Қарахан мемлекеті құрылып, өндіргіш
күштер жоғары сатыға көтерілді. Талас өңірі күміс шығарудың орталығына
айналып, қолөнер, сауда дамыды. 13 ғ-дың бас кезінен Шыңғысхан империясына,
оның ішінде Шағатай ұлысына қарады. 14 — 15 ғ-ларда ел аумағы Моғолстан
мемлекетінің құрамына кірді. 15 ғ-дың 2-жартысынан жергілікті қырғыз
тайпалары бір орталыққа біріге бастады. 16 — 17 ғ-ларда қырғыз тайпалары
алдымен Моғолстан, кейіннен жоңғар және қазақ хандықтарының құрамына кірді.
Әсіресе жоңғар шапқыншылығы қырғыздарды қатты қырғынға ұшыратты. 18 ғ-дың
аяқ кезінен бастап олар Қоқан хандығына бағынышты болды. Қоқан езгісіне
қарсы күресте қырғыздар Ресейден көмек алу мақсатында 1814 және 1824 ж.
Батыс Сібір үкімет орындарымен келіссөз жүргізді. 1863 ж. елдің солтүстік
бөлігі 1876 ж. оңтүстік бөлігі Ресейге қосылып, Түркістан генерал-
губернаторлығына (1867 — 1917) қарады. Елге ішкі Ресейден казак-орыстар мен
орыс шаруалары келіп, қоныстана бастады. Тауар-ақша қатынастары дамып,
мақта тазалау, май айыру, тері өңдеу, сыра қайнату өндірістері пайда болды.
Тау-кен, көмір өндіру өнеркәсіптері құрылды. Кредит мекемелері мен
акционерлік серіктестіктер дүниеге келді. Бұған қоса отарлық езгі де
күшейді.
Сырттан келушілер мен жергілікті халық арасы шиеленісе бастады. 1-
дүниежүзілік соғыс жылдарында алым-салық күрт көбейіп, халықтың тұрмысы
қатты нашарлады. 1916 ж. қара жұмысқа адам алу жөніндегі патша жарлығына
сәйкес қырғыздар да жаппай көтеріліске шықты. Бірақ бұл көтерілістер күшпен
басылды. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін елде көп үкіметтілік орнады.
Қырғыз интеллигенциясы қазақ зиялыларымен бірлесіп, автономияға қол
жеткізуге тырысты. 1917 жылдың аяғы мен 1918 жылдың бас кезінде Кеңес
өкіметі жеңіске жетіп, ел сәуір айынан бастап (1918) Түркістан АКСР-інің
құрамына кірді. Жергілікті халықтың бір бөлігі — наразы топтар Кеңес
өкіметіне қарсы қарулы жасақтар құрды, ақ гвардияшылармен одақтасты. Бірақ
бұл көтерілістерді Қызыл Армия басып тастады. Жер-су реформалары жасалды.
1924 — 25 ж. Орта Азиядағы республикалардың ұлттық-мемлекеттік сипатының
белгіленуі нәтижесінде БОАК-тың шешімімен 1924 ж.14 қазанда РКСФР құрамына
кіретін Қара-Қырғыз АО құрылды, ол 1925 жылдың 25 мамырынан Қырғыз АО деп
аталды, ал 1926 ж. 1 ақпанда Қырғыз АКСР-і болып қайта құрылды. 1925 — 40
ж. халық шаруашылығы жедел дамып, 140 өнеркәсіп орны салынды. Өнеркәсіптің
металл өңдеу, мұнай, түсті металлургия, тоқыма, тағам, т.б. жаңа салалары
пайда болды. Бай- манаптар кәмпескеленіп, шаруалар ұжымшарларға
біріктірілді. КСРО-ның 1936 ж. 5 желтоқсанда қабылданған жаңа Конституциясы
бойынша, Қырғыз АКСР-і Қырғыз КСР-іне айналды. 1939 ж. 21 қарашада
республика іштей облыстарға бөлінді (Ош, Тянь-Шань (Нарын), Ыстықкөл,
Жалалабад, Фрунзе). 2-дүниежүз. соғысқа қырғыз халқы да белсене араласты.
70 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейінгі жылдары ол
индустриалды-аграрлы республикаға айналды. 1990 ж. қазанда өткен Қырғыз КСР
Жоғ. Кеңесінің сессиясы елдің атауын Қырғызстан Республикасы деп өзгертті.
Сол жылы 15 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес елдің егемендігін жариялады. 1991 ж.
