Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны



Кіріспе
Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
Діннің халықаралық саяси мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады.
Мәселен, «саясат және дін», онда діннің саясатпен байланысын көреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттардың өзі діни тұрғыда болған.
Олай болса, біз осы тақырыпқа:
а) қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
б) діннің халықаралық саяси мәселесі деген бөлімдерінде тоқталамыз.
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесi» делiнген. Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ Тағаланың есiмдерiнiң бiрi «әл-Сәлам», яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1999.
2. Жамбылов Д. « Саясаттану », Алматы,2003.
3. Саясат-Policy, № 7, 2003.
4. Масанов Н. У политического ислама в Казахстане нет перспектив, «Мегаполис », 2001.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
Діннің халықаралық саяси мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап,
демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс
тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып
саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта
алмайды.
Саясат ол – қоғамның саяси саласы.
Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен
байланыста болады.
Мәселен, саясат және дін, онда діннің саясатпен байланысын көреміз.
Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттардың өзі діни тұрғыда болған.
Олай болса, біз осы тақырыпқа:
а) қоғамның саяси өміріндегі діннің орны
б) діннің халықаралық саяси мәселесі деген бөлімдерінде тоқталамыз.
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн
нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед
Абдұллаһұлы тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген
әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды
ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы
тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және
заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың
(жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының
және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни
пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi
арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған
сәлм, сәлам, әслеме сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық,
татулық, келiсiм, мойынсұну, тәсiлiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк
дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, сәлиме етiстiгi бейбiтшiлiктi
қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып,
оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi
жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi. Мұсылмандардың
қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннет туралы дар әс-сәлам, яғни тыныштық
өлкесi делiнген. Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-
қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Аллаһ
Тағаланың есiмдерiнiң бiрi әл-Сәлам, яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада,
толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегендi бiлдiредi.

Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны

Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес
одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шеттетілуінің, атеистік
(құдайға сембеушілік) идеологиясының үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі
айыға қойған жоқ. Сондықтан біздің жұртшылыққа бұл мәселені толық түсіне
қою оңай емес. Ал шетелдерде діни идеологиялық адамдар іс - әрекетіне
елеулі ықпалы бар және ол түрлі түрде көрініс береді. Мысалы, Италияда
жастардың 80%- ы дінге сенеді, олардың 67.3% - ы өз өмірлерінде құдай
маңызды рөл атқарады деп есептейді. Бұдан олар үшін дүниеге діни
көзқараспен қараудың ерекше орын алатындығын байқаймыз.
АҚШ – тағы ұлт – азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі
революцияға қатысып, құлдықты жоюға, спирт ішімдіктерін тыюға, әйелдерге
дауыс беру құқығын беруге және т.с.с. шақырды. Кейбір діндер әділеттілікті
бұзған, құдай жолынан тайған басшыларды биліктен қууға халықтың құқығы бар
деді. Бірқатар діндер еңбекқорлықты құдайға құлшылық етудің әдісі ретінде
қарайды. Кейбір мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел
Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариғат заңдарын сақтау
идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатады. Оның мысалы
ретінде Иран мемлекетін айтса да болады.
Мұнда көңіл аударатын тағы бір мәселе – мемлекет пен діннің ара
қатынасы. Адамзат тарихында ол 3 түрлі шешіліп келеді:
1. Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;
2. Мемлекетті діни мекемелерге бағындыру;
3. Мемлекет пен діннің одағы;
Қазір ол 2 түрлі шешіледі:
1. Мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде
2. Мемлекет пен діннің бөлінуі, бір – бірінің ісіне араласпауы.
Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. өйткені
дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін
қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік
айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық – қарлық жасамауға және
т.с.с. үйретеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 – бабына сәйкес әркімнің ар
– ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес
белгілеуге, діннің кез – келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға
құқығы бар екендігін білдіреді.