31 тамызда елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1993 ж. 5
мамырда Жоғ. Кеңестің сессиясы Қырғызстан Республикасы атауын Қырғыз
Республикасы деп өзгертті. Қырғыздар 1992 жылдан бастап Бөө-на мүше.
Қырғыз-қыпшақ тобына жатады. Қырғыз тіліне жақын тіл — алтайлықтар
тілі, ол алтай тілі мен қазақ тілі ортасындағы аралық тіл секілді. Қырғыз
тілінде моңғол тілінен ауысқан сөз көп те, араб-парсы кірме сөздері аз.
Фонетикасында сөз басындағы спирант ж қатайып, аффрикат дж болып, ш дыбысы
қатайып ч болып айтылады, с дыбысы ш дыбысымен алмасады. Ілік септігінің
жалғауы н дыбысымен аяқталады: баланын, адамнын. Жалпы ң мұрын дыбысы сирек
қолданылады. Қырғыз тілінде дифтонг дауыстылар аа, оо, уу, үү, ээ, өө бар,
ерін үндестігі үлкен орын алады: тоо (тау), тоқум (тоқым), өзөн (өзен).
Жазуда орыс тіліндегі 33 әріпке қосымша ң, ү, ө әріптері таңбаланған.
Қазіргі Қырғыз тіліндегі 14 дауысты фонеманың сегізі — қысқа дауыстылар,
алтауы — созылыңқы дауыстылар. Морфологиялық құрылымы жағынан Қырғыз тілі
жалғамалы (агглютинативті) тілге жатады, солтүстік және оңтүстік
диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі солтүстік диалектісі негізінде
қалыптасқан, оңтүстік диалектісінде қазақ, өзбек тілдерінің әсері
байқалады. Қырғыз тілінің әліпбиі 1928 жылға дейін араб жазуы, кейін латын
әліпбиі, 1940 жылдан кирилл әліпбиі негізінде қалыптасқан.
Қырғыздар 1998 ж. желтоқсанда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСө) кірді.
Ел пайдалы қазбаларға қоса су ресурстарына да бай. Экономикасы нарықтық
қатынастарға көшірілген. Негізгі қатынас — автомобиль жолдары (37,7 мың
км). Ыстықкөлде кеме жүзеді. Ел аумағы
арқылы Бұқара — Ташкент — Бішкек —  Алматы газ құбыры өтеді. Тұтынуға
қажетті өнеркәсіп тауарларының (мұнай, газ өнімдері, машиналар мен электр
тауарлары, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары, азық-түлік) 70 — 100%-ы
шетелден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Экспортқа алтын, сынап, ағаш және
а. ш. өнімдерін шығарады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қырғыздар шетелдермен
тығыз байланыс орнатып, көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның
ішінде Қазақстанмен тығыз саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыс
орнаған. 1993 ж. 8 шілдеде екі ел арасында достық, өзара көмек және
экономикалық байланыс орнату жөнінде келісім жасалды. Екі жақты келісімдер
бойынша екі ел арасында 50-ден астам құжатқа қол қойылған.
Қырғыз ауыз әдебиетін әлемге танытқан — “Манас” эпосы. 19 ғ-дың
ортасына қарай “зар заман” ақындары Қалығұл, Арыстанбек,Молда Қылыш, т.б.
шығармалары халық арасына кең тарады. Қырғыз халық поэзиясының классигі
Тоқтоғұл Сатылғанов (1864 — 1933) болды. 1924 ж. алғашқы газеті “Эркин Тоо”
шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында А.Тоқомбаев, М.Элебаев, А.Османов,
Т.Садықбеков, т.б. ақын-жазушылар қырғыз әдебиетін жаңа белеске көтерді. 20
ғ-дың 2-жартысынан бастап Ш.Айтматовтың шығармалары дүние жүзіне таныла
бастады. Қырғыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті ежелден ұқсас. Көптеген қазақ
ақын-жазушыларының еңбектері қырғыз тілінде, ал қырғыз ақын-жазушыларының
еңбектері қазақ тілінде жарық көрген.
19 ғ-дың 2-жартысына дейін қырғыздар сауатын, негізінен, діни
медреселерде ашты. 19 ғ-дың 80-жылдарында алғашқы орыс-түзем мектептері
ашыла бастады. 1940 ж. қырғыз жазуы орыс графикасына көшірілді. Көптеген
оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен мәдениет ошақтары ашылды. 1954
ж. Қырғыз КСР ұА құрылды. 20 ғ-ға дейін қырғыз музыкасы фольк-лорлық
деңгейде болды. өлттық музыка аспаптары: қомуз, сырнай, керней, т.б. 1930 —
40 ж. кәсіби музикалық шығармалар (опера, балет, симфония, т.б.) пайда
болды. 1939 ж. тұңғыш қырғыз операсы — “Айчурек” қойылды. 1930 ж. ұлттық
драма театры құрылды. 1936 ж. одан опера және балет театры бөлініп шықты.
1939 ж. Композиторлар одағы құрылды. 1942 ж. Фрунзеде (Бішкек) кинохроника
студиясы ашылып, ол 1961 ж. “Қырғызфильм” киностудиясы деп аталды. Студия
1970 — 80 ж. біршама табыстарға жетті. Онда түсірген фильмдерге көптеген
қазақ артистері шақырылды. 
Қырғыз бен Қазақ халқының ұқсастығы
Ең алдымен Қырғыз бен Қазақтың ұқсастығына таң қалуға болады. Қыр-
ғыз дегеніміз кейбір әріптерде ғана бұзып айтатын қазақ қой аймаған!
Немесе қазағыңыз сәл - пәл мұрнымен сөйлейтіндер қырғыздар. Екеуі
кезек сөйлеп отырғанда, біраз құлағың үйренген соң, тіпті айыра алмай
қалады екенсің... Түр - түстерінде де көзге ұрып тұрған бәлендей өзгешілік
болсашы. Тек кішкентай ғана айырма, онда да. Ұлы суретшінің ғана көзіне
шалынатын болар - болмас айырмашылық қырғыздардың көздері сәл қысықтау,
беттері сәл жалпақтау ма қалай? Оның өзі де жаппай емес,
кейбіреулерінен ғана байқалады. Өздерін басқа қазақпен шатыстырмауы
үшін,бастарына ақ қалпақты әдейі киетін болар мүмкін. Әрбір қырғыз ақ
басты Алатаудың бір - бір бөлшегі, кішкентай моделі секілді. Адамдар
күн өтпеу үшін, Алатаудың мәңгілік қарынан бір - бір кесек қар алып,бастары-
на қогдырып алған секілді әсер қалдырады.

XV-XVI ғасырлардағы қырғыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және
этникалық байланыстар
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи
оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ
хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына
Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан
хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан
мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ
ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде моғол немесе шағатай сияқты
ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын
оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде
Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы
тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта
ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің Маджмуат-тауарих атты
шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын
(бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар
сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.Алтайдағы қырғыздар осы уақыттарда
Жошы ұлысының шығысын билеген Шайбани тұқымдарының Әмір Темірге қарсы
күресіне көмек көрсетіп отырған (5, 400-б).
Тарихи деректерде 1399-1400 ж.ж. Әмір Темірдің немересі Ескендірдің
Моғолстанға тонаушылық жорығы кезінде Тянь-Шань маңында немесе Алтайда
тұтқынға түскен Моғолстан қырғыздары туралы жазылады (3, 158-б) .
1407-1410 ж.ж. Ақ Орда билігіндегі Болат хан Ақ Орданың шығыс
шекарасындағы қырғыздарды тонаушылық жорықтары үшін жазаламақ болады. Осы
оқиғаға байланысты қырғыздар шығыс тарихшыларының назарына қайта ілігеді.
Болат хан қырғыздарға жорық жасап, жеңіске жетіп қырғыздарды Ақ Орданың
шығыс аудандарынан қуып тастайды да бұл аудандарды қорғауды барин
тайпасының билеушілеріне тапсырады (2, 25-б). Осы ХҮ ғасырдың басындағы
қырғыздардың Ақ Орда хандарымен күрделі қарым-қатынастары туралы мәліметтер
Манас эпосында және Маджму ат-тауарих шығармасында да кездеседі. Болат,
маңғыт Жаңбыршы, Сарай-Мамай сияқты Ақ Орда билеушілері қырғыздардың
қарсыластары болса Тоқтамыс хан қырғыздармен одақтаса отырып Әмір Темірге
қарсы шыққан.