Діннің халықаралық саяси мәселесі

Көп конфессиялы, көп ұлтты болғанына қарамастан, қазіргі ұлтаралық және
конфессия аралық келісім мен бейбітшілікті сақтап келе жатқан Қазақстанда
ұлт мәселесі, ұлтаралық қатынастар, діни бірлестіктер арасында ынтымақ –
бірлік айрықша сипат алып отыр. Яғни, діни жауапкершіліктің негіздерін
саралау, олардың ықпалдылық механизмдерін қалыптастыру да халықаралық күн
тәртібіндегі жауабын күтіп отырған сұрақтардың бірі деп санаймыз.
Конституциямызда әркімнің ана тілімен өзінің төл мәдениетін
пайдалануға, тәрбиені, діни сенімін еркін таңдап алуына құқы толық бар
делінген.
“Терроризм” термині ғасырлар тереңіне кететін түсінік болғанымен, бұл
сөздің ұғымдық тұрпаты өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғана біздің тілдік
лексиконымызға мықтап енді. Шешен жауынгерлерінің Ресей территориясында
жүргізген бірнеше террористік актілерінен, 1999 жылғы Баткент өңірінде
болған қарулы қақтығыстардан кейін оған “экстремизм” деген тіркес қосылды.
Қазіргі кездегі “терроризм” және “экстремизм” ұғымдарын қабылдаудағы
ерекшеліктердің бірі, әсіресе, орта Азия халықтарының арасында, біріншіден,
сыртқы ақпараттық әрекеттердің әсерінен, екіншіден, діни біліктіліктің
төмендегі салдарынан оған діни өң беру түпкілікті түрде қалыптасып үлгерді.
Соған орай, көптеген жағдайларда терроризм мен экстремизм мұсылмандық
қозғалыстардың мүшелеріне қатысты жиі қолданылады.
Мысалы, өзбекстанның мұсылмандық қозғалысы мүшелерін “діни
экстремистер” деп атау дағдыға айналған.
Мәселен, “Исламдық азат ету партиясының” өз алдына қойған мақсаттары
мен міндеттерін қысқаша қарастыра кетсек.
Олардың көздеген басты идеясы дүниежүзілік біртұтас және біртекті,
қоғамдағы билікті зайырлы және діни басшылар іске асыратын Халифат құру
болып табылады екен. Сөйтіп, осы мұсылмандық мемлекеттің билеушісі теократ
Халиф болуы тиісті. Ал оның қарамағына тұрғындарының басым көпшілігі
мұсылмандық ағымды ұстанатын әлемдегі барлық мемлекеттер аймақтар
“уалаяттар” түрінде енуге міндетті болмақ.
Бұл діни партияның түпкілікті және басты мақсаты мынадай төрт принципке
негізделген:
1. ең жоғарғы билік құдіреті тек Алла тағалаға ғана тән, сондықтан
оны іске асыру ісінде Шарматқа ғана жүгіну керек;
2. жалпы билік мұсылмандар қауымына, яғни Халифті сайлау құқығы
Уммаға ғана тиесілі;
3. Халифті тағайындау міндетті болып саналады;
4. Халиф өз алдына Құдайы заң талаптарына сай билікті шешімдер
қабылдау құдіретіне ие бола алады.
Осы партияның идеясы көптеген мұсылман ағымындағы елдерде - Мысырда,
Иранда, Иракта, Алжирде, Суданда, Йеменде, Пәкстанда, Ауғанстанда кеңінен
таралды.
ТМД елдерінің діни ахуалы шиеленісе бастаған, экономикалық және саяси
реформаларының жаңа қалыптастырыла бастаған кезеңінде “Хизб-ут-Тахрир” діни
партиясы да жай қарап жатқан жоқ. Олардың жасырын миссионерлік әрекетінің
нәтижесінде 1992 жылдан бастап Өзбекстанды осы діни ұйымның алғашқы ұжымдық
ошақтары пайда бола бастады. Кейіннен оның өз алдына үлкен саяси күшке
айналғанын білеміз.
“Хизб-ут-Тахрир” діни партиясының іс - әрекеттік стратегиясын
“панисламистік” шеңберден көруімізге болады. Теориялық тұрғыда партия күрес
жүргізудің күш қолданбау принципін ұстана отырып, өз идеяларын Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан территорияларында діни сенімдік
деңгейі салыстырмалы түрде жоғарғы тұрғындар арасында тарту арқылы сандық
үстемділікке жетуді көздеуде. Ондағы мақсат - сандық үстемдікке жеткеннен
кейін саяси билікті талап ету. Сонымен қатар, мамандардың пайымдауынша,
халықаралық ахуалдың шиеленісу жағдайында бұл діни партия экстремистік
бағытқа ауытқып кетуге де даяр екен.
Аталмыш діни партия елімізде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің қоғамдағы маңызы
Қазіргі қоғам адамының өміріндегі діннің маңызы бар ма
Дін жайлы жалпы түсінік
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Діннің әлеуметтік мәні
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Пәндер