ХҮІ ғасырда қырғыз халқының құрамында болған, ХҮ ғасырда Моғолстан
аумағында өмір сүрген бұлғашы, барин, бекжак (бекчик), қалушы сияқты
тайпалар туралы Мұхаммед Хайдар Дулати да жазған (4, 109-б) . Мұхаммед
Хайдар мырза бұдан ары ХҮ ғасырдағы Моғолстан ханы Есен-Бұғаның билігіне
наразылық білдірген барин және чорас тайпаларының Амасанжы тайшы басқарған
қалмақтарға кеткендігі туралы, ал қалушы және бұлғашы тайпаларының Дешті
Қыпшақтағы Әбілқайыр ханға қосылғандығы туралы жазады (4, 110-б) . Бірақ
бұл тайпалардың көпшілігі түркіленген монғол тайпалары еді және олар бұл
кезде әлі қырғыз халқының құрамына кірмеген еді.
1770 жылы жазылған Қытайдың Сиюй Чжи (батыс өлкені суреттеу)
қолжазбасы 330 жыл бұрын, яғни ХҮ ғасырдың ортасында қырғыздардың бір
бөлігінің бей-берекетсіздіктен қашып Тянь-Шань тауларынан пана тапқандығы
туралы айтады. Бұл қырғыздардың бір бөлігінің Тянь-Шаньға қоныс аударуы
туралы жазылған ең алғашқы дерек болып табылады (5, 431-б).
ХҮ ғасырдың 70 жылдары Моғолстанның солтүстігін Іле сыртындағы
аудандардан келіп қоныстанған Амасанжы тайшы басқарған Ойрат тайпалары алып
жатқан еді. Осы кездері моғолдарды Ақсудан Моғолстанға көшіріп келген Жүніс
хан (1468-1487 ж.ж. билік құрған) Іле маңында осы Ойраттармен соғысып
жеңіліп қалады. Жүніс хан бұл жеңілістен кейін бүкіл моғол ұлысымен
Түркістанға ауып кетеді (4, 118-б) . Ал Жетісудағы қазақ тайпалары 1468
жылдан кейін Дешті Қыпшақ далаларында көшіп жүрген еді.Ойрат тайпалары Іле
сыртындағы өз мекендеріне кеткен соң солтүстік Қырғызстан аумағында ХҮ
ғасырдың 80 жылдары қырғыз тайпаларының басым көпшілігін құраған этносаяси
бірлестік құрылған.
ХІҮ ғасырда Алтайды мекендеген қырғыздардың солтүстік Тянь-Шаньға
қашан және қалай шоғырланғандығы туралы деректер бізге жетпеген. В.В.
Бартольд қырғыздар бұл жерге ойраттармен бірге келіп қоныстанған дейді(6,
514-б). Бұл бірлестіктің басында 1484 жылы Жүніс ханның екінші ұлы Ахмет
хан тұрған(5, 406-б). Мұхаммед Хайдар Ахмет хан Моғолстандағы моғолдарды
тұтас бағындыру үшін он жылдай уақыт керек болды дейді. Мұхаммед Хайдар
одан ары Моғолстанда Ахмет ханға қарсы ешкім тұра алмады, ол бірнеше рет
қалмақтарға (ойраттарға) жорық жасап жеңіске жетті дейді. Қалмақтар одан
қатты сескеніп, онымен есептесетін болған. Олар Ахмет ханды Алашы хан деп
атады. Ал моғолша Алашы-өлтіруші деген сөз. Моғолдар оны сұлтан Ахмет
хан десе, басқа тайпалар Алаша хан деді. Осы оқиғалардаан кейін Ахмет хан
өзбек-қазақтарға үш рет шабуыл жасап жеңіске жетті. Қазақтар мұның ағасы
сұлтан Махмұд ханға не істесе, бұл да (Ахмет хан) солай өшін алды (4, 144-
б) . Моғол ханы сұлтан Махмұд (Ахмет ханның ағасы) мұның алдында екі рет
қазақтармен соғысып, жеңілген болатын. 1504-1505 жылдары Ахмет ханның
өлімінен кейін оның мұрагерлері арасында таққа талас басталды. Бұл күрес
нәтижесінде Ахмет ханның үлкен ұлы Мансұр ханнан інілері Халил сұлтан мен
Сайд сұлтан бөлініп қырғыздарға қашып барған. Мұхаммед Хайдардың айтуына
қарағанда қырғыздар Халил сұлтанды өз билеушілері етіп сайлаған.
Қырғыздардың тәуелсіз мемлекет құру ниетін байқаған Мансұр хан оларға қарсы
шығып, шешуші шайқас 1508 жылы Шарын-Шелек деген жерде болды. Бұл соғыста
мансұр хан жеңіске жетіп қырғыздардың едәуір бөлігін Қашқар мен Тұрфанға
алып кетеді. Қырғыздардың көпшілігі Мансұр ханның қолынан қаза тауып, аз
ғана бөлігі солтүстік Тянь-Шань өңіріне қайта оралған. Ағасы Мансұр ханнан
жеңілген Халил сұлтан Ферғанаға қашып барып, сол жақта жергілікті билеуші
Жәнібектің қолынан қаза табады. Сайд сұлтан Шығыс Түркістанға келіп билік
үшін күресті қайта жалғастырды(4, 147-145 б).
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақ хандығына келер болсақ ол бірте-бірте нығая
берді. ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарында солтүстік батыс Моғолстан аумағында
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихи тағдыры үшін ғана маңызды
болған жоқ. Ол Тянь-Шань төңірегіндегі қырғыздар, Шығыс Түркістандағы
ұйғырлар үшін де, яғни тұтас алғанда Моғолстан халықтары үшін де зор рөл
атқарды. ХҮІ ғасырда Қазақ хандығы күрделі этникалық мемлекеттік құрылым
болды, оның ішкі өмірінде аймақаралық-экономикалық және мәдени
байланыстардың нығаю процесі жүріп жатты. Сонымен қатар жер аумағы
кеңейтіліп, шектес халықтармен сауда және саяси байланыстар жандандырыла
түсті. ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. шебінде Қазақ хандығының нығаюы, қазақ халқының
құрамындаҰлы жүздің этникалық қалыптасуының аяқталуы, қырғыз халқының
қалыптасуы Жетісу мен Тянь-Шань төңірегіндегі аумақта моғол билеушілерінің
үстемдігін біржола жойды, сөйтіп, іс жүзінде, Моғолстанның ыдырауына, оның
халықтарының: Қырғызстанда қырғыз, Шығыс Түркістанда ұйғыр дербес
мемлекеттерінің қалыптасуына жеткізді.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Тянь-Шань аумағындағы қырғыздарға келер болсақ, ХҮІ
ғасырдың басына қарай қырғыз халқының этникалық құрамы әбден тұрақтанған
еді. Осы ХҮІ ғасырдың басынан бастап қырғыздар Моғолстан мен көршілес Қазақ
хандығының саяси өміріне және Қырғыстан аумағындағы саяси оқиғаларға өз
атымен белсене қатысады.
ХҮІ ғасырдағы қырғыз халқының тарихында Қазақ хандығы маңызды рөл
атқарды. Моғол хандығының құрамында болып келген қырғыздар ХҮІ ғасырдың
басында Қазақ хандығымен бірге моғол үстемдігіне қарсы күресе отырып
тәуелсіздікке қол жеткізіп, Мұхаммед қырғызды өз билеушілері етіп жарилаған
еді. Бұдан кейінгі тарихи оқиғалар барысы көрсеткендей Мұхаммед қырғыз,
қырғыз мемлекеті тарихындағы көрнекті тұлға болған еді. Тянь-Шань, Ыстықкөл
өңірлеріндегі қырғыз мемлекетінің негізін қалаушы Мұхаммед қырғыз, сірә,
қырғыз аңыздарындағы Тағай би болса керек. Аңыз бойынша Тағай би Иреше
ханның (ХҮІ ғасырдағы Моғолстан билеушісі Рашид хан) тұтқынында болған.
Мұхаммед қырғыз басқарған қырғыз бірлестігі 1514 жылы Моғолстан билеушісі
Сайд сұлтанның Қашқарды басып алуына үлкен көмек көрсеткен(4,355-356 б).
Осы себептен қырғыздар мен моғолдар арасында бірнеше жылға созылған бейбіт
қатынастар орнайды. Мұхаммед қырғыздың әскерлері Шайбани ұрпақтарының
билігінде болған Түркістан, Сайрам, Ташкент пен Андижанға жорықтар жасап
отырған. Мұхаммед қырғыз осындай жорықтардың бірінде Шайбани ханның туысы
Абдолланы қолға түсіріп,артынша босатып жібереді. 1517 жылы сол кездегі
Моғолстан билеушісі Сайд хан Мұхаммед қырғыз Шайбанилермен құпия одақ
жасады деген жаламен қырғыздарға жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Барскун
деген жерде болған шайқаста жеңіске жетеді. Тұтқынға түскен қырғыздарға
кешірім жасалып, Мұхаммед қырғызды тұтқындап өздерімен бірге Шығыс
Түркістанға алып кетеді.Мұхаммед қырғыз бес жыл моғолдардың қолында
тұтқында болған. Мұхамед Хайдардың айтуына қарағанда Сайд хан қырғыздарды
мұсылман қалаларын тонағаны үшін жазаламақ болған(4, 390-б).
Сайд хан Моғолстанды өзіне түпкілікті қарату үшін 1522 жылы Мұхаммед
қырғызды тұтқыннан босатып, үлкен ұлы Абд ар-Рашид сұлтанмен бірге
Моғолстанға жібереді. Бірақ Абд ар-Рашид сұлтанның бұл аймақтағы билігі
ұзаққа созылмады. 1524 жылы Моғолстанға ноғайлар мен өзбектерге қарсы
күресте одақтас іздеп қазақ ханы Тахир (1523-1532 ж.ж.билік еткен) келген
еді. Моғолстанға қазақтардың келуінен қауіптенген Абд ар-Рашид сұлтан өз
жұртымен Қашқарға қайта оралады. Қошқар деген жерде Тахир хан Сайд ханмен
кездесіп қазақтар мен моғолдар арасында формальды одақ жасалады(4, 413-б).
Тахир хан дәл осы уақытта(1524 ж) Мұхаммед қырғызбен де бірігіп қимылдау
туралы жасырын келісөз жүргізді. Бұл келісөз нәтижесінде моғолдар мен
шайбанидтерге қарсы қазақ-қырғыз одағының негізі қаланған еді.Қырғыздар мен
қазақтар арасындағы байланыс туралы естіген Сайд хан Мұхаммед қырғызды
қайтадан тұтқындап Қашқарға алып кетеді. Мұхаммед қырғыз тұтқыннан 1533
жылы Сайд хан қайтыс болған соң бірақ босатылған(5, 414-б). Осыдан кейін
қазақтар мен моғолдар арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетеді де
қырғыздардың едәуір бөлігі Тахир ханға келіп қосылады. Ал моғолдар осы
кезден бастап Шығыс Түркістанға көше бастайды. Тахир хан 1527 жылы Атбашыға
келіп қалған қырғыздарды өзіне қосып алады.
1533 ж. Сайд хан қайтыс болған соң Моғол тағына отырған Абд ар-Рашид
хан Қырғыстан мен Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағында моғол билігін орнату
үшін Мауераннахр билеушісі шайбанид Убайдолла ханмен одақтасып қазақтар мен
қырғыздарға бірнеше ірі жорықтар жасайды. Моғол феодалдары мен
шайбанидтердің агрессиялық жорықтарына қазақтар мен қырғыздар қазақ ханы
Хақназардың басқаруымен бірлесе отырып күрес жүргізеді. Хақназар хан тарихи
деректерде қазақтар мен қырғыздардың патшасы деп аталған. Қырғыз феодалдары
түрік-моңғол дәстүрі бойынша Мұхаммед қырғыздың өлімінен кейін қазақ
хандары Тахир, Хақназар және олардың мұрагерлерінің билігін мойындаған.
Моғолдар мен шайбанидтердің кейбір жекелеген жеңістеріне қарамастан
Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды жаулап алу ниеті іске аспады. ХҮІ
ғасырдың бірінші жартысында қырғыз феодалдары моғол үстемдігіне қарсы
күресте қазақ хандығынан қолдау таба отырып, қазақ хандарының Сыр бойындағы
сауда орталықтары үшін Шайбанидтермен жүргізген күресіне барынша көмек
көрсетті (5, 448-б). ХҮІ ғасырдың екінші жартысында қырғыз феодалдарың
Шайбанидтерге қарсы әрекеттерін қазақ ханы Хақназардың саясаты негізінде
жүргізді. Хақназар ХҮІ ғасырдың 70 ж.ж. Шайбанид Абдолла хан мен Ташкент
билеушісі Баба сұлтан арасындағы күресті өз пайдасына шешу мақсатында бірде
Абдолла ханды қолдаса, енді бірде баба сұлтанды қолдап отырды. Хақназар
ханнан кейін қазақ-қырғыз одағының басына қартайған Шығай хан келді(1580-
1582 ж.ж). Шығай хан өзінің баласы Тәуекелмен бірге Хақназар ханның
саясатын жалғастырды. 1582 жылы Шығайдан кейін хан болған Тәуекел қазақ-
қырғыз қолдарының күшімен Ташкент, Түркістан, Андижан және Сайрам қалаларын
басып алған.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия тарихы туралы жазылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. ТЫНЫШБАЕВ - ИНЖЕНЕР - ТАРИХШЫ
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Қазақтың шығу тегі
Пәндер